о
о
Азия аймақтарына жорықтарын және
олардың «іс-қимылдар жасағанын»
көрсетеді. Біз де осындай пайым-
д а р м е н , о л а р д ы ө з б е к - қ а з а қ т а р
деп жиі атағанын ескерте отырып,
келісетіндігімізді білдіреміз.Түрлі
тілдердегі кең ауқымды әдебиеттерде
(Рузбихан, Кухистани, Б.А.Ахмедов,
С.Ибрагимов, М.Сафаргалиев және
басқа) Әбілқайыр (Абул-хайр-хан)
өмірбаяны жан-жақты жазылған.ол
Орал (Жайық) өзені жағасында туылған,
Тобылда таққа отырған және Сығанақта
1468/69жж. жерленген. Осылайша,
Қазақстан аумағында туылып, өмір сүріп
және жерленгендіктен де Әбілқайыр
қазақтың қайраткерлігіне жақын келеді.
босатқан жас Әбілқайыр мен Қажы-
Мұхаммед арасында шайқас бастала-
ды. Тобыл өзенінің маңайында болған
шайқаста Әбілқайыр жеңіске жетеді,
ал тұтқынға алынған Қажы-Мұхаммед
өлтіріледі. Басқа мәліметтерде, ханды
Әбілқайыр оғлан «аң аулау кезінде» өзі
садақпен атқан, одан кейін өзінің таққа
отыруын жариялаған. Бұл оқиғаларды
ортағасырлық жазбалары негізінде
Н.И.Березин мен В.Г.Тисенгаузен
ж а з ғ а н , о н ы С . И б р а г и м о в п е н
М.Сафар галиев толықтырады.
М.Сафаргалиевтың хабарлауынша,
1430 жылы Әбілқайыр кенеттен Чимга-
Тураны тастайды да, Хорезмге кетеді.
Шындығында, біздің пікірімізше, ол
Хорезмге емес, Ұлытауға (Хорезм,
Үргенішке ол әскери жорық жасаған)
көшкен.М.Сафаргалиевтың пайы-
мынша, Әбілқайырға қарсы жергілікті
Сібір князьдері – Махмұд пен Ахмет
көтеріліс жасаған немесе қастандық
ұйымдастырған. Сол айтылған Сібір
қазіргі Түменнен –Көкшетау – Атба-
сар, қазіргі Астана маңайы деп ойлай-
мыз. Кейбір зерттеушілер Махмұд пен
Ахмет бір-бірімен бауыр болған деп
көрсе теді.
Авторлар атап өткен «Орда-Ба-
зар» Ұлытау тауларында орналасқан
қалашық болуы керек. Бұл қазіргі
Қазақстанның орталық бөлігінің таулы
Ал Әбілқайыр Шейбан тұқымына
к е л е т і н б о л с а қ , н е г і з і н е н о н ы ң
«қаталдығына, қарамағындағыларға
қатынасының нашарлығы, Үз-Темір
басқарған қалмақтарға қарсы соғыста
жеңіліске ұшырауына» қатысты,
жағымсыз жағына көп мән беріледі.
Ал біздің пікірімізше, мәселе одан да
тереңірек және күрделі ойлауды талап
етеді. Кейде тіпті Әбілқайыр Шейба-
нидты (XVғ.) Кіші жүз ханы Әбілқайыр
беріп тұр. Мұхаммед Шейбан тұсында
XV ғасырдың 80-90 жылдары қазақ
хандары Бұрындық пен Қасыммен
кескілескен күрес басталады. Осы
ұрыстардан кейін Сығанақ, Сауран,
Түркістан, Сайрам қалаларын тастап,
Мұхаммед өзінің қолдаушыларымен
Мауе реннахр маңына кетеді. М.Сафар-
галиев «Алтын Орданың күйреуі»
атты іргелі зерттеуінде Мұхаммедтің
Дешті-Қыпшақтан өзінің аз ғана
қолдаушыларымен кеткенін айтады.
Онымен жорықта ілесіп жүрген
Фазлаллах ибн Рузбиханды өзбек пен
қазақ сияқты жақын тайпалардың
неліктен бір-біріне қарсы жорық
ұйымдастыратыны қатты ойландырған.
Бірақ ол сұраққа Мұхаммед немесе
оның кеңесшілері тарапынан да
түсінікті жауап ала алмайды.
Академик В.Бартольд:«Иранның
қалалық мәдениетінің әлсіз әсері
б о л ғ а н ш а ғ а т а й л а р д а н ө з б е к т е р
анағұрлым аз болған, сондықтан да
көшпелі салттар басым сақталынды.
Өзбек хандары Темір мен Ұлықбек
сияқты өздерінің ортасына көшпелі
түріктердің әскери патриотизмін жа-
санды желіктірген жоқ; далалықтарда
батырлардың әскери жеңісі жөніндегі
аңыздар хандар тарапынан тыс, кей-
де жиі оларға қарсы аңыз әңгімелер
тарағанын» айтады.
XV ғасырда Ұлы дала тұрғындарын
«өзбектер», ал тұрғындарын этни ка лық
ерекшеліктерінсіз «Темірдің қолас-
тындағылар» деп атаған. 1468-69 жылы
күтпеген жерден бірден Әбілқайырдың
қайтыс болуы Дешті-Қыпшақтағы
жағдайды түпкілікті өзгертті. Оның
үстіне Мұхаммед Шейбан жасақтары
жорығы нәтижесінде Темір әулеті
кендей болдық. Өзбек ғалымдары
Әбілқайыр, содан кейін Темір әулеті
басқарған Мәуереннахр ісіне кейін
араласпағанын айтады. Сұлтандардың,
о н ы ң і ш і н д е К е р е й д і ң қ а т ы с ы
болған сарайдағы Шақбұтақтың
өлімі Сығанақта болған болуы керек
және бұл оқиға одан кейінгі оқиғалар
көрсеткендей Қазақстан тарихында
ерекше рөл атқарды. Мұндай жағдайда,
Керейдің Әбілқайыр маңынан алыс-
тауы мүмкін деген болжамға келуге
болады.
Кейінгі оқиғалардағы дағдарысқа
1457 жылғы Әбілқайыр әскерінің
Үз-Темірдің қалмақтарымен болған
жорықтағы жеңілісі әсер етті.
ҚЫЛ КӨПіР
Әбілқайырдың жылнамашысы (па-
негирик) Масуд бен ОсманиКухистани
ханның жорығын кең түрде баяндаған.
Бірақ Әбілқайыр үшін ең ауыр түскені,
1457 жылғы Үз-Темір қалмақтарынан
жеңілісі болатын. Әбілқайыр оған
үлкен құн төлеуге және кепілдікке
ұлын беруге мәжбүр болды, оның
бұл ісі қазақ сұлтандарының қатты
ашуын тудырды. «Государство коче-
вых узбе ков» кітабының авторы, өзбек
ғалымы Б.Ахмедов аманат ретінде
Әбіл қайыр немересі Махмұдты Үз-
Темірге берілген деп есептейді. Есте
қаларлығы, осы Махмұд тірі қалып,
XVI ғасырдың басында үлкен ағасы
Мұхаммедпен бірге көшпелі өзбектерді
Орта Азияға алып кетеді. Әбілқайыр
ұлысында басталған дағдарыс оның
қ а р а м а ғ ы н д а ғ ы л а р д ы ң к ө б і р е к
кетуіне, әсіресе қазақ сұлтандары мен
ноғайларға кетуіне әкелді.
Ә б і л қ а й ы р д ы ң с т р а т е г и я л ы қ
қателігі, күйреген хандықты біріктіру
мен тайпаларды өзінің қарамағына жи-
най алмауынан болды. Ол одақтастары
мен жақтастарын қайта біріктіретіндей
нақты саяси, дипломатиялық немесе
экономикалық қадам жасай алмады.
Ал, шынында ол кезеңде қалыптасқан
дағдарыстан шығуға мүмкіндік бар
еді. Егер 1457 жылдан (Үз-Темір
қалмақтарынан жеңілістен) Әбілқайыр
хан қайтыс болған 1468-69 жылдарға
дейінгі он жылдан аса уақыт ішінде,
тиімді шешім қабылданса оқиға мүлдем
басқаша өрбуі мүмкін болатын. Бұл
зерттеушілер үшін әрі үлкен, әрі аз
зерттелген тақырып екенін тағы да айта
кетеміз.
Ал жоғарыдағы авторлар келтірген
фактілерден толықтай түсінік алу
мүмкін емес. Мысалы, Масуд бен
Османи Кухистани өзінің еңбегін
Әбілқайыр ханның немересі тұсында
1540 жылдары, яғни оқиғадан 80-90
жыл өткеннен кейін жазған. Сонымен
бірге, ол Шейбан әулетінің көзқарасын
ұстанды, сондықтан да біз оларға сыни
және объективті тұрғыда қарауымыз
қажет.
Фазлалах ибн Рузбихан Исфахани
еңбегі де кейін жазылды. Бұл жыл-
дары хан жорықтары болған да жоқ.
Әбілқайырдың сұлтандарға жорығы
Керей мен Жәнібектің өздерін хан
жариялағаннан кейін болған-ды.
Әбілқайыр 1468 жылы (К.Пищулина,
Т.Сұлтанов), немесе 1469 жылы
(Б.Кәрібай) жасаған жорығы бұл
уақытта «қазақтарға» қарсы болатын.
Жеті құдытқа, («йети кудук»)
Түркістан аймағына жақын жерде
кездескен әскердің екі жақ та бір-
бірін жақсы біліп қана ойған жоқ,
олар бір-бірімен тамыр-туыс болатын.
Жазушылар «өткінші жаңбыр жау-
ды, онан соң қар, қатты суықта ұзақ
тұрған әскер тарап кетеді» дейді. Екі
жақтан шыққан қол бір-бірін жақсы
танитын. Сондықтан бір-біріне қол
көтере алмаған сияқты. Әбілқайыр
қайтар жолда безгек ауруына ұшырап,
қайтыс болады. Белгілі тарихшылар
С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов:
«Махмуд б. Вали ханның жорығы мен
өлімін Тышқан жылы (1468 ж.) деп
келтіреді, бірақ та оны 1469 жылдың
шілдесі – 1470 жылдың маусымына
сәйкес келетін, хиджраның 874-ші жы-
лымен теңестіреді. Сондықтан көшпелі
өзбектер қолбасшының өлімінің да-
тасын былайша құрамыз: Әбілқайыр
Т ы ш қ а н ж ы л ы н ы ң б і р і н д е қ ы с
мезгілінде қайтыс болған, яғни дерек-
те қыстың басы деп айтылғандықтан,
1468 жылдың аяғы – 1469 жылдың
басы болатын болса, оңтайлы нұсқасы
–1468 жыл». Әбілқайыр қайтыс болған
соң, оны Сығанақта арулап осы қалаға
жерлеген.
Мырза Дулат Қайдар көрсеткендей,
кенеттен қайтыс болған Әбілқайыр
ө л і м і н е н с о ң , о н ы ң х а н д ы ғ ы н а
«берекесіздік орнап, үлкен алауыздық-
тар басталған». Осы кезеңде адамдардың
көпшілігі Керей мен Жәнібекке
кетеді. Әбілқайырдың баласы Шейх-
Хайдардың билігі ұзаққа созылмады
және онымен аз ғана халық қалды, ал
кейін өзара кикілжің күресте ол қайтыс
болады. Әбілқайырдың қолдаушылары
мен қоластындағылар – өзбектер не-
месе кейін «көшпелі өзбектер» деп
аталғандар дала тұрғындары болды
және өздерінің дәстүрлерін сақтады.
Айтпақшы, біз осы көшпелі өзбектер
туралы айтқанда ол одаққа қай тайпалар
кіретінін айтпай жүрміз. Өзбек ғалымы
Бөрібай Ахмедов «Государство кочевых
узбеков» (Мәскеу, 1965.16-17беттер)
деген еңбегінде былай деп келтіреді:
«қоңырат, үйсін, найман, кенегес,
күрлеуіт, маңғыт, қыпшақ... Ал, соны-
мен қоса бұл құрамада: бүркіт, көшші,
иджай, жат, шымбай, қарлық, дүрмен,
нөкіс, таңғыт, ұйғыр, қытай, таймас,
түмен-мың, маджар (мадияр) бар» деп
көрсетеді.
Таңғаларлығы, алғаш Қазақ хан-
дары және олардың ұрпақтары Шей-
бан әулетінің жақын туысқандары,
ағалары және бөле болып келетіні.
Мысалы, Бұрындық ханның қызы
Шейбан әулетінің Мұхаммед Бахадұр
х а н ы н а ұ з а т ы л д ы . Қ а з а қ х а н ы
Қ асы м Мұ х ам мед пен Ма х м ұ д қ а
(көшпелі Өзбек ханына) туған бөле
б о л ы п ш ы ғ а д ы.С о л дер ек т ерд і ң
хабарлау ын ша, да ла би леу ші лері
білімді, жергілікті медреседе оқыған
немесе Бұқарада даярлықтан өткен.
Сұ лтан дар арасын дағы жазы лған
хаттар түрік (шағатай), парсы тілдері
мен араб графикасында жүргізілді.
Орта лық Азия да ислам және да ла
дәстүрлері басты рөл атқарды. Тіл ғана
емес, көшпелі өзбектердің, ноғайлар
мен қазақтардың сенімі мен мәдениеті
ұқсас болды. Деректер көрсеткендей,
барлығында да бірдей рулар кездеседі:
қыпшақтар, наймандар, үйсіндер,
арғындар, керей мен керейттер, ал-
шындар, дулаттар.
1 4 6 9 ж ы л д а р ш а м а с ы К е р е й
мен Жәнібек сұлтандар өздерінің
қоныстарына қайтып келеді. Олардың
айналасына жинақталған шағын Орда
кейін, Қазақ хандығының орталығына
айналды. Сығанақ хандық астана-
сы болады.Әбілқайыр хандығының
түпкілікті құлауына XV ғасырдың
50-60 жылдарғы Керей мен Жәнібек
сұлтандардың қоныс аудару қатты
әсер етті. Мырза Қайдар Дулат осы
сұлтандармен 200 мың адамның бірге
болғанын көрсетеді. Және олар қазақ
сұлтандарымен қоса, Балқаш көлі
мен Шу аймағына көшкені белгілі.
Моғолстанға келген қазақтар қалмақ-
ойратты батысқа қашырды. Бірақ
Әбілқайыр өлімінен кейін Керей мен
Жәнібек Сыр бойына оралады.
«АҒАЙЫН АРАСЫНАН
АҚСАЙДЫ»
Әбілқайыр қайтыс болғаннан
кейін, тарих бетіне оның қуатты да
да рынды немерелері Мұхаммед пен
Махмұд шығады. Әсіресе, Мұхаммед
өзінің өжеттігімен және ақындық
шы ғармаларымен ерекшеленді. Көп-
шілік білмеуі мүмкін, ал Әбіл қайыр-
дың немерелері бала кезең дерінде
«қазақ» болған-ды, сол сияқты өзінің
атасы сияқты қазақылық (казаче-
ство) кезеңінен өтті. Онан соң олар
көшпелі «өзбектер» деп аталатын
тайпаларды басқарды. Бір кездері
осы екі сұлтан Маңғыстауға жақын
н о ғ а й л а р а р а с ы н д а т ұ р д ы , с о л
жақтағы Ноғай сұлуына үйленбекші
болған.Аталған өзбек мектебіне
арналған оқулықта,1499-1503 жыл-
дары Әбілқайыр немересі Мұхаммед
Шейбан өзіне сенімді «көшпелі
өзбектермен» Мәуереннахрды жаулап
алуға кіріскендігін» жазады. «Жорықта
ол абайсызда тап беретін, көшпелілер
әскери тактикасын қолдана білді. 1504
жылы Ферғана толықтай алынды, ал
Самарқанд қаласы мемлекет астанасы-
на айналды».
Сонымен бірге, түпкілікті қазақ-
тар мен өзбектер арасының бөлінуі
Әбілқайыр хан билігі тұсында емес,
о н ы ң ұ р п а қ т а р ы – н е м е р е л е р і
Мұхаммед пен Махмұд және шөберелері
тұсында болғанын көрсеткіміз келеді.
Ал Мұхаммед пен Махмұд бастаған
«көшпелі өзбектер» Самарқанд пен
Бұқарға 1500 жылдары кеткен. Яғни,
Әбілқайыр 1468-69 жылы қайтыс
болған соң, 30 жылдан кейін ұлы көш –
Орта Азиядағы Өзбек мемлекеттілігінің
құрылуына жол ашты.
XV ғасырда Қазақ хандығының құ-
рамының негізі, қазіргі тілмен айтқанда
көп тайпалы, қоғамды бол ғандығын
айта кету керек. Қазақ тардан басқа
жаңа халықтың құрамына өзбектер,
ноғайлар, қырғыздар, қарақалпақтар,
қалмақтар, солтүстік кавказ халық-
тарының өкілдері және араб қожа-
ларының ұрпақтары енді.
Тек XVI ғасырдың басынан бас-
тап олар «өзбектер» және «қазақтар»
болып бөлінеді. Бірақ ортақ шығу
тегі жөніндегі жады сақталынып
қалғандықтан да қазақтың: «өзбек –
өз ағам, сарт садағам» мақалы да бұл
халықтардың өткен кезеңінен хабар
пердесіз көңіл
Ол Қарағанды мемлекеттік меди-
цина институтын бітіргеннен кейін
еңбек жолын облыстық санитарлық-
эпидемиологиялық мекеменің эпи-
демиология бөлімінің дәрігері бо-
лып бастады. Кейін осы бөлімнің
меңгерушісі қызметіне көтерілді.
Өмірзақ Зейноллаұлының өзі
жанымен қалаған мамандығының
білгірі ғана емес, өте еңбекқор,
өзіне тапсырылған жұмысқа жау-
апты қарайтын адам екенін ісімен
дәлелдей білгенінен шығар, 1985
жылы ақпан айында Теңіз (қазіргі
Құрманғазы) аудандық санитарлық-
эпи демиологиялық стансаның
бас дәрігері – осы ауданның бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері
қызметіне та ғайындалды.
Қай істе де өзіне ғана емес, өзгеге
да қатаң талап қоя білетін жан әріп-
тестерінің мұң-мұқтажына да бейжай
қарай алмайтыны рас. Өзінің қол
ас тында еңбек еткен әр адамға қол
ұшын созудан ешқашан тартынған
емес. Сондықтан да ел ықыласына
бөленіп, ілтипатқа кенелді.
1999 жылдың желтоқсан айын-
да оған Құрманғазы аудандық
денсаулық сақтау бөлімінің бас-
шысы қызметі сеніп тапсырылды.
Осы кезеңде ауданның денсаулық
сақтау саласы жаңа белеске көтерілді.
Денсаулық сақтау ісі мамандарының
ауданның мәдени өмірімен бай-
ланысы нығайып, дәрігерлер ара-
сында өзінің өнерімен таңырқатқан
дарындылардың да анықталғаны
осы тұс. Өмір өз арнасымен ағады.
Бір орында тұрмайтын уақыт ағыны
оны Атырау облыстық санитарлық-
эпидемиологиялық стан саның
бас дәрігері, Атырау облыстық бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері
қызметіне жоғарылатты.
2010 жылдың наурыз айын-
да Махамбет ауданының әкімі
қызметіне тағайындалды. Аудан
экономикасының дамуына мән
берген ол, мәдениет пен білім,
денсаулық сақтау салаларының да
жоғары деңгейге жетуі үшін көп еңбек
сіңірді. Халықпен тығыз байланыста
болып, әлеуметтік саланың кенже-
леп қалмауына мән берді. Ауданның
атын шығарып, еңбек адамдарының
алғысына бөлене білген іскер басшы
2012 жылдың қазанына дейін осы жа-
уапты қызметті абыроймен атқарды.
Қазақстан Республикасы Ден-
саулық сақтау министрлігі Мем-
лекеттік са нитарлық-эпи демио-
л о г и я л ы қ қ а д а ғ а л а у к о м и -
тетінің Атырау облысы бойынша
департаментінің директоры лауа-
зымына 2012 жылы қазан айынан
бастап кіріскен ол өзіне бұрыннан
таныс қызметке бел шеше кірісіп
кетті. 2014 жылдың маусымынан
Қазақстан Республикасы Ұлттық эко-
номика министрлігі Тұтынушылар
құқықтарын қорғау комитетінің
Атырау облыстық департаментінің
басшысы қызметіне сенім тапсы-
рылды.
Өмірзақ Зейноллаұлы мектепте
де, институтта да, еңбекке араласқан
кездерінде де қоғамдық жұмыстарға
белсене қатысты. Облыстық са-
нитарлық-эпидемиологиялық станса
комсомол ұйымының, Теңіз аудан-
дық денсаулық сақтау ұйымдары
біріккен партия ұйымының хатшысы
болды. Ганюшкин селолық кеңесінің
депутаты болып та сайланды. «Нұр
Отан» партиясының 1999 жылдан
бері мүшесі, партияның Құрманғазы
ауданы бойынша филиалының
алғашқы төрағасы болды. «Нұр
Отанның» XIII, XIV,XVI съездеріне
делегат болып қатысты.
2004 жылы Қазақстан атынан
Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйы-
мы ның халықаралық симпозиумына
қатысып, баяндама жасады. Мұнай-
газ өндірістерінің қоршаған ортаға
және адам денсаулығына әсерін тө-
мендететін озық технологиялармен
танысу мақсатында Ұлыбритания,
Канада, Италия, Голландия, Герма-
ния елдерін аралады. Ғылым жолында
да үлкен табыстарға жетті. Медицина
ғылымының кандидаты, МАНЭБ
академигі ғылыми дәрежелеріне ие
болды және әлеуметтік гигиена,
денсаулық сақтауды ұйымдастыру,
эпидемиология бойынша жоғарғы
санатты дәрігер атағы берілді. Әртүрлі
халықаралық және республикалық
ғылыми басылымдарда елуден
астам ғылыми еңбектері жариялан-
ды, 1 монографиялық кітаптың, 5
әдістемелік нұсқаманың авторы.
Еңбегі ескерусіз қалған жоқ.
Маң дай тер, табан ақының да өтемі
бар екені даусыз. Қазақстан Респу-
бликасы Президентінің Алғыс ха-
тымен, «Құрмет» орденімен, «Ерен
еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан
Рес публикасы Конституциясына 10
жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігіне 20
жыл» медальдарымен марапаттал-
ды. 1998 жылы «Қазақстан Респуб-
ликасы Денсаулық сақтау ісінің
үздігі» атағына ие болса, 2013 жылы
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан
үлесі үшін» төсбелгімен, 2014 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Экономика министрлігінің Алғыс
хатымен марапатталды.
«Көп жасағаннан емес, көпті
көргеннен сұра» деген данышпан
халқымыздың даналығын еске ала-
тын болсақ, біздің кейіпкерімізден
алатын ғибрат мол. Ес білгеннен
бастап, алдына үлкен мақсат-мұрат
қойып, соған жете білген жанның
ісі өзінен үлкенді сүйсіндірсе, өзінен
кішіге үлгі-өнеге.
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға»
деген Мұхтар Шахановтың өлең
жолдары да осы кісіге арналып
айтылғандай әсер қалдырады.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА
АТЫРАУ
Біздің әңгімемізге арқау болғалы отырған кейіпкеріміз Өмірзақ зейноллаұлы
атырау облысы, Құрманғазы ауданының Үштаған ауылында дүниеге келді.
Әкесі зейнолла Хамзаев Қошалақ, азғыр өңірінде ұстаздық қызмет атқарып,
мектеп директоры болды, партия-кеңес органдарында, шаруашылық саласында
жауапты жұмыстар істеді. аружамал анамызда сол өңірде талай азаматтарды
оқытқан есімі белгілі ұстаз.
Өнеге
«балапан» ел аралап жүр
Қолымызда Қалекеңнің «ARNA»
баспасынан таяуда ғана шыққан
«Шал мен шындық» атты кітабы.
Алты жүз беттен тұратын қалың
кітап.
Бір бетін ашып қалдық. «Партия-
лар алдымен Абайды оқысын» деген
тақырып көзімізге оттай басылды.
Назар аударарлық тақырып.
«Абайдың партияға қандай қатысы
болды екен?» дейміз ғой баяғы.
Оқып шыққан кейін көзіміз жетті.
Абайдың біздің елдегі партияларға
жүз пайыз қатысы бар екен.
«Абай бәрін айтып қойған.
Басқасын айтпай-ақ қояйық. Елу
елдің қатарына кіреміз деген ұлы
ұлттық идеяны да Абай андатып
кеткен екен» деген Қали Абайдың
«Жиырма төртінші сөзіндегі» мына
жолдары келтіреді. «...Өстіп жер
жүзіндегі жұрттың қоры болып,
бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе?
Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық,
өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді,
малды түзден, бөтен жақтан түзу
жолмен іздеп, өрістерлік күн бола ма
екен?...».
Расында да, Абай алдағыны
болжаған. Қайтіп ел, қайтіп жұрт
болудың жолдарын нұсқаған. «Озық
елу елдің, озық отыз елдің қатарында
бол» деп нақты көрсетпесе де: «Күн
батырып, таң атырғанға мәз болма.
Етек-жеңіңді жи. Үлгілі елдердің
қатарына қосыл» дегенді осы сөзі
арқылы аңғартып тұр емес пе?! Бұл
сөзді бүгін де басшылыққа алып, іс
жүзінде орындай білсек біраз жерге
барарымыз анық.
«Абайдың қырық бес қара сөзі
– қазақ ұлтының бағдарламасы.
Егер осы қырық бес сөзді қазіргі
партиялар білген болса, олардың
бағдарламасы ақиқаттан аса бір алыс
болмасы анық еді» деп бір түйіп тас-
тайды автор.
Бұған да қос қолымызды көтеріп
қосыламыз. Өкініштісі, Абай дың
ақыл-кеңесін әлі күнге құлағы-
мызға ілмей жүрміз ғой. Абайдың
айтқанымен жүрсек біздің қазақ бас-
қаша болар еді. Бір-бірімізді аң дымас
едік. Көтеріліп бара жат қанның
аяғынан шалмас едік. Өсекке, қаңқу
сөзге үйір болмас едік...
Дұрыс қазақ боламыз десек, Абай-
дан көз жазып қалмауымыз керек.
Абайды оқып, ұлының айтқанын
көңілге тоқу арқылы ұлт тұтастығына
беттей аламыз. Әрине, біздің бұл
сөзімізге қарап арамызда бірлік,
ынтымақ, түсіністік жоқ екен деп
ойлап қалмау керек. Бүгінгі күні
жетістікке, табысқа қол жеткізіп
жатсақ мұның бәрі ауызбірлігіміздің
а р қ а с ы . Б і з д і ң а й т п а ғ ы м ы з –
ымырашылдығымыз, қолтықтан
демеуіміз, жан сәулесін себелеуіміз
әлдеқайда күшейе, нығая түсер еді
дегендік.
Қалекең тағы да былай дейді:
«Қазаққа киім көк, тамақ тоқ болса,
болды ма? Егер сенің тілің тулақ
болып, салт-дәстүрің келмеске
кетіп, ұлттық болмыс-бітіміңнен
айырылып, балаларың «шапибай-
ау» демей, «хапибай-ау» деп өзге
халықтың кейпіне еніп кетсе, ертеңгі
күні қазақтың байығаны, талтаңдап
жүргені кімге керек?».
Ұлтына, халқына жаны ашитын
Бұған дейін арна редакция-
сына ел аймақтарында тұратын
кішкентай көрермендерден сан-
алуан хаттар келіп түсті. Кішкентай
көрермендер жіберген хаттары,
соның ішінде өздерінің суреттерін,
шығармалары арқылы тоқтамастан
телеарнаға деген жылы лебіздерін
білдіруде.
Түсірілім тобы Астана, Алматы,
Қостанай, Көкшетау және Павлодар
қалаларында тұратын кішкентай
көрермендеріне қонаққа барып
үлгерді. Сол уақытта «Балапанның»
шығармашылық тобын балалар
қуанышты көңіл күймен қарсы
алды. Олар сүйікті арнасымен
кездесуді жай ғана күтіп отырмай,
азаматтардың айтып жүргені де осы
сөз ғой. Неге тілді айтудан жалықпай
жүрміз. Тілдің қандай маңызы ба-
рын кешегі Алаш ардақтылары көзге
шұқығандай айтып кеткен. «Тіл –
ұлттың жаны, тілдің өлгені – ұлттың
өлгені» дейді олар. Осы сөзге де
құлақ аспай келеміз. Тілдің жағдайы
м ү ш к і л б о л с а м ұ н ы ң , қ а з а қ ы
тілмен айтсақ өліп-талып жеткен ел
тәуелсіздігіне де кесір-кесапаты зор
екенін айтудай-ақ айтудамыз. Осыны
қазекеңнің бірі ескерсе, бірі мазақ
еткендей болады. «Үмітсіз – шайтан.
Бәрі жөнделер, ұлт санасы шайдай
ашылар» деп үміт етумен келе жа-
тырмыз әлі.
«Абай – халық, халық – Абай.
Абайды оқымаған адамның партия
болып ел басқаратынына да күдігім
көп» деп сөзін қорытады қаламгер.
Біздің де ойымыз осы. Абайды
оқымай, адам атын жамылып бірдеңе
етіп тіршілік етуге болар, ал жұрт
өнеге алар, үлгі тұтар қазақ азаматы
бола алады деп айта алмаспыз.
Жоғарыда тілге тиек еткендей
алты жүз беттен тұратын «Шал мен
шындықтағы» екі-үш бетті ғана
қамтитын шағын ой-толғанысты
әңгімемізге арқау етіп отырмыз.
Мұндай ой тербетер дүниелер кітапта
жетерлік. Бір ғана «Сөз сәулесі»
бөліміндегі үзік-үзік ойлардың берер
тағылымы қандай десеңіз-ші! Бұл
жүректі тебірентетін, салиқалы да
салмақты сөз.
Қали – ойлы қаламгер. Ол төңі-
регіне ойлы көзбен қарайды. Оған
әсер етпейтін нәрсе жоқ. Ал алған
әсері, толғанысы айналып келген-
де оқырманын жан тазалығына,
сұлулыққа, өмірдің құдіретін тануға
жетелейді. Бойында мұндай ізгі
қасиеттер жинақталған жанның
өзінің ұлтына, Отанына, жалпы
адамдарға деген сүйіспеншілігі ерек-
ше болатыны әбден түсінікті.
Қалекең қай еңбегінде болса
да ұлт тұлғаларын елге өнеге етіп,
олардың өмірінен, іс-әрекетінен
сабақ алуға үндеп келеді. Ірілермен
кездесіп, жүздесіп, әңгімелерін, сыр-
сұхбаттарын ой елегінен өткізе жүріп
өзі де туған халқына ойлы, толымды
сөз айтар деңгейге жетіп отыр. Олай
болса ұлтының уайымын жеп, мұңын
мұңдауды, қолдан келгенше елге
қызмет етуді мұрат тұтқан азаматтың
жүрекжарды сөзі қаперіңізде жүрсін,
ағайын.
Достарыңызбен бөлісу: |