өз бойына балаларды оқыту мен тəрбиелеудiң барлық мақсаты, мiндетi, мазмұны, түрлерi
мен тəсiлдерiн жинақтаған педагогикалық талдаудың негiзгi объектiсi ең алдымен сабақ, сыныптан
тыс шаралар жəне мектептiң оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық
объектiсiн бiрiктiрушi - ортақ əдiстемелiк жүйе болып табылады.
Мектептi басқарудың қызметi ретiнде педагогикалық талдаудың жүйелiк ыңғайының
əдiстемесi мен қисыны мынадай əрекеттердiң сабақтастығынан аңғарылады: -сабақты, тəрбиелi
шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелiк бөлiгi ретiнде қарастыру, яғни олардың
рөлiн сабақтар, тəрбиелiк шаралар жүйесiндегi жəне осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу
жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;
-(педұжым, оның педагогикалық мəдениет деңгейi, мектептегi моральдiк-психологиялық ахуал
жəне т.б.) тиiмдiлiгiн айқындайтын жиынтық факторларды табу;
- оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негiзгi бағыттарының мазмұны мен түрiн,
əдебиеттiң мақсат-тылығы мен негiздiлiгiн айқындау;
- оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тəрбиелiк шаралар нəтижесiн талдау;
- оларды ұйымдастырудағы кемшiлiктер мен жетiстiктердiң негiзгi себептерiн айқындау;
- жаңа оқу жылында жүргiзiлетiн кешендi жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар
жасау.
Мектеп басшыларының үнемi назарында болатын нысан - сабаққа қатысу жəне оған
педагогикалық талдау жасау. Мектептiң даму тарихында басшылардың сабаққа енуiнiң ақылға
сиятын да, сыймайтын да нормативi болды. Бiрақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған
талдаудың сапасына тiкелей əсер ететiндiгi ақиқат.
Мектеп басшыларының басқару қызметiнде сабаққа талдау жасаудың кеңейтiлген, қысқа
жəне кезендiк түрлерi кеңiнен қолданылады.
Сабаққа кеңейтiлген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тəрбиелiк,
дидактикалық, психология-лық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет
етедi. Талдаудың бұл түрi жұмысты жаңа бастаған мұғалiмдерге, белгiлi бiр қиындыққа тап болған
мұғалiмдерге немесе iс-тəжирибесi арнайы зерттелетiн мұғалiмдердiң сабағына баға беруде
қолданылады.
Сабаққа қысқа талдау жасау директор, оқу iсiнiң меңгерушiсi немесе əдiскер тарапынан
ұсыныс не ескерт-пенi барынша объективтi етiп берудi талап етедi. Сабаққа қысқа талдау жасау -
атүстi талдау, немесе сабаққа көз алдау үшiн қатысу емес, талдаудың бұл түрi мұғалiм тұлғасын
жақсы бiлу, жоғары əдiстеменiң жəне басқару мəдениетiн талап етедi.
Кезеңдiк талдау сабақтың белгiлi бiр кезеңiн, мысалы оқушылардың таным белсендiлiгiн
артыруда көрнекiлiк қолдану, немесе мұғалiмнiң үй тапсырмасын тексеру жұмысы, немесе сабақ
барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау еркшелiгiн қамтиды.
Мектеп басшысының талдамалық қызметiнде тəрбиелiк шараларға педагогикалық талдау
жасау маңызды орын алады. Бұрын атап өтiлгендi, тəрбиелiк шаруалар iске асу процесiнде
балалар қатысатын ұйымдық, пəндiк, шығармашылық əрекеттер сияқты бiр-бiрiмен өзара
байланысты бiрнеше кезеңдерден тұрады.
Тəрбиелiк шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерiнiң
бiрiздiлiкпен iске асуынан көрiнедi. Кезеңдердiң бiрiздiлiгi былай iске асады: тəрбиелiк шараның
мақсатымен мiндеттерiн, iске асыру түрiн бiрлесiп дайындау; бiрiгiп жоспарластыру; оқушы-
лардың дайындыққа тартылуы жəне мұғалiмдердiң педагогикалық басшылығының ерекшелiктерi;
тəрбие iсiн тiкелей жүргiзу; бiрлесiп қорыту жəне талдау жасау.
Мектептiң жəне оның басшыларының жұмыс тəжирибесiн зерттеу тəрбие iсiне
педагогикалық талдау жасаудың барысында мынадай мүмкiн мəндi нұсқа ұсынуға болады:
Тəрбие iсiн мақсатына талдау;
Тəрбие iсiнiң тақырыбына, осы iске асырудың түрiне талдау, аталған шараның сынып,
мектептiк тəрбие жүйесiндегi орнын анықтау;
Тəрбиелiк iстiң өтетiн орнын бағалау, аудиторияны безендiру, пайдаланылатын
құралдардың сапасы мен күтiмi;
Тəрбиелiк iстiң əрбiр кезеңiне талдау (кезекшiнiң тəрбиенi мiндеттi iске асыруы, кезек
мiндеттерiнiң мазмұнға сай келуi қолданылған əдiстердiң тиiмдiлiгi, кезең нəтижесiнде талдау);
Тəрбиелiк шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын
қалыптастыру, өзiн-өзi басқаруын дамытуына талдау;
Мұғалiм, сынып жетекшiсiнiң қызметiне, педагогикалық шеберлiгiне тəрбиешiнiң тəрбие
процесiн басқарудағы бiлiктiлiгi мен кəсiпқойлығына, беделi,
педагогикалық əзiрлiгiне баға беру;
Тəрбие iсiнiн жүргiзудегi кемшiлiктерi оның себептерi;
Сынып жетекшiсiне, мұғалiм мен тəрбиешiге тəрбие процесiн жетiлдiруiне ұсыныс, ақыл-
кеңес беру.
Мектептiң оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытынды талдауының негiзгi мазмұнын
мынадай басты бағыттар құрайды:
Оқыту сапасы – мұғалiмдердiң қажеттiк дайын-дығының дамыта оқыту талаптарына сай
болуы;
Бiлiм беру бағдарламалары мен стандарттардың орындалуы; оқытудың белсендi түрлерi
мен əдiстерiн қолдану; сабақтың тəрбиелiк мүмкiндiгiн iске асыру; тұлғалық ерекшелiктер мен
дербестiк нышандарды дамыту; оқушылардың бiлiм, дағды, iскерлiгiн бағалаудың шараларын
сақтау;
Оқушылардың бiлiм, iскерлiк дағдысының сапасы – көлемi, тереңдiгi, жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi,
танымды-лығы; оқушылардың жалпы бiлiм берудiң барлық сатысындағы бiлiм сапасы; оқушылар
бiлiмiндегi типтiк олқылықтар мен олардың себептерi; оқушылардың компьютерлiк бiлiмi жəне т.б.
Оқушылардың тəрбиелiк деңгейi; мектептегi əдiстемелiк жұмыстың жағдайы мен сапасы;
Ата-аналармен жəне қоғамдық ұйымдармен тиiмдiлiгi;
Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мəдениет;
Мектеп кеңесiнiң, педагогикалық кеңес қызметiнiң нəтижелiгi; он бiр жылдық оқу жəне
тəрбие циклындағы мектеп жұмысы; мектептiң есептi баяндамасы.
Қорытынды талдау жасау оның объективтiлiгi, тереңдiгi, перспективлiгi жаңа оқу жылының
жоспарын жасауға дайындық қызметiн атқарады.
3. Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу жəне жоспарлау
Кез келген педагогикалық процестi басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады.
Педагогикалық жүйенiң үнемi қозғалыста, үнемi даму үстiнде болуы оқу-тəрбие жұмысында
мақсат қою мен жоспарлауды жетiлдiрiп отыруды қажет етедi. Əрине, тəрбиеленушiлердiң
бойында белгiлi бiр қасиеттiң қалыптасуын дəл белгiлеу, жоспарлау мүмкiн емес. Ал жоспарлау
жеке тұлғаның барынша жəне жан жақты дамуына қолайлы объективтi жағдай туғызуы тиiс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер қоғамның алдындағы
жалпы мiндеттер мен мақсаттардың көрiнiсi болып табылады. Мақсат жоспардың өзегi
болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының да əрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты
– жұмыс түрлерi мен тəсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелiгi бұл жерде қоғамның объективтi
талаптарын бiлу жеткiлiксiз.
Бiр жерде басқару əрекетiнiң жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелiгi мен
дербес-психологиялық ерекшелiктерiн ескерiп белгiлеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты
тармақталған ''ағашқа'' теңейтiн болсақ ''басты'' мақсат оның дiңi болып шығады. Сондықтан
оның педагогикалық процестiң басты мақсаты жекелеген мақсаттардың iске асуы есебiнен нəтиже
беретiнiн ұмытпау қажет.
Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер, оқушылардың да осы
жұмысқа тартылуы, оладың əрқайсысының педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет,
жауапкершiлiк арқалауына жағдай жасайды.
Мақсат қоюды осылай түсiну кешендi мақсатты бағдарламаны iске асыратын
жоспарластыруға мүмкiндiк бередi. Кешендi мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының
қысқартылған моделi емес, ол мектептiң жалпы жоспарынан бөлiп алынған барынша маңызды 3-4
мəселенi нақтылана түскен бөлiгi.
Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсiнiктемесi болады;
оның жалпы мектептiк жоспардағы орны; басты мақсаты, мiндеттер жүйесi; мақсатқа жету
көрсеткiштерi; орындалу мерзiмi; мiндеттi орындауды басқарудың мəлiметпен қамтамасыз етiлуi;
бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгiзiлген
түзету.
Мектептегi басқаруды жоспарластыру зерттейтiн құбылысқа жасалған педагогикалық
талдаудың негiзiнде iске асатын мақсатты бағдарлама деп бiлемiз. Бұл жерде жоспар түрiнде
қабылданған шешiм ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы iстердi шешуге бағытталуы
мүмкiн. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы
деп бөлiп қарастырамыз.
Мектеп жұмысы жоспарының түрлерi жəне оған қойылатын негiзгi талаптар
Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын,
үздiксiз-дiгiн қамтамасыз ететiн бiрқатар талаптарды сақтауды қажет етедi. Ол ең алдымен
мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегенiмiз белгiлi бiр
мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мəнi педагог жəне оқушылар ұжымы
жұмысының негiзгi бағыттарын дамытып жəне тереңдетiп, мектеп жұмысының барлығы
тəжiрибесiн есепке алу деген сөз. Бұл мұғалiм, сынып жетекшiсi, қоғамдық ұйымдар
əрекетiне жəне мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап бiрiншiден мақсаттың жақындығы,
түсiнiктiлiгi, қолайлы-лығы сияқты сезiмдiк сипатын бiлдiрсе, екiншiден стратегия ретiнде
мақсаттың ұзақ мерзiмдiлiгiн, сонымен бiрге iске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал,
жоспарластыруға қойылатын комплекстiлiк талап жоспарды түзу барысында əртүрлi құралдар,
əдiс, тəсiлдер мен əрекет түрлерiн бiртұтас байланыста қарастыруды қажет етедi. Ендiгi бiр талап
түрi объективтiлiк. Ол мектеп қызметiнiң объективтi жағдайын, орналасқан жерiн, қоршаған табиғи,
əлеуметтiк ортасын, педагог жəне оқушылар ұжымының мүмкiндiктерiн ескерудi қажет етедi.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негiздемесiнiң жетiмсiздiгiне,
шашыраңқылығына, мектеп-тегi өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлес-пеушiлiкке
апарып соғады. Мектептердiң тəжирибесi көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы
ретiнде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жiгерi жақсы жоспар жасауға
жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етiлмейдi.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негiзгi үш түрi кең қолданылады:
перспективалық, жылдық жəне ағымдық.
Перспективалық жоспар мектептi соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау
негiзiнде бес жылға жасалады.
Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкiн:
1. Жоспарластырған мерзiмдегi мектептiк мiндеттерi.
2. Оқушылар контингентiнiң жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкiндiгiнiң
перспективасы.
3. Оқу-тəрбие процесiн жаңалаудың, педагогикалық инновация еңгiзудiң перспективасы.
4. Мектептiң педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер жəне т.б.)
6. Мектептiң материалдық-техникалық базасы мен оқу-əдiстемелiк жарақтандырылуын дамыту
(құрылыс жұмыстары, ЭЕТ жəне компьютер жабдықтары, кiтап қорын толықтыру, кабинет
безендiру).
7. Оқушылар мен мұғалiмдердi əлеуметтiк қорғау, олардың тұрмысын, еңбек жəне демалыс
жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкiл оқу жылын қамтиды. Мектептiң жұмыс
жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бiрнеше кезеңдi қамтиды. Бiрiншi
кезеңде (бiрiншi оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен бiлiм беру,
соның iшiнде жоспарластыруға да қатысты теория-лық жəне əдiстемелiк, нормативтiк жəне нұсқау
сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екiншi кезеңде (екiншi оқу тоқсаны) директордың
басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажеттi мағлұмат көздерiн тауып, мəлiмет
жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшiншi кезеңде (үшiншi оқу тоқсаны) жинақталған
мəлiметтер
талданады,
комиссия
мүшелерiнiң
есептерi
талданады,
қалыптасқан
қиындылықтардың себебi айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртiнiшi
кезеңде (төртiншi тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу
жылының алғашқы педкеңесiнде мектептiң жұмыс жоспары бекiтiледi.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептiк жоспарды нақтылау үшiн оқу тоқсанында жасалады.
Осылайша жоспарлардың негiзгi түрлерi педагог, оқушы жəне ата-аналар ұжымдарының əрекетiн
үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жоспарлар мұғалiмдер мен сынып жетекшi-лерiнiң жұмысы үшiн
стратегиялық жоспар болып табылады.
Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының үлгi мазмүны
Мектептердiң жылдық жоспарларының түрлi нұсқаларын жинақтай келiп, жоғарыда
жоспарластыруға қойылған талаптарды ескерiп, жылдық жоспардың мынадай үлгi жоспарын
көрсетуге болады:
1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы жəне жаңа оқу жылының
мiндеттерi.
2. Мектеп ұжымының жалпы бiлiм қорының жұмысын атқаруы.
Жұмыс жоспарының бұл бөлiгiнде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту
мүмкiндiгi ескерiледi. Мектеп оқушылардың жалпы орта бiлiм алуына бағытталған шараларды
жоспарластырады. ҚР ''Бiлiм туралы'' заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-
анасы жоқ, қамқорлыққа зəру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар
бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тəрбиесi қиын оқушыларға көмек көрсету
мəселелерi де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-
шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиiс.
3. Педагогикалық ұжымның оқу-тəрбие процесiнiң сапасын көтеру қызметi
Оқушы мен мұғалiм қызметiнiң барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл
бөлiмiнiң көлемi барынша мол болады. Бұл, əсiресе, бiлiмнiң, дағдының iскерлiктiң сапасын
қамтамасыз ету, ол үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың жаңа түрлерiн қолдану, оқытуды
дербестендiру жəне жiктеу болып табылады. Сыныптан тыс жəне сабақтан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мəдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметiнiң алуан
түрлiлiгi оқушылардың өзiн-өзi басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың
''Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенция-сына'' сəйкестiгi.
4. Мектептiң, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тəрбиесiндегi
бiрлескен жұмыстары. Мектептiң ата-аналардың педагогикалық бiлiмiн көтерудегi жұмыстары. Бұл
жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бiрлескен əрекетiндегi мектептiң
ұйымдастырушы орталық ретiндегi рөлiн нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы
мен мектеп кеңесiнiң жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептiк педагогикалық
конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшiн ашық есiк күндерi енедi.
Ата-аналарды үйiрме, секция, студия жəне т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшiсi ретiнде
оқушылардың тəрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргiзу де
осы бағыттың мазмұнын құрайды.
5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кəсiптiк
дайындығының деңгейiне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп
ұжымының жалпы мектептiк ғылыми-əдiстемелiк мəселелермен - семинар, конференция, педоқу,
əдiсте-мелiк кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткiзу. Озық педагогикалық тəжiрибе
мектебiнiң жұмысын жолға қою. Пəн мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң əдiстемелiк
бiрлестiктерi қызметiнiң мазмұнын айқындау. Педагогикалық тəжiрибенi зерттеу, жинақтау жəне
таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық
инновацияны бағалау жəне енгiзу.
6. Мектепiшiлiк бақылау жүйесi. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы iс-əрекет
бағдарламасы қарас-тырылады.
7. Мектептiң оқу-материалдық базасын нығайту мектептiң материалдық құндылықтары, оқытудың
техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу
кабинеттерiн безендiру жəне қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен
жүргiзiлетiн сабақ жұмыстарын жетiлдiру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен
айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кiтапханасының қорын
толықтыру. Мектептi ағымдағы жəне күрделi жөндеуден өткiзудiң бағдарламасы.
8. Ұйымдық-педагогикалық iс-шаралар. Жоспардың бұл бөлiмiнде мектеп кеңесi отырысының,
педагогикалық кеңестiң,өндiрiстiк жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары
арасында мiндет бөлiсiледi, мектептiң бiртұтас жұмыс тəртiбi, кезекшiлiк кестесi анықталады, оқу
жүктемесi, сынып жетекшiлiгi, кабинет меңгерушiлiгi жəне т.б. бөлiнiп берiледi.
Бiртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметiн iске асыру мектеп қызметiнiң
тиiмдiлiгiн арттырады.
4. Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет
Қабылданған шешiмдердi iске асыруда оған қажеттi жүйенi iске қосу, оның түрлi
компоненттерiнiң өзара тиiмдi əрекеттесуiн қамтамасыз ету үшiн ұйымдастыру кезеңi қажет.
'' Ұйымдастыру'' ұғымы бiрнеше мағынада қолданылады. Бiрiншiден, өткiзiлген сабақтың
сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тəрбие процесiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң
жағдайына берiлген баға ретiнде қолданылады. Екiншiден, ұйымдастыру ұғымы мектеп
басшыларының, мұғалiмдердiң, оқушылардың өзiн-өзi басқару органдарының белгiленген
жоспарды iске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған, жалпы тұтас
педагогикалық процестi басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Адамның ұйымдастырушылық қызметi өзiнiң табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-
педаго-гикалық бiлiмдердi шұғыл қолдана алуға негiзделген практикалық қызмет. Əрiптестермен,
оқушылармен тұрақты түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушыл-дық қызметке бiршама
танымалдық бағдар бередi. Ұйымдастыру қызметiн жетiлдiрудi жоспарлауда мектеп басшысы
тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру, мектеп менеджерлерiн дайындау жүйесi сияқты
мектепiшiлiк менеджмет идеяларын қолдану мүмкiн.
Мектеп басқарудағы ұйымдастыру қызметiнiң мазмұны Ұйымдастыру қызметi
қабылданған шешiмдердi iске асыруға бағытталады. Ал оны нақты – мұғалiмдер, балалар, ата-
аналар, жұртшылдық өкiлдер атқарады. Сондықтан кез келген iстi ұйымдастырғанда оны адам-
дық фактордың мүмкiндiгiн пайдалану жəне iске асыру тұрғысынан бағалаған орынды.
Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала iрiктеу, оларды жұмыс орны, уақыты жəне
ұжымдық iске қатысу реттiлiгiмен бөлу сияқты мəселелердi шешедi. Алдағы iс-əрекеттiң
мазмұнын, түрi мен əдiстерiн таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкiндiгiн
арақатынасын айқындау қажет. Бұл жерде нақты жағдай ретiнде əрекетке қажеттi еңбек
заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетiн орны жəне т.б. компонеттердi атауға
болады. Басшының ұйымдастыру қызметiнiң құрамында алдағы əрекеттi дəлəлдеу, нұсқау беру,
тапсырманы орындаудың қажеттiлiгiне деген сенiм қалыптастыру, педагогикалық жəне оқушылар
ұжымы əрекетiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету, əрекетi ынталандырудың ең тиiмдi формасын таңдау
маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметiнде нақты iстiң
барысы жəне нəтижесiн бағалау да аса қажет сапалардың бiрi. Сонымен бiрге мектеп
директорының ұйымдастырушылдық қызметi педагогикалық ұжымды, пiкiрлестер ұжымын
қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кəсiпқойлық, жалпы жəне педагогикалық
мəдениетi, мектептiң, оқушылар мен мұғалiмдер қызметiне деген қызығушылығы, мiндет қоя бiлу
жəне iске асыруға қол жеткiзе алу сияқты жеке қасиеттерi маңызды рөл атқарады. Басшының
ұйымдастырушылық мəдениетiнiң ендiгi бiр көрсеткiшi-өзiнiң жəне қарамағындағылардың
уақыттарын барынша тиiмдi етiп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының əкiмшiлiк қызметпен
бiрге белгiлi бiр пəннiң мұғалiмi ретiнде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру
керек. Директордың негiзгi уақыты əкiмшiлiк қызметiне жұмсалады, бiрақ оның педагогикалық
қызметi өзге мұғалiмдерге үлгi болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы
бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттердi
оқуға көп уақыт бөлудi талап етедi. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана бiлу
шеберлiгi – мектеп директорының, мұғалiмнiң еңбегiн ғылыми ұйымдастырудың негiзi. Əсiресе
мұғалiмдердiң де, басшылардың да жүктемесi шамадан тыс артып отырған кезде бұл əрекеттiң
маңызы арта түседi.
Мектепте басқару қызметiнiң ұйымдастыру шаралары. Мектептегi басқару қызметiн
ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретiнде мектеп кеңесi, педагогикалық кеңес, директор
жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, əдiстемелiк семинар,
комиссия, клуб мəжiлiстерi, оқушылар комите-тiнiң отырыстарын атауға болады. Ендiгi кезекте
мектептiң педагогикалық кеңесiнiң ұйымдастырушылық қызметiне мектептiң педагогикалық
кеңесiнiң құрамы, құрылымы жəне оның қызметiнiң мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды.
Педкеңестiң жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп
кеңесi мен педкеңес бiрiн-бiрi қайталамайды, олар бiрiн-бiрi толықтырады. Педагогикалық кеңес –
тiкелей оқу-тəрбие процесiмен жəне оны жетiлдiру мəселелерiмен айналысатын, бiр
педагогикалық ұжымда жұмыс iстейтiн кəсiпқойлардың кеңесi. Педагогикалық кеңестiң қызметi
мынадай мiндеттердi шешуге бағытталады; Мемлекеттiк стандарт талабына сай оқу
бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау жəне таңдау,
сол сияқты оқу-тəрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалiмдерi мен тəрбиешiлерi-
нiң бiлiктiлiгiн арттырудағы шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, педагогикалық ұжымда
инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тəжiрибенi зерттеу, жинақтау жəне
насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлердi мұғалiмдердiң, оқушылар мен ата-
аналардың пiкiрiн ескере отырып аттестациялау өткiзу, аттестация технологиясын жетiлдiруге
байланысты ұсыныстар енгiзу, бiлiм басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен
разрядтар беру туралы өтiнiш жасау; Тəжiрибеден өту, бiлiктiлiк көтеру курсына, аспирантураға
жiберетiн мұғалiмдердiң кандидатурасын талқылау жəне бекiту, озат мұғалiмдердi əртүрлi
моральдық жəне материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептiң ғылыми-зертеу
мекемелерi жəне оқу орындарымен, мемлекеттiк жəне қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық
одақтармен өзара байланысының негiзгi бағыттарын анықтау; тəжiрибелiк-эксперименттiк
жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында əдiстемелiк қызмет, орталық құру. Педагогикалық
кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында – дайындыққа мұғалiм-дердi, оқушылар мен ата-
аналарды қатыстыру арқылы өтедi. Педкеңестi өткiзудiң алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау
жұмысы, байқау өткiзiлуi мүмкiн. Педкеңес мəжiлiсiне мектеп өмiрi мен қызметiнiң принциптi
мəселе-лерi еңгiзiледi. Педкеңес мəжiлiсiнiң жүгiн жеңiлдету үшiн мектептерде ұйымдастырудың
директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес
мұғалiмдер, басшылар үшiн мiндеттi болғандықтан онда оқу-тəрбие процесiн ұймдастыруға
тiкелей қатысты мəселелер талқыланады. Ондай мəселелер қатарында оқу үлгерiмi iшкi тəртiптiң
сақталуы, сабақтан тыс қызметтi ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте
жекелеген мұғалiмдердiң бiлiм стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсендiлiгiн
дамытудағы жұмысы жəне т.б. мəселелер қаралуы мүмкiн. Кеңестiң өткiзiлуi жиiлiгiн мектеп
директоры белгiлейдi. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның əкiмшiлiк
компетенциясына жататын ағымдағы мəселелер қаралады. Бұндай кеңестердi өткiзу мектептiң
тоқсандық немесе айлық жоспарында белгiленедi. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесiн
ұйымдастыруға қажеттi форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол
бiрiнғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшiн, тiптi екеуiне де бiрдей тақырыпта
өткiлуi мүмкiн. Басқару қызметiнiң ұйымдық формаларын сабаққа жəне сыныптан тыс сабаққа,
спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады.
Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек
ұжымдарының өкiлдерiмен кездесудi де қамтиды.
Балалардың мектептi басқару iсiне қатысуының тиiмдi формасы сайланбалы орган-
оқушылар комитетiнiң құрамында жұмыс iстеуi. Балалардың оқушылар комитетi-нiң түрлi
комиссияларына қатысуы мектеп өмiрiнде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың
бойында бастамашылдық пен жауапкершiлiктiң қалып-тасуына негiз қалап, қабылданған шешiмдi
iске асырудың жеделдiгiн арттырады.
Мектептi басқарудың ұйымдық формаларын тиiмдi пайдалану оның дайындық деңгейi мен
бағыттылығына тiкелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе
ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы
мен мүдделiгiне қарай мақсатқа жеткiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |