Монография Астана, 2010. 250 бет


 – кесте -  Мектепке дейінгі ұйымдарда жобалау әдісін орындау үлгісі



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
#8196
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

16 – кесте -  Мектепке дейінгі ұйымдарда жобалау әдісін орындау үлгісі 
 
Жобалау 
кезеңдері 
Тәрбиешінің әрекеті 
Балалардың әрекеті 
1 кезең 
1. Мәселені анықтау. Мақсат қою 
және нәтижені айқындау. 
2. Ойын іс–әрекетіне, жағдаяттарға 
ендіру. 
3. Міндеттерді анықтап алу. 
1.Мәселені анықтау, 
оқып үйрену. 
2.Ойындағы 
жағдаяттарды шешу. 
3. Міндеттер қабылдау. 
4.Жобаның міндеттерін 
толықтыру. 
2 кезең 
4. Міндеттерді шешуге көмектеседі. 
5. Іс–әрекеттерді жоспарлауға 
көмектеседі. 
6. Іс–әрекеттерді ұйымдастырады. 
5.Балаларды жұмыс 
топтарына біріктіру. 
6.Балалардың рөлдерін 
және қызметтерін бөлу. 
3 кезең 
7. Тәжірибелік көмек көрсету. (қажет 
болуына қарай) 
8. Жобаны жүзеге асыуға бағыт 
береді және бақылау жасап 
қадағалайды. 
7.Іс–әрекетке қатысты 
өзіндік білім, білік, 
дағдыларды пайдалану.  
8.Тұсаукесер жасауға 
дайындық. 
4 кезең 
9. Жұмысты қорғауға дайындалу. 
10.Қорытындылау және талдау жасау. 
9.Жобаға тұсаукесер 
жасау. 
     Жобалау  әдісінде  ең  маңыздысы  –жеке  тұлғаның  алдына  қойылған  мәселе 
кәсіби  жағынан  маңызды  болып  табылады.  Осылайша,  жобаны  құру 

 
187 
жағдаяттардың  туындау  сипаттамасы  тек  қана  объективті  мәселе  емес, 
педагогикалық  қызметтің  субьектісі  үшін  осы  мәселеге  сәйкес  сол  фактыны 
таба білуімен маңызды. Сонымен қатар, жобаны дайындау, оны елдің алдында 
қорғау, яғни өзіңнің негізгі мәселеңе басқаларды да тарта білу қажет. Жобалау 
әдісімен  жүргізілген  тәжірибелік  жұмыстардың үлгісін  технологиялық  картаға 
түсірілген үлгісі қосымшада №    ұсынылды. 
    Жоғарыда  балалардың  ойын-зерттеу  жұмыстары  мен  жобалау  әдісі  арқылы 
жаңа білім мазмұнын тәжірибеге енгізде жаңа технологияларды пайдаланудың 
тиімді  жолдарын  қарастырдық.  Сондай  ақ,  біз  қалыптастыру  экспериментінің 
нәтижесінде олардың қарапайым тәжірибе жүргізе алатындығына көз жеткіздік. 
Теориялық  тұрғыдан  біз  көптеген  ғалымдардың  құнды  пікірлерін  ескере  келе, 
балалардың  жобалау  әдісі  мен  ойын-зерттеу  іс-әрекетінің  нәтижесін 
төмендегідей болжаған едік: 
1.
 
Жаңа білім жинақтайды. 
2.
 
Танымдық белсенділіктері артады. 
3.
 
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 
4.
 
Таным әдістерін меңгереді. 
5.
 
Ойлауда логикалық бірізділікті сақтайды. 
6.
 
Өзінің ойын нақты, түсінікті жеткізе алады. 
7.
 
Шығармашылық қабілеті дамиды. 
8.
 
Алған білімдері негізді болады. 
9.
 
Өз іс әрекеттерін қатысты сенімділік пайда болады.  
Ал осы аталған мәселелердің тәжірибедегі көрінісіне тоқталатын болсақ: 
1.  Жобалау  және  Ойын-зерттеу  іс-әрекетімен  айналысу  барысында  балалар 
өздері бұрын-соңды білмеген естімеген көптеген мәліметтермен қаруланды.  
2.  Жобалау  әдісі  мен  зерттеу  жұмысының  барысында  балалар  күнен  күнге 
қызықты  жағдаяттармен  танысып,  тиісті  мәселені  басқа  жақтарынан 
қарастыруға  ынталы  болды  соның  нәтижесінде  олардың  танымдық 
белсенділіктері артты деп ойлаймыз.  
3.  Балалар  зерттеудің  әдіс-тәсілдеріне  сәйкес  олар  сұрақ  қоя  білуді,  өзіндік 
қарапайым тәжірибе жүргізуді меңгерді.  
4.  Балалар  жинақаған  мәліметтеріне  байланысты  өз  ойын  айтып  жеткізуге 
дағдыланды. Балалардың ойлау  логикасын  бірізділікке бағындыру мақсатында 
біз төмендегідей екі жолды ұсындық:  
а) зерттеу объектісіне байланысты жалпы сипаттама (теориялық мәліметтер)  
ә)  тәжірибеден  алынған  мәліметтер  (бақылау,  эксперимент  нәтижесесінен 
алынған мәліметтерді орналастыру). Соның  нәтижесінде оқушылар  ойлауында 
бірізділікті сақтау қабілеті пайда болды.  
5.  Әр  бала  өзінің  ойын  нақты  түсінікті  жеткізуге  тырысып,  ең  алдымен 
баяндайтын  зат  немесе  құбылыс  туралы  мәліметті  өзі  өте  жақсы  түсініп  алуы 
керектігін және ол туралы басқа адамға түсіндіре алуға үйренді.  
6. Балалардың шығармашылық қабілерттерінің дамуы ойын-зерттеу іс-әрекеті 
барысында  атқарылатын  түрлі  әрекеттерге  байланысты  болды.  Зерттеу 
барысында олар суреттер жинақтап альбом құрастыру, өз айтып жеткізу тікелей 
шығармашылық әрекет нәтижесінде жүзеге асты.  

 
188 
7.  Біздің  ойымызша,  балалардың  алған  білімдері  дайын  күйінде 
берілмегендіктен,  олар  зерттеудің  әдістерін  пайдаланып  өз  беттерімен  сол 
білімдермен  қаруланғандықтан  білім  мазмұнын  меңгеруде  естерінде  көпке 
дейін сақталады.  
8.  Ойын-зерттеу  іс-әрекеті  барысында  балалар  өз  бетерімен  зерттеудің  әдіс-
тәсілдерін  пайдалана  отырып  өз  бетімен  жұмыс  істей  алатындығына  көз 
жеткіздік. 
    Балалардың  мектепке  дейінгі  жаста  әлем  туралы  жаңа  мәліметтерді  білуге 
ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға, 
өздігінен  ізденуге  әрекет  етуі  ол-табиғи  қалыпты  жағдай.  Әрбір  дені  сау  бала 
туылғаннан  –  әр  нәрсені  «зерттеп»  білуге,  ізденушілік  белсенділігі  басым 
болады.  Баланың  ішкі  сезімі  әлемді  түсінуді,  қоршаған  ортаны  танып  білуді 
қалайды.  Осындай  ішкі  ынта-ықылас  зерттеу  жасауға  түрткі  болып,  баланың 
психикалық  және  өзіндік  дербес  дамуына  жағдай  жасайды.  Балалардың 
өздігінен  зерттеу  жасай  отырып  алған  білімдері  репродуктивті  тұрғыда  алған 
білімдеріне  қарағанда  берік  болады.  Бірақ  ол  өте  қарапайым  және  күтпеген 
жерден орындалатын болғандықтан оны білім беруде қолдануға болмайды, тек 
баланың  өзінің  дамуындағы  жетістіктер  үшін  пайдаланылады.  Біздің 
зерттеуімізде  қарастырылып  отырған  мәселе  инновациялық  технологияларды 
пайдаланудағы тәрбиеші педагогтардың кәсби құзіреттілігін жетілдіруге ықпал 
етеді деп ойлаймыз.  
 
3.3
 
 Мекепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда оқу- 
әдістемелік кешендерді тиімді пайдаланудың технологиясы 
 
    Мектепалды  даярлық  тобындағы  оқыту  үдерісін  зерттеген  ғалымдар: 
П.Ф.Каптерев,  Е.И.Тихеева,  Р.С.Буре,  В.Г.Нечаева,  Г.Н.Година, З.И.Истомина, 
Н.К.Крупская,  Е.А.Флерина,  Т.Подъякова  т.б.  Зерттеулер  барысында 
мектепалды топтары мен сыныптарында балаларды оқыту ерекшеліктері, оқыту 
мазмұны,  әдістері,  принцптері  қарастырылып,  оқытудың  негізгі  формасы–
сабақты  ұйымдастыру  әдістемесіне  және  оқыту  технологияларын  қолдану 
жолдарына  көңіл  бөлінді.  Аталған  топтардағы  оқыту  мен  тәрбиелеу 
бағдарламаларында баланы мектепке даярлауда: ҚР конституциясында отбасын 
нығайту,  аналар  мен  балаларды  қорғау  және  тәрбиелеуде  отбасы 
жауапкершілігін  арттыру,  отбасында  балаларды  мектепке  даярлау  олардың 
отбасындағы  өмірі  мен  тәрбиесін  ұйымдастыру,  әр  түрлі  типті  отбасында 
балалардың  жеке  басын  қалыптастыру,  ата-ана  тәрбиесі  және  олардың 
міндеттері,  халық  тәжірибесіндегі  отбасының  балаларды  тәрбиелеудегі 
мектепке  даярлаудағы  орны  (А.Сейсембаев,  Б.Баймұратова,  Д.Муталиева, 
М.Сәтімбекова,  Дүкенбаева  Г.Х  т.б),  отбасында  мектепке  даярлаудың  мақсат, 
міндеттері,  озық  іс-тәжірибелермен  ата-аналарға  педагогикалық  білімді 
насихаттау  мәселелерімен  отандық  ғалымдар  еңбектерінде  тереңірек  танысуға 
болады. 
    Қазақстан  Республикасында  білім  мазмұнын  ізгілендіру  тенденцияларын 
айқындай  отырып,  соңғы  жылдардағы  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім 

 
189 
мазмұнын  жүзеге  асыру  барысына  байланысты  ғылыми  зерттеулерге  талдау 
жасай  келе,  білім  беру  құрылымы  және  мазмұны  жаңаша  бағыт  ала 
бастағанадығы  байқалады.  Оған  мектепке  дейінгі  кезеңге  арналған  тәрбиелеу 
мен  білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу  әдістемелік  еңбектердің  жарық  көруі 
негіз  бола  алады.  Атап  айтқанда:  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
Мемлекеттік  жалпы  міндетті  туғаннан  бес  алты  жасқа  дейінгі  балаларға  білім 
беру  стандартының  дайындалып,  жаңартылуы,  төл  туынды  Балбөбек 
бағдарламасының 
қайта 
басылымының 
дайындалуы, 
(Б.Баймұратова, 
М.Сәтімбекова,  Ф.Н.Жұмабекова  т.б)  міндетті  мектепалды  дайындау 
тұжырымдамасы мен бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендерінің (ОӘК) 
дайындалып, оқу-әдістемелік кеңесте (ОӘК) бекітіліп баспадан жариялануы. 
    Мектеп  жасына  дейiнгi  кезеңдегі  тіл  дамыту,  сауат  ашу  және  айнала 
қоршаған  ортамен  таныстыру  мәселелерімен  айналысқан  отандық  ғалымдар: 
Баймұратова  Б.Б,  Дүкенбаева  Г.Х,  Әмірова  Ә.С,  Жусупова  Р.З,  т.б  оқу 
әдістемелік еңбектер жазуға қатысқан әдіскерлер Ә.С.Анартаева К. Жұмаділова 
Б.Ж, М.И. т.б  
    Мектеп  жасына  дейiнгi  жаста  балаларға  математика  ілімінің  элементтерін 
оқыту ерекшеліктері мен қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыруда: 
Т.В.Торунтаева, А.М.Леушина, Сәтімбекова М.С, Наурызбаева Ә т.б 
        Мектеп жасына дейiнгi кезеңдегі эстетикалық тәрбие мәселесін жан
-
жақты 
қарастырған  педагог  ғалымдар:  Т.Н.Доронова,  В.С.Ветлугина,  В.А.Езикеева, 
В.М.Изгаршева,  В.Б.Косминская,  Т.С.Комарова,  Т.Г.Казакова,  Н.П.Сакулина, 
Н.Б.Халезова,  С.Г.Якобсон,  Қазақстанда:  Левченко  Т.Н,  Жұмабекова  Ф.Н, 
А.Ж.Салиева, Курочкина Т.В, Нұрмағанбетова Р.Н, Долженко Г.И,. т.б. 
     Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  тапсырысы 
бойынша баланы мектепке дайындауға арналған әдістемелік нұсқау, балаларға 
арналған  дәптерлер  мен  дидактикалық  материалдар  Алматыкітап,  Аруна  және 
Мектеп баспаларынан 83 аталымда жарық көріп, Республика көлемінде жаппай 
тәжірибеге 
енгізілді. 
Төмендегі 
кестеде 
балабақша 
тәжірибесіндегі 
қолданыстағы  оқу-әдістемелік  кешендерді  пайдаланудағы    қойылатын 
талаптарды ұсынамыз. 
 
Кесте – 17 - Білім мазмұнын жаңарту бағытында дайындалған оқу-
әдістемелік кешендердің сипаттамасы 
 
№ 
Авторы, аталуы 
Баспасы, 
жылы 
Білім мазмұнын жаңартуда 
қойылатын талаптар  

Баймұратова Б.Б  
Тіл дамыту 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Тілдің  дыбысталу  мәдениетін, 
сөздің  граматикалық  формаларын 
қалыптсатыру, 
сөздік 
қорын 
байыту,  байланыстырып  сөйлеуге 
үйрету. 

Сәтімбекова М.С, 
Наурызбаева Ә.Н 
Математика 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Сан және санауға үйрету, 
кеңестікті, уақытты бағдарлай 
білу, көлем, пішіндерді ажырата 

 
190 
алуға үйрету. 

Маженова Р.С т.б 
Сауат ашу 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Ауызекі сөйлеуде сөздерді әртүрлі 
граматиклық  формада  түрлендіріп 
қолдана  білу,  дауысты  дауыссыз 
дыбыстарды  ажырата  алу,  буынға 
бөлу, әріптерді тану білуге үйрету. 

Манкеш А.Е 
Қоршаған ортамен 
таныстыру 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Қоршаған 
ортамен, 
жыл 
мезгілдерімен,  өлі  және  тірі 
табиғатпен 
таныстыру, 
экологиялық тәрбие беру. 

Әмірова Ә.С т.б 
Көркем әдебиет 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Көкем әдебиет шығармаларын 
оқып беру, түсіндіру, жаттау, 
әңгімелеу, әңгімелету. 

Жұмабекова Ф.Н т.б 
Бейнелеу өнері 
Алматыкітап 
Просвещение 
Қазақстан. 
2001-2009 
жж 
Көкем 
өнер 
туындыларын 
қабылдау, 
заттық, 
мазмұндық 
және  сәндік  сурет  салу,  мүсіндеу, 
жапсыру  және    байланысты 
іскерлік 
дағдыларды 
қалыптастыру. 

Жұмабекова Ф.Н 
Ойшыбаева А.А 
Құрастыру және қол 
еңбегі 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Мектеп  жасына  дейiнгi  кезеңде 
қол  еңбегі  негізінде  баланы 
еңбекке  баулу,  қағаз,  мата,  табиғи 
материалдар,  өндіріске  қажетсіз 
заттармен  жұмыс  істеуге  және 
құрлыс 
материалдары, 
лего 
конструкторлармен  құрастыру  іс-
әрекеті 
дағдыларын 
қалыптастыру.  

Бәтібаева С.Ғ, 
Қоңыратбай Ф. 
Музыка 
Алматыкітап 
2001-2009 
жж 
Музыкалық 
алғашқы 
сауаттылығын  ашу,  музыкалық 
шығармаларды  тыңдау,  ән  айту, 
күй  тыңдау,  би  билеу,  қимыл 
қозғалыс үйлесімділігін дамыту. 

Данашева А.Е, 
Нүсіпбекова М.И т.б 
Денешынықтыру 
және валеология 
Алматыкітап, 
Аруна 
2001-2009 
жж 
Денсаулықты  сақтау,  салауатты 
өмір 
салтын 
қалыптастыру. 
Жалпы  дамыту,  негізгі  қимылдар, 
қимылды 
ойындар, 
спорттық 
ойындарды ұйымдастыру. 
 
    Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  оқыту  мен  тәрбиелеу 
үдерісінде пайдаланатын бағдарламалар мен ОӘК-рі арқылы жүзеге асырылады. 
ОӘК-дің мақсаты-берілетін білім мазмұнының жүйелілігін сақтауға ықпал ету, 
сапасын  арттыру,  көрнекілігін  қамтамасыз  ету,  баланың  өзіндік  әрекетінің 
дамуын  жетілдіру.  ОӘК-дер  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  дидактикалық 

 
191 
принциптерін басшылыққа ала отырып, білім мазмұнын жаңартуды және оның 
сабақтастығының сақталуына кепілдік береді. 
   Біз  зерттеуімізде  білім  мазмұнын  жаңартуға  негізделген  оқу-әдістемелік 
кешендердің қызметін қарастырдық.  
Дамытушылық–тәрбиелей  отырып  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаның 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Балаларға берілетін қарапайым білім 
мазмұнын үйлестіру, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу. 
Жүйелеушілік–білім  мазмұнын  жаңартуда  бірізділіктің  сақталуы  және 
баяндаудың жүйелілігін қамтамасыз ету. 
Жинақтаушылық–оқу  материалдарының  ғылыми-теориялық,  дүниетанымдық 
құндылықтарын дидактикалық ұстаным негінді беру. 
Кіріктірушілік–балалардың  әр  алуан  іс-әрекетінде  алған  білімдерін,  біртұтас 
кешенді тұрғыда меңгерулеріне мүмкіндік жасау қарастырылды. 
Білім мазмұнын жаңартуға арналған ОӘК-ді дайындауға қойылатын талаптар: 
-
 
бағдарламалар–тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнының,  ғылыми-
әдістемелік бағыт-бағдарының айқындалуы; 
-
 
оқу-әдістемелік 
құралдарда 
баланың 
білім-білік, 
дағдыларын 
қалыптастыруға байланысты әдіс-тәсілдердің нақтылы көрсетілуі; 
-
 
мектепке  дейінгі  жасқа  арналған  ОӘҚ-дары  көркем  безендірілген,  бояу 
түстері қанық баланы бірден қызықтырып өзіне тарта алатындай болуы шарт; 
-
 
ұсынылатын  материалдар  педагогтің  де  балалардың  да  талап-
тілектерін қанағаттандыратындай болуы; 
-
 
заман  талаптарына  сай  жаңа  әдіснамалық  көзқарастрады  қалыптастыруға 
және жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға қолайлы болуы; 
-
 
ОӘК-дің ғылыми негіздерінің оның идеялық мазмұнымен тығыз байланыста 
қарастырылуы; 
-
 
Республика  көлемінде  аймақтық  ерекшеліктердің,  ұлттық  салт-дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптардың ескерілуі; 
-
 
ОӘК-нің  қосымшаларының  мазмұны  бір-бірімен  тығыз  сабақтастықта 
жасалуы; 
-
 
пән  аралық  және  пән  ішілік  сабақтастық  сақталып,  дидактикалық 
ұстанымдарға сай, танымдық, тәрбиелік мазмұнының айқын, анық болуы; 
-
 
мектепке  дейінгі  білім  беру  мен  бастауыш  мектептегі  білім  мазмұнының 
сабақтастығының қамтамасыз етілуі; 
   Аталған талаптар тәжірибеде нақты шешімін табатын болса, мекепке дейінгі 
жаста  білім  мазмұнын  жаңартуға  қол  жеткізуге  болады.  Енді  осы  ОӘК-дің 
тиімділігін  және  әдістемелік  бағыт-бағдарын  анықтауда,  оның  болашақтағы 
өміршеңдігін  болжау,  оны  одан  әрі  жетілдірудің  жолдарын  белгілеп  алу 
қажеттілігі  туындады.  Ол  үшін  ОӘК-ді  тиімді  пайдаланудың  құрылымдық 
жүйесін ұсынамыз. 
Бірінші  жүйе:  мәселенің  қойылысын  анықтау,  ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттермен танысыу, білім мазмұнын жаңартуға арналған мәліметтер мен 
деректер жинақтау; 
Екінші  жүйе:  зерттеу  пәнін  нақтылап,  мақсат,  міндеттерін  айқындап,  білім 
мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеу; 

 
192 
Үшінші  жүйе:  әдістемелік  құралдардың  мазмұнын  қоғамдық-әлеуметтік 
сұраныстарға сай жаңарту, құрылымын талдау, тәжірибеде байқаудан өткізу; 
Төртінші жүйе: білім мазмұнын жаңартуда оны эксперименттік байқаудан 
өткізетін тірек балабақшаларын бекіту; 
Бесінші  жүйе:  ОӘК-ді  жоспарлы  түрде  тәжірибелік  байқаудан  өткізіп,  оған 
бақылау мен басшылық жасау; 
Алтыншы  жүйе:  байқау  мен  бақылау  жұмыстарына  талдау  жасау,  саралау, 
сраптау, педагогикалық, психологиялық диагностика жүргізу; 
Жетінші жүйе: зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздерін салыстыру, 
барлық  деректерді  қорытындылау,  тәжірибеде  пайдаланудың  технологиясы 
мен оның құрылымын нақтылап алу қажет.  
Сурет 6  - Ол төмендегі суретте көрсетілді.

 
193 
 
Сурет 6 - Мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартуға арналған ОӘК-дің құрылымдық компоненттері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәтіндер 
 
Түсініктеме 
Негізгі бөлім 
 
Қосымшалар 
 
Түсінді-
рме 
Құрылым-
дық 
ерекшеліктері  
 
Теориялық, 
танымдық 
мазмұны 
 
Тәрбиелеу 
мен білім 
беру 
мазмұны 
 
Тәжірибелік 
мәтіндер 
 
Дамытуға 
арналған 
материал-
дар 
 
Хрестома-
тиялық 
материал-
дар 
 
Талаптар, 
сызбалар, 
кестелер 
 
Мәтіннен тыс компоненттер 
Материалды меңгеруді ұйымдастыру 
Көрнекі құралдар 
 
Баяндау 
логикасы, 
мәнерлеу тілі 
мәтіндер 
құрылымы 
Сұрақтар, 
тапсырмалар, 
ойын әдістері 
Көрнекі материалдар, 
суреттер, 
фотосуреттер 
 
Сызба 
үлгілер, 
кестелер 
 
Диаграммалар график-
тер, диагностикалық 
карталар 
 
Бағдарлану аппараты 
Алғы сөз, негізгі 
мазмұн 
Тақырыптар мен ұсақ 
тақырыпшалар 
Нұсқаулар 
Пәндік және атаулы 
көрсеткіштер 

 
194 
 
    Зерттеу  барысында  аталған  оқу-әдістемелік  кешендер  арқылы  білім 
мазмұнын  жаңарту  негізінде  баланы  мектепке  дайындауың  маңызды 
мәселелеріне  тоқталамыз.  Баланы  мектепке  дайындау  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  Ол  өте  күрделі  де 
жауапты  іс.  Осы  жауапкершілікті  әрбір  ата-ана,  ұстаз  және  балабақша  мен 
бастауыш мектептердің басшылары сезініп, оған үлкен мән бере қарауды талап 
еттік.  Баланы  мектепке  дайындаудың  нәтижелі  болуы-оның  белгілі  бір 
мөлшерде  дайындықпен  келуінде  және  дайындығының  сапасына  да  тікелей 
байланысты.  Баланың  мектепке  дайындығын  қамтамасыз  ету  үшін  төмендегі 
маңызды мәселелерге баса назар аударылды. 
Біріншіден,  республика  көлемінде  жергілікті  жерлерде  мектепке  баратын 
балаларды алдын-ала мектепалды даярлықтан өткізуді толық қамтамасыз ету. 
Екіншіден,  білім  беру  ұйымдарында  (балабақша  мен  бастауыш  мектепте) 
баланы  мектепке  дайындауға  арналған  дамытушы  орталықтарды  жабдықтау 
және оқу іс-әрекетіне қолайлы жағдай жасау.  
Үшіншіден,  балабақшада  және  мектеп  жанындағы  мектепалды  топтары  мен 
сыныптарында  жұмыс  істейтін  арнаулы  мамандардың  болуын  қадағалау. 
Баланы мектепке дайындау нәтижелі болу үшін әрбір педагог өз ісінің шебері 
болуымен  қатар  бала  жасына  лайықты  әдістемені  меңгеру,  олардың 
психологиялық жай күйін, қабілет мүмкіндіктерін аша түсуге көңіл бөлу. 
Төртіншіден,  білім  мазмұнын  жаңарту,  білім  беру  сатылары  арасында  тығыз 
бірліктегі  жүйелі  білім  мазмұнының  сабақтастығы  болу,  білім  беру  сапасын 
арттыру.  
Бесіншіден,  баланы  арнайы  дайындықтан  өткізудің  ғылыми-әдістемелік 
негіздерін анықтауға баса назар аудару. 
Алтыншыдан,  баланың  жалпы  дайындығының  маңызын  терең  түсіне  отырып 
оқу іс-әрекеріне бейімдеудің тиімді жолдарын қарастыру. 
Жетіншіден,  баланы  мектепке  психологиялық    тұрғыдан  дайындау,  жаңа 
ортаға  бейімдеу,  оқуға  деген  ынта-ықыласын  қалыптастыру,  оқу  іс-әрекетіне 
бейімделу мотивін туындату. 
    Бүгінгі  таңда  баланың  мектепке  дайындықпен  келуі  әлеуметтік  және 
экономикалық  жағдайларға  да  байланысты.  Соңғы  жылдардағы  (1996-1998) 
балабақшалардың  жабылу  тенденцияларына  орай,  әсіресе  ауылдық  жерлерде  
балабақшалар  болмағандықтан  баланың  мектепке  дайындықсыз  келуінен 
мектептегі  оқу  іс-әрекетіне  бейімделуі  мен  білім  мазмұнын  қабылдауда 
көптеген қиындықтар кездесуде. Баланың мектепке даярлығын қамтамасыз ету 
мақсатында  ұйымдастырылған  топтар  мен  мектеп  жанындағы  сыныптарда 
тәрбиелеу  мен  оқыту  сапасын  арттыру  мамандардың  біліктілігіне  де  тікелей 
байланысты.  Баланы  мектепке  дайындау  мен  оның  дайындығының  арасында 
өзара  тығыз  байланысты  сабақтастық  болуы  шарт.  Педагог  бұлардың  өзіндік 
ерекшеліктерін  айқын  біле  отырып,  ата-аналарға  көмек  көрсетуге  міндетті. 
Мектепалды  тобында  (сыныптарында)  оқыту  формалары  ойын  кезінде  намаса 
ойын іс-әрекеті барысында шешіледі. Ойынның алуан түрін тәрбиеші қолдана 
отырып,  балаға  құрастыруды,  моделдеуді  экспериметтен  өткізуді  үйретеді, 

 
195 
ақыл  ойын,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Сондай-ақ 
тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі еркін құрылымдық жүйеден, өзіндік таңдау 
бағыт-бағдарынан  (ойын  құрастыру,  моделдеу)  қатал  талап  қойылатын 
құрылымдық  жүйеге  біртіндеп  бейімдейді  (оқыту,  еңбек  ету  т.б).  Баланың  іс-
әрекет  түрлерінің  өзіндік  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ете 
отырып,  оқу  іс-әрекетін  қалыптастыруға,  тиянақты  оқуға  алғы  шарт  жасау 
қажет.  Ең  маңыздысы  баланы  мектепке  дайындауда  балабақша  мен  мектептің 
мектепалды  тобы  мен  бастауыш  сыныптардағы  білім  мазмұнына  сәйкес 
бірлескен  қарым-қатынас  жасалды,  педагогтың  баламен,  балалардың  бір-
бірімен  өзара  қарым-қатынасының  сипаты  ашылды.  Бұл  кезеңде  бала  өте 
жоғары  эмоционалды,  әр  нәрсеге  еліктегіш,  қоршаған  ортаны  тануға  құштар, 
сезімтал,  үлкендер  мен  құрбыластарымен  қарым-қатынас  жасауға  дайын 
тұрады.  Осы  шақта  бала  ойын  іс-әрекетінен  оқу  іс-әрекетіне  көшуге,  жеке 
қабілеттіліктері мен қоса әлеуметтік тәрбие ортасына бейімделуге тура келеді. 
Ал,  педагог  баланы  жақсы  көріп,  оқуға  дайындауы  үшін  оның  жалпы 
психологиялық  дамуы  заңдылықтарынан  толық  мағлұматы  болуы,  сондай-ақ 
олардың әртүрлі жеке ерекшеліктерін де білуі тиіс. Баланың жеке тұлға ретінде 
қалыптасып  дамуын,  әртүрлі  іс-әрекеттердегі  қабілеттерінің  жетілуін, 
мәдениеттілік  пен  жағымды  мінез-құлық  дағдыларының  қалыптасуын 
қамтамасыз етеді. Баланы мектепке дайындауды іске асыруда-мектепке дейінгі 
ұйымдар  мен  мектептің  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  әдіс-
тәсілдерімен  формаларын  бір-біріне  жақындастыра  үйлестіргенде  ғана  нәтиже 
бермек.  Әрине,  балабақшаны  мектепке  айналдыруға  болмайды,  бірақ 
сабақтарды  өткізуде  міндеттілік,  жүйелілік  сақталуы  керек.  Бұл  балада  мінез-
құлық  дағдыларының  қалыптасуына,  міндетті  оқуға  психологиялық  бағыт 
береді. Әдіс-тәсілдер ұқсас болуы да мүмкін, кейбір балаға қойылатын талаптар 
да  қайталанады  (жеке  тұрып  жауап  беру,  жолдасын  тыңдай  білу,  тәрбиешінің 
тапсырмасын  орындай  білу  т.б).  Бірақ,  балабақшадағы  сабақты,  іс-әрекетті 
мектептегі  сабақты  қайталау  түрінде  өткізуге  болмайды.  Балабақшадағы 
балалардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  мұнда  сабақты  өткізудің  әдіс-
тәсілдері  мүлде  басқаша,  қатаң  бақылау  жүргізу  қолданылмай  ойын  әдіс-
тәсілдері  басым  және  педагогтің  тікелей  балаға  әсер  етуі,  бағыт  беріп 
басшылық жасауы негізінде жүргізіледі. 
    Педагогтар  мен  психологтар  баланың  мектепке  жалпы  және  арнайы 
дайындықпен  келетіндігін  айқындайды.  Арнайы  дайындық–бұл  баланың 
алғашқы білім-білік дағдыларымен қарулануы, яғни бірінші сыныпта берілетін 
білім мазмұнының (математике, ана-тілі, жазуға үйрету, айналамен таныстыру 
т.б.)  қарапайым  негіздерімен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Мұғалім  сол 
білім-білік  дағдыларды  жетілдіруіне,  танымдық  қасиеттерін  дамытуға  көңіл 
бөледі.  Бұл  алған білімдері болашақта  арнайы  пәндерді  оқытуға  негіз  болады. 
Бірақта,  арнайы  дайындық  та  тек  қана  білім  көлемін  көбейту  ғана  емес, 
неғұрлым  көп  білсе  соғұрлым  жақсы  оқиды  деген  түсінік  болмауы  керек. 
Өйткені,  5-6  жаста  баланың  есте  сақтау  қабілеті  өте  жақсы.  Олар  тез,  әрі  көп 
нәрсені есте сақтай алады. Дегенмен бұл есте сақтау білім қабілеті  өте жақсы. 
Олар  тез,  әрі  көп  нәрсені  есте  сақтай  алады.  Дегенмен  бұл  есте  сақтау  білім 

 
196 
алуға, жақсы оқуға толық негіз бола алмайды. Ең бастысы, салыстыру, талдау, 
жалпылау, өздігінен ой қорытып пікір айту, танымдық даму деңгейін айқындау 
маңызды  болып  табылады.  Жалпы  дайындық  -  бұл  баланың  физиологиялық, 
психологиялық  тұрғыдан,  адамгершілік,  ерік  жігерінің  және  денсаулығының 
жақсы  жағдайда  болуы.  Жалпы  дайындықтың  болуы  баланың  жеке  басының 
қалыптасуында  маңызды  рөл  атқарады.  Кейбір  жағдайда  бала  интелектуалды 
дамуы  жақсы  болса  да  мектепте  нашар  оқуы  мүмкін,  бұл  арнай  дайындықтан 
емес жалпы дайындықтың дұрыс болмауынан. Баланың жан-жақты дайындығы, 
яғни  дене  дамуы:  жалпы  денсаулығының  жақсы  болуы,  шаршамауы, 
шыдамдылығы, жұмысқа қабілеттілігі де маңызды орын алады. Балалардың жиі 
ауыруы,  жұмыс  істеуге,  оқуға  және  денсаулығының  дамуына  кері  әсер  етеді. 
Сондықтан,  ата-аналар  мен  тәрбиешілер,  мұғалімдер  баланың  денсаулығын 
сақтауы  баса  назар  еадарулары  қажет.  Бала  мектепке  интелектуалды  жағынан 
дайын  болу  үшін  жүйелі,  белгілі  көлемде  білім  алып,  ақыл-ойының  даму 
деңгейін  қамтамасыз  ету  көзделеді.  Сондай-ақ,  балада  білуге  ұмтылушылық, 
танымдық  қызығушылық  жаңа  ақпараттарды  қабылдау  қабілеттіліктерін 
дамытудың маңызы зор. Бала мектепке барған соң оның әлеуметтік көзқарасы 
да  өзгереді.  Жаңа  әлеуметтік  позиция-балаға  оқу  іс-әрекетін  басқара  алуды 
және  мәдени  мінез-құлық  ережелерін  қалыптастырады.  Баланың  мектепке 
жалпы  дайындығы  дұрыс  болмаса  оқуға  құлқы  болмайды,  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуына кедергі келтіріледі. Алдымен бала жаңа өмірге сабақ оқуға дене 
дамуы жағынан дайын болуы керек. Дене дамуының дайындығы – бұл мектепте 
оқуға  денсаулығының  жақсы  болуына  сәйкес  жұмыс  істеу  қабілетінің 
жоғарлығына байланысты болды.  
    Баланың  мектепке  психологиялық  дайындығы–оқу  мотивінің  қалыптасуына 
байланысты  болмақ.  Баланың  жастайынан-ақ  мектепке  баруға  талпынатыны 
белгілі.  Бұған  айналасындағы  аға,  әпкелері,  үйдегі  оқушы  балаларға  еліктеу, 
олардың әсерінің болуы мүмкін. Балаларға мектепке не үшін барғың келеді?  –
деген  сұраққа  олар:  менің  ағам  оқиды,  менің  де  барғым  келеді,  онда  балалар 
көп, барлығымен ойнаймыз, маған мамам оқу құралдарын сатып әпереді, т.б. өз 
ойларын айтады. Негізінен бұл мотивтердің ішінде–оқу мотиві, яғни менің көп 
білгім  келеді,  оқуды,  жазуды,  есеп  шығаруды  үйренгім  келеді–деген  ең 
маңызды  мәселелер  қалыс  қалып  қояды.  Мұндай  мотивтер  баланың 
психологиялық  тұрғыдан  дайындығы  болғанда  ғана  көрініс  береді.  Бұл 
мотивтер  бірден  пайда  болмайды,  біртіндеп  қалыптасады.  Олар  танымдық 
қызығушылығы  берік  бола  бастағанда,  жаңа  білім  негіздерін  қабылдағанда 
пайда болып, үлкендердің мадақтау, бағалауы нәтижесінде бекітіліп отырады. 
    Ғалымдар 
балалардың  ақыл-ой  қабілетін  дамытып,  оқу  қызметін 
қалыптастырып  қана  қоймай  олардың  өзін-өзі  ұстай  білудің  жалпыға  бірдей 
нормаларын, өзіндік қабылдауы мен мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету қажет деп 
есептейді. Баланы мектепке дайындауда көңіл бөлетін мәселелер: 
-
 
балалардың  денсаудығын  сақтау  мен  нығайту,  олардың  дамуы  мен  ақыл-
ойын, қабілеттіліктерін жетілдіру;  
-
 
мектепке  қабылданатын  баланың  мектепке  оқуға  психологиялық  және 
арнайы дайындығын қамтамасыз ету; 

 
197 
-
 
әрбір баланың шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту; 
-
 
 мектепке  дайындық  кезінде  (мектептегі  оқу  кезінде)  балалардың  қоршаған 
ортамен  дұрыс  қарым-қатынас  жасауына,  білімді  дұрыс  меңгеруін,  жағымды 
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету; 
-
 
педагог  баланың  жеке  психикалық  дамуына  тигізетін  әсерлерін  ойын 
арқылы, даралық қасиеттері, жеке басының ерекшеліктері және баланың білімін 
бағалап, есепке алып отыру; 
-
 
балаға  берілетін  білім  көлемін  жас  ерекшелігіне  сәйкес  лайықтап,  жүйелі 
беру; 
-
 
сыныпты (топты) бағдарлама және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз 
ету; 
-
 
балабақшаның,  мектептің  материалдық-техникалық  базасын  нығайту, 
(мектепке  дейінгі  жасқа  сәйкес  жиhаздардың,  жаңа  ойын  жабдықтарымен 
ойыншықтар т.б.) 
-
 
тәрбиелеу мен оқытуды іске асыруға  арналған дидиактикалық құралдармен 
қамтамасыз ету; 
-
 
топ (сынып) бөлмесінде психологиялық, эмоционалдық ахуал қалыптастыру; 
-
 
тәрбиелеу мен оқытудың тұлғалық бағдарлы үлгісін қамтамасыз ету (мұнда 
сыныптық  сабақтық  жүйе,  педагогтің  тікелей  балаға  әсер  етуі,  қатаң  бақылау 
жүргізуі сияқты әдістер қолданылмауы керек); 
-  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ақпараттық-құқықтық  және  әдістемелік 
мүмкіндіктеріне талдау жасау; 
  Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды тобындағы тәрбиелеу мен білім беру 
мазмұнына талдау жасауда төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңартуға  арналған  оқу-әдістемелік 
кешендерін  (қол  еңбегі  және  құрастыру)  тәжірибеде  тиімді  пайдаланудың 
технологиясын айқындап, бірқатар міндеттерді шешу көзделді. 
1.
 
Оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнының сапасы мен басшылық жасау    
                    жүйесіне диагностика жүргізу.  
2.
 
Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару жүйесіне талдау жасау. 
3.
 
Мониторинг жүргізудің тиімділігін анықтау.  
ОӘК-ді тәжірибеде пайдаланудың тиімді әдістері мен формалары ұсынылды:   
-  бақылау жасау; 
- оқу-әдістемелік кешендеріне бірлесіп талдау жасау; 
-  тәжірибелік материалдарды өңдеу; 
-  мәліметтерді салыстыру; 
-  мектепке дейінгі ұйымдардың негізі құжаттарына талдау жасауға    
   дайындау
-  сауалнамалар мен тесттердің нәтижелеріне талдау жасау; 
-  эксперимент кезеңдерінің нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізу; 
    Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында ОӘК- рі жаппай 
тәжірибелік  байқаудан  өткізіліп  оқу-тәрбие  үдерісінің  сапасы  және  білім 
мазмұнын  жаңарту  бағытында  педагогикалық  мониторинг  жүргізілді.  Біз 
мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  мазмұнын  анықтаудың  педагогикалық 
мониторингін  жасадық.  Ол  үшін  материалдардың  қалай  жинақталғаны, 

 
198 
педагогикалық  ақпараттардың  балабақша  ішілік  бақылау  мен  басшылық 
жасауына, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне талдау жасалды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет