ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет42/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

ден (8,8%), темірден (4,6%), кальцийден (3,6%), натрийден (2,6%), ка-

лийден (2,5%) және магнийден (2,1%) тұрады. Алайда жер бетінде кең 

тараған осы химиялық элементтердің өмірде пайдаланылуы деңгейіне 

қарай олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Темірге қарағанда, 

алюминий  қоры  екі  есе  көп,  бірақ  өмірде  пайдаланылуының  деңгейі 

мен кеңдігіне қарай, олар салыстыруға келмейді. Жердің үстіңгі қабаты 

97,6% кремнийден тұрады. Біз одан үй саламыз, әртүрлі ыдыс-аяқтар 

және т.б. жасаймыз. Адамзат өзінің материалдық қажеттіліктері үшін, 

негізінде, әртүрлі металдар мен керамиканы көбірек пайдаланады. Жыл 

сайын  адамзат  600  млн.  тоннаға  жуық  металл  қорытса,  осы  көлемде 

кірпіш пен керамика өндіріледі. Керамикамен салыстырғанда, металл 

өндіру жүз еседен артық қымбат. Сол себепті металдармен бәсекелесе 


378

алатын  өзгеше  берік  керамика  өндіру  өзекті  мәселе  болып  санала-

ды. Бұл жерде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Жапондықтар 

тұтастай  және  толығымен  керамикадан  тұратын  қозғалтқыш  ойлап 

тапты, бірақ оны жаппай шығарудың ауылы әлі алыс.

Мұнай-газ  саласының  өркендеуі  көптеген  жасанды  материал-



дар әзірлеуге және енгізуге жеткізді. Бүгінгі таңда жыл сайын 500-ге 

жуық жаңа жасанды материалдар түзіледі. Адамзат ол материалдардан 

үлкен пайда көріп отыр, дегенмен олардың кейбірінің қоршаған ортаға 

тигізетін экологиялық теріс зардаптарын да сезінетінімізді есептен 

шығарып тастауға болмайды.

Құрылымдық химияның негізгі мәселесі алдын ала белгіленген 

қасиеттері бар материалдарды өндіру болып табылады. Ғажап торлардан 

тұратын кристалдар түзілімі, өзгеше берік, отқа төзімді, су өткізбейтін 

материалдар  өндірісі  –  қазіргі  заманғы  химияның  кейінге  қалдыруға 

болмайтын  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Алайда  бұл  –  өте  қиын  міндет. 

Ол  үшін  кез  келген  сыртқы  әсерден,  оның  ішінде  кристалдар  өндіру 

барысында  орын  алуы  мүмкін  жердің  әлемдік  тартылысынан  азат 

болу керек, сондықтан ғалымдар ол тәжірибелерді ғарыш кемелерінде 

жүргізетін  болды.  Философиялық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда, 

әрбір зат басқалармен есепсіз көп жіппен байланысатындықтан, әбден 

мүлтіксіз жетілген құрылымдар түзуге жету, сірә, мүмкін болмас.

Алдын  ала  белгіленген  кемшіліктері  бар,  электротехника  немесе 

оптика үшін аса қажет материалдар алуға келсек, ондай қиын мәселені 

химиктер шешіп жатыр.

Егер  химиялық  үдерістер  туралы  айтсақ,  онда  химиктердің 

көрнекті  жетістігі  –  термоядролық  үдерістерді  басқару  мүмкіндігі 

болды.  Бүгінгі  таңда  әлемде  бейбіт  мақсатта  энергия  беретін 

жүздеген АЭС бар, ал Франция және Жапония сияқты елдер өздерінің 

энергетикалық  қажеттіліктерінің  қомақты  бөлігін  атомдық  электр 

станциялары есебінен қанағаттандырып отыр.

Құрылымы  күрделі  жүйелерді  субстраттық  түсіну  тұрғысынан 

алғанда,  міндет  –  ары  қарай  даму  үшін,  жүйенің  қандай  химиялық 

элементтер  мен  қосылыстарды  «таңдауы»  болып  табылады.  «Ұлы 

Мәртебелі  Табиғат»  өзінің  дамуы  барысында  миллиардтаған  жыл-

дар  ішінде  соның  аясында  болып  жататын,  санына  есеп  жетпейтін 

химиялық  әрекеттердің  ішінен  ары  қарай  күрделенуге,  дамуға  пай-

далы  болатындарын  ғана  «таңдап»,  басқа  қосылыстарды  «лақтырып» 

отырды.  Әлде  бұл  біздің  таңданысымыз  бен  сүйінішімізді  тудырмай 



379

ма? Осының нәтижесінде Ғаламның биік гүлі – өмірдің пайда болуына 

жол ашылды емес пе!

Ғалымдар атап көрсеткендей, ашылған 110 элементтің көпшілігі тірі 

организмдердің ішіне түскенде, олардың өмір сүруін қамтамасыз етеді. 

Дегенмен тірі организмнің негізін құрайтын алты ғана элементті ажы-

ратып атауға болады. Олар «органондар» деп аталады. Егер сұрақты 

нақтылайтын  болсақ,  онда  оларға:  оттегі,  сутегі,  көмірсулар,  азот, 



фосфор  және  күкірт  жатқызылады.  Олардың  ағзадағы  үлес  салмағы 

97,4%  құрайды.  Натрий,  кальций,  калий,  магний,  алюминий,  темір, 

кремний, хлор, мыс, мырыш, кобальт, никель де тірі ағзада аз мөлшерде 

болады. Олардың жалпы үлесі – 1,6%. Зерттелген 80 миллионға жуық 

химиялық  қосылыстардың  ішінен  органикалық  болып  табылаты-

ны  –  96%.  Қалған  90  элементтің  ішінен  табиғат  бар-жоғы  300  мың 

органикалық емес қосылыс жасап шығарды.

Органондардың  арасынан  жер  бетінде  аса  кең  таралғаны  –  оттегі 

мен  сутегі,  қалған  төрт  негізгі  органон  0,24%-ды  ғана  құрайды. 

Бүкіл  Ғаламда  екі  элемент  –  сутегі  мен  гелий  басымдыққа  ие,  қал-

ған  химиялық  элементтер  солардың  қосылыстарынан  жасалады. 

Миллиондаған  органикалық  қосылыстың  ішінен  өмір  сүруге  қаты-

сатыны  –  бірнеше  жүзі  ғана,  жүздеген  аминқышқылдан  –  20-сы  және 

бар-жоғы  4  нуклеоид  тұқым  қуалаушылық  мағлұматтардың  орасан 

үлкен көлемін сақтайтын және белок түзуге қатысатын ДНК (дезокси-

рибинуклеин  қышқылы)  және  РНК  (рибонуклеин  қышқылы)  молеку-

лаларын құрайды.

Жер  бетіндегі  өмірдің  миллиондаған  әртүрлі  формаларының 

осы  органондардың  азғантай  санынан  тұратыны,  әрине,  бізді 

таңдандырады.  Ғалымдар  көрсеткендей,  Табиғаттың  химиялық 

деңгейдегі өмірдің пайда болуы үшін жасалатын «дайындық жұмысы» 

соңғының шығуына байланысты бір орында тұрып қалды. Бұл жерде: 

«Мавр өз ісін атқарды!» – деген нақыл сөзді айтқан орынды болар. Мы-

салы, гемоглобинді құрайтын аминқышқылдар омыртқалы жануарлар 

мен адамдарда бірдей. Әртүрлі өсімдіктердің ферменттері де бірдей.

Бүгінгі  күні  ғалымдар  жыл  сайын  жүздеген  жаңа,  кейде  Таби-

ғаттың  миллиардтаған  жылдарғы  дамуы  барысында  жинақтаған 

тәжірибесіне қарсы келетін, демек, экологиялық ахуалға қиратушылық 

әсері  зор  жасанды  материалдар  шығарып  жатқан  кезде,  «табиғаттан 



үйрену», табиғи қосылыстармен үйлесе өмір сүретін жасанды матери-

алдар құру аса маңызды болмақ.



380

Құрылысы  күрделі  жүйелердің  жұмыс  істеуі  мәселесіне  келсек, 

онда төмендегі қорытындыларға келуге болады:

1.  Химияның  өркендеуі  катализатор,  яғни  химиялық  реакцияның 



жылдамдығын  өзгертетін  заттектер  жүйелерінің  өздігінен  дамуы 

арқылы жүзеге асырылады. Олай болса, катализаторларды өздігінен 

жетілуге қабілетті заттектерге жатқызуға болады.

2.  Химиялық  реакциялардың  есепсіз  көп  санының  ішінен  та-



рихи  сақталғандары  –  жоғары  белсенділік  танытқандары  болды, 

қалғандары өшті.

3.  Катализатор  жүйелерінің  өздігінен  қалыптасуы,  күрделенуі 



және  дамуы  –  химиялық  реакциядан  алынатын  энергияны  пайдалану 

негізінде іске асады.

Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  химия  ғылымының 



химиялық  деңгейде  өмірдің  пайда  болуының  алдында  материяның 

өздігінен  қалыптасуын  және  күрделенуін  көрсете  отырып,  әлемнің 

бағдарсыз бейнесін түсінуге өз үлесін қосқанын айта аламыз.

Бүгінгі  таңда  адамзат  химия  ғылымына  үлкен  үміт  артады. 

Энергетикалық дағдарысқа байланысты сутегін өнеркәсіптік деңгейде 

өндіру  мақсатында  судың  фотолизін  жүзеге  асыру  міндеті  тұр. 

Сутегі  –  экологиялық  таза  отын,  ал  оның  табиғи  қорлары  іс  жүзінде 

шектеусіз  екенін  айта  аламыз.  Егер  адамзат  бұл  міндетті  іске  асыра 

алса, онда қазіргі заманғы өркениеттің қандай биіктерге көтерілетінін 

елестетудің өзі қиын. Көмірқышқыл газдардан барлық мүмкін болатын 

органикалық материалдарды өндіру – химияның басты міндеттерінің 

бірі  болып  табылады.  Ал,  ақыр  соңында,  химиктердің  маңызды 

мәселесі  қоршаған  ортаны  тазарту  мақсатында  өндіріс  қалдықтарын 

өңдеу болмақ.



4.3. әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін 

қалыптастырудағы биология ғылымының үлесі

 

Алуан  түрлі  гүлдер  құлпыртып  тұрған  Өмірді  Жер  бетінде  орын 



алатын  ғажайып  оқиға  деп  қарау  керек.  Кейбір  ғалымдардың  пікірі 

бойынша,  Күн  жүйесінің  басқа  планеталарында  өмір  жоқ.  Біздің 

көгілдір планетамызда ғана есепсіз көп жағдайлардың ішінен өмірдің 

және оның биік гүлі – адамның пайда болуына келтірген кездейсоқтық 

жеңіске  жеткен.  Кезінде  Л.Фейербах  айтқандай,  адам  арқылы  «Ұлы 

Мәртебелі Табиғат» өз-өзін танып білуге көтерілген.

Әлбетте, «ақылды адам» біздің бұл әлемде жалғыз емес екенімізді, 

Ғаламда басқа да өмір болуы мүмкіндігін түсінеді. Басқа жұлдыздардың 



381

планеталар  жүйесінде  Жерде  бар  жағдайлар  қалыптасса,  онда  неге 

өмір  пайда  болмайды?  Алайда  осы  заманғы  ғылым  оған  байланысты 

жұмған аузын ашпайды, өйткені басқа жұлдыздар жүйелері бізден тым 

алыста (ең жақын жұлдыз 4,5 жарық жылдары қашықтығында жатыр) 

болғандықтан, ондағы өмір туралы қандай да бір мағлұматымыз жоқ.

Өмір  құпияларын  танып  білуге  деген  ынтық  қызығушылық  ерте 

замандарда-ақ  пайда  болған.  Сондай-ақ  оған  терең  қызығу  өмірлік 

қажеттіліктерден  (тамақ  табу,  киім  тігу,  дәрі-дәрмек  жасау,  баспана 

салу  және  т.б.)  туған.  Адамзаттың  жабайылық  пен  мәдениетсіздіктен 

өркениетке  көшуі  өмірге  ғылыми-танымдық  қызығушылықты  оятты. 

Ертедегі ғылымның ұлы өкілі Аристотель «Жануарлар әлемі туралы» 

деген  арнайы  кітап  жазған.  Сол  уақыттан  бастап  екі  мыңжылдықтан 

астам  уақыт  ішінде  адамзат  өмірдің  әртүрлі  формалары  тура-

лы  бақылаулар  мен  фактілердің  орасан  көп  санын  жинақтады,  ол, 

ақырында,  биология  ғылымының  пайда  болуына  жеткізді.  Алайда 

өмірдің мәнін ашу бұл ғылымға оңай соқпады.

Әлбетте,  әрбір  адам  жандыны  жансыздан  ажырата  алады.  Бірақ 

«Өмір  деген  не?»  деп  қойылған  сұрақ  әлі  күнге  дейін  өз  жауабын 

күтіп  келеді.  Кезінде  Ф.Энгельс  өмірге  қоршаған  ортамен  заттектер 

арқылы алмасатын белок денелерінің өмір сүру тәсілі деген анықтама 

берген.  Кеңес  заманында  ғалымдар  бұл  анықтамадан  бір  мысқал 

да  ауытқымаған.  Біз  ағаш  жаққанда  және  ауамен  тыныс  алғанда, 

екі  жағдайда  да  оттегі  өртеліп,  көмірқышқыл  газ  бөлінеді.  Осы 

үдерістердің арасындағы айырмашылық шексіз емес пе?

Қазіргі  заманғы  биология  өмірдің  көптеген  құпияларын  ашты. 

Оларға  талдау  жасау  арқылы  өмірдің  мәніне  жақындауға  болатын 

сияқты. Енді соларды талдап көрейік.

1.  Тірі  организмдердің  құрылымы  төтенше  күрделі  және  әлдебір 

қалыптасқан  тәртіпке  келтірілген.  Мысалы,  жасушаның  өзегінде 

ақпараттың  10/34  дәрежедегі  көлемі  сақталған.  Бейнелеп  айтсақ, 

әрбір  жасуша  өзінше  бір  қуатты  компьютер  болып  табылады.  Егер 

адамның денесі 1 миллиардқа жуық жасушадан тұрса, онда оның бо-

йында 1 млрд. «компьютер» бар деп ойлауға болады. Бұл таңғаларлық 

емес пе?

2.  Тірі  организмдер  қоршаған  ортадан  энергия  сіңіреді  және  оны 



өз-өзін  ұстап  тұруға  және  қалыптастыруға  пайдаланады.  Өмірдің 

кез  келген  формасы  тікелей  немесе  жанама  түрде  Күн  энергиясын 

тұтынады.

382

3.  Тірі  организмдердің  сыртқы  әсерге  сезімталдығы  айқын 



байқаладыЕгер сіз тасты орнынан жылжытсаңыз, ол жаңа орнында 

қалады, ал жыланды басып кетсеңіз, ол сізді шағып алады.

4.    Жанды  организмдер  өзгеріп  қана  қоймайды,  олар  дамуға  да 



қабілетті.

5.  Барлық  тірі  организмдер  артына  ұрпақ  қалдырып,  сол  арқылы 



өмір  сүруін  жалғастырады.  Бұл  –  тірі  тіршілік  иелерінің  ең  бір 

таңданарлық қасиеттерінің бірі.

6.  Жаңа өмір тиісті гендік мағлұмат алады.

7.  Өмірдің  әрбір  формасы  өзі  туған  жердегі  жағдайларға 

бейімделеді. Дене құрылысы (құстың қанаты, жыртқыштың тырнақ-

тары мен азулары және т.б.) өмір жағдайларына сәйкес дамиды.

Осының  барлығы  да  өмір  –  аса  күрделі  ұйымдастырылған, 

қоршаған  ортамен  заттек,  энергия  және  ақпарат  арқылы  белсенді  ал-

масу негізінде өз құрылымын сақтауға және дамытуға, жаңа ұрпаққа 

генетикалық ақпарат беру негізінде өз тегін ұзартуға қабілетті белок-

тар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын жүйе болып табылатынын 

дәлелдейді.

Енді  тірі  тіршілік  иесін  қалыптастырудың  құрылымдық  деңгейін 

қарастырайық.

1.  Биосалалық  деңгей  қоршаған  ортамен  қоса,  барлық  тірі 



тіршілікті қамтиды.

2.  Биоценоздар  жердің  бір  немесе  басқа  таралу  аймағын  мекен-



деген  өмірдің  бір-бірімен  табиғи  байланысқан  формаларын  білдіреді. 

Мысалы,  экваторда  бар  өмір  формалары  Қазақстан  аумағында  өмір 

сүре алмайды.

3.  Популяция  (қауымдасып  өмір  сүру)  –  бір-бірімен  будандасып, 



өмірге ұрпақ әкеле алатын тірі организмдердің түрлері.

4.  Организмдер  –  өмірдің  жеке-дара  оқшауланып  өмір  сүретін 



формалары.

5.  Жасушалар тірі организмдердің дене құрылысын құрайды.

6.  Молекулалық  деңгей  –  жасуша  өзегінде  болатын  құрылымдар; 

генетикалық мағлұматты сақтайтындар, – міне, солар.

Жасуша  өмірдің  негізгі  сапалары  мен  қасиеттерін  сақтайтын 

қарапайым  құрамдас  бөлшек  болып  табылады.  Жасушаны  ашқаны 

үшін, біз XIX ғасырдағы неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейденге 

қарыздармыз.  Олар  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемінің  жасуша-

лардан  тұратынын  және  құрылымдарының  бір-бірлеріне  өте  ұқсас 



383

екенін дәлелдей алды. Бұл жердегі бар тірі тіршіліктің тұтастығының, 

олардың шығуы мен дамуының маңызды дәлелдерінің бірі болды.

Қазіргі  заманның  биология  ғылымында  жасушаны  зерттейтін  ци-

тология  деген  сала  бар.  Жасушаның  қызметіне:  ағза  мен  қоршаған 

орта  арасындағы  заттектер  алмасуын,  генетикалық  мағлұматтардың 

сақталуын  және  ағзаның  тіршілік  қарекетінде  соларды  іске  асыруды 

қамтамасыз ету жатады. Жасуша өмірінің ұзақтығы да әртүрлі. Мыса-

лы, өңеш пен асқазан жасушалары жиі жаңарып отырады, ал ол кезде 

жүйке жасушалары ағза өмірінің соңына дейін сақталуы мүмкін.

Жасушаның құрылысы күрделі. Оның сол арқылы зат алмасуы іске 

асатын болбыр қабығы бар. Заттардың, энергия мен ақпараттың алма-

суы жасушаның метаболизмі деп аталады. Ол кезде жасуша қашанда 

гомеостаз деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды.

Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысы-

нан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі 

орын алды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил-



лион  алуан  түрлі  өсімдік  және  үш  мыңдай  микроорганизм  зерт-

телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы карл линней орасан зор үлес 

қосты.

Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды:



Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен 

қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса, 

солай қалады?

Жер  шарының  әр  түкпірінен  табылған  ертедегі  жануарлардың 

сүйектері  ғалымдарды  жоғарыдағы  сұрақтар  бойынша  ойлануға 

мәжбүр етті. Француз ғалымы ж.ламарк жануарлардың өзгеруін екі 

жағдаймен  түсіндіреді.  Бір  жағынан,  бұл  –  өзгеріп  жатқан  қоршаған 

ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни 

жаңадан  пайда  болған  қасиеттердің  келесі  ұрпаққа  берілуі.  «биоло-

гия» деген терминнің өзін ғылымға осы ғалым енгізген.

Ж.Ламарктың идеяларын қабылдап, ары қарай дамытқан ағылшын 

ғалымы,  сэр  Чарльз  спенсер  Дарвин  болды.  Ол  «Бигль»  деген  ке-

меге  мініп,  жер  шарын  айнала  саяхат  жасап,  планетадағы  әртүрлі 

жан-жануарлар  мен  өсімдіктердің  саны  туралы  орасан  көп  факт 

жинақтаудың негізінде биологияға эволюциялық теория енгізді. Оның 

1859  жылы  жарық  көрген  «түрлердің  пайда  болуы»  деп  аталатын 

кітабы  сол  замандағы  қоғамдық  пікірге  «жарылған  бомбадай»  әсер 

етті, өйткені ол адамның маймылдан шыққанын дәлелдеуге әрекет 


384

етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін 

негізгі постулатын терістеді.

Әлбетте,  өмірдің  әртүрлі,  әлі  де  көп  құпияны  сақтап  отырған 

формаларының  күрделілігі  эволюциялық  теорияға  сенімсіздікпен 

қарайтын  ғалымдардың  болуына  келтіреді.  Кезінде  М.Лютер  атап 

көрсеткендей,  «егер  Құдайды  білгің  келсе,  жай  ғана  бір  биттің 

ішін  ашып  көр».  Алайда  бүгінгі  таңда  жер  бетіндегі  өмірдің  осын-

дай  әртүрлілігін  түсіндіріп  бере  алатын  балама  теория  туған  жоқ. 

Керісінше, биологияда терең тамырланған эволюция идеясы ғылымның 

басқа салаларына да кең тарап жатыр.

Қазіргі  заманғы  физика  әлемнің  «Үлкен  жарылыс»  нәтижесінде 

пайда  болғанына  және  миллиардтаған  жылдар  бойы  қалыптасудың, 

күрделенудің  әртүрлі  сатыларынан  өте  келе,  химиялық  үдерістерді 

және  соларға  байланысты  химиялық  қосылыстарды  туғыза  отырып, 

өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді. 

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салала-

рында  ашылған  жаңалықтарды  қорыта  және  жүйеге  келтіре  отырып, 

өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады.

Эволюциялық  теория  жанды  табиғаттың  әртүрлілігін  екі  фактор-

мен:  өзгергіштікпен  және  жаңадан  ие  болған  қасиеттердің  табиғи 

іріктелуі,  тұқым  қуалаушылығы  арқылы  ғана  түсіндіреді.  Олар 

келесі ережелерден шығады:

а)  жан-жануарлардың  кез  келгендерінің  ішінде  бір  немесе  басқа 

түрі  өзгерістерге  ұшырайды.  Оны  әрбір  елгезек,  зейінді  адам  байқай 

алады;

ә)  кейбір өзгерістердің генетикалық сипаты болады, ал кейбіреулері 



өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады;

б)  ересек  кезде  тудырушылық  жағдайға  жеткендерге  қарағанда, 



дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір 

организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа 

жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа 

бейімделуге  қабілетті  даралар  ғана  өздерін  сақтап  қала  алады. 

Жаңадан  ие  болған  қасиеттерін  ол  тұқымқуалаушылық,  мұрагерлік 

жолмен өз ұрпақтарына қалдырады.

Жануарлар  тобында  бір  түрлердің  ұзақ  уақыт  өмір  сүруінің  (по-

пуляция)  эволюциялық  үдерістері  механизмдері  ерекше  айқын 

көрінеді.  Бір  немесе  басқа  табынның  ішінде  бір  жануарлардың  еркін 

және,  сонымен  қатар  кездейсоқ  будандасатынын  көреміз.  Біздің  ой-

толғаныстарымыз осы жерге келгенде: «генетикалық өзгерістер (му-



385

тация) даму үдерісіне қаншалықты ықпал етеді?» – деген сұрақ туады. 

Әлбетте,  мутация  үдерісі,  яғни  генетикалық  деректің  өзгеруі  бір  не-

месе басқа популяцияның ішінде өмір сүріп жатқан жануарлардың бір 

түрлерінің  басқа  түрлерге  айналуына  жеткізеді.  Демек,  эволюциялық 

үдеріске ықпалын тигізеді, бірақ бұл эволюциялық үдерістің шешуші 

факторы болып табылады деп сендіру асығыстық болар еді. Керісінше, 

кейде  ол  теріс  ықпалын  да  тигізіп  отырған.  Егер  ядролық  қаруды 

сынақтан  өткізетін  аймақта  өмір  сүрген  адамдардың  қайғы-қасіретін 

алып  қарасақ,  онда  радиацияға,  генетикалық  мутацияға  ұшыраған 

бірде-бір  әйелдің  жарық  дүниеге  дені  сау,  құрсақта  дұрыс  жетілген 

нәресте әкелмегенін көреміз.

«популяциялық толқын» (популяцияның құрғақшылықтың, басқа 

да  апаттардың  кесірінен  күрт  азаюы)  туралы  да  жоғарыдағыға  ұқсас 

пікір айтуға болады. Даму үдерісінде олар шешуші рөл атқармағанмен, 

бәрібір оларға белгілі бір әсері болады.



Оқшау  күйге  түскен  популяция  тұқымқуалаушылық  дерекпен 

айырбасқа  түспегенмен,  алайда  өзінің  гендер  қорын  сақтау  арқылы 

ары қарай өмір сүруін жалғастыра алады.

Олай болса, табиғи іріктелу эволюциялық үдерістің басты факто-



ры болып табылады. Соның нәтижесінде популяция өмірде сақталады, 

қоршаған ортаға бейімделеді, жаңа ұрпақтарды дүниеге әкеледі. Бірақ 

бұл бір мезетте іске асатын үдеріс емес. Табиғи іріктелудің нәтижелері 

ұрпақтардың елеулі саны өткенде ғана көрінеді.

Сөйтіп,  эволюция  деп  тарихи  тұрғыда  белгілі  бір  бағытта 

организмдердің  өзгеруін  түсінеміз.  Популяцияның  қоршаған  ортаға 

бейімделу  арқылы  өзгеруі  микроэволюция  деп  аталады.  Бірақ  кез 

келген  эволюция,  қайткенде  де,  өмірдің  басқа  формаларымен  бай-

ланысты  болғандықтан,  оған  өз  ықпалын  тигізбей  қоймайды,  демек, 

макроэволюцияға келтіреді.

Қазіргі  заманғы  биологияның  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  эволю-

циялық  үдерістерді  терең  түсіну  арқылы  оларды  болжай  білу,  керек 

бағытта белсенді ықпал ету. Бұл міндетті шешуге жас, қарқынды да-

мып келе жатқан ғылым – генетика көмектеседі. XX ғасырда биология 

ғылымы дамуында үшінші сатының пайда болуы сол генетикаға бай-

ланысты. Оның негізі себептері төмендегідей:

• Гендерде кез келген организмнің тұқымқуалаушылық дерегі бар.

•  Гендер  барлық  уақытта  қоршаған  ортаның  әсерімен  өзгерісте 

болады.

•  Австрия  ғалымы  Г.Мендельдің  тұқымқуалаушылық  деректің 



берілуі  механизмдері  туралы  жаңалық  ашуы  (соның  көмегімен 

386

өсімдіктер  мен  жануарлардың  адамға  қажетті  бағытта  өзгеруі 

мүмкіндігі туған).

Сонымен,  генетика  тірі  организмдерде  болып  жататын 

тұқымқуалаушылық  және  өзгеру  үдерістерін  мақсатқа  сай  меңгеру 

үшін  зерттейді.  Генетиканың  негізгі  ұғымы  –  ген,  ол  жасушадағы 

молекулалық құрылым болып табылады. Химиялық құрамы жағынан 

ол, негізінен, азот пен фосфордан құралған нуклеиндік қышқылдардан 

тұрады. Ген жасуша өзегінде орналасқан.

Бүгінгі таңда генетика селекционерлермен бірге алынған жаңа ор-

ганизмдерден  пайдалысын  іріктеп  алу,  тұқымқуалаушылық  деректің 

берілу механизмдерін жетілдіру мақсатында тиімді будандастыру жол-

дарын іздестіріп жатыр.

Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін, медицинада генетиканың 

мүмкіндіктері  тұқым  қуалайтын  аурулармен,  қоршаған  ортадағы 

мутагендік  жағдаймен  күрес  жүргізуге  бағытталған.  Соңғы 

онжылдықтар  ішінде  өнеркәсіптің  өркендеуі,  химиялық  жолмен 

түзілген көптеген жасанды материалдар өндірісі және басқадай фактор-

лар қоршаған ортаның адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп 

жатқан  мутагендік  әлеуетін  өршітті.  Мысалы,  жыл  сайын  әлемде 

75  миллионға  жуық  нәресте  дүниеге  келсе,  оның  1,5  миллионының 

гендерінде  ауытқушылық  байқалады.  Бұл  факторлардың  барлығы 

генетиканың алдына үлкен міндеттер қояды. Генетиканың дамуы өмір 

мәнін терең түсінуге, оның жаңа формаларының тууына себеп болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет