Монография Астана, 2010. 250 бет


Кесте – 9 -  Білім мазмұнын жаңартудың нормативтік-құқықтық және



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
#8196
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

 
Кесте – 9 -  Білім мазмұнын жаңартудың нормативтік-құқықтық және 
ұйымдастыру моделі 
 
  Ком 
понен
ті 
өлшемдері 
 
көрсеткіштері  

Анали
тикал
ық-  
прог- 
ности- 
калық 
Білім беру саласы 
бойынша МДТ -ге 
шынайы 
сұраныстар. 
МДТ-ге арналған 
мемлекеттік жалпы 
білім беру 
стандарты мен 
Қазақстандағы  білім  беру  саясаты  мен 
мектепке  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
стратегиясымен танысу. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған 
нормативтік  құқықтық  құжаттарды  оқып 
танысу,  басшылыққа  алу.  Ата  аналар  мен 
жұртшылықтың 
сұранысын 
қанағаттандыру. 

 
111 
бағдарламалар 
жайындағы 
ақпараттар. 
МДҰ-дағы 
тәрбиелеу мен білім 
беру әдіс-тәсілдері, 
формалары және 
технологиялары 
туралы 
педагогикалық 
ақпараттар. 
Баланың мектепке 
дайындығы туралы 
мәліметтер. 
Бала дамуы туралы  
бағдарлама, даму 
карталарының саны. 
 
МДҰ-тәрбиешілерін 
ақпараттық- 
әдістемелік    қамтамасыз  ету  жүйесін 
қалыптастыру. 
МДҰ-дың  білім  беру  бағдарламаларын 
оқып 
үйрену 
бағытында 
семинар, 
конференцияларға қатысу. 
МДҰ-да  тәрбиелеу  мен  білім  беру 
жоспарларының  өзіндік  ерекшеліктерімен 
танысу.  
МДҰ  тәрбиешілеріне  мектепке  дейінгі 
жаста 
балалармен 
жүргізілетін 
педагогикалық 
технологиялар 
мен 
әдістемелердің  даму  бағыты  жайында 
арнайы кеңестер ұйымдастыру. 
Озық  педагогикалық  тәжірибелер  алмасу 
бағытында әдістемелік іс-шаралар өткізу. 
Балабақша  тәрбиешілері  мен  бастауыш 
сынып  мұғалімдерінің  өзара  сабаққа 
қатысуы. 
Педагогикалық 
кеңестер 
мен 
психологиялық-педагогикалық 
консилиумдарға қатысу. 
МДҰ балалардың даму  ерекшеліктері мен 
оқу-тәрбие  жұмыстарының    барысы 
жайында арнайы әңгімелесу. 
Балалардың  даму  күнделігіндегі  бақылау 
нәтижелеріне тіркеу жасау. 
Білім  беру  үдерісін  педагогтар  мен 
дәрігерлердің  бірлесіп  жасаған  МДҰ-дағы 
бала  дамуы  картасы  мен  мектепке  дейінгі 
жасқа  арналған  бағдарламалардың  дамуы 
негізінде құру. 

Дидак 
тика- 
лық- 
ұйым- 
дас- 
тыру- 
шы- 
лық 
Біртұтас білім беру 
кеңістігін сақтау. 
МДҰ-да білім беру 
үдерісінің бірізділігі 
мен жүйелілігі, 
мақсатқа 
бағытталуы.  
Оқу жоспарларымен 
бағдарламаларының 
жылжымалы және 
икемді болуы. 
Нәтижені талдау, 
бірлесіп  шешім 
МДҰ-да  білім  беру    үдерісінің  біртұтас 
жүйелілігін қамтамасыз ету. 
Білім беру мазмұнының тиімді бөлінуі: әр 
жас 
топтарындағы 
ұсынылатын 
материалдар  көлемі  мен  оны  меңгерту 
тәртібі;  тәрбиелеу  мен  білім  беруді 
ұйымдастырудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін, 
құралдарын таңдау;  
МДҰ-да  білім  беру  үдерісіне  түзетулер 
енгізу:  оқу  материалдарын  беру,  әр 
тақырыпты  меңгертуде  уақытты  тиімді 
пайдалану; 
Дәрігерлік-психологиялық,  педагогикалық 

 
112 
қабылдау. 
консилиум жұмыстарын ұйымдастыру. 

Маз- 
мұнды 
дамы- 
тушы- 
лық 
Тәрбиелеу мен білім 
берудің 
дамытушылық 
сипатта болуы. 
 
Оқыту мен үйрету 
үдерісіндегі жеке 
даралық. 
 
 
Баланың 
шығармашылық 
әлеуетін ескере 
отырып  оны үнемі 
дамытып отыруы.  
  
 МДҰ мен 
бастауыш 
сыныптағы білім 
беру мазмұнының 
сабақтастығының 
сақталуы. 
Баланы мектептің 
талаптарына тез 
бейімделуі. 
  
 Баланың мектепке 
дайындығы. 
Баланың дамуына 
түзетулер жасауы. 
(жетілдіру және 
тереңдету ) 
Мектепке  дейінгі  жаста  тәрбиелеу  мен 
білім  беру  баланың  ақыл-ойын  дамытуға, 
психихалық сапаларын: ойлау, есте сақтау, 
зейін, 
қабылдау, 
қиялын 
дамытуға 
бағытталуы тиіс; 
МДҰ-да  білім  беруді  баланың  жас 
ерекшелігі  мен  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып  іске  асыру.(білім  беру  мазмұнын 
беруде: 
баланың 
«табиғатын» 
-
физиологиялық, 
интеллектуалдық, 
психологиялық,  адамгершілік  қасиеттері 
т.б). 
Жұмысты  жалпы  топпен,  шағын  топпен 
және жеке дара жүргізу. Мектепке дейінгі 
жаста 
балалардың 
шығармашылық, 
интеллектуалдық 
және 
арнайы  
қабілеттерін  ашу:  музыкалық,  сурет  салу, 
би қимылдарын дамыту т.б. 
Әр 
түрлі 
деңгейдегі 
білім 
беру 
бағдарламалары  мектепке  дейінгі  тәрбие 
мен  білім  беру  мазмұнының  мақсатымен 
сәйкес  келуі  және  білім  берудің  келесі 
сатысында 
сабақтастық 
сақтауды 
қадағалау. 
Баланың  мектепке  арнайы  (оқи  білу, 
жазуға  жаттығу,  санау),  психологиялық 
(дара 
қабілеттер 
мен 
әлеуметтік-
психологиялық, 
эмоционалдық 
ерік-
жігері), 
физикалық 
дайындығын 
қамтамасыз ету. 
Әр  баланың  дамуы  мен  толыққанды  білім 
алуына  жағдай  жасау  және  іс-шаралар 
ұйымдастыру. 
Мектеп  талаптарын  тез  бейімделуге,  оқу 
материалдарын  меңгеру  мен  кездескен 
қиындықтарды жеңе білуге көмек көрсету. 

Диаг- 
ности- 
калық 
МДҰ да бала 
дамуының 
көрсеткіштерінің 
тұрақты түрде 
анықталуы.  
Оқу тәрбие 
жұмыстарына 
бақылау мен 
Мектепке  дейінгі  жастағы  әр  баланың 
дамуы  туралы  педагогтарды  арнайы 
ақпараттармен  жүйелі  түрде  қамтамасыз 
ету.  (Жинақталған  ақпараттар,  мәліметтер 
қортынды  нәтиже  шығару  және  ұсыныс 
пікірлер  айтуға  негіз  болады.  Алынған 
деректерге  терең,  жан-жақты  талдау 
жасап, 
оң-теріс 
себеп-салдарларын 

 
113 
басшылық жасау. 
Психологиялық, 
педагогикалық 
мониторинг. 
анықтау қажет). 
МДҰ-да  барлық  жас  топтарында  баланың 
даму көрсеткіштерін анқтауға бірдей талап 
қойылады 
    
 Аналитикалық-прогностикалық,  мазмұнды  дамытушылық,  дидактикалық 
ұйымдастырушылық,  диагностикалық  компоненттері  бойынша  арнайы 
өлшемдер  мен  көрсеткіштерін  сипаттай  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйымдарға 
арналған  нормативтік  -  құқықтық  құжаттарды  оқып  танысу  және  оны 
басшылыққа  алу  арқылы  тәрбиешілер  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын 
жаңартуда ақпараттық- әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіледі. 
    Жоғарыда  айтылған  ойлардан  тәрбиешілердің  білім  мазмұнын  жаңарту 
үдерісі олардың шығармашылық дамуына, өзінің мүміндіктерін анықтауға және 
әлеуметтенуіне жағдай туғызатындығына көзімізді жеткізді.  
    Білім  мазмұнын  жаңарту  үдерісі  барысында  тәрбиешінің  шығармашылық 
қабілетінің жетілуі олардың алдына қойған мақсаттарымен тығыз байланысты. 
Қойылған  мақсат  нақты  болып,  ол    сол  мақсатқа  жетуді  маңызды  деп  санауы 
шарт. Мақсаттардың тәрбиеші үшін айқын, маңызды, субъективті болуы, білім 
мазмұнын  жаңарту  үдерісіне  белсенді  ат  салысуына  ықпал  етеді.  Сондай-ақ, 
мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту барысында тәрбиеші үшін маңызды 
бола отырып, оның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына жол ашады, 
яғни  белсенділік,  бірізділік,  прогресивтілік  үдерістері  жеке  тұлғаның 
психологиялық  деңгейін  көтереді.  Бұл  тәрбиелеу  мен  білім  беру  жұмыстарын 
ұйымдастыру  барысында  тәрбиешінің  алында  кездесетін  жағдайларға  өзіндік 
баға  беруі,  алға  қойған  міндеттерін  жүзеге  асыру,  оның  жолдарын  іздестіру, 
оларды орындауы, өзінің және өзгелердің жұмысына сын көзбен қарай алуымен 
байланысты.  Осыған  сәйкес  тәрбиешінің  өзін-өзі  шығрмашылық  тұрғыдан 
дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда: өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру, өзіндік 
іс-әрекет.  Осы  үдірістер  соңында  баланың  өзін-өзі  дамытуына  алып  келеді. 
Сонымен,  жоғарыда  аталған  білім  мазмұнын  жаңартудың  құрылымдық 
компоненттері  бізге  тәрбиеші  педагогтардың  тәрбиелеу  мен  білім  беруді 
ұйымдастыруда  ғылыми-танымдық  құндылықтарының  жиынтығы,  тәрбиелеу 
мен білім берудің мақсаттарын жүзеге асырудың бір жолы, жеке тұлғаның өзін 
дамытудың әдісі ретінде тануға мүмкіндік берді.  
    Ғылымда  функция  түсінігі  әлеуметтік-педагогикалық  аспектіде  белгілі  бір 
жүйені сақтауға, дамытуға бағытталған сол жүйенің сапалы көрсеткіші.  
    И.Ф.Исаев 
жоғарғы  мектеп  оқытушыларының  кәсіби-педагогикалық 
мәдениетін  зерттей  келе,  оның  функционалдық  компоненттерін  кәсіби-
педагогикалық үдерістің мазмұны ретінде қарастырады.  
    Автордың пікірімен келісе отырып, тәрбиешілердің білім мазмұнын жаңарту 
үдерісі  барысында  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың    өзіндік  қалыптасу 
мүмкіндіктерін,  жеке  тұлғаға  бағытталған  құндылықтардың  көріністерін  және 
көпқырлы  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  бұл  іс-әрекеттің  функционалдық 
компонентін ашып көрсету маңызды деп санаймыз.  

 
114 
    Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  функционалдық 
компоненттерін  төмендегідей  деп  көрсетеміз:  ғылыми-дүниетанымдық, 
адамгершілік, 
комуникативті, 
ақпараттық, 
оқытушылық, 
тұлғалық-
дамытушылық.  
Ғылыми-дүниетанымдық  қызметі. Мектепке  дейінгі  жастағы  қарапайым  білім 
берудегі  оқу  пәндері  арасындағы  өзара  байланысты  ашып  көрсетеді,  бұл 
олардың бір зат немесе құбылысқа түрлі қырынан қарауына ықпал етіп, аталған 
зат  немес  құбылыс  туралы  толық  білім  жинақтауына  мүмкіндік  жасайды. 
Мысалы,  өлі  және  тірі  табиғат  бірлігі,  адам  мен  қоғамның,  табиғаттың  өзара 
қатынасын  ашып  көрсетеді.  Сонымен  қатар  тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту  міндеттерін  шеше  отырып,  ғылыми  таным  құрылымына  деген  тұтас 
көзқарас  қалыптасады.  Көптеген  құбылыстардың  арасынан  өзіне  тиісті 
ақпаратты  іздестіре  отырып,  олар  жалпылау  (обобщение),  талдау,  қортынды 
жасау  дағдыларын  меңгереді.  Бұл  дағды  тәрбиешілерге  ғылыми  білім  алуды 
дұрыс  ұйымдастыра  білуге  мүмкіндік  жасай  отырып,  түсіндіру  құралы  бола 
алып, алдын ала көруді, әдіснамалық міндеттерді шешуді жүзеге асырады.  
Адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастыру  қызметі.  Тәрбиешінің    білім 
беру  мазмұнын  жаңарту  үдерісі  барысындағы  іс-әрекетінің  мазмұнын  ашады. 
Бұл  қызмет  тәрбиеші  тарапынан  білім  мазмұнын  жаңартуға  үлкен 
жауапкершілікпен  қарауын,  сондай-ақ  адамдар  мен  табиғатқа  деген  оң 
көрқарасының  қалыптасуымен  сипатталады.  Тәрбиеші  табиғаттың  адам 
өміріндегі  рөлін  сезініп,  оны  аялауды  тәрбиеленушілерге  үйретеді.  Өзін-өзі 
тануы  және  әлеуметтенуі  тәрбиенің  көздейтін  эстетикалық  және  т.б 
мақсаттарының жүзге асуына жол ашады. Зерттеу жұмысы барысында балалар 
кездесетін қиындықтарды бір-бірінің көмегімен жеңуге тырысып, өзара достық, 
жолдастық қатынастарының айқын көріністерін байқадық.  
Коммуникативтік  қызметі.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  барысында 
балалардың басқа адамдармен  қарым-қатынас жасауы басты қызметтердің бірі 
болып  саналады.  Олар  өз  құрбылас  достарымен,  тәрбиешілерімен,  басқа  да 
қызметкерлерімен қарым-қатынасқа түседі. Мұндай ақпарат алмасу балалардың 
тәжірибе  жинақтауын  қамтамасыз  етеді.  Осындай  жағдайда  балалар  түрлі 
адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, соның негізінде 
жаңа  білімдер  жинақтайды.  Балалардың  қарым-қатынасқа  түсу  белсенділігі 
оның, интеллектуалдық, психологиялық, жас ерекшелігіне, сөйлеу мәдениетіне, 
сөздік  қорына  және  т.б  қабілеттеріне  тәуелді.  Эксперимент  негізінде  біз  білім 
мазмұныны  жаңарту  үрдісі  комуникативтік  қызметінің  тиімді  жағдайларда 
жүзеге асуы төмендегі шарттарға тәуелді екендігін анықтадық: қарым-қатынас 
субъектілерінің 
қарым-қатынас 
жасауда 
қолданатын 
әдістері 
мен 
құралдарының  сәйкес  болуы,  субъектілердің  бірін  бірі  бағалай  алуы.  Бұл 
тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы  тепе-тең  бірлескен  әрекет  пен 
бірлескен шығармашылықтың негізінде жүзеге асады.  
Ақпараттық  қызметі.  Тәрбиешінің  қажетті  ақпаратты  іздеуге  деген  арнайы 
дайындығымен  тығыз  байланысты.  Білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  әр 
тұлға  түрлі  ақпарат  көздерінен  алынатын  ақпараттардың  ішінен  ең  бастысын, 
одан  кейін  оған  тиістісін  ажырата  алуын  сипаттайды.  Сондай-ақ,  мәселені 

 
115 
анықтау,  сұрақ  қоя  білу,  жоспар  жасай  алу,  ақпаратты  іздестірудің  кестесін 
жасай алу сияқты мамагдардың бойында өз іс-әрекетіне бейімділігін көрсететін 
дағдыларды сипаттайды. Бұл қызметтің мәні тәрбиешінің уақыт өткен сайын өз 
іс-әрекетіне  төселіп,  педагогикалық  шеберлігі  шыңдалып,  соған  қажет 
дағдыларының  дамуына  және  ақпараттар  ағымының,  көлемінің  ұлғаюына 
байланысты  артып  отырады.  Бұл  қызмет  тәрбиешілердің  жинақтаған 
ақпараттарын  тиімді  игеруімен,  пайдалануымен,  соның  негізінде  білімдерінің 
артуымен тығыз байланыста болады.  
    Тәжірибеде ақпараттарды игеру, яғни ақпараттардың тиістісін тану, тәрбиеші 
өз іс-әрекетінде ақпарат көздерін тиімді пайдала алумен сипатталады. Ақпарат 
көздерінің кейбір түрлерімен жұмыс жасау қиындықтар тудыруы мүмкін, бірақ 
ол мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасына, тәрбиелеу 
мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың талаптарына сәйкес келмеуімен 
байланысты болды. Мысалы: интерактивті тақталардың балабақшада болмауы, 
компьютерлік топтардың жабдықталмауы, интернетті пайдалану мүмкіндігінің 
қарастырылмағандығы.  
Оқыту қызметі. Бұл қызмет білім мазмұнын жаңартумен айналысу барысында 
әр  баланың  белгілі  бір  білім,  білік, дағдыларды  жинақтауын  сипаттайды  және 
ол  төмендегідей  факторлармен  анықталады:  балалардың  жас  ерекшеліктері, 
жеке  интелектуалдық  мүмкіндіктері,  белсенділіктері,  оқу-тәрбие  іс-әрекетімен 
араласуға  арнайы  және  психологиялық  дайындығы,  қарапайым  білім 
негіздерімен  қаруландыруға  арналған  керекті  материалдық-техникалық 
базаның  болуы,  дамыту  орталықтарының  әдістемелік  талаптарға  сай 
ұйымдастырылуы  т.б.  Сондай-ақ,  балалардың  қарайым  білімдерінің  толығуы, 
мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  білім  беру  бағдарламаларында 
қарастырылған  білім,  білік,  дағдыларды  жинақтауынан  көрініс  тапты.  Зерттеу 
базаларындағы  эксперимент  жұмыстарына  байланысты  тәрбиешілер  өздеріне 
таңсық болған жаңалықтарды ашып, таңқалдырып жатты. Осыған байланысты, 
олардың  білмегенді  біліп,  білімдері  одан  әрі  артып  отырды.  Білім  мазмұнын 
жаңартудың  жүзеге  асуына  кейбір  жайттар  кедергі  болды.  Атап  айтқанда: 
балабақшалардың  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етілуінің 
жеткіліксіздігі,  оқу  әдістемелік  еңбектердің  мазмұнын  қайта  жаңарту 
қажеттілігі,  теориялық  зерттеулер  жүргізуде  қазақ  тіліндегі  әдебиеттердің 
аздығы сияқты қиындықтар кездесті.  
Тұлғалық-дамытушылық қызметі. Білім мазмұнын жаңарту үдерісі балалардың 
өзіндік 
белсенді 
қабілеттерін 
дамытудан, 
нақты 
дүниетанымдық 
көзқарастарының анықталуынан көрінеді. Жеке тұлғаның ішкі талпынысының 
негізінде  шығармашылығының  жетілуіне  әсер  етеді.  Білім  мазмұнын  жаңарту 
үдерісі  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  жеке  тұлғасының  қызығушылықтары 
үйлесім  тапқан  жағдай,  яғни  оқу  тәрбие  жұмыстарының  мақсаттары  мен 
балалардың қызығушылықтары сәйкес болуы, таңдауға мүмкіндік жасалуы - іс-
әрекеттің тұлғалық-дамытушылық қызметінің жүзеге асуының басты шарттары 
болып табылады.  
    Тұлғаның жеке қабілеттері көрініс тауып, бақылау және салыстыру негізінде 
балалардың  жуапкершілік,  табандылық  сияқты  қасиеттерінің  дәрежелері 

 
116 
анықталды.  Балалардың  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарауы,  төзімділік  пен 
шыдамдылық  таныта  білуі  эксперимент  жұмыстары  мен  бақылау  жасауда 
ептілік  қажет  екендігі  анықталып,  олар  осы  қабілеттерді  меңгеруге  икемділік 
таныта  бастады.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  үдерісінің  бұл  қызметі  тек 
аталған  қабілеттер  мен  икемділіктерді    ғана  сипаттамайды,  сонымен  қатар 
жалпы  баланың  тұлғалық  ерекшеліктерін  айқын  ашып  көрсетіп,  оқу  тәрбие 
үдірісінде  белсенділіктері  төмен  балалардың  белсенділіктерінің  артуын 
бейнелейді. Бір сөзбен айтқанда, балалардың тұлғасының қалыптасып, дамуына 
оң  ықпалын  тигізеді.  Олар  білім  мазмұнын  игерумен  айналысу  кезінде 
шыдамдылық,  төзімділік  сияқты  қасиеттер  қалыптасып,  түрлі  ақпарат 
көздерінен алған жаңалықтар арқылы білімдері жетілді.  
    Білім  мазмұнын  жаңарту  үдерісінің  бұл  функционалдық  компоненттері  бір-
бірімен тығыз байланысты бола отырып, тұтас динамикалық бір жүйе құрайды 
да  бізге  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың 
тиімділігін көрсететін моделдің бір бөлігін қамтиды. Білім мазмұнын жаңарту 
барысына 
жасалған 
құрылымдық-функционалдық 
талдау 
оның 
ерекшеліктерінен,  көрініс  табатын  фактілерін  тіркеуге  мүмкіндік  береді. 
Осыған  сәйкес  біз  білім  мазмұнын  жаңартудың  қалыптасу  өлшемін  анықтау 
мәселесіне  көше  аламыз.  Білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесі  оның  критерилері 
мен  деңгейлерін  анықтаумен  тікелей  байланысты.  Критерий  –  зат  немесе 
құбылысты  бағалаудың  негізгі  белгісі.  Осы  мәселеге  қатысты  И.Ф.Исаевтың 
жоғарғы  мектеп  оқытушыларының  кәсіби-педагогикалық  мәдениетін  өлшеуге 
байланысты  қойылған  нақты  талаптарды  басшылыққа  алдық.  Ол  талаптар 
сапалық  көрсеткіштердің  сандық  көреткіштермен  сәйкес  болуымен  тығыз 
байланысты.  
    Автор  осы  талаптың  орындалуы  үшін  төмендегідей  ескертулер  жасайды: 
біріншіден,  нақты  критеридің  төменгі  немесе  жоғарғы  дәрежесін  көрсететін 
сапалық  көрсеткіштерді  анықтау;  екіншіден,  критерий  өлшелініп  отырылған 
сапаның  педагогикалық  кеңістіктегі  динамикасын  сипаттауы;  үшіншіден, 
критерий  іс-әрекеттің  негізгі  түрлерін  қамтуы  керек.  Білім  мазмұнын жаңарту 
үдерісінің  қалыптасу  критерилерін  анықтауда  осы  талаптарды  негізгі  деп 
таныдық.  Білім  мазмұнын жаңарту  балалардың  жеке  тұлғасының  қалыптасып, 
дамуына  ықпалын  ескеріп,  оның  құрылымын,  күрделілігін  мойындай  келе, 
олардың  өзінің  шығармашылық  әрекетінің  негізінде  жаңа  білімдер  мен 
дағдыларды  игеретіндігіне  көз  жеткіздік.  Осыған  байланысты  білім мазмұнын 
жаңартудығ  негізгі  критерилеріне:  зерттеудің  түрткісін,  ойлаудың  ғылыми 
стилін,  зерттеуге  деген  технологиялық  дайындық,  баланың  өздігінен  дербес 
әрекет  ету  белсенділігін  жатқыздық.  Аталған  критерилер  негізінде 
эксперименттің  қорытындыларын  пайдалана  отырып  олардың  әрқайсысының 
басты белгілерін ашып көрсетпекпіз.  
Зерттеудің  түрткісі.  Тәрбиешінің  іс-әрекетінде  танымдық  қажеттіліктерінің 
белсенділігі, 
зерттеудің 
маңыздылығын 
ұғынуы, 
зерттеуге 
деген 
қызығушылығының  болуынан  көрінеді.  Бұл  критеридің  көрсеткіштері 
сауалнама, жеке әңгімелесу, бақылау арқылы алынды. 

 
117 
Ойлаудың  ғылыми  стилі.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  критерилерінің  бірі 
ретінде  төмендегідей  көрсеткіштер  сипатталды:  өзіндік  зерттеу  әрекетінің 
құрылымдық  бөліктерін  ойластыра  алу,  ғылыми  ойлаудың  талаптарын 
орындауы, зерттеудің қорытындысын жасай білуі. Бұл критерий тәрбиелеу мен 
білім беру бақылаудың диагностикасы арқылы анықталды.  
Зертеуге  деген  технологиялық  дайындық.  Зерттеліп  отырылған  мәселеге 
қатысты басты түсініктерді меңгеруі, ғылыми танымның әдістерін пайдалануға 
қатысты  икемділіктері  мен  дағдылары.  Критерий  балалармен  топта  және  бос 
уақыттарында жүргізілген оқу, ойын, еңбек іс әрекеттерінің негізінде, бақылау, 
сауалнама, әңгімелесу қорытындысынан анықталды.  
Жеке  тұлғаның  шығармашылық  белсенділігі.  Балалардың  оқу,  ойын,  еңбек 
және  зерттеу  іс-әрекетіне  араласуы  барысында  өзіндік  белсенділіктері, 
қойылған  мәселені  шешуге  байланысты  мүмкіндіктерімен  сипатталады. 
Аталған  критериді  өлшеу  үшін:  өзін-өзі  бағалау,  бақылау,  сауалнама  жүргізу, 
олардың  іс-әрекетінің  қорытындысы  болып  табылатын  жұмыстарға  жасалған 
талдау  әдістерін  пайдаланып,  білім  мазмұнын  жаңартудың  өлшемдері  мен 
көрсеткіштерін айқындап алдық. Ол төмендегі кестеде көрсетілді.  
  
10 – кесте - Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың  
өлшемдері мен көрсеткіштері 
 
компоненттері 
өлшемдері 
көрсеткіштері 
Мотивациялық-
мақсаттылық 
Тәрбиеші 
педагогтардың 
білім  мазмұнын  жаңартуға 
деген 
қызығушылығы, 
қажеттілігі, 
белсенділігі 
мен ізденістері. 
-
 
білім  мазмұн  жаңарту 
қажеттілігін 
саналы 
түрде сезінуі; 
-
 
білім 
мазмұнын 
жаңартуда 
алға 
қойылған  мақсаттардың 
жаңартылуы; 

білім 
мазмұнын 
жаңартуға 
қызығушылығының 
болуы; 
- оқу тәрбие үдерісін  
жаңартуды 
жүзеге 
асыруда 
ынта-
ықыласының 
жоғары 
болуы; 
Мазмұндық- 
әрекеттілік 
Теориялық 
білімдерді 
игеруі,  біліктілігі,  білім 
мазмұнын 
жаңартудағы 
жаңа идеялары,  оқу-тәрбие 
үдерісін  жүзеге  асырудағы 
іс-әрекеттері, 
ұйымдастырыудың 

білім 
мазмұнын 
жаңартудың 
басты 
қағидалары 
мен 
заңдылықтарын 
ұстана 
білуі; 

білім 
мазмұнын 
жаңартудағы 
жаңа 

 
118 
формаларын 
түрлендіруі, 
мақсат,  міндеттерді  жүзеге 
асырудың 
жаңаша 
жолдарының 
қарастыырылуы. 
идеялардың ұсынылуы; 

қолданыстағы 
бағдарламалардың 
жаңартылуы; 

білім 
беруді 
ұйымдастырудың 
формаларының 
жаңартылуы; 

білім 
мазмұнын 
жаңартуда 
әдіс-
тәсілдердің жаңартылуы; 

білім 
мазмұнын 
жаңартуда 
пайдаланылатын 
құралдардың 
жаңартылуы; 
 
Бағалау- нәтижелілік  Білім  мазмұнын  жаңартуға 
болжам  жасай  білуі  және 
оған өзіндік баға бере білуі 

білім 
мазмұнын 
жаңартудың  деңгейлерін 
бағалай білуі; 
-  өз  іс-  әрекетіне  бақылау 
жасай алуы; 

білім 
мазмұнын 
жаңартудыі  деңгейлерігн 
айқындай алуы; 
 
Ұсынылған  өлшемдер  мен  көрсеткіштерді  пайдалана  отырып,  білім  мазмұнын 
жаңартудың  «жеткілікті»,  3-«  орташа»,  2-  «төмен»  деңгейлерін  анықтадық. 
Аталаған деңгейлердің сипаттамасы:  
-
 
жеткілікті  деңгей  –  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  технологиясын  толық 
меңгерген,  тәрбиелеу  мен  білім  беру,  ойын,  еңбек  және  қарапайым  зерттеу 
әдістерінің барлығын еркін пайданалана алады. Білім, білік, дағдыларды игеруге 
деген  қызығушылығы  басым,  жаңа  білім  мазмұны  танып  білуге  ынта 
ықыластары жоғары. Ақпарат көздерінен алған мәліметке талдау жасап, тиістісін 
тани алады. Өз жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу жолдарын біледі.  
-
 
орташа  деңгей  –  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  технологиясын  ішінара 
меңгерген,  тәрбиелеу  мен  білім  беру,  ойын,  еңбек  және  қарапайым  зерттеу 
әдістерін  пайдалана  алады.  Білім,  білік,  дағдыларды  игеруге  деген 
қызығушылығы орташа, жаңа білім мазмұны танып білуге ынта ықыластары бар, 
ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді көшіріп жазады, жұмыстың нәтижесін 
рәсімдеу жолдарын біледі.  
 төменгі  деңгей  –  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жұмысының  мәнін  түсінеді, 
тәрбиелеу мен білім беру, ойын, еңбек және қарапайым зерттеу әдістерін толық 
меңгермеген, білім, білік, дағдыларды игеруге деген қызығушылығы, жаңа білім 
мазмұны  танып  білуге  ынта  ықыластары  төмен,    ақпарат  көздерінің 

 
119 
кейбіреулерімен  ғана  жұмыс  істей  алады,  жұмыстың  нәтижесін  рәсімдеу 
жолдарын  нақты  меңгермеген.  Осылайша  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 
компоненттері,  критерйлері  мен  деңгейлерін  анықтау  теориялық  тұрғыдан 
мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  моделін  жасауға  мүмкіндік 
тудырды.  
   Осы  ұсынылған  моделді  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 
барысында  басшылыққа  алуына  болады.  Өйткені  аталған  модель  білім  беру 
мазмұнын  жаңартуға  мүмкіндік  тудыратын  барлық  өлшемдер  мен 
көрсеткіштерді  қамтиды.  Сонымен  қатар  құрылымдық  компоненттері  толық 
ажыратылып,  атқаратын  қызметтері  де  негізделген.  Моделде  білім  беру 
мазмұнын жаңартуда тәрбиешіге де қойылатын талаптар көрсетілген. 
Білім  мазмұныол  мектепке  дейінгі  жас  ерекшелігіне  арналған  мемлекеттік 
стандартта  белгіленіп, баланың жек тұлға ретінде қалыптасуына және әрі қарай 
дамуына  ықпал  ететін  қажетті  білімдер  жиынтығын  айқындайды.  Мектепке 
дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұны  қандай  қағидаларға  сүйеніп  таңдалатынын 
қарастырайық.  Оның  ең  басты  негізгілеріне  тоқталатын  болсақ:  Біріншіден, 
білім  мазмұны 
дамытушылық 
сипатта 
болып, 
баланың 
әлеуеттік 
мүмкіндіктерін ашуға бағытталуы тиіс. Мұнда Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, 
А.Г.Асмолов, «балалар көп нірсені тек қана үлкендерден ғана емес, бір-бірімен 
қарым-қатынас  арқылы  да  үйренеді»  десе,  А.П.Усова,  Н.Н.Поддьякова, 
А.Н.Поддьяков,  «балалар  әр  түрлі  обьектіні    өздігінен  зерттеп,    қарап  көру 
барысында,  тәжірибелік  іс-әрекетте  жан-жақты  дамиды»  -  деп  дәлелдейді.  Біз 
білетініміздей  баланың  мазмұндық  өзара  әрекеті  мен  дамытушылық  әрекетін 
үлкен  адамдар  арнайы  ұйымдастыратыны  белгілі.  Олардың  көмегімен  белгілі 
бір  обьектілер  құрылады,  оны  балалармен  бірге  талдау  жасайды.  Осы  орайда, 
педагог  баланы  дамытуға  тікелей  және  жанама  ықпал  ететуге  арналған  білім 
мазмұнын жақсы білуі қажет. 
Екіншіден, білім мазмұны жүйелілік сипатта болуы, мұнда баланың белгілі бір 
заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  өзара  байланысты  тек  қана    оны  тану 
арқылы  емес  бұрынғы  өткенмен  байланыстыра  жүйелі  түрде  қабылдауын 
қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Олардың  таным  түсінігінде  сол  заттар  мен 
құбылыстар  жайындағы  ақпараттар  кеңейтіліп,  нтижесінде  жаңа  обьектіні, 
материалдарды  жүйелі  меңгере  алады.  Бұл  баланың  обьеті  жайындағы  нақты 
білім  алуына,  талдау  жасай  білуіне,  нәтижеге  жетуде  болжам  жасай  алуға 
ықпал  етеді.  Білім  мазмұнына  жүйелілік  тұрғысынан  қарау  педагогқа 
«жалпыдан жалқыға ауысу» дидактикалық принципін жүзеге асыруда маңызды 
болмақ.  Үшіншіден,  білім  мазмұнының  жүйелілік  сақталуымен  қоса,  оның 
кіріктірілген  болуы  да  маңызды.  Төртіншіден,  білім  мазмұнының  көп 
мәдениеттілік  (поликультурный)  тәрбиені  қамтамасыз  етуі,  Бесіншіден, 
мектепке дейінгі білім мазмұнының базистік оқу жоспарында іс-ірекеттің алуан 
түрлерінің  қамтылуы  және  оның  негізгі  компоненттері:  мақсаты,  міндеттері, 
құралдарды  таңдауы,  әдіс-тәсілдерді  таба  білуі,  бақылау  т.б  қарастырылуы 
қажет. Алтыншыдан, білім мазмұнын жаңартуда баланың денсаулығын сақтау 
мен нығайту және психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау қажет. 

 
120 
    Моделде  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жоғарыда  аталған  құрылымдық 
бөлшектерімен  қатар  тәрбиешінің  аталмыш  іс-әрекетті  қалыптастырушы 
бірден-бір тұлға екендігіне баса назар аудардық. Осыған байланысты біз білім 
беру  мазмұнын  жаңарту  компоненттерінің  білі  тәрбиешінің  тікелей  қызметіне 
байланысты  болуы  басты  шарт  деп  таныдық.  Осыған  байланысты  біз 
тәрбиешінің  білім  мазмұнын  қалыптастыруға  байланысты  іс-әрекеті  мынадай 
компоненттерді қамтуы тиіс деп ойлаймыз. Олар: мақсаттылық, мазмұндылық, 
технологиялық, шығармашылық, рефлексивтік.  
    Атап  айтатын  болсақ,  мақсаттылық  –  тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту  дәрежесін  анықтауға  байланысты  талдау  жасай  алуы  және  оны  одан 
әрі  дамыту  мақсатында  нақты  міндеттерді  жүзеге  асыруы.  Балалардың 
жаңартылған  білім  мазмұнын  қабылдауы  төмендегідей  мақсаттарды  жүзеге 
асыруға  байланысты  анықталуы  керек.  Тәрбиешілердің:  тәрбиелеу  мен  білім 
берудің әдістемесін толық меңгеруі, ғылыми зерттеу жүргізудің ерекшеліктерін 
білуі,  балалардың  қызығушылықтарын  анықтай  алуы,  білім,  білік, 
дағдыларынының  дәрежесіне  сәйкес  болуын  қадағалап,  бастаған  жұмысты 
соңына дейін жеткізе білуге дағдылануы.  
Мазмұндылық – тәрбиешінің білім беру мазмұнын жаңарту мәслесіне қатысты 
теориялық  әдістемелік  дайындығы,  қойылған  мақсаттарға  жетуге  байланысты 
тиімді жолдарды таңдауы. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу, ойын, еңбек және 
қарапайым  зерттеу  іс-әрекетін  қалыптастырудың  оңтайлы  жоспарын  құру. 
Жүргізілетін  жұмыстың  формасын,  мақсаттарын,  міндеттерін  анықтай  білу, 
мазмұнына сәйкес жоспар жасау.  
Технологиялық  –  балалармен  жүргізілетін  оқу,  ойын,  еңбек,  зерттеу  іс-
әрекетінің  қалыптасуының  басты  шартарының  бірі  ретінде  танылған 
міндеттердің  жүзеге  асуына  ықпал  ету,  оның  ағымын  қадағалау,  басшылық 
жасау.  Тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  балалардың  дамуына 
ықпалын  анықтау  мақсатында  диагностика  жүргізіп,  жұмыстың  бағытын 
анықтайды.  Анықталған  кемшілктерді  жою  мақсатында  олардың  іс-
әрекеттеріне жетекшілік етеді.  
Шығармашылық – білім беру мазмұнын жаңартуда бұл компонент тәрбиешінің 
іс-әрекетінде басты болып табылады.  
    Философ Н.А.Бердяев пікірінше, шығармашылық – өмірдің тылсым құпиясы, 
адам  өмірінің    барлық  сатыларына  шығармашылықпен  қарауы  керек, 
шығармашылықтың адамгершілік және діни жолдары да болады, мұның бәрі–
өмірдің толық сипатын бейнелейді дейді. (228) 
    Осыған  байланысты  В.А.  Сухомлинский:  «педагог  балалардың  бойында 
шығармашылық дағдыларды қалыптастыру үшін өзі шығармашылықпен әрекет 
ете алуы тиіс»-деп ой тұжырымдайды.  
    Рефлексивтік  –  балалардың  ойын,  еңбек  және  зерттеу  іс-әрекетінің 
қалыптасуын талдау және түзету жұмыстарын жасауы.  
    Балалардың  тәрбиелеу  мен  білім  беру  жұмыстары  жоспарлану  мерзіміне 
байланысты тиісті уақытта аяқталады. Осы кезде тәрбиеші өзінің жұмыс жасау 
әлеуеті  мен  олардың  алған  білім,  білік,  дағдыларының  дәрежесін  анықтау 
мақсатында міндетті түрде рефлексия жүргізуі керек. Бұл олардың өз күштеріне, 

 
121 
білімдеріне  деген  сенімділік  тудырады.  Модель  балалардың  оқу,  ойын,  еңбек 
және  қарапайым  зерттеу  іс-әрекетіне  бейімділік  критерилерімен  қатар,  сол 
критерилердің  болуын  қадағалаушы  тәрбиешінің  тұлғалық  ерекшеліктерін, 
оның балаларға ықпал ету әсерін бейнелейді. Моделде көрініп тұрғандай,  білім 
мазмұнын  жаңартуда  балаларға  да  және  осы  іс-әрекетті  ұйымдастырушы 
тәрбиешіге де жоғары талаптар қойылып отыр. Сондай-ақ, білім беру мазмұнын 
жаңарту үшін қажетті шарттар ретінде танылатын балалардың бойында болуға 
тиіс  қабілеттерді  дамытып,  өздігінен  дербес  әрекет  етуге,  өз  қызығушылығын 
қанағаттандыра  отырып,  керекті  білімдер  жинақтай  алады. Осы  модель  толық 
қамтылған  жағдайда  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жүзеге  асырылады. 
Тәрбиеші  де  балаларда  өздерінің  қызығушылықтарын  қанағаттандырып,  өз 
беттерімен  әрекет  етуге  төселіп,  өздерінің  күштеріне,  білімдеріне  деген 
сенімділік  пайда  болып,  жалпы  білімге,  ғылымға  деген  қызығушылықтары 
артады. Нәтижесінде: 
–тәрбиеші өз қызығушылығының негізінде білім беру мазмұнын жаңартуға өз 
үлесін қосады; 
–тәрбиешінің  білім беру  мазмұнын  жаңарту  барысында,  ақпараттарды  талдау, 
жинақтау негізінде ойлау қабілеті дамиды; 
–білім беру мазмұнын жаңарту барысында зерттеу жұмысының ретін меңгереді; 
–білім  беру  мазмұнын  жаңарту  барысында  тәрбиешінің  ізденісі  артып,  терең 
ойлану нәтижесінде шығармашылық белсенділігі артады.  
Тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  барысында  осындай 
мүмкіндіктерге  қол  жеткізеді.  Біздің  ойымызша,  тәрбиешінің  білім  беру 
мазмұнын  жаңартумен  айналысуы  өте  маңызды  және  өз  тәжірибесіне  сүйене 
отырып жұмыс істейді.  
Жоғарыда айтылған ойды жинақтай, қорытындылай келе біз мектепке 
дейінгі білім беру мазмұнын қалыптастыру моделін төмендегідей ұсынып 
отырмыз. ( - сурет) 

 
122 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұстанымдары: ғылыми, 
жүйелілік, бірізділік, түсініктілік 
 
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын 
жаңарту, тәжірибеде қалыптастыру 
 
Ұстанымдары: дамытушылық, 
ізгілендіру, мәдениеттану, 
сабақтастық 
 
Тұғырлары: жекетұлғалық  
іс-әрекеттік, жүйелілік, 
құзреттілік, акмеологиялық, 
мәдениеттанушылық 
 
Өлшемдері мен 
көрсеткіштері 
 
Дайындық-болжау, 
қалыптастыру, негізгі-
нәтижелі, қорытынды 
Әдістері: оқутаным іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, 
бақылау, басшылық, зерттеу 
жүргізу 
 
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту компоненттері 
 
Мақсаттылық 
Технологиялық 
Шығармашылық 
 
Рефлексивтік 
 
Мазмұндық 
 
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту құрлымы 
 
Мазмұндық 
компонент 
 
адамгер-
шілік 
 
шығармашылық 
 
ғылыми-
танымдық 
 
дамытушылық, 
тәрбиелік 
 
Коммуникатив-тік, 
ақпараттық 
 
Құрылымдық 
компонент 
 
технологиялық 
 
гносиологиялық 
 
тұлғалық 
дамытушылық, 
тәрбиелік 
 

 
123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        Нәтижелік компанент   
    Мектепке дейінгі білім мазмұны жаңартылып, тәжірибеде дәйекті дәлелденіп, әдістемелік жүйесі жасалып, 
жаппай тәжірибеге енгізу 
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың деңгейлері: 
«жеткілікті»                 «орташа»                          «төмен» 
Функционалдық 
компонент 
 
отбасы, ата-ана 
 
балабақша 
 
мектеп 
 
әлеуметтік орта 
 
әдістемелік 
ұйымдастырушы
лық 
 
білім беру, 
оқыту 
 
балабақша меңгерушісі 
 
әдіскерлер, 
тәрбиешілер 
 
нормативтік- 
құқықтық құжаттар 
 

 
124 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет