2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
67
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
шығарады. Дүркірей қашқан көтерісшілер
еріксізден тау ішіне қашып, Шыңғыстауды пана
тұтады, «Банды» атанады. Тарихта «Шыңғыстау
көтерілісі» деген атпен тарихта қалған кеңестік
саясатқа қарсы шыққан көтерілістің белді
мүшесі Зият Шәкәрімұлы еді. Шәкәрім
Құдайбердіұлының ақындық ізін, адамгершілік
мұратын жалғастырған, талапты баласы Зият
Шыңғысты ұзақ паналар алмасын білгендіктен
осы жолы Шәкәрімнің мақұлдауымен көтеріліс
басшылары Бердеш, Қасымбек деген
азаматтарға еріп Тарбағатайдың арғы бетіне
Қыт ай еліне алыс сапарға аттанып, жан
сауғалайды.
Ал 1931 жылдың қазан айының басында
ақынның қайғылы қазаға ұшырағаны баршаға
мәлім.
Resume
Резюме
В статье рассматриваются неизвестные страницы из жизни Шакарима.
The article deals with the unknown pages of Shakarim's life.
68
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы
шәкірттерінің ішінде Шәкәрімнің алатын орны
айрықша. Абай дәстүрі Шәкәрімнің тілінен, сөз
қолданыс ерекшелігінен де айқын көрініс
тапқан. Шәкәрім белгілі бір морфологиялық
көрсеткіштерді де стильдік-көркемдік мақсатқа
сай қолданып отырған.
Шәкәрім
шығармалары
тілінің
морфоло гиясы дегенде, ең алдымен,
стилистикалық мақсатта тілдік тұлғаларды
қолдану ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
Көркем шығарма тілінде сөздер ғана емес,
морфологиялық тұлғалар да белгілі бір стильдік,
көркемдік қызмет атқарып тұрады. Шәкәрім
тілінде сөз тудырушы тұлғалар да, көркемдік
мақсатқа қызмет етіп отырған. Тілде бірқатар
сөз тудырушы жұрнақтар атауыш сөз жасаумен
бірге, экспрессивті-эмоционалды мағына да
тудырады. Абай тіліндегі сияқты Шәкәрім
тілінде -сын, -сін етістік тудырушы жұрнағы
арқылы жасалған сопысын, оқсын сияқты т.б.
сөздердің жағымсыз экспрессиясы айқын болып
келеді. Өйткені -сын, -сін жұрнағы жорта
жасалған амал-әрекетті білдіреді. Сопысыну –
сырт қарағанда діндар сопы сияқты амал
жасағанмен, шын мәнінде имансыз, екі
жүзділігін паш етеді. Сол сияқты ақсын – көрер
көзге адал болғанмен, нағыз арамды
әшкерелейді. Шәкәрім де жалғаншының бет
пердесін сыпыру үшін де о сы сөздерді
қолданған. Мысалы, Мақтанады жетілген
кісімсініп, Қулыққа қалыппын деп қатты
ысылып, дегенде, кісімсін сөзінің де жағымсыз
экспрессиясы -сін жұрнағының жалғануынан
туып тұр.
Абай -сы, -сі жұрнағы арқылы жасалған
экпрессивті-эмоционалды лексиканы сатиралық
шығармаларында кеңінен қолданған. Өйткені -
сы, -сі жұрнағы арқылы жасалған сөздердің де
жағымсыз коннотациялық мағынасы бар. Осы
жұрнақ арқылы жасалған: бұлықсы, қылықсы,
толықсы сияқты т.б. сөздер Шәкәрім тілінде де
стильдік мақсатқа қызмет етеді. Бұл жұрнақтың
да семантикасы -сын, -сін жұрнағына ұқсас.
Адамның жас анды қылық, әрекеттерін
көрсетеді.
Қазақ тілінде сын есім тудыратын өнімді
жұрнақтардың бірі -ғыш, -гіш болып табылады.
Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер бір іске,
әрекетке бейімділікті білдіреді. Мысалы, білгіш,
тілалғыш, айтқыш сияқты т.б. Шәкәрім осы
жұрнақты пайдалана отырып жағымсыз
мағыналы: көргіш, сезгіш, мейірім бергіш
сияқты экспрессоидтар жасайды. Бұл сөздердің
коннотациялық мағыналары мәнмәтін ішінде
барынша айқындала түседі. Мысалы,
«Ысылған ерте сезгіштер, Алыстан қарап
көргіштер», Еліне мейірім бергіштер. Осы
жолдардан ақынның оқыған пысықтардың елдің
берекесін қашырар әрекетіне деген жек көрініш
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ШӘКӘРІМ ТІЛІНДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ СТИЛЬДІК
ҚОЛДАНЫСЫ
Мақалада Шәкәрім ақынның морфологиялық тұлғалардың стильдік мүмкіндіктерін барынша
мол пайдаланып, тілдік тұлғалардың стильдік қызметін көркемдік мақсатқа барынша
пайдаланғанын көреміз.
ӘОЖ 811.512.122
Қ.БИБЕКОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
"Назарбаев орталығы" ММ бас ғылыми қызметкері
Тірек сөздер: морфологиялық тұлға, стиль, Шәкәрім шығармаларының тілі, тілдік тұлға.
69
сезімін аңғарамыз.
Шәкәрімде сын есім тудыратын -сыз / -сіз
жұрнағы да өнімді қолданылады. Әрі бұл
жұрнақ арқылы сөзжасау белгілі бір стильдік
мақсаттан туындап жататыны байқалады.
Мысалы, «Жайдары күлдіргіш, қалқалам,
Ұятсыз, әдепсіз салқам. Өлеңде -сыз / -сыз
жұрнағының қолданылуы жағымсыз әсерді
күшейткен. Шәкәрімнің «Қош!» атты өлеңінде
-сыз / -сіз жұрнағы ұйқас түзуге қатысқан: «Бір
жол бар келгісіз, Қайта өмір көргісіз. Ізім жоқ,
түзім жоқ, Өттім-ау белгісіз». Ақын –сыз / -сіз
жұрнағын қолдану арқылы жоқтыққа,
болымсыздыққа назар аудартып тұр.
Тынымсыз, ғылымсыз, білімсіз сияқты зат
есімдерге жалғану арқылы белгілі бір қасиет,
сапаның жоқ екенін білдірсе, тыюсыз деп
қимыл есімімен келгенде болымсыздық мағына
тудырған. Ал, келгісіз, көргісіз сөздерінде -ғы
/-гі қимыл есімінің көне түріне жалғанғанда да
ерекше мағына берген. «Бір жол бар келмейтін,
Қайта өмір көрмейтін» деп болымсыздық
жұрнағын немесе келусіз, көрусіз деп те
қолдануға болушы еді. Дегенмен Шәкәрім
келгісіз, көргісіз тұлғасын таңдап алу арқылы
заманадан көңілі қалып тұрғанын да білдірген.
Жалпыхалықтық тілде «қайта көргісіз болып
бет жыртысу» сияқты қолданыста көргісіз
сөзтұлғасында шешімнің үзілді-кесілділігі мен
көңіл қалу сияқты мағыналар бар. Қазақ
тіліндегі -дай / -дей жұрнағы сын есім тудырады.
Әрі стильдік тұлға ретінде теңеулік құрылым
жасаушы жұрнақ болып табылады. Шәкәрім
шығармаларында да -дай/-дей теңеу жасауда
өнімді қолданылады: иттей, қойдай,
сұңқардай, арыстандай, айдай, балдай,
дариядай т.б. Шәкәрімде осы жұрнақтың
-
ғандай, -гендей күрделі жұрнағының
құрамында қолданылуы бар. Қазақ тілінде бұл
жұрнақ болжалдық, салыстыру мағыналарын да
білдіреді. Шәкәрім бұл тұлғаны көркемдік
мақсатқа орай жұмсаған. Мысалы, «Кәрілік –
шал деген бір ат қылғандай, Айнадай
ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр,
алысты жақын қылып, Б ір туысқан
жақынды жат қылғандай». Мәтінде -ғандай
тұлғасы салыстыру мағынасын ғана беріп тұрған
жоқ. Сонымен қатар лирикалық кейіпкердің
кәрілікке мойындағысы келмеген, басына түссе
де сенгісі келмегендей ішкі арпалысын да
аңдатады. Сын есімнің салыстырмалы шырайын
да стильдік мақсатта қолданады. Мысалы,
«Құлағын киер тымақтың, Мойны бостау
шырақтың». Өлеңде бостау салыстырмалы
шырай тұлғалы сын есімді мысқыл тудыру үшін
алған. «Қасқыр, түлкі, бөдене» атты өлеңінде:
«Тойғанда тұрпайылау мінезім бар, Өкпе
қылма ойынды шынға балап» деп қасқырдың өз
мінін өзіне айтқызады. Тұрпайылау оспадар
қылығын майдалап тұрған қасқырды әжуалау
үшін жұмсалған. Шәкәрім шығармалары тілінде
тағы бір ерекше стильдік қызметімен көрінетін
морфологиялық тұлға етістіктің -мақ/-мек
жұрнағы болып табылады. Бұл жұрнақ Шәкәрім
тілінде қолданылу жиілігі жағынан да, тіл
тарихы тұрғысынан қарағанда да, стильдік
қызметі тұрғысынан ерекшеленеді. Шәкәрім
тілінде -мақ тұлғасы бірнеше қызмет атқарады.
Қимыл есімі ретінде -у жұрнағының орнына
қолданылғанда ерекше стильдік жүк арқалап та
тұрады. -мақ/-мек жұрнағы -у тұлғасы сияқты
шаққа қатысы жо қ мағына да білдіреді:
сөйлемек, айтпақ, күлмек, ішпек, жемек
сияқты т.б. Сонымен бірге әр уақытта болып
жататын амал-әрекеттерді білдіріп, ауыспалы
шақтық мағынада да жұмсалады. Мысалы, Тән
сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын иіс
тіл дәмнен хабар бермек. Осы жолдарда -мақ
жұрнағы амал-әрекеттердің тұрақты өтіп
жатуымен бірге, анықтығын, тұжырымдылығын
да білдіреді. Сол арқылы ақынның белгілі бір
іске анық көзі жетіп, ақиқат ретінде хабарлап
тұрғанын танимыз. -мақ үшін септеулік
шылауымен келгенде мақсаттылық мағына
күшейе түседі. Мысалы, «Жан талпынар
талайды көрмек үшін, Әр сырын дүниенің
білмек үшін». Қазіргі қазақ тіліндегі әдеби
нормаға сай мақсатты келер шақтық мағынада
да қолданылып отырады. Шәкәрімде «Анық пен
танық» сияқты бірқатар өлеңдері -мақ, -мек
жұрнағының ұйқас құрауымен жазылған.
Шәкәрім тілінде шартты райдың -са, -се тұлғасы
да ұйқас құрауда жиі қолданумен бірге, тілек,
арман мағынасын білдіріп тұрады. Мысалы,
«Әлемді түгел мен көріп, Ешкім мені білмесе.
Мұқтажым, нәпсім жоқ болып, зияным
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
70
жанға
тимесе». Лирикалық тұлғаның арман-
қиялының көрініс беруіне -са/-се шартты рай
тұлғасы өз үлесін қосып тұр. Дәл осы өлеңінде
қарсылықты сабақтас құрмалас құрамында
қарама-қайшылықты да білдіруге қолданады:
«Шынды біреу жоқтаса, Жазасызды ақтаса,
Адалдықты мақт аса, Арсылдап оны
қамаса». Ұйқас түзуге қатысқан -се/-се тұлғалы
баяндауыш
қызметіндегі
етістіктердің
қолданысына назар аударсақ, алдыңғы үш жолда
айтылған ойға соңғы жолда айтылған ой қарсы
мәндес болып шыққан. Бұл жерде ақынның
қарама-қарсы мағынада шартты рай тұлғалы
етістіктерді қолдануы әдейі стильдік мақсаттан
туған. Шәкәрім өмірде болып жатқан жақсы-
жаман істердің барлығына сырт бақылаушыдай
салғырт қарайтынын аңғартқысы келген. -са/-
се жұрнағы қалыпты тілдік қолданыстағы
шарттастық мағынасымен де келеді: «Елтірі
мен теріні Жақсы қылып илесек, Әрі берік,
әрі жылы Жыртылмайды сүйресек».
Жыраулар
по эзиясында
дәстүрлі
қолданылатын -ар/-ер есімше жұрнағы қазіргі
әдеби нормадағы сияқты болжалды келер шақ
мағынасын білдірумен бірге, әрдайым тұрақты
болып жататын қимыл-әрекеттерді де бере
алады. Шәкәрім тілінде де -ар, -ер, -(ма)+с
есімше жұрнағы осы мағынада келіп бастауыш
қызметінде келген субьектіге әрқашан тән
болатын амал-әрекеттерді көрсетеді. Мысалы,
«Еріншек таза жүре алмас, Кірі-қоңын жуа
алмас...» немесе «Тұрайын десең жатқызар,
Буынды сүйтіп қатқызар» -ар/-ер жұрнағына
мәнмәтінде тән болып келген әрдайым болып
жататын ауыспалы шақтық мағына әдеби
нормада -а+ды көсемше жұрнағы арқылы
беріледі. Шәкәрім ол тұлғаны білмей тұрған
жоқ. Немесе қалыптасқан дәстүр ыңғайымен
ғана қолданбаған. -ар/-ер жұрнағының
баяндауыш тұлғасы ретінде келгендегі ой
екпінін және тұжырымдылығын білдіру
сипатына орай таңдап алған.
Шәкәрім тілінде -ып/-іп көсемше тұлғасы да
стильдік қызмет атқарады. Ақын құбылыс
динамикасын, ұласпалы жалғастығын білдіру
үшін -ып/-іп көсемшесін пайдаланады. Мысалы,
«Кейде ақырын сыбырлап, Жиілеу басып,
жыбырлап, Әкетер алдап ойды ұрлап»
.
Өлеңде ескі жырдың құрылымдық ерекшелігін,
әсерін беруде -ып көсемшесінің қызметі ерекше.
Мысалы, «Бағылан етін балқытып, біріне-бірі
же десіп, Шаттанысып, шалқысып, Кем-
кетігін теңесіп». Өлеңде іс-әрекеттің барлық
құбылып, түрленген күйін дәл бейнелеп
суреттеуде -ып көсемшесі маңызды қызмет
атқарған. Бағылан етін жеп, шалқып әңгіме
дүкен құрып отырған топ көз алдыңа келеді.
Кейіпкердің ішкі сезімі, психологиялық ахуалын
беруде де -п көсемшесі таптырмас стильдік
құрал болып шыққан: «Шырайың қашып,
Асығып-сасып» сияқты т.б. Бейнелеу
етістіктеріне жалғана отырып -ып көсемшесі
экспрессивті портрет жасауға да қатысады.
Мысалы,
«Сәнқо йлар»
атты
өлеңде:
«Шедірейіп, шекиіп, Қасын керіп кекиіп,
Қолдан пішін жасаған, біреу келер секиіп»
.
Сыртын түзеп сыланған сәнқойдың бейнесі көз
алдымызға келеді. Әрі барша боямасымен,
жасанды қалпымен көрініп, әжуа, мысқыл
тудырып масқара болады. -ып көсемшесінен
басқа тұлғамен келгенде, экспре ссивті-
эмоционалды әсердің солғындары сөзсіз.
Шәкәрім тілінде ма/ме (ба, бе, па, пе)
сұраулық шылауы да стилистикалық тұлғалар
қатарынан орын алады. Бұл тұлғаның қызметі
де ұйқас түзумен шектелмейді. Шәкәрім ма, ме
демеулігі арқылы риторикалық сұрау қойып,
айтылар ойдың эмоционалдық әсерін күшейте
түседі. Мысалы, «Жетпісті қудың жеттің бе,
Барша жаннан өттің бе? Тағдырың жазған ақ
өлім, Құтылып одан кеттің бе?» Ақын сұрауында
жауап та дайын тұр. Сұраулық шылау ақынның
фило со фиялық, әлеуметтік лирикасында
кеңінен қолданылған стилистикалық тәсіл
болып табылады. Сондай-ақ ойға қозғау салып,
ақылға жүгінуге шақыру үшін де сұраулық
шылауды қолданған: «Жан деген не, Мүлде өле
ме, Шын жоғалып сөне ме?» Сол арқылы өмір
сырына бойлап ойлануға шақырады. Үгіт-
насихат сарнында жазылған өлеңдерінде өз
ойын оқырманға тура қарата айтқанда бұйрық
райдың екінші жақ жекеше және көпше түрлерін
қолданады. Бұл өз кезегінде айтылар ойға көңіл
аудартып, әсерін күшейте түседі. Мысалы,
«Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Алға ие басшының соңына еріңдер». Бұйрық
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
71
Resume
Резюме
райдың екінші жағын кейде өзіне қайрат-жігер
беру үшін де пайдаланады: «Шошыма, ойым,
шошыма, Келмейді жындар қасыма...» Ой
жан иесі ретінде алынып тұрғанмен, ақын сөзі
өзіне арналған. Бұйрық райдың екінші жақ
сыпайы түрі кейде тарихи мағынасында, яғни
көпше түрді білдіріп те жұмсалатыны
байқалады. Мысалы, «Сөгілуші, сөгуші, Біздің
сөзді тыңдаңыз, Ызалы уды төгуші, шатты-
бұтты қылмаңыз» Осында -ыңыз тұлғасы
сыпайылық үшін емес, сөздің сөгілуші мен
сөгушіге қатар арналғанын білдіру үшін әрі
сабырға шақыру мақсатында қолданылғаны
байқалады. «Ойбайлап шабу мақұл ма?»
өлеңінде -ыңыз жалғауын кекесін тудыру үшін
де пайдаланған: «Чиновник ісін қылмаңыз,
Әділет жолын тыңдаңыз. Қорқытып елді
қойсаңыз, Тез түзеліп, жылдам тол!» Соңғы
жолдың бұйрық райдың екінші жақ анайы түрде
келуі ойымызды растап тұрғандай.
Шәкәрім тілдік тұлғалардың стильдік
қызметін көркемдік мақсатқа барынша
пайдаланғанын көреміз. Белгілі бір жақ
көрсеткіштерінің қолданылуы да ақын ойын
аңғартуға қызмет етеді. Мысалы, «Мақтан үшін
мал жима, жан үшін жи» өлеңінде
тыңдаушысына өз сөзін тікелей орнып екінші
жақ бұйрық райда қолданады: «Егін сал, не
сауда қыл, малыңды бақ». Ал әр кез үшін
баршаға қажет істі айтқанда үшінші жақ
ауыспалы шақ түрін таңдап алады: «Қол өнер
өзің өлсең бірге өледі, Сонда дағы қалғандар
үйренеді». Сонымен бірге -мақ/-мек есімше
тұлғасы мен жіктік жалғаудың бірінші жақ
көпше түрі де жұмсалған: «Талаппен адал істі
істемекпіз». Шәкәрімнің шығарманың өн
бойында екінші жақ тұлғасын қолданып келіп,
бірінші жақ көпше түрге ауысуы кездейсоқ емес.
Сол арқылы өзінің адал еңбек істеп, ақ жолды
таңдағандармен бірге болатынын аңғартады. Ал
мақсатты келер шақ алдағы уақытта
тыңдарманын бірігіп дәл осы еңбекпен дәулет
іздеуді мақсат етуге үндейді. Шәкәрімде шақ
көрсеткіштері де мақсатты түрде таңдалып
алынып отырады. Мысылы, «Бір ханның
кеудесіне жара шыққан» өлеңінде ақын
оқиғаны үшінші жақтан баяндап отырады.
Бірінші шумақта -ып+ты танық өткен шақты
қолдану арқылы оқиғаның өткен заманда болып,
аңызға айналып елге кең таралғанын аңғартуды
мақсат еткен. Екінші шумақтан бастап -ды/-ді
жедел өткен шақ тұлғасын пайдаланып
баяндауға анықтық пен деректілік сипат береді.
Сол арқылы оқиғаны өзі көріп тұрғандай
суреттеуге мүмкіндік алады.
Абай мен Шәкәрімге дейінгі поэзияда белгілі
бір морфологиялық тұлғалар ғана стильдік
қызмет атқарып келді. Абай да, Шәкәрім де
морфоло гиялық тұлғалардың стильдік
мүмкіндіктерін барынша мол пайдаланып
отырған.
Әдебиет
1. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. -
Алматы: Санат, 1995.- 208 б.
2. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі.
- Алматы: Ғылым, 1968.- 334 б.
3. Серғалиев М. Сөз сарасы. - Алматы, 1989.-
200б.
4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері және Абай поэзиясының тілі. -
Алматы: 1960.- 364 б.
5. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. - Алматы:
Мектеп, 1978.- 192 б.
6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы:
2002.- 664 б.
В статье рассматривается морфологическое-стилистическое употребление в произведениях
Шакарима Кудайбердиева.
The article discusses the morphological and stylistic use in Shakarim's works.
72
Ж.КАМАЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ Қ.А.ЯСАУИДІҢ ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТІ
Мақалада Қ.А.Ясауидің әдебиеттегі дәстүрін жиырмасыншы ғасырда жалғастырған
талантты ақын Ш.Құдайбердіұлының көркемдік ізденістері айтылады. Ясауи сияқты Шәкәрім
ақын да ақиқатты терең зерттеп барып, өз сенімін қалыптастырғанын өз өлеңдерінде ашып
көрсеткен. Ақынның Ясауи іліміне содан кейін барып тоқталғанын мақалада екі ақын өлеңдеріне
салыстыра талдаулар жасай отырып дәлелдейді. Ясауидің ерекше ұстанымын танытатын
«өлмектен бұрын жан бермек» әрекетін Шәкәрім ақын өз уақытына сәйкес іске асырғанына
мақалада ақын өлеңдері арқылы дәлелдер келтіреді. Шәкәрім ақынды автор Қ.А.Ясауидің соңғы
талантты шәкірті деп бағалайды.
Тірек сөздер: дәстүр жалғастығы, сопылық ілім, өлмектен бұрын жан бермек, ақиқат, жан
тазалығы.
Алаштың ардагері М.Әуезов өзінің «Әдебиет
тарихы» кітабында Қазақ әдебиетінің тарихын
екі үлкен дәуірге бөліп қарау керек екендігін сөз
етеді. «Қазақ елінің ішкі өмірі екі үлкен дәуірге
бөлінеді. Бұның біреуі – ісләм діні кірген соңғы
мезгіл. Екіншісі содан арғы ескі дәуір»[1; 18 б].
Заманының дінге қарсы, сонымен бірге ұлттық
құндылықтарды жою саясат ұстанғанын, оның
зардаптарын күн сайын өз басына төніп тұрған
қауіп арқылы се зіп отырған ғұлама бұл
қорытындысын тереңдете алмайды. Соған
қарамастан, тағы бір ерекше терең қорытынды
жасайды. Әдебиеттің дінмен бірге туғандығын
көрсетеді. «Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға
дұға оқып жалыну әдеті туды. Сонымен жалғас
ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға
арнаулы дұға айтып, шұбыртқан тақпақ өлеңдер
шығады. ...Құдайлар мен аруақтар туралы толып
жатқан әңгімелер тарайды. Бұл дәуір тілді
байытты. Әлгі әңгімелер себеп болып, сөйлер
сөз көбейді»[1;16.]. Әлемдегі барлық асыл сөз
ең алдымен, жаратушыға арналғандығын
осылай түсіндіреді. Адам баласы өзі таныған
ұлы жаратушысына тілектер мен мадақтар айту
үшін ең әдемі, ең мағыналы сөздерді таңдап, ой
түбінен асыл сөздер іздейді. Адамның көркемдік
ойлау жүйесі қалыпт асады. М.Әуе зов
әдебиеттің негізін осылай түсіндіреді. Біздің
рухани әлеміміздің алтын желісі болып
тартылып жатқан ислам моралі мен сопылық
таным кеңес дәуіріне дейінгі барлық көркем
шығармаларда анық көрініс тапқан. Ұлы
бабаларымыз өздері таныған ақиқатты – әлем
жаратушысының ұлылығын таныту туралы
ілімдерін көркем сөз жанрларына сіңіріп, жалпы
көпшілікке, әсіресе, жас ұрпақ санасына құйып
отырған.
Қазақ ұлтының рухын сындырып, кәміл
сенімдерінен ажырату үшін миссионер
ғалымдар «қажырлы» еңбек етті. Кеңес үкіметі
жылдары миссионер-ғалым В.В.Радлов
(Ф.Вильгельм) айтқан «дін-апиын» деген
қо рытынды
жалау
болып
көтеріліп,
ұлтымыздың рухани мұрасы аяққа тапталды.
Солардың бірі жан-жақты білім иесі: ақын,
жазушы, тарихшы, фило со ф – Шәкәрім
Құдайбердіұлының мұрасы. Жан-жақты білім
иесі болғандықтан, Ш.Құдайбердіұлының
мұрасын зерттеу тақырыбы да сан салалы
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ӘОЖ 821.512.122
73
болатыны анық. «Шәкәрім әлемі» орталығы
атқарып жатқан сан тараулы зерттеулер қазақ
әдебиеттану ғылымындағы жемісті бір сала
болып келе жатқаны осыны аңғартады. Біз
Ш.Құдайбердіұлының
қазақ
әдебиеті
тарихындағы ірі тұлға Қ.А.Ясауи бабамызбен
рухани байланысы, идеялық мұраттастығын сөз
етпекпіз. «Патшалық Ресей билеушілері өздері
басып алған халықтарды безіндіріп, қалай бұрса,
солай жүретін тобыр жасау мақсатын қойғаны
құпия емес. Діні бар ел бірлік табуы,
отаршылдыққа қарсы күреске шығуы, өздерінің
салт-санасын сақтау үшін қажырлы әрекеттерге
баруы мүмкін екенін әккі билеушілер жақсы
білген. Ал Ресей қарауындағы бағынышты
елдердің көбі ислам дініндегілер еді. Міне, осы
топтағы тілі, дәстүрі жақын жұрттардың басын
қо спау үшін патшалық үкімдарларының
істемеген айласы жоқ. Олар дін адамдарының
ішіне алауыздық тудыру, жеке-жарым
жүргендерді шоқындыру, исламды құбыжық
етіп көрсету саясатын ұстанды. Өзі тәуелділік
қамытын киген елдің дінін мүлде таптап тастау
үшін панисламизм деген жалған қисынды ойлап
тапты...»[2; 264.],- деген академик Р.Бердібай
сөзінде үлкен тарихи шындық бар. Осы мақсатта
М.Мырзахметов өзінің «Қазақ қалай
орыстандырылды?» деген кітабында үлкен
миссионерлер дайындайтын мектептер
ашқанын баяндайды[3]. Олар мұсылман дініне
қарсы арнаулы зерттеулер жүргізгені туралы
нақты деректер келтіреді. Дін тақырыбында
жазылған шығармалардың рухани құндылығы
туралы ҚР ҰҒА академигі Рахманқұл Бердібай
былай дейді. «...тамаша нақыл насихаттың,
шыншыл әлеуметтік шақырулардың, адам
мінезін түзеу ниетімен туған ғажап ғазалдардың,
дәмді дастандардың авторы - кемеңгер ақын
Майлы, кезінде ондаған кітап шығарған, көп
өнерпаз қауымға ақылшы аға болған шайыр
Шәді, реалистік жазба, мәдениеті биік
жырларымен күллі қазақ көлеміне танылған
Молда Мұса, шығыс шығармаларын өлкесіне
таратқан Ораз Молда, дүлдүл өлеңмен алдына
жан салмаған Базар жырау, кезінде Жамбылдың
пір тұтқан ақындарының бірі - Құлыншақ,
дастан дегеніңізді десте-дестесімен таратқан
Нұралы, Фирдаусидың өшпес дастанын қысқа
мерзімде қазақшаға түсірген Тұрмағанбет,
тартымды термелердің жүйрігі Шораяқтың
Омары, артына ақындық дәстүр, ұмытылмас
үлгі қалдырған сыр бойының қос Жүсібі, әрі
батыр, әрі ақын Мәделі, өмірде де, өнерде де сері
Ақберді, қазақ даласын қиссамен қамтамасыз
еткен Жүсіпбек тұлғалары тізіледі»,– деп,
ғалым әрбір ақынның өзіне тән ерекшеліктерін
де қоса айтып кетеді. Осыншама мол мұраны
жоққа шығару үшін, одан елді безіндіру үшін
үлкен үлкен талантты миссионер ғалымдар
мемлекеттің қаржылай көмегімен жұмыс
жасаған екен. Осының нәтижесінде қазақ
қоғамында өзгеше психологиялық жағдай
қалыптасқан сияқты. Ол туралы ғалым сөзіне
назар аударайық: «Осылайша замандар бойына
жалғасқан мәдени дәстүр үзілді, бұрынғының
қалдырған аманатын білмейтін, имандылық
тәрбиесінен махұрым қалған жаңа буындар
пайда болды. Олар өздері оқи алмайтын, араб
әрпімен жазылған, әрі үздіксіз жамандалған
мұраға мойын бұрып та қараған жоқ. Діни
дастандар деп аталатын көркемсөз мүлкі де
ескішіл,
зиянды
деген
жаман
атқа
ұшырады»[4;23.]. Олардың қатарында ХХ
ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
керемет еңбектері де қосылып кетті. Солардың
ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасы да бар.
Қазақ ақындарын әдебиет тарихына қосу үшін
сол жылдары бір ұстаным болғандығын көреміз.
Ол – ақынның дінге қарсы, мұсылман дінін
мойындамайтынын дәлелдеу керек. Және олар
тек
кедейлерді
жақтайтынын,
со ны
қолдайтынын айтуға тиіс болатын. 1988 жылы
алаштың ұлы тұлғалары, сол жылдары «Бес
арыс» аталған ірі ақын-жазушылар ақталды.
Әдеби мұралары жарияланып, олар туралы
ғалымдардың зерттеулері жарық көреді. Сол
жылдары Шәкәрім өлеңдері туралы Қасым
Бейсембиевтің «ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ.бас
кезінде Қазақстандағы идеялық-саяси бағыттар»
деген кітабы жарияланады. Сол кітапта ақын
Шәкәрімді: «Қазақтың қоғамдық ой-пікіріндегі
діни мистикалық идеалистік бағыттың аса
көрнекті өкілі» (5;196-б.) деп бағалаған. Бұл
соншалықты қорқынышты баға емес деп біз
қазір ойлаймыз. Себебі идеалистік деген
терминнің мағынасы: алдымен с ананың
Достарыңызбен бөлісу: |