Əдебиеттер
1. Алътшуллер Г.С., Верткин И.М. Как стать гением: жизненная стратегия творческой
личности. -Мн.: Беларусь, 1994. -479 с.
2. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Бюджетная система Российской федерации. -СПб.:
СПбТЭИ, 1995. -С.10-15.
3. Барчуков И.С., Пенькоеский Е.А. Теоретические и практические основы физического
обучения и воспитания студентов: Учебник / Под общ. ред. И.С.Барчукова. -М: МГУК,
1996. -288 с.
4. Бачаев Б.Ц. Педагогический кбнтроль и инструментальный контроль при обучении
броскам в спортивной борьбе: Метод. разработки. -Л.: ГДОИФК, 1983. -22 с.
5. Бачаев Б.Ц. Повышение технического мастерства борцов на основе совершенствования
методов педагогического контроля: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. -Л., 1986. -22 с.
6. Белов В. С Строки из истории греко-римской борьбы. Новосибирск - Заринск: Издво
«Алтан-кокс», 1999. -70 с.
ƏОЖ
37.016: 37.7 (574)
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕНЕ
ТƏРБИЕСІНІҢ РОЛІ
Тұрсынбеков М.Т., Жаңбыров Б.Н.
Халықаралық гуманитарлық - техникалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Роль физической культуры в формировании здорового образа жизни
Summary
The role of physical culture in developing healthylifestyles
Ел басшысы Н. Ə. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында
«Салауатты өмір салтын ынталандыру əрқайсымыздың дене тəрбиесімен айналысуымызға,
дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен
санитария шараларын сақтауымызға жəне т.с.с. бағытталған» делінген (1).
«Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата
бабаларымыздың бұл дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырғаны
шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп
күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол
тұрақты, мəңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру,
263
ауырмай тұрып іс - əрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта - ықылас, ерік – жігер
қажет, онсыз баянды, əрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша,
денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы
ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани жəне əлеуметтік толық аман-есендік. Академик
В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық
дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық жəне психалогилялық
əрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің əлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас
ерекшеліктеріне сəйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы» деген
болатын.
Денсаулық- физикалық, рухани жəне əлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі,
функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта əсерлеріне бейімделу қасиеттерінің
жоғарғы дəрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам
өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Əлеуметтік саулық дегеніміз- адамның əлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке
адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дəрежесі.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз əсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу;
никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының
созылмалы əсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі жəне шамадан тыс көптігі);
көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың
бұзылуы; дəрі - дəрмекті жəне тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы
факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл - қозғалыстың аздығы сондықтан дене
тəрбиесі сабақтарында жастарға үнемі салауатты өмір салтын төмендегі қағидаларды
негізге ала отырып насихаттау жұмыстарын басты назарға алу қажет.
•
Дене жаттығуларының əсерінен бұлшық еттерде едəуір өзгерістер болады. Егер де
бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар əлсіздене бастайды,
көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды.
Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан
емес жуандауы əсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады, тонусы, қан айналым
жəне бұлшықет қоректенуі жақсарады.
•
Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана
қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Əсіресе бас ми капиллярларының
саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет
қозғалысының маңызын талай атап өткен.
•
Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет
жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те əлуетті қызмет етеді.
Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті əр
жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын
болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-
100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал
спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір
спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі əр
систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.
•
Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға
шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын
жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез жəне бар
күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді, 120-130 л жетеді .
•
Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне жəне зəр шығару
ағзаларының жұмыстарына дұрыс əсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын
күшейтеді.
•
Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене
жаттығулары адамның психикасына да үлкен əсерін тигізеді. Осының əсерінен жүйке-
264
жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді жəне жағымды
эмоция тудырады.
Дене тəрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - əрекеттерін
қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тəрбие
бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тəрбиесі – ерік-жігері мықты, тəртіпті, батыл жəне белсенді, өз
Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай əзірлеуде аса маңызды əлеуметтік
міндеттерді атқарады. Дене тəрбиесі жастарда ақыл-ой жəне еңбек əрекетінде нəтижелі
жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тəрбиесі сабағының
ықпалы зор, əрі мектеп қабырғасында дене тəрбиесін ұйымдастыру жүйесі :
· Дене шынықтыру сабақтары;
· Факультативті сабақтар;
· Дене шынықтыру жəне сауықтыру жұмыстары;
Сабақтан жəне мектептен тыс дене тəрбиесі мен спорттық іс-шаралар
(үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) дұрыс жолға қойылса жəне осы жұмыстар
арқылы жан-жақты ауру шақыратын факторлардың əсерін төмендетуге, ішімдіктің,
темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл - қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға
қарсы жүргізілетін үгіт - насихат жұмыстары жаппай жүргізілсе дені сау жастардың
қалыптасуына, оның рухани дамуына əсер етері сөзсіз. Ендеше СӨС қалыптастыруда
жалпы қоғам азаматтары болып күрес жүргізу, залалды заттардың адам организміне зиян
екенін ашық, айқын түсіндіру жəне де жасөспірімдердің залалды заттарға құмарлығын
жою ең басты мақсат етіп қойылуы қажет.
Əдебиеттер
1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тəнтану. - Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Б. Төтенаев. Дене тəрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988.
4. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тəрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991. ,
5. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тəрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000
УДК
3.019: 37.7 (574)
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПƏНІН ОҚЫТУДА ПƏНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Тұрсынбеков М.Т., Спатаев Т.Қ.
Халықаралық гуманитарлық - техникалық университеті, Шымкент қаласы
Резюме
В данной статье рассматривается о некоторых особенностях межпредметных связей на
уроках физической культуры
Summary
This article discusses some of the features interdisciplinary connections at physical training lessons
Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында білім алып отырған
оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты білімді, өз бетімен білім алуға
талаптанатын, өзінің ой-тұжырымы бар етіп тəрбиелеу үшін, сабақ формаларымен оның
құрылысын жетілдіру, оқытудың əдіс-тəсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына
айналып отыр.
265
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру
білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады. Пəнаралық байланыс үшін, негізінен, оқу –
интеллектуалдық, практикалық іскерліктердің орны ерекше. Ал, оқу–интеллектуалдық
іскерліктер – ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды
қалыптастыру үшін логикалық ойлау тəсілдерін игеру мен жүзеге асырырылатын əрекеттер
жүйесі.
Оқу бағдарламаларында жеке пəндердің оқу материалдары басқа кейбір
пəндердің тақырыптарымен өте тығыз байланыста болып келеді. Бұл жағдайда
сабақтың өн бойында пəнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Мұндай сабақтардың танымдық міндеттері, басқа пəндердің мазмұнын пайдалануды
қажет етеді. Сондықтан сабақтар «пəнаралық сабақ» деп аталған.
Пəнаралық байланыс оқушылардың танымдық іс - əрекеті негізінде басқа
пəндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабілетін арттырады [1].
Кез келген пəнді оқытудағы ең бір маңызды дидактикалық ұстанымдардың бірі-
пəнаралық байланыс. Бұл-ғылыми-жаратылыстану пəндері мен қоғамдық-гуманитарлық
циклдердің жəне жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстарды
қамтамасыз етеді.
Пəнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуде пайдалану дене шынықтыру пəні
мұғалімінің теориялық білімінің тереңдігін, оның жан-жақтылығын, ізденімпаздығын талап
етеді. Дене шынықтыру пəні əсіресе адам анатомиясы, адам физиологиясы жəне
гигиенасындағы көптеген заңдылықтар мен түсініктер, физика, химия, медицина жəне
экология, математика, валеология т.б. пəндермен өте тығыз байланысты
Қазіргі таңда біздің елімізде ЮНЕСКО-ның ұлттық бағдарламасы шеңберінде білім
беру мен қатар бейбітшілік идеясын, адамгершілік жəне рухани құндылықтарды таратуды
насихаттайтын мектеп ошақтары бар. Олар халықаралық бағдарлама шеңберінде білім
алады. Осы халықаралық бағдарламаның құрылымы төмендегідей мақсаттарды қамтиды:
-
пəндерді оқытудағы біртұтастық (басқа пəндер мен байланыс, беріліп отырған
ұғымның басқа пəндерде қаралуы);
-
білім беруді жеке тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту үшін бағыттау;
-
оқылатын материалдың интернационалдық табиғатын, мəнін ашу;
-
өз бетінше білім алу, жаңа ақпарат алуға үйрету;
-
өзінің қызметін саралау жəне түзетуге құру.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мəселелердің бірі – біртұтас - педагогикалық
процесс кезіндегі сабақтарда пəнаралық байланысты жүзеге асыру. Пəнаралық
байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту процесінде білім беру, тəрбие беру,
дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пəнаралық байланыс идеясы тарихи
дамуда дəлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пəнді оқыту əдістемесінің
басты мəселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пəнаралық байланыс – қазіргі заманғы
ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектеп жүйесінің білім мазмұнын
айқындаудың басты шарты болып табылады.
Дене шынықтыру пəнін оқытуда да басқа пəндер сияқты пəнаралық
байланыстар бірнеше қызмет атқарады.
Бірінші-методологиялық қызметі. Осы қызметі оқушылардың табиғаттануға, оның
біртұтастығы мен дамуына диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруға
үлкен əсерін тигізеді.
Екінші-оқушының білімдік ой-санасын қалыптастырып, оның бір жүйелілігін,
тереңдігін, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пəнаралық байланыс аралық байланыстарды
игеруге мүмкіндік туғызады, биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде
пайдаланылады.
Үшінші-тəрбиелік қызметі. Пəнаралық байланыс білім берудегі политехникалық
бағытты іске асыруға көмек көрсетеді.
Төртінші -конструктивті қызметі . Осы қызметі оқу материалдарының
мазмұнын, əдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі[2].
266
Дене шынықтырудан сабақ беру үшін əрбір мұғалім пəнаралық байланысты іс
жүзінде орындауы тиіс.
Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады:
а) əрбір курстыың жəне басқа да пəндердің басты тақырыптарының арасындағы
пəнаралық байланыстарды талдап, қосымша əдебиеттерді пайдалану;
ə) курстық жəне тақырыптық жоспарларды пайдалынып, пəнаралық байланысқа
сəйкестеп, сабақтың жоспарын құру;
б) нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша əдістемелік тəсілдер мен керекті
құрал-жабдықтарды дайындау, т.б.
Пəнаралық байланыс – түрлі оқу пəндернің арасындағы өзара байланысын анықтау
шарты жəне білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пəнаралық байланыстың қазіргі
оқыту-тəрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып,
оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дəлелдеме ретінде
танылады. Оқушылардың əртүрлі пəндер бойынша алынған білім-біліктерді қабылдауы,
түсініп білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-əркеттеріне
шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пəнаралық байланыс
арқылы оқытудың дамытушылық, білім жəне тəрбие берушілік қызметі объективті түрде
кеңейеді.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру – барлық пəндердің міндеті. Дене
шынықтыру сабақтарында да баланың жан жақты дұрыс қалыптасуы, дұрыс тəрбие алуы
үшін педагогика, психология, адам анатомиясы, физиологиясы, валеололгия, математика
пəндерімен пəнаралық байланысты жиі жүзеге асыру тиімді.
Әдебиеттер
1.
Бейсенбаева А. «Пəнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». -Алматы.
Республикалық баспа кабинеті. 1995.
2.
Антонов Н.С. Слагаемые знаний (о межпредметных связях учебном процессе) .-
Архангельск: Северо-западное кн. Изд-во, 1969. -152 с.
ƏОЖ
36.020: 39.7 (574)
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ
Тұрсынбеков М.Т., Абдимуталиев С.А.
Халықаралық гуманитарлық - техникалық университеті, Шымкент қаласы
Резюме
В статье рассматриваются роли национальной игры системе физического обучения
Summary
Problems and directions of national system of education are considered in the article
Тəуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-
жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика
ғылымының өзекті мəселелерінің бірі- оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде,
ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын
қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді жете түсінетін
ұрпақ дайындау.
Біздің ең негізгі мақсатымыз, ұлттың болашағы болғандықтан, іске асыратын
əрекеттерімізде білімнің ұлттық сипатын, рухани мазмұнын қамтамасыз ету. Сөз жүзінде
мұны мойындағанмен, оны іске асыратын нақтылы тетіктерді таба алмай отырған
267
жайымыз бар екенін мойындауымыз керек. Ол үшін, білімнің ұлттық жүйесін
қалыптастыру мəселесіне көңіл аударылуы керек. Өйткені, қазіргі білім де, білім беру
жүйесі де кеңес одағының бірыңғайландырылған,бірқатар педагогикалық принциптері
жағынан кеңестік азаматты қалыптастыруға ыңғайландырылған жүйе екендігіне
көзіміз жетіп отыр. Ол жүйе ұлтсыз ұрпақтарды тəрбиелеуге бағытталғандықтан, ұлттық
мəдени мұра, рухани қазына, елдің салт-дəстүрі, тілі мен ділі сыртта қалды.
Əрине,жалпы, оқыту деңгейі жоғары болғанын мойындауымыз керек. Десекте,
оның ұлттық құндылықтарымыздан алыстатылғанына, ұлттық сипаты, рухани
мəйегі болмағанына, ұлт тағдырын, еліміздің ерекшелігін, халқымыздың
менталитеті ескерілмегеніне ешкімде дау айта алмаса керек.
Міне,
осыдан кейін-ақ, білім берудің мəдениет қалыптастырушы
функциясын анықтау қажет екеніне барлығымыздыңда көзіміз жеткендей болып
отыр
[
1
]
.
Десекте, өзінің төл мəдени байлықтарын меңгермеген жан əлемдік өркениетті де
жарылқамасынада назар аударған жөн. Осы жерде тағы бір айта кететін жайт, осы күнгі
алған білімдеріміз тез естен шығып қалады, ал ұлтымыздың салт-дəстүрі, фолклоры осы
күнге дейін ұмытылмай келеді. Мұның түп-төркіні неде?- деген сұрақ туындайды.
Өйткені, олар- ұлтымыздың өмір сүру қалпын түзеді.
Дəстүр – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихи қалыптасқан əлеуметтік
нормалар мен принциптер жиынтығы
[
2
]
. Сондықтанда, дəстүр – білім алудың
əдіснамалық негізі деуге орын бар.Ұлттық білім мазмұнын зерттеудің əдіснамалық
негіздерін жүйелеу, оқыту процесінде ұлттық дүниетанымдық принциптерді, олардың
қайнар бұлақтарын ғылыми айналысқа енгізу жолдарын іздестіру болып саналады.
Бүгінгі күнде ұлттық дəстүрлерімізді бұрынғы атa-бабaларымыздың мəдени мұрасы
болғандықтан ғана емес, ұлттық тəуелсіз халқымызда ежелден қалыптасқан, кейінгі кезде
жаңарып келе жатқан салт-дəстүрімізді біртіндеп жас өспірімдердің бойына сіңіру,
санасына жеткізу мақсатында дене тəрбиесі пəнінің қай сабақтарында болса да өткен сабақ
пен жаңа сабақты байланыстыру үшін де ұлттық элементтерді, ойындарды қолдануға
болады.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті жəне икемділікті қажет
ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл
ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның
эстетикалық əсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып,
көңілін
көтереді,
дүниетанымын
арттырып,
еңбекке
баулиды,
ширықтырып,
шынықтырады.
Қазіргі кезде ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабақтарына енгізу кең көлемді
қарқын алып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Мектептерде қолданылатын ұлттық
ойындар: тоғызқұмалақ, қыз қуу, ақсерек-көксерек, асық ату, аңшылар мен қояндар, ақ
сүйек жəне т.б.. Мектептегі дене тəрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды еңгізген кезде
балалардың жасерекшеліктеріне назар аударылады. Бастауыш буындағы яғни 1-4
сыныптар аралығындағы оқушыларға ақсерек-көксерек, ұшты-ұшты, асық ату, аңшылар
мен қояндар, əйгөлек сияқты ойын түрлері қолданыста. Орта буындағы 5-7 сыныптар
аралығында қызыл ту, көтермек, тұр сақинам тұр, түйілген орамал,арқан тарту, жауынгерлі
əтештер сияқы ойындар қолданысқа еңгізілді. Жоғарғы буында яғни 8-11 сынып
оқушыларының аралығында қыз қуу, ақ сүйек, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, ойындары
ойналады. Ұлттық ойындарды дене тəрбиесі сабақтарына енгізу жас балалардың он екі
мүшесін қозғалысқа келтіріп жүйріктікі, шапшандықты, зерделікті нығайтады. Мысалға
келтірсек тоғызқұмалақ ойыны адамның ой санасын жаттықтырады жəне математикалық
тез есептеуге үлкен септігін тигізеді. Ал қыз қуу, ақ сүйек, көтермек сияқты ойындар
балалардың дене мүшелерін қозғалысқа келтіріп шынықтырады. Асық ату ойындары
оқушылардың мергендігін арттырады.
[
3
]
.
Бүгінгі кезде қазақтың ұлттық ойындарынын ішінен тоғызқұмалақ жəне қазақша
күрес дүние жүзілік аумаққа шықты. Десек те денешынықтыру пəні мұғалімдері мектепте
268
тоғызқұмалақ, қазақша күрес үйірмелерін ұйымдастырумен ғана шектелуде бар. Ұлттық
ойындарға негізделген үйірмелердің санын арттырса оқушылар шын ниетпен осы ұлттық
үйірмелерге көптеп тартылар еді.
Ұлт ойындарының əрқайсысына тəн қасиет, көздейтін негізгі мақсат - адамға əсер
ету, оған қоршаған орта туралы мағлұмат беріп, дүниетаным көзқарасын өсіріп
қалыптастыру. Əр ұлт ойынының бойында адамды білімге, білуге, үйренуге, өмірді танып
білуге деген ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымақ, жолдасқа деген ілтипат, сыйластық,
тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б. өмірге аса қажетті адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея бар.
Ұлт ойындары – кешендік тəрбиенің, тұтас педагогикалық үрдістің таптырмайтын
құралы. Қазақтың ұлттық ойындары - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің
шыңдалып өсуіне жан-жақты əсер ететін əмбебап құрал. Ол өзін-өзі тəрбиелеп, өзіне өзі
білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық
негіздегі педагогикалық-əлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тəрбие құралы.
Оқу-тəрбие жұмысында ұлт ойындарын саналы түрде пайдаланудың нəтижесінде-
сабақтың мазмұнын байытып, оқушының білім алу мен білуге деген ынтасын арттырып,
дүние танымын кеңейтіп, өмірге құштарлығын күшейту мақсаты көзделеді.
Ұлт ойындарын дидактикалық материалдар ретінде пайдалану бірыңғай ойын
сабақтарын өткізу деген сөз емес. Оны тиімді пайдаланудың жолдары бар. Ол сабақтың
тиімділігін арттырып, оқушылардың сабақтың əр кезіңінде сергектікпен жұмыс істеу
қабілетін сақтауға мүмкіншілік береді.
Ұлттың негізгі ерекшелігі оны басқаларға ұлт ретінде танытатын тілі десек, бала сол
тіл негізін ойын үстінде меңгеріп, үйреніп, ілгері дамытады. Əдет-ғұрып, салт-сана, дəстүр
ұлтты өзінше көркейтіп, басқалардан ерекшелеп көрсететін құбылыс десек, соның бəрі
балаға жастайынан беріледі. Оны бала ойын үстінде қабылдап, ұжымдық өмірдің алғашқы
сабағын алады. Адам бойында ділді (менталитетті) қалыптастыратын да ұлттық ойындар.
Ол бұл салада күнбе-күнгі өмір барысында көзге көрінбей, бала бойына біртіндеп кіріп,
бүкіл өміріне негіз қалайды.
Қазақтың ұлттық ойындарының тəрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге
болмайтын, күрделі іс-əрекеттердің басын құрайды. Ұлт ойындарының жастарға берер
тəрбиелік негіздерін, олардың тəжірибедегі қолдану мүмкіншілігінің пайдалы салмағын
ескере отырып, былайша топтастырмақпыз. Атап айтқанда: Ақыл-ой тəрбиесі,
адамгершілік тəрбиесі, дене тəрбиесі, дене саламаттылығы тəрбиесі, салауатты өмір салты
тəрбиесі, еңбек тəрбиесі, эстетикалық жəне өнер тəрбиесі, патриоттық тəрбие,
интернационалдық тəрбие т.б. Бұлардың мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті, жеке дара
тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын, жастар бойына білім, білік, дағды, іскерлік
қасиеттерді дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалық құралдармен астасып,
ұштасып негізгі мақсатқа жетуге ықпал ететіні анық.
Мұндай жаңаша жүйе дене тəрбиесі сабақтарын өткізудегі, əсіресе баланың
тұлғалық қарымы мен ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік туғызады. Сондай
мүмкiндiктердiң бiрi - ұлттық ойындардың жалпы орта білім беретін мектептiң дене
тəрбиесінде, күнделікті тұрмыста пайдалану болып табылады.
Еліміздің еркіндік алуы, ел өмірінің барлық саласына айтарлықтай жаңалықтар
əкелді. Бүгінде оқу орындарының алдында тұрған негізгі мақсат - заманымызға сай
ұлттық мүддені көздейтін, отанын сүйе білетін, қазақстандық патриотизмді жастар бойына
сіңіріп, оны өмірдің өзі талап етіп отырғандай етіп күн тəртібіне қою. Яки, ойынды оқу-
тəрбие жұмысының негізгі идеялық арқауына айналдыру міндеті тұр. Бұл міндетті
орындаудағы əлеуметтік-педагогикалық идеяларды іс жүзіне асыруда негізгі көмекші
болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза қоймас.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тəрбиелеу,
қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасуды дұрыс қалыптастыруға
əсер еткені сөзсіз, ендігі жерде өткен өміріміз бен өнерімізге жаңаша қарап, ұрпақ
тəрбиесін халқымыздың ежелгі арманы болып келген, ұлт мүддесіне сай қайта құруға
белсенді атсалысуымыз қажет.
269
Әдебиеттер
1. Пошаев Д.Қ., Кемелбекова Г.А. Білім – мəдениет контексті мазмұнында. //
«Қазіргі таңдағы ғылым мен білім, халықаралық ғылыми-практикалық конференция
еңбектері. 3 том. Шымкент ОҚГИ 2004 – 144-147 б.
2. Нығмет Ж. Қазақ тілі хрестоматиясы. Алматы , 2003.- 392 бет.
3. Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты жəне спорттық ойындары. – Алматы,
1995.–83б.
ƏОЖ 37.021:37.7 (574)
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМНІҢ РОЛІ
Достарыңызбен бөлісу: |