Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет7/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64

 

 

1.

 



Сапабек Əсіп. Қазақ қасіреті [текст].- Алматы. «Қазақстан»  1994ж.- 304 бет. 

2.

 



Тілеуқабылұлы  Ө.  Шипагерлік  баян.  Араб  қарпінен  көшіргендер.-  К.Елемес,  Д. 

Мəсімхан.- Алматы: Жалын, 1996.- 464 бет. 

3.

 

Мұртаза Ш. «Бір кем дүние»: Ойтолғау.- Алматы: Жазушы, 2008.-176 бет 



4.

 

Ысқақов  С. Табиғат жəне адам. А..,1967;  



5.

 

Сарыбеков Н., т.б. Қазақ халқының табиғат қорғау дəстүрлері. А., 1996;  



6.

 

Сейдімбеков А. Қазақ əлемі. А.,1997 ; 



7.

 

Сəтімбекұлы  Р.  т.б.  Тəрбие  тағылымдары  (табиғатты  аялауға  арналған  тəрбие                                                    



сағаттарының үлгі нұсқалары) А., 2002ж. 

8.

 



Ахметова Зейнеп. Бабалар аманаты: Естелік эссе.-Алматы, 2012.- 388 б. 

9.

 



Ел  аузынан:  Шешендік  сөздер,  ақындық  толғамдар,  аңыз-əңгімелер.  /Құраст.  Б. 

Адамбаев,  Т.  Жарқынбекова./  Əдеби  өңдеп,  баспаға  əзірлеген  Ə.  Шынбатыров.- 

Алматы: Жазушы, 1985.- 320 бет) 

 

ƏОЖ



 321.1 (574) 

 

«МƏҢГІЛІК ЕЛ»  ИДЕЯСЫ ЖƏНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

Сабраев Қ.Ж., Жолмағанбетова М., Дигарбаева Ə



 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

 

 

Резюме



 

 

Идея  "Мəңгілік  ел"  является  заветной  мечтой  наших  предков  и  ее  непрерывная  связь  с 

поколениями на протяжении столетий прослеживается на конкретных данных 

 

Summary 

 

The  idea  of  "Mangilik  eat"  is  a  cherished  dream  of  our  ancestors  and  its  continuity  with  the 

generations for centuries can be traced to specific data 

 


48 

 

                                                                   «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі                                



                                                                    бақытымызға мақтаныш та, гүлденген                 

                                                                    келешекке сенім де  Мəңгілік ел деген                  

                                                                    құдыретті ұғымға сыйып тұр» 

                                                                             Н



.Ə.Назарбаев  «Нұрлы  Жол»               

                                                                   Жолдауынан ( 11 қараша  2014 жыл.) 

 

Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаевтың  2014  жыл  11  қарашадағы  Қазақстан  халқына 

Жолдауының  «Нұрлы  Жол»  аталуының  мəні  тереңде  жатыр.  Халқымыздың  «Жолы 

адалдың сапары сəтті болады, қолы адалдың тағамы тəтті болады», «Бақ берерде елге ырыс 

қонады,  ұстанған  жолы  дұрыс  болады»  деген  халқымыздың  даналық  нақылдары  да 

қасиетті  «Жол»  деген  ұғыммен  үндесіп  жатыр.  Өйткені,  Жолдауда  атап  көрсетілгендей, 

«Жол-шын мəніндеөмірдің өзегібақуатты тірліктің қайнар көзі». 

Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев  «Қазақстан  жолы-  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  атты  Стратегиялық  Жолдауында  «Біздің  болашаққа  барар  жолымыз 

қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты... Бұл үшін 

біз  не  істеуіміз  керек  ?.  Біріншіден,  ...  ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда бізді ауқымды істер күтіп тұр... Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен 

оқу əдістемелерін, білімді мамандар ұсыну маңызды» - екендігін білім саласындағы қызмет 

етіп жүрген мамандардың тағы да есіне салып өтті (1). 

Қазақ  халқы  ежелден-ақ  азаттық  пен  бостандықты,  еркіндік  пен  егемендікті  асқақ 

арманы, асыл мұраты арқылы аңсаған ұлы ұлттың ұрпағы. Тəуелсіз ел болу қанымыз бен 

жанымызға  кемел  ойлы  кемеңгер  бабаларымыздың  ақ  батасымен,  ары  таза  ақжаулықты 

аналарымыздың  ақ  сүтімен  жəне  періште  көңіл  пəк  сəбилердің  ақ  тілеуімен  сүйегімізге 

сіңіп  келе  жатқан  аса  құнды  ұлттық  рухани  мұраларымыз  деп  күллі  əлемге  паш  етіп 

мақтана аламыз ! 

   

 

Тəуелсіздік – орындалған мұраты бұл бабамның, 



   

 

Тəуелсіздік – гүлденгені ұлан байтақ даламның. 



   

 

Тəуелсіздік – Нұрлы жолы келешекте баламның, 



   

 

Тəуелсіздік – азаттығы ақыл-ой мен сананың! 



   

 

                                                            (Рысбай Сəтімбеков)  

 

Тəуелсіздік таңы арайлап атып, егеменді ел болған соң, еліміз бен жеріміздің еңсесін 



көтеріп,  азатығымызды  шартарапқа  паш  етіп  таныту  жолында  аянбай  еңбек  ету  басты 

міндетіміз  деп  есептеген  Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  ел  алдындағы  перзенттік 

парызын  атқаруда  табиғат  байлықтарын  барынша  ұқыпты  пайдалану,  табиғатты 

жасампаздықпен көркейту ісі мемлекеттің кезек күтірмейтін мəселесі деп оған басты назар 

аударды.  

«Нұрлы  Жол»  Жолдауында  да  Мəңгілік  ел  идеясының  бастауы  өте  тереңде 

жатқандығын  айта  келе,  Елбасымыз  «Осыдан  13  ғасыр  бұрын  Тоныкөк  абыз    «Түркі 

жұртының мұраты-Мəңгілік ел» екендігін тағы да есімізге салып өтті. 

  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасының  басты  мақсаты-еліміздің  экономикалық  саясатын 

кеңінен  жүргізе  отырып,  Мəңгілік  ел  идеясымен  ұштастыру  болып  табылады.  Бұл 

Жолдауда ерекше атап көрсетілген негізгі міндет. «Отанды сүю-бабалардан мирас болған 

ұлы  мұраны қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді  қосып,  дамыту  жəне 

кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз» - деп қадап айтылған. Бұл арада, «Отанды 

сүю» - деген өте ауқымды қасиетті ұғым. Оған туған жеріңді, өскен еліңді жəне табиғатты 

қорғау деген ұлағаты мол ұғымдар жататыны белгілі. 

   


Батырлар, арды сақта, еліңді сүй, 

   


Ел үшін аязға тоң, жалынға күй. 

49 

 

   



Жіберме ердің арын, ел намысын, 

   


Елің үшін қаның төк, жаныңды қи ! 

   


 

 

 



Көтеш ақын (ХYІІІ ғасыр.) 

 

Ұрпақтарды Отан сүйгіштікке тəрбиелеу дегеннің өзі тікелей экологиялық білім мен 

тəрбие  беру мəселелерімен тығыз байланысты екендігін ешуақытта да естен шығармауға 

тиіспіз ! 

Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев  кең  байтақ  даламыз  бен  халқымыздың  тарихының 

біртұтас тамырлас екендігін əрқашанда ұрпақтардың санасына ұялатып, жүрегінің төрінен 

орын  алуына  күш  -жігерімізді  арнауымыз  қажет  екендігін  үнемі  есімізге  салып  келеді. 

«Ұлан-ғайыр  жері  бар,  ұлы  мұратты  Елі  бар,  бабалар  жазған  ұлы  тарихы  мен  ұрпағы  көз 

тіккен  ұлы  болашағы  бар  менің  халқым-Ұлы  халық!»-  деген  рухани  ұлттық  ұғымдарды 

ұлағаттауды ұлттық парызымыз деп ерекше атап өткендігін ешқашан да естен шығармауға 

тиіспіз!. 

2014 жылы Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Ұлытау төріндегі Қазақстан халқына арнаған 

толғауында  «Тарихын  білмеген  ұлттың  болашағы  бұлыңғыр»  екендігін  ерекше  есімізге 

салғаны да белгілі. Өйткені  қазақ халқының тарихында Ұлытаудың алатын орны ерекше 

екендігін  «Ұлытау-  өте  қасиетті жер»  ,  «тарихтың  күəгері»  деп  ерекше  атап  өтіп,  «Біздің 

елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады». Ғұндардан кейін көк түрікткрге 

жалғасады.  Одан  кейін  Алтын  Орда  орналады.  Сөйтіп  ,  хандық  дəуірге  ұласып,  кейін 

біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі»- деп, өткен тарихты  тұжырымдады (2). 

Ұлытау өңірінің байтақ тарихы мен мəдениеті жаңаша талдау жасауды қажет етеді. 

Академик Қаныш Сəтбаев: «Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше Қазақ 

елі  үшін  Ұлытау  да  соншалықты  қастерлі...  »  деген  қасиетті  сөзі  бүкіл  қазақ  халқының 

жүрегінен шыққан сөз деп түсіну қажет.   

Алаш  жұртының  ғұлама  ғалымы,  əлемге  əйгілі  ғалым  Қаныш  Сəтбаев  атамыздың 

жүрек тебіренттер ой толғауы еріксіз ойға оралады: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, 

жанын тебірентіп ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз ? Туған жердің қара 

тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес»-

деп айтуы еліне, туған жеріне нағыз жаны ашитын азаматтың   аузынан шығады емес пе!. 

 Еліміз  Тəуелсіздік  алған  күннен  бастап  Елбасымыз  Мəңгілік  ел  болу  үшін  өз 

халқымыздың  тарихын,  мəдениетін,  тілін,  дінін  жəне  салт-дəстүрін  өте  жақсы  білуіміз 

қажет екендігін ұдайы есімізге салып келеді. 

 

Асулар, асқар шыңдар сапарында, 



Тəу еткен Тəуелсіздік шапағында. 

                                             О, менің қасиетті, Қазақ елім, 

     Сөз алдың «Мəңгілік ел» қатарыңда 

                (Алдар Шоңай

 

Қазақтың төл хандары Керей мен Жəнібек ұзақ уақыт Ұлытау бойын жайлағаны, ал 



Қасым мен Тəуке хандардың сайлау жиындары да осы өңірде өткендігі жəне Абылайхан 

ордасының  Ұлытауда  тігілгендігі  тарихтан  белгілі.  Осылардың  барлы  ғы  да  Ұлытаудың 

қазақ халқы үшін қасиетті өлкесі болғандығына бұлтартпас дəлел бола алады. 

«Отан»  деген  өте  ауқымды  да,  қасиетті  ұғым!  Отанды  қорғау  деген  ұғымға  туған 

жеріңді, өскен еліңді, атамекеніңді жəне табиғат- анаңды қорғау деген ұғымдар жататыны 

белгілі. Сондықтан ұрпақтар сабақтастығы, яғни «Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды... 

Ата-  бабамыздың  жері  осылай  керемет  болып  қала  береді.  Осындай  əулиелі  жерден  қуат 

алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол - сара жол, Мəңгілік 

елдің жолы»- деген Елбасының  түйінді тұжырымы кейінгі ұрпақтар үшін рухани өсиет деп 

есептейміз.    



50 

 

  Біз  ата-бабаларымыз  сан  ғасырлар  бойы  елін,  жерін  көздің  қарашығындай  қорғай 



жүріп,  осыншама  кең  байтақ  өлкені  ұрпақтарына  аманат  етіп  қалдырды  жəне 

ұрпақтарының да аманатқа адал болып өсуіне үнемі көңіл бөліп отырды. «Намысы жоқтың 

–елі  жетім,  қорғаны  жоқтың  –жері  жетім»,  «Намысы  жоқтың  табысы  жоқ»  деген  халық 

даналықтары  да  елді,  жерді  қорғау  қағидаларымен  үндесіп  жатыр.  «Байладым  басты 

өлімге,  мақпалдай  шөбі  түрленген  атамекен  жер  үшін!»  деген  Нұртуған  Кенжеғұлұлы 

бабамыздың  ой  толғауы  соны  аңғартады.  Ардақты  ақын  атамыз  Сапарғали 

Сырымбетовтың: 

 

   



Батыр болған бабамнан 

   


Ел қорғауды үйренгем, 

   


Ару болған анамнан  

   


Ар қорғауды үйренгем, 

   


Туып өскен ұям деп, 

   


Жер қорғауды үйренгем !- 

деген  жыр  жолдары  да  ата-бабаларымыздан  жалғасып  келе  жатқан  асыл  мұра-елді, 

жерді қорғау ұлтымыздың ұлылық ұстанымы болғандығын паш етіп тұр. Бабаларымыздың 

жанына жақын, қанына сіңген қасық қаны қалғанша елді, жерді қорғау дəстүрі ақиық ақын 

ағамыз Кəкімбек Салықовтың да жыр жолдарына арнайы арқау болған: 

   


Сұлу  Көкше, өр Алатау арасы, 

   


Бəрі тұтас қазағымның даласы. 

   


Сонша жерді сойылымен қорғаған, 

   


Бабаларым осал емес-ау шамасы ! 

«Нұрлы Жол» Жолдауында ерекше атап айтылған мəселе -еліміздің бірлігін сақтауды 

«əрбір  жастың  бойына  сіңіре  білуге  тиіспіз»  Жолдауда  «бірлік»  сөзі  30-дан  аса  рет 

қайталануының да мəні зор. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Ел бірлігі-берекенің бастауы», 

«Ынтымақты елден ырыс кетпейді», «Татулық-таптырмас байлық» деген халық нақылдары 

ел бірлігін сақтай білу ұлттық тəрбиенің басты құндылығы екендігін айғақтай түседі (3). 

  ХУІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  атақты    Ақтамберді  жыраудың  кейінгі  ұрпаққа 

қалдырған өмірлік өсиеті бар: 

   

Бабаларыма өсиет, 



   

Қылмаңыздар кепиет. 

   

Бірлігіңнен айырылма, 



   

Бірлікте болар қасиет. 

Халқымыздың  бірлігі  мен  татулығын,  ынтымағы  мен  ауызбіршілігін  данышпан  да 

кемел ойлы кемеңгерлеріміз ұрпақтарына үнемі үлгі ете отырып, ұлттық тəрбие құралына 

айналдыруды  ешқашан  да  естерінен  шығарған  емес.  Төле  би  бабамыздың  «Бір  үйдің 

баласы болма, көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма бар елдің данасы бол...» деген 

өсиеті осы күнге дейін өз өміршеңдігін жойған емес. 

Қаздауысты  Қазыбек  би  бабамыздың  «Қазақ  деген  халық  мал  баққан  еліміз, 

Жерімізді  жау  баспасын,  Елімізден  құт  қашпасын  –деп,  Найзамызға  үкі  таққан  елміз. 

Əкенің  айтатын  өсиеті  балаға,  Баланың  беретін  анты  анаға:  «Арымнан  жаным  садаға»-

деген өсиет толғаулары ұлттық рухани тəрбиенің қайнар бұлағы іспеттес. 

Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  елді,  жерді  қорғау  салтымыз,  үнемі  ұрпақ 

сабақтастығына айналып келе жатқандығы тарихи тағылымдардан да белгілі. 

Туған  жер,  өскен  ел  тағдыры  əрбір  ұрпақтың  көкейтесті  мəселесі  екендігін  ата-

бабаларымыз  тасқа  таңба  басқандай  етіп,  кейінгі  жастардың  жүрегіне  ұялатып  санасына 

сіңіруді де ұлттық құндылықтың басты бағдаршамы деп есептеген. 



51 

 

Мəңгілік ел идеясының жүзеге асуының басты кілті – «Елдің тұтастығы мен бірлігі 



татулығы  мен  тыныштығы  ең  басты  назарда»  екендігін  Елбасымыз  өз  Жолдауында 

нақты атап көрсетті. 

Тəуелсіздік таңы арайлап атып, егеменді ел болған соң, еліміз бен жеріміздің еңсесін 

көтеріп,  азатығымызды  шартарапқа  паш  етіп  таныту  жолында  аянбай  еңбек  ету  басты 

міндетіміз  деп  есептеген  Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  ел  алдындағы  перзенттік 

парызын  атқаруда  табиғат  байлықтарын  барынша  ұқыпты  пайдалану,  табиғатты 

жасампаздықпен  көркейту  ісі  мемлекеттің  кезек  күттірмейтін  мəселесі  деп  оған  басты 

назар аударды.  

Еліміздің  астанасын  1997  жылы  Сарыарқа  өңіріне  көшіріп,  Астана  қаласының 

айналасын жасыл желекпен абаттандыру жұмыстары жедел қолға алынып, арнайы «Жасыл 

аймақ»  атты  республикалық  мемлекеттік  кəсіпорын  құрылды.  1997  -2014  жылдар 

аралығында  Астана  қаласының  маңында    70 мың  гектар  алқап  жайқалған  жасыл  желекті 

орманға  айналды.Бұл  арада,  Отан  мен  орман  деген  ұғымдардың  бірін-бірі  толықтырып 

тұратын егіз ұғымдар екендігін ұмытпағанымыз жөн. 

 

   


 

Тəуелсіздік – айбынды да, айбарлы да ұраным, 

   

 

Тəуелсіздік - жүректегі жалындаған жыр-əнім. 



   

 

Тəуелсіздік – деген ұлттық ұлы ұғымды, 



   

 

Қастерлесін əрбір ұрпақ – ұланым ! 



                                                                                         (Рысбай

 Сəтімбеков

Əдебиеттер



 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат , бір мүдде , бір болашақ».  Алматы-2014, 3-

21 беттер. 

2.

 



Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлытау төріндегі толғаныс. Журнал:  «Ақиқат» 2014   № 9,   5-9 

беттер. 


3.

 

 Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрлы жол- болашаққа бастар жол. (11 қараша 2014ж).  Журнал: 



«Ақиқат» 2014   №12,  4-9 беттер.   

 

ƏОЖ



 371.3:78 

 

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ    МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ 



ЖҮЙЕСІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Султанова НК

 

Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В данной статье рассматриваются вопросы об  обучении программы модульной технологии 

в  специальности  музыкальное  образование,    значения  и  внедрения  в  учебно-воспитательном 

процессе 



 

Summary 

 

In this article are examined questions about the instruction of the program of modular technology in 

the specialty musical formation, value and introduction in the education and teaching process 

 

52 

 

Бүгінгі  күні  білім  сапасы  үлкен  мəселе  болып  тұрғаны  шындық.  Білім  сапасы  – 



мұғалімдер жұмысының көрсеткіші жəне мұның бəрі пəндік олимпиададан, ғылыми жоба 

жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 

«Ең  əуелі  мектепке  керегі  –  білімді,  педогогика,  методикадан  хабардар,  оқыта  білетін 

мұғалім. Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» [1] деген сөзі ойға оралады. Бұл 

өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт – бағдар болып тұр. 

Кез-келген  білім  бағдарламасының  табысты  орындалуы  мұғалімге  байланысты. 

Оның кəсіби шеберлігі нысаналы бағадарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге 

асыруға  ықпал  ете  алады,  ал  кəсіби  дəрменсіздігі  істі  құлдыратады..»  [2]  делінген  ҚР-сы 

орта  білім  беру  жүйесі  дамуының  мемлекеттік  тұжырымдамасында.  Орынды  айтылған 

пікір жеке тұлғаны тəбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс 

бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр. 

Бағдарламаның    мақсаты:  кəсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  негізінде  музыка 

мамандардың біліктілігін арттырудың тиімді жолдарын жетілдіру.  Қазіргі таңдағы оқыту 

мақсаты – оқушының танымдық тəжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына 

оң ықпал, көмек көрсету. Бағдарламаның міндеттері:  

 

педагог  мамандардың  кəсіби  құзыреттілігін  дамыту  арқылы  барлық  бағытта 



жұмыс мазмұнын жетілдіру;  

 

педагог мамандардың білімін жетілдіруде оқу үрдісіне жаңашыл технологиялар 



мен оқытудың жаңа түрлерін ендіру; 

 

педагог  мамандардың  біліктілігін  арттыруда  ақпараттық  жəне  қашықтықтан 



оқыту технологияларын тиімді пайдалану;  

 

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру, мұғалімнен орасан зор 



іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.  

 

Студент



 

өз ойын ашық айта білу; 

 

тұлға ретінде қалыптасады; 



 

өзін-өзі бағалай біледі; 

 

өз ісіне жауапкершілікпен қарайды; 



 

ортақ шешімге келеді; 

 

еңбекке араласады; 



 

бірін-бірі сыйлайды, санасады; 

Модульдік  оқыту  əртүрлі  мақсаттарға  жету  жолын  көздейді.  Білім  алушыға  оқу 

əдісінің  –  існе  лайықты  тəсілін  қолдануыды,  оқушыға  –  өзінің  əлді,  əлсіз  жақтарын 

анықтап,  модульдің  түзету  тəсілін  пайдалана  отырып  көмектеседі,  оқытудың  түрлі 

формалары  мен  əрқилы  əдістерін  кіріктіруді,  оқу  материалдарынан  құрылған  бірлігін 

икемді  түрде  пайдалануды,  кəсіби  іс  –  əрекет  деңгейіне  білім  алушының  жоғары 

дайындығы  арғылы  жетуді,  пəнаралық  байланысты  орнатып,  оқудың  сапасына  білім  мен 

білікті жүйкелеу арқылы жету.  

Модульдік  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқытудың  ұйымдастыруы  бойынша  жəне 

мазмұны  бойынша  адам  бойындағы  осы  сəттегі  қажеттілікті  қанағаттандыруда  кепілдік 

беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Модульдік 

оқытудың  басты  теориясының  басты  ұғымы  модуль  ұғымы  болып  табылады.  Модульдік 

оқытуды біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн 

құрылымын  түрлендіруде,  оқыту  əдістері  мен  түрлерін  өңдеуге  əлі  күнге  дейін  əртүрлі 

көзқарастар  бар.  Модульдің  көптеген  анықтамаларына  қарамастан,  олрадың  үш  түрлі 

бағытта топтастырып, жүйелеуге болады [3]: 

1.

 



Модуль – пəнаралық əдістемелік – ұйымдастыру құрылымы болып, əртүрлі оқу 

пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруде жəне оқу үрдісінде 

пəнаралық байлансыты қамтамасыз етеді. 


53 

 

2.



 

Модуль  –  біліктілік  мінездемесінің  талаптарына  жауап  беріп,  мамандық 

бойынша оқу пəндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің 

үлгісі; 


3.

 

Модуль  –  бір  ғана  оқу  пəнінің  шеңберіндегі    əдістемелік  –  ұйымдастыру 



құрылымының бірлігі. 

Модуль  –  деп  біз  өзіне  дидактикалық  мақсаттарды,  оқу  материалының  логикалық 

аяқталған бірлігін, əдістемелік нұсқауды, бақылау жүйесіне енетін оқу пəнінің дараланған 

əдістемелік  –  ұйымдастыру  құрылымын  түсінеміз.  Оқытудың  модульдік  тəсілі  оқытудың 

мақсаты  мен  мазмұнын,  танымдық  белсенділікті  басқару  əдістерін  өзгертуді  қалайды. 

Оқытудың мақсаты оқу – тəрбие үрдісінің барлық бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын 

басты  дидактикалық  ұстаным  болып  табылады.  Модульдік  оқытудың  дидактикалық 

жүйелер  сияқты  оқытудың  мақсаттарына  сай  жалпы  –  дидактикалық  ұстанымдар  мен 

негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Модульдік тапсырмалар 

мен  бағдарламаларды  құрастыруда  əртүрлі  тəсілдер  байқалады.  Даралық  мазмұндардың 

оқыту  мазмұнын  құрылымдау  ұстанымдарын  сақтай  отырып  жасалады  жəне    жинақы 

түрде,  көрнекілік  түрінде  беріліп,  дидактикалық  материалдармен,  ділгірлік  жəне 

қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек. Музыкалық  білім  мамандық бойынша 

модульдік технологияны оқыту бағдарламасының негізгі компентенциялары мен модульдік 

бағдарламасын төмендегі 1кестеден көруге болады: 


54 

 

Кесте 1.  Музыкалық білім  мамандық бойынша модульдік технологияны оқыту бағдарламасының модульдары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет