екінші. Бірқатар философтар, мысалы, Бертран Рассел Руссоны,
сондай-ақ Фихте мен Ницшені нацизм мен фашизмнің идеологиялық
жол салушылары деп санайды, өйткені алдыңғысы да, соңғылары да
еркіндікті, әсіресе билікке деген еркіндікті жақтайды. Бұл жерде мы-
сал ретінде Руссоның «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқық
қағидалары» (1762) деген жұмысына, оның ішінде осы шығармада
жазылған жалпы еркіндік тұжырымдамасына, әсіресе қашанда
«жалпыға ортақ еркіндік» бар дейтін жоғарғы биліктің еркі туралы те-
зиске сілтеме жасалады.
Рассел: «Қоғамдық келісім» Француз революциясының көпшілік
көсемдерінің Библиясына айналды, бірақ, сөз жоқ, Библия сияқты,
ол да мұқият оқылмады және ізбасарларының көпшілігі оны дұрыс
түсінбеді. Демократия теоретиктерінің ішінде Руссо метафизикалық
жалпылауға дағдылануды енгізеді, соның жалпыға ортақ еркіндік
туралы доктринасы арқылы көсемнің оның халқымен мистикалық
сәйкестігі мүмкін болады, ал өзін растау үшін, ол сайлау жәшігі
сияқты соншалықты қарапайым құралға мұқтаж емес. Пруссия арис-
тократиясын қорғаған кезде, Гегель Руссо философиясынан көп
нәрсені пайдасына жарата алар еді (Гегель жалпыға ортақ еркіндік пен
барлығының еркі арасындағы айырмашылықты ерекше мақтайды. Ол:
«Руссо осы айырмашылықты әрдайым ескергенде, мемлекет теория-
сына айтарлықтай үлес қосқан болар еді», – дейді). Бұл тәжірибенің
жемістері Робеспьердің билігі тұсында, Ресей мен Германиядағы
(әсіресе осы соңғысындағы) диктатура кезінде сығылып, орыстық
ілімнің нәтижесіне айналды. Бұл елеске болашақ тағы қандай жеңістер
алып берер екен, ол туралы болжам айтуға дәтім бармайды», – деп жаз-
ды (Рассел Б. История западной философии. – 646-бет). Алайда, біздің
ойымызша, Рассел мен оның жақтастарының айтқандарының барлығын
дұрыс деуге болмайды. XVII-XVIII ғасырлардың табиғи келісімінің
басқа тұжырымдамаларынан айырмашылығы – Руссо оның мақсатын
диктатура емес, азаматтық қоғам құрудан көрді. Бұл билеушінің
құзырындағылармен және жоғары тұрған тұлғаның төмендегілермен
келісім-шарты емес, ол – бір-бірлерімен тең адамдардың немесе тұтас
қоғамның оның әрбір мүшесімен, яғни, ойшылдың пікірінше, олардың
169
барлығы «өздеріне бірдей шарттармен міндеттемелер алатын және
барлығы тең құқықтар иеленетін» кездегі келісім-шарт.
Руссоның шығармашылығында адам мәселесі елеулі орын алады.
Оның ойынша, адамның туа біткен екі қасиеті бар: алғашқысы – оның
өз-өзін сақтауға және ең жақсы өмірге деген жойылмайтын ұмтылысы,
екіншісі – өзге біреудің күйзелістері мен өлімін көргенде, оның бойын-
да пайда болатын табиғи аяушылық пен өкініш сезімі.
Табиғаты бойынша адам ізгілікке ұмтылады. Егер өзімшілдігін
жеңе отырып ізгілікті істер істесе, бұл қасиеттер терең тамырланып,
оған ризашылық сезімін сыйлап, оның екінші табиғатына айнала-
ды. Егер адам өзін борышты сезінгеннен жақсылық жасаса, онда бұл
ізгіліктің тек сыртқы көрінісі болып шығады. Ал егер ол кезде адам
табиғи сүйіспеншілік сезінсе, онда бұл – адамдықтың биік көрінісі
болғаны.
Руссо адам тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі. Тәрбие – адамның
табиғи дарындарын дамыту, еркіндікті сүюді қалыптастыру, өз
көзқарастарынан таймауға үйрету.
Бала тәрбиесін Руссо төрт кезеңге бөледі:
– туғаннан бастап, екі жасқа дейін. Бұл жерде баланың дене
мүшелерінің дамуына басым назар аудару керек;
– екіден он екіге дейін. Баланың сезімдері мен жан дүниесі
қасиеттерін тәрбиелеуге басымдық беріледі;
– он екіден он беске дейін. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
– он бестен он сегізге дейін. Балаға тұлға ретінде қарап, оның бо-
йына адамгершілік қасиеттерін сіңіру ерекше маңызды, өйткені бұл –
адамның қалыптасуы барысындағы «бұлқыныс пен жұлқыныс» кезеңі.
Руссо бала тәрбиесінде күш қолданудан аулақ болуға, балаға
білдірмей ықпал етуге кеңес береді. Әсіресе оның еркіндік сезімін жа-
ралап алмай, еңбекті сүюге баулу керек. Бала жақсылыққа ұмтылып
өсуі үшін, оны қайырымды, ізгілікті істер жасауға үйреткен абзал.
Баланың дене құрылысының жетілуі мен ақыл-ойының өсуі қатар
жүруге тиіс.
Руссо идеяларының философтарға, саяси қайраткерлерге,
әдебиетшілер мен тарихшыларға ықпалы зор болды.
1789 жылғы революцияда якобиншілер Руссоға табынушылықтың
жарқын көрінісін паш етті. Оның сүйегінің күлі Пантеонға қойылды.
Руссоның азаматтық қоғамға көзқарасы демократиялық реформалар
үшін бағдар болды.
170
Француз ағартушылары саңлақтарының ішінен философ-энци-
клопедист, жазушы, әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткері Дени
Дидроны (1713-1784) бөліп көрсетпеуге болмайды. Оның қызуқанды
ұйымдастырушылық қызметі нәтижесінде 35 томдық «Энциклопедия
немесе ғылымдардың, өнерлердің және кәсіптердің түсіндірме сөздігі»
жарық көріп, онда ғылымның аса маңызды жетістіктері, саясат, құқық
саласындағы жаңа идеялар көрініс тапты. «Энциклопедия» француз
қоғамының ғана емес, сонымен қатар Еуропаның да, тұтастай алғанда,
Солтүстік Американың да рухани түлеуінде баға жетпес рөл атқарды.
Дидроның шығармашылық өмірбаянында, әдетте, үш мәселе ажы-
ратылып көрсетіледі.
Біріншісі «Энциклопедияның» жарық көруіне байланысты. Оны
адам айтқысыз қиын жағдайларда жазуға тура келді: тыйым салу,
астыртын, құпия жұмыс істеу, материалдың орасан үлкен көлемі үлкен
қиындықтар тудырды. Дидро барлық мақалаларды түгелге жуық
түзетіп, дұрыстап жазып шықты және өзі де 1751 жылдан 1780 жылға
дейінгі кезеңде 1200-ден астам мақала жазды (онікі – орасан зор еңбек,
басқа біреудің өмірі де жетпес еді).
Екінші мәселе – ол «Көзі көретіндерге өсиет ретінде соқырлар
туралы хаттар» (1749) деген еңбегінен (сол үшін бірнеше ай Вен-
сен қамалында қамауда да отырып шықты) бастап, «Физиология
элементтері» (1875) шығармасында өз көзқарастары мен ұстанымдарын
анықтап, баяндап бергені. Оның замандастарының көпшілігі Әлемге
деистік көзқараспен қараса, Д.Дидро дәйекті материалистік ұстанымға
көшті.
Әлемнің түпнегізі – біреу және ол – материя, ал оның себептері –
ішінде, сол себепті, оны танып білу үшін, Құдай идеясына жүгінудің
қажеті жоқ. Материяны ешкім жаратқан жоқ – ол өз заңдылықтары
негізінде мәңгі өмір сүріп келеді. Материяның өмір сүру тәсілі –
қозғалыс, біз оларды бір-бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл әлем
қозғалыста: бір заттар құрып жатады, олардың орнына екіншілері пай-
да болады. Материя өзіне тән қарама-қайшылықтардан келіп шығатын
ішкі күштерге толы.
Материяның «бөлшегі» ретінде атомды емес, ол өзі белсенді
күш берген молекуланы таңдайды. «Материя және қозғалыс туралы
философиялық қағидалар» деп аталатын еңбегінде ол «кез келген мо-
лекуланы әрекеттің: ауырлық немесе тартылыс; ішкі күш әрекеттері...,
барлық басқа молекулалардың оған қарсы әрекеті дейтін үш тегінің
шоғырлануы деп қарау керек» екенін жазған. Бірақ ол кезде әрекеттің
171
басты себебі деп ол ішкі күшті санайды. «Дене өз бетінше әрекетсіз»
дейтін пікір – бұл қорқынышты қателік». Ішкі күшті білдіретін
нәрсе – ол қозғалыс. Бірақ бұл күш белсенді де, енжар да болуы
мүмкін. Осыдан келіп орын ауыстыру – қозғалыс деп емес, нәтиже
деп қана түсіндіріледі. Бірақ тартылыс пен қозғалысты ғана Дидро
материяға жатқызып қоймайды, оның ойынша, дамудың жеткілікті
биік дәрежесінде көрінетін, бірте-бірте түйсікке, қабылдауға, зердеге,
ойлауға айналатын сезімділік те материяға жатады.
адам мәселесін Дидро оның қалыптасуы, яғни тарихи тәсілді
қолдана отырып жетілуі тұрғысынан қарайды. Адамның санасы
Құдайдың сыйы емес, ол – материяның дамуы жолдарында туған
құбылыс. Ол өмірдің күрделенуі, қиындауы нәтижесінде пайда бола-
ды.
Ойшыл адамның өзімшілдік табиғатын мойындайды, бірақ ақылдың
көмегімен оның шектелуі мүмкін деп санайды. Адам басқалардың
мүдделерін түсінуге және өз қалау-ниеттері мен мақсаттарын ақылмен
шектеуге қабілетті.
Келісім теориясына сүйене отырып, Д.Дидро сол уақытта
қалыптасқан «король билігі – Құдайдан» дейтін пікірдің негізсіздігін
көрсетеді. Ол король билігін конституция арқылы шектеу, шіркеудің
ықпалынан босаған зайырлы билік тағайындау керектігін айтады.
Үшінші мәселе – бұл ойлаудың сократтық сипаты, ол әсіресе оның
сұхбаттарында, яғни ойшылға сол жылдары қоғамның озық бөлігі кең
талқылап жатқан: табиғат пен тәрбиенің, қажеттілік пен еркіндіктің,
қажеттілік пен кездейсоқтықтың оған ашылатын ішкі қарама-
қайшылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін әңгімелерінде
ерекше байқалады. Сонымен, «Жиен Рамо» және «Жак-фаталист пен
оның қожайыны» атты роман-сұхбаттарында кейіпкерлердің басынан
кешкендері ғана емес, олардың өзара айтыр-тартыстары да автордың
назарында болды. Жактың фаталист және «күлудің де, жылаудың
да керегі жоқ, түсіну керек» деп үйрететін Спинозаның шәкірті
аталуы жайдан-жай емес. «Жиен Рамода» сұхбаттың кейіпкері –
композитордың жиені Ж.Ф.Рамо өзінің мақсаты, ұстанымы жоқтығынан
таймайды, өйткені, оның ойынша, оған тән күнәлар көп ұзамай өмірдің
жалғыз тірегі деп танылатын болғандықтан, оларды «табиғат өзі рет-
теп қойған». Тәрбие ештеңені де өзгерте алмайды, өйткені «табиғатты
есіктен қуып шықсаң – ол терезеден қайтып енеді». Алайда ары қарай
кейіпкердің көзқарастары өзгереді: ол бұрынғы пікірлерінен бас тар-
172
тып, енді адамның табиғатын жақсы жаққа қарай өзгерте алатын
дұрыс тәрбиенің қажет екенін айта бастайды.
Дидро сословиелік теңсіздікке шұғыл қарсы шығады. «Табиғатта
жан-жануарлардың барлық түрлері бір-бірлерін жейді; қоғамда бір-
бірін сословие құртады. Барлықтарының заң алдындағы теңдігін
орнату керек, салтанатты өмір сүруге де, кедейшілікке де жол бер-
мей, меншікті біркелкі бөлу қажет». Дидро бірқатар еңбектерінде
басқарудың республикалық формасына құлық танытқанмен, бірақ,
тұтастай алғанда, ол халық өкілеттігі сақталатын шектеулі монархия-
ны жақтайды.
«Энциклопедияны» шығарудағы Дидроның серіктесі жан лерон
д’аламбер (1717-1783) философ-ағартушы ғана емес, сонымен қатар
белгілі математик, ғылым тарихын зерттеуші де болды. «Энцик-
лопедияға» кіріспе мақалалары ретінде ол «Ғылымдардың шығуы
және дамуы туралы очерк» жазып, келіп түскен мақалаларды Дидро-
мен бірге түзетумен айналысып, аталған еңбектің физика және ма-
тематика бөліктерін жүргізді. Қазіргі заманғы механиканың іргелі
принциптерін дамытуға д’Аламбер айтарлықтай үлес қосты. Оның
еңбектері ұлы математик, механик, физик Леонардо Эйлер (1707-
1783), ағайынды Бернуллилер: ықтималдық теориясының шекті
теоремаларының бірінің авторы Якоб (1654-1705) және XVIII ғасырдың
ірі математигі Иоганн (1667-1748); дифференциалдық теңдеу жөніндегі
жұмыстардың авторы Алекси Клод Клероның (1713-1765) еңбектерімен
бірге математикалық физиканың негізін қалады.
Сұйықтық қозғалысының теориясы, үш дене тапсырмасы, Жер ну-
тациясы (тербелісі), Айдың қозғалысы, желдің қозғалысы теориялары
бойынша, сондай-ақ музыка теориясы бойынша классикалық еңбектер
де д’Аламберге тиесілі.
Ойшылдың
философиялық
көзқарастарын
«Философия
элементтері» деп аталатын жұмысынан байқаймыз. Сапалы біртекті
материямен бірге, ол материалдық емес белсенді түпнегізді, оның
ойынша, адамның рухани қызметінде көрінетін бастапқы негізді мо-
йындайды. Сезіну осы рухани бастауға байланысты. Рухани бастау –
адамның «Мен» деген мәні.
Д’Аламбер заттардың мәніне ой арқылы ену мүмкіндігін жоққа
шығарды және сол терістеуді ол Құдайға да қатысты таратты.
Д’Аламбердің саяси сенімдері бірқалыпты болды.
поль анри гольбах (1723-1789) та философиялық көшбасшы-
энциклопедистердің бірі болды. Оның Париждегі салоны іс жүзінде
173
олардың штабына айналды. Философиялық, әлеуметтік-саяси, ғылыми
жаратылыстанудың терең білгірі болған ол дәйектілікпен, жүйелі
ойлауға бейім еді. Сол себепті ол Ағарту дәуірінің материалистік және
атеистік идеяларын жүйелеуші ретінде көрінді.
Өзінің Табиғат жүйесі» (1770) деп аталатын, замандастары
«Материализмнің Библиясы» деп атаған басты еңбегінде Гольбах Нью-
тон механикасын философиялық ой тезінен өткізуге әрекет жасады.
Әрбір дәйекті материалист сияқты, Гольбах материяны талдауды
бастапқыдан бар, адамның рухани өміріне қатысы жоқ нәрседен бас-
тайды. Материяның классикалық анықтамасын берген де – нақ осы
Гольбах: материя дегеніміз – нақты шынайылықта бар, қандай түрде
болса да, біздің сезімдерімізге әсер ететін, сезінуді тудыратын нәрсе
(материяның осы анықтамасын сансыз көп рет философтар асқан
данышпандық деп айтып келді, бірақ ол... Ленинге телінген-ді). Ары
қарай Гольбах ең бір күрделі құбылыстарға, тіпті Адамның санасына
да түсініктеме беруге әрекеттенді.
Гольбах бойынша, «табиғат – ол барлығының себебі», ол – өз-өзінің
себебі, тұтастай алғанда, ол Гольбах молекулалар (кейде – атомдар)
деп атайтын ұсақ материалдық бөлшектерден тұрады. Табиғат – ол
өз-өзіне себеп болатын, бөлшектерден тұратын, қозғалыспен өзгеретін
материяның нақ өзі.
Материяның жалпы және бастапқы қасиеттері – ол тартылыс,
бөлінушілік, ауырлық, қаттылық, қозғалғыштық, инерция күші.
Материяның өмір сүру тәсілі – механикалық, химиялық, биологиялық
бола алатын қозғалыс. Табиғат бірбүтін, ал осы қасиетімен ол себептер
мен салдарлардың тізбегі ретінде әрекет етеді, сондықтан діни сезімге
бұл жерде орын жоқ. Барлық құбылыстар қажет, бұл – заңдардың
объективтілігінің салдары. Табиғатта кездейсоқтық жоқ. Заттардың
қажетті тәртібіне сәйкес, табиғатта өмір өздігінен туады, ал оның
шығар шыңы – Адам.
Діннің шығуын Гольбах атеистік тұрғыдан қарайды («Қасиетті
жұқпалы ауру», «Әшкере болған христиандық», «Киелілер галерея-
сы»). Ойшылдың пікірінше, дін қорқыныштан, надандықтан және ал-
даудан туған. Құдай жоқ, ол туралы түсініктің өзі бір-бірін терістейтін
белгілердің: метафизикалық (мәңгілік, шексіздік және тағы сол
сияқтылар – ол адамдық қасиеттерді жоққа шығару) және моральдық
(ақыл, ерік және т.с.с.) қосылуы жолымен алынған. Ол табиғатты та-
нып білуге ұмтылудың құдайлар туралы көзқарастардың жойылуына
әкеліп соқтыратынына сенімді болды.
174
Екінші бір танымал философ-материалист және атеист жюльен
Офре ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы дәрігер болғандықтан,
король Фридрих II-нің шақыртуымен ол біраз уақыт сарай емшісі
ретінде қызмет етті. Бірақ философияға әуестігі күштірек еді, әрі оған
дәрігерлік мамандығы да себепші болды. Сондықтан ол «Жанның
табиғи тарихы» деп атаған тырнақалды трактатын адамның жан
дүниесіне арнады. Ары қарай «Анти-Сенека немесе бақыт туралы ой-
толғаулар», «Эпикур жүйесі» және тағы басқа еңбектері жарық көрді.
Алайда оған әлемдік даңк келтірген «Адам – машина» атты трактаты
болды. Ол алғаш рет 1747 жылы құпия түрде НидерландыдағыЛейденде
басылып шықты. Францияда оған дереу тыйым салынды. Шығарманың
атына қарап, автор адам мәселесіне таза механистік тұрғыда қараған
деп жорамалдауға болғанмен, алайда бұл олай емес. Ол адамды ерекше
текті машина деп санады, өйткені адам сезуге, ойлауға, жақсылықты
жамандықтан ажырата білуге қабілетті. Ламетри: «Адамның тәні –
ол өз-өзінен оталатын машина, үздіксіз қозғалыстың тірі бейнесі», –
деп жазды. Адамды сағатпен салыстыра отырып, ол адамның
«сағаттық» механизмі механикалық жолмен емес, тағамнан шығатын
қоректендіргіш нәр қанға түскеннен жүретінін атап көрсетеді. Оны ой-
шыл «хилас» деп атады.
Ламетри үшін, «адам – машина» – бұл жалғыз материалдық тірі
тіршілік иесі, органикалық дүниеде тіршілік етуші болып табыла-
тын «адам – жануар» (осыған орай, Ламетри философтардың ішінен
алғашқы болып адамның жан-жануарлардан шығуы мүмкіндігі тура-
лы ой айтқан).
Егер «Адам – машина» деген трактаттың негізгі қағидаларын
қысқаша баяндауға тырыссақ, онда төрт ережені бөліп көрсетуге бо-
лады:
1. «Ғаламда бір ғана түпнегіз бар және адам – оның ең жетілген
бейнесі».
2. «Жанның барлық қабілеттерінің миға және тұтас денеге
тәуелділігі соншалықты, шын мәнінде, олар осы ұйымның (дененің)
нәтижесі болып табылады».
3. «Жан – қозғаушы бастау немесе... біздің біртұтас машинамыздың
басты элементі деп санауға болатын мидың сезгіш материалдық бөлігі
болып табылады».
4. Жанның барлық құрамдас бөлшектерін соларды құрайтын бір
ғана қиял-елеске жинақтауға болады».
175
Ламетридің пайымдауынша, адам жануардан жаратылғаннан кейін,
табиғатынан опасыз, қауіпті және зұлым болып табылады. Адамдар
зұлым болып туады. Ал ізгілік – ол адамның қоғамда өмір сүруі ба-
рысында алатын тәрбиесінің жемісі. Адамдар, флюгерлер
1
сияқты,
тәрбиенің ықпалымен әр жаққа бұрылады.
«Анти-Сенека» атты еңбегі жанжал тудырғанымен, оны атақты
етті және өзінің мінез-құлқымен де ол сол «атаққа» лайық болды.
Бұл шығармасында Ламетри ләззатшылдыққа табынуды жариялаушы
әдепсіз гедонист ретінде көрінді. Ойшылдың пікірінше, бақытқа жету
үшін, ақылдың да, білімнің де қажеті жоқ, тіпті жанды ойлағаннан
гөрі, тәнді көбірек ойлау керек, тәнге көбірек ләззат беру керек. Тәтті
ләззатты сезіне білетін адамды ол «шошқадай бақытты» деп атады.
Бірақ, әлбетте, Ламетри ғылым философиясы мен тарихына
өзінің әдепсіз гедонизмі арқылы енген жоқ. Оның философиялық
пікірлерінің көпшілігі оның орнықты, өзгеше дара ойшыл екенін
дәлелдейді. Тәжірибеге үлкен мағына бере келе, ол тәжірибеден
алынған мағлұматтар міндетті түрде адамның «ми сүзгісі» арқылы
философиялық қорытындылаудан өткізілуге тиіс деп санайды.
Қоғамдық дамудың негізін соқыр сенімдер мен теріс көзқарастар
құрайды, сол себепті қоғам да жетілмеген деп пайымдай отырып, ол
философияның шындықты дәріптеуге тиіс екеніне сенімді болды.
Философияның ықпалымен заңдардың қалыптасқан жүйесі өзгеруге
тиіс, өйткені философия ғана заңдардың терістігін, әділетсіздігін аша
алады.
Сөйтіп, Ламетри философияның қоғамды шынайы өзгерте алатын,
оның алға жылжуын қамтамасыз ететін құрал екеніне сенді.
5.4. Орыс ағартушылығы
Өзінің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуы жағынан
Ресейдің Еуропадан жүзжылдыққа артта қалуына байланысты,
еуропалық ағарту идеялары да XIX ғасырдың екінші жартысын-
да ғана ресми танылды. Оның классикалық үлгісі XVIII ғасырдағы
Француз ағартушылығы болды. Сол ғасырдың екінші жартысында
Ресейге Вольтердің, Монтескьёнің, Гольбах пен Дидроның, Руссоның
және басқаларының шығармалары ене бастады. Олар орыс ойының
барлық негізгі ағымдарына, тіпті ресми идеологияға (Екатерина II
1
Флюгер – бұл жерде: желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап.
176
тұсындағы «сарай ағартуы» деп аталатын) дейін ықпал етті. Бірақ XIX
ғасырдың ортасына дейін ағарту идеялары дербес бағытта қалыптасып
үлгірмеген-ді.
Алайда ол идеялардың кейбір жекелерін біз енді орыс шіркеуі
қызметшісі, белгілі дінтанушы, жазушы Феофан прокопович (1681-
1736) еңбектерінен табамыз. Ол Петр I-дің серіктесі ғана емес, оның
реформаларының басты идеологы да болды. Келесі ойшылдардың бірі
Я.п.козельский (1728-1794) крепостнойлыққа қарсы шығып, әділетті
қоғамдық құрылыс идеясын дамытқан болса, а.п.куницын (1783-
1840) – заңгер, цензура «христиан шындығына» қайшы келеді деп
алып тастаған, екі бөлімнен тұратын «Табиғи құқық» кітабының авто-
ры болды. Олар сол уақыттың өзінде-ақ дүниетанымның ағартушылық
тұрпатына салыстырмалы түрде жақын келді.
Сол кезеңдегі орыс ғылымының аса жарқын өкілі – жаратылыс-
танудың ұлы зерттеушісі, философ, тарихшы, ақын, Мәскеу уни-
верситетінің негізін қалаушы (1755) м.В.ломоносов (1711-1765) бол-
ды. Білімдердің әртүрлі: химия, физика, геология, астрономия сияқты
салаларындағы бірқатар ұлы жаңалықтар – соның еншісі. Сонымен,
ол заттардың құрылысы туралы молекулярлық түсініктерді дамытты,
материя мен қозғалысты сақтау қағидасын құрды, химиялық агент-
тер қатарынан флогистонды шығарып тастады, түс туралы ілімді
алға шығарды, Шолпан жұздызындағы атмосфераны ашты, Жердің
құрылысын суреттеді, көптеген пайдалы қазбалар мен минералдардың
шығу тегін сипаттап жазды, металлургия бойынша басшылыққа алы-
натын нұсқаулықты және т.б. жарыққа шығарды. Ломоносов Солтүстік
теңіз жолын зерттеудің, Сібірді игерудің маңыздылығын атап көрсетті.
Ломоносовтың еңбектері орыс философиясындағы жаңа бағытты
айқын белгілеп берді. Өзінің дүниетанымы бойынша ол дүниенің жара-
тылуын уақыт қойнауына кейін шегерген деист болды, Жаратушының
табиғатқа қазіргі күйінде қандай да бір әсері болатынын көруден бас
тартты. Бұл зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістер үшін кең
мүмкіндіктер ашты.
Ағартушылық идеялар жазушылар: Г.Р.Державин, И.А.Крылов,
Д.И.Фонвизин шығармаларында көрініс тауып, іске асты. Бірақ орыс
ағартушылығының аса көрнекті өкілдері н.и.новиков (1744-1818),
Достарыңызбен бөлісу: |