Монография Астана, 2010. 250 бет


-  әлеуметтік тәжірибе негізгі төмендегідей элементтерден тұрады: танымдық  тәжірибеге негізделген білімнің жан-жақты көбеюі;   -



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
#8196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

-  әлеуметтік тәжірибе негізгі төмендегідей элементтерден тұрады: танымдық 
тәжірибеге негізделген білімнің жан-жақты көбеюі;  
белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі; 
шығармашылық әрекет тәжірибесі – стандартты емес жағдаяттарды, мәселелік 
жағдаяттарды шеше білу; 

 
11 
-  жеке  бағдар  кезінде  эмоционалды  қарым–қатынасты  іске  асыру  тәжірибесі; 
Осы элементтер білім мазмұнының құрылымын құрайды және білім түрлерінің 
ерекшелігін көрсетеді. 
    Жалпы  білім  мазмұны,  бір  жағынан  қоғамдық  қажеттілікті  бейнелейтін 
оқушының оқу – танымдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші 
жағынан,  жеке  оқушының  оқуға  деген  мұқтаждығын  қанағаттандыру,  оның 
басты  мәдениетін  қалыптастыру  құралы  болып  табылады.  Дидактика 
тұрғысынан  бұл  оқытудың  білімдік  және  үрдістік  жақтарының  бірлігін 
көрсетеді.   
    Көрсетілген ұстанымдар білім беру мазмұнының құрамына нені кіргізу керек, 
нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады. Білім беру 
мазмұнын  қалыптастырудың  тізбектелген  факторлары  және  ұстанымдарына 
сәйкес  білім  мазмұнын  таңдаудың  жалпы  дидактикалық  жүйесінің 
жасалғандығын сипаттай келіп оның өлшемдерінің жүйесін ұсынады. 
Білім мазмұнын таңдаудың өлшемдерінің жүйесі: 
    Білім  мазмұнында  өз  бетімен  ойлай  алатын  демократиялық  қоғам  адамын 
қалыптастыру міндеттерінің тұтас көрініс табу өлшемі. Білім мазмұнына жалпы 
білім  беру  тұрғысынан  маңызды  ғылым  әдістері,  білімдердің  типтік 
мәселелерді қамтитын салаларынан алынған білімдер енеді. 
1.
 
Мектептегі  оқу  пәніне  және  оқу  пәндері  жүйесіне  кіретін  білімдік 
материалдың жоғары ғылымилығы, тәжірибелік маңызы өлшемі. Оқу пәндеріне 
білімдер  туралы  -  жалпы  білімдер,  анықтама,  ғылыми  факт,  тұжырымдама, 
үдеріс т.б. енгізіледі.  
2.
 
Білімдік материал мазмұны күрделілігінің сол жастағы оқушылардың оқу 
мүмкіндіктеріне сәйкестігі өлшемі. 
3.
 
Мазмұн көлемінің осы пәнді оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі өлшемі. 
4.
 
Жалпы  орта  білім  мазмұнын  құрастырудың  халықаралық  тәжірибесін 
есепке алу өлшемі. 
5.
 
Мазмұнның  қазіргі  мектептің  оқу-әдістемелік  және  материалдық 
базасына сәйкестігі ұстанымы. 
    Білімінің  мазмұнының  қалыптасуының  жалпы  дидактикалық  ұстанымдары, 
факторлары,  өлшемдері  осындай.  Аталған  ұстанымдар  мен  білім  мазмұнын 
таңдау  өлшемдерінің  жүйесі  мектепке  дейінгі  кезеңдерде  білім  мазмұнын 
жаңартуда басшылыққа алынады.  
    Бүгінгі  таңда  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу  бағытында  білім  беру 
сипаты мен шарттарына сәйкес білім мазмұнын өзгерту мен жаңартуда бірқатар 
басты  тенденциялар  анықталды.  Олардың  біршамасы  қазірдің  өзінде 
Қазақстандағы  білім  беру  аясындағы  реформаларға  байланысты  білім 
мазмұнын  жаңартуда  өз  орнын  алуда.  Білім  мазмұнын  жаңартуға  байланысты 
негізгі басшылыққа алатын өте қажетті төмендегідей факторларды атап айтуға 
болады:  білім  берудің  жалпы  адамзаттық  құндылықтары  мен  гуманитарлық 
бағыттарының  тереңдетілуі,  оның  әмбебаптылығы,  қоғамдағы  білім  берудің 
интеграциялануы,  нарықтық  экономиканың  дамуы,  әлеуметтік  қажеттіліктің 
көбеюі,  білім  берудің  азаматтық  қызметінің  рөлі  көтерілуі,  жеке  тұлғаның 
кәсіби  шеберлігіне  қойылатын  талаптың  жоғарылығы.  Білім  берудің  «адамды 

 
12 
сақтау»  қызметі,  яғни  бірінші  кезекте  балалар  мен  жасөспірімдердің 
денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім берудің 
іргелендірілуі,  ақпараттандырылуы,  экологияландырылуы  және  білім  беру 
ортасының рөлі арттырылуы қажет - деп тұжырым жасаймыз.  
    Білім  мазмұнының  қалыптасу  көздері  мәдениет  немесе  әлеуметтік  тәжірибе 
болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе, яғни мәдениет біртұтас алынғанымен де, 
ол  балабақшадағы  немесе  мектептегі  білімнің  құрамын  анықтамайды. 
Әлеуметтік тәжірибеде немесе мәдениетте білім мазұнын анықтайтын көздерді 
табу  керек.  Бұлар  материалды  таңдау,  ішкі  құрылымға  сәйкес  мазмұн 
құрастыру ұстанымын анықтайды. Мұндай көздерге ғылым, материалдық және 
рухани  өндіріс,  қоғамдық  қатынастар  тәжірибесі,  қоғамдық  сана  формалары, 
адам  әрекеті  түрлері  (практикалық,  танымдық,  құндылық  –  бағдарлық, 
көркемдік)  жатады.  Білім  мазмұны  нақты–тарихи,  психологиялық  талаптар 
негізінде  жасалған.  Осы  талаптарға  сай  әлеуметтік  тәжірибе  педагогикалық 
өңдеуді  талап  етеді.  Бұл  білім  ұйымдарын  бітірушілердің  өмірде  белсенді 
әрекет етуіне және психикалық қасиеттердің, балалық тұлғаның қалыптасуында, 
дұрыс  шешім  қабылдауына  көмектеседі.  Сонымен  білім  мазмұнын 
қалыптастыруда  баланың  жеке  тұлғалық  дамуы,  оның  қабілеттілігі, 
қызығушылықтары  мен  талаптары  ескеріледі.  Сол  мақсатта  міндетті  пәндерді 
оқытумен  қатар  балаларға  өз  еріктерімен  басқа  пәндерді  де  таңдай  алады. 
Мұндай  келісім  білімнің  тереңдеуіне,  қызығушылықтың  дамуына,  ортаға  тез 
бейімделуіне ықпал етеді. 
    Ресейлік  дидакт  ғалымдар:  Ю.К.Бабанский,  В.П.Беспалько,  В.В.Краевский, 
М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  В.С.Леднев  т.б  білім  беру  мазмұнының  теориялық 
мәселелерін  және  оны  іріктеу  жолдары  мен  білім  мазмұнын  таңдаудың 
пинциптерін  айқындаған.  М.Н.  Скаткиннің  зерттеулері  Ресейдегі  және  шет 
елдердегі дидактиканың іргелі мәселелеріне негізделді.  
    Қазіргі  кезеңдегі  қоғамдық  өзгерістер  мен  жаңа  білім  беру  кеңістігінде 
жаңартуларға  қатысу  маңызды  жауапкершілік  міндеттер  жүктейді.  Барлық 
ТМД  елдеріндегідей  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесі  өте  күрделі 
кезеңдерден өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге 
асыру  бүгінгі  күннің  үлесінде.  Білім мазмұнын  дәстүрлі  педгогикалық  модель 
тұрғысынан  алып  қарағанда  ол  білім,  білік,  дағды  –  деп  қарастырылған.  Ал 
қазіргі кезеңдегі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда бұл, барлық мәдениеттің 
құрамындағы  педагогикалық  интерпретациядеп  тұжырымдалған.  Ғалымдар: 
В.С.Леднев, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, Н.И.Непомнящей, М.С.Каган т.б білім 
мазмұнының  теориялық  аспектісіне  әдіснамалық  -  теориялық  тұрғыдан  жан  - 
жақты талдау жасаған. Бұл түсінік білім мазмұнының құрылымында: мектепке 
дейінгі  кезеңдегі  қарапайым  білім  мазмұнын  беруге  арналған  пәндер 
жиынтығын  жалпы  білім  беру  мазмұнындағы  орны  мен  рөлін,  оқу 
материалдарының логикалық үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады.  
    Педагогикада  білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  қалыптастырумен  дамыту 
барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы 
тәрбие  мен  оқытуға  тығыз  байланысты,  сондықтан  да  алдымен,  білім  беру 
мазмұнын  анықтап  алу  қажет  екендігі  дау  тудырмайды.  Сонымен  білім  беру 

 
13 
мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысында адам баласының іс–
әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік дағдысын, 
таным  арқылы  көзқарасын  қалыптастыру  және  ақыл  ойы  мен  сезімін  дамыту. 
Яғни, білімді адам–деп ақыл ойы жетілген, әдіс– тәсілдерді меңгерген, қабілетті, 
өз  пікірін  дәлелдей  алатын,  болашақты  болжай  отырып,  шешім  қабылдай 
алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Білім мазмұны – оқу орындарының негізгі 
мәселелерінің  бірі.  Ал  оның  мәні  –  әрбір  ғылыми  пәндерден  ғылыми  білімді 
игеру,  тәжірибеде  қолдана  білу.  Педагогика  ғылымының  мазмұны  –  оның 
тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Білім берудің 
мазмұны мен мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру 
барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он онбес жыл шамасында күн 
тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған мәселе И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, 
В.С.Леднев,  Б.М.Бим–Бад  т.б  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылып, 
талданған.  И.Я.Лернер  мен  М.Н.  Скаткин  білім  беру  мазмұнын  теориялық 
тұрғыда  білім,  іскерлік,  дағдыны  қалыптастыру  жүйесі  деп  түсіндірген, 
сонымен қатар шығармашылық іс әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады.  
    Бірқатар  шетел  педагогтары  (АҚШ,  Англия,  Франция)  жеке  тұлғаға  жалпы 
адамзаттық  тәрбие  беруді,  оқу  мазмұнына  табиғи  құбылыстар  мен  қоғамдық 
өмірдегі  шынайы  құбылыстарды  түсіндіруден  оқу  пәндерін  өзара  кіріктіруді 
негізге  алуды  ұсынған.  Осыған  орай  төменде  ғалымдардың  білім  мазмұнына 
берген  анықтамаларын  ұсынамыз.  Атап  айтқанда:  «...біріншіден  алдыңғы 
ұрпақтың  тәжірибесін  меңгеру,  екіншіден  жеке  тұлғаның  типологиялық 
сапасын  қалыптастыру,  үшіншіден  адамның  ақыл–ойының,  денесінің  дамуы» 
(В.С.Леднев)  –  деп  ой  түйіндесе,  И.П.Подласый:  «...белгілі  бір  оқу  орнында 
оқып, үйрену үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі», Б.П.Есипов: Фактілер мен 
қорытындылар  енетін  білім,  пайдалы  іскерлік  және  дағдылар  жүйесі  деп 
есептейді. Р.Қоянбаев: «...ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі» 
десе, ал С.А.Умрейко: «...оқыту процесінде оқушылар меңгеретін ғылыми білім, 
іскерлік  және  дағдылар  жүйесі»,  В.Беларуссова:  «...оқушылардың  жан–жақты 
дамуына,  материалистік  дүниетанымның    қалыптасуына,  танымдық 
қызығушылықтың  дамуына  негіз  болатын  жүйелі  білім  іскерлік  және 
дағдылар»  деген  тұжырым  жасайды.  Н.В.Савин:  «...оқушылардың  жан–жақты 
дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі» десе, И.Т.Огородников: 
«...ғылыми  білімдер,  іскерлік,  дағдылар,  оқытудан  тыс  кезде  оқушылар  алған 
танымдық  тәжірибені  ой  елегінен  өткізу  және  оқушылардың  танымдық 
қабілетін, шығармашылық күшін дамыту» жолдары деп анықтама береді.  
   Жоғарыдағы  анықтамаларды  және  негізгі  идеяларды  басшылыққа  ала 
отырып  біз  зерттеу  мәселесіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту ұғымының анықтамасын ұсынамыз.  
    Мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  –  балабақшада  жас 
ерекшелігіне  сәйкес  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісінде  балалар  меңгеретін, 
іріктелген қарапайым ғылыми білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі және сол 
арқылы баланы мектепке дайындап, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын, 
жан–жақты дамуын қамтамасыз ету» деп тұжырым жасадық. 

 
14 
    Аталған  анықтамаларды  басшылыққа  ала  отырып  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  тәрбиеші  педагогтар  жас  ұрпаққа  білім  беруде  оның  мазмұнын 
таңдай білуге және  ол  арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға,  алған 
білімді  бойына  өмірлік  дағды  ретінде  сіңіруге  баса  назар  аудару  қажеттілігі 
ұсынылды.  Мектепке  дейінгі  жаста  баланың  дамуы  мен  тәрбиесінің  негізгі 
құралы  білім  мазмұны  болып  табылады.  Білім  мазмұны  бүгінгі  қоғамдағы 
өзгерістерге сәйкес жаңартылып отыруы шарт. Осыған орай, мектепке дейінгі 
білім мазмұнын  жаңартудағы  тәжірибеге  сүйене  отырып,  оның  төмендегідей 
қарама қайшылықтарын айқындадық. 
 
Кесте – 1 - Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы қарама – 
қайшылықтар 
қайшылықтадың 
кезеңдері 
Қарама  қайшылықтар 
Қоғамдық, әлеуметтік 
жағдайларға сәйкестік 
–  қоғамды  жаңғырту  және  демократияландыру 
үдерісінде  әр  ұлттың  өзіне  тән  рухани  өмірінің  қайта 
саралануы  мен  өткеннің  мәдени–тарихи  мұрасын 
қайта  өркендету  мәселесінің  білім  мазмұнында  толық 
ашылып берілмеуі арасындағы; 
–  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  және  бастауыш 
сыныптардағы  білім  мазмұнының  сабақтастығының 
сақталмауы; 
Білім беру жүйесіндегі 
мектепке дейінгі 
ұйымдарға 
байланысты 
–білім  беру  бағдарламалары  мазмұны  мен  оның 
тәжірибедегі талаптарының сәйкес келмеуі; 
–біртұтас  білім  беру  бағдарламалары  мен  білім  беру 
үдерісін 
ұйымдастыру 
талаптарының 
өзара 
байланысының болмауы; 
–білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған  төл  туынды, 
авторлық  және  балама  бағдарламалар  мен  оның  оқу–
әдістемелік  кешендерін  заман  талабына  сай  қайта 
дайындау қажеттілігі; 
білім  мазмұнының  жеке  пәндік  мазмұндарға 
бөлшектенуі  баланың  тұтас  тәжірибе  жинақтауына 
кедергі келтіретіндігі;  
Арнайы мамандарға 
қатысты 
–білім  мазмұнын  жаңартуда  тәрбиеші  педагогтардың 
шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігі және 
белсенділіктерінің төмендігі; 
– арнайы мамандардың жеткіліксіздігі; 
Жеке тұлғаның дамуы 
мен  қалыптасуына 
ықпалы 
–мемлекеттік 
стандартпен 
оқу 
жоспарларының  
талаптарының  біржақтылығы  мен  балаға  берілетін 
білім 
мазмұнына 
қойылатын 
талаптардың 
үйлесімділігінің сақталмауы; 
 –балалардың  танымдық  әрекетінің  мүмкіндіктерінің 
толық ескерілмеуі, педагогтың ғана белсенді әрекетіне 

 
15 
сүйену дағдысының қалыптасуы; 
–балалардың  белсенді  шығармашылық  әрекетін 
дамытуға мүмкіндік жасамағандықтан, олардың ақыл-
ойын дамытудың қамтамасыз етілмеуі; 
 –мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  денсаулығының 
дұрыс 
болмауы, 
танымдық 
қызығушылығы, 
шығармашылық 
әлеуеті 
бастауыш 
сыныптарда 
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;  
–білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік 
дағды ретінде қалыптастырылмауы; 
 
    Аталған  қарама–қайшылықтарды  жою  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы 
тәбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  ғылыми  –  теориялық  және 
әдістемелік  тұрғыдан  негізделгенде  мүмкін  болмақ.  Білім  мазмұны  дүние 
дамуымен  бірге  өзгеріп  және  жетілдіріліп,  дүниетанымдық  және  тәрбиелік 
идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған  нақты мақсаты бар 
оқыту  арқылы  беріледі.  Білім  мазмұны–әлеуметтік  тәжірибенің  бірінші 
элементі  болса,  оның  екінші  элементі–әлеуметтік  тәжірибедегі  ісәрекет 
тәсілдерін  балаларға  үйрету,  білімді  қолдануға  дағдыландыру,  дәлірек 
айтқанда  адамзат  жасаған  іскерлік  пен  дағдыны  меңгерту  оны  өмірлік  дағды 
ретінде  қалыптастыру  көзделеді.  Сыртқы  (тәжірибелік)  және  ішкі  (ақылой) 
дағдылары  мен  іскерліктерді  қалыптастыру  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 
мемлекеттік  құжаттарында  белгіленген  қарапайым  білім  беруге  арналған 
пәндер арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы балалар өздігінен дербес әрекет 
етуге,  салыстыруға,  талдауға,  қортынды  жасауға  үйренеді.  Сондай  ақ,  білім 
мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты ісәрекет жасауға мүмкіндік беретін, 
көркемдік,  эстетикалық  тәрбиеге  баулитын  музыка,  бейнелеу  өнері,  еңбек, 
қарым–қатынас жасау іс–әрекет түрлерінің маңызы зор. 
    Танымдық  іс–әрекет    баланың  ойөрісін  кеңейтіп,  дүниені  танудың 
маңызды  құралдарының  бірі  білім  алуға,  өздігінен  дербес  әрекет  теуге 
ынталандырып,  ақылойдың  дамуына,  қарапайым  білім  негіздерін  жүйелі 
меңгеруге көмектеседі. 
    Еңбек  ісәрекеті  еңбек  ете  білуге,  еңбексүйгіштікке,  материалдық  заттар 
жасауға,  оларды  сақтауға,  ұқыпты  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағтталған.  Өзінеөзі  қызмет  ету,  тұрмыстық  еңбек,  ауылшаруашылық  еңбегі 
және қол еңбегімен шұғылдану мағызды болмақ. 
    Көркемөнер  іс–әрекеті    эстетикалық  дүниетанымды  дамытып,  әдемілікке 
сұранысты  туғызып,  әдемі  ойлауға  үйретіп,  нәзік  сезімге  бөлейді.  Болмысты, 
қоршаған ортаны танып білуде әсемдікті, сұлулықты сезінуге үйренеді. 
    Қоғамдық  ісәрекет  –  баланың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуі,  үлкендермен, 
құрбыластарымен  қарым–қатынас  жасау  мәдениеті  қалыптасады.  Тәрбиешінің 
нұсқауымен, түсіндіруімен жұмыс жасап үйренеді және жаттығулар орындайды. 
    Білім беру мазмұнының үшінші элементішығармашылық жұмыс тәжірибесі. 
Мектепке  дейінгі  жастан  бастап  баланы  тек  «дайын»  білімдерді  хабарлау 
арқылы  қабылдауға,  жаттығулар  орындауға,  үлгіге  қарап  жұмыс  істеумен 

 
16 
шектемей  шығармашылықпен  еңбек  етуге  баулу  қажет.  Шығармашылыққа 
баулуда  баланы  өздігінен  ізденуге,  орындаған  жұмыстарға  өз  үлесін  қосуға 
бағыт беріп отырған тиімді болмақ. 
    Білім  беру  мазмұнының  төртінші  элементі–тәжірибе,  адам,  ісәрекет,  құрал, 
өзара  қатынас.  Бұл  орайда,  адамның  дүниеге,  ісәрекетке,  айналасындағы 
адамдарға,  құрбыластарына  берген  бағалары  болады.  Сезім  мәдениеті  – 
баланың әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Баланы 
білімге,  іскерлік  дағдыларға  іштей  сұраныс  туғызып,  түрлі  сезімдерге  бөлеп, 
білім мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс
әрекет  эмоцияны  тәрбиелейді.  Бала  сезіміне  әсерлі  мәтіндер,  иллюстрациялар, 
сұрақтар  мен  тапсырмалар  да  білім  мазмұнын  қабылдауға  ықпал  етеді.  Егер, 
бала  өзі  айналысатын  ісәрекетіне  қызығушылықпен  қарайтын  болса,  онда 
олардың  оқу,  еңбек,  ойын  іс  әрекеті  де  табысты  болады.  Психологтардың 
дәлелдеуінше  жағымды  эмоциялар  үлкенді  де,  кішіні  де  шабыттандырады. 
Еңбек нәтижесіне жеткен бала қуанышқа бөленеді. Ендеше білім мазмұны жеке 
тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бірбірімен тығыз байланысты. 
Білім  мазмұны  арқылы  іскерлік,  дағды  қалыптасатын  болса,  шығармашылық 
ісәрекет  белгілі  бір  білім  және  іскерліктерге  сүйеніп  атқарылады,  мотивсіз, 
сезім, ерік–жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді. Сондықтан, біз зерттеу мәселесіне 
сәйкес  білім  мазмұныол  мектепке  дейінгі  жас  ерекшелігіне  арналған 
мемлекеттік  стандартта    белгіленіп,  баланың  жек  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
және  әрі  қарай  дамуына  ықпал  ететін  қажетті  білімдер  жиынтығы  екендігін 
айқындап  алдық.  Енді,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұны  қандай 
қағидаларға сүйеніп таңдалатынын қарастырайық. Оның ең басты негізгілеріне 
тоқталатын  болсақ:  Біріншіден,  білім  мазмұны  дамытушылық  сипатта  болып, 
баланың  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Екіншіден,  білім 
мазмұнының  жүйелілік  сақталуымен  қоса,  оның  кіріктірілген  болуы  да 
маңызды.  Үшіншіден,  білім  мазмұнының  көп  мәдениеттілік  тәрбиені 
қамтамасыз  етуі  көзделеді.  Төртіншіден,  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнының 
базистік  оқу  жоспарында  іс-әрекеттің  алуан  түрлерінің  қамтылуы  және  оның 
негізгі  компоненттері:  мақсаты,  міндеттері,  құралдарын  таңдауы,  әдіс-
тәсілдерді таба білуі, бақылау жасай алуы т.б қарастырылуы қажет. Бесіншіден, 
білім  мазмұнын  жаңартуда  баланың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  және 
психологиялық  тұрғыдан  жағымды  жағдай  жасау  қажеттілігі  ескерілуі  тиіс. 
Енді  осы  білім  мазмұнын  жаңартудың  қажеттілігі  не?  деген  заңды  сұрақ 
туындайды. 
    Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» - деген сұраққа жауап береді. 
Бала  тағдыры  көбіне  оның  білімінің  көлеміне  ғана  емес  сапасына 
байланысты.  Білім  мазмұнының  теориялық  мәселелерін  және  оны  іріктеу 
жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.С.Скаткин т.б зерттеді. 
И.Я.Лернердің  анықтамасы  бойынша:  «білім  мазмұны  дегеніміз-берілетін 
білім, іскерлік және дағдылар жүйесі,  шығармашылық іс-әрекет,  эмоциялық 
қарым-қатынас  тәжірибесі»  деп  тұжырым  жасайды.  Ең  бастысы,  білім 
мазмұны  жеке  тұлғаны  жан-жақты  үйлесімді  дамытуға  ықпал  етеді. 
В.В.Краевский:  білім,  білік,  дағдылармен  қоса  білім  мазмұнының  құрамына 

 
17 
жаңа компоненттері оқытудың дамыту, тәрбиелік қызметі мен шығармашылық 
іс  әрекеттің  тәжірибесін  және  әлемге  және  бір-біріне  деген  эмоционалдық 
құндылықтарды  қамтиды  деп  есептеп,  білім  мазмұнын  таңдауда  төмендегідей 
принциптерді ұсынады. 
 
Кесте – 2.  Білім мазмұнын таңдаудың принциптері 
 
Принциптер атаулары 
Принциптер мазмұны 
1.  Әлеуметтік  тапсырысқа  сай  болу 
принципі
Бұл принципте білім мазмұнын  білім, 
білік, дағды, ғана емес таңдалған білім 
мазмұнының  мүмкіндіктерін  есепке 
алып  баланың  жан-жақты  дамуына 
ықпал ететіндігі ескеріледі. 
2.  Оқылатын  материалдың    ғылыми 
және 
тәжірибелік 
мәнділігін 
қамтамасыз ету принципі. 
Мұнда  бір  жағынан  білім  мазмұны 
соңғы  ғылыми  жетістіктерге  сәйкес 
болса,  екінші  жағынан  білім мазмұны 
баланы  қоршаған  ортада  тәжірибелік 
мүмкіндіктерін  қамтуды,  яғни  теория 
мен 
тәжірибенің 
байланысын 
қамтамасыз етуді көздейді. 
3. 
Оқу 
процесінің 
 
нақты 
мүкіндіктерін есепке алу принципі. 
 
Ол  білім  мазмұнын  іріктеуде  оны 
жүзеге 
асыратын 
әдіс-тәсілдерді, 
құралдарды,  оқыту  формалары  мен 
технологияларын  және  білімді  игеру 
деңгейін 
білім 
беру 
ұйымдары 
анықтайды.  
4. 
Барлық 
пәндердегі 
білім 
мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету 
принципі.  
 
Бұл  принципте  білім  мазмұнының 
компоненттерінің 
үйлесімділігін 
сақтау және оқу материалдары әртүрлі 
пәндерде қайталанбауын қадағалайды. 
5. Ізгілендіру принципі 
Аталған  принципке  сәйкес  білім 
мазмұны 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруда білім беру мәдениеті, 
шығармашылық іс  - әрекет мәдениеті, 
гуманитарлық 
мәдениет, 
адам 
денсаулығы  мен  жалпы  адамзаттық 
құндылықты  сақтау,  еркін  даму  және 
кәсіби 
шығармашылықпен 
қабілеттілікті  дамытуға  баса  назар 
аудару көзделеді. 
 
    Жоғарыдағы  принциптерге  негізделген  білім  мазмұнын  арнайы  іріктеудің 
Бабанскийдің ұсынған (критерилері) өлшемдері: 
1.  Жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуын  қалыптастыру  міндетін  тұтас 
қарастыру. Бұл критерий бойынша оқу бағдарламалары пәндердің мазмұнына 

 
18 
сәйкес  ғылым  мен  тәжірибенің  теориялық  негіздерін,  заңдылықтарын, 
түсініктері  мен  зерттеу  әдістерін,  негізгі  іс-әрекет  түрлерін,  жеке  тұлғаның 
дамуын, танымдық қызығушылығын арттыруды қамтамасыз етеді. 
2.  Білім  мазмұнының  ғылым  мен  тәжірибедегі  мәнділігі.  Мұнда  оқу 
бағдарламалары  бойынша  білім  мазмұнының  әмбебаптық  және  ақпараттық 
элементтері  қарастырылып,  теорияның  мәнін  ашу  үшін  ғылымның 
заңдылықтары, әдістері оның тәжірибеде қолданылуы қарастырылады. 
3.  Білім  мазмұнының  күрделігі  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  оқу 
мүмкіндіктеріне  сәйкестігі.  Бұл  критеридің  сәйкестігі  арнайы  жүргізілетін 
бақылау (срездері), емтихан нәтижелерін талдау, оқу материалдарын меңгеруге 
байланысты болуы. 
4.  Білім  мазмұнының  көлемінің  пәнді  оқып  үйренуге  кететін  уақытқа 
сәйкестігі. Аталған критери бойынша лабораториялық эксперимент барысында 
оқу материалын  меңгерудің оған кеткен уақытқа сәйкестігі.  
5.  Қазіргі  мектепке  дейінгі  ұйымдардың    оқу-әдістемелік  және  материалдық 
базасының  білім  мазмұнына  сәйкестігі.  Қажетті  құрал  -  жабдықтар  мен 
әдістемелік еңбектердің жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуі. 
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру жолдарын 
қарастырған ғалым О.А.Сафонова: Мұнда пән аралық байланысты: кибернетика, 
синергетика,  ситуациялық  және  кешенділік  тұрғыда  пайдаланған.  Мектепке 
дейінгі білім беру сапасын арттыруды басқару обьектісі ретіндегі кіріктірілген 
моделін  жасаған.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарды  басқару  сапасын  арттырудың 
тиімді  жолдарын  теориялық  тұрғыдан  негіздеген.  Сондай-ақ,  білім  мазмұнын 
қамтамасыз  ететін  ұйым  ретінде  жаңа  білім  мазмұнымен  және  оның  негізгі  
принциптерін  айқындаған.  Осы  принциптерді  басшылыққа  ала  отырып,  білім 
мазмұны  заман  ағымына,  қоғам  дамуына  сәйкес  үнемі  өзгеріс  үстінде  болып, 
жаңартылып отыруы заңды құбылыс. Бұл өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі 
білім  мазмұнын  жаңартуға  ықпал  ететіп,  педагогикалық  ұжым  тарапынан 
өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі, маңызды факторларды атап айтуға 
болады: 
-
 
балаларға арналған арнайы дамытушы ортаның жабдықталуы және    
оңтайлы мүмкіндіктердің жасалуы, білім беруде жеке тұлғаның    
қажеттіліктерінің ескерілуі; 
-
 
білім  берудің  жалпы  адамзаттық  құндылықтары  мен  гуманитарлық 
бағыттарының тереңдетілуі; 
-
 
оның әмбебаптылығы, қоғамдағы білім берудің интеграциялануы; 
-
 
нарықтық экономиканың дамуы; 
-
 
әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі; 
-
 
білім берудің азаматтық қызметінің рөлінің көтерілуі; 
-
 
жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптың жоғарылығы; 
- білім беру мазмұны мен оны меңгеру тәсілдері; 
     - педагогтің балалармен өзара әрекеттерінің типтері; 
     - мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы; 
     - мамандармен қамтамасыз ету және материалдық базаны жабдықтау, оқу-     
       әдістемелік, қаржылық қорларды нығайтуы; 

 
19 
- білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік-  
  сауықтыру бағыттары; 
- білім беру үдерісіне психологиялық қолдау көрсетілуі; 
- педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі; 
- педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері; 
-  балаларды  тәрбиелеу,  оқыту  мен  дамыту  мәселесінде  мектепке  дейінгі 
ұйымдар мен отбасының бірлескен әрекеттері; 
- мектепке дейінгі ұйымдарды инновациялық басқарудың ұйымдастыруы; 
    Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңарту  –  негізінен  білім  мазмұнының 
мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын 
арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс- тәсілдердің орнына жаңа 
педагогикалық  технологияларды  пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты. 
Мұнда Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, «балалар көп нәрсені тек 
қана  үлкендерден  ғана  емес,  бір-бірімен  қарым-қатынас  арқылы  да  үйренеді» 
десе,  А.П.Усова,  Н.Н.Поддьякова,  А.Н.Поддьяков,  «балалар  әр  түрлі  обьектіні 
өздігінен  зерттеп,  қарап  көру  барысында,  тәжірибелік  іс-әрекетте  жан-жақты 
дамиды»-деп дәлелдейді.  
    Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  педагогикалық  үдерісті 
зерттеуші  ғалым  Н.Ю.Вознюк:  білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесіне  жүйелі 
талдау жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістің мәнін 
ашып, ұйымды басқарудың тиімді жолдарын ашып көрсеткен.  
    Г.П.Щедровский.  «білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  оқу  пәндерінің 
аясындағы  өзгертумен  шектелмеуі  қажет,  ол  бүкіл  адам  білімдері  жүйесінің  
мазмұны мен ұйымдастыру формаларын қамту қажет» деген ойды айтады.  
    Г.И.Ильин:  «оқу  көздерінің  жаңа  көздері  пайда  болуда:  пресса,  радио,  көп 
арналы теледидар, аудио–бейнетаспалар, интернет. Сол себепті  педагогикалық 
үдерісті  әлеуметтік,  әдістемелік  тұрғыдан  кең  көлемді  қарастыруымыз  керек» 
деп есептейді.  
    Р.Р.Витчинкина:  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  баланың  жеке  тұлға  ретінде 
дамуын  теориялық  тұрғыдан  негіздеп,  мектепке  дейінгі  жастағы  бала 
дамуының моделін жасаған, осы жастағы даму  өлшемдері мен көрсеткіштерін 
анықтап,  оны  жүзеге  асырудың  әдіс–тәсілдерін  нақтылап,  белгілеп  берген. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог  тәрбиешілер  баланың  жеке  басының 
сапаларын дамытуға арналған бағдарлама ұсынған.  
    С.В.Жундрикова,  М.Х.Мизова,  И.Б.Бичева,  Е.А.Аникудимова  т.б.  мектепке 
дейінгі  тәрбие  мамандарын  дайындаудың  мазмұны  мен  тиімді  әдіс-тәсілдерін, 
формалары мен құралдарын айқындап, оның мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне 
тигізетін  ықпалын  өз  зерттеулерінде  дәйекті  дәлелдеген.  Болашақ  мектепке 
дейінгі  ұйымдар  педагогтарының  кәсіби  тұлғалық  дамуының  сабақтастығы 
және  Мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  бастауыш  сыныптардағы  білім  мазмұны 
сабақтастығы мәселелері жан-жақты қарастырылған.  
    Қырғыз  қыздарынан  алғашқы  шыққан  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
ғалым ұстаз М.Р.Рахимованың еңбектерінің көбі жас балаларға, яғни мектепке 
дейінгі жасқа арналып, тәрбие жұмыстарында басшылыққа алынуымен құнды. 
Атап  айьқанда:  «Балаларды  ерте  еңбекке  тәрбиелеу»,  «Балабақшада  балаларға 

 
20 
оқитын  кітап»,  «Қырғыз  жазушыларының  балабақшаларға  жазған  еңбектері» 
т.б 
зерттеулерімен 
қоса 
мұғалім 
дайындаудағы 
проблемалар 
мен 
педагогиканың  тарихына  байланысты  мәселелерді  қарастырғандығы  атап 
көрсетілген. Бұл еңбектерден біздің зерттеуімізге байланысты қырғыз еліндегі 
мектепке  дейінгі  тәрбиеде  білім  мазмұнын  айқындаудағы  оқу  әдістемелік 
құралдарды тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерінің кең екендігін байқаймыз.   
    Жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын  жан-жақты  зерттеген  отандық  ғалым 
М.Ж.Жадринаның  ебектерінде  білім  берудің  мәні мен маңызын  ашып  көрсете 
отырып, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық тұғыдан негіздейді. Оқу пәндерінің 
вариативтік  және  инварианттық  бөліктері  негізінде  білім  мазмұнын 
қарастырады. Инварианттық бөлік оқу пәндері мазмұнының негізгі компоненті, 
сол  арқылы  пәнді  оқытудың  мақсаты  жүзеге  асырылады  деп  есептейді.  Ол 
негізгі  ережелер  мен  заңдылықтарды,  теориялар  мен  бөлімдерді  және 
тақырыптарды қамтиды.  
    Мектептегі  білім  мазмұны  қоғамдық  құндылықтың  көрнісі  тұрғысынан 
зерделеген  ғалым  С.Д.Мұқанова:  өзінің  еңбектерінде  шет  елдік  және  отандық 
ғалымдардың  мектептегі  білім  мазмұнына  сәйкес  тұжырымдамалары  мен 
анықтамаларына  талдау  жасай  келіп,  12  жылдық  білім  берудің  жеке  тұлғаға 
бағдарланған  үлгісі,  заманауи  педагогикалық  тұжырымдамасы  дайындалып, 
қоғамдық сұраныстарды, талаптарды қамтамасыз ету жолдарын қарастырды. 
    А.А.Бейсембаеваның  еңбектерінде:  педагогикада  білім  беру  мазмұны  өте 
күрделі көп қырлы түсінікте беріледі. Ғалымның пікірінше, білім беру мазмұны 
дегеніміз–жеке  тұлға  қалыптастырудағы  адам  баласының  іс-әрекет  тәсілдерді 
меңгеруі  мен  жүйелі  білім  алуы,  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру,  ақыл-
оймен  сезімді  дамыту,  таным  арқылы  көзқарасын  қалыптастыру–деп 
пайымдайды.  
    Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, оның ғылым мен 
техниканың  және  мәдениеттің  даму  деңгейіне  сай  болуын  қамтамасыз  ету 
мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда. 
Білім мазмұнын іске асыру барысында  аға ұрпақтың жинақталған тәжірибесін 
болашақ  ұрпаққа  меңгерту,  сонымен  қатар  әлеуметтік–мәдени  тұрғыдан 
мазмұнын  дамыту  мақсатында  ғылым  туралы  толық  мәлімет  беру  (білім 
мазмұнының  теориялары,  заңдары,  ұғымдары  т.б)  білім  мазмұнының  ғылыми 
және  практикалық  мәнін  ашу,  білім  алушылардың  жас  және  дара 
ерекшеліктерін ескеру, әртүрлі пәндерді оқытуда берілген  мерзіміне, көлеміне 
қарай  беру,  білім  беру  мазмұнын  әлемдік  тәжірибемен  ұштастыру,  мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  оқу-әдістемелік  және  материалдық  базасына  сай  құру 
қажет.  Білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  мақсаты  қашанда  қоғамның 
қажеттілігін, жеке тұлғаның сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандырып 
отыруы  тиіс.  Осыған  орай,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұнын 
жаңартуда    жас  ерекшелігіне  сәйкес  берілетін  білім,  білік,  дағдылар 
жиынтығын  және  ол  арқылы  баланы  мектепке  дайындап,  мектептегі  білім 
мазмұнындағы  сабақтастықтың  сақталуын  қамтамасыз  етіп,  қоғамның 
әлеуметтік  дамуын  жүзеге  асыру  көзделеді.  Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын 
жаңарту – негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, 

 
21 
бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда 
дәстүрлі  әдіс-тәсілдердің  орнына  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты.  Қазақстан  Республикасында  білім 
мазмұнын  ізгілендіру  тенденцияларын  айқындай  отырып,  соңғы  жылдардағы 
мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  мазмұнын  жүзеге  асыру  барысына 
байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы мен 
мазмұны  жаңаша  бағыт  ала  бастағанадығы  байқалады.  Ақпараттар  ағымы 
дәуірінде білім мазмұны тез ескіріп, үнемі жаңартуды және оқу материалдарын 
берудің  әдіс-тәсілдерін  жаңартуды  талап  етеді.  Бұл  білім  беру  саласындағы 
шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәелелердің бірі. Білім мазмұны оқу 
материалдарының  мазмұнына  ғана  емес  оны  балаға  жеткізудің  тиімді  әдіс-
тәсілдері  мен  формаларына  және  тәрбиелеу  мен  білім  беруде  баланың  ақыл-
ойының  дамуына  тікелей  де  жанама  да  әсер  ететіндей  сипатының  болуымен 
маңызды болмақ.  
    Білім  беру  мазмұнының  сипатын  жеке  тұлға  бойында  саналы  өзгеріс  болған 
жағдайда  көруге  болады.  Жеке  тұлғаның  өзгеру  динамикасы  дегеніміз–
субьектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер. Бұл  мәселе тұрғысында 
В.С.Леднев  білім  алушылардың  бірлескен  іс–әрекетінің  мазмұнына  көңіл 
аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы 
педагогикалық  өлшем  бойынша,  негізінен,  нақты  оқу  процесін  игерумен 
байланысты.  Жалпы  білім  беру  мазмұнының  жобасын  құрастырғанда  оның 
ұстанымдары  мен  технологияларын  меңгерту  қажеттілік  екенін  басшылыққа 
алған  дұрыс.  Оның  негізгі  құрылымдық  ұстанымын  әртүрлі  деңгейде 
қалыптастыру  барысында  теориялық  мазмұнының  негізі  болып  табылатын 
пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс–әрекет, білім алушының тұлға 
ретінде бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының 
ізгілендіру  ұстанымы  ең  алдымен,  білім  алушылардың  жалпы  адамзаттық 
мәдениетті  белсенді  шығармашылық  және  практикалық  тұрғыдан  игерулеріне 
жағдай  жасауға  тікелей  байланысты.  Білім  мазмұнының  негізгі  компоненттері 
жоғарыда  айтылған  мәдениет  түрлерін  қалыптастыруға  тікелей  байланысты. 
Білім  беру  мазмұнының  тұжырымдамасындағы  мақсат  ізгілік  тұрғысынан 
ойлануға,  әлеуметтік  тәжірибенің  барлық  құрылымдық  бөліктерінде 
педагогикалық  бейімделуге  сай  келеді.  Білім  алушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыруға  және  қазіргі  қоғамдық  жағдайды  ескере  отырып,  жеке 
тұлғаның  ізгілік  мәдениетінің  негізгі  компонентін:  өмірде  өзін–өзі  анықтау 
мәдениеті,  экономикалық  және  еңбек  мәдениеті,  саяси  және  құқықтық 
мәдениеті, интеллектуалдық,  адамгершілік,  экологиялық,  көркемдік  және  дене 
мәдениеті,  имандылық  мәдениеті,  отбасы  және  қарым-қатынас  мәдениетін 
қалыптастыруға  байланысты.  Жалпы  білім  беру  мазмұны  оның  негізгі 
компоненттеріне  байланысты,  яғни  жалпы  адамзаттық  мәдениетпен 
кіріктіріледі.  
    Жоғарыда  аталған  ғалымдар  еңбектерін  зерделей  келе,  олар  өз  еңбектерінде 
білім  беруді  ізгілендіру  идеясына  сәйкес  білім  мазмұнын  анықтаудың  мәні 
«жеке  тұлғаға  бағытталған»-деп  түйіндейді.  Осыған  орай,  білім  мазмұны–ол 

 
22 
білім  алушылардың  оқылатын  пәндер  бойынша  меңгерген  білім,  білік, 
дағдылары деген тұжырымға тоқталдық. 
 Аталған  пікірге  орай  балалар  тек,  білім  мазмұнын  игеріп  қана  қоймайды, 
олардың  жеке  тұлғалық  сапалары:  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарау,  өз  елінің, 
жерінің  тағдыры  толғандыру,  қоршаған  ортаны  қорғау,  әділетсіздікке  төзбеу 
және  қиындықты,  кездескен  кедергілерді  жеңе  білуге  деген  шыдамдылығы 
қалыптасады. Авторлар білім мазмұнын педагогикалық бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе  деп  қарастырып,  оның  құрылымдық  ерекшелігін  төрт  түрлі 
элементтен тұрады деп есептейді. Олар: - білім  - нәтижеге жетудегі танымдық 
іс-әрекет ретінде қарастырылуы; (табиғат, қоғам, техника, іс-әрекеттің тәсілдері 
және ойлау туралы); 
-
 
үлгі бойынша белгілі іс-әрекеттің жүзеге асырылуы (интеллектуалдық және 
тәжірибелік білік пен дағды); 
-
 
шығармашылық  іс-әрекет  –  бұл  кездескен  жағдаяттар  мен  іс-әрекет 
барысында  дәстүрден  тыс  шешім  қабылдай  білуі  (экспериментке  қатысу, 
көркемдік және техникалық шығармашылық жұмысқа қатысу); 
-
 
тұлғалық  бағдар  негізінде  эмоционалдық-құндылық  қатынастардың  жүзеге 
асырылуы  (қоршаған  ортаға,  адамдарға,  өзіне-өзі,  моральдық  нормаларға, 
әлемдік дүниетанымдық көзқарастарға); 
    Білім  мазмұнының  бұл  элементтері  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
қарастырылады.  Сондай-ақ,  бұл  элементтерді  меңгеруде  жас  ұрпақ  тек  оны 
орындаушы  ретінде ғана қарамай, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан өздігінен 
әрекет  етуге,  шығармашылыққа  және  сол  жүйеге  өз  үлесін  қосып  ықпал  ете 
білуге тиіс. Осыған орай, енді біз білім мазмұнының құрылымын қарастырып 
көрейік. Білім мазмұны ол үш біртұтас үдерісті сипаттайды. Біріншіден, өткен 
аға  ұрпақтың  тәжірибесін  меңгеру,  екіншіден,  жеке  тұлғаның  тәрбиесіндегі 
типтік  сапаларды  ескеру,  үшіншіден,  адамның  ақыл-ой  және  дене  дамуының 
ерекшеліктеріне баса назар аудару. Мұндағы жетекші іс-әрекеттің түрі оқыту, 
білім берудің ең жақын уақыттағы және тікелей қатысты мақсаты-тәжірибені 
меңгеру.  Білім  мазмұнының  құрылымы,  ол  қоғам  талаптарынан  туындап, 
ғылым  мен  техниканың  дамуына,  тарихи  кезеңдердегі  әлеуметтік 
экономикалық  жағдайларға  байланысты  анықталады.  Дегенмен  де,  қоғам 
талаптарының  ең  басты,  маңызды  бөлігі,  білім  мазмұнының  философиялық 
негізі  болуында  және  адамның  қоғамдағы  орны  мен  ролі  білім  беру 
мақсатымен  тығыз  байланысты  қарастырылуында.  Бұл  білім  беру 
теориясының  тамырын  терең  философиялық  ой  түйіндерден  алатындығында 
жатыр. 
Білім 
берудің 
классикалық 
теориясының 
дидактикалық 
көзқарастарында мақсат, міндеттер, білім беру мазмұны, оқулықтың ролі және 
мұғалім жайында анықтамалар берілген. Мұнда, білім мазмұны білім  көздері-
деп түсіндіріледі.  
    Білім  беру  тарихы  қоғамның  дамуының  нақты  дәуірімен  тікелей 
байланысты.  Біріншіден,  білім  беру  мақсаты  мен  міндеттері  қоғамның 
сұраныстарымен анықталады. Екіншіден, қоғамның даму жағдайы білім беру 
жағдайына  да  байланысты.  Білім  беру–елдің  әлеуметтік-экономикалық  және 
рухани тұрақты дамуын, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, 

 
23 
эстетикалық, дене жағдайларын үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында 
жас ұрпаққа білімді, мәдениетті жеткізу және жетілдіру, сақтауға бағытталған 
қоғам,  мемлекет  қызығушылығындағы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісі.  Білім 
беру  мен  ғылым  интеллектуалдық  жетекшілікке  ие  болуы  тиіс.  Оқытудың 
теориясы  мен  тәжірибесінде  оқу-тәрбие  үдерісі  туралы  жиі  айтылады. 
Шындығында  білім  беру  көпқырлы.  Ол  балалардың  дамуы,  олардың 
тәрбиешімен,  бір-бірімен,  сыртқы  әлеммен  өзара  әрекеті,  оқу-тәрбие 
жұмыстарын  ұйымдастыру  шарттары,  реттеу  нормалары,  әлеуметтік 
факторлар  және  т.б.  қамтиды.  Осы  орайда,  зерттеу  барысында  білім  беру 
үдерісін  неғұрлым  тиімді  құруға  мүмкіндік  беретін  білім  мазмұнын 
жаңартудың әдіснамалық негіздерін қарастыруға баса назар аудардық. Оқыту 
мен  білім  беру  теориясының  әдіснамасы  ретінде  ғылыми  негіздеменің 
Э.Г.Юдин төрт деңгейін анықтады:  
-  философиялық–ғылыми  таным  процедураларын  ұйымдастырудың  негізгі 
нормативтерімен байланысты; 
-  жалпы  ғылыми–қолданылатын  тұрғылардың  мәнін  көрсетеді  (жүйелілік, 
әрекеттік, аксиологиялық, герменевтикалық және т.б.) 
-  нақты  ғылыми–аталған  әрекет  аумағының  негізгі  қағидалары  мен 
заңдылықтарына бағдарлауды ұйғарады; 
-  нақты  зерттеу  деңгейі–танымдық  міндеттері  адекватты  қойылған  жеке 
әдістемені сұрыптау логикасын анықтайды;  
    Әдіснаманың  бұл  төрт  деңгейі  белгілі  бір  өзара  бағынуға  тәуелді  күрделі 
жүйені құрайды. Әдіснама әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде ғылыми 
білімге негізделеді.  
    Әдіснама  ғылымда  ұзақ  уақыт  зерттеу  әдістері  туралы  ілім  ретінде 
қарастырылады. Бұндай түсінік зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін талдаумен 
шектеледі.  Педагогикада  әдіснамаға  кең  тараған,  тұрақты  жалпылауға 
қарағанда  абстракцияның  неғұрлым  жоғары  сатысында  тұрған  барлық 
теориялық  құрылымдар  жатқызылды.  Сөйтіп,  педагогикада  дәстүрлі 
дидактика,  тәрбие  теориясы,  мектептану  т.б.  жалпылау  деңгейі  бойынша 
барлығын педагогика әдіснамасына жатқыза бастады. 
    Педагогикада  әдіснаманы  «Педагогикалық  шынайылықты  тану  мен  қайта 
түрлендіру  принциптері,  формалары  мен  процедуралары  туралы  ілім»,  кең 
мағынада  әдіснама–нақты  ғылымда  танымның  ғылыми  әдістер  жиынтығы 
немесе ғылыми әдіс туралы ілім (В.И.Журавлев) деп түсіндіреді.  
    Әдіснаманың  өзара  байланысты  иерархиясы  бар:  ғылым  әдіснамасы, 
педагогика  әдіснамасы,  дидактика  әдіснамасы,  білім  беру  әрекетінің 
әдіснамасы,  білім  беру  мазмұнының  әдіснамасы  және  т.б.  Педагогикалық 
әдіснаманы 
зерттеуші 
ғалым 
В.В.Краевский: 
әдіснама 
құрамына 
педагогиканың  өзінің  теориясының  проблемасын  жатқызады,  яғни 
педагогикалық  білім  түрлері,  оның  басқа  ғылымдармен  байланысы,  ең 
алдымен психологиямен, мектеп тәжірибесінде дидактикалық білімді қолдану 
мәселелері  деп  есептейді.  Ол  бір  жағынан  әдіснама  пәннің  өрісін  кеңейтсе, 
екінші  жағынан  педагогика  әдіснамасына  берген  анықтамасында  тарылтады. 

 
24 
«Педагогика  әдіснамасы  пәні  педагогикалық  ғылымда  педагогикалық 
шынайылық пен оның көрінісінің арасындағы қатынас» деп тұжырымдайды. 
    М.А.Данилов ұсынған анықтамада: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық 
теорияның бастапқы ережелері, негіздеу мен құрылым туралы, дамыған қоғам 
жағдайында  үздіксіз  өзгеріп  тұратын  педагогикалық  шынайылықты  дұрыс 
көрсететін  білімді  алу  тәсілдері  мен  принциптері  туралы  білім  жүйесі»  деп 
тұжырымдайды.  
    В.И.Загвязинский  берген  анықтама  бойынша:  «Педагогика  әдіснамасы 
ғылыми-техникалық  зерттеудің  бастапқы  (негізгі)  ережелері,  құрылымы, 
функциялары мен әдістері туралы ілім» болып табылады.  
    Әдіснамаға  берілген  анықтамаларды  талдай  келе  А.М.Новиков  «Әдіснама  – 
әрекетті ұйымдастыру туралы ілім»  - дейді. Әрекетті ұйымдастыру–логикалық 
құрылымның нақты анықталған сипаттамалары мен оны жүзеге асыру процесін 
тұтас  жүйеге  келтіруді  білдіреді.  Логикалық  құрылымға  субъект,  объект,  пән, 
формалар,  құралдар,  әрекет  әдістері,  оның  нәтижесі  сияқты  компоненттер 
жатады.  Бұл  құрылымға  қатысты  әрекеттің  сыртқы  сипаты:  ерекшеліктер, 
қағидалар, шарттар, нормалар. 
    Заманауи ғылымда әдіснама ғылыми-танымдық әрекет құрылым принциптері, 
формалары, тәсілдері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне 
сипаттама  береді.  Оның  объектісі,  талдау  пәні,  зерттеу  міндеттері,  шешуге 
қажетті  зерттеу  құралдарының  жиынтығы,  сонымен  қатар  зерттеу  міндеттерін 
шешу  процесінде  қозғалыс  бірізділігі  туралы  түсінік  қалыптастырады.  Бұдан 
педагогикадағы  әдіснаманы  педагогикалық  таным  мен  шынайылықтың  қайта 
түрленуі туралы теориялық ережелер жиынтығы деп қарастыруға болады. 
    Г.П.Щедриков  әдіснаманы  әрекетті  ұйымдастыру  туралы  ілім  ретінде 
қарастыра отырып, заманауи үш негізгі функциясын  бөліп көрсетті: 
- философиялық-психологиялық әрекет теориясы; 
- зерттеу әдістері жүйесі немесе күрделі жүйелерді жобалау, іздеу, жоспарлау    
  мен проблемаларды жоюға арналған өзгерістерді жүзеге асыру; 
- ғылымтану, ғылым теориясы; 
    Ең  алдымен  әдіснамаға  гнесеология  (таным  теориясы)  мен  семиотика 
(белгілер  туралы  ғылым)  сияқты  ғылымтанудың  бөлімдерінің  қатысы  бар. 
Әдіснама  әрекетті  ұйымдастыру  туралы  ілім  ретінде  қарастырылғандықтан, 
алдымен  әрекет  туралы  негізгі  ұғымдарға  тоқталуды  жөн  көрдік.  Әрекет 
адамның  қоршаған  шынайылықпен  белсенді  өзара  әрекеті  ретінде 
қарастырылады,  белсенді  өзара  әрекеті  барысында  адам  объектіге  мақсатты 
бағытталған ықпал жасайтын, сөйтіп, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
субъект  болады.  Фундаменталды  білім  беру  объектісін  тану  процесі  мен  оны 
тану  нәтижелері  таным  субъектісінің  даралығына,  оның  қабілеттеріне,  даму 
деңгейіне,  қолданылған  таным  әдістеріне  байланысты.  Ғылыми  ортада  әрекет 
психологиялық  (А.Н.Леонтьев)  және  әдіснамалық  (Г.П.Щедровицкий) 
тұрғыдан  қарастырылады.  Г.П.Щедровицкий  әрекеттің  жүйелі-құрылымдық 
талдауын  жасай  келе,  әрекеттің  құрылым  екені  туралы  қорытынды  жасайды. 
Бұл  құрылым  ерекше  механизмдер  көмегімен  жүзеге  асырылатын,  дамудың 
ерекше заңына енетін түрлі сипаттағы элементтерден тұрады.  

 
25 
    Әдіснамалық  ғылымдар  арнасы  аясында  философия  ғылымы  өзіндік 
ерекшелігімен айқындалады. Себебі, философия қазіргі заманның ең көкейкесті 
мәселесі-адам,  оның  қоғамға  енуі  мен  адамзат  қоғамының  дамуының  ізгілікті 
бағыт алуын қарастыратын іргелі ғылымдардың бірі. Қоғам ілгері басқан сайын 
қай  ғылым  саласы  болмасын  өзінің  зерттеу  нысаны  мен  субьектісін  жаңаша 
қарастырумен  байланыстырады.  Ал  бұл,  ғылымдардың  әдіснамалық  негізін 
білуді және қазіргі дүниежүзілік ғылыми танымның құралдары мен амалдарын 
жетілдіре түсуді қажетсінеді. Осыған орай, педагогика ғылымының әдіснамасы, 
біріншіден,  жалпы  әдіснама  ғылымынан  туындайды,  екіншіден,  қоғамдық 
ғылыми  жүйенің  даму  тенденциясын  оқып  үйренумен  және  зерттеумен 
байланысты, үшіншіден, педагогикалық, тарихи педагогикалық құбылыстардың 
жағдайларын  туралы  теориялық  қағидалармен,  олардың  зерттеу  әдістерін 
қарастырады, төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді оқу  - тәрбие үдерісінде 
тәжірибеге ендірумен анықталады.  
    Әдіснама  ұғымының  негізгі  мәні  туралы  мәліметтер  бұрыннан  ғылыми 
зерттеу  жұмыстарында  жетекші  орын  иеленіп,  бүгінгі  күнге  дейін  барлық 
ғылым  саласындағы,  соның  ішінде  педагогикалық  зерттеулердегі  негізгі 
маңыздылығын  ескеріп,  біздің  зерттеуіміздің  әдіснамалық  тұғырларының 
мазмұнын аша түсуді жөн көрдік. Атап айтқанда: 
    Жүйелілік тұғырда білім мазмұнының әрбір жеке салалары, бөліктерінің бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланыста,  логикалық  үндестікте  сабақтастырыла 
қарастырылуы, яғни педагогкалық жүйенің төмендегідей компоненттері: білім 
берудің  мақсаты,  мазмұны,  әдіс-тәсілдері,  ұйымдастырудың  формалары  мен 
құралдарының өзара байланысының болуы қарастырылды.  
    Жеке тұлғалық тұғырда қазіргі өзгермелі жағдайға бйланысты балалардың 
білім  мазмұнын  қабылдауына  жағдай  жасау,  оқу-тәрбие  үдерісін 
ұйымдастыруда  баланың  жас  және  дара  ерекшелігін  ескере  отырып,  жеке 
қасиеттерін  аша  білу,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету.  Балалардың 
интеллектуалдық  және  адамгершілік  тұрғыдан  еркіндігі,  іс-әрекеттің  өзара 
түсіністік  пен  сыйластыққа  құрылуы.  Сондай-ақ,  педагогикалық  үдерісті 
жүзеге  асырудың  мақсаты,  нәтижеге  жетудегі  басты  өлшемдерінің  бірі 
тиімділігінің жеке тұлғаға бағытталуымен маңызды.
  ті к 
    Мазмұндық  тұғырда  білім  мазмұнын  жаңартудың  мәні,  төмендегідей 
компоненттердің  өзара  байланысының  болуы:  білім  берудің  мақсаты, 
педагогикалық  үдерістің  субьектісі  (тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші),  білім 
мазмұны  (жалпы, базалық және кәсіби мәдениеттілік), әдіс-тәсілдері және оны 
ұйымдастырудың 
формалары, 
материалдық 
базаның 
(құралдардың) 
жаңартылуы.  Мұнда  тәрбиелеу  мен  білім  беруде  баланың  табиғи  қалыпты 
дамуына,  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыруға,  өздігінен  дербес  әрекет 
етуіне дамытушылық ортаның жабдықталуымен тығыз байланысты болмақ.  
    Құзіреттілік  тұғырда  білім  мазмұнында  балаларға  пайдалы  мәліметтердің 
берілуі, оны өз тәжірибесінде пайдалана алуы, іс-әрекетінің нәтижесіне жетуге 
талпынуы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру 
қызметінің  нәтижесі  ретінде  баланың  төмендегідей  құзіреттіліктерін 
қалыптастыруға бағытталған: денсаулық сақтау құзіреттілгі, коммуникативтік -

 
26 
тілдік  құзіреттілік,  танымдық  құзіреттілік,  шығармашылық  құзіреттілік  және 
әлеуметтік құзіреттілік тұрғысынан қарастырылуымен құнды. 
    Әлеуметтік  тұғырда  баланың  өзін  қоршаған 
ортадағы  әлеуметтік 
қатынастарға  түсе  алуы,  әлеуметтік  ортаға  бейімделе  алуы,  яғни,  отбасында 
ата-аналары,  туған-туыстарымен,  балабақшада  құрбыластары,  тәрбиеші 
педагогтар  мен  басқа  да  мамандармен  бірлескен  іс-әрекет  нәтижесіне  жете 
білуін қамтамасыз етеді. 
   Іс-әрекеттік  тұғырда  баланың  және  тәрбиеші  педагогтің  өздігінен  алдына 
мақсат  қоя  отырып  іс-әрекетті  жоспарлап  алуы,  ұсынылған  тапсырмаларды 
өнімді, нәтижелі орындауы. Білім мазмұнын меңгертуге ықпал етіп, оны жүзеге 
асыруға  жағдай  туғыза  білуі.  Балабақшадағы  ойын,  оқу  және  еңбек  іс-әрекеті 
негізінде білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, өзара әркеттестікте болу және 
қарапайым  өмірлік  дағдыларды  қалыптастыруда  бала  іс-әрекетінің  тиімді 
ұйымдастырылуы.  Іс-әрекетте  нәтижеге  жетудің  жолдарын  таңдау,  іс-әрекетті 
арнайы  ұйымдастыру,  реттеу,  бақылау  жасау,  өзіндік  талдау  және  оның 
нәтижесінің  бағалануы  білім  мазмұнын  жаңартуға  ықпал  етудің  қайнар  көзі 
болып табылады. 
    Аксеологиялық 
тұғырда  білім  мазмұнын  жаңартудың  адамгершілік 
құндылықтарға 
негізделуі, 
баланың 
бойына 
жағымды 
мінез-құлық 
қалыптастыру,  әдептілікке,  инабаттылыққа,  сыпайылыққа  тәрбиелеу,  ұжымда 
өзін  еркін  сезіне  білу,  өз  орнын  білу,  қоғамдық  орындарда  әдептілік  сақтау 
және  тәрбиешінің  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру  барысында  бала  өмірінің 
құндылығын сезінуі, балаларды сүйе білуі, жалпыадамзаттық құндылықтармен 
қатар  ұлттық  құндылықтарды  түсіне  білуге  тәрбиелеуге  баса  назар  аударуға 
негіз болады. 
   Ақпараттық тұғырда тікелей тәрбиешіге қатысты өздігінен білім жетілдіруде, 
өзіндік  даму  траекториясын  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  сауаттылығын 
арттыруда,  білім  мазмұнын  жаңартуда,  шығармашылық  қызметінде,  озық  іс-
тәжірибе  насихаттауда  ақпарат  көздерін  пайдалануға  мүмкіндік  туғызылуы. 
Ақпараттық құзыреттіліктерді: Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде 
саналы  шешім  қабылдауға;  Ақпараттарды  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу 
жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде 
қазіргі  заманғы  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың  көмегімен 
аталған  жұмыстарды  жүзеге  асыруға;  Өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және 
жүзеге  асыру  үшін  ақпараттарды  қолдануға  мүмкіндік  берілуінің  қамтамасыз 
етілуі.  Балабақшада  балалардың  компьютермен,  интерактивті  тақталармен 
жұмыс жасауына, компьютерлік дамытушылық ойындарды ойынауына жағдай 
жасалуы.  Бұл  ұсынылған  тұғырдың  мәнділігі  зерттеу  мәселесіне  сәйкес 
мәліметтермен  танысуға,  зерделеуге,  жинақтауға,  жан-жақты  терең  талдау 
жасауға мүмкіндік беретіндігінде.  
     Білім  мазмұны  қоғамның  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуының  негізгі 
факторларының  бірі  ретінде  жеке  тұлғаға  бағытталған  болуы  керек:  тұлғаның 
өзін-өзі  анықтауы,  оның  өзін-өзі  жүзеге  асыруын  қоғамды  дамытуын 
қамтамасыз  ету;  Білім  беру  мазмұны  қамтамасыз  етуі  керек:  қоғамның  жалпы 
және  кәсіби  деңгейін  әлемдік  деңгейге  жеткізу;  білім  мазмұнын  жаңартуда 

 
27 
әлемдік білім деңгейі мен білім беру бағдарламалары деңгейінің барабарлығын 
қалыптастыру;  тұлғаны  ұлттық  және  әлемдік  мәдениетке  кіріктіру;  заманауи 
қоғамға  кіріктірілген  және  осы  қоғамды  жетілдіруге  бағытталған  адам  мен 
адамзатты  қалыптастыру;  Кез-келген  деңгейдегі  кәсіби  білім  алушылардың 
мамандық  пен  сәйкес  біліктілік  алуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Білім  беру 
мазмұны  ұлты,  этникалық,  діни,  әлеуметтік  шығу  тегіне  қарамастан  адамдар 
арасындағы  өзара  түсінушілік  пен  ынтымақтастыққа  ықпал  етуі  керек, 
дүниетанымдық  тұрғылардың  алуан  түрлілігін  ескеру,  білім  алушылардың 
пікірі мен сенімді еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға ықпал ету. Білім беру 
мазмұны нақты білім беру мекемесінде осы мекеменің өзі бекіткен және жүзеге 
асыратын білім беру бағдарламасымен анықталады.  
    Ойымызды қортындылай келе, бүгінігі таңда өркениетті елдердің қатарына 
қосылу бағытында білім беру сипаты мен шарттарына сәйкес білім мазмұнын 
өзгерту  мен  жаңартуда  бірқатар  басты  тенденциялар  анықталды.  Олардың 
біршамасы қазірдің өзінде Қазақстандағы білім беру аясындағы реформаларға 
байланысты  білім  мазмұнын  жаңартуда  өз  орнын  алуда.  Білім  берудің 
«адамды сақтау» қызметі, яғни бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдердің 
денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім берудің 
іргелендірілуі,  ақпараттандырылуы,  экологияландырылуы  және  білім  беру 
ортасының рөлі арттырылуы қажет деп тұжырым жасаймыз. 
    Қазақстан  Республикасында  білім  мазмұнын  ізгілендіру  тенденцияларын 
айқындай  отырып,  соңғы  жылдардағы  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім 
мазмұнын  жүзеге  асыру  барысына  байланысты  ғылыми  зерттеулерге  талдау 
жасай  келе,  білім  беру  құрылымы  және  мазмұны  жаңаша  бағыт  ала 
бастағанадығы  байқалады.  Бұл  мәселенің  түйінін  келесі  тармақшада  әлемдік 
білім  беру  мен  Қазақстандағы  мектепке дейінгі  білім  мазмұнының  дамуы  мен 
қалыптасуын салыстыра қарастыратын боламыз. 
    Әдіснама  ұғымының  негізгі  мәні  туралы  мәліметтер  бұрыннан  ғылыми 
зерттеу  жұмыстарында  жетекші  орын  иеленіп,  бүгінгі  күнге  дейін  барлық 
ғылым  саласындағы,  соның  ішінде  педагогикалық  зерттеулердегі  негізгі 
маңыздылығын  ескеріп,  біздің  зерттеуіміздің  әдіснамалық  тұрғыларының 
мазмұнын  аша  түсуді  жөн  көрдік.  Ғылыми  зерттеу  жұмыстарында  жетекші 
орын иеленіп, бүгінгі күнге дейін барлық ғылым саласындағы, соның ішінде 
педагогикалық  зерттеулердегі  маңыздылығын  ескере  отырып,  зерттеу 
жұмысының әдіснамалық негіздерін төмендегідей: жүйелілік, жеке тұлғалық, 
мазмұндық,  әлеуметтік,  іс-әрекеттік,  аксеологиялық  және  ақпараттық 
тұрғыдан қарастырылды.  

 
28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет