Список литературы
1.
Отлично
выполненная
работа
[Электрон.
ресурс]
2010
URL:
http://www.anpz.kz/index.php?uid=news&id_news=19&l=r
(дата
обращения
1
февраля 2013).
2. Дневник реконструкции «Комплекс глубокой переработки нефти» [Электрон.
ресурс] 2013 URL:
http://www.anpz.kz/index.php?uid=news&id_news=103&l=r
(дата
обращения 1 февраля 2013).
3. ИТОГИ деятельности ТОО «Атырауский НПЗ» за 2012 год. // Газета «Новатор»
№1, 11.01.2013.
Түйіндеме
Шетелдік инвестицияларды қандай да бір мемлекетке жұмсау белгілі
қауіптерге байланысты болады және мемлекеттен инвестициялардың "ағылып
кетуінің" алдын алу үшін шетелдік инвестицияларды қайтару және оларды сақтау
заңмен реттелуі қажет. Дегенмен, шетелдік инвестициялардың бір салаға
жұмсалуына жол бермей, жалпы экономиканы дамыту үшін немесе кем дегенде
экономиканың бастапқы кезеңде аяғына тұрып кетуге мүмкіндік туғызу үшін
мемлекет шетелдік инвестицияларды өз бақылауына алу қажет.
Summary
Foreign investment to any country associated with defined risks and to avoid « the
running» of investments from the country, return and save custody of foreign
investments shall be regulated by Law. However, the state shall control foreign
investment that they invested not only to one industry, but also develop the whole
economy, or at least make its formation at the beginning level.
ӘОЖ 349.222
Ш.Ж. Шаменова, Ж.Ж. Жағыпар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Аңдатпа
Еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде ұжымдық қатынастар мен
ұжымдық шарттарды жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстар, қазақстандық
кәсіпорындарда ұжымдық шарт жасасу барысында ұжымдық шарттардың сапалы
түрде жасалуын қамтамасыз ету, жалпы ұлттық міндеттерді ойдағыдай шешу үшін
бизнес, қоғам және мемлекет мүдделері арасындағы өзара қарым-қатынасты
үндестіру негізінде еліміздің экономикалық даму процесіне ықпал ету мәселесі осы
мақалада жан-жақты қарастырылған.
Негізгі сөздер:
Ұжымдық шарт, Ұжымдық келіссөздер, кәсіподақ, еңбек кодексі, жұмыс
беруші, қызметкер, келісімдер, комиссия, өкіл, сарапшы, маман.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
111
~
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттейтiн,
қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм нысанындағы
құқықтық акт [1].
Ұжымдық шарттардың әзірленуі, бекітілуі мен орындалуының жалпы құқықтық
және ұйымдастырушылық негіздері Еңбек кодексі, Халықаралық еңбек ұйымының
конвенциялары мен ұсыныстары, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық актілерде
белгіленген.
Ұжымдық шарт кәсіпорын меншік иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкер) және
еңбек ұжымының арасындағы келісімнің құралы болып қызмет етеді, ол әрекетін заңдар
негізінде құрады және бір жағынан, еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың
жанұяларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша
меншік иесінің міндеттерінен, екінші жағынан, меншік иесінің құқығы мен тілектерін
қамтамасыз ету бойынша еңбек ұжымының міндеттерінен тұрады.
Ұжымдық шарттың ерекшелігі – тараптардың барлық өкілдері қатысатын
ұжымдық келіссөздер өткеннен кейін ғана қабылданады [2]. Бұл демократиялық
процедура алуан түрлі, ал кейде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өзара қарама-
қарсы мүдделерін үйлесімді ескеруге мүмкіндік береді, сол арқылы еңбек қатынастарын
реттеп, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi:
тараптар мүдделерiнiң тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
Бұл принцип бойынша тараптардың ұжымдық-шарттық процесте тең
құқықтарды иеленетінін білдіреді. Мысалы, кез келген тарап ұжымдық шарт жасау
немесе келіссөздер жүргізудің бастамашысы бола алады.
