2.
Тіл дамыту
Балаларды
айналасындағы
адамдармен
жолдастарымен мәдениетті түрде сөйлесе
білуге тәрбиелеу жолдары. Өз ойларын
әңгімелесі, сөйлесі кезінде ашық, дәл,
жүйелі
айтуға
үйрету.
Ана
тіліне
құштарлық. Қазақ тілі дыбыстарының
ерекшеліктері: дыбыстарды айту, қайталау
және еліктеу. Сөздің фонетикалық жағын
меңгерту. Ана тілінің дыбыстық жүйесі.
Дыбыстарды
олардың
сапалық
сипаттамасына қарай салыстыру. Сөздің
граматикалық құрылысы. Жай сөз, күрделі
сөйлем, Сөздердің лекцикалық мәні, оны
түсіну
және
оны
пайдалану.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ертегілер
мен шағын әңгімелерді айтып беру,
ұсынылған жоспар бойынша, үлгі бойынша
әңгімелер
мен
ертегілердің
белгілі
ерекшеліктерін сақтай отырып әңгімелеу.
т.б.
1.Өз
бетіңмен
дербес
ойлан
әдісін қолдану.
2.Басқа адамнан
сұра, кітаптардан
қара, өз бетіңмен
ойлан әдістері.
3.
Балалар
көркем
Көркем
әдебиетке
балалардың
қызығушылығын
арттыру
жолдары,
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
236
әдебиетімен
таныстыры
у
оқылған шығарманың мазмұнын түсініп
әңгімелеуге, ондағы басты кейіпкерлердің іс
әрекетін
бағалай
білуге,
өздігінен
қорытынды жасауға үйретуді қарастыру.
Көркем шығарма желілісіндегі жүйелілікті
түсініп, әдеби тілдің көркемдігін дұрыс
өабылдай білуге төселдіру. Халық ауыз
әдебиеті үлгілерімен таныстыру: ертегілер,
күлдіргі
өлеңдер,
өлең
тақпақтар,
санамақтар,
қаламақтар,
жұмбақ,
жаңылтпаштар т.б. Мәнерлі тіл құралдары.
Әдеби
шығармаларға
оның
тілінің
ерекшелігі. Интонациялық және мимикалық
мәнерлеу құралдары. (екпін, тон, дауыс,
тыныс, қарқын, ым, ишара, мимика). Ұқсас
ертегілерден шағын сипаттау, баяндау
түріндегі әңгімелер құрастыру.
әрекеті: Бақылау,
дербес іс-әрекет,
басқа
адамнан
сұра,
кітаптан
қара.
4.
Сауат ашуға
және жазуға
үйретуге
дайындық
Сауат ашу. Сөздің дыбыстық құрамын
талдау. Сөз және сөйлем ұғымы туралы
түсініктерін
қалыптастыру.
Дауысты,
дауыссыз
дыбыстармен
танытыру,
таныстырылған дыбыстарды сөз ішінде
басқа
дыбыстардан
ажырата
білуге
жаттықтыру.
Дыбыстарға
сәйкес
дидактикалық ойындар ұйымдастыру. Сауат
ашуға арналған дәптермен жұмыс жасау.
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті: Бақылау,
дербес
іс
-
әрекет,
басқа
адамнан
сұра,
кітаптан қара.
5.
Қарапайым
математика
лық
түсініктерме
н
таныстыру
Сан. Сандар, заттардың көлеміне, құрамына,
ара қашықтығына, кеңістіктегі орнына,
санау бағытына байланысты емес екендігін
дәлеледеу. Онға дейін санау, ретік санау,
қатар тұрған сандарды санау. Теңдік пен
теңсіздік ұғымы. Кеңістік, көлем, пішін,
уақыт ұғымдарымен таныстыру.
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті:
1Бақылау, дербес
іс - әрекет, басқа
адамнан
сұра,
кітаптан қара.
2.Бақылау,
дербес
іс
-
әрекет,
басқа
адамнан
сұра,
кітаптан қара.
6.
Бейнелеу іс
әрекеті:
Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
Көркем
Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары:
түс, көлем, пішін, композиция. Сурет салу,
мүсіндеу, жапсыру. Сәндік қолданбалы өнер
туындылары.
Кемпірқосақ
түстері,
түстердің
араласуы.
Сурет
салуды
дәстүрден
тыс
әдістері.
Мүсіндеудің
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті: Бақылау,
дербес іс - әрекет
әдістері.
237
құрастыру
және
қол еңбегі
әдістері.
Саздың
қасиеттері.
Сазды
пайдалану
ерекшеліктері.
Жапсырудың
әдістері.
Құрастыру ісінің баланың жеке басын
қалыптастыруға көңіл аудару. Балалардың
шығармашылық
қабілеттерін
дамыту,
қиялды. Ойлау жүйесін, кеңістікті түсінуге
ықпал ету. Құрлыс материалдарынның әр
түрлі қасиеттерімен таныстыру. Бар пішінді
ажырата білуге және түстерді дұрыс атауға
үйрету. Құрлыс материалдарымен құрлыс
салу тәсілдері. Мазмұн бойынша құрлыс
салу. Ұжымдық құрастыру. Құрлыс салып
ойнау.
.
7.
Музыка
Музыкалық шығармаларды тану және оның
сипаты. Музыканың сипаты, көркемдік
құралдары:
динамика,
тембр,
темп,
дыбыстың жоғарылығы. Әр түрлі әндерді
мәнерлеп орындау. Ән салу: әуезді, сазды,
жеңіл, құбылмалы, көңілді. Күшке түсірмей
табиғи дауыспен ән салу. Көппен бірге,
жеке
дауыста,
ән
айту,
музыка
сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз ән
орындау. Музыка әуеніне сәйкес би қимыл
қозғалыстарын орындау. Қазақ халқының
биі, басқа халықтар билерінің элементтері.
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті:
1. Дербес іс -
әрекет, бақылау,
тәжірибе әдістері
2. Дербес іс -
әрекет, бақылау,
тәжірибе әдістері
8.
Дене
тәрбиесі
Балалар
өмірін
қорғау,
денсаулығын
нығайту,
салауатты
өмір
салтын
қалыптастыру.
Сауықтыру
шынықтыру
жұмыстары.
Мәдени
гигиеналық
дағдыларға тәрбиелеу. Сапқа тұру. Қайта
тұрғызу. Жүру. Жүгіру. Секіру. Өрмелеу.
Лақтыру. Тепе теңдік. Жалпы дамыту
жаттығулары.
Балалардың
қимылдың
барлық түріне саналы, белсенді түрде,
бұлшық еттерін дамыту арқылы қол
жеткізу.
Спорттық
ойындар
мен
жаттығулардың алғашқы түсініктерімен
дағдыларын
қалыптастыру.
Қимыл
қозғалыс қызметінде шығармашылығын
дамыту.
Қимылды
ойындар
мен
жаттығуларды өз бетінше ұйымдастырып,
өткізуге деген ықыласын тәрбиелеу. Сазды
ырғақты қимылдар. Спорт ойындары және
жаттығулар.
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті:
1.Дербес
іс
-
әрекет, бақылау,
тәжірибе
әдістері.
2. Дербес іс -
әрекет, бақылау,
тәжірибе әдістері
3.Бақылау,
дербес іс - әрекет
әдістері
238
9.
Валеология
негіздері
Жас ерекшелігіне сәйкес баланың өсіп
дамуы, дене мүшелері, денсаулғы, оны
сақтау, шынықтыру, аурудың алдын алу
шаралары, тамақтандыру, жеке басының
тазалығын сақтау, күн тәртібін дұрыс
пайдалану, табиғат, қоршаған ортамен
тығыз қатынаста болу. Көңіл күйді көтеру.
Су және оның табиғатта алатын орындары,
судың еріткіштік қасиетін зерттеу
жұмыстары арқылы суда еритін, ерімейтін
заттар туралы мәлімет беру. Балалардың
қызығушылықтарын, байқағыштығын, суды
ластауға,
оған
қамқорлақ
көзқарасқа
тәрбиелеу.
Зерттеу
іс-әрекеттерін
қалыптастыру.
Тәжірибелік
зерттеу
іс-
әрекеті:
1.Суға қант, тұз
салу.
Еріп
көрінбей
кетті,
дәмі өзгерсе де,
түрі өзгермеді.
Бақылау, дербес
іс-әрекет әдістері
2.Стақандағы
суға құм, тас
салу
Бақылау, дербес
іс-әрекет
әдістері.
3.Стақанға
салқын су құю.
Стақан
қабырғасында
ұсақ көпішіктер
пайда
болды.
Бұл ішіндегі ауа.
Бақылау, дербес
іс
-
әрекет,
тәжірибе әдістері
Қосымша Б
Білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану
Зерттелетін мәселе: Көктемгі табиғат аясындағы еңбек.
Зерттеу іс–әрекетінің мақсаты: Табиғат туралы балалардың ұғымын кеңейту.
Туған өлкенің табиғатының әдемілігін көре білуге және оған деген
сүйіспеншілігін арттыру, көктемгі табиғат аясында еңбек ету арқылы
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Тәжірибелік зерттеу іс әрекетін қалыптастыру.
Тәжірибелік зерттеу іс-әрекеті: Дербес ойлану. Балалардың назарын табиғат
көркіне, аулада өсіп тұрған биік ағаштарға, гүлге, арық жағасындағы шөптер
мен сылдырап аққан суға, құстарға аудара отырып өз ойларын ортаға салады.
-
айтыңдаршы қазір қай жыл мезгілі? Көктем.
-
көктемде жер бетінен қандай өзгерістер байқасыңдар?
-
балалар, ағаштың берер пайдасы көп, ағашты сындырмай күтуіміз керек.
Біздің ауладағы ағаштармен қатар гүлдіктер мен гүлзарлар бар. Бүгін біз
бірнеше түрлі гүлдердің көшеттерін отырғызамыз. Еңбек әрекеті. Енді балалар
біз ауламыз әдемі болып тұру үшін өз үлесімізді қосайық. Ол үшін өзіміз
239
отырғызатын көшетіміздің орнын белгілеп, бәріміз бірігіп көшет отырғызамыз.
Еңбекке қажет қажет құралдармен танысайық (күрек, шелек, су, тырма).
Көшеттің орнын қазып аламыз, балалар оған бақылау жасай отырып, өздерінің
құралдарымен көмектеседі, көшетті отырғызуды тәрбиеші көрсетеді,
балалармен бірге көшетті орнықты етіп отырғызып, айналасын топырақпен
жабамыз, қопсытамыз, енді су құямыз деп түсіндіреді. Бұл жерде балалар
топырақтың құрамына назар аударады, көшеттерді күтіп баптап, оның өсіуіне
бақылау жасайды.
Еңбек туралы мақал – мәтелдер айту.
1. Еңбек түбі береке
Көптің түбі мереке
2. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Қорытынды. Балалар бүгінгі табиғат аясындағы еңбек ұнады ма? Қандай
тәжірибелік зерттеу іс- әрекетін жасадық? Өте жақсы еңбек еттіңдер, енді осы
отырған көшеттерімізді күнделікті серуен кезінде күтетін боламыз.
Зерттелетін мәселе: Күз неліктен « Алтын күз» деп аталады?
Зерттеу іс–әрекетінің мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері
жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы
түсінік беру. Ағаштарды-бұталары, жапырақтары мен жемістеріне қарай бір–
бірінен ажырата білуге үйрету. Бақылау жасай білу дағдыларын дамыту. Күзгі
табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
І. Тәжірибелік зерттеу іс-әрекеті:
1. Зерттеу әдісі: Өз бетіңмен дербес ойлан.
Ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап ағаштар мен
бұталарды салыстыру, аттарын ойлану, бір-бірінен айырмашылығы қандай?
1-2 минөт ойлануға уақыт беріледі. Балалар өз ойларын ортаға салады.
2. Басқа адамнан сұрау: Үйге барғанда ата-аналарыңнан, ағаларыңнан,
апайларыңнан сұрадыңдар ма? Не себептен «Алтын күз» деп айтылатынын.
Ағаштардың жапырақтары қандай? Қай ағашта тек сары түсті жапырақтар
(аққайыңда, жөкеде), қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде), қай
ағашта қоңырқай түсті (емен), басқа да түстерді іздейді. Жапырақтарда қандай
түс басым көп деп ойлайсыңдар?! Күз туралы өз ойларын ортаға салу. Балалар
қазір күздің қай кезеңі: «Ерте» күзді ме, «Кеш» күзді ме? Өздерінің жинаған
жапырақтары, бұталарынан әдемі бұтақтар, жапырақтар шоғын жасайды.
2.Тәжірибелік зерттеу іс-әрекеті:
Бақылау әдісі: Күзгі жапырақтарды бақылау. Әр балада кептірілген сары,
қоңыр, қызыл түсті жапырақтарды таратып береді. Балалар олардың түсіне,
пішініне назар аударып қарап көреді. Жапырақтар не себептен сары түске
боялды? Балалар жауаптарынан соң тәрбиеші өзінің пікірін айтады.
3. Кітапта қарау әдісі: Күзгі жапырақтардың суретін көрсете отырып көркем
шығарманы тәрбиеші мәнерлеп оқиды. «Күзгі жапырақтар» Қ. Шаңғытбаев.
Шығарманы түсіндіреді, сұрақ сауалдар арқылы таладау жасайды.
а) кітаптағы суретте берілген жапырақтар бойынша ағаштарды тауып,
аттарын атайды;
240
ә) Күзгі жапырақтарды бояу түстерін үйлестіре отырып бояйды.
4 . Қорытынды. 1. Балалар бүгінгі зерттеу жұмысынан қандай қорытынды
шығаруға болады? 2. Өздеріңе қандай жаңалық аштыңдар?
Ей, адамзат, алдыменен досыңды ұқ,
Досың жер, су, ауа, өсімдік.
Ала отырып олардың сыйлығын,
Осыларды қорғамау деген не сұмдық!-деп зерттеу жұмысының мәнін
түсіндіру. Балалардың пікірін тыңдау, тәрбиешінің қорытынды пікірі.
Зерттелетін мәселе: Судың пайдасы.
Зерттеу іс–әрекетінің мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін кеңейте
түсу, судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Суды үнемдеп
пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Зерттеу іс- әрекеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру сәті. Тәрбиеші жұмбақ жасырады, оның шешуі бүгінгі зерттеу
мәселеміз болады.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік құрайды (Су)
Дербес ойлану: Балалар судың қасиеті туралы өз ойларын ортаға салады.
а) су – түссіз - бояғыш қоссақ - түс пайда болады
б) су-дәмсіз, иіссіз-дәмін келтіруші қоспалар қоса-дәм пайда балады.(Қант, тұз)
Іші суға толтырылған екі стақан: біреуінде тұзды су, екіншісінде тұзсыз су.
Балалардың әрқайсысы судың дәмін татып, тұзды су ішуге жарамсыз деген
қорытынды жасайды.
Тәжірибелік зерттеу іс- әрекеті: Үнтаспадан судың сылдырын есту. Су
туралы тақпақ айту.
а) Көлшікте, теңіз, мұхитта,
Су құбырында боламын.
Мұз боп қатамын,
Тұман боп үйге кіремін.
б) Пешіңіздегі шәйнекте,
Бұрқылдайды шай болып,
Қантты да ерітеді.
1. Суға қант, тұз салу. Еріп көрінбей кетті.
Тәжірибе, бақылау, дербес іс - әрекет әдістері.
2. Стақандағы суға құм, тас салу
Бақылау, дербес іс - әрекет әдістері.
3. Стақанға салқын су құю. Стақан қабырғасында ұсақ көпішіктер пайда
болды. Бұл ішіндегі ауа.
Әңгіме жүргізу. Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар мен теңіздер, өзендер, көлдер
алып жатыр. Оны біз картадан, глобустан көруімізге болады.
-
Жер бетіндегі сулардың бәрін бірдей ішуге бола ма?
241
-
Мұхиттар мен теңіздердің қайбір өзен, көлдердің сулары ащы
болғандықтан оны ішуге болмайды. Бірақ онда тіршілік бар. Балықтар т.б
тіршілік иелері өмір сүреді.
-
Су өте қажет, оны ысырап етпей пайдалану қажет.
Тәжірибелік зерттеу іс- әрекеті: Глобуспен жұмыс. Бақылау әдісі.
Балалар бұл планентамыздың кішкентай үлгісі.
-
Осы глобуста қандай түс көп?
-
Көгілдір түспен не белгіленген?
-
Су қайда болады?
-
Жер бетінде су көп, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге
жарамайды, бірақ онда тіршілік бар (балықтар т. б.)
Қимылды ойын «Толқиды теңіз»
Қорытынды. Балалар, су не үшін қажет? Су қай жерде болады? Су қандай
өзгеріске ұшырайды?
-
Балалар, бүгінгі жасалған тәжірибелерден не байқадындар?
-
Зерттеу жұмыстарыңнан өздеріңе нені алдыңдар?
-
Таза су – тіршілік атаулы өмірінің нәрі, табиғи құнды байлық.
-
Суды ретсіз, ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды
тазалау үрдісі өте қиын, қымбат. Зерттеу жұмысы қорытындыланып,
балалардың ой пікірлері тыңдалады. Жалпы зерттеу іс-әрекетін балабақшада
ұйымдастыру әдістемесі өз жетістіктерін көрсетті, жаңа технология ретінде
пайдалануда тәрбиешілер оң пірілер білдірді.
Жобалау әдісі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
технологиялық картасы
Білім беру салалары: Қатынас, Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, мүсіндеу.
Тақырыбы: Ұлпа қарлар.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігі, қыста болатын табиғи құбылыстарды
ажырата білуге, табиғаттың әсемдігін сезіне білуге үйрету. Балалармен жауып
тұрған қарды бақылап, қасиеттерін анықтау: қар аппақ, мамықтай жеңіл,
жапалақтап жауып тұр, аулада қар ұшқыны қалықтайды, олар ағаштарға, жерге
қонады.
Табиғатты
бақылай
отыра
сүйіспеншіліктерін
арттыружыл
мезгілдерінен айырмашылықтарын түсіндіру, еңбекке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Қыс, суық, боран, аяз, мұз, мамық, ұлпа.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Бақылaу:Ұлпа
қарларды
бақылау. Қолдарыңды созып
тұрыңдар,
қар
сендердің
қолғаптарыңның үстіне қонады.
Қар ұшқыны неге ұқсайды?
Жұлдызға,
ою
-
өрнектерге
кестеге
ұқсайды.
Ұйымдастыру-
2.
Енді
ұлпа
қарларды Ұлпа қарлардың пішініне
242
ізденушілік
қолғаптарыңды
шешіп,
алақандарыңа ұстаңдар.
3.Тәжірибе
әдісі.
Қардың
қалыңдығын өлшеу.
Ауланың әр жеріндегі қардың
қалыңдығын өлшеп салыстыру.
Қарды аяқпен басқанда қандай?
(жұмсақ,
сықырлайды,
сырғанайды т.б). Неге қар
қалың? Кейбір жерлерде жұқа?
Себебін балалар өздері айтуға
талаптанады.Тәрбиеші көркем
сөз оқиды. Аппақ қар жауа бер,
риза ғой саған ел. Боратты ау
бораннан, қайратын қарай көр.
Біз батыл баламыз, жылы үй –
қорамыз.Ал ұлпа қарыңнан,
аққала саламыз. Қыс мезгіліне
сәйкес
жұмбақтарды
шешешкізу.
назар аударыңдар? Ол
қандай? (Мамықтай ұлпа).
Олар еріп кетті. Неге олар
еріп кетті Қолдарымыз
жылы, сондықтан ол су
болып қалды. Қар қандай?
Ол неге ұқсайды?
- Балалар, осы тақпақ
қазіргі ауа – райына
сәйкес келе ма?
- Сәйкес екендігін қайдан
білдіңдер?
- Өйткені бүгін қар жауып
тұр, қар аппақ ұлпа. Ұлпа
деген сөздің мағынасын
түсіндіріп,
сөздік
жұмысын жүргізеді.
Балалар жұмбақ шешеді.
Рефлексивті –
түзетушілік
Ойын: «Ізшіл аңшы». Мақсаты:
Қар үстіндегі іздер арқылы
кімнің
қандай
іздер
қалдырғанын ажырата білуді
үйрету. Қорытынды.
Балалар қардың
қасиеттерімен танысып,
ерекшеліктері жайында
әңгімелеп береді.
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: Балалар қыстың ерекшеліктерін нақты ажырата білуге үйренді,
Жұмбақтарды шеше білуге үйрену.
Қандай түсініктерді игерді: Қыс, суық, боран, аяз, мұз, аяз ата, аққала,
мүсіндеу, аяз ата, ұлпа, мамық сөзерінің мағынасын түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөйлеуге және сөйлем құрауға,
жұмбақ шешуге үйренді. Қарапайым тәжірибе жасауға дағдыланады.
243
Қосымша В
Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде ата - аналармен
жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы, әдістері
Психологиялық – педагогикалық білім көтеру формалары
Балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
А) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер
оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік
жұмыстар т.б)
Б) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата аналар жиналысы,
бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық -техникалық база жасауға
көмектесу);
В) балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-
аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер мектебі);
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың
педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара
ынтымақтастығына
және
тәрбие
жұмысының
әлеуетін
арттыруға
бағытталғандықтан ата-аналармен жүргізілген жұмыста төмендегідей әдістерді:
бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест, сауалнамалар қолданып, жұмысты
ұйымдастырудың формаларын ұсындық. (Аталған жұмыс түрлерінің мазмұны
қосымшада ұсынылды).
Педагогикалық білім беру- бұл, бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-
аналарды таныстырады және олардың негізгі педагогикалық мәдениетін
қалыптастыруға көмектеседі.
Дәрістер – бұл, бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан-жақты терең талдау
жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайды немесе
құбылысты талдау жасау болып табылады.
Конференция – бұл, бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны
бекіту.
Ата-аналарға арналған конференциялар – балабақшаның тәрбиелеу мен білім
беру жүйесінде ерекше маңызды орын алады.Ата-аналарға арналған
конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеудің өзекті
мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты
қарастырылады. Ата-ананың ролі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы
тәрбиесінің маңызы,т.б тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналармен жұмыстың формалары
Дәстүрлі
Дәстүрден тыс
1
2
-
ата-аналар жиналыстары;
-
жеке топтық және
балабақшаның жалпы
-
ата-аналармен тренингтер
өткізу;
-
пікір сайыстар жүргізу;
244
конференцияларын
ұйымдастыруы;
-
тәрбиеші-педагогтің жеке
кеңесі;
-
балалардың үйінде болуы;
-
ашық есік күндері;
-
психологиялық демалыс
сәттері; (разминки)
-
дөңгелек үстел;
-
ауызша журнал;
-
ата-аналар кештері;
-
ата-аналар оқулары;
-
ата-аналар рингі;
-
ашық сабақтар;
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі
ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер т.б міндетті
түрде қатысады. Мұндай конференцияларға ата аналар белсенді түрде
қатысулары қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау
жасайды. Конференцияның ерекшелігі сол- мұнда арнайы аталған мәселенің
жай- жағдайын шешудің нақты жолдары қарастырылуында.
Практикумдар-ата-аналардың
бала
тәрбиесі
жайында,
педагогикалық
жағдаяттардан шығуда олардың педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.
Ашық
сабақтар–ата
–аналарды
бағдарлама
бойынша
қол
жеткен
жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру.
Мұндай сабақтарға ата-ананалардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие
жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады,
баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.
Жеке тақырыптық кеңестер-бұл, ата-аналармен өзінің баласы жайында,
балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір
алысуда маңызды. Жеке кеңестер-тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс
орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік
іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын-ала дайындалғаны
абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып,
жоспарлап алған дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-анамен
тәриешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт.
Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызды
мәліметтермен таныстырды:
-
баланың денсаулығының ерекшеліктері;
-
оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
-
отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
-
мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
-
мінез сипатының ерекшелігі;
-
ойын әс-әрекетіндегі белсенділігі;
-
құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері; т.б
Үйге бару–мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың
отбасындағы жағдайымен танысу.
Ата-аналар жиналысы–тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау
және тәжірибені мектепке дейінгі педагогика ғылымы негізінде ой елегінен
өткізу.
245
Жалпы ата-аналар жиналысы – жылына екі рет өткізіледі. Мақсаты:
балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстыру, балабақша
жұмысының негізгі бағыттары, міндеттері мен қорытындысын таныстыру.
Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен
қорытынды есебі сипатында болды. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер,
тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйледі, есебі
тыңдалды. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны
жоюдың жолдары қарастырылды.
Ата аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайындаата аналармен өткізілетін өте
қызықты жұмыс түрінің бірі. Мұнда олар тек қана педагог, психологтарды
тыңдап қана қоймайды, өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып, оқып
үйреніп оны талдауға қатысты. Оны ұйымдастырудың жолдары: біріншіден,
оқу жылының басында, алғашқы ата–аналар жиналысында оларды
толғандыратын педагогикалық, психологиялық проблемаларды анықтап алды.
Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды.
Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата–аналарға оқу ұсынылды.
Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелерінің шешу
жолдарын айтып баяндады, пікір бөлісті. Тәрбиешімен ой бөлісті. Таңдалатын
тақырып қызықты әрі барлық ата–аналарға ортақ, толғандыратын тартымды
болғаны тиімді болды.
Ата–аналар кештері – мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке
бірлікке шақырады. Ол жылына бір, екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар
қатыспайды. Ата–аналар кештерінің маңызы-ең бастысы мұнда олар өз
балаларының достарының ата–аналарымен пікірлесіп, балаларының өмірлік
маңызды мәселелерін талқылады. Ата–аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін
тыңдауға, өзін және өзгені тыңдай білуге ішкі жан дүниесімен бөлісе білуге
үйренді.
Ата-аналар кештерін өткізуге ұсынылған тақырыптар:
«Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы», «Баланың ең алғашқы
кітабы», «Менің баламның болашағы?», «Мен оны қалай көремін?», «Менің
баламның достары», «Менің отбасымның мерекесі», «Біздің отбасымыздағы
«болады», «болмайды» ұғымдары жайында», «Туған күнді қалай тойлайсыз?»,
«Біздің балаларымыздың айтатын әндері».
Аталған кештен атаналар бір біріне үлгі боларлықтай пікір бөлісіп, өз
тәжірибелерін ортаға салып, тың, жаңа, қызықты мәселелерді өздері
үренетіндей болғаны абзал.
Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер-бұл ата-аналардың өз балаларының
мінез-құлқын оқып үйренуге, қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс
түрі. Тренингқа ата-аналарлың екеуі де қатысқаны тиімді. Тренинингқа 12-15
ата-ана қатыса алды. Теренингқа ата-аналар тұрақты түрде және белсенді
қатынасып отыруы тиіс. Оның нәтижесіне жету үшін 5-8 рет өткізгенде
тиімділігі байқала бастайды. Ол негізінен балабақша психологымен бірлескен
жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі. Тренингтерді төмендегі тақырыптарда
өткізу ұсынылды: «менің сүйікті ойыншығым», «менің сүйікті кейіпкерім»,
«балалар ойыны», «балалықты еске алу», «менің отбасым туралы бейне көрніс»,
246
«компьютердің пайдасы мен зияны» т.б. Педагогтар мен ата-аналарға кеңес
егер:
– баланы үнемі сынап, мінейтін болсаңыз – онда ол барлығын жек көретін
болып үйреніп кетеді;
– балаға жөнсіз күліп, үнемі ескерту жасасаңыз ол тұйық, ұялшақ, бұйығы
болады;
– балаға үнемі ескерту мен тежеу жасасаңыз, ол өзін кез келген ортада кінәлі
сезінуге үйреніп кетеді;
– баланы орынды мақтай, мадақтай білсеңіз, ол ақылды, байсалды, салмақты
болуға талаптанады;
– баланға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз ол өзін өзі бағалай білетін болады;
– балаңыз шыдамды, төзімді болып өссе, онда ол басқаларды да түсіне білуге
үйренеді;
– бала шындықты айтып өсетін болса, ол шыншыл, адал азамат болып
қалыптасады;
– бала алаңсыз, қауіпсіз жағдайда өсетін болса ол барлық адамдарға сеніммен
қарайтын болады;
–бала қауіп - қатермен, ұрыс - керісті, зұлымдықты, жаман жат қылықтарды
көріп өссе, ол ашушаң, ызақор болады;
– бала қайырымдылық пен мейірімділік, түсінушілік, сүйіспеншілік сезімдерді
сезініп өссе, ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата-анаға
қайырымды болады;
Ата-аналармен қарым-қатынас стратегиялары белгіленді:
Арнайы ұйымдастырылатын жұмыстар
1. Ай сайын өткізілетін ата -аналар жиналыстары.
2. Ата-аналар комитетін сайлауға арналған нұсқаулық жиналыстар.
3. Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар.
4. Белгіленген үлгі бойынша есеп беру.
5. Ата-аналар портфолиосымен жұмыс. (Жылжымалы папака)
6. Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.
Арнайы емес жұмыс түрлері
7. Баланы бақшаға алып келгенде, алып кеткендегі қарым-қатынас.
8. Дәптерлер, жазбалар, бақылау күнделіктері.
9. Хабарландыру тақталары.
10.Ақпараттық парақ.
11. Отбасылық газеттер шығару.
Отбасы мүшелерінің топқа келуі
12. Белсенділік орталықтарына ата - аналардың келіп қатысуы.
13. Облыстық, қалалық, аймақтық семинарларға отбасының қатысуы.
14. Өткізілетін ертеңгіліктерге ата-аналардың қатысуы.
15. «Әкелер мектебі» атасы, әкесі, ағалары, інісін шақыру.
16. «Әжелер үлгі өнегесі» анасы, әпкесі, сіңілісі т.б.
17. Спорттық мерекелерге, демалыс орындарына баруға қатысу.
18.Ойын алаңдарын ашуға, ашылуына ата -аналардың қатысуы.
19.Топ бөлмесінің дизайндық безендірілуіне қатысу.
247
20. «Әкем, анам және мен» танымдық жарыстар.
21. Ата-аналармен өткізілетін тренингтер.
Балабақшадағы отбасылық бөлме
22. Ата -аналармен жүргізілген пікіртерім, сауалнама қортындылары.
23. Ата- аналардың отбасы бөлмесіне келуі.
24. Педагогикалық ынтымақтастық:
а) ұсыныс, сұраныстар негізінде арнайы кеңестер;
б) ата-аналардың ой пікірлері;
в) балабақша ұжымының ата -аналарға арналған алғыс хаттары;
г) жақсы ұйымдастырылған іс шараларға байланысты естелік сувинерлер;
д) балабақша тыныс тіршілігіне сауатты, белсене араласатын ата-аналарды
мақтау қағаздарымен марапаттау:
Күн режімі кезеңдеріндегі ата–аналармен жұмыс мазмұны мен шағын
топтармен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
1. Таңеңертеңгі қабылдау кезіндегі жұмыстар:
2. Сабақтарға ата аналардың қатысуы
3. Мерекелік ертеңгіліктерге ата аналардың үлес
4. Ата–аналар жиналыстары
5. Ата–аналармен кешкілік жұмыстар
6. Ата–аналарға арналған сауалнамалар
7. Ата–аналарға арналған кеңесте
Достарыңызбен бөлісу: |