Сайын БОРБАСОВ,
саяси ғылым докторы, профессор
ТӘуЕлСізДіК
КүНДЕлігі
ТӘуЕлСізДіК
КүНДЕлігі
25
жыл
очеркті жазған да өзі. Кейін ол кітапқа ұласты.
Фашист ордасында бірінші болып туды
желбіреткен Қошқар баев екендігін нақты
деректермен дәлел ден генімен, Мәскеу мұны
мойындамады. Бұл саясаттың арғы жағы
белгілі. Ту тігуге тиістілер қазақ емес, орыс,
грузин ұлтының өкілдері болуы тиіс еді. Де-
генмен де, ерлік ескерусіз қалмады. Жоғары
бағаланды. Тәуелсіздік арқасында Рақымжан
Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы
берілді. Бұл жолда Кәкімжан ағамыздың
сіңірген еңбегі зор еді.
Кәкімжан Қазыбаев Рақымжан Қош-
қар баев пен қатар Баукеңмен – Бауыр-
жан Момышұлымен де жақсы араласқан.
Ал Баукеңнің ұлы Бақытжан құрметтің,
сыйластықтың көрінісіндей Кәкімжан ағасын
«Жан аға» деп отырады екен.
Туған елінің арлы, парасатты перзенті
жөнінде қоғам қайраткерлері Бижамал Ра-
мазанова, Шәмша Беркімбаева, Әбіләкім
Әубәкіровтер кеңінен әңгімеледі. «Бүгінгі
талапты жастар мемлекеттік қызметші,
журналист қалай болу керектігін Кәкімжан
ағадан үйрену керек» десе Ш.Беркімбаева,
ал Ә.Әубәкіров кітап кейіпкерінің адамгер-
шілігі, қарапайымдылығы, кеңпейілдігі
жөнінде тарқата өрбітті. Қазақстан Жазушы-
лар одағы басқармасы төрағасының орынба-
сары Жанарбек Әшімжан да шығып сөйлеп,
жылы лебізін білдірді.
Құнанбай заманының негізгі өзегін
көрсете білген фильм бір ай 18 күнде
түсіріліп біткенімен, оған дайындық 5
жылға созылған.
Көркем фильмнің алғаш тұсаукесері
өткен жылдың көктемінде өтсе, ал таяу-
да кино отандық прокатқа шықты. Дей
тұрғанмен, туынды жер-жерден өзінің
әділ бағасын алып жатты. ХІ «Еуразия»
халықаралық кинофестиваліне НЕТПАК
ұсынған «Үздік Орта Азия фильмі» аталы-
мы бойынша Досхан Жолжақсыновтың
«Құнанбай» фильмі үздік деп танылды.
Көпшілік көрерменге арналған фильм-
ге жас тардың берер бағасын білу үшін
Д.Жолжақсынов көр сетілімнен кейін
көркем туындыға байланысты қойылған
сұрақтарға жауап беріп, киноин дус-
триядағы алға қойған жоспарларымен
бөлісті. «Өнер – ол өмір емес, ол өмірден
де асқақ. Сондықтан болар кинода ойналған
тұлғаларды біз қарабайырландыра ал-
маймыз, иеленіп те кете алмаймыз. Ол
бізге үлкен бойтұмардай қалбыл данғаны
былай тұрсын, ол біздің әрқайсысымызға
артылған үлкен жауапкершілік, – деді
Досхан Жолжақсынов, – Мен Алаш зиялы-
лары туралы, Тұмар ханшайым жайлы үлкен
көркем туынды түсіргім келеді. Әрине,
ол ойда бар дүние. Бірақ, бәрі уақыттың
еншісінде».
Кездесу соңында ҚазҰУ студенттері
қазақтың қамын ойлаған біртуар азамат
жайлы түсірілген кинодан алған әсерлерімен
бөлісіп, Д.Жолжақсыновқа алғыстарын
білдірді.
Елдана ТОҚБАЙ
Журналист-жазушы Сарбас Ақтаев
Қазыбаев пен бірге қызмет істеген жылдарды
еске алды.
– «Жетісу» газетінде қызмет етіп жүрген
жылдары Ұлы Жеңістің 20 жылдығын газет
бетінде көрсетуге ерекше мән бердік. Атақты
28 панфиловшының әрқайсысы туралы жа-
зылды. Осыған ұйытқы болған Кәкең еді.
Орталық Комитетте хатшы болып
тұрғанда «Социалистік Қазақстанның» 19
облыстағы меншікті тілшілері кабинетіне
шақырып, келелі кеңес өткізгені бар. Ол
шын мәнінде қаламгер қауымның жетекшісі
бола білді.
С.Ақтаев жазушының «Сұрапыл» рома-
нының маңыздылығына тоқталды:
– Бұл роман отызыншы жылдардағы
ашарлықты ашына әшкерлеп, кең ауқымда
көрсеткен қазақ топырағындағы тұңғыш
туын ды. Оны оқығанда төбе шашың тік
тұрып, тұла бойың түршігетін неше түрлі
оқиғаларға тап боласың, – деді.
Жиын соңында Кәкімжан ағаның зайы-
бы, ұлағатты ұстаз, тектінің ұрпағы, Алаш
ардақтыларының бірі Ұзақбай Құлымбетовтің
қызы Орынша Қарабалина – Қазыбаева сөз
алды. Ол жиынға қатысушыларға ризалығын
білдіре отырып, халқына еңбегі сіңген азамат-
тарды ардақтау ұлт парызы екенін атап өтті.
Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ
сиялары сайлауды ұйымдастырушыларды
оқыту жөніндегі жұмыс аясында 407
семинар, кеңес және тренинг өткізген.
«Сайлау үдерісіне облыс, қала және
аудан деңгейінде барлық қатысушылар
үшін тағы 573 семинар өткізу жоспар-
ланып отыр» деді ол әрі қарай. – Жуық
арада Орталық сайлау комиссиясы үгіт
науқанын өткізу мәселелері жөнінде
екі семинар ұйымдастырады. Біреуі
республикалық БАҚ басшылары үшін,
ал екіншісі сайлауға қатысатын саяси
партиялардың өкілдері үшін».
Қуандық Тұрғанқұлов сайлауға
қатысты ОСК-ге келіп түскен барлық
өтініштерге уақтылы жауап берілгенін,
электораттық науқан басталғаннан бері
ҚР ОСК-ге жеке және заңды тұлғалардан
25 өтініш келіп түскенін атап өтті.
«Олардың 52 пайызы Парламент Мәжілісі
депутаттарын сайлау жөнінде, 48 пайы-
зы мәслихаттар депутаттарын сайлау
жөнінде болды» деді ол.
Орталық сайлау комиссиясының
электронды мекенжайына 10 өтініш
жолданыпты. Олардың тоғызында сайлау
заңнамасының нормаларын түсіндіру
айтылса, тағы біреуі сайлау комис-
сияларының қызметін ұйымдастыру
мәселелеріне қатысты өтініш көрсетілген.
Қ.Тұрғанқұлов, сондай-ақ, мәсли-
хат тар депутаттығына кандидаттарды
ұсыну барысы туралы да ақпарат беріп
өтті. Жергілікті өкілді билік органдарына
дауысқа түсетін азаматтардың белсенділігі
жоғары екендігіне тоқталды. 2012 жылғы
сайлау науқанымен салыстырғанда, бұл
жолы алғашқы 20 күннің ішінде ұсынылған
кандидаттардың саны екі есеге өскен. «8
ақпандағы сағат 19-00-дегі мәліметтер
бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар
депутаттығына 4870 кандидат – 581-і –
облыстық мәслихаттарға, 21-і – Астана
қаласының мәслихатына, 95-і – Алматы
қаласының мәслихатына ұсынылды.
Аудандық мәслихаттарға – 3244 кандидат,
қалалық мәслихаттарға – 929 кандидат
ұсынылды» деді ол бұл жа йында.
ОСК басшысының келтірілген
мәліметтеріне қарағанда, кандидат-
тардың 69 пайызы ер адамдар, 31 пайы-
зы әйелдер. Олардың 66 пайызының
жоғары білімі бар. Округтік сайлау ко-
миссиялары мәслихаттар депутаттығына
568 кандидатты тіркеді.Орталық сай-
лау комиссиясының төрағасы Қуандық
Тұрғанқұлов пен «Қазақстандағы сай-
лауды байқау жөніндегі республикалық
қоғамдық комиссия» республикалық
қоғамдық бірлестігінің (СБРҚК) төрағасы
Нұрлан Ерімбетов кездесті.
Орталық сайлау комиссиясының
басшысы Парламент Мәжілісінің және
мәслихаттарының депутаттарын сай-
лауды өткізуге дайындық жөніндегі
ОСК жұмысымен таныстырды. «Сай-
лау үдерісін байқауды жүзеге асыратын
ұйымдармен ынтымақтастық – сайлау
науқанының жариялы әрі ашық ахуалын
қамтамасыз ету жөніндегі Ортсайлау-
ком қызметі бағыттарының бірі» деді
Қ.Тұрғанқұлов.
Ал Н.Ерімбетов Ортсайлауком
мүшелерімен және сайлау органдарымен
ынтымақтасуы тығыз әрі пайдалы бола-
тынына сенім білдірді. «Біздің қызметіміз
с а й л а у ү д е р і с і н і ң а й қ ы н д ы ғ ы н ,
сайлаушылардың өз қалауын еркін
білдіруін, сондай-ақ, сайлау науқанына
барлық қатысушылар үшін тең жағдайды
қамтамасыз етуге бағытталған» деді ол.
Қ.Тұрғанқұлов ОСК мен қоғамдық
бірлестік арасында өзара іс-қимыл
тәжірибесі бар екендігін айта келіп,
«СБРҚК сарапшыларының заң бұзу-
шыл ықтар туралы бізді жедел ақпарат-
тандыруы маңызды. Ол бізге уақ тылы
әрекет жасауға, сондай-ақ алдағы
уақытта оларды болдырмау шараларын
пысықтауға мүмкіндік береді» деді.
«Қазақстан Республикасында сайлау-
ды байқау жөніндегі республикалық
қоғамдық комиссиясы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Ақ жол»
партиясының сайлаудағы шта бында бол-
ды. Ондағы комиссия төрағасы Нұрлан
Ерімбетов, комиссия мүшесі Аманқұл
Серікбаев және «Ақ жол» партиясының
төрағасы Азат Перуашев тың кездесуінде
алдағы сайлау науқанына қатысты, оның
ішінде сайлау үдерістерінің әділ және
ашық өтуіне байланысты әңгіме қозғалды.
Ақбота ИСЛӘМБЕК
Журналистер сайлауға
қатысты этика хартиясын
жариялады
Кеше Ақордада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Алқалы жиында 2015 жылғы әлеуметтік-
э к о н о м и к а л ы қ д а м у қ о р ы т ы н д ы л а р ы
шығарылып, экономикалық өсімді қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар айқындалды. Сонымен
қатар тұрғын үй құрылысын жандандыру,
инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асы-
руды жеделдету, шағын және орта бизнесті,
экономиканың базалық салаларын қолдау,
халықтың іскерлік белсенділігін және жұмыспен
қамтылуын қолдау және т.б. мәселелер талқыланды. Жиында Ұлттық
экономика министрі Е.Досаев, мемлекеттік бюджеттің 2015 жылғы
атқарылуы жөнінде Қаржы министрі Б.Сұлтанов, ақша-несие саясаты
жөнінде Д.Ақышев баяндама жасады.
үкіметтің кеңейтілген отырысы
4
№6 (1316)
11 – 17 ақпан
2016 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
5
№6 (1316)
11 – 17 ақпан
2016 жыл
о ң т ү с т і к қ а з а қ с т а н о б л ы с ы
ҚАзЫҒҰРТ АУДАНЫ
Бақабұлақ – ауыл. Шарапхана ауыл
әкімшілігіне қарасты елді мекен атауы.
Көнекөз қариялардың айтуынша, елді ме-
кенде бұлақ болып, сол бұлақты бақалар
жайлаған. Кейіннен бұлақтың суынан тоған
жасаған. Ол көлшік болып, көлшіктен балық
аулаған. Сол көлшікте бақалар көбейіп, елді
мекен «Бақабұлақ» деп аталып кеткен.
Жіңішке – ауылы. Қазығұрт тауының
етегінде Ақбура бұлағынан бастау алып, 24
шақырымға созылып жатқан Жіңішке өзені-
нің Шарапханадан 4 шақырым жоғарыда екі
жағасына орналасқан елді мекен. Ілгеріде
Ба ғаналы тауына асар тұстағы белдің
етегінде «Бірлік» деп аталған ұжымшардың
ау да рылған жаңа қонысы. Жіңішке суына
ілгеріде кішігірім арық қазылған. Қазіргі
уа қытта ол арық каналға айналған. Қыс-
қаша айтқанда, киелі Қазығұрт баурайынан
ағып келген суға арнап қазылған арық кө-
лемі жіңішке болғандықтан, Жіңішке деп
аталған.
Майлыошақ – ауыл. Ілгері уақытта Сыр
бойындағы халық малдарын тауға қарай
жаюға айдап шығып, ұзақ жол жүріп келе,
осы маңдағы (Майлыошақта) тегіс жерге,
яғни Келес өзенінің бойында аялдаған.
Малдарын үйіріп, жүнін қырқып, шаршаған
ел қазан асып, дәм татып, кешке қарай
қыз дар мен жігіттер алтыбақан, ақсүйек
ойнап, той-думан жасап, ертеңіне жина-
ұлы дала атаулары
сөз төркіні
қазақшаң қалай, мемлекеттік қызметші?
2013-2014 жылы жүргізілген тестілік
тексеру мен сауалнамалардың
қорытындысына сүйенсек, а1-а2
деңгейлі тыңдаушылардың көрсеткіші
50 пайыз болды. Бұлардың басым
бөлігі орыстілді аудиторияда білім
алғандар. 11 жыл бойы мектепте, 5
жыл жоғары оқу орнында мемлекеттік
тілге қаншама сағат пен қаржы
бөлінсе де, нәтиже ойдағыдай болмай
отыр.
Мемлекеттік қызметші әуелі, аты да айтып тұрғандай, мемлекеттің бетке ұстар аза-
маты. ол көпшілік алдында ойын мемлекеттік тілде нақты әрі дұрыс жеткізе білуі
қажет, барлық баяндамаларын қазақ тілінде жасап, жиындарды тек қазақша өткізуі
керек. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерді оқытуда олардың сөйлеу мәнерін
шыңдауға мән беретін уақыт келді.
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет
в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте:
anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ, Динара МАСАКОВА
Все мы знаем, что всемирная выставка «ЭКСПО – 2017» пройдет в нашей
столице. В рамках «ЭКСПО – 2017» в Астане будет организованы различные
мероприятия. Сегодня хотим ознакомить вас словами, который пригодятся
на выставке. Для закрепления темы приведем примеры из разговорной речи.
Краткий словарь:
ӨТіНіШТі ҚАЛАЙ ДҰРЫС ЖАзУ КЕРЕК? –
КАК ПРАВИЛьНО НАПИСАТь зАяВЛЕНИЕ?
Өтініш – бұл жазбаша құжат. Өтініш А4 форматындағы қағазға неме
се компьютермен терілген күйде жазылады. Өтініш мынадай құрылымнан
тұрады (Заявление – это письменный документ. Пишется заявление на
листе бумаги А4 либо набирается на компьютере. Данный документ имеет
такую структуру):
Шапка документа (құжаттың басы)
Размещается в верхнем правом углу листа. В ней указывается долж-
ность, наименование организации, фамилия и инициалы руководителя,
которому адресовано заявление, а также должность и ФИО составителя.
заголовок документа (құжат атауы)
Посередине листа, под шапкой, пишется наименование документа –
Заявление.
Текст заявления (өтініш мәтіні)
Затем следует текст заявления, который составляется в произвольной
форме. Он должен содержать просьбу о предоставлении в случае необхо-
димости.
Дата и подпись (күні мен қолы)
В нижнем левом углу листа ставится дата составления документа и
рядом подпись составителя.
Примеры:
– Сен көрмеге барасың ба? (Ты пойдешь на выставку?)
– Иә, мен ерікті ретінде көрмеге барамын (Да, я как волонтер
пойду на выставку).
– Ол үшін сен қазақ тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлеуің
қажет (Для этого ты должен свободно разговоривать на ка-
захском и на английском языке).
– Әртүрлі ісшараларды ұйымдастырамыз (Мы организуем раз-
личные мероприятия).
– Көрмеде отандық өнімдер таныстырылады (На выставке будет
представлено отечественная продукция).
– Мүмкіндігі келгенше қонақтарға қонақжайлылығымызды
көрсетуіміз керек (Нужно сделать все возможное, чтобы по-
казать гостям наше гостеприимство).
– Өз елімізді дүниежүзіне таныстырамыз (Представим свою
страну на весь мир).
– Этноауылдар тігіледі (Будут построяны этноаулы).
Краткий словарь:
Қабылдауыңызды сұраймын – прошу принять.
Босатуыңызды сұраймын – прошу освободить.
Ауыстыруыңызды өтінемін – прошу перевести.
...беруіңізді сұраймын – прошу выдать...
...бөлуіңізді өтінемін – прошу выделить...
...беруіңізді сұраймын – прошу предоставить...
Рұқсат етуіңізді сұраймын – прошу разрешить.
Отбасы жағдайыма байланысты – в связи с семейным обстоятельством.
Денсаулығыма байланысты – в связи со здоровьем.
Өз еркіммен – по собственному желанию.
Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын – прошу удовлетворить просьбу.
Кезекті демалыс – очередной отпуск.
Еңбек демалысы – трудовой отпуск.
Жалақысы сақталмайтын демалыс – отпуск без содержания.
Басқа қалаға көшуіме байланысты – В связи с переездом в другой город.
Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты – В связи с переводом на другую ра-
боту.
Ниже предлагаем образец заявление о приеме на работу:
...бас
директоры
(Генеральному
директору
...)
аты-жөні...-дан
(от ФИО)
Жұмысқа
қабылдау
туралы
(о приеме на работу)
ӨТІНІШ – ЗАЯВЛЕНИЕ
Мен, ... 2016 жылдың 10 ақпанынан бастап ... жұмысқа
қабылдауыңызды сұраймын (Я, ... прошу принять меня на работу в ...
на должность ... с «10» февраля 2016 года).
Күні/қолы (Дата / Подпись)
Сәруар ҚаМаЕВа,
л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің доценті,
филология ғылымының кандидаты
Назигүл тӨлЕНБЕРГЕНоВа,
Қазақстан Республикасы президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы Дипломатия институты
Мемлекеттік және шет тілдері
кафедрасының профессоры,
педагогика ғылымының кандидаты
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан
бері мемлекеттік органдарда қазақ тілін
оқытуға үлкен мән беріліп келеді. Елбасы
өзінің Қазақстан халқына арнаған Жол-
дауында «2025 жылға қарай Қазақстан
халқының 95 пайызы мемелекеттік тілді
білуі керек» деген болатын. Бұл орайда
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару ака-
демиясында мемлекеттік тілді оқытуды
жетілдіруге байланысты көптеген жұмыстар
атқарылуда. Атап айтқанда, Тілдерді да-
мыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойын-
ша көпдеңгейлі стандарт жүйенің негізінде
мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамалық
негізі дайын далып, соған сай мақсат-міндет-
тер жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару ака-
демиясында жылына 3500 мемлекеттік
қызметші әртүрлі курстардан (қайта да-
ярлау, біліктілікті арттыру, магистратура,
докторантура бағдарламалары бойынша оқу)
өтеді. Алайда мемлекеттік қызметшілердің
тілді білу деңгейі әлі де көңіл көншітпейді.
Мәселен, 2013-2014 жылы жүргізілген
тестілік тексеру мен сауалнамалардың
қорытындысына сүйенсек, А1-А2 деңгейлі
тыңдаушылардың көрсеткіші 50 пайыз бол-
ды. Бұлардың басым бөлігі орыстілді аудито-
рияда білім алғандар. 11 жыл бойы мектепте,
5 жыл жоғары оқу орнында мемлекеттік
тілге қаншама сағат пен қаржы бөлінсе
де, нәтиже ойдағыдай болмай отыр. Тағы
бір айта кететін жайт, Білім және ғылым
министрлігі жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру стандарттарында қазақ тілін
оқытуға бөлінген сағат қарастырмаған.
Алайда соңғы жылдары мемлекеттік қызмет
органдарында мемлекеттік тілде ресми
стильде жазуға, көпшілік алдында сөйлеуге,
нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс
істеуге үйрететін курстарға сұраныс артып
келеді.
Осы орайда академияның қазақ тілінен
болып келеді. Бірақ қазақ тілінің сөздік
құрамындағы сөздердің барлығы қазақ
тілінің заңдылығына бағынады деп айтуға
болмайды. Мысалы, кірме сөздер ерін
үндестігі заңдылықтарын сақтамайды.
Сонымен қатар дауыссыздардың бір-
бірімен үйлестілігінің (ассимиляция)
орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар.
Дауыссыздардың бір-біріне ықпалы ғылыми
тілмен айтқанда прогрессивті, регрессивті
және тоғыспалы түрде қарас тырылады.
Мысалы, Сараптама жасаған мемлекеттік
қызметші Астана қаласының биылғы қысқа
дайындығы жайлы хабарлады. «Қала бас-
шылары жылу маусымына қажетті сұйық
отынды мемлекеттік сатып алу бойынша
толық әзірлеген. Қазір 5 000 тонна мазут
қоймада сақтаулы. Жақын күндері тағы да 20
000 тонна сұйық отын жеткізіледі».
Дискурстағы сөздер сөйлеу кезінде
тұтасып немесе жеке-жеке тұрмай, топ
құрап, әрқайсысы өзіндік екпін, ырғақпен
айтылатынын аңғаруға болады. Қазақ
тілінде бунақтағы сөздердің жұбын жаз-
бай, араларында қатар келген дыбыстарды
үндестіріп, бір ырғақ, екпінмен айтудың
маңызы зор. Олай болмаған жағдайда дис-
курс құрамындағы сөздердің байланыс
реті бұзылады да, тіл табиғи жарасымынан
айырылады, құлаққа жағымсыз естіледі,
бәрінен бұрын, айтылған ой көмескіленіп,
тіпті, түсініксіз болып кетуі де ғажап емес.
Қазақ тіліндегі екпін көбінесе сөздің соңғы
буынына қойылады. Дегенмен, сөз аяғында
келген қосымшаның барлығы бірдей екпінді
қабылдай бермейтіні салыстырмалы дерек-
терден айқын көрінеді (-дай қосымшасы,
көмектес септік жалғаулары, т.б.). Мысалы:
Соңғы’ кездері’ іске’р адамдарды’ қала’
инфрақұрылымыны’ң даму’ қарқыны’
көбіре’к мазала’йды еке’н. Кездесуде’
«жылды’ң ең үзді’к кәсіпкері’ атағы’н жеңі’п
алға’н адамда’р арнайы’ мақта’у қағазы’мен
марапатталды’.
Орфография мен орфоэпия бір-бірімен
тығыз байланысты, өйткені сауатсыз
жазу мәтінді дұрыс оқуға және оны дұрыс
қабылдауға теріс әсерін тигізеді. Ауызша
сөйлеу тілінде ең маңыздысы – айтылған
ойдың мағынасын түсіну, ал сөздерді дұрыс
айтпау бұған кедергі келтіреді.
Әдеби тілдің ауызша орфоэпиялық
нормаларынан ауытқулар, ең алдымен,
сөз қалай жазылса, солай дыбыстаудан,
жазу жүйесі мен ауызша сөз жүйесінің
өзді-өзіне тән ерекшеліктеріне мән бермеу-
ден туындап жатады. Сондықтан дұрыс
сөйлеуге бағыт-бағдар көрсететін құралдың
бірі – орфоэпиялық сөздік мемлекеттік
қызметшілерге аса қажет.
Мемлекеттік қызметшінің көпшілік
алдында сөз нормалары мен тұрмыстық
қатынастағы дискурстық тіліне тән дыбыс-
тау нормаларын араластырмай, сауатты
сөйлей білу де тілдік қарым-қатынас үшін
аса маңызды.
Жалпы, мемлекеттік қызметші тілін-
де қолданылатын дискурстың екі тәсі-
лінің оқуға негізделген түрінде ауызша
қызметі айқын байқалады, ал айтуға не-
гізделген түрінде арнаулы ақпарат жасау-
шы мемлекеттік қызметші қызметі анық
көрінеді. Мұндайда оқылым барысын-
да кітаби-жазба тілдің кез келген үлгісі
қолданыла беруі мүмкін, ал айтылым кезінде
дискурстық сөйлеу тілі стилінің кез келген
үлгісі қолданыла беруі мүмкін.
Сонымен мемлекеттік қызметші
ресми ақпараттарды байыпты, байсал-
ды интонациялық мәнермен баяндайды.
Мәтін интонациясын дұрыс қою және
мәтінді дұрыс оқу немесе сөзді дұрыс айту
ережесі мәтін мазмұнына қатысты белгілі
бір ақпарат береді. Олай болса мемлекеттік
қызметшіні оқытуда ресми сөйлеу мен
жазуға ерекше назар аудару қажет.
Жоғарыда айтылғандардан мына-
дай қорытынды жасауға болады: ересек
аудиторияға ұсынылатын тілдік матери-
алдар мемлекеттік қызметшінің әлеуетін
жетілдіруге бағытталуы тиіс, ресми стиль-
де сөйлеу мен жазу инновациялық әдіс-
тәсілдер арқылы жеткізілгенде ғана екіжақты
тиімді оқыту үрдісі жүзеге асырылады.
орфографиялық оқу және т.б. бар. Ал
кейбір қаракөздеріміз тіпті қазақ тілінде
акцентпен сөйлейтіні жасырын емес.
Бұның барлығы балабақша мен мектеп-
те қалыптасатын дағдылар. Сондықтан
мемлекеттік қызметшілердің арасын-
да «түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын»
дейтіндері де табылады. Егер сөйлей ал-
маса, тіл оқытудың қандай қажеті бар?!
Мемлекеттік қызметші әуелі, аты да айтып
тұрғандай, мемлекеттің бетке ұстар азаматы.
Ол көпшілік алдында ойын мемлекеттік
тілде нақты әрі дұрыс жеткізе білуі қажет,
дәріс-тренинг жүргізетін профессор-
оқытушы құрамы ресми стильді меңгеруге
арналған типтік бағдарлама әзірледі.
Әдістемелік-дидактикалық жағынан толық
қамтамасыз етілген «Ресми-іскерлік қазақ
тілі» типтік бағдарламасы мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби құжаттарды сау-
атты құрастырып, мемлекеттік қызметтің
анали тикалық, сараптамалық жазбала-
рын әзірлеуді меңгертуге, тыңдаушыларға
жоспар-құрылым, модель-үлгілер ар қылы
топ алдында баяндама жасаудың, сөз сөй-
леудің әдіс-тәсілдерін игеруге бағытталған.
Академия 2008 жылдан бері мемлекеттік
тілді біліктілікті арттыру семинарлары
арқылы жетілдірумен шұғылданады. Бұл се-
минарлар мемлекеттік қызмет сұранысынан
пайда болды.
2011 жылдан бастап Академияның
«Қосымша білім беру» институтында
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»,
«Ресми жазылым» атты қашықтықтан
оқыту курстары, 2014 жылдан қайта даяр лау
курстарындағы «Сөз мәдениеті», «Талдау
жұмысы: түрлері, әдіс-тәсілдері», «Жария
презентациялары: түрлері, әдіс-тәсілдері»
атты семинар тақырыптары аталған ауқымды
жұмыстардың нәтижелері деп санаймыз.
Бұл семинарлардың барлығы мемле-
кеттік қызметшілердің кәсіби қызметтерінде
тілдік озық технологияларды практикалық
тұрғыдан кеңінен қолдануға мүмкіндік
береді. Бүгінгі таңда мұндай жобалар қа-
шықтықтан оқыту бойынша да жүзеге асы-
рылуда.
Негізінен мемлекеттік қызметшілер
ересек аудитория болып саналатыны белгілі.
Олардың арасында әртүрлі гранттар арқылы,
көбінесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы
білім алып, бірнеше тілді игергендері де ба-
рын айта кету керек. Бірақ соған қарамастан
мемлекеттік тілді жеткілікті деңгейде
білмейтіндері қынжылтады. Осы тұста тілді
оқытуды ғылыми тұрғыдан жетілдіру қажет.
Мәселен, тілдерді оқыту ғылымында жетік
меңгерген тілдер арқылы басқа тілді үйрену
әдістемесі терең әрі жан-жақты зерттелген.
Аталған ғылыми зерттеулер қалыптасқан
тілдік негізде жаңа тілді үйренуге жол аша-
ды. Мемлекеттік қызметшінің орысша не-
месе ағылшынша білетін тілдік қоржынын
қолданбай алып тастауға болмайды, себебі
ол қор әртүрлі әдіс-тәсілдерді игеру арқылы
жинақталды. Сондықтан да тыңдаушының
бойында жинақталған әдіс-тәсілдер қазақ
тілін меңгеру барысында қолданылуы тиіс.
Осы жерде жазу мен сөйлеуді жетілдіруде
тақырып бойынша ойды жоспар-құрылым
арқылы реттеудің әдіс-тәсілдерін қолдануды
айтып кеткен жөн.
Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда
көптеген кемшіліктер кездеспей тұрмайды.
Олардың қатарында екпінді дұрыс қоймау,
айтайын дегеніМ...
оқырМай ойы
Достарыңызбен бөлісу: |