Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64

 

1.

 



Теория  и  методика  физического  воспитания  /  Под  общ.ред.  Л.И.Матвеева  и  А 

Д.Новикора. -М.: ФИС, 1976, т, 1-11. 

2.

 

Гандельеман А.Б., Смирнов Д.М. Физическое воспитание детей школьного возраста. - 



М.: Просвешсние, 1986. 

3.

 



Теория  и  методика  физической  культури  /  Под  ред.  В.М.Шияна,  -  М.:  Просвещение, 

1988. 


4.

 

Шитикова Г.Ф. Методы контроля эффективностм педагогического процесса на уроках 



физического воспитания: Учебное пособие.                 - СПб., 1997. 

5.

 



Теория  к  методики  физического  воспитания  /Под  ред.  Б.А.Ашмарина,  -М.: 

Просвещение, 1990. 

6.

 

Президентские тесты Республики Казахстан. - Алматы, 1997. 



254 

 

ƏОЖ



 377: 785.8 (570)                                                          

 

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КИІМ ҮЛГІЛЕРІН КӨРКЕМ 

СƏНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕГІ  ЖОБАЛАУ  ІС-ƏРЕКЕТТЕРІ 

                                                                      

Оспанова А.Д



 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В статье рассматриваеться вопросы обучения  проектированию художественной декораций  

образцов одежды для учащихься старших классов 

 

Summary 

 

The methodc of teachinq dose decoration deciqn for hiqh school students 

 

 Киім  жиынтығын  образды-ассоциативтік  негізгі  –  ізденіс  эскиздері.  «Фольклер 



стиліндегі  жаңа  ағым бағытындағы  киімді  жобалау»  атты  үлгі  халықтың  үздік  үрдістерін 

сақтай білген киім үлгісі қазақ халқының камзол мен бешпет негізінен қазіргі сəн ағымына 

сай көшірмені фольклор стилінде жасалды. Оның негізгі ерекшеліктерін, əсем сызықтарын 

түсті жібек жіптермен кестеленіп, композициясын толықтыратын қосымша сəн сызықтары 

пайдаланылады.  Осының  бəрі  бірігіп  бір  бүтінді  құрайды.  Жиынтықтағы  үлгілері 

оңайлықпен  дүниеге  келмеген.  Оған  қаншама  білім,  шабыт,  уақыт,  материал  фурнитура, 

бөлшек, шеберлік жұмсалады. Қиял 

тербеген үлгілеумілеріміз көз алдында небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың 

бітімін,  болмысын,  бояуын,  бедерін  беруге  тырысады.  Содан  кейінқоғаздағы  тамаша 

суреттер  нақты  киімге  айналу  үшін  тағы  да  үлгілеу,  пішу,  тігу,  қиыстыру  жұмыстары 

басталады.  Осылайша  қиялдағы  қағазға,  қағаздағы  киімге  айналғанша  тыным  жоқ.  Бұл 

үлгілер  Қазақ  ұлттық  киімдерімен,  үрдісіне  дүниеге  келген  бұл  үлгіге  жасанды  маталар 

пайдаланылады.  Комзолға  əрі  жұмсақ  болып  табылатын  матасынан  халқымыз  небір 

киімдер  мен  тұрмыстық  заттар  жасағаны  белгілі.  Сонымен  қатар  түске  келетін 

болсақ,қазақтың  қыздары  қадірлейтін  түстер  көйлекке,  дəстүр  негізінде  алынды.  Осы 

ережелерді, формаларды, силуетті, фактураны, түсті, негізгі элементтерді көңілге алынып 

бүтін  бір  костюмдерден  қазақ  қыздарына  арналған  салтанатты,  əрі  күнделікті  киюге 

болатын  сəнді  ұлттық  киім  үлгісі  жасалды.  Ұлттық  киім  адам  денесіне  қонымды  жəне 

қолайлы  болып  келеді.  Адамның  ажарын  ашу,  дене  сұлулығын  айғақтап  тұрады.    Сəнді 

ұлттық  киім  адамға  рухани  жəне  моральдық  жағынан  дем  береді.  Киім  жиынтығынның 

фор-эскиздерімен  жұмыс.  Костюм  композициясы  жан-жақты  ұғымды  қамтиды  (латын 

сөзінің  composition-шығару,  құрастыру)  басқа  да  өнер  туындылар  секілді  костюм  белгілі 

бір  ережеле  сəйкес  қолданылатын  өзіне  тəн  (мəнерлі  құрал)  əдістердің  көмегімен  тігімді. 

Бұл  жайында  толық  мағлұмат  алу  үшін  бірнеше  кітап  ақтару  қажет,  ал  біз  костюм 

композициясының  элементтері жайлы  жалпылама  түсінік беріп.  Мамандар  бірнеше кеңес 

ұсынады.  «Фольклер  стиліндегі  жаңа  ағым  бағытындағы  киімді  жобалау»  атты  киім 

жиынтығының  композициясында  сызықтар  үлкен  роль  атқарады,  себебі,  өте  маңызды 

ерекшілікке  ие.  Ол  көлемдік  форманың  бетінде  біздің  көзқарасымызда  қозғалыс, 

динамикалық  құра  отырып  жүреді.  Сұлба  (силуэт).  Біз  журналдардың  мақалдарды,  сурет 

асты сөздерін оқи отыра «силуэт» (сұлба) сөзін жиі кездестіреміз. Ол –заттардың сыртқы 

сұлбасы, көлеңкесі деген мағынада айтылатын француз сөзі. Костюм сұлбасын айналдыра 

қарағанда–ақ  бұрынғы  ғасырлардағы  костюмдерден  біздің  ғасырымыздың  өткен 

онжылдығындағы  костюмдерді  оңай  ажыратамыз.  Қазіргі  заманғы  костюмдер  сияқты 

барлық өзіндік қайталанбас ерекшеліктеріне қарамастан, оларды тік бұрышты трапециясы, 

үшбұрышты,  сопақша  тəрізді  биіктігі  мен  көлденеңі  адам  сұлбасының  пропорциясына 

жақын  қарапайым  геометрия  фигуралардың  біріне  жатқызуға  болады.Сонымен  қатар, 



255 

 

мəселен  тік  сұлба  дегеніміз  сызықтарды  мен  бұрыштары  тіп-тік  кəдімгі  тік-төртбұрыш 



емес. Бұл жерде костюмге бір қарағанда адамға пайда болатын жалпы əсерді айтамыз. 

Сұлбаны  үлгі,  пішім  секілді  киім  жиынтықтарына  қатысты  түсініктермен  əсте 

шатастыруға болмайды. Сондай-ақ қонымды сұлба немесе кең сұлба деп атау дұрыс емес, 

өйткені  бұйымның  қонымдылығы  сұлбаның  емес,  оның  пішімі  мен  пішімінің  ерекшелігі. 

Тік сұлба өте кең тараған, ол етек жағына қарай адап кеңейе түсіп, трапеция түріне келетін 

киімдер  сияқты.  Оны  барлық  жастағы  жəне  əр  түрлі  тұлғалы  адамдарға  ұсынуға  болады. 

Киімнің етек жағы немесе иығы біршама кеудеу келуі көзге үшбырышты елестетеді жəне 

бұл  негізінен  сұңғақ,  арықша  тұлғаға  өте  жарасады.  Қынама  бел  сұлба  екі  трапецияның 

немесе екі үшбұрыштың бір-біріне қарама-қарсы төбелерімен жапсырылған түріне келеді, 

бұл түр жіңішке бел мен киімнің жоғарғы жəне төменгі жақтарының көтерінкі, кеңдеу жəне 

мүсідік дəлдіктері (ерлер костюмі сияқты) пішін үйлесім тапқан жағдайда əдемі көрінеді. 

Сопақша «толық» сұлбаны əн өте сирек ұсынады жəне 

ол дене бітімінің табиғи пропорцияларына кереғар, көзге жағымсыз көрінгендіктен, 

көп  тұрақталмайды.  Сұлбалық  шешімдердің  белгілі  бір  геометриялық  түрлерінен  басқа, 

аталуынан-ақ  пішінін  көзге  елестетуге  болатын  бейнелі  атауларында  бар:  «сыбызғы», 

«сигарет», «гаучо». 

Оңтүстік  Американың  таулы  аудандарында  өмір  сүретін  чаучо  бақташылары 

киетін,тұтас бір юбканың көлемі тəріздес кең балақ шалбар –баландар. 

Тепе-теңдік.  Тепе-теңдік  –  костюм  бөліктерінің  өзара  жəне  адам  тұлғасымен 

салыстырғандағы,  кеңдігі,  көкірекше  мен  юбканың  жеңнің,  жағаның  бас  киімнің,  ұсақ 

бөлшектердің  көлемдері  костюмде  тұлғаны  сырт  көздің  қабылдауына,  оның  денеге  тура 

екендігін  ойша  бағалауына  əсер  етеді.  Адам  тұлғасының  табиғи  пропорциясына  жақын 

арақатынас  ең  əдемі,  жетілген  «дұрыс»  арақатынас  болып  есептеледі.  Адамның  төбесіне 

дейінгі  биіктігі  8  рет  «бүктіледі»,  ал  мықын  сызығы  тұлғаны  шамамен  3:5  қатынасында 

екіше бөледі. 

Көптеген  ертедегі  суретшілердің,  сəулетшілерді  ғалымдардың  табиғат  пен  өнер 

арасындағы  үйлесімділікті  əр  түрлі  жолмен  табуға  тырысқан  зерттеулерінде,  сызбалары 

мен есептеулерінде біз матeматикада 3:5, 5:89, 8:13, 13: 21 жəне т.б сандардың қатынасы 

түрінде  берілген  «тең  қима»  ұғымын  кездестіреміз.  Мұнда  кіші  санның  үлкен  санға 

қатынасы үкен санның бүтін санға, былайша айтқанда 3:5= 5:8, 5:8=8, 8:13=13:21 жəне т.б 

сандар жиынтығы қатынасын құрайды. 

 «Тең  қима»  пропорциялары  көбінесе  сəулет  өнерінің  туындыларына  қайталанып 

отырады,  тірі  табиғатта  көп  кездеседі,  басқаша  айтқанда  қалыпты,  тұрақты  нəрке  болып 

табылады. 

Адам  тұлғасы  сол  уақытта  пропорциональды  болады,  егер  бұл  пропорциялар  жеке 

бөліктерінің  арақатынасында  қайталанса.  Бұл  костюмге  де  қатысты.  Костюмде  қалыпты 

пропорциямен қатар əдейі өзгертілген пропорцияларды да қолдануға болады. Бұл жерде əр 

түрлі нұсқаларды мұқият талдау заңдарын зер сала үйрену қажет. Əдетте табиғи пропорция 

қандай  тұлға  болса  да  қалайлы.  Сонымен  бірге  кейбір  кемістіктерін  өлшем  алу  кезінде 

қажетті сызықтарды ептет жылжыту (мəселен, бел, тігісіназдап көтеру немесе төмен түсіру, 

етек,  жең,  ұзындылықтарын,  жаға,  қалта,  белдік  көлемдерін  өзгерту)  арқылы  жасыруға 

болады. Нақ осы жерде пропорция туралы сөз болғанда Ежелгі орыс жəне Греция Сəулет 

өнерінің  мəңгі  өлмес  сұлулығын  еске  түсіргініз  келеді,  бұлар  бір-бірмен  соншама 

ұқсамайды  жəне  сонымен  бірге  өзінің  үйлесімімен,  пропорциялардың,  сызықтың, 

əшекейлерінің  керемет  көркемді  шешімі  табиғатқа  етене  туыстағы  өза  жақын.  Костюм 

адаммен  бірге  үнемі  ғимарат  мекен-жай  қоршауында  болады.  Ал  ғимарат,əрине  қаладағы 

сəулет өнерінің туындысы, кəдімгі табиғат аясында болады. Сондықтан əртүрлі дəуірлерде 

сəулет өнері мен костюм өз уақытының көркем стилін бейнеледі ал халықтық костюм ол 

стильдің ең бір жақсысын, неғұрлым жетілгенін, мəңгі жасайтын бойына сіңіріп, ғасырлар 

бойы  сақтап  келеді.  Костюм  массасы,  оның  ауыр  немесе  жеңіл  секіді  болып  көрініп  əр 

түрлі себептерге байланысты. Киімде сызықтар қосымша бөлшектер, əшекейлер, неғұрлым 

көп  болған  сайын,  тұлға  солғурым  зор  болып  көрінеді,  ал  артық  ештеңе  жоқ  кезде 

тудсынан ауыр тұлғаның өз еркін, жеңіл болып көрінеді. Тігісті бірдей болғанымен тығыз, 

қоңырқай,  бедерлі,  түкта  маталар  жеңіл,  ақшыл,  жұқа,  тігіс,жылтыр  маталарға  қарағанда 



256 

 

адамды ірілендіріп көрсетеді. Сондай-ақ ашық түстер көлемді ұлғайтып, жеңіл көрінед ал 



қоңырқай түс керісінше. Осындай келіп тəжірибелік қортынды шығарамыз толық адамдар 

ашық тустен қашпай, ондай тігілген киімдерді көбіне жоғары жағына киюіне (блузка плащ) 

болады. 

Симетрия  түрлі  аспектілерде  қаралады  философиялық  жəне  эстетикалы  категория, 

адам  денесінің  құрлысы  жəне  адамдар  жасаған  бұлымдар  категориясы,  композиция 

құрылымы  жəне  құүрамды  категориялар.  «Симетрия»  деген  сөздің  өзі  грек  тіліне 

аударғанда «өлшемдердің 

сəйкестігі  деген  ұшымды  білдіреді».  Симетрияның  көктеген  аспектілерін  зерттей 

келе,  математикалық  заңдылықтармен  симметрияның  адамдар  өмірінде  тиянақтылық  пен 

əдемілікке  жетелейтін  дəлелдеген.  Кəзіргі  заманда  ғылыми  жəне  көркемдік  практикада 

симметрия  мен  ассиметрияны  сыртқы  форманы  келістіру,  үйлестіру  бағытында  қарайды. 

Симметрия мен ассиметрия ұғымын өнер саласында кеңстіктегі көркем форманың аспектісі 

ретінде  қарайды.  Сол  себептен  де  мұндай  принциптер  дизайн,  сəулет,  ою-өрнек  жəне 

қолтаңбалы  өнер  саласында  кең  түрде  қолданылады.  Костюмдегі  симметрия-композиция 

құрылымының  жарқын  формасы  жəне  композиция  заңдылықтарының  негізгі  болып 

саналады.  Костюмдегі  симметрия  деп  оның  оң  жағы  мен  сол  жағын  орталық  вертикал 

сызығы арқылы бөлгенде бір-бірімен тең жəне сəйкес бөліктерге бөлінеді. Ал ассиметрия 

ұғымы симметрияға қара–қарсы ұғымды білдіреді. 

 Форманың  екі  бөлігі  бір-біріне  қарама-қайшы.  Демек  костюм  композициясы  мен 

оның  құрылымы  табиғи симметриялы  заңдылықтарға  сүйеніп  тігіледі,  мұндай  бұрылыста 

(повтор)  мұндай  жүйе  (система)  ешқандай  өзгеріске  түспейді.  Нəтижесінде  жазықтық 

симметриясындағы  эквалентті  көрінісі  табады.  Мұнан  шығатын  нəтиже  бірінші  кезеңдегі 

айна осі жазықтық симметриясы мен симметрия элементі болады. Ал егер бірінші жүйедегі 

форма бұрышта орналасса, онда форма қос оське ие болады. Симметрияның өміршеңдігіне 

орай,  костюм  формасының  қолданысына  қарай  бірнеше  топқа  бірікті.  Олар  классикалық 

аффиная  жəне  қисықсызықты  түрлер  еді.  Классикалық  симметрияда  теңдіктің  үш  түрі 

пайда  болады.  Олар  осьтік  бұрылыстың  жəне  орнықтылық.  Айнадағы  тепе-теңдік-форма 

немесе  формадағы  детальдық  теңдігі  болып  есептеледі.  Мұндай  жағдайда  жазықтық 

симметриясы осы не қатысты болады. Сонда форма өзінің қалпында қалып, тек орны ғана 

ауысады.  Оң  жақтағы  форма  сол  жағына,ал  сол  жағындағы  форма  оң  жағына  ауысады. 

Айналық  симметрия  (зеркальная  симметрия)  жалпы  форманың  табиғи  объектісі  болып, 

қалады  жəне  адамның  көркем  туындысы  болып  саналады.  Олар  өсімдік  пен  кристалл 

формасында  байқалып,  оның  ішінде  адам  фигурасы  өрнекті  өнерде  бейнеленеді.    Форма 

жəне пластикалық ұйымдастыру. 

Пропорция  жеке  пластикалық  жүйеде  яғни,  басты  форманы,  пішінді  құрайтын 

сызықтарды  үйлесімді  қоса  білгенде  ғана  қол  жеткізіледі.  Костюм  композициясын 

жоғарыда  қарайтын  негізгі  заңдары  объективті жəне  жалпылама  болып  табылады.  Себебі 

адамзат  өз  табиғатында  өз  формасын  өз  қажеттілігіне  тағайындалу  түріне  сай  келушілік 

зиандылықтарын  тəрбиелеген.  Осындай  заңдылықтар  мен  неорганикалық  жəне 

органикалық  табиғаттың  гормониясы  мазмұндағы.  Адамның  психо-физиологиялық 

ерекшелігі  жүйесінде  эстетикалық  қанағаттандыру  сезімі  тиімді  жəне  гормониялы 

үйлесімді  бұйымдарды  талап  етеді.  Жетілдірілген  заттарды  құру  суретінден  тек  қана 

заңдылықтарды жəне гормонияның  түрлі құралдарын  білуді  талап  етпейді,сонымен қатар 

форма,инструкциясының,  сезімінің  жəне  шеберліктің  нақты  дамуы  қажет  етеді    Костюм 

формасы,  пішім-өте  күрделі  жəне  көп  деңгейлі  ұғым  «Форма»  ұғымына  түрлі 

позициялардан қарауға болады,оны философияның категория, символ, объект қызметін, іс-

əрекетінің нəтижелері ретінде қарастыруға болады. Философия ілімінде объект формасын 

заттың өмір сүру тəсілі ретінде, мазмұнын ішкі ұйымдасуы түріде қарастырылады қозғалыс 

динамикалық  құра  отырып  жүреді.  Сондай  ақ  сызықтардың  көмегімен  біз  өзіміздің 

көзқарасымызды тоқтата жəне əрі қарай жүргізіп тұжырымдай аламыз. 

Композиция  түзу,  қисық  жəне  сынған  сызықтар  көмегімен  құрылды.  Костюм 

сызықтарының  жұмсақтығыны  мен  қатаңдығы  материалдың  сапалық    сипаттамасымен 

негізделеді.  Композицияның  сипаттамасы  жəне  костюмның  формасы  сызықтармен 

айшықталады. 



257 

 

Композициялық  əсерленіп  нығаюынына  фигуралық  беті  үлкен  негізі  болып 



есептелінеді.  Құрылымына,  өңделуіне,  жаратылуына  байланыс-фактура  беті  деп  аталады. 

Фактура  мүмкіндігіне  орай  əр  түрлі  тігіс,  бедерлі.  Алғашқы  жағдайда  элементтің 

фактурасының көлемі өте аз, аспапсыз көзге байқалмайтын əрбір беттің құрамы маңызды. 

Фактураға  бедердің  көлемі  үлкен  болады  да,  элемент  саны  өте  болады.  Кейде  элемент 

фактурасы қаншама белгілі болғанымен, өз формасын табу керек. Матаны тығыздығымен 

немесе  бастау  тоқылуымен,  ауырлық  жəне  жеңілдігімен  мата  бетін  анықтауға  болады. 

Фактураның əртүрлі болуы түрлі формаларына да байланысты. Геометриялық формадағы 

түрі,  материалға  қолданылатын  ірі  элеметтердің  де  өзгереді.  Фоктура  айқын  бейнесімен 

белгілі əсерлену арқылы үндеседі. Фактор күшінің əсерінен пасивті беті тегіс бір бағытта, 

өте  кішкентай  өрнегі  бар  активті,  бетінде  бадырайған  қиын  ірі  өрнектермен  көрермендер 

ажыратуға  болады.  Активті  фактура  өте  сəнді,  қосымша  сəндеуді  қолданбауға  болады. 

Пассивті  фактурада  фоны  активті  фактурадағыдай  болса  да  қосымшалар  қолданылады. 

Түрлі  фактурадағы  материалдар  мен  камзолдағы  матаның  сыртқы  пішімі  бұлымға 

қосымша  мəнер  беріп  тұрады.  Камзолға  пайдаланылатын  мата  түсінің  үйлесімділігі,  түрі 

əсіресе  фактурасына  айрықша  əсер  беріп  тұрады.  Түсінің  тез  өзгеруі  мата  бетінің 

тығыздығына, сапасына, байланысты. Əр текті факторларды қолдану арқылы түсін өзгетуге 

болады.  Бұл  əдісті  суретшілерде  жиі  қолданады  .  Өзіндік  əдемі  комзол  түсі  мен  түстік 

шешімдеріне байланысты. Мысалы: Ұлттық киімдер өз ерекшелігімен айқындалады. 

Практика  жүзінде  фактрлары  үйлеспес  қолданылмайды  егерде  бір-бірімен 

байланыстырғанда,  оларда  шатасып  бір-бірінің  үйлесімділігін  жояды.  Əсіресе  бір  –біріне 

байланыспайтын факторларды пайдалану өте қиын, матаның өрнегі салынған суреттері əр 

түрлі болған жағдайда. Əр түрлі фактрда да белгілі бір дұрыс шешім болады. Ұзын түкті 

теріден  дайындалған  костюм  денеде  дөңгелектенген  пішінді  береді.  Ал  негізгі  бір  тегіс 

фактура киімге фомасының ерекшелігі мен көз тартады Фактура беті түстердің өзгерумен 

де болады: кедір-ұдырлы, ірі өрнектер қолданылады, бетінде ауыр күңгірт түс байқалады: 

күңгірт, орташа өрнектер қолданады, бұрыштарына қарай шашырап қарай шашырап түседі 

(тартымды  түс):  жылтыр,  айнадай  жылтылдап,  майда  өрнектерді  қолданады  жарқыраған 

күндей жылтылдап, бетіне түскен бұрыштарын жасырып, бөлектеп тұрады. Факторлардың 

бір-біріне қабылдауын суретші ерекше назарға алу керек,өткені костюм пішімі жобасының 

өзгешілігімен  бұным  көрермен  көзіне  жарқырап  түсуі  керек.  Біз  тек  көзбен  көру  арқылы 

ғана  емес,  сипалап  тегістігін,  созылғыштығын,  бедерлігін,  бадырайған  беттерін  анықтау 

арқылы фактура  аймыршалығын  білуге  болады. Мата  бетінің  сапасы  тоқуына,  өңделуіне, 

өндірісте пайдалынатын өніміне жəне басқа да материалдарға. Айта кететін болсақ табиғи 

жəне жасанды  материалдарға,  теріге,  былғарыға,  мехқа жəне  апсырмалы материалдарына 

байланысты.  Əрқайсысы  өз  фактурасына  қарай  тігілетін  матаға  сəйкес  келуі  керек. 

Суретінің  жұмысына  барысындағы  негізгі  қиыншылығы  матамен  жұмыс  жасауда 

беттерінің  түрлі-түсті  болуынан,бір-біріне  өз  ойлағанындай  сəйкестендіріп  қолдануы. 

Костюм  композициясын  қабылдауда  архитектоника  немесе  техтоника  ерекше  роль 

атқарады. Кез келген құрастырылған заттың көркем кірінуіне бұлар ерекше көрініс береді. 

Қəзіргі  кезде  бұл  барлық  техника  құрылыстары  мен  сəулет  өнерінде  жəне  табиғат 

құрылымдарын əрлеу-безіндіру жұмыстарында кең түрде қолданылып келеді.  

Архитиктоника-композициялық  құрылымының  негізгі  бастамасы  болып  табылады. 

Көркем  жобалау  барысында  формалардың  бір-бірімен  үйлесімі  жəнежеке  детальдардың 

өзара  үндестігі  архитиктоникалықтығына  байланысты.  Кез  келген  құрастырылған 

бұйымның тектоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып, қолдануға қолайлы, əрі ыңғайлы 

болуы тиіс. Костюм техтоникасы-структуралы элементтердің өзара байланысы, пропорция 

мен  ырғақтылығы,  формадағы  пластика жəне  түсті  шешімі,  материалдың құрамы  арқылы 

шешіледі. Суретшінің жұмысы барысындағы негізгі қиыншылығы матамен жұмыс жасауда 

беттерінің  түрлі-түсті  болуынан,  бір-біріне  өз  ойлағанындай  сəйкестендіріп  қолдануы. 

Костюм  композициясын  қабылдауда  архитиктоника  немесе  техтоника  ерекше  роль 

атқарады. Кез келген құрастырылған заттың көркем кірінуіне бұлар ерекше көрініс береді. 

Қазіргі  кезде  бұл  барлық  техника  құрылыстарымен  сəулет  өнерінде  жəне  табиғат 

құрылымдарын  əрлеу-безендіру  жұмыстарында  кең  түрде  қолданылып  келеді. 

Архитектоника- композициялық –композициялық құрылымының негізгі бастамасы болып 



258 

 

табылады.  Көркем  жобалау  барысында  формалардың  бір-бірімен  үйлесімі  жəне  жеке 



детальдардың өзара үндестігі архитектоникалықтығына байланысты.  

Кез келген құрастырылған бұйымның техтоникалық деңгейі, жоғары сапалы болып, 

қолдануға  қолайлы,  əрі  ыңғайлы  болуы  тиіс.  Костюм  теутоникасы-структуралы 

элементтердің  өзара байланысы,  пропорция  мен ырғақтылығы, формадағы пластика  жəне 

түсті  шешімі,  материалдың  құрамы  арқылы  шешіледі.  «Фольклер  стиліндегі  жаңа  ағым 

бағытындағы  киімді  жобалау»  атты  киім  үлгісінде  мата  фактурасының  түрлері  мен 

сапасын, жобасын, ескере отырып жасанды ''тафта, кристалон'' матасын, көйлекке арганза 

маталар  пайдаланды.  Қалың  маталар  сырт  киімнің  формасын  жəне  силуэтін  сақтап,  ал 

ішіндегі нəзік мата жеңілдікті, нəзіктікті білдіреді. 

Осы үш түрлі мата фактура қосылып, бір бүтін композицияның құрайды. 



 

Əдебиеттер  



 

Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тəлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат”1995 ж. 



2 Табылдиев Ə. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж. 

3 Əбілова З.Ə.. Этнопедагогика. Алматы, 1997 ж. 

4 Ұзақбаева С.А.. Тамыры терең тəрбие. Алматы, Рауан. 1998. 

5  Атутов  П.Р.,  Поляков  В.А.  Роль  трудового  обучения  в  политехническом  образовании 

школьников. -М.: Просвещение, 1985. 

6  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  /Д.А.  Тхоржевский,  А.И.Бугаев, 

Б.И.Бухалов и др.: Под ред. Д.А.Тхоржевского. –М.: Просвещение, 1987. – 447 с. 

7  Өстеміров  К.,  Шəметов  Н.,  Васильев  И.  Кəсіптік  педагогика.  –Алматы:  ТОО  «Наз-9» 

ЖШС, 2006. -208 б. 

8  Сыздықов  О.,  Пошаев  Д.Қ.,  Ортаев  Б.Т.  «Технология»  пəнін  оқыту  əдістемесі.  Оқу 

құралы. – Алматы: Нұрлы əлем, 2010. 394 б. 

9 Пошаев Д.Қ., Саипов А., Адырбекова Г. Арнайы пəндерді оқыту əдістемесі. Оқу құралы. 

– Астана, 2012. -160 б. 

 

ƏОЖ



 796.5 

 

СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ 



 

Ордабаев Н.О., Юсупалиев Б.Ж., Алтынбекова Э.Ж

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті 



 

Резюме


 

 

В научной статье описывается совершенствование тактических элементов в спортивной 

борьбе

 

 

Summary 

 

In a scientific paper describes the improvement of tactical elements in wrestling 

 

Спортшының  алғашқы  күреспен  шұғылдану  жылдарында  жалпы  дене-күш 

дайындығына басым көңіл бөлінеді. 

Жаттықтырушы  -  ұстаз  алға  қойған  мақсаттардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып 

балуан  дайындығының  осы  екі  түріне  өз  тарапынан  өзгерістерді  дер  кезінде  енгізіп 

отыруы, нəтижелі жұмыстың болуына кепілдік береді. 

Жалпы  дене  дайындығы  кезінде  белгілі  бір  дене-күш  қабілетін  арттыруға 

бағытталған  жұмыстарды  жүргізу  арқылы  нəтижелі  көрсеткіштерге жегуге  болады.  Ұстаз 

осы жаттығуларды оқу-жаттығу сабақтарының белгілі бір кезеңдерінде қолдана білу қажет. 


259 

 

Мысалы,  күшті  арттыру  жаттығуларын  сабақтың  кіріспе  бөлімінде  орындауға  болмайды. 



с.с. 

Арнайы жаттығуларға негізінен балуандардың күресі (белдесу) түрлеріне жақын іс-

қимылдар алынады. 

Спортшының  дене-күш  қабілеттерін  дамыту-жаттығу  түрінің  ерекшеліктеріне 

байланысты жалпы дайындық жəне арнайы дайындық дел екіге бөлінеді. Жалпы дене - күш 

дайндығы дегеніміз,  адамның  күш,  ептілік, жылдамдық  иілгіштік,  төзімділік  -  шыдамдық 

қабілеттерін жалпы жаттықтыру болып табылады. 

Жалпы дайындық кезінде жоғарыда көрсетілген қабілеттерімен бірін адам ағзасының 

(жүрек, өкпе т.б) мүшелерінің жұмсын жақсартуға бағытталады! 

Арнайы  дене-күш  дайындығы  кезінде  балуанның  таңдап  алған  спорт  түрінің 

ерекшелігіне  негізделген  арнай  жаттығулар  беріледі.  Арнайы  жаттығулар  балуанның 

күресу  шеберлігін  арттырып,  жарыстарда  аз  күш  жұмсау  арқылы  өз  мүмкіндігін  төлық 

көрсетіп, нəтижелі көрсеткішке жетуіне жол ашады. 

Берілетін  жалпы  жəне  арнайы  жаттығулардың  көлемі,  түрі  спортшының  жаттығу 

жоспарының негізінде өзгеріп отырады.[5] 

Саптық  жаттығулар  оқу-жаттығу  сабақтарын  жақсы  ұйымдастыру  үшін 

пайдаланылады жəне сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылады. 

Жалпы  жəне  арнайы  дене-күш  дайындығын  жүргілген  кезде  соны  орындуышы 

адамның  жасына,  жынысына  қарай  өзгертіп  отырады.  Əр  адамның  өзінің  туа  біткен 

ерекшеліктері ескеріледі. 

Қазіргі  кездегі  спорттық  жарыстардың  адам  организміне  жəне  жүйке  жүйесіне 

түсіретін  өте  жоғары  əсерін  ескере  келіп,  спортшыны  жаттықтыру  кезінде  қоршаған 

ортаның жəне жарыс барысында болатын экстремалды жағдайларлардың бəріне төтеп бере 

алатындай жүктеме беру арқылы спортшының ағзасын қалыптастырып, жарысқа дайындау 

қажеті туындап отыр. 

Адамдардың  қандай  да  болмасын  еңбек  түрін  аслақ  та,  дəл  спорттық  жарыс 

кезіндегідей  адам  ағзасының  еш  шегіне  дейін  жұмыс  істеу  дəрежесіне  көрсетіліп  қызмет 

ету  байқалмайды.  Сондықтан  спорт  саласында  спортшылырдың  үлкен  жүктеме  кезінде 

жұмыс  істей  білу  жəне  оған  қалыптасуы  туралы  қажетті  еңбектер  жинақталады.  Жалпы 

қалыптасу  деген  ұғымға  барлық  тіршілік  түрлерінің  күн  көрісі  үшін  сыртқы  қоршаған 

ортаға сəйкестеніп, бейімделіп қалыптасуын айтады. 

Қалыптасудың  геноптиктік,  яғни  тұқымдық  (түрлік)  жəне  фенотиптік  екі  түрі 

болады. 

Геноптиктік  қалыптасуға  сол  тіршілік  иесінің  ұзақ  уақыт  бойына  қоршаған  ортаға 

бейімделіп, өсіп-өніп көбеюін айтады.  

Геноптиктік қалыптасу көбіне тіршілік иесінің бір түріне немесе Сірбіріне өте жақын 

семьясына байланысты айтылады. 

Феноптиктік  қалыптасуға  сол  тіршілік  иелерінің  əрбіреуінің  жеке-жеке  өмір  сүру 

кезеңіндегі  қоршаған  ортаға  бейімделіп  қалыптасуын  айтады.  Соңғы  ондаған  жылдан 

бастап  осы  финоптик  қалыптасуға  байланысты  адамдардың  өмірі  мен  қызметін  зерттеуге 

арналған үлкен-үлкен ғылыми ізденістер жүргізілуде. 

Қазіргі техникалық дамудың өте жылдам өсуіне байланысты адамның күнделікті сол 

өзгерістерді бейімделіп-қалыптасуын зерттеу үшін социологтер, психологтер, инженерлер, 

педагогтер,  т.б.  сала  қызметкерлері  ізденістерін  біріктіруде.  Адам  ағзасының  үлкен  жəне 

өте жоғары қарқында жұмыс істей алу қызметін арттыру мақсатында спорттық теория мен 

əдістемелер, физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық, зерттеулер өткізілуде. 

Бейімделу  жəне  қалыптасуды  орындалған  жүктеме  мен  оның  нəтижесі  ретінде 

қарастыру қажет. Оның басты мақсаттары: 

а.  Қалыптасуды  адам  ағзасының  сыртқы  жəне  ішкі  жағдайларға  бейімделуі  үшін 

қарастырады. 

ə.  Қалыптасуды  адам  ағзасының  сыртқы  ортаның  арасындағы  тепе-теңдікті  сақтау 

үшін қарастырады. 

б.  Қалыптасуды  адам  ағзасының  бейімделу  мерзімі  үшін  қарастырады.    Партер  - 

балуанның  тізелерінде  тұрып  жəне  қолдарымен  кілемге  тіреу  қалпы.  Биік  партер 



260 

 

жағдайында спортшы иығын жоғары ұстап түзу қолдарымен кілемге тірейді. Төмен партер 



жағдайында балуан қолдарының білектерімен кілемге тіреп, кеудесін кілемге тигізіп жəне 

қарынында жатады. Партерде күрес сонда басталады, төменгі балуан, биік партер қалпын 

ұстап,  қолдарын  кілемге  тіреу  қажет,  жəне  сол  кезге  дейін,  арбитр  күрестің  басталуына 

үскірік  бермейінше  жəне  үстіңгі  балуан  төменгінің  артына  немесе  арты-жанына 

орналасады.[4] 

Партерде күрес техникасы мынадай техникалық əрекеттер тобы бар:  

1) аудару; 2) лақтыру; 3) үстіне шығу; 4) ұстап тұру;  

Аударулар  -  партерде  көбіне  таралған  техникалық  əрекеттер  тобы,  үстіңгі  балуан 

оарындауда астыңғының денесін бұрап, оның арқасын кілемге аударады. 

Аударулар  бұрап,  айнала  жүгіріп,  үстінен  өтіп,  аунатып,  домалатып,  иіліп 

орындалады.  Олар  басынан,  иығынан,  жанынан  жəне  аяқ  жағынан  əртүрлі  қолмен 

ұстаумен, денесімен, төменгі балуанның мойыны арқылы орындалады. 

Бұрап аударулар 

Бұрап  аударулар  -  партерде  əдістер  тобы,  шабуылмен  орындауда  қарсыласының 

көмегімен  өзінен  бұрып,  өзіне  немесе  өзінің  артына  оны  кілемге  арқасына  аударады. 

Қарсыласын  сол  бағытқа  аудару  оңай  болады,  егер  қорғанушының  қолымен  немесе 

аяғымен тіреуші жоқ болса. Шабуылшыға қолының, аяғының, денесінің күшін жəне өзінің 

денесінің салмағын үнемдеп пайдалану қажет. Бұрап аудару - партердегі күресте ең үлкен 

эстер тобы. Күрес техникасын үйрету əдеттегідей осы əдістер тобынан бастайды, əріқарай 

оларды үлкен практикалық маңызы болады. 

Бұрап аудару тобына мынадай əдістер тобы кіреді: 

1. Қолдарын жанынан ұстап аудару 

2. Қашықтағы қолдарын арты- жанынан ұстап аудару 

3. Мойынын қолтығының астынан ұстап жəне басқа қолымен төменнен ұстап аудару 

4. Қашықтағы иығының астынан мойынын ұстап аудару 

5. Рычаг арқылы аудару 

6. Білегінің ішінен ұстап аудару 

7. Денесін теріс ұстап бұрып аудару 

8. Алдынан бір қолымен иығынан, басқасымен иығы астынан ұстап бұрап аудару 

9.  Жақын  қолымен  мойынын  рычагпен  ұстап  өзінің  ртына  бұрап  аудару.  Айнала 

жүгіріп аудару. 

Бұл  аударулар  қарсыласының  басының  жəне  денесінен  айнала  жүгіру  есебінен 

орындалады. 

Айнала  жүгіріп  аудару  сондай-ақ  əдістердің  басқа  топтарының  ұштастыруын  өзара 

жақын  амалдайды.  Айнала  жүгіріп  аударуды  орындауда  керекті  бағытта  күшті 

білгірлігімен  қолдардың,  аяқтардың  келісілген  жұмыстары  есебінен,  жəне  өзі  денесінің 

салмағын пайдаланып жасау. 

Айнала жүгіріп аудару тобына кіреді: 

1. Иығы астынан мойынынан ұстап айнала жүгіріп аудару 

2.  Иығы  астынан  мойынынан  жəне  қашықтағы  қолының  білегінің  ішінен  ұстап 

айнала жүгіріп аудару 

3. Кілітпен аудару жəне білегін мойынына қойып 

4. Білегінен жəне басынан ұстап айнала жүгіріп аудару 

5. Кілітпен аудару жəне басқа қолының ішінен ұстап. Қолын кілітпен ұстау түрлері: 

1. Артынан бір қолымен 

2. Артынан екі қолымен 

3. Алдынан бір қолымен 

4. Екі қолымен жанынан 

5. Жақын қолын рычаг арқылы  

6. Иығына басымен тіреп 

7. Иығынан жұлқып үстінен өтіп аудару 

Шабуылмен  бұл  əдістер  тобын  орындауда,  арты-жанынан,  серігінің  қолын  кілітпен 

ұстап  жəне  Қарынында  жатқан  немесе  партерде  тұрған  шабуылшының  үстінен  қозғалып 


261 

 

одан басқа жағына өтіп, оны бос қолымен иығынан, мойынынан немесе денесінен қосымша 



ұстап, жаны арқылы арқасына аударады. 

Бұл топқа кіреді: 

1. Кілітпен үстінен өтіп жəне иегінен ұстап аудару. 

2. Кілітпен үстінен өтіп жəне басқа қолының иығынан ұстап аудару.  

Домалатып аудару 

Осы топтағы əдістер қарсыласын басы арқылы аударып орындалады. Олар мойыны 

жəне денесі, мойыны иығы асты, денесін теріс ұстап жəне денесін алдынан ұстау көмегімен 

орындалады. 

Осы топқа кіреді: 

1. Мойынынан жəне денесінен төменнен ұстап аудару 

2. Мойынын иығы астынан жəне денесін төменнен ұстап аудару 

3. Денесін теріс ұстап аудару 

4. Мойынын жəне денесін үстінен ұстап аудару  

Аунатумен аудару 

Күресте  партерде  көбінесе  таралған  əдістерге  аунатып  аудару  тобы  жатады. 

Шабуылшы  аунатуды  орындағанда,  қарсыласының  артынан  ұстап  жəне  көпір  немесе 

жартылай көпір қалпына өтіп, оны өзі арқылы немесе өзінің бас жағына аударады. 

Аунату  -  күрделі  əдістер  тобы,  жəне  оны  орындауда  балуандардан  өте  жақсы  дене 

дайындығын, жақсы иілгіштікті жəне өте жақсы көпірді игеруді талап етеді. 

Аударудың негізгі элементіне жатады: 

1. Ұстау 

2. Қарсыласын тепе- теңдік қалпынан шығару 

3. Қағып жəне бэсекелесін өзінің үстінен аудару 

Аунатуды  орындағанда  көбінесе  таралған  ұстауларға  жатады:  денсін  ұстап,  денесін 

қолымен  ұстап,  білегін  іш  жағынан  жəне  денесін  үстінен,  қолын  кілітпен  ұстау  жəне 

денесін үстінен ұстау. 

Шалқайып аудару 

Бұл  əдістер  шалқаю  есебінен  жəне  артқа  құлап  келесі  кеудесімен  төмен  бұрылып 

орындалады.  əдістерді  орындау  үшін  жақсы  иілгіштігін  жəне  шабуылдау  үшін  көпірді 

жақсы пайдалану қажет. Көп жағдайларда əдістер бұрап аудару, денесін теріс ұстап аудару 

жəне лақтыру комбинацияларымен орындалады. 

Шалқайып аудару тобына кіреді: 

1. Рычагпен шалқайып аудару 

2. Иығы жəне мойынының жанынан ұстап шалқайып аудару 

3. Кілітпен жəне ұстаған қолдарын іліп шалқайып аудару 

4. Кілітпен жəне басқа қолымен астынан ұстап шалқайып аудару 

5. Кілітпен жəне денесін астынан ұстап шалқайып аудару  

Лақтыру 

Партерде  лақтыру  тобы  көлемі  жағынан  аудару  тобынан  əлдеқайда  аздау:  Бұл 

топтарға жатады: аунатып, шалқайтып жəне арқадан асырып лақтыру. Аунатып лақтыру " 

Аунатып  лақтыру,  аунатып  аударуға  өте  ұқсас,  бірақ  шабуылданушыны  кілемінен 

ажыратып орындалады. 

Аунатып лақтыру тобына кіреді: 

1. Кілітпен жəне денесін үстінен ұстап аунатып лақтыру 

2. Білегін жəне денесін үстінен ұстап аунатып лақтыру 

3. Денесін ұстап аунатып лақтыру  

Шалқайып лақтыру 

Партерде  шалқайып  лақтыру  сондай  түрегеліп  тұрғандағыдай  қимылмен 

орындалады. Шабуылшы, артқа құлап бара жатып шалқаяды, қарсыласын кеудесімен жəне 

қарынымен қағып өзінен асырып лақтырады. Мұндай лақтырулар денесін теріс ұстап жəне 

денесін  артынан  ұстауда  жиі  қолданылады.  Осындай  топтағы  əдістерді  балуандардың 

ойдағыдай  қолдануының  арқасының  жəне  аяғының  бұлшық  еттері  жақсы  дамуын  қажет 

етеді. 


Шалқайып лақтыру тобына кіреді: 

262 

 

1. Денесін ұстап лақтыру 



2. Денесін артынан ұстап лақтыру 

3. Қолын басымен алды-үстінен ұстап шалқайып лақтыру  

Арқасы арқылы асырып лақтыру 

Балуан  осы  техникалық  қимылды  орындауда,  сəйкестелген  ұстаудан  кейін 

шабуылданушыны  толық  немесе  бөлігімен  кілемнен  ажыратып  жəне  арқасымен  оған 

бұрылып,  жамбасын  жақындатып,  кілемге  онымен  бірге  құлап  өзі  арқылы  аударып 

тастайды.[3] 

Арқасы арқылы лақтыру тобына кіреді: 

1. Біратаулы қолымен жəне денесімен ұстап арқасы арқылы лақтыру 

2. Денесінен ұстап арқасы арқылы лақтыру 

3. Иығын мойынымен жанынан ұстап арқылы лақтыру  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет