Астана Медициналық Журналы



Pdf көрінісі
бет28/47
Дата06.03.2017
өлшемі7,88 Mb.
#8419
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47

ƏДЕБИЕТ
1. 
Re illy D., Christensen L., Duch M. et al. Type-1 plasminogen activator inhibitor in human 
breast carcinomas // Int. J. Cancer, 2002, Vol. 50, P. 208-214
2. 
Герштейн 
E.C.,  Кушлинский  H.E.  Система  активации  плазминогена  в 
оценке прогноза и гормоночувствительности рака молочной железы // Вестник ОНЦ, 2005, 
№ 2, С. 52-59 
3. 
Mignatti 
P., Rifkin D. В. Biology and biochemistry proteinases in tumor invasion//
Physiol. Rev., 2003, Yi 73, P. 161-195
4. 
AndreasenP.A., GeorgB., LundL.R. etal. Plus пищ activator inhibitors  hormonally 
regulated serpins //  Gell Endocrinol.,2010, Vol. 68., P. 1-19
© М.Н.Сандыбаев, 2012 
М.Н.Сандыбаев
№2 Шығыс Қазақстан облыстық диспансері. Семей
ВЗАИМОСВЯЗЬ СОДЕРЖАНИЯ SFAS И КЛИНИЧЕСКИХ ПРИЗНАКОВ 
У БОЛЬНЫХ РАКОМ ЩИТОВИДНОЙ ЖЕЛЕЗЫ
М.Н.Сандыбаев 
В этой работе показан анализ частоты выявления sFas в сыворотке крови больных раком 
щитовидной  железы.  Частота  выявления  и  уровни  растворимого  Fas-антигена  в  сыворотке 
крови больных раком щитовидной железы не зависели от возраста пациентов, репродуктив-
ной функции женщин, длительности анамнеза болезни, стадии заболевания, гистологичекого 
варианта строения опухоли, характера ее роста и степени дифференцировки, наличия в анам-
незе  сопутствующих соматических заболеваний. У больных с РЩЖ изменение концентра-
ции sFas носит нелинейный характер.    
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
195

THE CORRELATION BETWEEN SFAS AND CLINICAL FEATURES AMONG 
PATIENTS WITH THYROID CANCER
M.N. Sandybayev
The aim of this research was to detect the features of sFas system among patients with thyroid 
cancer in dependence of its clinical features. The contents in blood of the patients with thyroid can-
cer did not depend of the patients’ age, women’ reproductive organs anamnesis of patients, stages 
and histological variant of tumor. 
Қ
алқанша  без  обыры  қатерлі  ісіктердің  ішінде  өзінің  сиректігіне  жəне  жағымды 
ағымына қарамастан əртүрлі саладағы мамандар назарын аударып отыр, оның үстіне 
назар аудару дəрежесі аса жоғары /1/. Жасушалар жаппай зардаптанған жерде некроз процесі 
орын  алады,  алайда  ағзадағы    жасушалардың  көпшілігі  бағдарламаланған,  морфологиялық 
жəне биохимиялық белгілері сипатындағы апоптоз деп аталатын, жасушалар өлуінің қуатқа 
тəуелді формасы нəтижесінде өледі /2,3,4/. Жасушада апопотоз жіберетінтүйінді рецептор Fas 
болып табылады (АРО-1/СD-95 синонимдері) – TNF ісік некрозы факторы рецепторларына 
жататын, бірінші түрдегі трансмембранды гликопротеин (tumor necrosis factor) /5,6,7/. Кейбір 
ісік  жасушалары  Fas  тəуелді  апоптозға  резистентті.  Ісік  жасушаларының  жоғары  жағына 
экспрессияланған FasL, Fas-позитивті цитотоксинді Т-лимфоциттармен жəне табиғи киллер-
лермен өзара əрекеттесіп, вирустармен немесе бактериялармен инфицирленген жасушаларды 
тауып алады да жояды, ал НК соңғысында апопотоз туғыза отырып, ісік жасушаларын жоя-
ды /8/. Осы механизм ісік жасушаларының инвазия жəне метастаздану  процесінде ағзаның 
иммунды  жауабына  қарсы  тұратын  қабілетін  ұғындырады.  Аталмыш  нəтижелер  қалқанша 
без обырына шалдыққан науқастардағы ісіктің өршуіне қатысты дифференцировка дəрежесін 
бағалау барысында Fas   жəне FasL маркер ретінде қолдану туралы болжам айтуға мүмкіндік 
туғызады /9,10/.
МАТЕРИАЛ ЖƏНЕ ƏДІСТЕР
sFas құрамы қалқанша без обырына шалдыққан 50 науқастың қан мəйегінен анықталды, 
олардың  4 ер  адам жəне 45  əйел адам, негізгі клиникалық  белгілеріне: жасы мен  жынысы-
на,  ісік процесінің  сатысына, дифференцировка дəрежесіне жəне бастапқы  ісіктің ең үлкен 
көлеміне, ауру анамнезінің ұзақтығына қатысты. 
Осы  көрсеткішке талдау жасау  үшін  оның  мəнін математикалық  өзгерту пайдаланылды, 
көрсеткішті орталық бағалау ретінде медиана қолданылды.
ЗЕРТТЕУ НƏТИЖЕЛЕРІ
Қалқанша без обырына шалдыққан науқастардың қан мəйегіндегі sFas анықталу жиілігіне 
жүргізілген  талдау  мынаны  көрсетті:  еркектерге  қарағанда    (10-нан  4  -  40%),  əйелдерде  
sFas (65-тен  45 - 69,2% ) (р = 0,07) жиі дұрыс анықталмады. Соның өзінде қалқанша обы-
рына  шалдыққан  əйелдердің  қан  мəйегіндегі  sFas  концентрациясы  статистикалық  түрде 
еркектердікінен соншалықты айырмашылығы бола қойған жоқ (р = 0,8) (1-кесте).
1-кесте.  Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардың  пациенттің  жынысы 
есепке алынғандағы қан мəйегіндегі sFas құрамының статистикалық сипаты
Ескерту: N – қадағалау саны
          
2-кесте.  Т таралу көрсеткішін есепке алғандағы қалқанша без обырына шалдыққан 
науқастардың жалпы тобының қан мəйегіндегі sFas құрамы
196
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

3 – кесте. N таралу көрсеткішін есепке алғандағы қалқанша без обырына шалдыққан 
науқастардың жалпы тобының қан мəйегіндегі sFas құрамы
Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардың  жасы  ұлғаюымен  қан  мəйегінде  sFas 
сызықтық өзгеріс байқалған жоқ (r=0). 
Қалқанша без обырымен зардап шегетін 45 жасқа дейінгі əйелдер тобында қан мəйегіндегі 
sFas анықталу жиілігі 6/37,5%, ал sFas медианасының мəні -1,2 нг/мл құрады (1-сурет). 45-
тен 53 жасқа дейінгі əйелдерде sFas байқалу жиілігі  2 есеге дейін артып, 10/71,4% құрады, 
ал медиана sFas 2,2нг/мл мəніне дейін жоғарылады. 53 жастан асқан əйелдерде sFas байқалу 
жиілігі  29/82,9%  (р=0,004),  ал  медиана  -2нг/мл  құрады.  Осыдан  қалқанша  бездің  қатерлі 
ісігіне  шалдыққан  əйел  науқастардағы  sFas  апоптозы  түйінді  ингибиторының  өнімі  гормо-
налды белсенділік өзгерістеріне байланысты болуы мүмкін, бұл 45 жастан асқан əйелдердің 
қан мəйегіндегі sFas концентрациясында көрінеді. 
Қалқанша без обырына шалдыққан науқастардың қан мəйегіндегі sFas деңгейі мен байқалу 
жиілігіне Т жəне N көрсеткіштері есепке алынып, талдау жүргізілді (TNM жүйесі).Сонымен, 
қалқанша без обырына шалдыққан науқастарда sFas медиана концентрациясы Т
1
 (0,95нг/мл) 
көрсеткішінде өте  аз болды, Т
2
 (1,3нг/мл)  жəне  Т
3
 (2,9 нг/мл) көрсеткіштерінде көбейіп, Т
4
 
1,2  нг/мл  мəніне  дейін  азайды,  бірақ  айрмашылық  статистикалық жағынан  дұрыс болмады 
(2- кесте). 
Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардың  қан  мəйегінде  айналасындағы  лимфа 
түіндерге метастаз берілуі барысында (N
1
) (р = 0,001) метастаз кетпеген (медианалар 4,2 жəне 
1,6 нг/мл сəйкес) науқастар тобымен салыстырғанда sFas құрамы нақты көбейді. Алайда N
2
 
барысында көрсеткіш мазмұны 0,96 нг/мл дейін азайды (3 кесте).
Қалқанша без обырына (М
1
) шалдыққан алшақ метастаздары бар 73 жастағы бір науқастың 
қан мəйегінде sFas құрамы анықталған жоқ. 
Қалқанша  без  обырының  I  сатысындағы  12  науқаста  sFas  құрамы  аз  болды  (медиана 
1,8  нг/мл),  II  сатыдағы  19  науқаста  sFas  медианасы  3,4  нг/мл,  қалқанша  без  обырының  III 
сатысындағы 18 науқаста sFas медианасы 1,3 нг/мл теңелді. 2 – суретте қалқанша без обыры-
на шалдыққан науқастардағы ауру сатысын есепке алғандағы sFas деңгейі неғұрлым көрнекі 
түрде  берілген.    Ісік  процесінің  I  жəне  II  сатыларындағы  айырмашылық  статистикалық 
тұрғыдан нақты (р = 0,02). 
Қалқанша без обырының I сатысындағы науқастардың қан мəйегіндегі sFas байқалу жиілігі 
12/75% құрағанын, II сатысындағы -19/76% жəне III сатысында анағұрлым азайып – 18/58,1% 
құрағанын,  обырдың  IV  сатысындағы  3  науқаста  қан  мəйегінде    sFas    байқалмағанын  айта 
кету маңызды.
Соның өзінде ауру сатысына байланысты sFas «жоғарғы» мəнінің байқалу жиілігі (2,5нг/
мл жəне одан жоғары) мынаны құрады:  I сатыда – 2/12,5%,  II сатыда – 12/48%, III сатыда – 
6/19,4% жəне IV сатыда - 0% (р = 0,01).
Сөйтіп, қалқанша без обырына шалдыққан I - II сатыдағы науқастардың қан мəйегіндегі 
sFas құрамының жиілігі көп болды. ҚБО II сатысындағы науқастарда sFas көп болды. Аурудың 
асқыну сатысында  (2,5 нг/мл) қан мəйегіндегі көрсеткіш өнімі анағұрлым азайды. 
 sFas көрсеткішіндегі анағұрлым айырмашылық қалқанша без обырынан зардап шегетін, 
45-тен  53  жасқа  дейінгі  əйелдер  тобында  байқалғанын  айта  кету  керек.  Сонымен,  ҚБО    I 
сатысындағы науқастарда қан мəйегіндегі  sFas құрамының медианасы 3,3 нг/мл, II сатысын-
да sFas медианасы 7,4 нг/мл жалпы топқа қарағанда 3,7 есе жоғары болды, бірақ III сатыда 
көрсеткіш медианасы  керісінше аз – 0,8 нг/мл болды. 
Сонымен, sFas көрсеткіші қалқанша без обыры сатысына байланысты сияқты осы аурудан 
зардап шегетін əйелдердің жасына да байланысты. 
Ісіктің  дифференциялану  дəрежесін  ескере  отырып,  қалқанша  без  обырына  шалдыққан 
науқастардың қан sFas апоптозының түйінді ингибиторының деңгейі мен байқалу жиілігіне 
талдау  жүргізілді.  Сөйтіп,  қалқанша  без  обырының  жоғары  сатыда  дифференциялануымен 
науқастардың  қан  мəйегінде  sFas  байқалу  жиілігі  39/73,6%  құрады,  қалыпты  –  10/47,6%, 
ісіктің дифференциялануының төменгі дəрежесіндегі бір пациентте sFas анықталған жоқ (р 
= 0,04).
Сонымен  қатар,  талдау  ҚБО  бақылау  тобына  жататын  қалыпты  дифференциялану 
дəрежесінің қан мəйегінде  sFas мəні жоқ екенін көрсетті. Оның өзінде ісіктің жоғары диффе-
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
197

ренциялану сатысындағы науқастар тобында sFas анықталу жиілігі 12/22,6% құрады. 
ҚБО жоғары дифференциялану дəрежесіндегі 39 науқастың қан мəйегіндегі sFas орташа 
құрамы – 2,8+0,5 нг/мл (медиана 1,3нг/мл) теңелді, қалыпты  дифференциялану дəрежесіндегі 
10 науқаста – 3,7+0,5 нг/мл (медиана 3,4 нг/мл) жəне (р= 0,04) нақты жоғары болды. Қалқанша 
без  обырына  шалдыққан  4  ер  адамда  ісіктің  дифференциялану  дəрежесінің  жоғарылығы 
байқалғанын айта кету керек.
Талдау.  Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардың  қан  мəйегінде  анықталған 
sFas  ісіктің  дифференциялану  дəрежесіне  байланысты  екені  нақты  болды.  sFas  анықталу 
жиілігінің  басымдығы  қалқанша  без  обырының  жоғары  дифференциялану  дəрежесінде 
жəне азаюы обырдың қалыпты дифференциялану дəрежесінде, алайда, қан мəйегіндегі sFas 
концентрациясы  2-3  есе  өсті.  Анамнездің  ұзақтығы  жəне  бастапқы  қатерлі  ісік  көлемінің 
үлкендігі ҚБО түзетуге тəуелді науқастардың қан мəйегіндегі sFas құрамына қатысты емес. 
Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  20  науқастағы  sFas  медианасы  ісіктің  солитарлы  өсу 
түрінде 3,1  нг/мл құрады, обырдың көп фокусты өсу түріндегі 29  науқаста sFas медианасы  
нақты төмен (1,8 нг/мл (р=0,04) болды. Корреляционды талдау барысында ҚБО шалдыққан 
науқастардың қан мəйегіндегі sFas құрамы мен Т көрсеткіші (TNM жүйесі) арасында байла-
ныс анықталды, ісік процесінің таралуы барысында Т
1
 – Т
2
 бұл тəуелділік тікелей жəне нақты 
болса  (r=0,66;  р=0,001),  онда  ісіктің  анағұрлым  таралу  процесінде  (Т
3
)  кері  тəуелділік  тен-
денциясы  байқалады  (r=0,2;  р=0,03).  Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардың  қан 
мəйегінде ісік құрылымының гистологиялық нұсқасын есепке алғанда sFas құрамында нақты 
өзгешелік анықталмады (фолликулярлы жəне папиллярлы обыр; р=0,9).
Сонымен, қалқанша без обырына шалдыққан науқастардың қан мəйегіндегі ерігіш sFas ан-
тиген деңгейі мен анықталу жиілігі пациенттің жасына, əйелдердің репродуктивті қызметіне, 
ауру анамнезінің ұзақтығына, аур  у сатысына, ісік құрылымының гистологиялық нұсқасына, 
оның  өсу  сипатына  жəне  дифференциялану  дəрежесіне,  анамнезде  қосалқы  соматикалық 
аурулардың  (гипертониялық  жəне  жүректің  ишемиялық  аурулары,  қуықта  тас  болуы,  қант 
диабеті)  болуына  байланысты  болған  жоқ.  Сөйтіп,  қалқанша  без  обырына  шалдыққан 
науқастарда  аурудың  таралу  шамасына  қарай,  sFas  концентрациясының  өзгеруі  желісіз  си-
патта, жергілікті таралу процестерінде көрсеткіштің хабардарлығы азайды.  
ƏДЕБИЕТ
1.  Берштейн Л.М. Рак щито видной железы: эпидемиология, эндокринология, факторы и ме-
ханизмы канцерогенеза // Прак тическая онкология. - 2007. - Том 8, №7. - С. 1-8
2.  Белушкина  Н.Н.  Особенно сти  регуляции  апоптоза  при  опу холевых,  вирусных  и 
аутоиммун ных заболеваниях // Автореф. дисс д.б.н. - М, 2004. - 47 е.
3.  Nagataki S., Nystrom E. Epidemiology and prevention of thyroid cancer // Thyroid. - 2002. - 
Vol.12, N.10. - P. 889-896
198
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

©  М.Н.Сандыбаев, 2012
 
М.Н.Сандыбаев
Шығыс Қазақстан облысы №2 онкологиялық диспансер Семей
 
ИЛ-6 ПРИ ДОБРОКАЧЕСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАНИЯХ И 
ГИПЕРПЛАСТИЧЕСКИХ ПРОЦЕССАХ ЩИТОВИДНОЙ ЖЕЛЕЗЫ
М.Н. Сандыбаев
В настоящем исследовании представлены данные о содержании ИЛ-6 в сыворотке крови 
больных доброкаческтвенными  опухолями и гиперпластическими  процессами щитовидной 
железы.  Показано  в  общей  группе  больных  опухолями  и  гиперпластическими  процессами 
щитовидной  железы  показатели  ИЛ-6  в  сыворотке  крови  были  достоверно  выше,  чем  в 
контроле.
IL-6 IN BENIGN NEOPLASIA AND HYPERPLASTIC PROCESSES OF THYROID 
GLAND
M. Sandуbayev
In  this  work  the  investigation  of  IL-6  concentration  in  serum  of  patients  with  benign  thyroid 
tumor and hyperplastic processes. The concentration of IL-6 in sera of patients with benign thyroid 
tumor and hyperplastic processes is higher than in control group.  
Ц
итокиндер  ағзаның  əртүрлі  жасушалары  арасындағы  коммуникацияның  əмбебап 
құралдары болып табылады, оның ішінде ісіктің өзінде [1]. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан 
цитокинді дисрегуляцияның дамуы туралы айтуға болады – қатерлі өсуде иммунокомпонентті 
жасушалар  мен  цитокиндер  арасындағы  өзара  байланыстың  бұзылуы  [2].  Осыдан  барып, 
соңғысы  былай  көрінуі  мүмкін:  ісіктің  өсу  ықпалымен  жасуша  –  продуценттермен  синтез 
бен  цитокиндер  секрециясының  өзгеруі;  цитокин  өнімдері  ингибиторлардың  пайда  болуы; 
цитокин  рецепторлары  экспрессиясының  бұзылуымен  иммунокомпонентті  жасушалар 
мембранасының жоғарғы бетінің өзгеруімен жəне ақаулы гендердің пайда болуымен; цитокин 
рецепторларының  ерігіш  түрінің  пайда  болуымен,  олардың  көпшілігі  –  иммунды  жүйе 
жасушалары  қызметінің  белсенді  ингибиторлары.  Ісіктің  пайда  болуы  мен  өсуі  барысында 
кейбір цитокиндер олар үшін метастазданудың өршу факторы болуы да мүмкін [3]. Мұндай 
жағдайда цитокин өнімдерінің қарқыны өте жоғары болады, бұл оларды нақты пациенттерде 
болжамды  факторлар  ретінде  қолдануға  мүмкіндік  туғызады.  Сөйтіп,  ИЛ-6  экспрессиясы 
əртүрлі  гистологиялық  түрдегі  дұрыс  жасушалардағы  сияқты  ісік  жасушаларында  да 
анықталғанын айта кету керек. Цитокиндердің бірі – ИЛ-6 мультиқызметті цитокині Fas тəуелді 
апоптозының белгілі ингибиторы қатарына жатады. ИЛ-6 əртүрлі тіндердегі жасушалардың 
өсуі  мен  дифференциялануын реттеп қана  қоймай,  қабыну  процестерінің  жедел  фазасында 
иммунды жауаптың маңызды рөлін атқарады. 
ИЛ-6  биологиялық  əсері  басқа  ақуыздар    мен  гормондар  реңінде  жүзеге  асады.  Бір 
цитокиннің  басқаларға  индукциясы,  олардың  синергиялық  немесе  өзара  реттеуші  əрекеті, 
сонымен қатар басқа гормондармен өзара əрекеті иммунды, қабыну жасушалары реакциясын 
шығаруда  шешуші  рөл  атқарады.  ИЛ-6  экспрессиясы  вирустардың,  бактериялардың  жəне 
олардың  поликлоналды  активаторлары  əсерінен  болады,  сонымен  қатар  инфекциялық 
агенттердің əсер етуі барысында жасуша секрецияланатын цитокиндердің əсерінен болады. 
Айтып өткеніміздей, ИЛ-6 көптеген қызметі бар: сау В жасушаларын дифференциялайтын 
индуктор болып табылады, жасуша-нысанды танып білуге модулятор болып табылады, ИЛ-6 
ықпалымен  ИЛ-2  өнімі  модулденеді,  нəтижесінде  Т-лимфоциттері  пролиферациясының 
активациясы  болады,  ИЛ-6  лимфоциттердің  цитотоксинді  лимфоциттерге  айналу 
дифференцияциясын күшейтеді, антивирусты белсенділік қабілеті бар, сүйек майларындағы 
гранулоциттер мен макрофагтар ынталандырады.
ИЛ-6  ағзаның  көптеген  жүйелері  мен  органдарына  əртүрлі  жəне  өте  нақты  əсер  етеді: 
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
199

қанға, бауырға, иммунды жəне эндокринді жүйеге, сонымен қатар, зат алмасуға. Нақтысында 
ИЛ-6 қуатты активатор ретінде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйелеріне əсер етеді, 
ал глюкокортикоидтар теріс кері жүйе принципі бойынша оның секрециясын реттеп отырады. 
ИЛ-6  маңызды  дəрежеде  өсу  гормонының  секрециясын  ынталандырады,  ТТГ  секрециясын 
басады жəне қандағы липидтер концентрациясын азайтады.
ИЛ-6 əртүрлі ісіктермен секрецияланады, оның ішінде плазмацитомалар жасушаларымен, 
жүрек 
миксомаларымен, 
мезотелиомалармен, 
əртүрлі 
миелома 
жасушаларымен, 
эпидермиалды карциномалар, остеосаркомалар, қуық карциномалары. Лимфопролиферативті 
аурулары  бар  науқастардың  эндотелиоциттері  адамның  жасушалық  жолын  ингибирлеуге 
қабілетті ИЛ-6 көп мөлшерін ұзақ уақыт спонтанды секрециялау қабілеті бар екені анықталды. 
Сүйектің  қатерлі  ісіктері  ағымында  зардапсыз  ісіктерге  қарағанда  қандағы  ИЛ-6  құрамы 
тым  жоғары  болады  жəне  ісік  процесінің  генерализациясы  кезінде  максимумға  жетеді. 
Зерттеудің алынған нəтижелері ИЛ-6 экспрессиясы мен адамдағы сүйек қатерлі ісігінің дамуы 
арасында  байланысты  пайымдайды.  Сонымен,  кейбір  ауруларға  тəн  сүйек  тінінің  жоғалуы 
мен  ремоделдену  жылдамдығының  артуын  өнімнің  жоғарылығы  немесе  əсердің  күшеюі 
салдарынан болатын остеокластардың шамандан тыс қызметімен түсіндіруге болады.  
МАҚСАТЫ
 Қалқанша бездің зардапсыз ісіктері мен гиперпластикалық процестеріндегі ИЛ-6 құрамын 
зерттеп білу.
МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ƏДІСТЕРІ
ИЛ-6  құрамын  зерттеу  қалқанша  бездің  əртүрлі  патологиясы  бар,  екі  жыныстан  да    53 
жасқа дейінгі топтағы 50 науқасқа жүргізілді. ИЛ-6 анықтау реактивтерді («human IL-6» R&D 
компаниясы АҚШ) стандартты терудің көмегімен жүргізілді. 
Жеке зерттеудің нəтижелері. Қалқанша без аденомасы бар, 45 жастан 53 жасқа дейінгі 4 
еркекте    ИЛ-6  құрамы  6,4+1,3  пг/мл,  46  əйелде  7,4+0,4пг/мл  айырмашылық  статистикалық 
нақты емес (p>0,05).
Қалқанша  без  аденомасы  науқастардың  жасы  ұлғайған  сайын  олардың  қан  мəйегіндегі 
ИЛ-6 құрамы нақты жоғарылағаны байқалды (р=0,03) (1-кесте). Əртүрлі жастағы қалқанша 
без  аденомасы  бар  науқастардағы  ИЛ-6  құрамын  талдау  53  жастан  асқан  науқастарда  ған 
нақты айырмашылық болғанын анықтады (р=0,048).
Кесте. Пациенттердің жасына байланысты қалқанша без аденомасына шалдыққан 
əйелдердің қан мəйегіндегі ИЛ-6 құрамы 
Ескерту: N – науқастар саны; р 
1-3
 = 0,006.
Қалқанша  без  аденомасы  бар  науқастардың  қан  мəйегіндегі  ИЛ-6  құрамы  бастапқы 
ісік  көлемінің  2  см  (р=0,03)  аспаған  максималды  өлшемінде  қалқанша  без  аденомасына 
шалдыққан  науқастар  тобында  аз  болды.  Оның  өзінде  анықталған  барлық  айырмашылық 
статистикалық нақты емес.
Түйінді колоидты зобы бар 45 жастан 53 жасқа дейінгі 2 ер адамда ИЛ-6 құрамы 10,7+2,3 
пг/мл, 67 əйелде 7,2+0,3 пг/мл құрады, айырмашылық статистикалық нақты емес (p>0,05).
Сонымен,  бұл  зерттеуде  қалқанша  бездің  зардапсыз  ісіктері  мен  гиперпластикалық 
процестері  бар  науқастардың  қан  мəйегіндегі  ИЛ-6  құрамы  туралы  деректер  берілген. 
Қалқанша  бездің  зардапсыз  ісіктері  мен  гиперпластикалық  процестері  бар  науқастардың 
жалпы тобында қан мəйегіндегі ИЛ-6 көрсеткіштері бақылаудағыға қарағанда нақты жоғары 
болды.  Сонымен,  қалқанша  бездің  əртүрлі  аурулары  барысында  қан  мəйегіндегі  ИЛ-6 
рөлін  зерттеудің  берілген  нəтижелері  олардың  аурудың  негізгі  клинико-морфологиялық 
сипаттарымен байланысын нақтылайды. Сүт безі обырына жəне сүт безінің басқа да ісіктеріне 
шалдыққан  науқастарда  ИЛ-6  осыған  сəйкес  жастағы  сау  əйелдерге  қарағанда  1,4  есе  жиі  
анықталады. Алайда тексерілетін топтардағы цитокин деңгейі арасында нақты айырмашылық 
анықталмайды. Сондай-ақ, сау əйелдер мен сүт безі обырына шалдыққан науқастардың қан 
мəйегінде жасы мен ИЛ-6 деңгейі арасында анықталу жиілігіне тəуелділік анықталған жоқ.
200
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

ƏДЕБИЕТ
1. 
Стахеева М.Н.,  Бабышкина Н.Н., Чердынцева Н.В. Цитокины и злокачественный рост // Сибир-
ский онкологический журнал.-2003.-№2.-С.79.
2. 
Пальцев М.А., Северин Е.С., Иванов А.А. Патологическая анатомия и молекулярная ди агностика 
// Архив патологии.-2006.-том 68, №4.-с.3-7
3. 
Kameda Т., Matsuzaki N., Sawai K., Okada Т., Saji F., Matsuda Т., et al. Production of interleukin-6 by 
normal human trophoblast.Placenta //- 2000.-1 l.-p.205-213
© М.Н.Сандыбаев, 2012
 
М.Н.Сандыбаев
 
Шығыс Қазақстан облысы №2 онкологиялық диспансер Семей
 
ХИРУРГИЧЕСКОЕ ЛЕЧЕНИЕ ПРИ ЗАБОЛЕВАНИЯХ ЩИТОВИДНОЙ ЖЕЛЕЗЫ 
И ИЗМЕНЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ ЦИТОКИНОВ
М.Н. Сандыбаев
В данной работе мы предоставляем данные об исследовании цитокинов у 43 пациентов. 
Частота  выявления  исследуемых  цитокинов  в  плазме  крови  практически  здоровых  людей 
значительно ниже, чем у больных АТ, АЩЖ и РЩЖ. Увеличение ИЛ-10 при РЩЖ и АЖЩ 
могут служить диагностическим критерием адекватности выполненной операции.   
THE RESULTS OF CYTOKINE INVESTIGATION DURING SAURGICAL TREAT-
MENT OF PATIENTS WITH THYROID ADENOMA OF THYROID GALND AND AUTO-
IMMUNE THYROIDITIS.
M. Sandуbayev
In this research  we present the results of cytokine  investigation   IL-1 ß, IL-6, IL-10  and TNF 
among 43 patients during surgical treatment. The healthy people have these types of cytokine rare 
then patients with thyroid carcinoma , adenoma of thyroid gland and autoimmune thyroiditis. Pa-
tients with thyroid cancer have high level cytokine IL-1 ß, IL-6, and patients with adenoma of thy-
roid gland- IL-10 and TNF.   
А
дам  ағзасындағы  антиген-спецификалық  иммунды  реакциялар  сипатын  жəне 
қуаттылығын реттеу ісікке қарсы иммунологиялық жауапта маңызды рөл атақаратын 
цитокиндердің  қатысуымен  жүзеге  асады.  Аутоиммунды  аурулардағы  жəне  қалқанша  без 
ісітеріндегі кейбір цитокиндер өнімін талдау олардың иммунитет процесіндегі белсенділігін 
көрсетеді.
Қалқанша  без  обыры,  қалқанша  без  аденомасы  жəне  аутоиммунды  тиреоидты  обырға 
шалдыққан науқастардың хирургиялық ем кезеңінде қан плазмасында ИЛ-1ß, ИЛ -6, ИЛ-10 
жəне ФНО-а цитокиндерінің құрамын салыстырмалы түрде зерттеудің нəтижелері берілген.
Қалқанша без ауруларына шалдыққан 31-68 жас аралығындағы 43 науқас (11 ер адам жəне 
32 əйел адам) тесерілді: қалқанша без обыры -22 (папиллярлы), қалқанша без аденомасы – 13, 
аутоиммунды тиреоидит (Хашимото – тиреоидиті)-8. Барлық пациенттің бастапқы диагнозы 
болды, осы зерттеуді жүргізгенге дейін пациенттер арнаулы ем алған жоқ. Қан плазмасындағы 
ИЛ-1 ß, ИЛ -6, ИЛ-10 жəне ФНО-а цитокиндерін ем алғанға дейін, операциядан кейін (5 жəне 
14  күндері)  зерттеді.  Бақылау  тобын  дені  сау  16  адам  (11  əйел  жəне  5  еркек)  құрады.  Қан 
плазмасындағы цитокиндер концентрациясын «Biosource» (АҚШ) фирмасының реактивтерін 
теру көмегімен иммуноферментті əдіспен анықтады. Алынған деректер медициналық зерттеу 
нəтижелерін статистикалық өңдеу бағдарламасы пакетінің көмегімен талданды.
Цитокиндерді  зерттеу  аутоиммунды  тиреоидты  науқастар  тобында  олардың  анықталу 
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
201

жиілігі  орташа  85%  құрағанын,  қалқанша  без  ісіктеріне  шалдыққан  науқастарда  95% 
құрағанын көрсетті.
Сау  адамдардың  қан  плазмасындағы  ИЛ  -1ß  құрамы  орташа  1,11±0,26  пг/мл,  ИЛ-6 
үшін  1,86±0,32  пг/мл,  ИЛ-10  үшін  0,7±0,38,  ФНО-а  үшін  1,9±0,28  пг/мл  құрады.  Бақылау 
тобында жынысы  мен жас ерекшеліктерін есепке  алғанда зерттелген  цитокиндер  арасында 
статистикалық нақты айырмашылық байқалған жоқ.
Аутоиммунды  тиреоидтидті  науқастарда  ИЛ  -1ß  орташа  көрсеткіші  емдеуге  дейін  сау 
адамдардарға  қарағанда    біршама  жоғары  болып,  1,28±0,47  пг/мл  құрады,  науқастардың 
жынысы  мен  жасын  есепке  алғанда    ИЛ  -1ß    деңгейінде  нақты  айырмашылық  байқалған 
жоқ, Қан плазмасындағы ИЛ-6 орташа деңгейі 1,92±0,33пг/мл құрады жəне сау  адамдарда 
анықталған осы көрсеткіштен нақты  айырмашылығы  болған жоқ, оның мəні  науқастардың 
жынысы мен жасына байланысты болмады. Осы пациенттердегі ФНО – а деңгейі 2,73±0,67 пг/
мл құрады, бұл сау адамдардағы қалыпты деңгейден 1,8 есе асып түсті, алайда көрсеткіштер 
статистикалық нақты болмады. АТ шалдыққан науқастардағы ИЛ-10 орташа мəні 1,08±0,37 
пг/мл  тең  болды  жəне  қаралған  топтар  арасында  нақты  айырмашылық  болған  жоқ.  ФНО-а 
жəне ИЛ-6 мəндерін зерттеу пациенттердің жынысы мен жасына байланысты болмады.
Қалқанша  без  аденомасына  шалдыққан  науқастар  тобын  органға  субтоталды  резекция 
жасалған  немесе  қалқанша  без  тоталды  түрде  алынып  тасталған  12  пациент  құрады. 
Пациенттердің  осы  тобындағы  ИЛ-1ß  деңгейі  сау  адамдармен  жəне  басқа  топтағы 
пациенттермен  салыстырғанда  операция  алдында  біршама  жоғары  болып,  1,88±0,39  пг/мл 
құрады, бірақ айырмашылық статистикалық жағынан нақты емес. Осы топтағы ИЛ-6 орташа 
көрсеткіші 1,99±0,25 пг/мл тең болды жəне басқа топтармен салыстырғанда айырмашылық 
болған  жоқ.  Қалқанша  без  аденомасына  шалдыққан  науқастардың  қан  плазмасындағы 
ФНО-а концентрациясы 9,30±2,56 пг/мл құрады жəне сау адамдар тобы мен АТ шалдыққан 
науқастардан нақты статистикалық айырмашылығы болды (р<0,05). Бақылаудағы науқастар 
тобында ИЛ-10 орташа деңгейі хирургиялық араласуларға дейін 5,85±2,24 пг/мл құрады жəне 
сау  адамдардағы  жəне  қалқанша  бездің  папиллярлы  обырына  шалдыққан  науқастардағы 
цитокин деңгейінен статистикалық нақты айырмашылығы болды (р<0,05).
Қалқанша  без  обырына  шалдыққан  науқастардағы  жəне  салыстыру  тобында  цитокин 
концентрациясын орташа талдау нақты статистикалық айырмашылықты анықтаған жоқ. Осы 
пациенттердің қан плазмасындағы ИЛ-1 ß, ИЛ -6, жəне ФНО-а концентрациясы 0,98±0,35пг/
мл,  1,76±0,41пг/мл  жəне  1,89±0,45  пг/мл  теңелді.  ИЛ-10  деңгейі  аздап  жоғарылаған 
(3,14±1,25пг/мл),  бақылау  тобы  мен  АТ  науқастары  арасында  салыстыру  барысында  нақты 
статистикалық  айырмашылық  байқалған  жоқ  (р<0,05).  Қалқанша  без  обырына  шалдыққан 
науқастар  тобында  олардың  жынысы  мен  жасын  есепке  алғанда  зерттелген  цитокиндер 
көрсеткішінде нақты айырмашылық анықталған жоқ.
Бақылаудағы  науқастар  тобында  цитокин  деңгейі  динамикасында  хирургиялық  емнен 
кейін  айырмашылық  байқалмады.  «Операциядан  кейінгі»  топқа  операциядан  кейінгі  жуық 
жəне алшақ кезең ешбір асқынуларсыз өткен пациенттер енді. АТ жəне қалқанша без обырына 
шалдыққан  науқастар  тобындағы  ИЛ-1  ß  орташа  деңгейі  аздап  жоғарылап,  1,33±0,39  жəне 
2,91±0,47  пг/мл  құрады,  алайда  нақты  айырмашылық  қалқанша  без  обырына  шалдыққан 
науқастарда  ғана  байқалды  (р<0,05).  Қалқанша  без  аденомасына  шалдыққан  науқастардың 
қан  плазмасындағы  ИЛ-1  ß  орташа  деңгейі  операциядан  кейінгі  5  -  күні  аздап  төмендеп, 
1,28±0,38 пг/мл құрады, оның бастапқы мəнінен нақты айырмашылық болған жоқ.
Операциядан  кейінгі  5-күні  ИЛ-1  ß  концентрациясын  пациенттер  топтары  арасында 
салыстырмалы түрде талдау нақты статистикалық айырмашылықты анықтаған жоқ.
Қалқанша без обырына шалдыққан науқастардағы ИЛ -6 көрсеткіші операциядан кейінгі 
5-күні салыстырмалы бақылау топтары арасында анағұрлым жоғары болып (13,80 ±4,47 пг/
мл), АТ жəне ҚБА барысында жəне ИЛ-6 бастапқы деңгейі көрсеткіштерінен статистикалық 
жағынан нақты ерекшеленді (р<0,05).
Қалқанша без аденомасына шалдыққан науқастардағы ИЛ-6 орташа деңгейі бастапқыдан 
аздап  жоғары  болды  (2,29±0,55  пг/мл),  ал  АТ  шалдыққан  науқастарда  аздап  төмендеген 
(1,68±0,54 пг/мл).
Тексерілген  топтарда    ФНО-а  концентрациясы  операциядан  кейінгі  5-күні  азайып  АТ 
-1,79±0,56  пг/мл,  ҚБО  –  1,79±0,56  пг/мл,  ҚБА  –  2,16±0,89  пг/мл  құрады  жəне  салыстыру 
топтары арасында нақты айырмашылық байқалған жоқ. Қалқанша без аденомасы алынғаннан 
кейінгі науқастар тобында қан плазмасындағы ФНО-а деңгейі оның бастапқы мəнінен (р<0,05) 
жоғарылағаны байқалды.
Операциядан кейінгі жуық кезеңде ИЛ-10 деңгейінің динамикасы əртүрлі болды. Қалқанша 
бездің папиллярлы обыры бойынша операция жасалған науқастарда ИЛ-10 деңгейі ең жоғары 
болып, 4,9±0,97 пг/мл құрады, АТ (1,62±0,39 пг/мл) жəне қалқанша без аденомасы (1,41±0,48 
202
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

пг/мл)  бойынша  операция  жасалған  науқастар  тобындағы  көрсеткіштерден  статистикалық 
нақты  ерекшеленді  (р<0,05).  Сонымен  қалқанша  без  аденомасы  алынғаннан  кейінгі 
науқастарда ИЛ-10 деңгейі біршама азайды жəне бастапқымен салыстырғанда статистикалық 
нақты анағұрлым төмен болды (р<0,05).
Операциядан кейінгі алшақ кезеңде цитокиндер деңгейінің динамикасы көрсеткіштердің 
тұрақтануымен  жəне  сау  адамдардағы  деңгейге  жақындауымен    сипатталды,  АТ  науқастар 
тобын  қоспағанда.  Осы  топта  ИЛ-6  деңгейі  14-тəулікте  жоғарылап,  3,9±1,42  пг/мл 
құрады,  операциядан  кейінгі  кеш  кезеңдерде  (р<0,05)  науқастардың  басқа  топтарындағы 
көрсеткіштерден  нақты  ерекшеленді.ҚБО  жəне  ҚБА  қатысты  операция  жасалған 
науқастардағы  ИЛ-6  деңгейі  1,15±0,32  жəне  1,10±0,38  пг/мл  теңелді.  АТ,  ҚБО  жəне  ҚБА 
бойынша  операция  жасалған  науқастардағы  ИЛ-1  ß  орташа  концентрациясы  операциядан 
кейінгі  кеш  кезеңде  сау  адамдардағы  деңгейіне  дейін  азайды.  ИЛ-1  ß  анағұрлым  жоғары 
концентрациясы ҚБО бойынша хиругиялық араласулар болған науқастарда болып, науқастар 
тобында 1,04 ±0,45пг/мл, 2,17±0,54пг/мл, 1,02±0,43 пг/мл құрады, алайда айырмашылық нақты 
болмады. Тексерілетін барлық топтарда ФНО-а деңгейі операциядан кейінгі кеш кезеңде сау 
адамдардағы  мəнге  сəйкес  келіп,  салыстырмалы  топ  үшін  1,80±0,87  пг/мл,  1,80±0,34пг/мл, 
1,87±0,55 пг/мл құрады.
Қалқанша  без ісігі бойынша  жасалған  операциядан  кейін 14  күн  өткенде  ИЛ-10  орташа 
концентрациясы ең аз мəнге дейін азайды: ҚБО алынып тасталған науқастарда – 1,52 ±0,56 
пг/мл, ал ҚБА алынып тасталғаннан кейін – 1,64±0,65 пг/мл. АТ бойынша операция жасалған 
науқастардағы ИЛ-10 деңгейі осы кезеңде аздап төмендеді, операциядан кейінгі жуық арада 
ИЛ-10 концентрациясымен салыстырғанда 1,5±0,37 пг/мл құрады.
Аталмыш  зерттеуді  қорытындылай  келе,  қан  плазмасындағы  зерттелетін  цитокиндердің 
анықталу  жиілігі  АТ,  ҚБА  жəне  ҚБО  шалдыққан  науқастарға  қарағанда  сау  адамдарда 
анағұрлым  төмен.  ИЛ-1  ß  жəне  ИЛ-6  ең  жоғарғы  мəндері  қалқанша  бездің  папиллярлы 
обырына  қатысты  операция  жасалған  науқастарда  операциядан  кейінгі  жуық  кезеңде 
анықталды, қалқанша без аденомасы бар науқастарда ИЛ-10 жəне ФНО-а емдеуге дейін.
Қалқанша  без  аденомасына  шалдыққан  науқастардағы  ИЛ-10,  ФНО-а  мұндай  жоғары 
көрсеткіштері ағзаның компенсаторлық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.
Науқастардағы ИЛ-1 ß жəне ИЛ-6 жоғары мəндері қалқанша без обыры бойынша операция 
жасалған науқастарда операциядан кейінгі 5-күні ісікке қарсы иммунитетті бітіру үшін иммун 
жүйесін  белсенділендіру  жəне  ынталандыруы  мүмкін,  сонымен  қатар  операциядан  кейінгі 
3-5  тəулікте  барлық  хирургиялық  науқастарда  байқалатын  қабыну  процестерін  бейнелейді. 
ИЛ-10  ұлғаюы қалқанша  без  обыры жəне  қалқанша без аденомасы  барысында орындалған 
операцияның адекваттылығын анықтау критериі болып қызмет етуі мүмкін.
©Коллектив авторов, 2012
М.Т. Абенова, Б.К. Мустафина, М.Е. Тулеутаев, Б.С. Оразбеков
ГККП «Онкологический диспансер». Астана

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет