ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47

зор  құрмет  көрсету»  идеясын  (А.Швейцер)  ұсынды.  Осындай 

қырынан  алғанда,  адамның  мәнге  ие  күштерін  ашып  көрсетуге  се-

беп болатын «Жақсылық», «Игілік» мәселесі өмір қуанышын сезінуге 

жеткізсе, ал «Жамандық» адамның гүлденуіне, оның таланттары мен 

дарындарының ашылуына кедергі келтіреді, күнәһарлық – ол адамның 

өзі үшін жауапкершілігінің болмауы (Э.Фромм).

Адам  –  өмірдің  ең  жоғарғы  мәні.  Бірақ  өмірдің  өзі  Жердің  үстіңгі 

бетінде  болып  жататын  биологиялық,  психологиялық,  жан-дүниелік 

және рухани үдерістерді қамтиды. Бұл – бірегей ғаламдық оқиға. Сон-

дықтан  «Жақсылық»  –  адамның  ғана  емес,  өмірдің  барлық  форма-

ларының  сақталуы  және  ізгілікке  айналуы  болса,  ал  «Жамандық»  –

өмір формаларын қорлау және құрту (А.Швейцер). 

Мүмкін,  бұл  идеялар  болашақ  моральдың  негізіне  айналар.  Оны 

уақыт көрсетеді.

 

3.2. ғалымның адамгершілік жауапкершілігі жайында

Қазіргі  заман  әдебиетінде  ғылымның  қай  қырларын  моральдық 

тұрғыда таразылауға жатқызуға болатыны туралы бірыңғай пікір жоқ. 

Сондықтан өз пікірімізді білдірейік.

Максима  (лат.  –  негізгі,  биік,  жоғарғы)  –  адам  ұстанатын  басты  адамгершілік  қағида 



сияқты қанатты сөздің бір түрі; әдетте, өсиет түрінде айтылатын нақыл сөз.

352

Ғылымның  моральдық  өлшемін  ашу,  біздің  көзқарасымыз  бойын-

ша,  жалпы,  зерттеу  жұмыстарымен  айналысатын  ғалымдардың  және 

ғылыми  қауымдастықтың  өзара-қарым-қатынастары  мен  қызметінің 

сипатын анықтау арқылы ғана мүмкін болады. Бұл мұнда әлеуметтік 

факторлардың елеулі рөл атқаратынын білдіреді. Әңгіме әлеуметтік-

гуманитарлық пәндер туралы болса, ол факторларды табу аса қиындық 

тудырмайды.  Ғылыми  жаратылыстану  білімдерінің  өкілдеріне  кел-

сек, онда бұл жерде моральдық өлшем табу қиынырақ: осындай зерт-

теу  жұмысы  да  адамдардың  әртүрлі  қатынастарына  толы  болғанмен, 

аталған қызметтің моральдық өлшемі де бар.

Бір жағынан, ғалымдар нысандарды, оларда болып жатқан әртүрлі 

үдерістерді  зерттейді.  Ғылыми  қауымдастық  бір  немесе  басқа 

ғалымның қойылған міндеттерді қаншалықты терең және жан-жақты 

шешкенін бағалайды, ал содан кейін олардың бағасы беріліп, таныла-

ды. Егер қайсыбір ғалым өзінің ғылыми зерттеулерін дербес жүргізген 

жағдайда  да,  оның  бар  қызметінің  басқаларға  бағытталғанын  түсіну 

қиын  емес.  Егер  ол  басқалармен  байланысқа  және  қарым-қатынасқа 

түспей,  тек  ғылымды  сүйіп,  одан  рақат  сезімін  алса,  онда  оның 

зерттеулерінің  нәтижелері  қоғамға  белгісіз  күйінде  қалады,  ал  өзі 

қоғам алдында ғалым ретінде танылмайды.

Әрине,  кезінде:  «Шынайы  ғалымның  қарапайым  болмауы  мүмкін 

емес:  ол  қаншалықты  көп  жұмыс  атқарса,  әлі  де  соншалықты  көп 

жұмыс істелмей қалғанын айқын түсінеді», – деп А.Франс айтқанмен, 

бұндай  жағдайды  тіпті  қиялымызда  елестетуге  болмайды.  Бірақ  бұл 

жерде мәселе біршама бөлектеу.

Төмендегі  ескерілуге  тиіс:  қоғам  өзінің  ғалымдарын  зерттеу 

қызметі  үшін  даярлайды.  Заманында  Дж.Локк  айтқандай,  жаңа  ғана 

дүние  есігін  ашқан  сәбидің  жаны  –  «tabula  raza»,  ол  туғаннан  бұл 

әлемге  ғылыми  қайраткер  болып  келмейді.  Адам,  әлбетте,  маймыл 

емес, әрбір адамға табиғат қандай да бір дарын тарту еткен. Өмірдегі 

бір  нақты  жағдайға  байланысты  біреу  дарынын  үлкен  талантқа  ай-

налдырып  үлгіреді,  бірақ  әлеуметтік  орта  басқа  біреудің  дарынын 

өшіруі  де  мүмкін.  Осыған  байланысты  ұлы  жаратылыс  зерттеушісі 

И.Ньютонның зерттеушінің өткен ұрпақтардың алып ойшылдарының 

мұраларын  игеру  арқылы  солардың  иықтарында  отырғаны  туралы 

ойын еске түсіру артық болмас.

Сонымен,  ғалым  өз  заманының  да,  өмірден  өткен  ұрпақтардың  да 

ғылыммен айналысқан адамдарымен үзілмейтін жіппен байланысқан. 

Сондықтан  да  оның  ғылыми  жетістіктері,  тұтастай  алғанда,  бүкіл 


353

қоғамның  игілігі  болып  табылады.  Ғалымдар,  студенттер  мен  аспи-

ранттар бір-бірлерімен жақын араласып, зерттеушілердің еңбектерімен 

танысады.  Олар  әртүрлі  зерттеулердің  нәтижелерін  сын  тұрғысынан 

қабылдайды,  тиісті  бағаларын  шығарады,  оларды  қабылдайды  не-

месе  терістейді.  Әрбір  ғалым  өз  зерттеулерінің  қорытындыларымен 

көп  адам  танысуы  үшін,  оларды  қызықты  және  тартымды  түрде 

баяндауға тырысады. Айтылғандарды қорыта келе, ғылыми қызметтің 



кез  келген  формасы,  қалай  болғанда  да,  әлеуметтік  қатынастар 

мен  байланыстарды  қамтиды  деп  тұжыруға  болады.  Олай  болса, 

ғылыми  қызметтің  қай-қайсысы  да  моральдық  бағалаудан  және 

қорытындылаудан  сырт  қалмайды.  Біз  тіпті  бұл  өте  қажет  дер  едік, 

өйткені  ғылыми  қауымдастық  мүшелерінің  арасында  сенім  білдіру 

жоғары дәрежеде болмаса, ғылыми жетістікке жету мүмкін емес.

Әлбетте,  бір  немесе  басқа  ғалымның  ғылыми  еңбегі  жарыққа 

шыққан соң, әріптестері онымен танысады, оған тиісті бағасын береді. 

Алайда ол зерттеудің нәтижелерін бүге-шігесіне дейін егжей-тегжейлі 

тексеру мүмкін емес, кері жағдайда ғылымда тоқырау орын алуы ғажап 

емес, өйткені оның өзінің ғылыми идеяларын іске асыру үшін уақыты 

да, күші де жетпес еді. Сондықтан ғалымдар өз әріптестерінің зерттеу 

жұмыстарының нәтижелеріне сеніммен қарауға тиіс. Ал бұл этиканың 

негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Сенімнің сондай деңгейіне 

жету  үшін,  ғалым  өз  әріптестерінің,  өзі  айналысып  жүрген  ғылыми 

мамандықтың  алдында,  сондай-ақ  бүкіл  қоғамның  алдында  да  өз 

жауапкершілігін сезінуі керек. Бұл ғалымның кәсіби жауапкершілігі, 

яғни ғылымның ішкі этикасын құрайтын жауапкершілік деп аталады.

Сонымен қатар ғылымның сыртқы этикасы да бар. Ол ғылым мен 

қоғамның  өзара  қатынастарын  қамтиды.  Ғалымның,  тұтас  ғылыми 

қауымдастықтың  қоғам  алдындағы  әлеуметтік  жауапкершілігі  бұл 

этиканың  өзегін  құрайды.  Ішкі  және  сыртқы  этиканың  арасында  өте 

алмастай шек жоқ, олар өзара бір-бірімен табиғи байланысқан. Ғалым 

елсіз  аралда  өмір  сүрмейді,  ғылыми  қызметтерінен  өзге,  ол  басқа  да 

істермен  айналысады,  яғни  әртүрлі  әлеуметтік:  әкенің,  кәсіподақ 

мүшесінің, филателистің, жүзушінің т.б. рөлдерін атқарады.

Жоғарыда  айтылғандай,  алынған  зерттеулердің  нәтижелерін 

ғалым  міндетті  түрде  мақала,  брошюра  немесе  монография  түрінде 

баспасөзде  жариялауға  тиіс.  Сол  кезде  ол  өзінің  заңды  авторлық 



мәртебесін алады. Кез келген жарияланған ғылыми жұмыста алдыңғы 

авторларға, олардың жеткен жетістіктеріне, зерттеудің пайдаланылған 

әдістеріне, әртүрлі қорытындыларға сілтеме жасалуға тиіс. Бұл – оның 

әріптестері алдындағы моральдық борышы.



354

Сонымен  бірге  өзінің  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерін 

жариялаған  автор  ғылыми  қауымдастықтың  көзқарасын  күтеді, 

еңбегінің  танылатынына  үміт  артады.  Ғылыми  қауымдастық  оның 

еңбегінің нәтижелерін оң бағалаған жағдайда, ол қанағаттану сезіміне 

бөленіп,  енді  жаңа  шығармашылық  ізденістерге  шабыттана  кіріседі. 

Ал  егер  оның  еңбегіне  теріс  баға  берілген  жағдайдың  өзінде  де  ол 

берілген бағамен келісуге, өз зерттеулерінің нәтижелерін қайта-қайта 

қарап,  өзінің  дұрыстығына  сенімді  болса,  оны  жаңа  жарияланым-

дарында  ғылыми  қауымдастыққа  тағы  бір  рет  дәлелдеуге  тырысуға 

тиіс.  Сөйтіп,  сын  ғылымның  негізгі  құндылықтарының  біріне  ай-

налады.  бұрмалаушылық  (жалғандыққа  тексеру)  шарасын  ғылыми 

жетістіктердің  шынайылығының  белгісі  ғана  емес,  оларды  ары  қарай 

жетілдірудің  де  белгісі  деп  санайтын  К.Поппердің  пікірімен  келісуге 

болады.

Конференцияға немесе ғылыми семинарға ұсынылған монография, 



мақала немесе баяндама болсын, басылымға берілмес бұрын, ғылыми 

сараптамадан  өтеді.  Өкінішке  қарай,  басылымға  берілген  бір  неме-

се  басқа  мақаланың  жоғары  деңгейіне  қарамастан,  рецензенті  басқа 

«ғылыми мектептің» өкілі болып шықса, автор кейде теріс пікірге тап 

болатын жағдайлар кездеседі. Тағы бір шектен асқандық – рецензияның 



формальды  іске  айналып,  оны  зерттелетін  мәселеден  хабары  жоқ 

ғалымның жазуы («буровщина»).

Бұл  жерде  енді  ондай  ғалымның  жоғары  дәрежесі,  атағы  болса 

да,  оның  моральдық-адамгершілік  бейнесі  туралы  мәселе  көтеріледі. 

Әсіресе  кәсіби  біліктіліктің  болмауы  көбінесе  әртүрлі  ғылыми 

зерттеулердің әділ, нақты бағаланбауына әкеліп соқтырады. Бұл ғана 

емес,  қоғамдық  құбылысқа  кәсіби  біліктіліксіз  берілген  баға  елеулі 

саяси қателіктерге ұрындырады, қудалауға түскендердің жанын жара-

лап, қоғамға жалған мағлұматтар берілуіне себеп болады.

Нағыз...  ғалымға,  –  деп  жазды  микробиолог  және  эпидемолог 

Н.Ф.Гамалея, – ашкөздік мен жауыздық іс-әрекет жат. Оған шындықты 

іздеу,  отанға,  халыққа  қызмет  ету  –  бәрінен  қымбат.  Біздің  болмы-

сымызда  барлық  жеке  пайда,  ұлылық  артқа  ысырылады.  Біз  үшін 

жұмысымыздағы  бастысы  материалдық  игілік  емес,  –  ғылыми 

жаңалықтың халыққа, отанға әкелуі мүмкін пайдасы» ( Симфония ра-

зума. – М., 1976. – 320-бет).

Әлемде  жоғары  білімнің  жылдам  дамуы  –  көптеген  ғалымдардың 

Жоғары  мектептің  ұстаздары,  жастардың  тәлімгерлері  болуына 

келтірді.  Оның  үстіне,  талантты  жастарды  даярлау  –  ғылым  үшін 


355

маңызды  мемлекеттік  іс  болып  табылады.  Олай  болса,  студенттерге, 

магистранттарға,  аспиранттарға  білімдердің  белгілі  бір  ауқымын  бе-

румен іс бітпейді. Ақпараттың электрондық құралдарының қарқынды 

дамуы жағдайында ішкі түйсігі алғыр адам ол білімдерді өз бетінше, 

дербес  ала  алады.  Ұстаз-тәлімгердің  негізгі  ісі  –  жастарды  қажетті 

ақпаратты  өз  бетінше  алуға  баулу;  сөйлесу,  тәрбие,  жастармен  жеке 

жұмыс  жүргізу  арқылы  оларға  ғылым  рухын,  онда  қалыптасқан 



дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды беру болып табылады.

Жоғары оқу орындарында оқитын жастардың моральдық бейнесін 

қалыптастыруда: өзінің өмірлік құндылықтары, ғылымда алатын орны 

бар,  өмір  салты  арқылы  адамдар  оған  ұқсауға  ұмтылып,  айналасы-



на  жиылатын  жарқын  Тұлғаның  үлгісіне  айналған  тәлімгер-ұстаз 

шешуші рөл атқарады.

Бұл  жерде  «ақыл  үйрету»,  жалаң  постулаттарға  сілтеме  жасаудың 

әдетте нәтижеге жеткізбейтінін, тіпті әуелі білім алушылардың сана-

сына теріс әсер ететінін айтқан дұрыс.

Адамгершілікке  тәрбиелеудің  келесі  бір  тиімді  жолы  –  ол  ғылым 

тарихында із салған атақты ғылым қайраткерлерінің (Аристотель, Әл-

Фараби, Н.Коперник, Дж.Бруно, А.Сахаров, Қ.Сәтбаев және басқалары) 

өмірі  мен  қызметі.  Олардың  өмірбаянын,  шығармашылығын  оқып 

білу  жастарды  бейжай  қалдыра  алмайды.  Олар  –  жас  ғалымдардың 

нағыз  Ұстаздары.  Әлемдегі  бірде-бір  жетілген  компьютер  Ұстаз-

тәлімгердің рөлін алмастыра алмайды, өйткені моральдық тәрбие – ол 

жүректен-жүрекке өтетін үдеріс, ал жансыз машина адамға тек қажетті 

мағлұматты береді немесе оны өңдейді.

Қазіргі  заман  ғылымының  тамырлары  Қайта  өрлеу  дәуіріне 

кететіні  жұртқа  мәлім.  Ғылымда  «Коперник  төңкерісі»  деген  атқа  ие 

болған жаңалық сол заманның ғылыми бейнесін 180 градусқа бұрды. 

Жүзжылдықтар  бойы  адамдардың  санасында  терең  орнығып  қалған 

әлемнің  геоцентристік  бейнесі  күл-талқан  болып,  ал  гелиоцентристік 

бейнесі «жарылған бомбадай» әсер етті. Егер Орта ғасырларда ғылым 

деп  алдымен  алхимия,  магия,  оккультизм  және  басқалары  түсінілсе, 

солармен  айналысқан  адамдардың  іс-әрекеттері  қоғамдық  санаға  ене 

алмаса,  енді  жағдай  түбегейлі  өзгерді:  ғылым  қоғамдық  сананың 

маңызды  бөлшегіне  айналды.  Әлбетте,  бұл  жол  «раушан  гүлдерімен 

безендірілмеді», керісінше, ауыр зардаптарды бастан кеше отырып қана 

ғалымдар  өздерінің  ашқан  ғылыми  жаңалықтарының  нәтижелерінің 

танылуына  қол  жеткізді.  Г.Галилей  озбыр  қуғын-сүргінге  ұшырады, 

Дж.Бруно  отқа  өртелді,  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясы 



356

миллиондаған діндарлар тарапынан қатаң сынға ұшырады, К.Маркс өз 

елінен қуылды және тағы басқа мысалдарды келтіруге болады.

Тек  XVIII  ғасырда  ғана  Ағартушылар  ғылым  деңгейін  сол 

заманның  бұрын-соңды  болмаған  биігіне  көтеріп,  Құдайға  деген 

соқыр  сенім  мен  надандық  қана  қоғамдағы  барлық  жамандықтың 

себебі екеніне сендірді. Олай болса, халықты ағарту, оның білімінің 

деңгейін  көтеру  арқылы  ғана  әділетті,  ақыл-парасатқа  негізделген 

қоғам құруға болады.

XIX ғасырда Ұлы Француз революциясының зардаптарынан естері 

ауа шошыған еуропалықтар Ағартудың маңызын басқаша бағалай баста-

ды. Алайда тарихтың беталысын, адамдардың ғылымның өркендеуіне 

деген  үміттерін  тоқтату  мүмкін  емес  еді.  Содан  кейін  ғылымның 

серпінді  дамуы  адамдардың  жандарына  алқызыл-романтикалық 

қиялдар  ұрығын  сеуіп,  XX  ғасырдың  екінші  жартысында  әртүрлі 

«сциентистік»  және  «технократтық»  тұжырымдамаларға  келтірді. 

Алайда  XX  ғасырдың  соңғы  ширегінде  ғылымның  игілік  қана  емес, 

оның  табиғатта  және  қоғамда  теріс  зардаптарға  да  соқтыруы  мүмкін 

екені  түсінікті  болды.  XXI  ғасырдың  адамына  ғылымның  бір  өзінің 

адамзаттың барлық қиындықтары мен мәселелерін шеше алмайтыны, 

дүниетанымның толыққанды негізі бола алмайтыны айдай айқын. Ол 

үшін  қоғамдағы  барлық  мәдениет  формалары  мен  институттарының 

әлеуметтің адамгершілікті санасын қалыптастыруға қатысуы керек.

Күннен-күнге күрделеніп келе жатқан бүгінгі қоғамда ғалымдардың 



сарапшы  немесе  кеңесші  ретіндегі  маңызы  артып  келеді.  Бұл  мем-

лекет  деңгейінде  қабылданатын:  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық, 

халықшаруашылықтық  тағдыршешті  шешімдермен  тығыз  байланыс-

ты.  Өкінішке  қарай,  көптеген  жылдар  бойы  әртүрлі  деңгейдегі  тех-

нократизм  вирусына  шалдыққан  мемлекеттік  шенеуніктер  маңызды 

шешімдерді  қоғамда  болып  жатқан  күрделі,  кейде  қарама-қайшы 

үдерістерді  өздері  қалай  түсініп,  қабылдайтындықтарына  сүйене 

отырып  қабылдаған.  Кейінгі  жылдары  ғана  істің  беті  түзеліп  келеді. 

Ақырында,  шенеуніктер  заңдардың  және  қабылданатын  бір  немесе 

басқа  мемлекеттік  шешімдердің  сапасына  сол  саламен  айналысатын 



кәсіби  мамандардың,  сол  саланы  зерттеуші  ғалымдардың  жоғарғы 

деңгейдегі  билеушілермен  біріге  отырып  жұмсаған  күш-жігерлері 

арқылы ғана қол жеткізуге болатынын түсіне бастағандай.

Ғылым  жетістіктерін  жұртшылық  арасында  насихаттау  да 

ғалымдардың  бірінші  кезектегі  міндеті  болып  табылады  неме-

се,  Д.И.Писаревтің  сөзімен  айтқанда,  «ғылымды  көпшілікке  тара-



357

ту  –  аса  маңызды  әлемдік  міндет».  Әлбетте,  бұл  –  адамнан  арнайы 

дайындықты және ерекше дарынды талап ететін үлкен іс. Қарапайым 

адамдар  ғалымдардан  өзгеше  бір  ғажап  жаңалықты  күтеді.  Егер 

ғылыми мағлұмат жай адамдардың түсініп қабылдауына қиын болса, 

олар оған қызығушылығын жоғалтады, дәл солай, егер мәселені тым 

қарабайырландырып  жіберсек,  сондай  нәтиже  аламыз.  Сондықтан 

бұндай жағдайда «біреуден ілгері, біреуден кейін» болу маңыздырақ.

Мәселенің  тағы  бұқаралық  ақпарат  құралына  байланысты  екінші 

жағы  бар.  Мәселе  мынада:  журналистер  ғалымдардан  құлақ  түргізіп, 

елең  еткізетін  жаңалық  күтеді,  егер  ғалымдар  арасында  дау-дамай 

туса  немесе  ұрыс-керіс  шықса,  тіпті  жақсы.  Көпшілік  жағдайларда 

олар күтпеген жаңалық әсерін алу үшін, ғалымдардан бір немесе басқа 

ғылыми  ақпаратты  қарапайым  тілмен  түсіндіріп  беруді  талап  етеді. 

Дәл осы жерде әртүрлі моральдық-этикалық қарама-қайшылықтар ту-

ады.  Мысалы,  бір  немесе  басқа  ғалым  қол  жеткізген  ғылыми  нәтиже 

сараптамадан  өтуге  тиіс,  содан  кейін  ғана  жариялауға  жатады.  Бірақ 

кейбір  журналистер  күтпеген  жаңалықты  іздеп,  әлі  сараптамадан  не-

месе алынған нәтижелердің сынағынан өтпеген материалдарды жария-

лап жібереді.

Нәтижесінде, газеттер мен журналдардың беттерінен, радио мен те-

левидение бойынша қатерлі ісіктерді емдеп жазатын «ғажап дәрілер», 

жұздыздар  жүйесінің  басқа  бөліктерінен  ұшып  келген  «тәрелкелер», 

«жаңаландырылған»  азық-түліктер  туралы  және  көптеген  басқа 

жаңалықтарды  оқимыз  және  естиміз.  Журналистердің  бұндай 

әрекеттері  адамдарды  ағартудың  орнына,  негізсіз  үміттенуге  немесе 

үрейленуге әкеліп соқтырады.

Алдында  айтып  өткеніміздей,  бүгінгі  күні  қоғамдық  санада 

ғалымдардың  беделі  аса  жоғары  емес.  Олай  болса,  ғалымдар  ғылым 

жетістіктерін жұртшылық арасында кең насихаттауға және сол арқылы 

қоғамдағы  өзінің  мәртебесінің  өзгеруіне  және  көтерілуіне  жетуге 

тырысуға  тиіс.  Алайда  бұл  іс  әртүрлі  тосын  жаңалықтарды  жария-

лауды емес, тер төге еңбектенуді қажет етеді.


358

4-тарау. әлемнің ғылыми беЙнесі ФилОсОФиЯсы

4.1. әлемнің табиғи бейнесі: 

оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

Енді әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуын оның ары қарай да-

муы бойынша қарастырамыз, ал ол үшін алдында айтқандарымызға 

тағы  бір  рет  қайта  ораламыз.  Бірақ  алдымен  жалпы  көзқарастарды 

қарап  алайық.  Біз  әлемде  санына  есеп  жетпейтін  заттар  бар  екенін 

жақсы  білеміз.  Олар  өз-өздерімен,  біздің  оларды  түйсінетін-

түйсінбейтінімізге  байланыссыз  өмір  сүре  береді.  Екінші  жағынан, 

біз  әлемде:  адам  рухының,  санасының,  жарық  және  бұлыңғыр 

сезімдерінің,  оның  Ғалам  және  өзі  және  тағы  басқалар  туралы  ой-

толғаныстары,  яғни  біз  адамның  ішкі  әлемі,  жан  дүниесі  дейтіннің 

болатынын көрсетеміз. Өзінің санасының көмегімен адам Табиғаттың 

құпияларын танып білуге, заттардың мәніне енуге қабілетті.

Философия  мен  ғылым  тарихында  осының  барлығы  дуализмнің, 



екі шындық туралы ілімнің пайда болуына келтірді. Қазіргі заманғы 

ғылым әлемнің осы екі шындығын біріктіретін бастапқы құрылымын 

іздеуге  жеткізе  отырып,  материя  мен  рухты  бір-біріне  қарсы  қоюдан 

бас тартты.

Бүгінгі  күні  біз  нақты  өмірде  үш:  жұлдыздар  мен  галактика 

әлемінің (мегаәлем), ортасында біз өмір сүріп жатқан заттар әлемінің 



(макроәлем)  және  адам  көзіне  көрінбейтін  қарапайым  бөлшектердің, 

біз микроәлем деп атайтын әлемдер қабаттарының бар екенін жақсы 

білеміз. Нақтылықтың осы қабаттарын және олардың өзара байланыс-

тарын зерттей отырып, ғылым әлемнің ғылыми бейнесін жасайды.

Қарапайым  адамдардың  әлемді  түсінуі  алуан  түрлі  мифтік-діни, 

философиялық  көзқарастардан  өрілген,  онда  күнделікті  үйреншікті 

сана үлкен рөл атқарады. Әлемнің ғылыми бейнесіне келсек, ол ғылыми 

әдістемеге  негізделген  және  әлемнің  жалпыға  бірдей  байланыстары 

мен  қатынастарын  айқындау  арқылы  қалыптасады.  Соның  көмегімен 

адам әлемді тануда өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады, сонымен 

қатар өзін қоршаған дүниені өзгертіп, түрлендіретін әртүрлі техноло-

гияларды жасайды.

Қазіргі  заман  ғылымы  қанша  дамыған  болса  да,  бүгінгі  таңда 

адамдардың  талап-тілектерін  толық  қанағаттандыра  алатын  әлемнің 



тұтас  жүйелі,  жан-жақты  үлгісі  жоқ.  Ғылымның  әрбір  саласы 

әлемді өзінің қалай түсінетініне қарай өз қорытындыларын жасауға, сол 



359

түсінігін  негіздеуге  тырысады.  Бірақ  егер  ғылымның  әр  саласының 



әлемнің  бір  бөлшегін  ғана  зерттейтінін  еске  түсірсек,  онда  барлық 

ғылымдар  жетістіктерінің  нәтижелерін  біріктіріп  және  қорытып  қана 

әлемнің бізді қанағаттандыратын ғылыми бейнесін құра аламыз.

Әрине,  философияда  болмыстың  жалпы  іргелі  құрылымдарын 

зерттейтін онтология бөлімі бар. Философия тарихында ойшылдар он-

тологияны қарай отырып, сан рет схоластикалық, өнімсіз теориялауға 

тап  болды.  Сондықтан  бізге  әлемнің  қанағаттанарлықтай  бейнесін 

беру  үшін,  онтологияның  жеке  ғылымдардың  жаңа  жетістіктерімен 

«ұрықтануға» тиіс екені түсінікті.

Ғылым  алдына  кезінде  Аристотель,  Әл-Кинди  және  басқа  ойшыл-

дар  бас  қатырған:  «бұл  не?»,  «Қалай?»,  «неге?»,  «не  үшін?»  деген 

бірнеше  маңызды  сұрақ  қояды.  Ғасырлар  мен  мыңжылдықтар  бойы 

ғылым  үшін  көп  жағдайларда  дін  қамтыған  соңғы  сұрақ  тым  ауыр 

болды.  Бүгінгі  таңдағы  ғылым  өз-өзін  ұйымдастыратын  жүйелер 



(синергетика) теориясын құра отырып, осы қасиетті сұраққа да жауап 

беруге тырысады. 

Егер  әлемнің  ғылыми  бейнесін  тудыруға  көмектесетін  ғылыми 

әдістемені  анықтасақ,  онда  олар  бірнешеу:  біріншіден,  ол  –  әлемнің 

барлық  құбылыстарын  табиғи  үдерістер  деп  қарастыратын,  негізі 

бойынша  әлдебір  рухани  шығармашылықтың  болатынын  мойын-

дамайтын  натурализм.  Екіншіден,  әлемнің  ғылыми  бейнесі  жара-

тылыстану  ғылымдарының  жетістіктеріне  сүйенеді.  Үшіншіден, 

фаллибилизм  (анықтамасы  кітаптың  соңындағы  түсіндірмелерде 

берілген.  –  Аудармашы)  ұстанымына  сүйенеді,  өйткені  соңғы  саты-

да ешкімде де шындық жоқ, сол себепті қашанда жалған қорытынды 

жасау  мүмкіндігі  сақталады,  ал  егер  солай  болса,  онда  ұсынылған 

тұжырымдамаларды,  теорияларды  және  басқаларын  жалғандыққа 

тексеру  керек.  Төртіншіден,  бұрмалау  ұстанымына  сүйену,  яғни 

тәжірибелік-сараптамалық  жолмен  бір  немесе  басқа  теорияны 

шындыққа тексеру. Бесіншіден, ол – ғылымда құрылған теорияларға 

талдау жасаудың тарихи тәсілі, өйткені әр дәуір бір немесе басқа діни, 

философиялық, танымдық ұстанымдардың әсерін сезіне келе, әлемнің 

ғылыми бейнесін өзінше жасайды. Мысалы, И.Ньютон жасаған әлемнің 

механистік  бейнесі  ерте  замандарда  немесе  Орта  ғасырларда  пайда 

бола  алмас  еді.  Әр  дәуір  ғылымның  алдына  өз  міндеттерін,  ғылым 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет