№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

69. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды жəне конкурсқа қатысуға өтінімдер 

салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде əлеуетті өнім берушілерге конкурсқа 

қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі 

күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген 

жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 

күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады). 

Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 10-қосымшаға сəйкес 

ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, 

сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім 

қабылданған күні қол қояды. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) 

ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса тiркелуi мүмкiн.

Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы əлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары 

мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес болған жағдайда ресімделмейді.

70.  Конкурсқа  қатысуға  өтінімдер  салынған  конверттерді  ашқан  күннен  бастап  бір  жұмыс  күнінен 

кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы: 

1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурстық 

комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;

2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау 

жөніндегі отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді; 

3)  конкурстық  комиссияның  қарауына  əлеуетті  өнім  берушінің  конкурстық  құжаттамада  көзделген 

біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын, сондай-ақ əлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша 

беру журналына қол қойдырып, əлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді 

енгізуін растайтын құжаттарды береді; 

4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда олардың қарауына əлеуетті өнім берушілердің 

өтінімдерін  уақытша  беру  журналына  қол  қойдырып,  əлеуетті  өнім  беруші  ұсынатын  тауарлардың, 

жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкестігін растайтын 

құжаттарды ұсынады. 

71. Əлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы мыналарды: 

1) конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттардың пакетіне кіретін құжаттың атауын;

2) парақ санын; 

3) конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегін, аты-жөнін жəне қолын, оларды алған күнін; 

4) конкурстық өтінім құжаттарын қайтадан алғанын куəландыратын конкурстық комиссия хатшысының 

тегін, аты-жөнін жəне қолын, оларды алған күнін қамтуға тиіс. 

72. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) əлеуетті өнім 

берушілердің конкурстық өтінімінің құжаттары конкурстық комиссияның хатшысына қайтарылғанға дейін 

оларды қарау уақытында олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

73.  Конкурстық  комиссияның  өтінімдерді  қарау  жөніндегі  отырысы  осындай  комиссия  мүшелерінің 

қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі. 

74. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді. 

75. Конкурстық комиссия: 

1)  əлеуетті  өнім  берушілердің  конкурсқа  қатысуға  өтінімдерін  құрайтын  құжаттар  пакетін  олардың 

толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды; 

2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған жəне (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды 

ұсынған əлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

3) қажет болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды жəне салысты-

руды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне 

байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады; 

4) қажет болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мəліметтерді нақтылау мақсатында тиісті 

мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. 

Конкурстық  комиссияның  конкурсқа  қатысуға  өтінімді  конкурстық  құжаттаманың  талаптарына  сəйкес 

келтіруге байланысты сұрау салуына жəне өзге де əрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді 

конкурстық құжаттамаға сəйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз 

құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде 

ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге бағытталған əрекеттері түсініледі;

5)  конкурстық  құжаттаманың  біліктілік  жəне  өзге  талаптарына  сəйкес  келмейтін  əлеуетті  өнім 

берушілерді айқындайды.

Əлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық рəсiмiне қатысы жоқтығы жəне (немесе) атқарушылық құжаттар 

бойынша  орындалмаған  жəне  тиісті  борышкерлер  тізіліміне  енгізілмеген  міндеттемелердің  болмауы 

бөлiгiнде олардың жалпы бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия 

банкроттық рəсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уəкiлеттi органның интернет-ресурсына 

жəне атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның интернет-

ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.

76. Мынадай:

1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi 

жеткiлiксiз болған;

2) конкурстық комиссияға: 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы 

мұндай əлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып 

табылмайды;

қатысу  үшiн  банктік  кепілдік  түрінде  берілген  өтiнiмдi  қамтамасыз  ету  енгiзiлетiн  тауарларды, 

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін 

жəне (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны; 

пайдасына  конкурсқа  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  ету  енгізілетін  тұлғаны  айқындауға  мүмкіндік 

бермейтін мəліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті 

түрде ресімделмеген;

3) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде 

енгізілген  жағдайларда  конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысуға  өтінімге  енгізілген  қамтамасыз  етуді 

конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейді деп таниды. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу 

тиыннан кем сома нөлге дейін, ал елу тиынға тең жəне одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

77. Заңды тұлға болып табылатын (конкурсқа қатысушы деп танылған) əлеуетті өнім беруші, егер: 

1) ол жəне (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:

əлеуетті  өнім  беруші  қызметті  Үлгілік  жарғының  негізінде  жүзеге  асыратын  жағдайларды 

қоспағанда, заңнамада белгiленген тəртiппен бекітiлген жарғының нотариат куəландырған көшiрмесiн не 

қазақ жəне (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен нотариат куəландырған (жəне) заңдастырылған сауда 

тiзiлiмiнен үзiндi көшiрмені бермеуі;

олар туралы мəліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда, əлеуетті өнім берушінің 

рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге 

жəне өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында 

көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куəліктерінің, сертификаттарының жəне басқа да құжаттарының 

нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынбауы;

Қазақстан  Республикасының  рұқсаттар  жəне  хабарламалар  туралы  заңнамасына  сəйкес  алынған 

(жіберілген),  олар  туралы  мəліметтер  мемлекеттік  органдардың  ақпараттық  жүйелерінде  расталатын 

электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;

заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  (қайта  тіркеу)  туралы  куəліктің*  немесе  анықтаманың  нотариат 

куəландырған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, 

мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куəландырған көшірмесінің берілмеуі.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік 

тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге 

дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəлік 

заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мəліметтерді қамтитын құрылтай құжаттары-

нан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариат 

куəландырған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген акция ұстаушы-

лардың тізілімінен белгіленген тəртіппен қол қойылған жəне куəландырылған үзіндінің  түпнұсқасының 

ұсынылмауы;

үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сəйкес əлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің 

немесе банк филиалының қолы жəне мөрі бар, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 6793 болып  тіркелген  «Екінші  деңгейдегі  банктердегі,  ипотекалық  ұйымдардағы  жəне  «Қазақстан 

Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сəйкес банктің 

немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша əлеуетті өнім берушінің 

анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы 

конкурс жарияланған күннен кейін берілген анықтаманың түпнұсқасын бермеу (егер əлеуетті өнім беруші 

екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып та-

былса, осы анықтама осындай банктердің əрқайсысынан ұсынылады); 

қол  мен  мөр  қойылған  банк  немесе  банк  филиалы  анықтамасының  түпнұсқасында  əлеуетті  өнім 

берушінің барлық міндеттемелері бойынша осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам 

созылған мерзімі өткен берешегінің болуы;

конкурстық  өтінімдері  бар  конверттерді  ашу  күнінің  алдындағы  бір  айдың  ішінде  алынған  салық 

төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне 

əлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мəліметтер; 

тиісті  мемлекеттік  кірістер  органының  мəліметтерінде  (төлем  мерзімі  Қазақстан  Республика-

сының заңнамасына сəйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде жəне одан астам 

салық  берешегінің  жəне  міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кəсіптік  зейнетақы  жарналары  мен 

əлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы ақпараттың болуы;

үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8 жəне 9-қосымшаларға сəйкес біліктілік туралы мəліметтерді бермеу;

конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материал-

дық жəне еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде əлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сəйкес кел-

меуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық жəне еңбек ресурстары 

конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуге тиіс);

біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;

оның банкроттық рəсіміне не таратуға жатуы негіздері бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді 

деп айқындалса;

2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:

үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сəйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;

өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұн-

дай əлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;

техникалық ерекшелікті ұсынбау; 

əлеуетті  өнім  берушінің  техникалық,  сапалық  жəне  пайдалану  сипаттамалары  неғұрлым  үздік 

техникалық  ерекшеліктерді  беру  жағдайларын  қоспағанда,  конкурстық  құжаттаманың  техникалық 

ерекшелігінде белгіленген талаптарға сəйкес келмейтін ерекшелікті беруі; 

үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сəйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын 

жұмыстарды, сондай-ақ əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін 

(əлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар 

мен көрсетілетін қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мəліметтердің берілмеуі; 

қосалқы  мердігерлер  туралы  мəліметтер  берілген  жағдайда,  əлеуетті  өнім  берушінің  қосалқы 

мердігерлерге  (бірлесіп  орындаушыларға)  қосалқы  мердігерлікке  жиынтығында  жұмыстар  (құрылыс 

құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруі;

 конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау 

негіздері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейді деп анықталса;

конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дəйексіз ақпарат ұсыну фактісі айқындалса;

3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 

6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының талаптарын бұзған жағдайларда конкурсқа 

қатысуға жiберiлмейдi.

78. Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын (конкурс қатысушысы болып 

танылған) əлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол жəне (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай: 

кəсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген 

құжаттың нотариат куəландырған көшірмесін бермеуі; 

жеке куəліктің (паспорт) нотариат куəландырған көшірмесін бермеуі; 

олар туралы мəліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда, əлеуетті өнім берушінің 

рұқсаттарының  (хабарламаларының),  сондай-ақ  өндіруге,  өңдеуге,  жеткізуге  жəне  сатып  алынатын 

тауарларды  өткізуге,  жұмыстарды  орындауға,  қызметтерді  көрсетуге  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куəліктерінің, сертификаттарының жəне басқа 

да құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынбауы;

Қазақстан  Республикасының  рұқсаттар  жəне  хабарламалар  туралы  заңнамасына  сəйкес  алынған 

(жіберілген),  олар  туралы  мəліметтер  мемлекеттік  органдардың  ақпараттық  жүйелерінде  расталатын 

электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;

үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сəйкес əлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің 

немесе банк филиалының қолы жəне мөрі бар, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 6793 болып  тіркелген  «Екінші  деңгейдегі  банктердегі,  ипотекалық  ұйымдардағы  жəне  «Қазақстан 

Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сəйкес банктің 

немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша əлеуетті өнім берушінің 

анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы 

конкурс жарияланған күннен кейін берілген анықтаманың түпнұсқасын бермеу (егер əлеуетті өнім беруші 

екінші  деңгейдегі  бірнеше  банктің  немесе  филиалдардың,  сондай-ақ  шетелдік  банктің  клиенті  болып 

табылса, осы анықтама осындай банктердің əрқайсысынан ұсынылады); 

қол  мен  мөр  қойылған  банк  немесе  банк  филиалы  анықтамасының  түпнұсқасында  əлеуетті  өнім 

берушінің барлық міндеттемелері бойынша осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам 

созылған мерзімі өткен берешегінің болуы;

конкурстық  өтінімдері  бар  конверттерді  ашу  күнінің  алдындағы  бір  айдың  ішінде  алынған  салық 

төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне 

əлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мəліметтер; 

тиісті  мемлекеттік  кірістер  органының  мəліметтерінде  (төлем  мерзімі  Қазақстан  Республи-

касының  заңнамасына  сəйкес  ұзартылған  жағдайларды  қоспағанда)  бір  теңге  мөлшерінде  жəне  одан 

астам салық берешегінің жəне міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мен 

əлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы ақпараттың болуы;

үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8 жəне 9-қосымшаларға сəйкес біліктілік туралы мəліметтерді бермеу;

конкурстық  құжаттамада  көрсетілген  шарт  бойынша  міндеттемелерін  орындау  үшін  жеткілікті  мате-

риалдық жəне еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде əлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сəйкес 

келмеуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық жəне еңбек ресурс-

тары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуге тиіс);

біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;

оның банкроттық рəсіміне не таратуға жатуы негіздері бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді 

деп айқындалса;

2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:

үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сəйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;

техникалық ерекшелікті ұсынбау; 

əлеуетті  өнім  берушінің  техникалық,  сапалық  жəне  пайдалану  сипаттамалары  неғұрлым  үздік 

техникалық  ерекшеліктерді  беру  жағдайларын  қоспағанда,  конкурстық  құжаттаманың  техникалық 

ерекшелігінде белгіленген талаптарға сəйкес келмейтін ерекшелікті беруі; 

үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сəйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын 

жұмыстарды, сондай-ақ əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін 

(əлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар 

мен көрсетілетін қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мəліметтердің берілмеуі; 

қосалқы  мердігерлер  туралы  мəліметтер  берілген  жағдайда,  əлеуетті  өнім  берушінің  қосалқы 

мердігерлерге  (бірлесіп  орындаушыларға)  қосалқы  мердігерлікке  жиынтығында  жұмыстар  (құрылыс 

құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруі;

 конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау 

негіздері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейді деп анықталса;

конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дəйексіз ақпарат ұсыну фактісі айқындалса;

3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 

6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының талаптарын бұзған жағдайларда конкурсқа 

қатысуға жiберiлмейдi.

79. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді 

қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық 

құжаттаманың талаптарына сəйкестігін растау үшін олар ұсынған құжаттардың толықтығы жəне тиісті түрде 

ресімделуі тұрғысынан қарайды жəне өз құзыреті шегінде зерделейді;

2) əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық 

құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сəйкестігі не сəйкес келмеуі 

туралы сараптамалық қорытындыны ресімдейді жəне оған қол қояды;

3) тиісті түрде ресімделген сараптамалық қорытындыны ұсынады, сондай-ақ əлеуетті өнім берушілердің 

құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді. 

80. Егер функционалдық жəне басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін 

қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер жəне (немесе) жұмыстарды 

үздік материалдардан орындау ұсынылса, əлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық 

құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сəйкес болмауына жол беріледі. 

81. Сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, сарапшының (сараптау комиссиясының) 

қорытындысына барлық сарапшылар қол қояды жəне əр парағын дəйектейді. 

82. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның 

хатшысы:

1) бұл туралы төрағаны, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарын 

хабардар етеді жəне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық ко-

миссия отырысы өткізілетін күні мен уақытын онымен келіседі;

2)  конкурстық  комиссияның  мүшелерін,  сондай-ақ  сарапшыны  (сараптау  комиссиясын)  конкурстық 

комиссия отырысын өткізу белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді. 

83. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1)  конкурстық  комиссияның  хатшысы  конкурстық  комиссияның  мүшелерін  сарапшының  (сараптау 

комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;

2) сараптау комиссиясының сарапшысы не жетекшісі негізделген тұжырымдары бар сараптамалық 



18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

12

(Жалғасы. Басы 11-бетте).

қорытындыны, оның ішінде сараптау комиссиясы сарапшысының ерекше пікірін (егер олар бар болса) 

жариялайды,  қажет  болған  кезде  конкурстық  комиссияның  мүшелеріне  сараптамалық  қорытындының 

тұжырымдарын түсіндіреді; 

3)  конкурстық  комиссия  сарапшының  (сараптау  комиссиясының)  қорытындысын  ескере  отырып, 

конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады жəне біліктілік талаптары мен конкурстық 

құжаттама талаптарына сəйкес келмейтін əлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы 

ресімдейді.

84. Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтін əлеуетті өнім 

берушілер анықталған жағдайда конкурстық комиссия мұндай əлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат 

беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 

жеті жұмыс күні болуға тиіс мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен конкурстық 

құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығын береді.

Заңның 6-бабын бұзған əлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары 

мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығы берілмейді.

85. Ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні 

ішінде біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес келмейтін əлеуетті өнім 

берушілерді конкурсқа қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттама талапта-

рына сəйкес келтіру қажеттігі туралы хабардар етеді.

86.  Біліктілік  талаптары  мен  конкурстық  құжаттаманың  талаптарына  сəйкес  келтірілген  конкурсқа 

қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде конкурстық комиссия:

1)  конкурсқа  қатысуға  өтінімдерді  қарауды,  бағалауды  жəне  салыстыруды  оңайлату  үшін  əлеуетті 

өнім  берушілерден  олардың  өтінімдеріне  байланысты  материалдар  мен  түсіндірулерді  жазбаша  ны-

санда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мəліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе 

заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Заңның 27-бабының 4-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен 

конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді 

жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, 

тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу 

жіберуіне жəне өзге де əрекеттер жасауына жол берілмейді.

87.  Конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысуға  өтінімді,  егер  онда  ұсынылған  өтінім  мəнін  қозғамай 

түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың та-

лаптарына сəйкес келеді деп қарайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде конкурстық комиссияның əлеуетті өнім берушілерді 

конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауына 

жол бермейді. 

Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың 

талаптарына сəйкес келтіргеннен кейін, егер:

1) ол жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңда жəне осы Қағидаларда 

айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп айқындалса;

2) ол Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3)  оның  конкурсқа  қатысуға  өтінімі  Заңда  жəне  осы  Қағидаларда  айқындалған  негіздер  бойынша 

конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сəйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға 

жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

88. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қайта қарау нəтижелері бойынша:

1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді 

айқындайды жəне конкурсқа қатысушылар деп таниды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 11-қосымшаға сəйкес ресімделеді, 

əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылданған (конкурсқа қатысу-

шы деп танылған) күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның отырысқа қаты-

сып отырған барлық мүшелері жəне конкурстық комиссия хатшысы қол қояды, əрбір парағын дəйек тейді. 

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, бар болса, конкурстық комиссия мүшесінің сарапта  малық 

қорытындысы не ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі тіркелуі мүмкін.

89.  Конкурсқа  қатысуға  рұқсат  беру  туралы  хаттамаға  қол  қойылған  күннен  бастап  бір  жұмыс  күні 

ішінде конкурстық комиссияның хатшысы көрсетілген хаттама көшірмелерінің конкурсқа қатысуға өтінім 

берген  барлық  əлеуетті  өнім  берушілерге  конкурстық  құжаттамада  белгіленген  мерзімде  жіберілуін 

қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет