Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

ӘОЖ 069.01 (574.42-2С)



80

қарастырып, жинақ шығару, Семей қаласының

мектептері  мен  мекемелерде  баяндамалар,

лекциялар  өткізуді  жоспарлаған.  Абай  үйінде

жинақталған  жаңа  архивтік  материалдар  мен

фотосуреттерді  қою  және  жинақтау  Мұхтар

Әуезовке,  Әбусағит  Жиреншинге,  Әрхам

Ысқақұлына  жүктеледі.  Бұл  жиналыс

нәтижесінде «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай

Құнанбаевтың  туғанына  -  95  жыл  то лу

мерейтойына дайындық және өткізу жоспарын»

бекітіп,  Абайдың  ескерткіші  1942  жылы

орнатылу  керек  деп  есептейді.  Ә.Жиреншин,

Н.Құрманбаев 

жолдастарға 

Абайдың


мерейтойын  өткізуге  қатысты  шығындар

сметасын  толықтырып  жасау  жүктеледі  де:

«Про сит  план  проведения  юбилея  Абая

утвердить  не  по зднее  20/ХІІ.  39  года  и

предоставить  в  СНК  Каз  ССР»  -  деген  қаулы

шығарады (№1 хаттама,  19.12.1939 ж. Іс № 3).

1939  жылы  20  желтоқсандағы  Семей  облысы

бо йынша  ҚазССР-нің  Жоғарғы  Кеңес

Президиумының Ұйымдастыру комитетінің  274-

қаулысы бойынша «Қазақ халқының ұлы ақыны

Абай  Құнанбаевтың  туғанына  -  95  жыл  толу

мерейтойына дайындық және өткізу жоспарын

бекіту»  туралы  ұсыныстары  бекітіледі.  Семей

қалалық  кеңесіне  Абай  көшесі  83  үй  мекен-

жайындағы  үйді  1940  жылдың  15  қаңтарына

дейін  бо сатуды  және  қажетті  жөндеу

жұмыстарын  жүргізуді  міндеттейді.  Осы

шараларды өткізуге ҚазССР Халық Комиссарлар

кеңесінен 110 000 рубль бөлуді өтінеді (№ 274

қаулы, 20.12.1939 ж. Іс № 3). Яғни Абай көшесі

83  Бекбай  Бәйісовтың  үйі  -  Абайдың  Семейге

келгенде түсіп жүретін үйлердің бірі болатын.

  1939  жылы  20  желтоқсанда  Семей  облысы

бо йынша  ҚазССР-нің  Жоғарғы  Кеңес

Президиумының  Ұйымдастыру  комитетінің

«Қазақ  халқының  ұлы  ақыны 

Абай

Құнанбаевтың  туғанына  -  95  жыл  то лу



мерейтойына  дайындық  және  өткізу  құрамы

туралы»  275  қаулысы  бойынша  бұрынғы

комиссия  мүшелерінің  шығып  кетуіне

байланысты  комиссия  құрамы  жаңадан

бекітіледі.  Комиссия  төрағасы:  А.Ақшалов.

Комиссия  мүшелері:  халық  ақыны  –  Н.

Баймұратов; М. Әуезов – жазушы; Ж.Сыздықов

–  облыстық  «Екпінді»  газетінің  редакторы;

В.Трифонов - «Прииртышская правда» газетінің

редакторы,  Н.Құрманбаев  –  облисполком

комиссиясының  мүшесі,  Ұйымдастыру

комитетінің жауапты хатшысы П. Миронов. Осы

кезеңнен  бастап  Абай  мұрасын  насихаттауға

арналған жұмыстар қарқын алды.

М.О.Әуезов 1940 жылы қаңтарда шыққан

«Абай юбилейі туралы» мақаласында: «...Ең әуелі

Абайдың  жүрген  жері,  туған  жайларын  еске

алғанда Семей қаласындағы екі үйін ғана айтып

қойю емес. Абай оқыған Ахмет Риза медресесі

деген  медресенің  үйі  де  қазірде  Семейде  бар.

Оған да Абайдың бір белгісін қою керек. Және

Абайдың  өмірі  қырда  өтс е,  сол  қырдағы

жайларын да бұрынғы қалпына келтіріп сақтау

керек.  Бүгін  Абайдың  зираты  тұрған

«Жидебайда»  Абайдың  қыстауы  бар.  Соның

төбесін  қайта  жаптырып,  ішін  бұрынғы

қалпынша жабдықтап қойса, қолдан келмейтін

іс  емес.  Абайдың  туған  жеріндегі  бағалы  бір

музей соның өзі бола алады. Онан соң Семейден

120  шақырымдай  жерде  Ақшоқыда  Абайдың

1895 жылға шейін тұрған қыстауы бар. Оны да

түзеттіріп  сақт ау  керек»,  -  деген  және

«Зерттеушілерге»  («Екпінді»,  17  маусым  1940

жыл) деген мақалалары да абайтанушыларға ой-

түрткі  болды  және  сол  кездегі  Ғылым

Академиясының  президенті  Қ.Сәтбаевта

Абайдың  әдеби-мемо риалдық  музейінің

құрылуына өзіндік ықпалы етеді.

Семей  облыстық  Еңбекші  депутаттар

Кеңесінің атқарушы комитетінің 1940 жылы 19

майдағы № 493 шешімі бойынша Абай музейіне

абайтанушы-экскурсо вод  болып  Әрхам

Ысқақұлы тағайындалады. Осы жұмыстардың

нәтижесінде  Абайдың  әдеби-мемориалдық

мұражайы ұлы ақынның туғанына 95 жыл толу

мерекесінің  қарсаңында  1940  жылы  1  сәуірде

Қазақ  ССР-нің  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің

қаулысы 


бо йынша 

«Абайдың 

әдеби-

мемориалдық музейі» ұйымдастырылып, Абайға



қатысты  құжаттар,  көзкөрген  адамдардың,

ұрпақтарының  естеліктері  жинақталып,  қазан

айының  16  күні  мұражай  салтанатты  түрде

ашылып, алғашқы көрермендерін қабылдады.

Абайдың  туғанына  95  жыл  толуына

өткізілген  мерейтойы  -  Абайдың  100  жылдық

мерейто йын  ұйымдастыру  және  өткізу

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)


81

шараларының дайындық кезеңі еді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып,

Абай ұрпақтарының да қан майданға аттанған

кезі.  1941-1945  жылдардағы  соғыс  қай  салада

болмасын өз кедергісін тигізді. Осы қиын-қыстау

кезеңге  қарамастан  Абайға  қатысты  деректер

жинау  қарқынды жүргізіліп, атқарылған істер

бойынша  үнемі  есептер  беріліп,  үкімет  және

абайтанушылар    тарапынан  тексерулер  жиі

жүргізіліп  отырған.  Осындай  тексерудің  бірі  -

1941 жылғы 13 желтоқсандағы тексеру. Тексеру

актісінде:

 «1. Музей имеет двух этажное здание из 8

комнат,  на  которых  4  комнаты  заняты  под

экспозицию,  2  комнаты  библиотечно й-

читальней  и  2  комнаты  под  канцелярию.

Состояние помещений санитарном отношении

хорошое.

2. Экспозиция музея построена в основном

из фотографических снимок и вещей, имеющих

определенную связь с жизнью и деятельностью

Абая.  На  все  экспонаты  имеются  карточки  с

указанием названия, даты приобретения, цены

и источника. Расположение экспонатов пока что

не  имеет  твердую  структуру,  а  экспонаты

расположены примерно по таким темам: «Эпоха

Абая»,  «Кочевой  быт  казахов»,  «Быт  самого

Абая», «Литературная школа Абая» и другие», -

деп жаңадан жасалған музей экспозициясында

атқарылған істерді, Қазақстанда алғаш ашылған

әдеби  музей    болса  да    белгілі  бір  жүймен

жүргізілген  жұмыс  барысын  көрсетеді.  Абай

шығармаларын жинау, жариялау, дүниетанымын

бағдарлаумен қатар музей педагогикасын жолға

қою мәселелері де туындаған еді. Жәдігерлерді

жинастырумен  бірге  оларды  ғылыми  тұрғыда

зерттеудің, сақтау, жинақталған және жиналатын

құнды кітаптар мен қолжазбалар қорын қалыпқа

келтіру  жұмыстары  назардан  қалмады.  Сол

кездегі Москва жерінде орналасқан «Пушкин»

музейі  және  басқа  да  музейлермен  музей  ісі

туралы хат алмасып отырады. Ол хаттар музей

архивінде сақтаулы.

1942  жылы  директоры  Ж.Тлековтің  «О

работе литературного музея Абая» атты есебінде

1940  жылғы  алғашқы  директоры  жолдас

Р.Айтбосыновтың  жұмысын  қорытындылап,

1941  жылдың  бес  айында  музейге  алынған

Абайға  тиесілі  заттар  тізімін  ұсынады:  ер,

тоғызқұмалақ, сағат, тіс, Абайдың белбеуі, ожау,

әбдіре,  кебеже,  Абайдың  әйелінің  шкафы,

Құнанбайдың  тақиясы,  Абайдың  ұлы

Мағауияның  үйінің  кір  шомбалы,  Берікбай

бақсының  қобызы,  Турағұлдың  ері,  аңшылық

заттары және 1909 жылы Петроградта шыққан

Абай шығармаларының алғашқы жинағы, 60-қа

жуық  Абай  туралы  естеліктер,  Абайдың  орыс

досы  Михаэлис  архиві  және  т.б.  («О  работе

литературного музея Абая» Іс № 3,  93 бет).

Соғыс  жылдарындағы  кадр  мәселесі  де

көкейкесті  болған,  директорлары  да  үнемі

ауысып отырған, алғашқы жылдары барлығы 6

штат  бөлініп,  қосымша  абайтанушы  45

корреспондент  жұмыс  істеген,  1942-1943

жылдары штаттан 2 адам қысқартылған. Штат

мәселесінің  қысқаруына  қарамастан  жұмыс

абайтанушы 

корреспо нденттердің

жұмыстарымен  жалғасқан.  1944  жылы

республикалық музей қатарына енгізілуіне және

100  жылдық  мерейтой  қарсаңында  мекеме

жұмысының  ауқымдылығына  орай    14  бірлік

штат бөлінген.

Осы  кезеңде  ақын  Шәкір  Әбенұлы  1941

жылдың  1-ші  мамырынан  шілденің  ортасына

дейін  Абай  мұражайында  экскурсовод  болып

қызмет атқарады. 1941 жылдың аяғында Шәкір

Әбенұлы  ұсталып,  Фрунзе  қаласының

түрмесінде  қамалады.  1942  жылы  майданға

сұранып соғысқа аттанады.

1941-1945  жылдардағы  соғыс  уақытына

қарамастан  ауыл-ауылдарда  дәрістер  оқылып,

жылжымалы  көрмелер  ұйымдастырылды.

Абайдың медреседе оқыған кітаптары алынып,

Абай  шығарамаларының  библиографиясын

жасау  жұмыстары  жүргізілді.  Материалдарды

жинақтау  үшін  кітапхана,  түрлі  мұрағаттарда

жұмыс істеп, қолөнер туындыларын іздесітірді.

Семей облыстық Еңбекші депутаттар Кеңесінің

атқару  комитетінің  шешімі  бойынша  НКВД

архивінен,  ел  ішіндегі  қариялардан  Абайдың

ақын шәкірттері туралы материалдарды іздестіру

және жинау Қайым Мұхамедхановқа жүктеледі.

Абай  мұражайы  архивінде  Көкбайдың  шәкірті

Есентай  Бердиннің  Қ.Мұхамедхановқа  жазған

хаты  сақталған.  Онда  ол  мұражай  тапсырысы

бойынша  Көкбайдың  өмірбаянын  жазып



2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

82

жатқанын баяндайды.

Абайдың  100  жылдық  мерейтойына

дайындық  және  өткізуге  байланысты  Семей

облысының  арнайы  комиссиясы  құрылып,

оның  төрағасына  Ә.Жүсіпов,  ғылыми

хатшылыққа  Қ.Мұхамедханов  тағайындалды.

Абай  мерейтойына  дайындық  жұмыстарының

жоспары  жасалды.  Атқарылатын  шаралардың

ауқымдылығына назар аударып, жаңа ғимаратқа

көшіру қажеттілігі жөнінде мәселе көтерді: «Музей

- Қазақстандағы тұңғыш әдеби музей. Абайға,

тіпті қазақ әдебиеті тарихына байланысты жұмыс

жүргізетін ғылыми-зерттеу орны деп қараймыз.

Жаңа үйге көшіру осыған байланысты. Музей

өзінің экспозициялық планын өзгертіп, кеңейтіп

Абай өмірін, Абай тұрмысын көрсету керек», -

деп жазылған. Жоспардағы шаралардың ішінде

Абай мұражайын Комиссар көшесіндегі Әнияр

Молдабаев үйіне көшіру, сол ғимараттың ауласын

абаттандыру,  Абай  даңғылында  жөндеу

жұмыстарын жүргізу және тағы да басқа шаралар

жүзеге асады.

Сол 


жылы 

Абай 


мұражайының

экспозициялық жоспарында келесі тақырыптар

қамтылды:

I.Абай заманы

II.Абайдың балалық шағы (1845-1855)

III.Оқу жылдары

IY. Қырдағы өмірі (1859-1873)

Y. Білім толықтыру кезеңі (1873-1886)

YI. Абай шығармашылығы

Осы  жылдары  музей  8  ғылыми  еңбек

бастыруға  келім-шартқа  отырады.  Ғылыми-

зерттеу жұмыстары бойынша музейге «Абайдың

ақындық мектебі»  «Абай шәкірттері: Ақылбай,

Турағұл, Кәкітай, Әубәкір шығармалар жинағы»,

«Әріп»,  «Көкбай»,  «Абайдың  орыс  достары»,

«Абай  туралы  естелік»,  «Абай  заманындағы

Семей  қаласының  мәдени  өмірі»,  «Абай  және

ақын-жазушылардың шығармашылығы», «Абай

туралы  естеліктер»,  «Абай  ауданы»  (тарихи-

географиялық  және  мәдени-экономикалық

очерк),  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы

туралы ғылыми жинақтар дайындау жұмыстары

жоспарланған еді.

Музейдің  ғылыми  қызметкері  Борис

Аккерман жергілікті мұрағаттан Абайдың орыс

достары туралы материалдар жинақтауды қолға

алып,  Абайдың  до сы  Михаэлистің  қызы

Людмила 


Евгеньевна 

Хотимскаямен

байланысып, әкесі туралы естелік жазуды, оған

қатысты құжаттарды музейге тапсыру жөнінде

өтініш білдіреді.

Жидебайдағы  ақынның  тұрған  үйін

қалпына  келтіру  және  жабдықтау  мақсатында

қыстау,  киіз  үйдің  және  тобықты  елінде  сол

заманда  пайдаланған  заттарының  ғылыми

сипаттамасы жасалды.

1944  жылы  7  тамызда  Қ.Мұхамедханов

Қазақстан Ғылым Академиясының тапсырысы

бойынша «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші

томына «Қазақ халқының тарихи әндері» атты

көлемі  2,5  баспа  табақ  мақаласын  дайындап,

ғылыми мекемеге өткізді.

Мерейтойға 

шақырылатын 

Абай

туыстарының, зиялы қауымның және мерейтой



қарсаңында  Абай  және  оның  ақындық

айналысына арналған  музей қызметкерлерінің

жарияланатын зерттеу мақалаларының тізімі де

әзірленеді.

1945  жылы  Отан  со ғысы  аяқталып,

бейбітшілік 

орнады. 

Музейдің 

жаңа

экспозициялық  жұмыстары  да  аяқталды.



Жидебайдағы ақын қыстауы қалпына келтіріліп,

Абай  заманындағы  заттармен  жабдықталды.

Абай тойын өткізу жоспары да жасалып, нақты

мерзімі  анықталып,  Семей  облыстық  Абай

мерекесін  өткізу  комитеті  құрылды.  Оның

төрағасы  Семей  облысы  атқару  комитетінің

председателі  Х.Байұзақов, орынбасары  болып

Қ.Мұхамедханов  тағайындалды.  Абай  тойы

тамыз айының 26-30 күндері аралығында өтеді.

1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуы

халықтық мерекеге айналып, қазан төңкерісінен

кейін жан-жаққа жер аударылған Абай ұрпақтары

да  қатысады.  100-жылдық  мерейтойға  келген

Абай ұрпақтары мен туыстарының фотосуреті

мұражайда  сақтаулы.  Мерейтой  қарсаңында

Абай  ұрпақтары  музейге  өз  заттарын  сыйға

тартады.

Қазақ жеріндегі ашылған алғашқы әдеби-

мемориалдық  музейдің  қазақтың  сөз  өнерінің

сұлтаны  атанған  Абай мұрасын  жинақтап,  бір

арнаға  түсуіне  жасаған  алғашқы  қадамдары

осындай.  Абай  музейінің  тарихы  мұнымен

аяқталмайды,  бірақ  музейдің  құрылуына  негіз

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)


83

болған жағдайлар мен себепкер болған адамдар

еңбектерін  екшеп  көрсету  қажет.  1940-1945

жылдардың  қиыншылығына  қарамастан  қара

шаңырақта  жұмыс  істеген  асыл  тұяқ

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

ағаларымыздың  еңбектерінің  арқасы.  Қайнар

бұлақтың  көзін  ашып,  музейді  бүгінгі  күнге

жеткізуде орнатылған діңгектің негізі осындай.



Резюме

Resume

В статье даются сведения об истории создания музея Абая и об его основоположниках.

The article provides information about the history of the museum of Abai and its founder.

84

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

ӘОЖ 82.512.122



2015  №4  (29)

Н.ҚАУЫСҚЫЗЫ, музыка пәні мұғалімі

Семей қаласындағы №22 жалпы білім беру мектебі

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ӘН МҰРАСЫН МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІНДЕ

ОҚЫТУ

Мақалада  Шәкәрім  Құдайбердиевтің  ән-мұрасын  мектептегі  музыка  пәнінде  оқытудың

маңызы қарастырылған.

Тірек сөздер: Шәкәрім, мұра, музыка, композитор.

Білгеніңнің жақсысын қыл

         Білмегенді біле бер...

Шәкәрім


Әлеуметтік  мұра  неғұрлым  бай  болса,

өткенімен  бүгінгінің  мәдени  мұралары

жарасымды  жалғасып  жатса,  соғұрлым

өміріміздің мән-мағынасы терең, идеясы айқын,

тарихи  үлгі  өнеге  тұтар  парасатты  ой

толғаныстары күшті қауым тәрбиелейміз.

Әр  халықтың  ұрпақ  тәрбиелеудегі  сан

ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы,

ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал, ол жазу-

сызудан,  оқу-құралынан,  ауыз-  әдебиетінен,

ұлттық өнер тағылымынан,  халықтың дәстүрі

мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан, бір сөзбен

айтқанда,  мәдени  мұраларынан  өзекті  орын

алады.  Өткеннің  тәжірибесін  тал  бойына

дарытқан  озық  өнегелі  дәстүрсіз,  ұрпақтар

сабақтастығынсыз  тарихи  үрдісті  елестету

мүмкін емес. Сонымен қатар бірде-бір адамзат

қоғамы  өзінің  бұрынғы  аға  буынының  ақыл-

ойын тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір

сүрген емес. Ендеше, ұлт мәдениетін көтеруде

қазақ  жастарының туған  тарихи тілін,  мәдени

және  әдеби  мұраларын  оқып,  тағылым  алуы

заңды.

Күмбірлеген  күміс  күйімен,  сыбызғы,



сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен де

ежелгі ата-бабамыз өзінің рухани жан дүниесінің

мұң-шерін,  асқақ  арманын,  келер  ұрпақтың

зердесіне жеткізіп, көкірегіне ұялатқанын ескере

отырып,  қазақ  халқының  аса  көрнекті  ақыны,

ойшыл  ғалымы,  әдеби  мұраларынан  басқа

артына көптеген әндер қалдырған композитор

Шәкәрім (Шәһкәрім) Құдайбердиев - ән мұрасын

музыка пәнінде оқытып, адам бойындағы асыл

қасиеттердің  қалыптасуы  үшін  үйретуді  жөн

көрдім.

Мұндағы мақсатым:



-  Шәкәрімнің  музыкалық  мұрасымен

таныса  отырып,  музыка  өнерінің  бүгінін

байланыстыра отырып оқыту.

-  Шәкәрім  әндерін  үйретіп,  рухани

мұрасын,  тарихын  тереңірек  оқыту  үшін

оқушыларды  өздігінен  ізденіп  жұмыс  істеуге

баулу.

-  Эмоциясын  басқа  сезімдерін  дамыта



отырып, кәсіптік еңбекке баулу.

-  Шәкәрім  ән-өлеңдері  арқылы  тарих,

әдебиет,  тіл  өнерімен  өнегелі  сөздер  өресін

түсінуге үйрету.

Абайдан  тағылым  алған,  оның  ақындық

композиторлық  дәстүрін  жалғастырған  жан-



85

ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  ӘДІСТЕМЕ

2015  №4  (29)

жақты талант иесі Шәкәрімнің ойлы өлеңдерімен

әсем  сазға  толы  әндерінен  адамдық  асқақ

болмысы көрінеді.

Шәкәрім философиялық ой толғамдардың

адамы екенін «Анадан алғаш туғанымда» әнімен

дәлелдей  отырып  үйрету.  Ән-бірқалыпты,

ұстамды, сөздері қанық, музыка өлшемі өзгеріп

отырады.  Әнді  дұрыс  тыныс  алуды  үйрете

отырып үйрету.

Шәкәрімнің «Жастық» әнін тыңдау арқылы

өлеңдік  құрылымы,  айтылу  екпіні  Абайдың

«Сегізаяқ» әніне ұқсастығы айтылып, Абайдың

тек інісі емес, өнер жолындағы шәкірті екенін

түсіндіруге болады.

Шәкәрім  еңбегі  лирикалық  поэзиясымен

ғана шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық

жанрларға  да  қалам  тартқан.  Ақынды  қазаққа

танымал  еткен  «Қалқаман-Мамыр»,  «Жолсыз

жаза»,  Еңлік-Кебек»,  «Нартайлақ-Айсұлу»

поэмалары.  Өмірде  шын  болған  поэмалар

барлығы  тарихи  шығарма  емес.  Поэмаларда

әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайына баса

назар  аударған  жанрлық  тұрғыда  «Қалқаман

Мамыр»  лиро-эпостық  жырға,  «Еңлік-Кебек»

әлеуметтік  дастан,  ал  «Нартайлақ  Айсұлу»-

махаббат  драмасы  екендігін  айта  келіп,  жыр,

жырдың  түрлеріне,  жыршыға  тоқталып,

жыршының ақын емес, өз жанынан өлең, жыр

шығармайды, негізінен дайын өлең-жырларды

айтып таратушы екенін түсіндіру.

Жастарды білім, ғылымға шақыра отырып,

адамгершіліктің әрқашан биік екенін көрсететін

«Насихат» әнінің екпінін, өлшемін, он алтылық

ноталарды айту қиындығын ескере отырып әнді

үйрету.


Ата-баба мұрасының көлеңкеде қалып бара

жатқанына  налыған  Шәкәрім,  ұрпаққа  өткен

тарих-ілімді мәдениетті ұмытпауды «Қорқыттың

сарыны» өлең-әнімен қалдырған. Ән әдебиетінің

тілін-дінін  ұмытпай  елдікті  сақтауды  жастарға

«Қазағым қам ойлан,  Сен де адам едің ғой»-деп

ағартушылық сарыны уақыт оза келе күрес үніне

ұласады. Көзіңді аш, оян, есіңді жи деп ғылым-

білімге,  өнер  жолына  үндейтін  өлең  жолдары

бақыт-күресте, шын мақсат бас бостандығы, ел

еркіндігінде жатыр дейтін, замана шындығынан,

халық  арманы  тарихи  жағдай  ауқымынан

туындаған жаңаша ұранға айналады. Ол ұран сол

кездегі қазақ жастарына арналған алғашқы гимн

ретінде «Бостандық таңы атты» әнімен қалған.

Әннің  айтылу  ерекшеліктерін,  кварта

интервалын,  дауыс  тазалығын  сақтай  отырып

үшінші жолдағы ән иірімдерін, екпінінің өзгерген

жерлерін  ескеріп  әнді  үйрету  арқылы  гимн

ұғымына тоқталамыз.

Шәкәрімнің мейірім мен зорлық, әділет пен

зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман

туралы толғаныстары екі ғасыр шегіндегі қазақ

қоғамдық ойының марқайған қалпын биік өресін

көрсетеді.  Көркем  туындыларын  «Бұл  ән

бұрынғы әннен өзгерек» әнімен бір адамға, бір

ұлт  өкіліне  ғана  емес,  өмір  заңын  түйсінген,

тіршіліктің шектеулі кесімін мезгілінде байыптаған

кез-келген адамға ортақ сыр екенін жеткізу.

Со нымен,  Шәкәрім  әндерінің  мән-

мағынасы  терең,  фо рмасы  өзгеше,  өлең

құрылысы күрделі болғанымен балаларға өте зор

тәрбиелік  ықпал  жасайды.  Қазақ  жастарына

арнап елге, жерге деген сүйіспеншілік қай заман

болса  да  сақтап,  сол  елдің  еркіндігін  әрқашан

қорғау  үшін  адал  ер,  әрі  сауатты  болу  керегін

насихаттағанын музыка сабағы арқылы үйрету

жөн деп ойлаймын.

Шәкәрімнің бай, ән айту дәстүрі сол ғасыр,

заманында  тоқтап  қалмай одан  бері  де  дамып

келеді. Осы даму жолдарындағы өлмес мұраны

ұрпаққа  жеткізу  халық  үрдісіне  осылай  үлес

қосуды жөн көрдім.

Әдебиет

1  Сәтбаева  Ш.  Шәкәрім  Құдайбердиев.-

Алматы.

2  Шәкәрім.  Өлеңдер  мен  поэмалар.-



Алматы: Жалын. 1988.

3  Құдайбердиев  Ш.  Аманат.  -  Алматы:

Өнер. 1989.

4  Құдайбердиев  Ш.  Шығармалары.  -

Алматы: Жазушы. 1988

Ақын 


Шешен 

Орындаушы 

Ағартушы 

Ақылшы 


Ұстаз 

Шәкәрім

 

86

2015  №4  (29)

ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  ӘДІСТЕМЕ

Resume

The article deals with the importance of teaching the song-heritage of  Shakarim Kudaiberdiev in

the music lesson at school.

В статье рассматривается важность обучения наследия песен Шакарима Кудайбердиева

на уроке музыки.

Резюме

87

2015  №4  (29)

АСЫЛ СӨЗ

А.КЕМЕЛБАЕВА,  жазушы,  әдебиеттанушы,  кинодраматург,  эссеші

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

ЕР ТӨСТІКТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ

«Бір ұл туады, атын төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік қояды...».

                         «Ер Төстік».

Аспан көкпеңбек. Күн нұры керім мол, ана

пейілді. Жер кіндігі төменнен жоғары телмірген

адамға жеті қат көк түкпірінде ойдым-ойдым ұя

бардай  елестейді.  Қазбауыр  бұлттардың  өзі  ұя

шығар. Кемпірқосақ көпірмен көктей өтіп көрер

ме еді. Жүзбе бұлттар жарылған жұмыртқаның

уызындай көлкілдеп көпіршиді. Көсілген кең дала

төсінде тарыдай шашырай қонған көп ауыл іркес-

тіркес.

Ересек  екі  бала  ауылынан  тай  мініп  тау



шыңынан  бүркіт  балапанын  іздеуге  дәмеленіп

сапар  шекті.  Жолшыбай  айдалада  қаражаяу,

ертоқым  арқалап  қалғаны.  Салтаттының

салтанатынан  айрылғасын  дәт  десіп  сандарын

соқты екеуі. Осы жер дегені көш жер, ұйқы – тілсіз

жау. Көкорай шалғында тұсаулы қос жылқы тапа-

талтүсте жоғалды. Көрмеген жердің ой-шұқыры

көп.  Ұры  әкетсе,  мысықша  ізін  жасырып

үлгерген. Екі сандалбай арып-ашып, ошақтың

бұты,  апамның  көзі  қайдасың  деп,  мөлтеңдеп

кері  о ралды.  Қара  басып,  тайларынан

айрылмағанда  осыншама  адасқан  күшіктей

мұңаймаған да болар еді. Табаны тиген көрші

ауылдан түстеніп қарын тоқ. Даланың жусаны

мен жалбызы бұрқырап, сай-саламен белуардан

өскен қалың шөпті жарып, ұзақ жаяулату оңай

тимеді.

Ауылға таяу шоқиған жалғыз жартас бар.



Лықсып  ағатын,  жазғытұры  күркірей  таситын

суы мол тұнық өзенге ұрымтал кезеңге бітіпті.

Қыңыр  батырдың  бөркіндей  оқшырайып,  тау-

тасынан жырылған саяқ, кесек тік жартас. Жер

көруге,  шолғыншыға  таптырмайтын  биік.

Өзеннің  жалаңаяққа көнер,  балтыр сипар  таяз

тұсы  шалғай.  Жартас  түбінен  ел  терең  судан

балықша жүзіп өтеді, өткел жоқ. Жағасы өңшең

сәмбі тал  көмкерген, жасыл ну. Су  ойға қарай

құйылғанда қос жарылып ағатын өзеннің сыңар

тармағынан асса, айырында шұрқырап ауыл тиіп

тұр. Балалар жылқышы қосынан татқан қымызы

бабы  келіскен  күшті  екен.  Күн  шуағына  бал

қымыздың буы сеп болып, екеуін ұйқы меңдеді.

Енді  атын  алдырамыз  деп  алаңдайтын  емес,

өздері сыбай-сылтаң. Екі бала хан тағындай асқақ

жартасқа өрмелеп шығып, көз шырымын алмаққа

ұйғарды.  Артынша  иығына  асынған  арқанды

шеңберлеп ер-тоқым жастанған балалар қалың

ұйқыға шомды. Бақа шуылдап, құстар дамылсыз

сайрайды. Күн шығысынан суынып, батысына

малына балқып домалаған кезде тұяқ серіппей

өлі  ұйқыға  басқан  балалардың  біреуі

сауысқанның  шықылықтауынан  оянып  кетті.

Түсінде әлгі бала бір кебісті бір кебіске кигізіп,

ойнап  отыр  екен,  кебісінің  тұмсығы  күміс,

табаны  алтыннан  дейді.  Қауырсын  тамақтан

безектеген  алабөтен  беймаза  дауыс  түсінің

құйрығын үзіп жіберді. Жасөспірім бала жарық

дүниеге жаудырай көзін ашып, таңдана қараған.

Дауыс құлағын жарып, дәл түбінен естілгені, бір

ала  құс  кеудесінде  қонақтап  отыр.  Шоқуға

ӘОЖ 821.512.122


88



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет