4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы əлеуетті өнім берушілерді хабардар ету
31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш
жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы
күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн қалғанда:
1) əлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген əлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді;
2) хабарламаға жауап ретінде əлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша конкурстық құжаттаманың
көшірмесін жібереді;
3) конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы туралы мəліметтерді,
сондай-ақ басқа да мəліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы ұсыну фактісінің
хронологиялық тəртіппен тіркелуін қамтамасыз етеді.
Конкурс тəсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей,
бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн қалғанда осы
тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мəліметтер конкурстық
құжаттамада көрсетілген мəліметтерге сəйкес келуге тиіс.
32. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама осы
Қағидаларға 7-қосымшаға сəйкес ресімделеді.
5. Əлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
33. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уəкiлеттi
өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан əрекет еткен
жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі көшiрмесiн
əлеуеттi өнiм берушiге (оның уəкiлеттi өкiлiне) əлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс
күнінен кешіктірмей береді (жібереді).
34. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан əрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға əлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген
өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) əлеуетті өнім берушінің не оның уəкілетті өкілінің конкурстық құжаттама көшірмесінің берілгені үшін
төлемді енгізгені туралы құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына осы Қағидалардың
35-тармағының 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген мəліметтерді енгізеді;
4) əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді
не пошта байланысын пайдалана отырып жібереді;
5) осы Қағидалардың 36, 38 жəне 66-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
35. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналында мынадай мəліметтер
көрсетілуге тиіс:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың
атауы мен өткізілетін мерзімі;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жері;
3) əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкілінің тегі, аты, əкесінің аты, оның жеке басын куəландыратын
құжаттың деректері;
4) əлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері жəне байланыс телефондары;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкілі алған уақыты мен күні;
6) конкурс тəсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабарламада конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді өндіріп
алу туралы нұсқама қамтылған болса, мұндай төлемнің енгізілу фактісі.
36. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді
жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан əрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы
дəйек тейді. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналының соңғы беті мемле-
кеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылының ішінде тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
37. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзе ге
асыру туралы хабарлама жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
6. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
38. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру
жөнін де кезде сулер ұйымдастыруды, түсіндіру мəтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдас -
тыру шы жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күні өткенге дейін
кемінде күнтізбелік бес күн қалғанда өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың сұрау салуына жауап
ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер жəне (немесе)
толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген
өзгерістердің жəне (немесе) толықтырулардың мəтінін осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тіркеу
журналына олар туралы мəліметтер енгізілген тұлғаларға өтеусіз негізде жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылады.
Өздері туралы мəліметтер тіркеу журналына енгізілген тұлғалар мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа
қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Конкурстық
құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық
құжаттамада көрсетілген тəсілдермен жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
оған жауап береді жəне сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мəліметтер осы Қағидалардың
35-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін
түсіндіруді жібереді.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мəліметтер осы
Қағидалардың 35-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалардың уəкілетті өкілдерімен
белгілі бір жерде жəне конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін
түсіндіру үшін кездесу өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі тұлғалармен көрсетілген
кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 8-қосымшаға сəйкес
хаттаманы ресiмдейдi жəне қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама
ресімделген жəне оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық комиссияға,
сондай-ақ олар туралы мəліметтер осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген
тұлғаларға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.
39. Əлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
аты нан əрекет еткен тұлғалар, сондай-ақ əлеуетті өнім берушілер немесе олар уəкілеттік берген өкілдер
қол қояды.
40. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша əлеуетті өнім берушілермен кездесу кон-
курстық құжаттамада белгіленген кездесу өтетін күн мен уақытта əлеуетті өнім берушілердің немесе олар дың
уəкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсе тілген
күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша хабарлайды.
7. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны жəне оларды ұсыну
41. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім берушінің конкурстық
құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сəйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды,
қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
42. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға
ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 жəне 6-қосымшаларға сəйкес əлеуетті өнім беруші толтырған
жəне қол қойған өтінімді;
2) əлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген жалпы біліктілік талаптарға сəйкестігін
растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.
Əлеуетті өнім берушінің – кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті
мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың
нотариат куəландырған көшірмесі (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық
қабілетінің болуын растау үшін) де қамтылуға тиіс.
43. Конкурсқа қатысуға өтінімді əлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде,
беттерін нөмірлеп береді жəне соңғы беті оның қолымен жəне мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар
болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті
əлеуетті өнім берушінің қолымен жəне мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) расталған) жəне
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
44. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға
жəне оған əлеуетті өнім беруші қол қойып, мөрмен растауға (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс.
45. Əлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған
жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер не-
месе қосымша жазулар болмауға тиіс.
46. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға
дейін оны желімделген конвертпен береді, оның беткі жағында əлеуетті өнім берушінің толық атауы мен
пошта мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай
қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошта мекенжайы,
конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мəтін
көрсетілуге тиіс: «(конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс» жəне «(конкурсқа қатысуға
өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) дейін ашпаңыз».
47. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды жəне əлеуетті өнім берушіге
қайтарылады.
48. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.
49. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
1) əлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған əлеуетті өнім
беруші өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген мəліметтердің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған
конверттерде болуын тексереді. Осы Қағидалардың 46-тармағының талаптарын бұзып ресімделген
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды жəне:
əлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті пошта байланысы арқылы
алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкіліне дереу
қайтарылады;
3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды жəне осы
тармақта көзделген мəліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге
өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа
қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тіркелмейді
жəне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тəртіппен жəне мерзімде қайтарылады.
Əлеуетті өнім берушінің толық атауын жəне пошта мекенжайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға
өтінімі бар конверт тіркелмейді жəне ашылмайды, бірақ күнтізбелік бір жыл ішінде сақталуға тиіс.
50. Мəліметтері мемлекеттік құпияны қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақ-
стан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жібереді.
51. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында
мынадай мəліметтерді:
1) конкурс тəсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың
атауы мен өткізілетін мерзімін;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың по-
шта мекенжайын;
3) əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкілінің тегін, атын, əкесінің атын;
4) əлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошта мекенжайын;
5) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверт тіркелген күн мен уақытты;
6) конкурсқа қатысуға өтінімге əлеуетті өнім беруші енгізген өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар
туралы ақпаратты көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа
қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған əлеуетті өнім берушілерді көрсетіп, мұндай бас тартудың
себебін баяндайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді жəне мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдас-
ты рушы бір тараптан əрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы дəйектейді. Конкурсқа
қатысу ға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
мөрімен бекітілуге тиіс.
Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен барлық
мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге
рұқсат етіледі.
Əлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын
жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін
өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады.
Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге жəне ұсынылуға тиіс.
52. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған əлеуетті өнім берушінің
қолы қойылады жəне мөрмен бекітіледі (жеке тұлға үшін егер ол болса).
53. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге
дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оларға ешқандай өзгерістер енгізілмеуге
тиіс.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
54. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді са-
тып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде əлеуетті өнім беруші енгізеді. Əлеует -
ті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
Өтінімдер конкурстың барлық лотына берілмеген кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді
лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға енгізуге жол беріледі.
55. Əлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар жəне
мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сəйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.
56. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға
тиіс. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімін əлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне ұзартуына
жол беріледі.
57. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия
конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады.
58. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
1) əлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа
қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен жəне (немесе) толықтырған;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған əлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген
мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;
3) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған əлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
жасасудан жалтарған;
4) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген
мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу жəне (немесе) енгiзу
мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі орын алған
кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.
Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз
ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
59. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай:
1) осы əлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы
мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурсқа
қатысушылар деп танылған əлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды);
3) конкурс тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нəтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған (аталған
жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген жəне конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада
көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) əлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі
басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
9. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен
мемлекеттік сатып алуды өткізу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
60. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық
құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта жəне орында конкурстық
комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілінің
қатысуымен жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім беруші жəне (немесе) оның уəкілетті өкілі конкурсқа
қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғалардың конкурстық комиссияның қызметіне
араласуға құқығы жоқ.
61. Олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім беруші жəне
(немесе) оның уəкілетті өкілі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қатысуға құқылы.
62. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу белгіленген күні конкурстық комис-
сия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның
төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың
белгіленген уақытына дейін кемінде үш сағат қалғанда бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдас -
тырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рəсімі басталғанға дейін конкурстық
комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық
комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдап, мұндай алмастырудың себебін көрсетеді.
63. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа
қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рəсімін жүзеге асыру кезінде əлеуетті өнім берушілердің
мүдделерін білдіруге əлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжат түрінде ресімделген өкілеттігін тексереді.
64. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында жəне конкурстық құжаттамада
белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
65. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа
қатысуға өтінім осы Қағидаларға сəйкес ашылады жəне қаралады.
66. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлғада əрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы
қатысушыларды:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған əлеуетті өнім берушілердің саны;
əлеуетті өнім берушілердің сұрау салуының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдас ты ру-
шының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша əлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы,
сондай-ақ себептері;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға
өтінімдер берген əлеуетті өтінім берушілер туралы хабардар етеді;
конкурсқа қатысуға өтінім берген əрбір əлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді
тіркеу журналына енгізілген мəліметтерді хронологиялық тəртіппен жария етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады жəне өтінімде қамтылған құжаттардың
тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сəйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын
ресімдейді;
əлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уəкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының
көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.
67. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысып отырған
конкурстық комиссия мүшелерiнің бəрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды жəне əр
парағын дəйектейді.
68. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның отырысы өткізілген күннен кейінгі екі
жұмыс күнінен кешіктірмей əлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға
өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уəкілетті өкілдеріне, ал
болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс
күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |