Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нұрперзент ДОМБАЙ

арнайы дайындалған тосын сыйлар-

мен қуантып та үлгерді.

Бүлдіршіндер би билеу, ән айту, 

қызықты әңгімелер айту, сурет салу 

сияқты өнерін көрсетті. Сонымен 

қатар өздері тұрып жатқан қаламен 

қысқаша таныстырды. 

Еске сала кетейік, аталмыш 

шараға қатысу үшін «Балапан» 

арнасының редакциясына хат 

жолдауларыңыз қажет. Сол арқылы 

телеарнаның ұжымы ең қызықты 

деген хатты таңдап, сіздерге қонаққа 

жол тартады. 

Арай УАЛИЕВА 

АСТАНА


хат жолдарынан

Жамбыл атындағы Қазақ 

мемлекеттік филармониясының 

концерт залында жас талант, 

халықаралық байқаулардың лау-

реаты, 100-ден аса музыкалық 

туындылардың авторы, пиани-

но аспабының шебері Рахат-Би 

Әбдісағин жеке концертін өткізді.

туындыларымен тәнті етті

Шығармашылық кешін жас 

пианист «Жыл құстарының са-

рыны» атты туындысымен ашты. 

Тек өз туындыларын ғана емес, 

әлем ге әйгілі Моцарт, Шопен 

секіл ді ұлы композиторлардың да 

шы ғармаларын жоғары дәрежеде 

орындайтын Рахат-Би Венецияда 

итальяндық оркестр мен дирижер 

Пьетро Перинидің сүйемелдеуімен 

қайталанбас концерт беріп, осы 

өнері үшін халықаралық дипломға 

да ие болған.

Композитордың «Қазақ рап-

содиясы» атты туындысы дүние-

жүзілік «Discography» музыка топ-

тамасына енгізіліп, осыдан тура 

30 жыл бұрын Ғазиза Жұбанова 

мен Серік Еркімбеков және Тілес 

Қажығалиевтің туындыларынан 

кейін үзіліп қалған әлемдік көштегі 

қазақ өнерінің табысын жалғады. 

Жас таланттың «Өмірге тал-

пыныс» атты шығармасы әлемдік 

дәрежеде кеңінен насихатталған 

біртуар өнер туындысы. 2015 

жылы Берлин филармониясында 

орындалғаннан кейін бұл шығарма 

Испанияның Аликанте, Телуаде 

секілді өнер астаналарында наси-

хатталып, күллі әлемге жол тартты. 

Осы қайталанбас туындысымен 

Рахат-Би Әбдісағин өзінің авторлық 

кешін түйіндеп, Қазақстан Респуб-

ликасы Мемлекеттік академиялық 

оркестрінің сүйемелдеуімен қалың 

тыңдарманын өз өнеріне сусын-

д а т т ы .   Р а х а т - Б и д і ң   а в т о р л ы қ 

кешіне Қанат Омаров көркемдік 

жетекші болса, Ерболат Ахмедияров 

дирижерлік қолдау көрсетті.

Н.БЕЙСЕНБАЕВА

топжарған

қаперде жүрер сөз 

әбілқайыр шейбан:

б и л е у ш і л е р і н   т а қ т а н   т а й д ы р ғ а н 

бірқатар әскери шабуылдар жүргізді. 

Осы жағдайға байланысты В.Бартольд 

былай деп қорытынды жасайды: «Темір 

әулеті өзбектерден тараған... басқа 

түріктермен күресте қаза табады...» 

(Көрсет.шығ.193-б.).

«АУзЫ БіР ЕЛДі ДАУ 

АЛА АЛМАС»

1510 жылы Мұхаммед Шейбан жаңа 

парсы мемлекетінің негізін қалаушы 

Исмаил Сефевид әскерімен болған 

шайқаста қаза табады. Мұхаммед Шей-

бан қайтыс болғаннан кейін, өзбек 

бектері қазақтардың Қасым ханы-

на бет бұрады. Кейінірек олар қазақ 

хандығындағы қабылдауды баян дап 

жазады. Қасым хан Исмаил Сефевид 

әскерінің басқыншылығын тойтаруға 

өзінің Әбілқайыр атты ұлын аттанды-

рып, өзбектерге көмектеседі. Қасым 

ханның осы аталған Әбілқайыр атты 

ұлы одан кейінгі кезеңде ешқандай 

қазақтың аңыз-әңгімелерінде атал-

майды және кездеспейді. Ол жоғарыда 

аталған қызылбастылармен болған 

шайқастың бірінде қайтыс болған (1514 

ж.).Осы арада өзбек билеушілері мен 

Қасым хан бастаған қазақтар бірігіп 

Сефефидтік Иран әскерінің жаулап 

алу мүмкіндіктерін болдырмай тастаған 

болатын.


Өзара қырқысу салдары, Орта 

Азиядағы үнемі лаулаған жалын-

мен Әбілқайыр әулетінің билігі XVІ 

ғасырдың 90-шы жылдары қиылысты. 

Тіпті Хорезмдегі Шейбан әулетінің 

билігі мәңгі ұзақ болмады. 

Қазіргі күні біз өзбек қылып жүрген 

Әбілқайырдың аты Өзбекстан Рес-

публикасында айтылмайды десе де 

болады. Оқулық деңгейінде Мұхаммед 

пен Махмуд «көшпелі өзбектердің» 

Мәуереннахрға ауысып келгені туралы 

баяндалады. Тәшкенде, қала ортасында 

ұлы Темірге, ақсақ Темірге арналған 

музей бар. Ал, Әбілқайыр Шейбан 

Сығанақ қаласына жерленсе, сүйген 

жары Рәбия Бегім бейіті Түркістан 

қаласы Қожа Ахмет Ясауи кешені ал-

дында бой жазған. Осындай кезеңде 

«адамның басы – Алланың добы» де-

ген халық мақалының тегіннен-тегін 

айтылмағаны дәйектеле түсетіндей.

Бүгінгі жаһандағы жаңа қатерлер 

мен тың мүмкіндіктер қатар тұрған за-

ман және Орталық Азия аймағындағы 

мемлекеттердің елдігін сынға қоюда. 

Осындай жауапты кезеңде бірлікке, жас 

ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің 

құралы – тарих. 

Қаншама туған тарихымыздың 

«ақтаңдақ» беттері айшықталған  сайын, 

оның белгісіз жаңаша келбеті айқын  -

далмақшы.Жаңа  табылған  дерек  -

көздері – ата тарихымыздың тегіне 

жол сала береді деп сенейік. Олар та-

рихи айналымға түскен сайын маман-

дар да шыныға түседі. Оқырманға ой 

тастау – парыз.Қазақстанның әлем 

халықтарына рухы биік, бірлігі мығым 

ел ретінде танылуы – зор мақтаныш.

Ел еңсесін көтерер азаматтары-

мыз көбейе бергей! Сондықтан да біз 

тарихта есімі әлі де көлеңкеде қалған 

Әбілқайыр хан Шейбан туралы қалам 

қозғауды жөн көрдік. Бұл тақырып әлі 

де зерттеушілер назарында, ғылыми 

зерттеу жұмысының нысаны болмақ.

Әбілқайыр ханның таққа отыруы. Масуди усмани Кухистани. «тарих-и абулхаир-хани».

суретте Әбілқайыр ханның көшпенді Дешті-қыпшақ киімінде отырғаны айқын көрінеді. Оның бас киімі дала 

өлкесінің тұрғындарына тән. Кеңесшілері, әмірлері, сол сияқты тақ маңындағылардың өзіндік орны ерекшеленген.


8

№6 (1316) 

11 – 17 ақпан

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№6 (1316) 



11 – 17 ақпан

2016 жыл


Әдетте екеуара әңгімеде ықылым заманнан жеткен «Өткен күнде белгі жоқ» де-

ген ұғым айтылып жатады. Мен бұған келіспеймін. зерделеп қарасақ әрбір са-

налы адамның кейінгі қалған жылдарынан сәулелі көріністер айқын аңғарылып 

тұрады. Жақында алпыс жасқа толатын әріптесіміз Серікқали Байменшенің 

атағынан ат үркердей: Қазақстан Жазушылар одағының және Журналис-

тер одағының,  Ресей аудармашылар одағының мүшесі, Қазақстанның 

құрметті журналисі, филология ғылымының докторы, профессор, дипломат, 

халықаралық қызметші.   

Бәріміз де ауылда өстік. Қазақы ортада өскен қарасирақ балалардың 

бәрі ұлттық тәлім-тәрбиенің бел ортасынан шықты деуге негіз бар. Өткен 

ғасыр дың алпысыншы-жетпісінші жылдары ауыл балаларының санасына 

сіңіп қалған, кісі қызығарлық бір ұстаным болды. ол – «ағаларға іні бола 

білмесең, інілерге аға бола алмайсың» дейтін қарапайым ғана қағида еді. 

Міне, осы екі ауыз сөз бүкіл ұрпақты үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге 

баулыды. 

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында  

тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қазақ Кеңес Республикасын 

құрушылардың бірі, мемлекет қайраткері, халқының бостандығы мен 

азаттығы, болашағы жолында күрескен, сол жолда құрбан болған  ақтөбе 

жерінің перзенті ұзақбай Құлымбетовтің туғанына  125 жыл  толуына арнап,  

тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай   «Жақсылықты жалау еткен ғазиз жан» 

атты тарихи танымдық кеш өтті.

Ұлтын 


ұлықтаған тұлға 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем 

тілдері факультеті мен қазақ тіл білімі кафедрасының ұжымы 

Толқын Болатқызы Сейдімхановаға әкесі  



Болат ИСЛАМҒАЛИҰЛЫНЫҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. 

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басылым-

дардың еңбек ұжымдары жазушы 



Сейілғазы ӘБДіКӘРіМОВТіҢ

қайтыс болуына байланысты маркұмның отбасына, туған-

туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. 

Журналист. 

Ғалым. Дипломат

оңтүстік Қазақстан облысында 800 мыңға 

жуық азаматтар бар. Бүгінде жастарды 

жұмыспен қамту, олардың уақытын 

тиімді өткізу және мамандық таңдауда 

көмек көрсету мақсатында мемлекеттік 

бағдарламалар әзірленіп,  жүйелі жұмыстар 

атқарылуда.

серпін


сегізінші қазына

Өткен жылы «Мәңгілік Ел  жастары – 

Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның 

солтүстік аймақтарындағы жоғары және 

кәсіптік колледждерде білім алуға 6495 жас 

өтініш білдірсе, жоғары оқу орындарына 

бөлінген 5000 гранттың 2580-і, арнаулы орта 

оқу орындарына бөлінген 1200 гранттың 

359-ын Оңтүстік Қазақстан облысының жас-

тары иеленді. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы 

аясында Шымкент қаласындағы 4 мекеме-

мен  меморандумға қол қойылып, бірлескен 

іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы 

жұмыс маусымында 1000 жас азамат тұрақты 

жұмыспен қамтамасыз етілді. Студенттердің 

жазғы демалыс уақытын тиімді пайда-

лану мақсатында «Студенттік құрылыс 

жасақтарына» құрылыс мамандығында білім 

алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер 

компанияларда жұмыс атқарды. Соны-

мен қатар, мамандардың жетіспеушілігі 

мәселелерін шешу мақсатында, «Диплом-

мен ауылға» жобасы аясында 734 маманға 

101,8  миллион теңге  көлемінде біржолғы 

көтерме жәрдемақы ұсынылды. Оның ішінде 

198 – денсаулық сақтау, 504 – білім беру, 3 – 

әлеуметтік қамсыздандыру, 2 – мәдениет, 11 

– спорт және 16 – ветеринария мамандары.  

Әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені сала-

сы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе 

салу үшін жеңілдетілген бюджеттік несие 

түрінде 893,7 миллион теңге бағытталып, 

нәтижесінде, 303 маман баспаналы болды.  

Райхан САПАРҒАЛИ 

Оңтүстік Қазақстан облысы

ЖаСтарға 

қамқорлық 

ЖаСалуда 

Ұмытылмайтын уақыт іздері



астана қаласындағы «алтын кітап» баспасынан ардагер журналист Дайыр Досаевтың 

«уақыт іздері» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа автордың қазақ хандары 

мен батырлары туралы, сондай-ақ танымал қаламгерлер мен өнер иелері жайлы 

мақалалары мен естеліктері, очерктері мен әңгімелері еніп отыр.

осы еңбектен белгілі батыр Сырым Датұлы, оның өнегелі өмірі мен шешендік сөздері 

және артында қалған ұрпақтары туралы оқуға болады. 

Сондай-ақ ХІХ ғасырда Ақтөбе, Қос-

танай, Қызылорда, Ресейдің Челябі об-

лыстарының біраз жерін басқарған, қазақ 

жеріне білімнің нұрын шашқан, өздері 

де білімді болған Ахмет, Мұхамбет және 

Махмұт Жантөриндер туралы тың деректерді 

де осы кітаптан кездестіреміз. Айталық, 

Ахмет Жантөрин қазақ жастарының білім 

алуына ерекше үлес қосыпты, Қостанай, 

Ырғыз, Ақтөбе, Қызылорда өңірлерінде 

мектептердің ашылуына ықпал еткен. 

Ахметтің көмегімен Ыбырай Алтынса-

рин Орынбор училищесіне, ағайынды 

Әлмағамбет пен Тілеумағамбет Сейда-

линдер, Хамза Көпжасаров Неплюев ка-

дет корпусына оқуға орналасқандығы 

жазылған. Ал Ахметтің немересі Сәлімгерей 

Сейтханұлы Жантөрин Ресейдің І Мем-

лекеттік Думасының мүшесі болған. 

Әлихан Бөкейханұлы екеуі қазақ халқының 

мүддесі үшін біраз істер атқарған. Мақалада 

Жантөриндердің Жәңгір ханның жиені 

екендігі қазір белгілі болып отырғаны атап 

өтілген.

Зерттеу еңбегінің соңында журналист 

Д.Досаев: «Біздің негізгі айтпақ ойымыз, 

патшалық Ресей кезінде де, қылышынан 

қан тамған Кеңес үкіметі тұсында да, 

қазағым, елім, жерім деп, қызмет-мансапқа 

қарамай, шыбын жанын шүберекке түйіп 

өткен азаматтар жетерлік. Ендеше, осындай 

тұлғаларды зерттеп, еңбектерін халқымызға 

таныстырып, ер есімін елі ұмытпайтындай 

дәрежеге жеткізсек, бұл тәуелсіздігіміздің 

жарқын көріністерінің айшықты іздерінің 

бірі болары хақ» деп аяқтайды.

Автор «Арыстан жүректі сурет кер» атты 

мақаласында халқы мыз дың атақты жа-

зушысы, Мемле кеттік сыйлықтың иегері 

Ілияс Есенбер лин нің 1979 жылы Батыс 

Қазақстан облысына барған сапары жайлы 

сыр шертеді. 

«Аласапыран кездің шынайы суреті» 

атты мақаласында жазушы Қалмұхан 

Исабаевтың Батыс Қазақстан облысында 

болып, болашақ кітабын жазуға дерек-

тер жинағаны туралы жазған. Қаламгер 

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары 

адал қызмет атқарған қоғам қайраткері 

Серікқали Жақыпов пен әнші, ақын, па-

луан, әділетсіздікке қарсы күреспен аты 

шыққан Ерғали Аязбаев жөнінде материал-

дар жинап қайтады. Соның нәтижесінде 

1971 жылы Қ.Исабаевтың «Соңғы ерлік» 

атты кітабы жарыққа шыққан.

Композитор Әсет Бейсеуов Жетісу 

өңірінде туып-өскенмен, 1974 жылдан 

бастап он жыл бойы Батыс Қазақстан 

облысының Жаңақала ауданына жиі ба-

рып тұрыпты. Оның себебі анасы сол 

жердің тумасы екен. Көптеген әндері сол 

сапарларында шыққанын екінің бірі біле 

бермеуі мүмкін. «Сәуле» тракторшы қыздар 

бригадасының табысты еңбегіне разы 

болған композитор «Аққу-қыздар» атты ән 

шығарады. Жаңақала ауданы адамдарының 

ақкөңілділігі, еңбекқорлығы және ән-күйді 

қастерлей білетіндігі Әсетке шабыт беріп, 

жаңа әндер жазуға ынталандыра түседі. 

Композитордың «Жайықтағы жеңешем», 

«Мағрипа», «Жайық қызы», «Марфуға», 

«Дос жүрегі», «Жігерім» деп аталатын 

әндерінің бәрі де ауданның топырағында 

дүниеге келді және осы жердің перзенттеріне 

арналды.


Орыстың ұлы жазушысы, халықаралық 

Нобель сыйлығының иегері Михаил Шоло-

хов көзі тірісінде Ақжайық өңіріне жиі келіп 

тұрған. Жайық өзенінің, кейде Жалтыркөл, 

Шалқар көлдерінің жағалауында балық, 

аң аулап, айлар бойы демалатын болған. 

Жиырма төрт жыл бойы ұдайы келген екен. 

Қаламгер бірқатар кітап тарын осы Жайық 

өңірінде жаз ғаны анық. Автор Д.Досаев 

әйгілі қалам гер Шолохов және оның қазақ 

хал қын құрметтегені, өңірдегі белгілі аза мат-

тармен достық қарым-қаты нас та болғаны 

жайлы жан-жақты жазған. 

Д а й ы р   Д о с а е в   1 9 4 1   ж ы л ы   Б а т ы с 

Қазақстан облысының Жаңақала ауда-

нында дүниеге келген. 1965 жылы Шым-

кент педагогикалық институтын бітірген. 

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Со-

дан кейін аудандық газетте, ал 1974-1998 

жылдар аралығында Батыс Қазақстан 

облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім 

меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін 

атқарды. 1998 жылы Батыс Қазақстан 

облыстық әкімшілігінде қызмет істеді. «Ай-

налайын ауылдың адамдары», «Жайықтың 

жайсаң жандары» кітаптары жарық көрді. 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі 

Д.Досаев қазір зейнеткерлік демалыста, 

Астана қаласында тұрады.

Айбатыр СЕЙТАҚ

АСТАНА


замандас

АҚШ­та екі адам джекпот 

сомасы 1,5 миллиард доллар 

болатын «Powerball» лотереясын 

ұтып алды. 

Жүлделі билеттер Фло-

рида және Теннесси штат-

тарында сатылған. Осылай-

ша америкалық «Powerball» 

лотереясының жеңімпаздар 

саны үш адамға жетіп отыр. 

Рекордтық жүлде қорына ие 

болған жеңімпаздар 1,5 миллиард көлеміндегі джек-

потты өзара бөліседі. Агенттіктің мәдімдеуінше, таяу 

уақытта жеңімпаздардың қатары көбеюі мүмкін. 

Жүлделі билет иелері туралы әзірге ақпараттар жасырын 

ұсталуда. Лотереяны ұйымдастырушылар джекпотты 

ұтып алған жеңімпаздарға әзірге құпиялық сақтап, 

жүлделерін алып кетпес бұрын қаржы кеңесшісін 

жалдауға кеңес берген.

Бұдан бұрын құтты билеттердің бірі Кали фор-

ниядағы Чино-Хиллс қаласында сатып алынғаны 

туралы хабарланған еді. Ұтыс билетінің сандары 4-8-

19-27-34 және 10 болған. 



Қытайдың Шаньдунь өлкесі Бинжоу қаласында 

тұратын Пан есімді азамат ұсақ ақшалармен көлік 

сатып алды. Бұл автосалон қызметкерлерін әжептәуір 

әбігерге салды. 

Ондаған жәшікке салынған майда ақшалардың 

салмағы 500 келі шамасында болған.

Көлік сатушы менеджер жақын маңдағы банктің 

көмегіне жүгінбек болғанымен, мұндай мөлшердегі 

майда ақшаларды мекеме қабылдамай қояды. Ақыры 

автосалондағы 15 адам екі күн бойы ұсақ ақшаларды 

санап шыққан. Су жаңа көліктің иесі атанған Пан 

ұсақ-түйек сатумен айналысқан екен. Ол саудадан 

түскен табысының шашауын шығармай, 50 мың 

юаньға (3 мил лион теңге) жеткізген көрінеді.

Мексикада жаңа – 32­нші 

штат пайда болды. Тиісті заңға ел 

Пре зиденті Энрике Пенья Ньето 

қол қойды.

Бұған дейін федералдық 

аймақ мәртебесіне ие болған ел 

астанасы Мехико енді штат деп 

жарияланып отыр. Бұдан былай 

шаһар өзінің жеке конститу-

циясын қабылдап, орталық 

биліктен қаржылай тәуелсіз 

болмақ. Соған қарамастан қала мемлекет астанасы 

мәртебесін сақтап қалады. Жалпы, Мексикада бұл 

реформаға дайындық ұзақ жылдар бойы жүргізіліп 

келген. Осы ретте тіпті конституцияға да өзгертулер 

енгізіліпті.

Ғарыш саласын зерттеу Люксембургте жақсы 

дамыған, ол спутниктер және олармен байланыстыра­

тын технологияларды дамыту саласында маңызды рөл 

атқарады. Бұл елде ірі спутниктер операторы – SES 

компаниясы тіркеген.

Қазіргі кезде Люксембург АҚШ және еуропалық 

серіктестермен бірігіп, астероидтардан бағалы 

металдар және Жерде жетіспейтін өзге шикізатты 

өндіруге мүмкіндік беретін технологияларды игеруді 

көздеп отыр. Бұл Айдан ары қарай, бірақ Марстан 

жақын, ғарыш кемелері жете алатындай қашықтықта 

орналасқан Жер төңірегіндегі аспан денелеріне 

қатысты. Қазір Жер мен Марс орбиталарының ара-

сында 12 мыңнан астам астероид табылған. Олар-

дан табылған қымбат металдар, мысалы, платина 

тобындағыларды жерге алдын ала өңделіп жеткізу 

жоспарланып отыр. Еуропалық ғарыш агенттігінің 

басшысы Жан-жак Дорден астероидтан кен өндіру 

мүмкін нәтиже екендігін мәлімдеді. 

заМандас


Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



Техас штатының сенато­

ры Тед Круз Айова штатын­

да өткен бастапқы сайлауда 

республикалық партия бойынша 

бәсекелесі Дональд Трамптан 

озды. 

Д.Трамп барлық үміт керлерді 

өткен дауыс берумен құттықтап, 

ол үшін екінші орын алу үлкен 

абырой екенін жеткізді. Ол 

республикалық партияның 

атынан президенттікке түсетініне сенімділігін білдіріп, 

Айовада ферма сатып алмақ ойы да бар екендігін айтты.

Алдын ала жасалған қорытындылар бойынша, 

рес публикалықтар өкілдеріне дауыс беру нәтижелері 

бойынша Т.Круз  – 27,7, Д.Трамп – 24,4, Марко 

 Рубио – 23, Бен Карсон – 9,3 және қалған үміткерлер 

5 пайыз дан кем дауыс жинады. 

Бақ пен Бап

шың елі 

латын аМерИкасы

еуропа

солтүстік аМерИка



Қомақты қаржы ұтты

Ұсақ ақшамен...

Жаңа штат

Астероидтан кенді өндірмек 

Бәсекелесінен озды 

К

ейіпкерімізді біздің алғаш 



біле бастағанымызға жарты 

ғасырға жуық тапты. Ақтөбе 

облысындағы Шалқар аудандық «Ком-

мунизм таңы» газетінің редакция-

сындамыз. Журналистика абыздары 

Тілеужан Шойғарин, Кеңес Одағы 

кезінде «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген 

мәдениет қызметкері» атағын алған Тау-

ман Төреханов, Ұлы Отан соғысының 

ардагері Шынықұл Қарамергенов, 

басқа да аға-апалар тәлімімен газет 

шығарудың қыр-сырына қанығып 

келе жатырмыз. Аптасына үш рет 

шығатын басылымның бедел-мәртебесі 

айтарлықтай. Оқырмандардан хаттар 

легі үзілмейді. Әсіресе, өздері тұратын 

ауылы мен оқитын мектебінде жылт 

еткен жаңалықтарды көрсетуге құштар 

Серікқали Байменше, Нұрмұханбет 

Дияров, Әлімбай Ізбай, Ғалымжан 

Төреханов, Бердібай Кемал сияқты жас 

тілшілердің ізденісіне сүйсінетінбіз. 

Аудан орталығына жолы түсе қалса жаз-

баларын әкеліп, ұсынып жатады. Кейін 

Шерхан Мұртаза ағамыз «Арқалағаны 

алтын, жегені жаңтақ түйеге» теңеп 

айтқан журналистік кәсіпті өздеріне 

бағдаршам етті.

1977 жылы Серікқали С.М.Киров 

атындағы ҚазМУ-дің журналисти-

ка факультетін бітіріп, жолдамамен 

Ақтөбе облыстық газетіне келді. Жұмсақ 

мінезді, елгезек, сөздік қоры бай балаң 

жігіт мүйізі қарағайдай аға-апалар ор-

тасына бірден сіңісіп кетті. Қандай тап-

сырманы да орындаудан тартынбайды, 

іссапарға шығуға құлшынысы тамаша. 

Очерк пе, фельетон ба, репортаж ба 

– қайсысынан да мүдірмей оқырман 

алғысына ие болып үлгерді. Әдетте 

талғампаз жұрттың шығармашылық 

қызмет адамының дүниетанымын 

туындысынан байқайтыны ақиқат. 

Байменшенің «Құм кешу» фельетоны, 

«Жарқырайды Шилісайдың оттары»,  

«Масхуд пен Маргарита» атты очерктері 

тақырыптың қойылуымен, оқиғаның 

мазмұнды баяндалуымен лездемеде 

мақталып, әріптестеріне үлгі ретінде 

ұсынылды. Қатардағы тілшіліктен 

басталған жол бөлім меңгерушілігіне, 

кейін облыстық газет редакторының 

орынбасарлығына ұласты. Арасында 

республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі 

«Жас алаш») газетінің батыстағы төрт 

облыс (Ақтөбе, Орал, Маңғыстау және 

Гурьев) бойынша меншікті тілшілігіне 

арнаған үш жылын ескеріңіз.

Сәтімен жалғасып келе жатқан 

жолдың бағытын кейіпкеріміздің өзі 

бұрып жіберді. Көптен қиялында жүр-

ген іс ғылыммен шұғылдану еді. Сөйтіп 

бір кезде дәріс алған ҚазМУ-дің ас-

пирантурасына маңдай тіреді. Тіпті 

Ақтөбе облысы әкімінің әлеуметтік 

мәселелер жөніндегі орынбасары бо-

лып жүрген, адамды кісілігі мен 

тациялар қорғап, бейімбеттанушылар 

шоғырының алдыңғы тобынан орын 

алды. Бұл пікірімізге айғақ ретінде 

«Бейтаныс Бейімбет» монографиясын, 

«Майлының Бейімбеті», «Бейімбеттің 

сөзстаны», «Зергердің зертханасы» 

және басқа кітаптарын айтар едік. 

Байменше – қолға алған ғылыми 

тақырыбын бұлтартпас нақты деректер-

мен тиянақтап, оқырманды иландыра 

сендірудің, автор тұрғысында өзіне 

баураудың шебері. Ол республикалық 

«Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі», 

«Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» 

және басқа газеттерде, журналдарда 

Майлин турасында жүздеген мақалалар 

жариялап, классик жазушы аруағы ал-

дында азаматтық парызын өтеді.

Серікқалидың Қазақстан Ком-

п а р т и я с ы   О р т а л ы қ   К о м и т е т і н і ң 

Баспасөз орталығында, Қазақ КСР 

Сыртқы істер министрлігінде, бұрынғы 

Жоғарғы Кеңестің, кейін қос палата-

лы Парламенттің аппаратында түрлі 

лауазымды қызметтер атқаруы 2007 

жылдан бергі уақыттағы диплома-

тия саласында жүктелген міндеттерді 

уақытында талапқа сай орындауына 

жол ашты. Нұртай Әбіқаев, Әділбек 

Жақсыбеков, Зауытбек Тұрысбеков 

сияқты шыңдалған азаматтармен 

қызметтес болу, өзара өнеге-тағылым 

оны жаңа биіктерге шығарды. Алғашқы 

бес жылда Қазақстан Республикасының 

Ресей Федерациясындағы Елшілігінде 

бірінші хатшы, кеңесші болды, со-

нымен бірге республикалық «Егемен 

Қазақстан» газетінің Ресейдегі өкіл 

тілшісі міндетін атқарды. Ежелден алыс-

берісіміз нығайған, іргедегі алып дер-

жава ауқымында тәуелсіздікті алғанына 

көп болмаған жас мемлекетіміздің 

арын арлап, мұңын жоқтау тіпті оңай 

шаруа емес. Жарықтық ата-баба 

«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ 

жаушыдан» деген сөзді бекер айтпаса 

керек. Әріптесіміздің жоғары мәдениеті, 

ізеттілігі, үнемі ізденісте жүретіні талай 

күрделі тапсырмаларды сәтімен орын-

дауына негіз қалады.

Ақтөбе облысының Құрметті аза-

маты, «Халықаралық «Қазақ тілі» 

қоғамы президентінің кеңесшісі, 

таяуда ғана дүниеден озған Кемей-

дулла Төлеубайұлы  ақсақал бір 

әңгімесінде мынадай сырды шертіп 

еді. Туған ағасы Үбәйдулла Төлеубаев 

Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза 

тапқан, ұзақ жылғы ізденіспен мәйіті 

Ресейдің Орел облысындағы Круглое 

селосында бауырластар зиратында 

жатқанын анықтайды. Туысы ретінде 

ки Муракамидің әңгімелерін, Пат-

рик Уайттың повестерін, Голдингтің 

атақты «Шыбындар әміршісі» рома-

нын  қазақ тілінде бояуын қандыра 

сөйлетті. Жетпістен астам ұлттың 

ертегілерін қазақшаға аударып, 2011 

жылы «Жүз ертегі» деген атаумен көркем 

безендірілген жинақты Алматыдағы 

« Б і л і м »   б а с п а с ы н а н   ш ы ғ а р д ы . 

М ұ н ы ң   б е р   ж а ғ ы н д а   « Қ а з а қ ш а -

орысша-ағылшынша дипломатиялық 

сөздіктің», «Казахи в России: Биогра-

фический сборник в 2-х томах» атты 

кітаптың, оның толықтырылған екінші 

шығарылымының, «Қазақстандағы 

баланың құқықтары» атты қазақ 

және орыс тілдерінде шығарыл-

ған нормативтік-құқықтық актілер 

ж и н а ғ ы н ы ң ,   б а с қ а   д а   б і р қ а т а р 

танымдық-ғұмырнама кітаптардың са-

рапшылары құрамында жүргенін сүйсіне 

ауызға аламыз.

Қарап отырсақ, бұл айтылғандар 

бір адамның алпыс жасқа дейінгі 

жүріп өткен жолында аз жүк емес-

ау. Серікқали Байменше үш жыл 

Сыртқы істер министрлігінің аппа-

ратында басқарма басшылығын абы-

роймен атқарған соң өткен жылы ма-

мыр айында Ресей Федерациясының 

Мәскеу қаласына жаңа лауазымды 

қызметке жіберілді. Яғни Еуразиялық 

экономикалық комиссияның Одақ 

нормативтік актілерін аудару бөлімінің 

басшысы. Бұл – уақыттың жаңа та-

лабына сай өмірге келген мәртебелі 

халықаралық құрылым; мүше мемле-

кеттер тілдерінде ресми құжаттарды 

сөйлету, лингвистикалық бақылау 

жүргізу, басқосуларды ұйымдастыру, 

ақпараттың әрқилы көздерімен жұмыс 

істеу және басқа жауапты міндеттер 

Серікқали басқаратын осы бөлімге 

жүктелген. Кейіпкеріміз қызмет 

мағынасын жақсы түсініп, ұжымды 

ортақ мақсатқа жұмылдырып келеді.

Ол қайда, қандай қызметтерде жүрсе 

де ұстаздары: ғылымда –академик-

тер Зейнолла Қабдоловты, Рымғали 

Нұрғалиды, профессорлар Тұрсынбек 

К ә к і ш е в т і ,   Т а у м а н   А м а н д о с о в -

ты, Темірбек Қожакеевті, Сейділда 

Ордалиевті, Файзулла Оразаевты, 

тағы басқаларын, журналистикада 

–  Нұрқайыр Телеуовті, Сейдахмет 

Бердіқұловты сүйіспеншілікпен еске 

алады.


Киелі Ұлықұм бөктеріндегі ауыл-

дарда кеңес төрағалығына қырық 

ж ы л   д а й   ғ ұ м ы р ы н   а р н а ғ а н   Е р д і -

ғали Байменшиннің баласы – біз дің 

кейіпкеріміз өз мойнындағы жауап-

кершілікті бір сәт те кеміткен емес. 

Айтпақшы, анасы Ақсұлу Құрма-

налықызы – Кеңес Одағы дәуірінде 

бай ланыс саласының еңбек сіңірген 

қызметкері атанған адам. Серікқали со-

нау Мәскеуден Шалқарда тұратын, таяу-

да ғана 90 жасты кейінге қалдырған ана-

сымен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, 

келер күннің жоспарын жүзеге асыруға 

шабыт алады.

Қаламың мұқалмасын, қадірлі 

әріптес інім!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет