Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

61
натурализмнің  шебер  үлгісі  де  осы  шумақта
жатыр емес пе. Бұл ешқандай анайылық емес,
табиғи  заңдылықтағы  жастардың  қалауларын
табуы.  Екі  ынтыққан  жастың  еш  дүниеден
қаймықпай,  ғашықтық  сезімге  бөленуі.  Айлы
түнде,  яки  болмаса  ауыл  сыртында  ел-жұрт
көзінен таса жерде кездесулері емес, «ер болса,
үйге келсін» - деп» шақырған ғашығының сөзін
жолдасынан естіген тышқан көрген мысықтай
епті  жігіттің  не  есіктен,  болмаса  жапсар,
тесіктен  боз  үйге  кіріп,  қыз  төсегін  тауып,
армандарына  жетуі.  Ұстазы  Абайдың  «Жігіт
сөзі»  мен  «Қыз  сөзіндегі»  айтылар  сезім
шынайылықтары  Шәкәрімнің  жас  кезіндегі
туындыларында осылайша көрініс береді.
Шыққан соң белге,
Көз салып елге:
Қарап тұр әлі жарыңыз,
Жолдасқа айтып,
Ат басын тартып,
Жүгіріп қайта барыңыз,
Бір сүйіп алып тамақтан,
Асасың азар қабақтан,-
деп ақын кейіпкері өжеттігін де байқатады.
Ақынның жоғарыда аталып кеткен екінші бір
шығармасы  –  «Кәрілік  туралы».  Алғашқы
өлеңде  Шәкәрім  жігіттің  жастық  сезімін
жырласа,  енді  сол  жастың  кәріліктен  қашуын,
қашуы  емес-ау  кәрілік  құрығына  ұсталғысы
келмейтіндігін  жырлайды.  Жас  көңілдің
жарығынан,  жастықтың  қайратынан  артық
дүние  жоқ  шығар.  Алған  беттен  қайтпайтын
қайсарлық  та,  өрге  қарсы  жүрер  жігерлік  те,
болашақ жарқын өмір үшін жанталасып іздену
бағыты  да  жастың  қолында  емес  пе?!  Ақын
айтқандай:
Жастықтан қызық іс болмас,
Кәріде ақыл, күш болмас.
Кәрілік  тақырыбы  қазақ  әдебиетінде
Шәкәрімге дейін де көтерілді, одан кейін талай
рет 
жырланып 
келеді. 
Бірақ
Ш.Құдайбердіұлының  ерекшелігі  адам
ғұмырының  әр  кезеңін  көріп,  кәрілікке  жетіп
барып  оны  жырға  қосуы  емес,  жас  бозбала
шағында  өмір  туралы  пайымдаулар  жасауы,
жастық өмір мен кәрілік сипаттарын салыстыра
бере  білуі  болмақ.  Әрқайсысының  өзіне  тән
белгілерін,  табиғи  ерекшеліктерін  дәл
айқындап, дөп баса суреттеуі.
Азайып күшің,
Саудырап  тісің,
Шалбардай болып бет кетсе, -
дейді ақын. Яки болмаса «қызарып көзің, езіліп
сөзің»,  «иекпен  шайнап,  тіліңмен  айдап»,
«қуарып  мұртың,  суалып  ұртың».  Қандай
тамаша  салыстыра  бейнелеулер  десеңізші.
Ешкімнің де осы өлеңді оқи отырып кәрілікке
қадам басқысы келмейді-ау. Тағдыр жазмышына
шама жоқ қой. Ақын тілімен айтсақ:
Қайғы емес қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өлім.
Туған жан өлмек,
Тағдырға көнбек.
Кімді алмайды бұл өлім.
Шал болмай-ақ өлейік,
Алла ісіне көнейік.
Шындығында  да  жастық  қызығының  бел
ішінде жүрген Шәкәрімнің кәрілікті осы кезден
жамандауы,  шал  болмай-ақ  тағдырдың
пешенесіне  жазған  өлімге  мойын  ұсынуын,
«кәрілікті жамандап, өлім тілеуін» Абай сынаса
сынағандай, мінесе мінегендей...
Қызусыз тәнің,
Сезімсіз жаның –
Болады кәрілік белгісі.
Оны да сезбей,
Үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі.
Алпыстан ары бармаңдар,
Байқамай шал боп қалмаңдар!
Кәрілік  тақырыбын  Шәкәрім  тек  жас
шағында  ғана  емес,  ғұламалық    дәрежесіне
жетер  жолдың  әр  кезінде  жырлап  отырады.
«Кәрілік – шал деген бір ат қылғандай», «Дүние
мен өмір»,  «Қайтқан шал», «Үш-ақ  түрлі өмір
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

62
бар..», «Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор»,
тағы  басқа  да  өлеңдерінде  адам  өмірінің  осы
кезеңіне  қатысты  филоло сиялық  о й-
толғамдарын  білдіреді.
Шәкәрімді  бес  жасқа  келгенде  ата-анасы
сабаққа берсе, жеті жастан жетім қалғандықтан
ағайын-жұртының  әлпештеуінде  болады.  Он
жасқа  келгенге домбыра,  гармон үйреніп,  жас
болса  да  «телеграмды»  бір  үйден  бір  үйге
тартып, шеберлікке бет бұрып, сурет салып түр
ояды.  Он  бесінде мылтық  атып,  аңшы  болып,
жиырма қарай келгенде ғылымға көңіл бөледі.
Енді шеттен де кітап алғызып, ғылымға қадам
басып,  білек  сыбанып  кірісе  бастаған  кезде,
болыстық ісі араласып, «азат басы құл болып»,
ұлықтықтың тоқымының жабуымен кетеді.
Жиырма мен қырық арасы-
Жас өмірдің сарасы.
Бос өткенін қарашы
Жүрекке төгіп қанды ірің-,
деп  кейіннен  ақынның  өзі  өкінішпен  еске
алғандай  ғылым-білім  жолына  түспек  болған
жас  Шәкәрімге  «болыстықтың  тоқымын
жабады».  Бұл  ретте  Мұхтар  Әуезов  сөзін
келтірген орынды: «Ысқақты ұдайы үш сайлау
9  жыл  болыс  қылған  соң,  төртінші  сайлауда:
«Енді  болыстықты  Бәкемнің  орнына  беремін»
деп  жасы  жиырмаға  әрең  толған  Шәкәрімді
болыс сайлатады. Бәкем деп өзінің үлкен шешесі
Күңкеден  туған  Құдайберді  деген  ағасын
айтады.  Ол  кісі  ертерек  өліп,  артында  екі-үш
баласы  жетім  қалған.  Сол  ағасының  аруағын
сыйлағандықтан,  жасы  жетер  жетпесте,
Ысқақты  өкпелетіп  Шәкәрімді  сайлайды.
Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 1884-жылды
сайлауына  келгенде,  Абай  ендігі  болыстықты
өзімен  бірге  туған  кенже  інісі  Оспанға  бермек
болады».
Шәкәрім  «еріксіз  жемтік  шоқыдым»,  «ар
кетіп,  айла  жамылдым»  деп  опынады,  ұлық
болуды  дәреже  көргендігіне  өкінеді.  Сусаған
ғылымнан қол үзгеніне налиды.
Болыстық салды жаман ой:
«Ғылымды әзір қума, қой,
Ұлықтық деген үлкен той»-
Деп осыған лоқыдым.
Ашылмас кесел болды бұл,
Іздеген ғылым қалды тұл.
«Азат басым болды құл»,
Еріксіз жемтік шоқыдым.
Бірақ, Шәкәрім өзін мінегенде кейінгі жасқа
сабақ  болсын  дейді.  Негізінен,  ел  жұмысына
араласу оған өз тұсындағы қоғамның тамырын
басып, сырқатын анықтап алуына көмектескені
сөзсіз.
Ұлық пен елге жағындым,
Әртүрлі атақ тағындым.
Ар кетіп, айла жамылдым,
Бейне алдамшы сопымын.
Қарасам, мақтау айнадан
Әлемнен озған мен бір жан:
Ел құтқарған топаннан
Тобықтының мұқымын.
Шәкәрімнің өмір жолын бағамдап қарағанда
даналық жолына да, білім қуу мен ғылым табу
мақсатында  да  қырық  деген  жастың  ерекше
орын  алғанын  байқаймыз.  Ақын  осы  жастан
бастап ғылым жолына түседі. Ұстазы Абайдың
«қолымды мезгілінен кеш сермедім» дегеніндей,
қырық  жасқа  келгенде  ақын  өмірге  өзге  бір
таныммен  қарап,  терең  ойдың  жетегіне  түсіп,
алдына тың мақсаттар қояды. «Қырыққа келіп
астым  бел,  Деді  бір  ой  –  көзіңді  аш!»,  яки
болмаса «Жас қырыққа келген соң, Бір ой түсті
жаңадан» дей отырып:
Түрікше ғана білуші ем,
Сонымды қару етуші ем.
Перевод оқып жүруші ем,
Орысша, араб аралас.
Адасып діншіл азғанын,
Пәншілер ғылым қазғанын.
Философ – ойшыл жазғанын
Сынауға енді бұрдым бас,-
дейді ақын.
Шәкәрімнің  көзқарасының  о сы  кездері
түрленуі  мен  даналыққа  құштарлығының
оянып, талғамының өреленуіне Абай ағасының
ықпалының  болғандығы  анық.  Бұл  сөзіміздің
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

63
айқын дәлелі Ахат  естелігі. Жайлауда отырған
Абай аулына барғандығы Шәкәрімнің аға, ұстаз
тапсырмасы  туралы  айтқаны  төмендегідей
беріледі: «...Абай «Мен етек басты болып, білім
қуа  алмай  қалдым.  Сол  көксеген  арманымды
Шәкерім арқылы орындаймын деп, саған білім
қуғызатын болдым! Адам қырық жасына дейін
білім  жинап,  қырық  жасында  камил  толады,
ақыл-ой, жігер қайраты жетіледі. Енді үш жылда
сен  қырыққа  толасың.  Бар  қаражатың  менің
мойнымда, сен  осыған дайындал»  - деді.  Мен
«Барлық қаражат сізден болса, білім алуға неге
бармайын»,  -  дедім»,  -  дей  келе,  Шәкәрімнің
жолға  дайындалғанымен,  1901  жылы  жақсы
көретін  ағасы  Шәке  қайтыс  болып,  дүниеден
өткен  адамды  үш  жыл  жоқтайтын  қазақтың
әдетімен  жүрген  кезде  1904  жылы  Мағауия,
оның артын ала қырық күннен кейін Абайдың
қайтыс  болып  білім  қууға  шыға  алмағандығы
айтылады.
Абайдың Мағауия қазасы кезінде «Мына екі
туысқанның қазасы қабат келіп, мұны білім іздеу
жолынан  қалдырды,  менің  Шәкәрімге  білім
қуғызам деген мақсатым орындалмай қалды»,-
деп  қапаланғанында, 
«Ол  тілегіңізді
орындаймын,  айтқан  жерлеріңізге  барамын»,-
деп  серт  берген  Шәкәрім  ел-жұртының
ризашылығын сұрап, үш жыл қаза артын тоспай,
1905 жылдың күзінде үлкен сапарға аттанады.
Ақынның мол білім жинап қайтқаны да осы бір
сапар.  Шәкәрімнің  парасаттың  биік  жолына
түсіп, даналыққа жетуіне үлкен қалалардағы бай
кітапханаларда  отырып,  неше  ұлттың  ғалым-
білгірлерімен  сөйлесіп,  аса  қажетті  кітаптар
тұшына  оқуы  алуы  зо р  әс ерін  тигізеді.
Жастайынан  қазақ  шежіресін  жазбақ  үшін
«Тибри», «Тарих ғұсмими»,  «Тарих ғұсмани»,
«Тарих  Интишар  слам»,  «Түрік  тарихы»,
«Құдадғу  білік»,  Абылғазы  баһадүр  жазған
«Шежіре Түрік» сынды ескі кітаптарды, ежелгі
Қытай,  Рим,  Европа  жазушыларының
еңбектерін  оқып  жүрген  Шәкәрім  мол  рухани
байлыққа кенеледі. «Стамболда тарих қорларын
сақтайтын орындарда болып, ары бара жатқанда
13 күн тарих ақтардым. Ертедегі Шығыс ақын-
жазушы,  ойшылдарының  шығармаларын
түгелдей  алдым.  Гомерден  бастап  Грек
халқының  о йшыл  -  фило софт арының
шығармаларын,  Батыс  фиолософтарының
шығармаларын, ертедегі Түрік ғалымдарының
жазған  шығармаларын,  әр  елдің  лұғаттарын,
Америка  жазушыларының  шығармаларын
алдым.  Демек,  менің  бұл  сапарым  көкірек
көзімді ашып, аңсаған арманыма қолым жеткен
сапарым  болды!  Бұ  да  Абайдың  маған  ақыл-
кеңесінің  жемісі»,  -  дейді  ақын.  Ақыры  мол
білімнің  арқасында  өзінің  көксеген  мақсатына
да жетеді.
Іздедім, таптым анығын,
Тастадым ескі танығын.
Хақиқат нұрдың жарығын
Жарылды жүрек көргенде.
Ақын  өзінің  танығына  жете  отырып  өмір
бойы сарыла іздеген үш анығына жетеді.
Еңбекпен, өрнекпенен,
Өнер ойға тоқылса.
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар білімі оқылса,-
деп  негізі  тұжырымдалған  ой  қорытындысын
береді.
Шәкәрім  Құдайбердіұлы  санасына  түйіп
жинақтаған  мол  мұраны  толығымен  игеру
мақсатында,  ел  ішіндегі  мазасын  алар  ұсақ
дүниелерден  аулақ  болу  үшін  де  жалғыз  өмір
сүруге  бел байлайды.  «1912 жылдың  жазында
«Кең қоныс деген» жайлауынан қора салдырып,
қыста қыстап барып, сонда жататын болды. Қар
қатқанша  қасында  бір  қағушысы,  бір
бақыршысы  болды.  Қар  қатып,  аңға  шығудан
қалған  кезде,  қағушыны  қайтарып,  бақыршы
екеуі ғана қалып, өзі кітап оқып, жазу жазумен
шұғылданатын  болды.  Алты  жылға  тақау
осылай істеп жүріп, 1918 жылдың қысында он
төрт жасынан біздің ауылда болған руы Керей -
Әупіш деген жан жолдасын қайтарып жіберіп,
өзі  жалғыз  жататын  болды»,  -  дейді  Ахат  өз
естелігінде.
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің Алашты,
Қорлығына бермейміз!
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

64
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды Алаш, өлмейміз!
Жасасын Алаш, жасасын!»,-
деп  жиырмасыншы  ғасыр  басында,  қазақ
халқының  тағдыры  сынға  түскен  заманда  ұлт
болашағы  үшін  жанын  шүберекке  түйген
Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай Алаш
ұраны, Алаш идеясы мәңгілік. Ұлт тәуелсіздігі
жолында  от  пен  жалыннан  қаймықпай,
бастарын бәйгеге тігіп, жандарын да қиған Алаш
қайраткерлері  қай  заманда  болмасын  тек
қадірлеуге,  құрметпен  еске  алуға  лайық.
Жандарын  да  халқының  алдағы  жарқын  өмірі
үшін  құрбандыққа  берген  алаш  азаматтары
туралы  айту  тек  еліміздің  егемендік  алуымен,
ой-пікірімізді  тұмшалап  тұқыртатын  кеңестік
саяси ықпалдың құруымен тікелей байланысты.
Ұлттық  дүниелерді  айтуға  тәуелсіздік  таңы
арқасында  жеттік.  Бүгінгі  Алаш  ұрпағы  ұлт
зиялыларының жанқиярлық еңбегін, ел санасын
оятудағы  сан  қырлы  істерін  жоғары  бағалап,
оларға  қатысты  тарихи  деректерді  ғылыми
тұрғыда  оқырмандарға  жеткізіп  жатса  Алаш
қайраткерлері бастаған іс жалғасын тауып, асыл
армандары орындалып жатыр деуге анық болар.
Шәкәрім  және  Алашорда  тақырыбы  ақын
өмір  жолын  желілей  тартқанда  алынатын
қомақты бір уақытты қамтиды. Ұлт болашағы
үшін  еңбек  ету,  келешектің  жарқын  болуы
Шәкәрімнің ұстанған басты азаматтық бағыты
екендігі ақиқат. Сол себептен де ақын алашшыл
азаматтардың  ел  қамы  үшін  атқарып  жатқан
еңбектерін  зор  ілтипатпен  қарсы  алады.
Олармен бір байланыста болып, алғашқы Алаш
жиналысына өз батасын беріп, ақ жол тілейді.
Осы кезеңдерде Семей уездік земство жиынына
депутат  болып  сайланып,  Земство  жұмысына
белсене араласады.
Ш.Құдайбердіұлы Алашорда басшыларының
шақыруымен Семей қаласына келіп Алаш соты
ретінде  билік  айтуы,  яғни  Белгібайдың  қызын
мұғалім жігіт Ғабдолла Қоскеевтің алып қашып
кетуіне қатысты билік жасау жолы оның өміріне
үлкен  із  қалдырады.  Ахат  е стелігінде
айтатындай: «Мен босқа әуре болып жүр екем.
Басшылардың елді ел қылатын түрі жоқ. Баяғы
күндестік. Баяғы мансапқұмарлық. Өзімшілдік.
Баяғы рушылдық, партиядан  арылар түрі жоқ.
Елді қорғау, адалды жақтау жоқ. Ел оқығандары
ғой,  елді  адал  жолға  бастайды  бұлар  деп
сеніппін!  Қаталасыппын»  -  деп  қатты
қапаланатын жолы да осы кез. Осы билік жолы
Алашорда  үкіметінің  кейбір  басшыларымен
болған  араздық  әсерлері  ақынның  қайтадан
Шыңғыстағы  жалғыздық  өмір  сүру  қалпына
түсуіне ықпал жасайды. Шәкәрімнің кейін 1919-
1920 жылдары Семей уезінің Шыңғыс болысы
бойынша халық сот болып қызмет атқарғандығы
туралы ресми құжаттар да сақталған.
«1925  жылы  Кереймен  жапсарлас,
Шақпақтың күнгей бетінен, бұрынғы қорасынан
он бес шақырымдай ары, жайлаудан әкейге жаңа
қора  салып  бердік.  Бір  там,  бір  шошала,
айналдыра салған пішен қора, ат қорасы болды.
Өзі өлгенше сол қорасында болды»,- дейді Ахат.
Шәкәрім  ақын  ел  ішінен  алыстап,
шығармашылық 
жұмыспен 
айналысу
мақсатында, әрі сол бір кездердегі болып жатқан
дүрбелеңді  оқиғалардан  тысқары  болу  үшін
Шақпақтағы  қорасында  Әупішті  қайтарып
жалғыз қалған жылдарының ішіндегі ең бір ауыр
өткен  қысы  1930  жылғы  қыс  десек  артық
айтқандық емес. Ол кездері қасындағы жалғыз
серік  тұтары  жалғыз  Қоңыр  аты  екеуі  бораны
мен аязы мол табиғаттың аса бір қиын кезеңін
басынан  өткереді.  Шәкәрімнің  Шақпақтағы
қорасында  жалғыз  жатып  ақын  көңілінің
қаншалықты  жабырқау  күйге  түскені  оның
«Қатты ауырғанда», «Есіз қорада», «Есіз қораға
екінші  рет  барғанда»,  «Екінші  күн  қонғанда»
атты өлеңдерін оқығанда анық байқалады.
Сусынға тағы жарымай,
Төсекте жатып қалғаным-ай!
Тұрайын десем, талғаным-ай.
Бастырмай екі саным-ай!
Ұстауға қолдан әл кеткені-ай!
Аяқ пен белден жан кеткені-ай!
Қалмады қуат дәнім-ай!
Өлімді арман көрмедім-ай!
Қиналмай бірақ өлмедім-ай!
Қайтейін қайран жаным-ай!
Жапанда  жалғыз  жатып  қатты  ауырып
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

65
қиналған Шәкәрім «Ойлайын бір сөз жазайын-
да» деп бастап өзіне өлім сәті жақындады деп
түсініп  өлеңмен  қоштасу  сөзін    жазады.
Қорасына келген адам осы өлеңді оқыса не істеуі
керектігі осы өлеңде таратыла жазылған. Қалай
жерлеу керектігі де, дүни-мүлкінің қалай бөлінуі
де,  тіпті  қорасындағы  тамағын  қалай  алу
керектігі  де  өлеңде  тарата  жазылған.  Бұл
жайлардың  Ахат  естелігінде  көрініс  тапқанын
да байқаймыз. Ақын ұлы былай деп есіне алады:
«Шай  ішіп  отырғанда  әкейдің  төс егінің
тұсындағы шегеге ілулі тұрған жазулы қағазға
көзім  түсті.  Әкей  менің  жазулы  қағазға  қарап
отырғанымды байқап, қағазды алып, оқып берді.
Жазудың  жалпы  мазмұны  –  жақын  жердегі
Байқошқардағы  адамдарға  арнайы  жазылған
екен «Мен өлсем, елге апармай, осы қорамның
қасына  қойыңдар.  Барлық  жанға  сәлем
айтыңдар»  -  деген».  Ақынның  өкінішпен
қоштаса отырып жазған өлең хатын оқыған адам
тебіренбей оқи алмастай.
Ішімді жалын қаптағаны-ай,
Шыбын жан тыным таппағаны-ай,
Қапыда дерттің шалғаны-ай,
Жәрдемші ешкім қасымда жоқ,
Басымды сүйер жарым да жоқ,
Жалғыздықта өткен жалған-ай!
Жапан  далада  жалғыз  жатып  есіз  қораға
барғаны  туралы  жазған  екі  өлеңінде  де
Шәкәрімнің жан сырын көреміз.
Ақ қырау үсті-басы қоңыр аттың,
Қар басты аққан көзін тас бұлақтың.
Атымды суғара алмай, қарлатамын,
Тапжылмай сол қорада үш күн жаттым.
Шарбақты қара жіппен тартып байлап,
Ішінен пішен тығып, қойдым жайлап.
Атымның үстін сүртіп, пішен салсам,
Оқырынып, су сұрайды, «ағатайлап».
«Сөйлестім сол атпенен бір азғана, Бар ғой
деп  айуанда  да  ақыл-дана»  ,-деп  ақын  жапан
түздегі  жалғыз  серігі  Қоңыр  атымен  «тіл
қатысады».  Түк  көрінбес  боранды  күнде  тек
атына  ғана  сыр  төгеді.  «Қуарып    қу  далада
жатқаныңша,  боранда  жылынсаңшы  елге
барып» деп атының аузына сөз де салады. Бірақ
қыстың  күшіне  мінген  күндері  елдің  де
жайының  жақсы  болмай  тұрғаны  ақын
назарынан шыққан емес.
Ғұлама  тағдырының  қиындығына    Ахат
естелігіне назар аударғанда тағы да тебіреніспен
қаныға  түсеміз.  1930  жылдың  ақпан  айының
соңғы күндерінде Ахат әкесінің науқастанғанын
«қашқындарды»  іздеп  жүрген  солдаттардан
естиді.  Шәкәрімге  жер  мұз  болып  қатып
қалғандықтан  маңындағы  ауыл  адамдары  да
қатынаса  алмапты.  Жолдың  қиындығын  Ахат
естелігіндегі «Мен тура жолмен бара алмайтын
болдым.  Өйткені  жолдың  қары  қалың,  жазық
жерлері көп, сондықтан кілең жоталарды қуып
отыруым  керек  болды.  Сүйтіп  күн  батарда
«Кеңқоныстағы»  Орынбасардың  аулына  зорға
жеттім.  Атымның  төрт  аяғының  жүндері
қырқылып қалды. Орынбасар ақсақал әкейге екі
рет барам деп, атының аяғын қырықтырып, жете
алмай қайтқанын айтты» деген жолдардан анық
байқауға  болады.  Ахат  Кеңқоныста  бір  күн
қонып күн бата әзер дегенде әкесінің қорасына
жетеді.  «Қораның  қақ  алдындағы  белеске
шыққанымда,  қорадан  кісінеген  қоңыр  аттың
даусы естілді. Атым да қораны көрген соң, жіті
басты.  Қораның  алдына  келдім.  Қоңыр  аттың
ширыққан  жер  т арпыған,  пысқырған
дыбысынан  басқа  түк  естілмейді.  Жым-жырт,
жүрегім  дірілдеп,  аузыма  тығылды.  Әкей  өліп
қалды ма деген ой бойымды мұздатып жіберді.
Көз алдыма әлденелер келіп, тамында әкей өліп
жатқандай  көрінді».  Шарбақты  ары-бері
қозғадым, ашылар емес. Терезеге баруға дәтім
шыдамай  тұр.  Қараңғы  түсіп  барады.  Күн  де
жауа борап, түтеп кетті. Мен терезеге  бардым.
Тірі  болса,  шам  жағар  деп.  Жарық  жоқ.  Әкей
өлді,  жүрегім  оттай  тулады.  Көзімнен  жасым
ағып  кетті.  Айғайлап  жылауға  елсіз  дала,  жан
жоқ»,- деп сол қиналысты сәттерін есіне алады
Ахат  ақсақал.  Бар  қорқынышты  ойын  жинап
терезені қаққанында аржағынан «бұл кім?» деп
Шәкәрім  тіл  қатқанда  Ахаттың  қуанышында
шек болмаған-ақ шығар. Дыбысын шығарса да
тіршіліктің  бір  мүшесі  ретінде  әке  жанында
болған Қоңыр атқа да ризалық сезімін білдіргені
хақ.  Елсіз  дала  Шақпақта  қатты  науқастанып
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

66
жалғыз  жатқан  Шәкәрім  туралы  айтқан  Ахат
естелігіне назар аударайықшы: «Ертеңгі шайды
ішіп отырғанда әкей айтты: «Келгендер Қоңыр
атқа  шөп  салып  кеткен.  Менің  дыбысым
шықпай қалса, кісінеп, жер тарпып, пысқырып,
тынышсыздана береді. Ал жөтеліп, дауысымды
шығарсам  тыныштала  қалады.  Далаға  қоя
берсем, аунап, ойнақтап, қайтып келеді, біржола
кетіп қалмай, маған үйреніп алды»-деді». Міне
жапан  далада  Шәкәрім  қасынан  бір  кетпеген,
ақынның  қасында  жалғыз  серігі  болған  аттың
кейіннен  оның  баласы  Зияттың  да  көңілінен
шығады.
Әке мен бала осы жолы армансыз тілдеседі.
Шәкәрім ақын да өз шығармашылығын әрмен
жалғастыра  түседі.  «Үш  –  төрт  күндей  боран
ашылмай әкей «Қоңыр ат» поэмасын бітірді», -
дейді Ахат. «Қоңыр ат» шығармасы Шәкәрімнің
атымен тағы да тілдесуі. Атымен сырласуы. Аты
арқылы  бала-шағасына,  жан  жарына,  еліне,
туыстарына  айтпақ  сәлемі.  Жапанда  жалғыз
қалған  жанның  соңғы  қоштасу  өлеңі  деуге  де
болардай. Артында қалған үрім-бұтағына айтар
әкелік,  аталық  ақылы  да  осында.  Алыстағы
ауылына деген сағынышты да осы шығармадан
көре аламыз.
-Әй, Қоңыр ат, Қоңыр ат!
Айтайын саған бір аз дәт!
Тысқары алып барайын!
Жүгеніңді шешіп алайын,
Ауылға хабар салайын,
Елге қарай сырқырат.
Кейде желіп, кейде шап,
Көдені жайлап, жұлып ай.
Таба жүріп тамақты,
Таң атқанша үйді тап!
Айғанша сынды жарыма
Алғаның өтті дегейсің.
Денесіне мұз қатып,
Қазасы жетті дегейсің!
Алдыңнан шықса Гүлнарім
Сұраса мені не дейсің?..
Қабыш пен Ахат, Зиятқа,
Сәлемімді айтсаң ұят па?
Ғафурдан қалған көп жетім,
Бір көрмек еді ниетім.
Арманда кеттім көре алмай»-
Деп күңіренді дегейсің!
Бұл шығарма арқылы Шәкәрімнің көптеген
жақын-туыстары, бала-шағасы туралы мағлұмат
та  алуға  болардай.  Сенімді  серігі  Қоңыр  атқа
тапсырған ақын аманаты қандайлық!?
Осы  жолғы  Шәкәрімнің  қасында  үш  айдай
болған  Ахаттың  әкесімен  соңғы  кездесуі  еді.
Мол  тағылым,  ғибратты  сұхбаттарға  ұласқан
осы  бір  аз  ғана  уақыт  туралы  Ахат  өмірінде
өшпес із қалдырады. «Әкейдің соңғы кездері көз
алдымда.  1930  жылы  26  майдан  кейін  әкемді
қайтып көргем жоқ. 29 майда кел деп шақырған
соттың  қағазы    келген  соң,  әкеймен  қош
айтысып айрылдым. 1930 жылы 29 майда аудан
түрмесіне жатып, 4 июнь күні сот 5 жыл кесіп,
Семей түрмесіне түстім», - дейді Ахат ақсақал.
Отызыншы  жылдардағы  ел  басына  төнген
қалың  нәубат  зауалы,  ел  ішіндегі  аухалдың
өзгеруі,  кіші  октябрь  саясатының  «аша  тұяқ
қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген талап
әсері  халықтың  күн  көрісінің  қиындауына,
аштықтың 
басталуына 
алып 
келді.
Қазақстанның  әр  жерінде  халықтың  толқуы,
елдің  наразылығы  күшейді.  Голощокиннің
саясатына  қарсы  Шұбартауда,  Абралының
«Ақсай», «Самай», Шыңғыстаудың «Қарауыл»,
«Қарадыр»  сияқты  елді  мекендерде  де  ел
азаматтары  көтеріліске  шығады.  Бұл  тек  мал-
мүлкінен  айрылған  байлар ғана  емес,  малсыз,
күйсіз  қалған  көптің  ызы-кегі,  жан  ашуы  еді.
Қолдан  жасалған  ашаршылықтың  аз  ғана
алдында  қалған  жаны  да,  тіршілігі  де  малмен
тікелей байланысты халықтың «белдеуде бұзау
қалмасын» атты  ұранға қарсы бір  тұяқ серпер
қауқары да осы болатын. «Сендердің бір-екі жүз
сойыл,  он  шақты  мылтықтарыңнан  құлайтын
совет  үкіметі  жоқ!  Мұның  тамыры  тереңде.
Тоқтаңдар,  тыйылыңдар  қарақтарым!  Жалпақ
жұрттың  обалына  қалмаңдар»  деп  тыйым  сөз
айтқан  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  сөзіне
ұйымдастырушылар  тоқтай  қоймайды.  Ел
арасына Шәкәрім қажы бізбен бірге деп әңгіме
шығарып,  халықты  ұйымдастырып,  1931
жылдың  қыркүйегінің  басында  көтеріліске
шығады.  Қару-жарағы,  өздері  аз,  әрі  мұндай
дүниені  бұрын  көрмеген  қалың  көтерісшілер
талабын  кеңестік  отряд  бірден  талқанын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет