Астана Медициналық Журналы


ОПТИМИЗАЦИЯ КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ



Pdf көрінісі
бет6/47
Дата06.03.2017
өлшемі7,88 Mb.
#8419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

ОПТИМИЗАЦИЯ КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ
Л.Т.Зейнелова, Т.Қ.Рахыпбеков
Указанный  интегральный  показатель  управления  качеством  онкологической  службы  де-
монстрирует позитивные и негативные данные как по городу, так и по селу, где необходимо 
планировать оперативные и стратегические мероприятия по усилению противораковой рабо-
ты.
OPTIMIZATION OF MEDICAL CARE QUALITY
L. Zeinelova, T. Rakhipbekov
Detected integral indicator of direction by quality of oncology service demonstrates positive and 
negative data of city and regions, where the planning of operative and strategic measures should be 
done for improving of oncological service.  
 
Қ
азақстан республикасы денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы басты басымдықтардың 
бірі медициналық қызмет сапасын үздіксіз арттыру болып табылады /1/. Еліміздегі денсаулық 
сақтау  жүйесін  қазіргі  əлеуметтік-экономикалық  өрлеу  жағдайында  бүтіндей  жақсартуға 
əкелген жəне қазіргі кезде басталып кеткен денсаулық сақтау ісін реформалауда обырға қарсы 
күрестегі ұйымдастыру технологияларын жетілдіру, медициналық көмекпен қамтамасыз етуде 
онкологиялық диспансерлер қызметін оңтайландыру  ерекше мəнге ие  болып отыр  /2/. Егер 
соңғы  жылдары  еліміздің  денсаулық  сақтау  ісіндегі  тұрғындардың  медициналық  көмектің 
негізгі  түрлеріне  қол  жетімдікті  қамтамасыз  ететін  денсаулық  сақтаудың  республикалық 
жəне  аумақтық  бағдарламаларын  ресурстық  жəне  қаржылық  жағынан  қамтамасыз  етудегі 
алға  жылжушылықты  ескерсек,  мұндай  міндет  түсінікті.  Қазіргі  уақытта  медициналық 
көмек  сапасын  бағалау  мəселесі  денсаулық  сақтау  ісіндегі  бірден-бір  қиын  ғана  мəселе 
емес,    саясат  пен  стратегияға  тікелей  байланысты  аса  маңызды  міндеттердің  бірі  ретінде 
сипат алып отыр. Ол интенсификация өлшемі бойынша пайда болып, күн сайын өсуде, ол – 
денсаулық сақтау ісіндегі қарқынды жолдың өнімі. Бүгінгі күні медициналық көмек сапасы 
əртүрлі тұрғыдан қаралады – тиімділік, адекваттық, үнемділік, моральды-этикалық нормалар 
тұрғысынан.  Денсаулық  сақтау  ісінің  мақсаты  туралы  айтқанда,  тұрғындардың  денсаулық 
деңгейін  жоғарылатудың  жəне  олардың  сапалы  білікті  медициналық  көмекке  қажеттілігін 
қанағаттандырудың   басты мақсаты ретінде  аталады /3/. Медициналық  көмек сапасы –  бұл 
профессионалдың  біліктілігіне  негізделген  пациент  пен  дəрігер  арасында  өзара  байланыс 
ұстану,  яғни  оның  пациенттегі  аурудың  үдеу  қаупін  жəне  жаңа  патологиялық  процестің 
пайда болуын төмендету қабілеті,  медицина ресурстарын оңтайлы қолдану жəне пациенттің 
медициналық көмектен қанағат алуын қамтамасыз ету.
Алдыңғы  қатарлы  емдеу-аурудың  алдын  алу  мекемелерінің    диагностикалық    -  емдеу 
процестеріне  дұрыс  басшылықты  қамтамасыз  ететін  жəне  оны  бақылайтын  заманауи 
басқару  технологияларын  қолдануы,  аз  экономикалық  шығын  жұмсай  отырып,  аса  жоғары 
болжамды ғылыми нəтижелер алуға мүмкіндік туғызады.Осыған орай, сапаның интегралды 
критерилерін жасау туралы мəселе қою қажет.
МАҚСАТЫ
 Обырға қарсы жұмыстың бағытын анықтайды жəне динамикадағы негізігі көрсеткіштерді 
бақылап отыруды анықтайды. Интегралды көрсеткіштердің қалыптасу кезеңінде көпқырлы 
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
42
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

статистика 
əдістерін 
қолдана 
отырып,  көрсеткіштер  жүйесінің 
ішкі құрылымы анықталады.
Материалдар 
мен 
əдістер. 
2003-2007  жылдар  аралығындағы 
диспансерлік  бақылау  карталары, 
қатерлі  ісік  диагнозы  бірінші 
рет  қойылған  науқастар  туралы 
хабарлама,  №35  «Қатерлі  ісікке 
шалдыққан 
науқастар 
туралы 
есептеме» 
жылдық 
есептік 
формалар жəне №7 «Қатерлі ісік аурулары туралы есеп» формасы талданды. Статистикалық 
əдістер қолданылды. Интегралды критерилердің көмегімен 2003-2007 жылдар кезеңіндегі Семей 
өңірінің емдеу-алдын алу мекемелері жəне аудандық орталық ауруханалар қызметіне талдау 
жүргізілді.  Қала  жəне  аудандардың  емдеу-алдын  алу  мекемелерінің  онкопрофилактикалық, 
диагностикалық  жəне  ұйымдастыру  қызметі  сапасын  бағалау  критерилері  əрбір  визуалды 
локализация  бойынша  ерте  жəне  кеш  анықталу,  асқыну  көрсеткіштері  жəне  онкологиялық 
науқастардың  белсенді  анықталу көрсеткіші болып  табылады  /4/.  Бұл  көрсеткіштер жалпы 
емдеу  жүйелеріндегі  онкологиялық  науқастарға  көрсетілетін  медициналық  көмек  сапасын, 
басқаруды тікелей жəне объективті түрде ұйымдастырылуын көрсетеді. 
НƏТИЖЕЛЕР ЖƏНЕ ТАЛДАУ
Аталмыш  интегралды  коэффициент  ШҚ  Өңірлік  онкологиялық  диспансер  тəжірибесіне 
2005 жылы енгізілген. Əрбір облыстық орта көрсеткіш 10 балмен бағаланған. Көрсеткіштің 
нашарлауы немесе жақсаруы 1% балдық бағалауды +1 немесе -1 балға түзетуді қарастырады.
Сапаны бақылаудың интегралды  коэффициенті бойынша аудандарды ранжирлеу кадрлық, 
материалды – техникалық, əдістемелік-ұйымдастыру түріндегі іс-шараларды жоспарлаудағы 
басымдықты анықтайды. 
2007 жылға сапаны бақылаудың интегралды коэффициенті бойынша ауылдық аудандарды 
ранжирлеу  2-кестеде берілген. 
1 кесте. 2003 – 2007 жылдардағы Семей өңірі бойынша онкологиялық көмек 
көрсету нəтижелерінің орташа көрсеткіш индикаторлары
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
43

2 кесте. 2007 жылға сапаны бақылаудың интегралды коэффициенті бойынша 
ауылдық аудандарды ранжирлеу
3 кесте. Бүкіл Семей өңірі бойынша онкологиялық науқастарға медициналық 
көмек көрсету сапасын бағалау критериі
Аудандық  əрбір  орта  көрсеткіш  10  балға  бағаланған.  Ең  нашар  интегралды  коэффици-
ент  –  минусты  мəндер,  бұл  оларда  шұғыл  жүргізілуін  қажет  етеді,  облыс  аудандарындағы 
онкологиялық  қызмет көрсеткіштерінің  мəні  сəйкес  келгенде  аудандық орташа  интегралды 
коэффициент 70 тең келуі керек.
4 аудандық орталық ауруханада ол 70-тен төмен, ал біреуінде ол 40-тан төмен.
Ауыл бойынша интгералды критери 67,8 тең, бұл өңірлік орташа көрсеткіштен 2,2 балға 
аз, ал қала бойынша 3,7 балға аз.
Онкологиялық  қызмет  сапасын  басқарудың  көрсетілген  интегралды  көрсеткіші  обырға 
қарсы күрес жұмыстарын күшейту жөніндегі шұғыл жəне стратегиялық шараларды жоспар-
лауды қажет ететін, қала бойынша да ауыл бойынша да жағымсыз деректерді көрсетеді. 
Сонымен,  интегралды  аддитивті  критерий  жалпы  емдеу  жүйесіндегі  онкологиялық 
науқастарға  көрсетілетін  медициналық  көмектің  нəтижелілігін  бағалау  үшін  қолданылуы 
мүмкін;  АОА  жəне  қаланың  ЕПМ  онкопрофилактикалық,  диагностикалық  жəне 
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
44
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

ұйымдастырушылық  қызметі  сапасын  бағалау  критериі  қатерлі  ісікке  шалдыққан 
науқастардың  белсенді  анықталуы  ерте  жəне  кеш  анықталу  көрсеткіштері  болып  табыла-
ды; сапа индикаторы  эталонына облыс  бойынша көп жылдық  кезеңнің  бүтіндей көрсеткіш 
деңгейі алынған; медициналық мекемелердің балдық бағалану бойынша ранжирленуі облыс 
ЕПМ  онкологиялық  науқастарға  көрсетілетін  медициналық  көмек  сапасын  кешенді  түрде 
бағалауға, онкологиялық жағдай жөніндегі қауіпті анықтауға жəне шұғыл жəне стратегиялық 
шаралардың ба сымдығын анықтауға мүмкіндік туғызады. 
ƏДЕБИЕТ
1. Назарбаев Н.А. «Послание Президента Республики Казахстан к народу Казахстан-2030» 
Стр- 2 
2. Байгенжин А.К., Жузжанов О.Т., Ибраев С.Е.- Качество медицинской помощи - опыт, 
проблемы и пути совершенствования. Астана, 2006. Стр- 238; 
4.  Припачкина  А.П.,  Кравец  Б.Б.  Использование  интегрального  аддитивного  критерия 
для оценки качества онкологической помощи в общелечебной сети-  Проблемы управления 
здравоохранением. 2003 С. 59; 
5.  Кравец  Б.Б.,  Родцевич  О.А.,  Устинов  Е.Ю.,  Печерских  М.В.  Индикаторы  оценки 
качества  онкологической  деятельности  //  Научно-практический  журнал  «Врач-аспирант».  - 
2007. - (19). - С. 311-318 
© Авторлар ұжымы, 2012
Е.Т. Кашкинбаев., Ш.К. Хусаин, Д.Ш. Бердімбаев, М.М. Бахтин, Д.С.Жарлыганова 
«Астана медицина университеті» АҚ-тың Радиобиологиялық зерттеу институты
ПРОСТРАНСТВЕННАЯ РАСПРОСТРАНЕННОСТЬ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ 
ЗЛОКАЧЕСТВЕННЫМИ НОВООБРАЗОВАНИЯМИ НАСЕЛЕНИЯ СЕВЕРО-
КАЗАХСТАНСКОЙ И АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТЕЙ
Е.Т. Кашкинбаев., Ш.К. Хусаин, Д.Ш. Бердімбаев, М.М. Бахтин, Д.С.Жарлыганова
В  данной  статье  описана  пространственная  распространенность  заболеваемости 
злокачественными  новообразованиями  населения  Северо-Казахстанской  и  Акмолинской 
областей, 
составлены 
порайонные 
картограммы 
распространение 
заболеваемости 
злокачественными  новообразованиями  в  данных  областях  за  2006-2010  годы,  показана 
динамика заболеваемости в данных районах.
SPATIAL PREVALENCE OF POPULATION MALIGNANT TUMORS 
OF THE NORTH KAZAKHSTAN AND AKMOLA REGION
E. Kashkinbayev, Sh. Husain,  D. Berdymbayeva, M. Bakhtin, D. Zharlyganova
This article describes spatial prevalence of population malignant tumors of the North Kazakh-
stan and Akmola region, made maps   the spread of malignant tumors in the areas of these regions in 
2006-2010, shows the evolution of disease in these areas.
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
45

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) мəліметтері бойынша, жылына қатерлі 
ісік ауруларынан 7,5 миллионнан аса адам дүниеден өтеді, ол барлық өлім көрсеткіштерінің 
себептерінің  13%  құрайды ДДҰ мен барлық елдерді қатерлі ісік ауруларының алдын алу  
жəне емдеу бойынша глобальды стратегия дайындауға, жедел ісікке қарсы шаралар, жүргізу 
жайында резолюция қабылдады [1].
Қазіргі  жағдайда  əлемде  атом  энергетикасының  дамуы  жəне  медицинада  иондаушы 
сəулелерді қолдану қарқынды дамуда. Сонымен қатар, кейінгі жылдарда қосылған ядролық 
терроризм мен радиобелсенді қалдықтарды жою мəселелерін ұмытпаған жөн. Сан жағынан 
көбейіп келе жатқан ядролық нысандарда апаттардың болу мүмкіндігі де жойылған жоқ  [2-
5].
Соған  байланысты  қатерлі  ісік  түзілістерінің  патогенезінде  радиациялық  фактор  рөлін 
бағалау  мəселесі  аса  өзекті  болып  отыр.  Иондаушы  сəулеленудің  «төмен»  дозаларының 
əсеріне  кəсіби  қызметінің  үрдісінде  радиациялық  қауіпті  өндіріс  қызметкерлері  ұшырауы 
мүмкін. Бұл жағдайда сөз техногенді ластану мен радиациялық əсер ету эффекттерін талдау 
кезінде  олардың  əсер  ету  аймағында  мекен  ететін  халық  топтары  мен  көрсетілген  топтар 
персоналында эффекттерді салыстыру жүргізілуі керек.
Қазақстан Республикасында ресми тіркелген 35  радиоэкологиялық қауіпті нысандар бар. 
Солтүстік Қазақстанның кейбір аймақтары (СҚО, Ақмола обл.) мен уран өнеркəсібінің қызмет 
етуімен,  полиметалл  кендерін  өндіру  мен  қайта  өңдеумен  байланысты  радиоэкологиялық 
қолайсыз  аймақтарға  жатады  [6].  Сонымен    қатар  аталған  облыстарда  қатерлі  ісік 
аурушаңдығының көрсеткіштері соңғы жылдарда жоғары екендігі көрсетілген [7].
Сонымен, Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарының радиоэкологиялық қолайсыз 
аймақтарға жататыны белгілі. Сондықтан, аталған облыстарда радиоэкологиялық мониторинг 
жəне де сол аймақтарда тұратын халық топтарының денсаулық жағдайына бақылау жұмыстары 
жүргізіліп отырылуы тиіс. 
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ
2006-2010  жж  аралығында  Ақмола  жəне  Солтүстік  Қазақстан  облыстары  тұрғындары 
арасында  қатерлі  жаңа  түзілімдердің  аурушаңдығының  жас-жыныстық  ерекшеліктерін 
зерттеу. 
МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ƏДІСТЕРІ
Зерттеу объектісі. Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облысы тұрғындары.
Облыстық  онкологиялық  диспансерлердің  ресми  жылдық  есептерінің  нақтыланған 
мəліметтері  –  2006  –  2010  жж.  «Қатерлі  ісік  арулары  жөніндегі  есебі»  (уч.ф.№61-ж  жəне 
28.05.2003 ж. ҚР статистикалық агентігінің бұйрығымен бекітілген №7 есеп формасы). 
Қазақстан Республикасы статистика бойынша  Агенттігі 2006 – 2010 жж. аралығындағы 
облыстағы халық саны сонымен қатар  жас- жыныстық құрамының мəліметтері. 
Қатерлі  жаңа  түзілімдермен  аурушаңдықты  зерттеу  кезінде  негізгі  əдіс  ретінде  қазіргі 
заманғы  онкоэпидемиологияның  дескриптивті  жəне  аналитикалық  əдістерін  қолданумен 
ретроспективті зерттеу қолданылды. Аурушаңдық экстенсивті жəне шамаланған көрсеткіштер 
қазіргі  заманғы  санитарлық  статистикада  қолданылатын  жалпымен  қабылданған  əдістеме 
бойынша анықталған [8]. 
НƏТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР
Қазіргі онкоэпидемиологияда, зерттеу нəтижелерін жақсы меңгеру үшін диаграмма, кар-
тограмма жəне картодиограмма түріндегі графикалық суреттер жиі пайдаланылады. Қатерлі 
ісіктердің  аудандық  таралу  картограммасы  1974  ж.  С.И.  Игисиновтың  ұсынған  əдісімен 
жасалынды. Бұл əдіс орташа арифметикалық (X›) мəннің  орташа квадраттық (δ)  ауытқуын 
анықтау жолымен жүргізіледі.
 
Зерттелінген  аумақтарда  аурушаңдықтың  орташа  жылдық  көрсеткіштері  анықталып, 
2002-2006  жж.  қатерлі  ісіктердің  аурушаңдығының  көрсеткіштері  алдын-ала  есептелінді. 
Соның негізінде қатерлі жаңа түзілімдердің жалпы үлесі мен ісіктердің жеке түрлері бойынша 
таралуының карторгаммасы құрастырылды.
Ақмола облысы аумағы – 146,2 мың шаршы метр, ол республика аумағының 5,4 пайызын 
құрайды.  2008  жылғы  01.01.  жағдай  бойынша  облыс  тұрғындары  -  747,2  мың  адам,  оның 
ішінде,  қала  тұрғындары  –  333,4.  адам  (44,6%)  ауыл  тұрғындары  –  413,8  адам  (55,4%). 
Халықтың тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы м 5,1 адамды құрайды.  
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
46
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

Ақмола  облысының  құрамында  облыстық  маңызы  бар  Көкшетау  жəне  Степногорск 
қалалары,  17  ауылдық  аудан,  аудандық  маңызы  бар  8  қала  (Ақкөл,  Атбасар,  Державинск, 
Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучье), 14 кент жəне 244 ауылдық округ бар. 
Ақмола  жəне  Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  барлық  халықтың    қатерлі  ісіктер 
аурушаңдығының таралу катограммасы, олардың əр ауданда біркелкі емес орналасқандығын 
анықтауға  мүмкіндік  берді.  Аурушаңдық  көрсеткіштерінің  нəтижесі  бойынша  интенсивті 
көрсеткіштер  есептелінді.    Нəтижесінде  аурушаңдық  көрсеткіштері  төрт  бағанға  бөлінді, 
төмен (0-100%
000
), орташа (100-200%
000
), жоғары (200-300%
000
) жəне аса жоғары (300%
000
-ден 
жоғары).
Төмен  көрсеткіш  Қорғалжын  ауданында  (64,6%
000
)  анықталды,  орташа  көрсеткіштер 
Ақкөл  (182,4%
000
),  Астрахан  (166,6%
000
),  Ерейментау  (121,4%
000
),  Есіл  (196,8%
000
),  Жақсы 
(173,7%
000
),  Целиноград  (101%
000
),  Шортанды  (126,2%
000
)  аудандарында  анықталды,  ал 
жоғары  көрсеткіштер  Степногор  қ.  (264%
000
),  Аршалы  (202%
000
),  Атбасар  (213,7%
000
),  Бу-
ланды  (218,2%
000
),  Егіндікөл  (204,9%
000
),  Еңбекшілдер  (207,5%
000
),  Жарқайың  (207%
000
), 
Зеренді  (246,6%
000
),  Садықтау  (251,8%
000
),  Щучинск  (233,3%
000
)  аудандарында,  аса  жоғары 
көрсеткіштер тек қана Көкшетау қаласында (301,6%
000
) анықталды. 
Сурет 1.  2006-2010 жж. Ақмола облысы бойынша барлық қатерлі ісік аурушаңдығы 
таралуының аудандық картограммасы
Зерттеу  уақыты  аралығында  Ақмола  облысы  аудандарда  қатерлі  ісіктердің  аудандық 
таралуының динамикасында (21 сурет), Көкшетау қаласында 324,7%
000
-ден (2006 ж), 277%
000
-
ге (2010 ж.) дейін төмендеді, кему ырғағы -14,6%, Степногор қаласы 234,2%
000
-ден, 300,7%
000
-
ге жоғарылады, өсу ырғағы 28,3%, Ақкөл ауданында 123%
000
-ден, 181,5%
000
-ге жоғарылады, 
өсу ырғағы  47,5%,  Аршалы  225,8%
000
-ден,  220,6%
000
-ге  дейін  төмедеді,  кему  ырғағы -2,3%, 
Астрахан  ауданында  115,9%
000
-ден,  235,4%
000
-ге  жоғарылады,  өсу  ырғағы  103,1%,  Атба-
сар  ауданында    218,6%
000
-ден,  204,6,  235,4%
000
-ге  төмендеді,  кему  ырғағы  -6,4%,  Бұланды 
ауданында  218%
000
-ден,  207,6%
000
-ге  кему  ырғағы  -4,7%,  Егіндікөл  ауданында  226,8%
000
-
ден,  209,1%
000
-ге  төмендеді,  кему  ырғағы  -7,8%,  Еңбекшілдер  ауданында  213,4%
000
-ден, 
241,4%
000
-ге жоғарлады, өсу ырғағы 13,1%, Ерейментау ауданында 117,7%
000
-ден, 128,9%
000
-ге 
жоғарылады, өсу ырғағы 9,5%, Есіл ауданында 216,4%
000
-ден, 214,7%
000
-ге дейін төмендеді, 
кему ырғағы -0,7%, Жақсы ауданында211%
000
-ден, 179,1%
000
-ге дейін төмендеді, кему ырғағы 
-15,1%, Жақайың ауданында 218,9%
000
-ден, 181,5%
000
-ге дейін төмендеді,  кему ырғағы -17,0%, 
Зеренді  ауданында  211,8%
000
-ден,  247,7%
000
-ге  жоғарылады,  өсу  ырғағы  16,9%,  Қорғалжын 
ауданында 120,3%
000
-ден, 61,1%
000
-ге дейін төмендеді,   кему ырғағы -49,2%, Сандықтау ау-
данында 216,1%
000
-ден, 299,5%
000
-ге жоғарылады,  өсу ырғағы 38,5%, Целиноград ауданын-
да 126,3%
000
-ден, 74,5%
000
-ге дейін төмендеді,    кему ырғағы -41,0%, Шортанды ауданында 
115%
000
-ден,  148,5%
000
-ге  жоғарылады,      өсу  ырғағы  29,1%,  Щучинск  ауданында  219,3%
000
-
ден, 225%
000
-ге жоғарылады, өсу ырғағы 2,5%-ды құрады. 
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
47

Сурет  2.  2006-2010  жж.  Ақмола  облысы  бойын-
ша  барлық  қатерлі  ісік  аурушаңдығының  аудандық 
таралуының динамикасы
Солтүстiк 
Қазақстан 
облысы  (СҚО)  аумағы 
– 
97,99  мың  шаршы  метр,  ол 
республика  аумағының  3,6 
пайызын  құрайды.  Əкімшілік 
орталығы  –  іргетасы  1752 
жылы  қаланған  Петропавл 
қаласының  2011  жылғы  1 
қаңтарда  облыс  орталығында 
халық  саны  –  203,3  мың 
адам.  Облыстың  құрамында 
облыстық 
маңызы 
бар 
Петропавл 
қаласы, 
13 
ауылдық 
аудан, 
аудандық 
бағыныстағы 
қалалар 
4, 
селолық  (ауылдық)  округтер 
208 бар. 
Зерттелінген уақыт аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аудандары халқының қатерлі 
ісік  аурушаңдығы  бойынша,  төмен  көрсеткішті  аудан  анықталмады,  орташа  көрсеткіштер 
Айыртау (180,5%
000
), Ақжар (110,2%
000
), Жамбыл (193,4%
000
), Тайынша (173,4%
000
), Тимиря-
зев  (176,2%
000
),  Уалиханов  (113,3%
000
),  Мүсірепов  (172,4%
000
)  аудандарында  анықталды,  ал 
жоғары көрсеткіштер Жумабаев (218,3%
000
), Есіл (247,8%
000
), Қызылжар (235,7%
000
), Мамлют 
(247%
000
),  Шал  ақына  (233,4%
000
),  Аққайын  (251%
000
),  аса  жоғары  көрсеткіштер  Петропавл 
қаласында (378,6%
000
) анықталды (2 сурет).
Сурет 3. 2006-2010 жж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық қатерлі ісік 
аурушаңдығы таралуының аудандық картограммасы
Зерттеу  уақыты  аралығында  Солтүстік  Қазақстан  облысы  аудандарда  қатерлі  ісіктердің 
аудандық таралуының динамикасында (сурет 23), Петропавл қаласында 394,6%
000
-ден (2006 
ж),  376,3%
000
-ге  (2010  ж.)  дейін  төмендеді,  кему  ырғағы  -4,6%,  Айыртау  қаласы  198,7%
000
-
ден, 213,1%
000
-ге жоғарылады, өсу ырғағы 7,2%, Ақжар ауданында 117,1%
000
-ден, 111,9%
000
-ге 
төмендеді, өсу ырғағы -4,4%, Жумабаев 191,2%
000
-ден, 275,3%
000
-ге жоғарылады, өсу ырғағы 
43,9%,  Есіл  ауданында  242,8%
000
-ден,  284%
000
-ге  жоғарылады,  өсу  ырғағы  16,9%,  Жамбыл 
ауданында    187,2%
000
-ден,  202,5%
000
-ге  жоғарылады,  өсу  ырғағы  5,4%  ,  Мамлют  ауданында 
207,6%
000
-ден, 309,7%
000
-ге, жоғарылады, өсу ырғағы 49,1%, Шал ақына ауданында 266%
000
-
ден, 302,8%
000
-ге жоғарылады, өсу ырғағы 13,8%, Аққайың ауданында 238,6%
000
-ден, 285%
000
-
ге жоғарлады, өсу ырғағы 19,4%, Тайынша ауданында 147,8%
000
-ден, 212,9%
000
-ге жоғарылады, 
өсу  ырғағы  44,0%,  Тимирязев  ауданында  189,6%
000
-ден,  175,6%
000
-ге  дейін  төмендеді,  кему 
ырғағы -7,3%, Уалиханов ауданында 113,4%
000
-ден, 174,4%
000
-ге жоғарылады, өсу ырғағы 53,7 
%,  Целиинный  ауданында  169,5%
000
-ден,  206,1%
000
-ге  жоғарылады,  өсу  ырғағы  21,5  %  -ды 
құрады. 
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
48
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  

Сурет  4.  2006-2010  жж.  Солтүстік  Қазақстан  об-
лысы  бойынша  барлық  қатерлі  ісік  аурушаңдығы 
таралуының динамикасы
Сонымен,  қатерлі  ісіктердің 
аудандық 
таралуын 
зерттеу 
бойынша, 
Ақмола 
облысында 
төмен 
көрсеткіш 
Қорғалжын 
ауданында 
анықталса, 
орта-
ша 
көрсеткіштер 

ауданда 
анықталды,  жоғары  көрсеткіштер 
9  аудан  жəне  1  қалада,  ал  аса 
жоғары  көрсеткіштер  тек  қана 
Көкшетау  қаласында  (301,6%
000

анықталды. 
 
 
Солтүстік 
Қазақстан  облыстарында  төмен 
көрсеткішті  аудан  анықталмады, 
орташа 
көрсеткіштер 

ауданда 
анықталды, 
жоғары 
көрсеткіштер  6  ауданда,  ал  аса 
жоғары  көрсеткіштер  Петропавл 
қаласында (378,6%
000
) анықталды. 
ƏДЕБИЕТ
1.  Ушакова  И.В.,  Эпидемиология  рака  желудка  в  регионе  Сибири  и Дальнего востока  и 
Иркутской области., Томск – 2009.
2.  Ильин  Л.А.  Предисловие  к  пособию  «Радиационная  медицина.  Руководство  для  вра-
чей-исследователей,  организаторов  здравоохранения  и  специалистов  по  радиационной  без-
опасности». Под общ.ред. Л.А. Ильина. В четырех томах. I. Теоретические основы радиаци-
онной медицины. — М.: Изд. AT. 2004. С. 15-18,
3.  Ильин Л.А., Иванов А.А., Кочетков О.А. и соавт. Техногенноеоблучениеибезопасность-
человека. — М: ИздАТ, 2006, 304 с.
4.  International Commission on Radiological Protection. ICRP Publication 103. The 2007 Rec-
ommendations of the International Commission on Radiological Protection. Annals of the ICRP. Ed. 
by J. Valentin. - Amsterdam, New York: Elsevier, 2007, 329 pp.
5.  Наркевич Б.Я., Костылев В.А., Левчук А.В. и соавт. Радиационная безопасность в ме-
дицинской радиологии. Часть 3. Обеспечение радиационной безопасности персонала, насе-
ления и окружающей среды. // Мед.радиол, и радиац. безопасность, 2009, 54, № 4, С. 14-24
6.  Казымбет  П.К.,  Белоног  А.А.,  Имашева  Б.С.  и  др.  Комплексное  радиоэкологическое 
исследования уранодобывающих территорий и близлежащих населенных пунктов северного 
Казахстана. Астана медициналық журналы. -2005.-№3.-С.61-65
7.  Сейтказина Г.Д., Мирманова Г.Ж., Ажмагамбетов А.Е., Сейсенбаева Г.Т., Оспанов М.А. 
Заболеваемость  злокачественными  новообразованиями  в  Северном  регионе  Казахстана.  // 
Матер. VI съезда онкологов и радиологов стран СНГ№ 1-4 октября 2010, г. Душанбе. – с. 28.
8.  Мерков А.М., Поляков Л.Е. Санитарная статистика.  Медицина. 1974. 384 с.
САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
2012, №3(71) Астана медициналық журналы  
49

© Авторлар ужұмы, 2012
Е.Т. Кашкинбаев., М.М. Бахтин, А.А. Габдрахов, Д.С. Жарлыганова,  З.А. Аханова 
       «Астана медицина университеті» АҚ-тың Радиобиологиялық зерттеу институты
           Астана қ.  РМҚК «Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығы»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет