11 - кесте - Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешінің шығармашылығын
дамытуға қойылатын талаптар
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің
шығармашылығын дамытуда жетекші
Тәрбиеші ретінде
Ғалым ретінде
152
- өз пәнін жеттік білуі;
- сабақты өткізуде инновациялық
технологияларды
пайдалану
әдістемесін меңгеруі;
-
педагогикалық
міндеттерді
шешудегі кәсіптік шығармашылық
іскерлігі;
- шығармашылық шеберлік;
- іргелі және кіріктірілген білімдердің
жоғары деңгейі;
-ұйымдастырушылық шеберлігі;
-
балалармен
қарым-қатынас
мәдениеті;
- талап қоя білу қабілеті.
-
ғылымның зерттеу әдістерін
меңгеруі;
-
балалардың оқу-зерттеу іс-
әрекеттерін қалыптастырудың
әдістемесін игеруі;
-
кең дүниетанымдық көзқарас;
-
кәсіптік-педагогикалық қасиетке
жаңаша көзқарас;
-
балалардың
оқу-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастырудағы
шығармашылығы;
-
балалармен ізгі ниетпен қарым-
қатынас жасау;
-
ғылыми ізденіске құлшыныстың
болуы.
Кестеде
көрсетілген
мектепке
дейiнгi
ұйымдарда
инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамытуда
жетекші тұлғаның кәсіби-педагогикалық және ғылыми ізденушілік қабілеттері
бірігіп, тәрбиешіге осы іс-әрекеттің түрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші ретінде ол оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,
балаларға қарапайым-зерттеу іс-әрекеті туралы мағлұмат бере алады. Ал ғалым
ретінде зерттеу жұмыстарын жүргізудің жолдары, зерттеу әдістері орынды
пайдалана білу сияқты оқу-зерттеу іс-әрекетін тиісті бағытта қалыптастыруға
қажетті білімдерді меңгеруі маңызды.
Сонымен қатар тәрбиеші тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз,
оған қоса, оларда төмендегідей тұлғалық қабілеттері болуы шарт: балаларға
деген шексіз сүйіспеншілік, қарым-қатынас жасай алу, ізгілік, талап қоя
білушілік, кеңпейілділік, әділеттілік, рухани байлық, адалдық, оқушымен тең
дәржеде қарым-қатынас орната алушылық т.б.
Осыған байланысты А.И. Савенков педагогтың іс-әрекеті оң нәтиже беруі
үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:
осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
балалардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
бағалауға асықпаңыз;
олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар
үшін жасамаңыз т.б.
Ал отандық ғалымдар: Ү.Б.Жексенбаева және Б.Қ.Игенбаевалар бастауыш
сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-әрекеттеріне жетекшілік жасау үшін
төмендегі ережені сақтауы тиіс дейді:
оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйрету;
нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
талқылау кезінде баға беруге асықпау.
153
Жоғарыда айтылған ойлардан біз төмендегідей қорытынды жасадық:
тәрбиеші
балалардың
білім
мазмұнын
мңгертуде
инновациялық
технологияларды пайдалану барысында бұл үдерістің оқыту мен тәрбиелеу
үдерісінің айырмашылығын түсініп, қарым-қатынас жасауда «субъкт-объект»
бағытында емес, «субъект-субъект» бағытын ұстануы маңызды. Яғни, баланы
«әріптесі» ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар беруден алшақ
бола отырып, олардың өз ойын, пікірін, жасқанбай, қысылмай айтуын қадағалау,
қарым-қатынаста демократиялық стилді басшылыққа алу. Тәрбиешінің осындай
әрекеті балалардың бойында өздеріне деген сенімділік, өздерін-өздері бағалай
біліушілік, ойларын еркін жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар іс-
әрекетке қызығушылықтарын арттырады. Балалармен жүргізілетін кез-келген
жұмыстың табысты болуының 80% қарым-қатынас стиліне тәуелді екендігін
осы уақытқа дейін көптеген педагог-зерттеушілер дәлелдеп келгені белгілі.
Жалпы, педагогикалық шығармашылық нақты нұсқаулар мен ережелерге
бағынбайды. Өйткені әр тәрбиешінің шығармашылығы әр қырынан, әр бағытта
көрінуі мүмкін. Алайда мектепке дейінгі жастағы балалардың іс-әрекетін
қалыптастыру олардың шығармашылығын қалыптастыру түсінігімен бара бар
болғандықтан, шығармашылық қабілетті тұлға тек шығармашылықпен жұмыс
жасай алатын ұстаз еңбегінің нәтижесінде қалыптасады. Осыған байланысты
В.И.Загвязинский: «шығармашылықтың үш дәрежесі бар дейді. Олар: жаңалақ
ашу, жаңа зат ойлап табу (изобртение), бар нәрсені дамыту». Ал мектепке
дейінгі жаста балалардың өз бойларындағы бар білімді дамытып, көптеген
ізденістің нәтижесінде жеңіске жетеді, өздеріне әлемнің тылсым сырларын
жаңалық ретінде ашып, таниды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы шығармашылықты дамытуда төмендегідей мәселелерді ескеру қажет:
шығармашылық жұмыс жасау дегеніміз міндетті түрде жаңа нәрсе ойлап
табу емес екендігін түсіну;
бар білімді, білікті тиімді жолдар арқылы дамыту. Соған байланысты
педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып, озығын таңдай алу;
осы мақсаттарды жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу жүргізу;
оқыту мен тәрбиелеудің оқушының жан-жақты дамуына бағытталып,
адамгершілік құндылықтардың қалыптасуын назардан тыс қалдырмау;
оқытудың мақсаттарын түгел шешуге бағытталған іс-әрекет, яғни бір
уақытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қамту.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы шығармашылықты дамытуда оқытудың білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық мақсаттарын қатар жүзеге асыруды көздейді.
Кестеде
тәрбиешінің
мектепке
дейінгі
ұйымдарда
инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда алға қоятын
мақсаттары мен соған сәйкес міндеттер және соңғы нәтиже көрсетілген.
12- кесте Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы
шығармашылықты дамытуда тәрбиеші жұмысының нәтижелері
154
Балалардың
іс-әрекетін
ұйымдастырудың
мақсаттары
Тәрбиешінің
орындайтын
міндеттері
Күтілетін нәтиже
(балалардың бойында
қалыптасатын
дағдылары)
Шығармашылық
белсенділікті
қалыптастыру
балаларды
белсенді
таным
іс
әрекетіне
араластыру.
Зерттеу мақсатты мен
міндеттері анықтай алу
дағдылары.
Өз бетімен әрекет етуін
қалыптастыру
Жаңа
технология
арқылы ақпарат жинауға
үйрету.
Түрлі
ақпарат
көздерімен
жұмыс
жасай
алу.
Алған
ақпараттарды жүйелеу,
жалпылау дағдылары.
Зерттеудің
әдістері,
жолдары, формаларын
оқыту.
Танымдық түрткілерін
қалыптастыру.
Дәлелді
қорытынды
жасау
мақсаттарды
міндеттерге
сәйкестендіру
балалардың дербес іс-
әрекеті арқылы өзін-өзі
қалыптастыру
Адамдар алдында еркін
сөйлей алу, ойын толық
жеткізе алу дағдыларын
дамыту.
Мәселені
өздігінен
талдау
қабілеттерін
дамыту.
Іс-әрекетке жасалған талдау бойынша кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі
болатындығы белгілі болды. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда тәрбиешінің
күтетін нәтижесі кестеде көрсетілген. Бұл мақсаттарға сәйкес тәрбиешінің
жұмысынан күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдарын үш кезеңге бөліп
отырмыз:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды оқып үйрену
кезеңі - бұл кезеңде тәрбиешілер ақпарат көздерімен жұмыс істеп, ғылыми-
педагогикалық, әдістемелік әдебиетерге талдау жасауға үйренеді. Эксперимент
жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеу
жүргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәрбиелеу мен
білім беру мазмұнына қатысты пайдалануда кейбір тәжірибелер жинақтау
кезеңі – эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті тәжірибе
қалыптастыру. Ол үшін тәрбиеші арнайы эксперимент жоспарын құрып,
бақылау, қалыптастыру және қорытынды эксперимент жүргізеді.
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда
өзіндік зерттеу жүргізу кезеңі – мұнда балалармен зерттеу жұмысын жүргізу,
пікірін дәлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол
үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, әдіс тәсілдердің тимдісін
таңдай білуге дағдылану.
Аталған мақсаттар мен міндеттер өзіміз көріп отырғандай балалардан үлкен
жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшынысты талап етеді.
Алайда, қазіргі уақытқа дейін балалар әрдайым тәрбиешінің жетегімен оқу-
155
білімді игеріп келді. Сонымен қатар олар оқу-зерттеу жұмысының не екендігі,
ол қалай жүзеге асатындығына арнайы назар аудармады десек қателеспейміз.
Осыған байланысты оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру көп уақыт пен
қажырлы еңбекті, әрине үлкен шығармашылықты талап етеді.
Сонымен қатар көптеген педагог-зерттеушілер шығармашылық тек біржақты
болған жағдайда тиісті нәтиже бере бермейді деп ескертеді. Егер тәрбиеші өз
шығармашылық іс-әрекетімен балалардың да шығармашылық белсенділіктерін
арттыруды көздемесе, бұл шығармашылық әрекет жүзеге асты деп айту қиын.
Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің біріккен шығармашылық әрекеті әсіресе
тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жүзеге асыруда өте маңызды. Өйткені
мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдаланудың өзі
бастан аяқ шығармашылық әрекетті талап етеді. Бұл тәрбиеші тарапынан
мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
барысында қарым-қатынас жасудың тиімді жолдарын таңдау, зерттеу
жүргізудің теориялық құрылымымен таныстырудағы тиімді әдістерді
пайдалану, балаларды белсенді іс-әрекет етуге үйрету барысында көрініс
табады.
Тәрбиешінің
шығармашылық
әрекеті
аталмыш
іс-әрекетті
ұйымдастыру барысында тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің мақсаттары мен
міндеттерін толық қамтып, оны жүзге асыруда маңызды рөл атқарады.
Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен шығармашылық әрекеті екі жақ
тарапынан бір мақсатақа бағытталған. Мысалы, балалардың дербес іс-әрекеті
барысында олар өз қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатын көздесе,
тәрбиеші балалардың ізденушілік белсенділіктерін арттырып, олардың
қызығушылықтарына жауап беріп, білімін арттыру және шығармашылықпен
жұмыс істеуге дағдыландыру сияқты мақсаттарды жүзеге асыру үшін қызмет
етеді. Осындай екі жақты шығармашылық әрекет үлкен нәтиже береді.
Тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс істей отырып, балаларды да қатып
қалған
қағидалардан
алшақтатып,
еркіндік
беру
арқылы,
оларың
шығармашылық қабілеттерінің көрініс табуына жол ашады. Яғни, педагогтің
шығармашылық әрекеті баланың шығармашылық қабілеттерін оятады, осындай
екі жақты іс-әрекет арқылы нәтижеге қол жеткізіледі. Егер де біз тәрбиеші
тәрбиелеу мен білім беру үдерісін және дербес іс-әрекетті тиісті
шығармашылықпен ұйымдаcтыра алады деп қарастыратын болсақ, онда
бірлескен
шығармашылықты
былай
көрсетуе
болады:
тәрбиешінің
шығармашылық әрекеті
балалардың шығармашылығына жол ашады -
нәтижесінде: балалар тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын толық игереді және
дербес іс-әрекетпен айналысу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар,
тәрбиешіде мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды
пайдалануда білімнің мынандай сапалық көрсеткіштері болуы керек.
Білімнің толықтылығы – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық
технологияларды пайдалануға қатысты барлық ұғымдар мен түсініктерді
меңгеру, теориялық және әдістемелік жағынан дайындығы.
Білімінің
тереңдігі
–
мектепке
дейінгі ұйымдарда
инновациялық
технологияларды тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде пайдалану
156
ерекшеліктеріне мән беріп, олардың өзара байланысын ажырату, ең
маңыздысын таңдай білу.
Бірізділік – білім мазмұнын ретімен, мазмұнды біртіндеп күрделендіре отырып
оны баланың саналы түрде қабалдауына жағдай жасау, бар білімнің жаңа білім
тудыратындығына негіз болатындығын түсіну, оны пайдалана білу.
Жүйелік – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды
пайдалануда алға қойған мақсаттардың ең негізгісін, одан туындайтын
мақсатты, қосымша мақсаттарды анықтай білуі керек. Зерттеудің әдістерін
қолдану, зерттеуді жоспарлауда жүйелі түрде жұмыс жасау.
Нақтылық – бар білімдердің ішінен нақтысын ажыратып, қорытындылай алу.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптарын нақтылау, мақсаттар мен міндеттер де
осы нақтылықты талап етеді.
Ауқымдылық – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды
пайдалану кезеңдерін ашып көрсете отырып, олардың тізбегін құрастыра білу,
жалпы ойды нақтылай алуы.
Жинақылық – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды
пайдалануда білімді жинақы етіп ұсыну білігі, ойды шашыратпай нәтижесінде
тиісті білімдер ді жеткізе алу.
Тәрбиеші білімінің көрсеткіштерін біз мектепке дейінгі ұйымдарда
инновациялық технологияларды пайдалануда қажетті басты көрсеткіш деп
таныдық. Зерттеушілердің құнды пікірлерін қортындылай келе, мектепке
дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану оң нәтиже беруі
үшін оны дұрыс ұйымдастыру маңызды деп таныдық. Мектепке дейінгі
ұйымдарда
аталмыш
іс-әрекетті
ұйымдастыру
барысында
тәрбиеші
төмендегідей қағидаларды ескергені жөн:
Біріншіден, жүргізілетін жұмысты жоспарлау, мақсаттар мен міндеттерді
анықтау. Жоспар жасауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, білімін
арттырудан басқа да табандылық, ізденуге құмарлық, жауапкершілік
талаптылық
сияқты
қасиеттерді
қалыптастыру,
қарапйым
тәжірибе
жұмыстарымен айналысу назардан тыс қалмау керек. Балалардың жеке
қызығушылықтарына байланысты жүргізілетін жұмыс олардың тарапынан аса
жоғары белсенділікпен орындалады. Белсенді іс-әрекеттің нәтижесі міндетті
түрде болады. Тәрбиешінің балалардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыра алуы
оның шығармашылығының бір көрінісі болып табылады.
Екіншіден, тәрбиелеу мен білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыра алуы оның
бірізділігін сақтау. Яғни, балалармен білім беру жұмыстарын жүргізуде оның
тиімді жолдарын, қолданылатын әдістерін, формаларын нақтылап алу қажет.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды
пайдалану барысында осы жастаға балалардың қабылдау, есте сақтау
ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін жүргізуді оларға қызықты әрі,
жеңіл етіп көрсету абзал.
Үшіншіден, балалармен қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолын таңдау.
Баланың еркін ойлап, өз бетімен шешім қабылдап, әрекет етуіне толық
мүмкіндік беретін, оларды жасқанудан, қателесуден қорқудан сақтайтын
қарым-қатынас орнату. Балалар үнемі тәрбиешіден қолдау таба отырып, өз
157
пікірін, ойын ашық ортаға салуы керек. Мұнда, бұйрық беру, арнайы
тапсырмалардың орнына кеңес, бағыт беру басым болуы маңызды. Сондай
жағдайда баланың бойында өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне деген сенім туындап,
іс-әрекетте батыл, әрі сенімді болады.
Аталған қағидаларды жүзеге асыра отырып тәрбиеші мектепке дейінгі
ұйымдарда инновациялық технологияларды жас еркешеліктеріне сай
пайдалануға үлкен шығармашылық таныта отырып табысқа жетері сөзсіз.
Бұл зерттеу мәселесіне сәйкес шешім табудың жолдарын iздестiруде жоғары
мектепте мамандар даярлауда бiрқатар мiндеттердi алға тартады, яғни тәрбиешi
мен бастауыш сынып мұғалiмдерi балабақша мен бастауыш мектепте бiлiм беру
мазмұны сабақтастығын нақтылай отырып, кәсiби сауатты жүргiзе бiлуге дайын
болуы қажет. Жоғары мектеп бiтiрушi болашақ педагог, тәрбиешi сабақтастық
мәселесiн терең түсiнiп әр жас кезеңi ерекшелiгiне сәйкес бiлiм мазмұнын, әдiс-
тәсiлдерiн ұтымды пайдалануға дағдылануы керек. Бiлiм беру мазмұнының
сабақтастығының сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр сатыдағы әртүрлi пәндер
мұғалiмдерiмен өзара тығыз байланыс орнықтыру қажет. Кез-келген сатыда
педагог оқулықтар мен бағдарламалар мазмұнымен келiсетiн-келiспейтiнiн
нақтылап, кемшiлiктердi жою жолдарын бiрлесе қарап, баланы мектепке
дайындауда бiрiншi сыныпқа өтуде кедергiлер, қайталаулар болмауын қадағалап
отыруы керек. Бiлiм мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда төмендегiдей
мәселелердi жүзеге асыру көзделедi:
•
мектепалды даялық бiлiм беру мазмұны мен бастауыш бiлiм беру мазмұнына
ғылыми-педагогикалық, әдiстемелiк талдау жасау;
•
әрбiр сатыда әр пәнге сәйкес бiлiм беру мазмұнын нақтылау;
•
пән аралық мазмұн сабақтастығының сақталуы ғана емес пән iшiлiк мазмұн
сабақтастығының сақталуын қадағалау;
•
әрбiр сатыдағы бiлiм беру мазмұнын жеткiзудiң тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн
белгiлеу;
•
бiлiм мазмұнын игерудiң заңдылықтарының сақталуына және логикалық
үйлесiмдiлiгiне баса назар аудару;
•
мамандардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiн арттыру, үнемi өздiгiнен бiлiм жетiлдiрiп
отыруға дағдыландыру;
•
әрбiр бiлiм беру сатысында баланың жас ерекшелiгi мен психологиялық даму
деңгейiн ескерiп отыру;
•
дамытушылық және бiлiм беру орталықтарының педагогикалық талаптарға
сай жабдықтау;
•
әлеуметтiк және денсаулық сақтау сипатындағы мүмкiндiктердi толық шешу;
•
қоғамдық пайдалы iс-әрекеттердi дұрыс ұйымдастыру;
•
оқшылардың оқу үлгерiмiн жетiлдiру, ынта-ықыласын арттырып отыру;
- инновациялық педагогикалық технологияларды оқып үйрену және оны
тәжiрибеде пайдалана бiлу;
Сонымен, екi сатыдағы негiзгi мақсат, мiндеттер нақтыланып, бiлiм мазмұнын
айқындайтын принциптер анықталып, баланың мектепалды даярлығы мен
бiрiншi сыныптың оқу жылы аяғындағы оқу мазмұнына сипаттама жасау арқылы
балабақша мен бастауыш сыныптағы бiлiм мазмұнының сабақтастығын
158
қалыптастыруға қол жеткiзуге болады деп ойлаймыз. Осы орайда бiлiм
мазмұнын
оқушыларға
жеткiзуде
инновациялық
педагогикалық
технологияларды тиiмдi пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдарда
мұғалiмдердiң инновациялық педагогикалық технологияларды бiртiндеп
қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бiрақта олар инновациялық әдiс-тәсiлдердiң
жалпы әдiс-тәсiлдерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиiмдi жолдары
қандай деген мәселелердi анық-айқын бiле алмайды. Сондықтан оның
анықтамаларына жүгінетін болсақ: инновация (латын сөзi jn-в, novjs-жаңа) жаңа,
жаңалық, жаңарту дегендi бiлдiредi екен. С.И.Ожегов сөздiгi бойынша:
инновация бiрiншi рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгiзiлген
жаңалық-деп берiлген. Ал, Ресей ғалымдары Днепрова, Зогвязинский,
Лазереваның еңбектерiнде ,,инновация,,-ұғымы бiлiм беру жүйесiнде
жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату iс-әрекетi деп
сипаттайды. М.М.Поташник, А.С.Лоренсов ,,жаңалық,, еңбегiнде ,,Инновация
дегенiмiз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгiзу дегенiмiз –
инновация
үрдiсiн
мазмұнды
дамытуды,
жаңаны
ұйымдастыруды,
қалыптастыруды анықтайды, ал, ,,жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгiзудiң
әдiс-тәсiлi мен технологиясын қамтитын құбылысты түсiнемiз,, делiнген.
Энциклопедиялық сөздiктерде ,,инновация,, әр түрлi анықталады. үлкен
энциклопедиялық сөздiкте бұл ұғым ,,жаңаша бiлiм беру,, деп түсiндiрiледi.
Қазақстанда ,,инновация,, ұғымын пайдалануды қазақ тiлiнде анықтаған ғалым
профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: ,,инновация, инновациялық үрдiс деп
отырғанымыз бiлiм беру мекемелерiнiң жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бiр бөлек қызметi,,- деген анықтаманы ұсынады.
Инновация мәселелерiмен айналысып жүрген бiрқатар ғалымдардың еңбектерiн,
жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгiлi уақыт
арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегендi бiлдiредi. Сол ертерек
кездiң өзiнде белгiлi қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса,
мұның өзi инновациялы деп аталған. Осыларды негiзге ала отырып
инновацияны ,,жаңалық, ,,жаңа әдiс, ,,өзгерiс, ,,әдiстеме, ,,жаңашылдық,, ал,
инновациялық үрдiстi ,,жаңа әдiстеме енгiзу құралы,, - деп білеміз.
Инновация - бiлiм деңгейiнің көтерiлуiне жағдай туғызады. Кейiнгi кезеңде
ғалымдар өз зерттеулерiнде оқу тәрбие iсiне жаңалықтарды енгiзiп, тарату
мәселесiн қарастырады. Авторлардың көбi педагогикалық инновацияның негiзгi
мiндетi енгiзiлiп отырған жаңалықтарды топтау, жiктеу деп санайды. Ол үшiн ең
бастысы - балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары мектеп жұмыстарын
дамытуды, бiлiм мазмұны сабақтастығын үнемi назарда ұстанып отыру қажет
болады. Сондай-ақ, бiлiм мазмұнына байланысты енгiзiлiп отырған жаңа
әдiстеменiң ерекше жағын көре бiлу, түсiне бiлу және оның басқа
әдiстемелермен қандай байланысты екенiн бiлу керек. Бұл бағытта бiлiм берудiң
әр түрлi нұсқадғы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжiрибеге негiзделген
жаңа идеялары, жаңа технологиялары бар. Оқытудың инновациялық
педагогикалық технологияларын бiлiм беру мазмұны сабақтастығының
сақталуына, балалардың жас және психологиялық ерекшелiктерiне байланысты
159
таңдап, тәжiрибеде сынап қараудың маңыздылығын атап айтқан жөн. қазiргi
бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейiнше
сауатты жан-жақты маман болу мүмкiн емес. Педагогикалық инновацияны
меңгеру тәрбиешінің кәсiби деңгейiнiң көтерiлуiне, интеллектуалдық,
адамгершiлiк, рухани, азаматтық және адами келбетiнiң қалыптасуына игi әсерiн
тигiзiп, өзiн–өзi дамытып, оқу–тәрбие үрдiсiн тиiмдi ұйымдастыруына
көмектеседі.Аталған мәселені шешу мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық
білім беруді басқаруда қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны
басқару жүйесі де өзгеріп отыратынына сәйкес маман қызметінің мазмұны
жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер
қажеттілігінен туындап отыр. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп
қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осыған
байланысты мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының педагог мамандары кәсіби
шеберлігін шыңдап, осы заманға лайықты жаңа көзқарастармен ой–пікірлердің
жаңашылдығын назардан тыс қалдырмауы шарт. Мұның өзі мектепке дейінгі
ұйымдардың педагогикалық үдерісінде жалпы және кәсіби мәдениетті ұдайы
көтеріп отыратындай бағыт-бағдар болуын, білім мазмұнын қайта пайымдауды,
қарапайым білім мазмұнын берудің тұжырымдамалық негіздеріне талдау
жасауды, жаңа интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана білуге дағдылануды және
мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беруді басқара білуін талап
етіп отыр.
Бүгінгі таңда қоғам сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру
жүйесін жаңаша бағытта уақыт талаптарына сай құру көкейкесті мәселелердің
бірі. Осыған орай, мектепке дейінгі білім беруді ииновациялық тұрғыдан қарау,
озық іс–тәжірибелер мен идеяларды насихаттау қажеттілігі туындар отыр.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар
маңызды мәселелерді ескеру шарт. Олар:
–
инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу;
–
инновациялық іс–әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау;
–
инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтап,
жағдай жасау;
–
инновциялық іс–әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби
сауаттылық тұрғысынан дайындап алу;
Инновациялық іс–әрекеттің бағытын таңдау. Инновациялық іс–әрекеттің
мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының приоритетті бағыттағы
бағдарламаларының
(республикалық,
аймақтық,
өлкелік
немесе
муниципиальдық) және мектепке дейінгі педагогика мен психология,
әлеуметтану, медицина саласындағы ғылыми–зерттеу жұмыстарының
нәтижелері негізінде анақталады. Бұл бағыттар зерттеу жұмыстарын жобалау
және оқып үйренетін пәндердің біртұтастығы мен бірлігіне байланысты
жіктеледі.
Инновациялық іс–әрекеттің бағыты: – балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуына
жағдай жасау, өмірін қорғау.
160
Балалардың дамуы – балардың денсаулығын қорғауға, нығайтуға арналған
технология. Балалардың экологиялық – валеологиялық дамуы. Баланы алуан
түрлі іс–әрекет барысында дамыту. Әр түлі іс – әрекет барысында балалардың
шығармашылық қабілеттерін, әлеуетін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар мен
бастауыш сыныптардың сабақтастығын қамтамасыз ету. Баланың жеке тұлға
ретінде қалыптасуына байланысты жалпыадамзаттық құндылықтар мен
ізгілендіру бағыттарын басшылыққа алу. Денсаулық сақтау, мәдениет және
білім беру, әлеуметтік ортаның өзара тығыз байланыстылығын қалыптастыру.
Педагогтар мен мамандардың кәсіби дамуы – мектепке дейінгі жастағы
балалардың біртұтас дамуын кіріктірілген педагогикалық үдеріс ретінде
қарастыру. Балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және түзету
жұмыстарының технологиясы. Отбасымен және серіктестермен жұмыс.
Балабақша мен бастауыш сыныптардың сабақтастығының сақталуы. Отбасы
мен балабақшаның әлеуметтік дамуы.
Мектепке дейінгі ұйымдарды басқаруды жетілдіру–білім беру ұйымдарының
жаңа моделін құру. Білім мазмұнының сабақтастығын сақтау, жаңарту
бағытындағы жаңа педагогикалық технологиялар мен балама (альтернативті),
вариативті бағдарламалар дайындау. Дамытушы ортаны жобалау. Жаңа
ақпараттық технологияларды білім беруде және мектепке дейінгі ұйымдарды
басқаруда пайдалана білуге мамандарды үйрету көзделеді.
Инновациялық іс–әрекет бағдарламаларын жасау. Мұндай іс –әрекеттер
негізінен эксперименттік тәжірибе арқылы жүргізіледі. Эксперименттік
тәжірибе – бұл ғылыми–педагогикалық қызметке бағытталған. Оның мазмұны
педагогикалық құбылысты зерттеу, табиғи немесе жасанды жағдайларда
педагогикалық проблеманы шешудің жаңаша жолдарын іздестіру, оған бақылау
мен басшылық жасау. Тәжірибелік–эксперимент (ТЭ) жұмысы – ол білім беру
ұйымдарындағы ғылыми–тәжірибелік ерекше қызметтің түрі болып табылады,
оның негізінде педагогикалық жүйенің дамуына үлес қосылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәжірибелік эксперимент алаңы ретінде жүзеге
асырылады. Оның педагогикалық шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде
білім берудің жаңа тенденциялары пайда болады.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылық іс–әрекеттердің инновациялық
қызметке қатынасын төмендегідей үш түрде ұсынады:
–
модификациялық–бұл белгілі бір бағдарламаларды (әдіс–тәсілдерді)
жетілдіру, тиімділігін айқындау, өзгерту, өңдеу, толықтыру бағытында
жүргізіледі. Мұнда педагогикалық тәжірибеде қолданылған іс–әрекеттің
жетістіктері тиімділік тұрғысынан қарастырылады. Мысалы: Монтессори
жүйесі немесе Вольдорф педагогкасы.
–
комбинаторлық – бұл белгілі бағдарламалар мен әдістемелердің
элементтерін біріктіре пайдалану болып табылады.
–
радикальды шығармашылық іс–әрекет– бұл білім беру жүйесінде ұқсастығы
жоқ, педагогикалық теория мен тәжірибеде бұрын соңды қолданылмаған жаңа,
тың идеяларды енгізу болып табылады.
161
Тәжірибелік–эксперимент
жұмыстары
бірнеше
кезеңнен
тұрады:
диагностикалық, прогностикалық, ұйымдастыру және тәжірибелік: талдау,
айқындау, тәжірибеге ендіру.
Диагностикалық кезеңде – білім беру ұйымдарындағы бүгінгі күнгі жай –
күйіне мониторинг арқылы талдау жүргізіліп, қарама–қайшылықтары
анықталады. Зерттеу проблемасын айқындап, тақырып таңдалады. Аталған
кезеңде зерттеу жүргізуге жағдай жасаудың жолдары қарастырылады:
мамандармен қамтамасыз ету, материалдық–техникалық база жасау, тарихи
деректерді қарау көзделеді.
Прогностикалық кезеңде – инновациялық іс–әрекеттің тұжырымдамасын және
бағдарлама – жоспары жасалады. Тұжырымдаманы ғылыми жұмыстың
жетекшісі (кеңесшісі) білім беру ұйымының ұжымымен бірлесе отырып
дайындайды. Тұжырымдама – зерттеу жұмысының теориялық ережелерінің
жүйесі. Бұл кезеңде эксперименттің мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні,
болжамы анықталады. Тұжырымдаманы дайындаудағы ең маңызды мәселе,
инновациялық іс–әректтің тиімділігін және нәтижеге жетудігі бақылау мен
басшылықты бағалау көрсеткіштерін анықтау қажет.
Ұйымдастыру кезеңінде– мектепке дейінгі білім ұйымының инновациялық
эксперимент аланы мәртебесін алу бағытындағы жұмыстар қарастырылады.
Тәжірибелік кезеңде – инновациялық іс–әрекеттің тәжірибе ұйымдарында,
әдістемелік бірлестіктерде, педагогикалық кеңестерде, ғылыми кеңестерба
талданып, түзетулер мен өңдеулер жасалуы, бақылау топтарымен зерттеу
нәтижелерін салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Талдау, айқындау кезеңінде – алынған материалдар жүйеленіп, талданып,
сандық, сапалық нәтижелерінің көрсеткіштері анықталады. Зерттеудәі мақсат,
міндеттерінің, болжамының дұрыстығы тексеріледі.
Тәжірибеге ендіру – бұл кезеңде инновациялық технология сол ұжымның
(қаланың, ауданның, республиканың т.б) тәжірибесіне ендіріледі.Ол ғылыми
тәжірибелік конференцияға баяндама түрінде, педагогикалық басылымдардағы
мақалалар түрінде немесе оқу әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар арқылы
таратылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару сапасын арттыруға арналған
бағдарламаны оқып–үйрену жолдары:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқару сапасын анықтау
мониторингін ұйымның меңгерушісі мен әдіскері жүргізеді.
Мониторинг жүргізу үшін төмендегідей әдіс–тәсілдер кешені пайдаланылады:
1.Құжаттарды талдау жасау:
– балабақшаның өз қызметінде басшылыққа алатын нормативтік–құқықтық
құжаттары;
– МДҰ (мектепке дейінгі ұйымдар) даму бағдарламасы, жылдық, айлық
жоспарлары;
– әлеуметтік серіктестіктегі ұйымдармен бірлескен жұмыстардың жоспарлары;
(мектеп, поликлиника, мәдени ұйымдар т.б);
– ақпараттық мәліметтер базасы;
– тәрбиелеу мен білім беру жоспарлары;
162
– тұжырымдамалар мен әдістемелік еңбектер;
– мамандардың біліктілігін арттыру жоспарлары;
– бағдарламалармен қамтамасыз етілуі;
– басқаруды ұйымдастыру құрылымы;
– бақылау мен басшылық нәтижелерінің анықтамасы;
– МДҰ–ның дамуын қамтамасыз ететін мақсатты жобалар мен инновациялық
бағыттар;
– айлық және жылдық есептер;
– мамандарды аттестациядан өткізу жоспарлары;
– балаларды тамақтандырудың жағдай туралы талдау;
– балалардың ауруы оның жетістіктер мен кемшіліктері жайында талдау;
– МДҰ–ның меңгерушісінің өкімі, бұйрықтары;
– қаржы–экономикалық қызметке талдау;
– тексерулер нәтижесіндегі анықтамалар, актылар;
2. Сұрақ–сауалдар.
– тәрбиешілер мен әдіскердің кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігінің сапасын
анықтау барысындағы сұрақтар; (пікіртерім)
– білім беру ұйымы қызметкерлерінің (тәрбиеші, ата–ана, мамандар)
қанағаттану деңгейі;
3. Білім беру үдерісінің ғылыми–әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне
байланысты контент–талдау материалдары.
4. Әр түрлі мәселелерді шешу бағытында тәрбиешілерден, ата–аналардан және
басқа да мамандардан сұхбат алу, сауалнама жүргізу.
5. Тәрбиелеу мен білім беру үдерісіне, әдістемелік және психологиялық–
педагогикалық қызметтерге, шаруашылық жұмыстары мен оқу–тәрбие
жұмыстарының диагностикасына бақылау жасалады. Бұл жұмыстарды
балабақша әкімшілігі жүйелі, бірізділікпен жүргізгенде өз нәтижесін бермек.
Тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі
бағыттары: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту – қазақстандық
білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі болып табылады. Білім беру
реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады.
Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең
алдымен, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім
қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен
қарайтын жоғары құзыретті адамдарды қалыптастыруды көздейді. Алайда білім
берудің сапасы мен тиімділігін арттыру міндеттері мен осы міндеттерді жүзеге
асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктері арасындағы
қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айтуға болады.
Осы өзекті мәселені шешудегі негізгі рөл елдімізде: білім беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесі; кәсіби білім
беру жүйесі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес біліктілікті арттыру
жүйесін жаңғыртуда төмендегі мәселелер басшылыққа алынды:
163
-
әрбиеші, педагогтар мен басшылардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауды жаңа білім мазмұны мен оқыту әдістемесінің, технологиясындағы
өзгерістерді ескере отырып, жүзеге асыру;
-
инновациялық технологияны, ізденгіштікті, зерттеушілікті, шығармашылық
іс-әрекетті, ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын игерген,
көптіліді меңгерген, кәсіби құзіретті маман даярлау;
-
педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру, барлық деңгейлер
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, оны тереңдету және кәсіби
бағдарын күшейту;
-
педагог-мамандарды білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы өнімді
кәсіби әрекетке дайындау.
Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының енгізілуі.
Білім беру стандартының өзгертіліп, жаңартылып отыруы барлық
деңгейлердегі жаңа білім мазмұнынан бастап, бағалау жүйесіне дейін
әзірленуіне байланысты. Білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі –
білім беру процесін құзыретті тәсілге бағдарлау. Білім мазмұны мен оны жүзеге
асыру жолдарындағы жоғары сипатқа ие, өзгерістердің жалпы бағыты мен оны
іске асыру жолдарын қамтамасыз ететін маңызды міндеттер:
-
педагогтарды білім берудің жаңа технологияларын меңгеруден, кәсіби
рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор)
сәйкесінше игеруден тұратын құзыретті тәсілдері аясындағы жұмыстарға
даярлау,
-
педагогтарды денсаулық сақтау технологиясымен қамтамасыз ету;
-
білім беру процесін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыру;
Баланың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалауға дайындық
педагогтың негізгі құзыреттіліктерінің деңгейімен тікелей байланысты.
Педагогтарды жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес даярлау
жалпы алғанда педагогтың:
- жаңа білім беру стандарының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
- білім беру процесін бағдарламалық және әдістемелік өзгертуге;
- педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
- білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік
беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлығының
қалыптасуын көрсетеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру процесінің ресурсына
айналуы тәрбиеші педагогтың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін
пайдалануы және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-
коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау
қабілетіне тікелей байланысты. Сондықтан педагогты даярлау мынадай
міндеттерден тұрады:
- АКТ озық қолданыс деңгейінде игеру;
164
- ақпараттық ортада тәрбиешінің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері мен
дидактикалық тәсілдерін игеру;
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде: Жоғары және орта
кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңарту бағыттарының
ортасынан ең алдымен, педагогикалық кадрлық ресурстарға қойылатын
талаптарды бөліп алуға болады:
- құзыреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзыреттіліктерді
қалыптастыруды көздейді;
- тар мамандандырудан түлектің кәсіби белсенділігінің базасын құратын кең
профильді даялыққа өту;
- кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту;
Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін,
педагогикалық процеске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын
игерген, жан-жақты даярлығы жеткілікті маман даярлаудағы қажеттілік
туындайды.
Кәсіби құзіреттердің білім беруді ақпараттандыруға байланысты
талаптарға сәйкестігі - педагогикалық оқу орындарының түлектері соңғы
уақыттарда бастапқы қолдану дағдыларын игергенін көрсетіп жүр. Біліктілікті
арттыру жүйесі мен түрлі серіктестіктер жобалары жалпы алғанда жұмыс
істеушілердің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін
орындап келеді. Сонымен қатар тәрбиеші педагогтар ақпараттық ортадағы
өзіндік жұмысты ұйымдастыруға дайын емес. Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны қолдануға оқыту теориясы мен практикасы педагогикалық білім
берудің базалық білім мазмұнына енгізілмеген.
Кәсіби педагогикалық білім беру мамандар даярлауға қойылатын талаптар:
Жалпы даярлығы: Тәрбиеші: -негізінде философиялық және мәдени
тұжырымдар жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын білуі тиіс;
- жалпы психология негіздерін, педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын білуі
тиіс; мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс;
- шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай білуі тиіс;
- табиғаттың, қоғамның, адам өміріндегі өзгерістерді тұжырымдай отырып,
техникалық дамудың қарқындылығын сезінуі тиіс;
- ақпараттық-коммуникативтік технологияны еркін игеруі тиіс;
- оқытудың техникалық құралдарын меңгере білуі тіис.
Кәсіби даярлығы: - жас және жеке ерекшелік психологиясын;
- педагогика тарихын;
- педагогиканы;
- түзету педагогикасының негіздерін;
- тәрбие теориясын;
- қазақстанның қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді;
- педагогикалық технология мен әдістеменің мәнін ажырата білуі тиіс;
- саралап оқытуды, жобалар әдістерін, денсаулық сақтай оқыту технологиясын;
- тұлғалық-бағдарлы оқыту, құзыретті бағдарлы оқыту, академиялық,
прагматикалық, құрылымдық тәсілдерін білуі тиіс;
- оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың құқықтық нормаларға қатынасын;
165
- ақпаратты сақтау, талдау, жеткізу негіздерін білуі тиіс. қосымша білім беру
бағыты бойынша білім беру саласының мазмұнын білуі тиіс;
- қосымша білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін жекеленген әдіс-
тәсілдерді білуі тиіс;
- бағдарламаға, оқу-әдістемелік кешенге талдау жасай білуі; сондай-ақ
дидактикалық материалдарға, электронды тасымалдау тәсілдеріне талдау жасай
білуі тиіс;
- педагогикалық зерттеу жүргізе білуі тиіс;
- тренинг ұйымдастыруға және өткізуге икемді болуға тиіс;
- элективті курстың жеке бағдарламасын жасай білуі тиіс;
- элективті курстар мен қосымша білім беруге қажетті дидактикалық
материалдарды әзірлей білуі тиіс;
- мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың
формаларын, әдістерін жетік білуі шарт; (материалдар в – қосымшада
ұсынылды). Негізгі құзыреттілктерді: кәсіби коммуникативтік, проблеманың
шешімін табу, ақпараттық құзіреттіліктерді игере білуі тиіс. Осыған орай,
төменде тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін жетілідірудің моделін ұсындық.
Достарыңызбен бөлісу: |