ұжымдық шарттың немесе келiсiмнiң мазмұнын құрайтын мәселелердi
талқылаудағы таңдау еркiндiгi;
тараптардың мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
Халықаралық еңбек ұйымының №98 «Ұжымдық келіссөздер жүргізу және
ұйымдастыру құқықтары туралы» Конвенциясы келіссөздердің еріктілігін бекітеді, бұл
келісімге ерікті келу, ұжымдық шарттың мазмұнын құрайтын мәселелерді анықтау
мүмкіндіктерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау. Бұл талап ұжымдық
шарттарды жүргізу тәртібін, тараптар өкілдеріне уәкілеттіктер беруді анықтау
ережелерін бекітетін нормаларға ғана қатысты емес, ұжымдық шарттың мазмұнын
айқындайтын ережелерге де қатысты қолданылады.
Еңбек шарттары мен келісімдерінің ережелерінде еңбек заңдылығы ережелерін
көшіру міндетті емес. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңiрлiк
келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиiс.
Қызметкерлер және жұмыс берушi ұжымдық шарттың тараптары болып
табылады. Ұжымдық шартқа тараптардың өкiлдерiнің қол қоятынына қарамастан,
ұжымдық шарт бойынша құқықтар мен міндеттер тікелей тараптарда туындайды.
Ұжымдық шарт ұйымдарда да, филиалдар мен өкiлдiктерде де жасалуы мүмкiн.
Ұжымдық келісу процесінде қызметкерлер мен жұмыс берушілер өздерінің ұжымдық
келіссөздер жүргізуге құқығы бар өкілдері арқылы сөйлеседі. Ұжымдық шарттың күші
жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне
және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады. Кәсiптiк
одақтың мүшелерi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушiмен өзара қарым-
қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiру үшiн кәсiподақ органына да, өзге өкiлдерге де
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
112
~
уәкiлеттiк беруге құқылы. Қызметкерлер атынан келіссөздерді нормативтік-құқықтық
актілерге, жарғыға сәйкес ұйымның жетекшісі немесе басқа өкілетті тұлға жүргізеді.
Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және
ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құруы мүмкiн. Бұл ретте
олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай
пропорционалды өкiлдiк ету принципi негiзiнде келiссөздер жүргiзу жөнiндегi бiртұтас
органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.
Заңнамаға сәйкес жасалған ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелері,
олардың күші таралатын кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады. Ұжымдық
шарттар немесе келісімдер қызметкерлер жағдайын заңнамамен салыстырғанда
нашарлатса, жарамсыз деп есептеледі.
Еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің маңызды элементі ұжымдық
шарттың мазмұнын тараптар өздігінен айқындауы болып келеді, бірақ ол еңбек туралы
заңға қайшы келмеуі керек. Ұжымдық шарт екі бөліктен тұрады: міндетті және
нормативті.
Міндетті бөлігі белгілі бір мерзімде орындалуы керек болған тараптардың нақты
міндеттемелерінің жиынтығын көрсетеді. Нормативті бөлігі еңбектің жағдайын
белгілейтін жергілікті нормаларды, екі жақтың өкілдерінің өзара әрекеттесу ережелерін
қамтиды.
Ұжымдық шарттың орындалуын тиісті комиссия, еңбек ұжымының органдары,
кәсіподақ органдары бақылайды. Ұжымдық шартта қарастырылған міндеттердің
орындалмауы ұжымдық, еңбектік даудың туындауына әкелуі мүмкін. Еңбек кодексінің 1-
бабына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қолдану,
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші
актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер
(қызметкерлер)
мен
жұмыс
берушінің
(жұмыс
берушілердің)
арасындағы
келіспеушіліктер.
Екі жаққа да пайдасыз процедураның қиындығын еске ала отырып, оны
жібермеуге, міндеттерді орындауға тырысу керек, ал туындаған келіспеушілікті келіссөз
жүргізу арқылы алдын-алу керек. Оған қоса, ұжымдық келісімдерге өндірістік
тапсырыстың орындалуы туралы сұрақтар, жұмыстың қоныстық – тұрмыстық
жағдайларының жақсаруы және басқа да мәселелер кіруі мүмкін, оның бекітілуі жұмыс
беруші мен еңбек ұжымның бірлескен құзыретіне заңмен енгізілген. Олардың қатарына,
негізінен, мынадай жергілікті актілер жатады:
қызметкерлерге жұмыс киімдерін, жұмыс аяқ киімдерін және басқа да жеке
қорғану құралдарын ақысыз беретін жұмыстар мен кәсіптердің тізімі;
қосымша демалысқа мүмкіндік, сондай – ақ басқа да ауыр жұмыстардағы,
зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстардағы қызметкерлер үшн жеңілдіктер мен
компенсациялар беретін жұмыстар мен кәсіптердің тізімі;
жұмыс уақытының жинақталған есебі жүргізілетін өндірістердің, цехтардың,
учаскелердің, бөлімшелердің тізімі;
қызметкерлердің белгілі бір топтарына еңбек ақы төлеу жүйесін белгілейтін
ереже;
өндірістің шарты бойынша демалу мен тамақтануға үзіліс белгілеуге
болмайтын жұмыстардың тізімі және т.б.[3].
Аталған ережелер дербес заңды күшке ие және жалпы мәжілісте бекітілуді қажет
етпейтіндігін айта кету керек. Мұндай актілер жұмыс беруші мен жұмысшылардың
өкілеттілігі бар өкілі қол қойғаннан кейін ғана заңды күшке ие болады. Қызметкерлер
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
113
~
мұндай актілердің жасалуына жобалануынан тараптардың қол қоюына жеткенге дейін
талқылау жолымен қатысады.
Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзiрлеудiң бастамашысы бола алады.
Екiншi тараптың ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы ұсынысы
бар хабарламасын алған тарап оны он күндiк мерзiмде қарап, белгiленген тәртiппен
келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi. Еңбек кодексінде ұсыныс айтылатын хабарламаға
қойылатын талаптар бекітілмеген. Ол ерікті нысанда жасалады. Хабарламада
келіссөздерді бастау уақытын, жүргізу орнын, комиссия құрамын көрсету (өз тарапынан)
қажет. Тәжірибеде ұжымдық шарттар көбінесе қызметкерлердің талаптары бойынша
жасалады. Тараптардың келіссөздер жүргізуден, ережелерді әзірлеу мен шартқа қол
қоюдан бас тартуына жол берілмейді.
Ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын әзiрлеу үшiн
тараптар тепе-тең негiзде комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны, оның жеке
құрамы, жобаны әзiрлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзiмдерi тараптар келiсiмiмен
айқындалады. Тараптардың өкілдері әр тараптың уәкілетті органының шешімімен
тағайындалады, тарап өкілдері қол қойған хаттама комиссия құруды аяқтаудың заңды
фактісі болып табылады. Қазіргі таңда барлық ұйымдарда кәсіподақтар жоқ. Сондықтан
Еңбек кодексі бойынша кәсіподақтар ғана емес, қызметкерлердiң мүдделерiн өзге де
өкілдер білдіреді. Өзге өкілдер деп нормативтiк құқықтық актiлер, сот шешiмдерi,
сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне берiлген өкiлеттiктер
шегiнде қызметкерлердiң мүдделерiн білдіретін, еңбек ұйымының жалпы жиналысында
келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт жасасу үшін өкілеттік берілген жеке және
заңды тұлғалар танылады. Комиссия құрамына егер ұйымда кәсіподақ болса, кәсіподақ
өкілі және кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің өкілі кіреді. Кәсіптік
одақ
мүшелері болып табылмайтын
қызметкерлер өз
өкілеттіктерін беруді
қызметкерлердің жалпы жиналысының шешімімен немесе жеке арыз арқылы ресімдей
алады.
Жұмыс берушi тараптардың келiсiмi бойынша ұжымдық шартты әзiрлеу мен
жасасу үшiн қажеттi жағдай жасауды, яғни бос орын беруді, келіссөздер жүргізу үшін
қызметкерлерді жұмыстан босатуды және т.б. қамтамасыз етедi.
Комиссия әзiрлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлерi мiндеттi
түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi айқындайды.
Талқылау барысында айтылған ескертпелер мен толықтырулар хаттамамен ресімделеді.
Комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны
пысықтайды. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген кезде ұжымдық шарт кемiнде екi
данада жасалады және оған тараптардың өкiлдерi қол қояды. Жұмыс беруші тараптан
ұйым жетекшісі, қызметкерлер тарабынан кәсіподақ жетекшісі немесе өзге уәкілетті
тұлға қол қоюы мүмкін. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелерi бойынша тараптар
арасында келiспеушiлiктер болған кезде ұжымдық келiссөздер басталған күннен бастап
бiр ай iшiнде тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып,
келiсiлген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиiс.
Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру оны жасасу үшiн белгiленген
тәртiппен тараптардың өзара келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер алынған мәлiметтер
мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды
құрайтын болса, ұжымдық келiссөздерге қатысушылардың бұл мәлiметтердi жария етуге
құқығы жоқ.
Ұжымдық келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзу кезiнде орташа айлық
жалақысы сақтала отырып, еңбек мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн. Бұл
мерзiм олардың еңбек өтiлiне қосылады. Тараптардың өкiлдерi тараптар қол қойған
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
114
~
ұжымдық шартты бiр ай мерзiм iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшесiне мониторинг үшiн ұсынуға және қызметкерлерге ұжымдық шарттың
орындалу барысы туралы мезгiл-мезгiл хабарлап отыруға мiндеттi. Заңмен бекітілген
бұл талаптың мақсаты мемлекеттік органның ұжымдық шарттар талаптарының
орындалу барысын қадағалау, ұжымдық шарт ережелерінің қолданыстағы заңға
қайшылығын анықтау және бұл туралы тараптарға хабарлау болып табылады. Ұжымдық
шартты жасасу тараптардың міндеттемелерін орындауды үнемі қадағалауды да
қамтиды. Тараптар аралық қорытынды жасау және туындаған мәселелерді талқылау
үшін жарты жылда бір рет жалпы жиналыс өткізеді.
Ұжымдық шартты ұсыну тәртібі әртүрлі. Ұжымдық шартты ұсыну тәртібін Алматы
қаласында қалалық кәсіподақтар Кеңесі әзірлеген және номерленген, тігілген ұжымдық
шарт түпнұсқалары мен олардың көшірмелерін Алматы қаласы бойынша Еңбек және
әлеуметтік қорғау департаментіне ұсыну қажеттігін қарастырады. Оған келесідей
мәліметтер көрсетілетін хат жалғанады: ұйымның заңды мекен-жайы, ұйым түрі (шағын,
орта, ірі бизнес), қызметкерлер саны, меншік түрі, экономика саласы (қызметінің негізгі
түрі), кәсіподақтың болуы.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұйымда
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған тараптармен келісілген шарттар
ұжымдық шарттың мазмұны болып табылады. Ұжымдық шартқа:
1) еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, қызметкерлерге,
оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге тарифтiк ставкалар мен
жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi туралы;
2) еңбекке ақы төлеудi индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы
төлемдерiн төлеу туралы, оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi қосымша
өтемақылар туралы;
3) тиiстi мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгi
жалақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы;
4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы;
5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
6) салауатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру көлемi туралы,
денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн
медициналық сақтандыру кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
7) тиiстi саланың разрядаралық коэффициенттерiн белгiлеу туралы ережелер
енгiзiлуге тиiс [4].
Ұжымдық шартқа:
1) еңбектi ұйымдастыруды жақсарту және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру туралы;
2) еңбек тәртiптемесi мен еңбек тәртiбiн реттеу туралы;
3) босатылатын қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды,
бiлiктiлiгiн арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету
туралы;
4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер мен
жеңiлдiктер туралы;
5) қызметкерлердiң тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
6) қызметкерлердi сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың
тынығуы туралы;
7) кәсiподақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған
кезде ұйымның кәсiподақ органының дәлелдi пiкiрiн ескерудiң тәртiбi туралы;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
115
~
8) кәсiподақ органына сайланған қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер туралы;
9) қызметкерлердiң өкiлдерi қызметiн жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
10) кәсiподақ қызметi үшiн жағдай жасау туралы;
11) қызметкерлердi сақтандыру туралы;
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;
13) еңбек шарттарын ереуiлдi желеу етiп жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
бұзуды болдырмау туралы;
14) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерi келтiрген залал үшiн
жауаптылығы туралы;
15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;
16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы;
17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс
берушiнiң өзара мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн. Бұл міндеттер шектеулі емес. Ұжымдық
шартта еңбек және өндіріс тәртіптемесі, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, өндіріс
тиімділігін арттыру, ерікті кәсіподақ жарналары бойынша жұмыс беруші мен
қызметкерлер өкілдері арасында шешім қабылдануы қажет сұрақтар қарастырылуы
керек.
Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдермен
салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиiс. Мұндай ережелер
жарамсыз деп танылады.
Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзiмге жасалады және егер оның
ережелерiнде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және
тараптар оны орындауға мiндеттi. Ұйымның экономикалық жағдайының тұрақтылығына
байланысты ұжымдық шарттарды 3-5 жыл мерзімге жасау тәжірибесі қолданылуда.
Ұжымдық шарттың мерзімі ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс. Ұжымдық шарттың күшi
жұмыс берушiге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлерiне
және жазбаша өтiнiш негiзiнде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.
Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бiрiгу, қосылу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта
құрылу) кезеңiнде ұжымдық шарт өз күшiн сақтайды. Ұйым мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан
кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшiн сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа
ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру
туралы келiссөздердi бастауға құқылы. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған
кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары
тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
Ұжымдық шартта көзделген мiндеттемелердi орындамағаны үшiн тараптар
ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта
болады. Еңбек заңдылығына сәйкес ұжымдық шартта тараптардың ұжымдық шартты
орындауға
жауаптылығы
қарастырылады.
Жауаптылық
шарттарын
тараптар
айқындайды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы №155 Кодексi бойынша ұжымдық шарт, келiсiм бойынша
мiндеттемелердi
орындамау немесе
бұзу
ұжымдық
шарт,
келiсiм
бойынша
мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi
жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шақырылған сарапшылар мен мамандарға еңбекақы төлеу жұмыс берушiлердiң
не қызметкерлердiң өкiлдi органдарының солармен жасасқан еңбек келiсiмi бойынша
жүргiзiледi. Қызметкерлердiң өкiлдi органдарының ұжымдық келiссөздерге қатысатын
мүшелерi келiссөздер жүргiзу кезеңiнде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиiстi
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
116
~
өкiлдi органның келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жұмыстан
босатылмайды [5].
Әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 1-бап – 15.05.2007 ж. Трудовое право –
Москва; «Интел-Синтез», 2009, №3. -116-120с.
2.Тимощенко Л.С. Трудовое законодательство переходного периода в вопросах и
ответах – Алматы, 2001.
3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России. – Москва, 2003.
4.Абайдельдинов Т.М. Понятие локально-договорного регулирования трудовых
отношений // Вестник Гуманитарного университета имени Д.А.Кунаева, 1999, №1, - 38
41с.
5.Уваров В.Н. Трудовое право – Алматы, 2003.-95с.
Резюме
В данной статье рассматриваются актуальные вопросы, правовое положение
института коллективных договоров.
Summary
The legal regulation of the institution of collective contracts at work.
ӘОЖ 347.644.8
Ж.Б. Шаяхметова, К.С. Ергалиева
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУМЕН
Достарыңызбен бөлісу: |