ибн-Хальдунның мемлекет теориясы. Мемлекеттің пайда болуын
ойшыл күш көрсетумен байланыстырады. Ақылды көсемі бар, күшті,
жақсы ұйымдастырылған тайпа көрші тайпаларды тізе бүктіре бастай-
ды, оларға салық салады және бастапқы кезеңде көсем басқару үшін ол
жаққа өзінің туыс-жақындарын жібереді – мемлекет осылай пайда бо-
лады. Билігінің күшеюіне қарай ол жақын-жуықтарын биліктен шетте-
те бастайды да, басқа адамдарды тағайындап, оларға артықшылықтар
белгілеп, еңбектеріне жоғары ақы төлейді. Сол кезден-ақ мемлекеттің
дағдарысы басталады, өйткені сырттан қауіп төнгенде, ақша үшін
жұмыс істейтін адамдар, мемлекет бастауы басында тұрған алғашқы
тайпалардың мүшелері сияқты, өмірлерін қия қоймайды.
Ибн-Хальдун мемлекет пен өндірістің өзара байланысын зерттеді.
Оның кейбір идеялары тап бүгінгі күндерден көшірілгендей. Мемле-
кет пен өндіріс табиғаты әртүрлі. Мысалы, тауарлардың бағасы оларды
өндіруге шығындалған қаражатқа байланысты: оған көлік шығыстары,
нарықтағы сұраныс және, әлбетте, ойшыл дұрыс атап көрсеткендей,
97
салықтар да кіреді. Ал мемлекет салықсыз өмір сүре алмайды ғой.
Олар билік басына келіп қалған кешегі көшпенділерге рақат өмір сүру,
шекараларды күзету, саяси қарсыластармен күрес жүргізу үшін ке-
рек. Мемлекет, бір жағынан, салықтарды күшейте алады, ал, екінші
жағынан, ішкі және сыртқы сауда-саттыққа бақылау белгілей отырып,
экономикаға тікелей араласа да алады.
Егер салықтар көлемді болса, онда халық қалжырайды және оны-
мен бірге мемлекет әлсірейді. Бай адамдар алтындарын тиеп алып,
шетелге қашады. Қарапайым адамдар киім, тамақ іздеп, Ибн-Хальдун
болжағандай, жан-жаққа бытырайды. Бұл факторлар мемлекеттің
күйреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені мемлекет – қоғамның фор-
масы, ал өндіріспен айналысатын қарапайым адамдар – оның материя-
сы. Алайда бұл мемлекет толық құрып кетеді дегенді білдірмейді. Ескі
мемлекеттің орнына, өзінің даму кезеңінен өткен соң, келесіге жол
беретін жаңа мемлекет пайда болады.
Ибн-Хальдунның пікірінше, әрбір мемлекеттің өмір сүру мерзімі
адамдардың үш ұрпағымен өлшенеді. Бірінші ұрпақ жаңа мемлекеттің
негізін құра отырып, өзінің жеке мүдделеріне қарағанда, ортақ
мүдделерді көбірек ойлап, күш-қуатын аямайды. Екінші ұрпақ
мемлекеттің жинақталған байлығына билік етіп, оны өз игілігіне
пайдалануға ұмтылады. Үшінші ұрпақ мемлекетті түбегейлі әлсіретіп,
оны күйреуге жеткізеді.
Сөйтіп, мемлекет пен өркениеттің пайда болуының себебі – бір.
Олар өндірістің дамуы мен өнім молшылығының пайда болуына бай-
ланысты.
Мемлекеттер мен өркениеттердің күйреу себептері де айқын. Ибн-
Хальдунның ойынша, бұл – билеушілердің ерекше қымбат тауарлар
сатып алуға, өмірден барынша мол ләззат алып қалуға ұмтылуы, ал
ол, өз кезегінде, қымбатшылыққа, салықтардың өсуіне, экономиканың
әлсіреуіне келтіреді. Соңғы кезеңдерде қоғамның қарқынды түрде
моральдық азғындауы орын алады. Адамдар бұзылады, бір-бірлерін
алдап, қастық ұйымдастыра бастайды. Осының барлығы байлыққа
жету үшін жасалады.
Рухани дағдарысты басынан өткеріп жатқан қазіргі заманғы адам-
зат үшін Ибн-Хальдунның көптеген идеяларының әлі де өзекті екенін
мойындағанымыз жөн болар.
ибн-Хальдунның шығармашылығын зерттеумен айналысқан
поляк ғалымы Ежи Вятр оны «қазіргі заманғы әлеуметтану мен
саясаттанудың әкесі» санайды. Біз, өз тарапымыздан, осы пікірге
қосыламыз.
98
Араб ғалымдарының да білімдердің көпшілік саласына сіңірген
еңбектерін асыра бағалау мүмкін емес. Ортағасырлық ғылым
мен философияның кіріспе бөлімінде бұл туралы ішінара айтып
өткенбіз. Бұл жерде біз алты ғасырдан артық уақыт бойы арабтардың
техникалық және ғылыми тұрғыда Батыстан айтарлықтай озық
болғанын айтпақпыз. Ал астрономия, математика, медицина, оптика
сияқты салаларда олар, дау жоқ, жетекші орын алады. Мысалы, ибн-
әл-Шатыр XIV ғасырда, Коперникке дейін-ақ, Птолемей жүйесіне
елеулі өзгерістер енгізіп, оны математикалық тұрғыда кейінірек пайда
болған Коперник жүйесіне парапар болатындай етіп дамытты.
Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы мен ғылымы тура-
лы әңгімемізді аяқтай келе, тағы бір ірі құбылыс туралы айтқанымыз
дұрыс болар. Ол – ортағасырлық рухани дүние бейнесін көрсететін
«Таза бауырластар трактатының» жарыққа шығуы. «Таза бауырластар»
немесе «Тазалық пен шынайылық бауырластары» – ол X ғасырдың:
Ирак, Иран, Әзірбайжан, Орта Азия елдері мен Сібір ойшылдары ен-
ген философтар тобы. Олар дін, философия және жаратылыстану
ғылымдары туралы елу бір жасырын «жолдау» құрап, мұсылмандық
метафизика аясына антика дәуірінің ғалымдары мен ойшылдарының:
аристотелизм және неоплатонизм, эманация тұжырымдамасы, Пто-
лемей космологиясы, Гиппократтың медициналық ілімі идеяларын
енгізген.
Сонымен, қорытындылайық. Бұны белгілі американдық
шығыстанушы Франц Раузенталдың: «Сөз жоқ, «білімдерге» қатысты
табандылық ортағасырлық мұсылмандық өркениетті ғалымдық және
ғылым мағынасында айтарлықтай өнімді етті, соның нәтижесінде
адамзат тарихына берік үлес қосты», – деген сөздерімен аяқтағанымыз
дұрыс сияқты (Раузентал Франц. Торжество знания. Концепция знания
в средневековом исламе. – М.: Наука, 1978. – 330-бет).
Жинақтай келе, ортағасырлық философия – бұл антикалық
философияның тірі жалғасы, грек көкжиегінен өзіндік көтерілу, қол
жеткен жетістіктерді қайтадан бағалау және Қайта өрлеу дәуірі фило-
софиясына дайындық деп, тағы бір рет атап өткіміз келеді.
99
3-тарау. ҚаЙта өРлеу ДәуіРі ФилОсОФиЯсы
3.1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірі (фран. – Renaissance) Еуропа
тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капита-
лизмге өту кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия сана-
лады.
Аталған өтпелі кезеңнің орын алуына қандай жағдайлар се-
беп болды? Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кәсіптер мен сауда-
саттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами баста-
ды. Сауда-саттық пен балық аулау арқылы байып алған шаруалар өз
қожайындарынан іргелерін аулақ салып, еркін адамдарға айналды.
Олар еркін жалдамалы еңбекті пайдаланып, әртүрлі шеберханалар
мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері
пайда болып, феодализм бірте-бірте шегіне берді. Қалалар жылдам
қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асы-
рыла бастады, сән пайда болып, шетелдерден тәтті-тәрім, жібек мата
әкелінетін болды. Феодалдық қоғамның бірсарынды өмірі осындай
экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді.
Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капита-
лизмге бет алды.
Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер руха-
ни өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді:
а) өндірістік күштерді дамыту қажеттігі схоластиканы кейін ысы-
рып тастап, жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға, табиғатты зерт-
теуге себепкер болды;
ә) бірақ табиғат дегеннің өзі не? – Материя. Бұл, өз кезегінде, ой-
шылдарды материализм жағына қарай бағыттады;
б) табиғатқа жүргізілген кез келген зерттеу әртүрлі тәжірибелер
жасауға байланысты болады, философия тілінде бұл эмпиризм деп
аталады;
в) фактілердің жинақталуына қарай оларды қорытындылау қажет
болды, демек, рационализм (лат. – ratio – ақыл, сана) пайда болды;
г) бұл, өз кезегінде, зиялы қауым (интеллигенция) рөлін арттырады.
Егер Орта ғасырларда оны, негізінен, діни қайраткерлер көрсетсе,
ал қазір ақсүйектердің зиялы қауымы пайда болды;
д) енді, ақыр соңында, даралық (индивидуализм) үшін жол ашыл-
ды: ортағасырлық корпоративизм екінші орынға ығысып, ал алдың-
100
ғы орынға талантты, жоғары дарынды тұлғалар шықты, олар өз
мақсаттарын іске асыра отырып, суретші, мүсінші, сәулетші, музыкант
болып қалыптасады;
е) олар, өз кезегінде, «Studia Humanitatis» (гуманитарлық зерт-
теулер) деп аталатын үйірмелер ұйымдастырады. Бұл Қайта өрлеу
заманының аса маңызды жетістігі болды.
XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап антика дәуіріне, оның
мәдениетіне, өнеріне, философиясына қызығушылық артты. Адам-
дар антика мәдениеті мен әдебиетін қаншалықты білетініне қарап
бағаланатын болды. «Ренессанс» («Қайта өрлеу») деген терминнің өзін
антика жетістіктерін игеруге деген құштарлықтан шығаруға болады.
Бірақ бұның бәрі ерте заманға жай ғана оралу дегенді білдірмейді.
Бұл жерде көне заманды жаңаша өзгерген нақтылық негізінде қайта
жаңғырту туралы сөз болып отыр. Сондықтан Қайта өрлеу іс жүзінде
ескіні қалпына келтіру емес, жаңаны іздеу дегенді білдіреді. Егер көне
заман философиясының қақ ортасында табиғи-ғарыштық өмір, ал Орта
ғасырларда «құтқарудың» діни мәселесі болса, ал Қайта өрлеу дәуірінде
аксүйектік өмір, адамның осы дүниедегі, осы дүние үшін қызметі
алдыңғы орынға шығады. Адам бақытқа осы өмірде, Жер бетінде же-
туге тиіс. адамға бетбұрыс қана Қайта өрлеу деген дүниетанымдық
дәуірдің ерекше сипаты болып табылады, сол себепті бұл дәуірдің
философиялық ойлауын антропологиялық ойлау, яғни адам ғалам
орталығы және әлемде болып жататын барлық оқиғалардың мақсаты
болып табылатын көзқарас деп сипаттауға болады.
«Ренессанс» деген терминнің өзі алғаш рет италиялық өнер та-
рихшысы Джорджо Вазари (XVI ғасыр) еңбектерінде кездескен,
бірақ тарихтану санаты ретінде ол XIX ғасырда, Якоб буркгардтың
1860 жылы жарық көрген «италиядағы Ренессанс мәдениеті» деген
еңбегінен бері қарай қолданысқа ене бастады.
Жоғарыда аталып өткен бетбұрысты негіздеуде Джаноццо манет-
тидің (1396-1459) сіңірген еңбегі орасан болды. Құдай жаратқан
Табиғаттың сұлулықтары мен салтанаттығы туралы айта келе, ол шың
басына адамның өзін қояды. Адамның денесі қандай көркем және оны
ештеңемен салыстыру мүмкін емес! Мысалы, кез келген затты жа-
сай алатын адамның қолдары не деген ғажап десеңші! Шындығында,
дәл солай ғой. Адамның қолы оның ақылынан туған. Егер ғайыптан-
ғайып бір күні барлық адамдар жоқ болып шықса және егер әлдеқалай
адамның бір қолы болса да қалса, сол қол арқылы жерден тыс пайым
жер бетінде ақылдың болғанын түсінер еді. Жануар қоршаған ортаға
101
біржақты бейімделген, ал ол кезде адам жан-жақты. Егер Құдай
Табиғатты жаратса, онда адам мәдениетті туғызады.
Италиялық философ, филолог және тарихшы лоренцо Валла
(1407-1457) адам өмірінің сезімдік қырына тоқталады. Оның этикалық-
философиялық шығармаларының бірі дәл солай – «Шынайы игілік
іспетті ләззат туралы» (екінші редакциясында «Шынайы және жалған
игілік туралы») деп аталады. Ең жоғарғы игіліктің не екенін айқын
және сенімдірек көрсету үшін, автор стоиктік, эпикурлік және христи-
ан арасындағы әңгімелесу түрін таңдайды. Стоик табиғаттың адамға
қас екенін дәлелдеуге тырысады, өйткені оны ізгіліктерге емес, жа-
ман қылықтарға бейім етті. Эпикурдың жолын қуушы адамдарға
табиғат берген және ләззаттардан тұратын игіліктерге жету мүмкіндігі
туралы айтады. Христиан онымен келіспейді. Эпикуршіл сияқты,
ол да ләззатты жоғарғы игілік санайды, бірақ адамның пендешілік
қуаныштарға жақындығын айыптайды. Ал Валланың өзі оқырманды
«ләззат, сөз жоқ, адамға пайдалы, тек ақылға қонымды шектерде ғана,
әйтпесе азап шегу аса зиян» деген сенімге келтіреді.
Валла адам танымының, ойлаумен қатар, әсерлі сезімдерсіз өмір
сүре алмайтынына сенімді болды. Табиғаттың өзі: «өзіңнің тәніңді
және өміріңді сақта және соған қауіп төндіретіндердің барлығынан
аулақ бол» деген өмір заңдылығын беріп отыр – ал бұл адам
сезімдерінің қатысуынсыз мүмкін емес. Сондықтан адам өмірден ба-
рынша мол ләззат алу үшін туады. «Менің бар-жоғы бес сезімімнің
болғаны қандай өкінішті. Олар елу болғанда, қандай рақатқа батар
едім!» – деп шаттанады Валла.
Гүлдей жайнаған жастық шағында өмірден кеткен пико делла
мирандолланың (1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан
Табиғат арасындағы делдал. Өз бойына бәрін жинай отырып, адам
кім болуға да қабілетті. Жер бетінде адамнан биік ештеңе жоқ және
адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай
адамдарды жан-жақты тіршілік иелері ете отырып, олардың бойына
өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша
саналатыны – ол еркіндік. Адамдардың өмірдің әр алуан жолдарын
таңдайтын мүмкіндіктері бар. Әңгіме таңдаған мүмкіндікті тиісті
дәрежеде пайдалану туралы болып отыр. Сөйтіп, егер ортағасырлық
философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп
соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны Құдайдың адамға бер-
ген баға жетпес сыйы деп түсінеді. Міне, Пико антропологиясының
түпқазығында бәрінен бұрын өзінің толыққанды жаратушы ретінде
102
«Мен» дейтін адамның мәртебесі мен еркіндігі туралы ілім жатыр.
Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.
Егер біз Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктеріне талдау жасаумен
ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты
жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен
қателік жіберген болар едік.
Адам құндылықтары мен мәртебесі, еркіндіктің мұраттары бас-
ты, басымдыққа ие болып саналған рухани ахуал табиғаттың
жаңа философиясын тудырмай қоймас еді және тудырды да. Ал со-
нымен қатарлас жаңа жаратылыстану да дами бастады. Ол бірқатар
дәуір жаңалықтарын әкелді және жаңа философияның маңызды
бастауларының біріне айналды.
Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай
Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (1548-
1600) және Галилео Галилей (1546-1642) шығармашылығында көрініс
тапты.
3.2. н.кузанский және оның философиялық идеялары
Қазіргі заманғы ой-пікірлерге алғашқы жол салушылардың бірі,
табиғат философиясы мен космологиясының жарқын өкілі болған ни-
колай кузанский (1407-1457) – Қайта өрлеу дәуірінің ірі философы.
Негізгі еңбегі – «Оқымысты білімсіздік». Қалай ойлайсыз: оғаш, әрі
қарама-қайшы атау емес пе?! Шындығында, «оқымысты» сөзі бірінші
кезекте «білімсіздік» емес, «білімділік» деген сөзбен орайласады.
Олай болса, Кузанскийдің ой желісімен жүріп көрейік. Табиғаттың
қандай да бір құбылысын танып біле отырып, біз оны бұрыннан та-
ныс басқа құбылыстармен салыстырамыз. Қашанда кеңістікте және
уақытта шектеулі, бізді қоршаған заттарды танып білу осылай іске аса-
ды. Бірақ шексіздікті зерттеу барысында біз әп-сәтте басқа жағдайға
тап боламыз, өйткені оны көз алдымызға елестете алмаймыз және оны
бірдеңемен салыстыру мүмкін де емес. Осы жерде адамның қашанда
шектеулі ойы және бізді оқымысты білімсіздікке келтіретін шексіздік
арасында қарама-қайшылық туады.
Кузанскийдің көрнекті теолог қана емес, сонымен қатар неміс
кардиналы болғанына, демек, ортағасырлық конкордатқа бағынуға
міндетті болғанына байланысты, оның табиғат философиясының да,
космологиялық көзқарасының да дін шектерінен шығуына болмағанын
және шықпағанын ерекше атап айтқан жөн. Бірақ соған қарамастан,
оның әлемді және адамды танып білуі болашаққа бағытталды.
103
Н.Кузанский философиясының басты тақырыбы қарама-қайшы-
лықтардың: абсолютті максимум және абсолютті минимумның
сәйкестігі туралы ілім болып табылады. Абсолютті максимум
(«Біртұтас – ол барлығы») – дара. Ол – жоғарғы шек. Оған ештеңе
қарсы тұрмайды. Солай болғанда, абсолютті минимум онымен сәйкес
келеді.
Кузанскийдің пікірінше, Абсолютті максимум – ол Құдай. Онда
бәрі бар деген мағынада ол барлығын өзіне жинаған. Демек, Ол бәрінде
Өзі бар болғандықтан, барлығының да дамуы Оның Өзі болып табы-
лады. Құдайды жаратудан алыстатсаң, болмыссыздық немесе ештеңе
емес қалады.
Шексіз Құдайды табиғатқа осылай пантеистік («Барлығы – Құдай»)
жақындату Кузанскийді Ғаламның пайда болуын және Ғарыштың
құрылысын жаңаша түсіндіруге алып келді.
Өз заманының ірі діни қайраткері ретінде кардинал Кузанский
көпшілік қабылдаған креационизмге ашықтан-ашық қарсы шыға ал-
мады. Бірақ оның ойларының желісі әлемді Құдай жаратқаны туралы
қағидадан іс жүзінде шеттегеніне сендіреді. Құдай мен әлем қатынасын
ол бүтін мен бөлшектің қатынасы сияқты көреді: Құдай – ол бітпейтін,
шексіз максимум, ал Ғалам немесе бітпейтін әлем – ол шектеулі мак-
симум. Осы тұрғыдан алғанда, Құдай, әлбетте, – біз енді шексіздік
туралы айтып отырғандықтан, мүлдем танылмайды. Құдайды бізді
қоршаған әлемнің ешбір затымен қатар қою, салыстыру мүмкін емес.
Егер Құдай – шынайы шексіздік болса, онда Ол жаратқан Табиғат тек
шексіздік мүмкіндігіне ие. Егер солай болса, онда көкжиектен келесісі,
оның артынан үшіншісі ашыла береді. Құдай танылмайтын болса да,
біртіндеп оның құпияларына ене отырып, Ол жаратқан Табиғатты та-
нып білуге болады.
Өзінің осы ойын Кузанский математикалық жолмен көрсетуге әрекет
етеді: егер біз көпбұрыштың шеңберге салынған санын көбейте берсек,
онда ол оған көбірек ұқсайтын болады, ал егер шектеусіз көбейтсек,
онда көпбұрыш пен шеңбер бірбүтінге айналады. Егер теңбүйірлі
үшбұрыштың бір бұрышын жоғары тартсақ, онда бұрыштары сөзсіз
бір-біріне жақындай береді, ал егер шектеусіз созсақ, онда бір сызық
шығады, яғни олар бірігіп кетеді.
Осыдан барып Кузанский қарама-қайшылықтардың сәйкестігі
(coincidentia oppositorum) деген ұстанымға келеді. Әлем қарама-қайшы,
бірақ қарама-қайшылықтар бір-біріне өтеді. Егер солай болса, онда
адамның ақыл-ойы қарама-қайшылықтарды және олардың бір-біріне
104
өтуін танып біліп, бірте-бірте шексіздікке, демек, Құдайға жақындай
береді. Сол себепті әрдайым шектеулі заттарды зерттей отырып, біз
оларды шексіздікпен байланыстыруға тиіспіз. Заттарды танып біле
отырып, адам зердесінде олардың шынайы бейнесін ғана емес, со-
нымен қатар мүмкін болатын, өзгерген бейнесін де сақтайды. Демек,
адам шығармашылық үшін, тудыру үшін жаралған. Ол – адами Құдай
(лат. – Humanus Deus).
Адам жанының қабілет-мүмкіндіктерін зерттей келе, ол сезімді
(лат. – sensus), ақыл-ес (лат. – ratio) және парасатты (лат. – intellectus)
бөліп көрсетеді. Ақыл-ес адамның сезімдері мен парасаты арасындағы
делдал іспетті.
Сезімдермен тығыз байланысқан ақыл-ес ғылымды тудыра-
ды. Алайда адамның таным мүмкіндіктері бұлармен шектелмейді.
Тіпті жан-жануарлардың да сезімдері және, қарабайыр болса да,
ойлау қабілеті бар. Адамды жануарлардан ажырататын шешуші
айырмашылық адамның ақыл-есінің оның парасатымен тығыз байла-
нысты екендігінде, өйткені соңғы бірде-бір жануарда жоқ.
Парасаттың болуы нәтижесінде біз болмыстың шекті негіздеріне
қол жеткіземіз, терең метафизикалық сұрақтарға жауап бере ала-
мыз. Ақыл-естің бұл тән мен сезім әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ол
уақыттан және өтпелі дүниеден тыс, олардан мүлдем азат. Парасат тым
жалпы, тұрақты, мәңгі нәрселерді зерттейді, сол себепті ол пайымға
қарағанда, Құдай берген ақылға тым жақынырақ.
Әрбір адам – өз заманының ұрпағы. Сондықтан Н.Кузанский
Сенімді Ақыл-ойдан жоғары қояды. Бірақ бұл соқыр сенім емес,
өйткені «ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды».
Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз.
Құдай, бір жағынан, барлығын барлық жерде қамтиды, ал, екінші
жағынан, еш жерде ештеңе де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел-
ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен
бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола-
ды. Құдайдың математикалық белгісі (символы) деген – осы.
Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен
шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті
деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта
ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, әлемнің орнықты
орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея пайда болған.
Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Копер-
ник революциясын осылай дайындаған.
105
Шындыққа жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің
ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – өтірікпен бірге берілген.
Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі
ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай
қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады.
Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш
те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика-
лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы
мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап
өткенді жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |