жоғары оқу орындарымен әріптестік
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ дарынды жас мамандарды тартуға мүдделі. Компания
кәсіпорындарын жас білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары кәсіби
оқу орындарымен өзара әрекеттесу ұсынылған болатын.
Келесі колледждерді тартумен дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша пилоттық жо-
балар іске асырылуда: Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – «Маң-
ғыстау энергетикалық колледжі», «Өскемен көп салалы технологиялық колледжі»,
«Геологиялық барлау колледжі» және «№ 24 колледж» (Таукент кент.). Дуальді оқыту
бағдарламасы шеңберінде 8 пилоттық мамандық белгіленген, олар бойынша 2013
жылы 186 адам оқытылды. Колледждердің осы оқушыларымен жұмыс жүргізуге
арнап кәсіпорындардан 28 тәлімгер және оқу мекемесінен өндірістік оқытудың 34
нұсқаушы/шебері бекітілген. 2012–2013 оқу жылы ішінде жұмыс берушінің мүддесі
шеңберінде жұмыс беруші мен колледждің арасында 5 оқу бағдарламасы келісілген
және бекітілген, сондай-ақ оқу-зертханалық базаны материалдық-техникалық қамту
мақсатында Семей геологиялық-барлау колледжінің полигонына арнап құны 5 млн
теңгенің жабдығы бөлінді.
2013 жылы Компания Қазақстан-Британия техникалық университетімен жаңартыла-
тын энергия көздері бойынша мамандарды даярлау мен қайта даярлау туралы мемо-
рандум жасасты.
мотивация
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерді мотивациялау үшін материалдық және
материалдық емес ынталандыру жүйесін қолданады.
Компанияның еңбекақы жүйесі қызметкерлерді сапалы және нәтижелі еңбекке ын-
таландыруға бағытталған. Мысалы, Компанияда жыл сайын өндіріс қызметкерлерінің
еңбекақысы өсіріліп отырады. Атап айтқанда, 2013 жылы осы категориядағы қызмет-
керлердің еңбекақысы 2012 жылдағымен салыстырғанда 2,15%-ға өсіп және 150 133
теңгені құрады. Салыстыру үшін тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша орташа
айлық еңбекақы 2013 жылы 108 941 теңген құраған еді.
Компания қызметкерлерін гендерлік белгі бойынша кемсітпейді және еркектер мен
әйелдерге еңбекақы төлеудің тең тұрғысын ұстанады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-
ның барлық кәсіпорындар бойынша бастапқы деңгейдегі ең төмен еңбекақысы мен
Қазақстан Республикасында белгіленген ең төмен еңбекақының аралық қатынасы
Компанияның пайдасына 1,46 құрады.
Біріздендірілген еңбекақы және сыйақылау жүйесіне сәйкес әкімшілік қызметкерлер-
ге бір айлық еңбекақы көлемінде тоқсан сайынғы сыйақы төленіп отырады, өндіріс
қызметкерлеріне сыйақы ай сайын орташа есеппен айлық еңбекақының төрттен бір
0
200
400
600
800
1000
1200
Әкімшілік қызмет-
керлер
Жоғары
басшылық
(бірінші бас-
шы мен оның
орынбасар-
лары)
Еркектердің базалық ставкасы
Әйелдердің базалық ставкасы
Ортаңғы
басшылық
(бөлімше
басшылары)
Еркектер мен әйелдердің қызметкерлердің
категориялары бойынша бөліп көрсетілген
базалық еңбекақысының арақатысы, мың
теңге
1 035
74
8
104
1 035
74
8
104
48
ТұрақТы даму
бөлігі көлемінде, ал басқарушы қызметкерлерге – жылына бір рет төрт
ай сайынғы еңбекақы көлемінде төленіп отырады.
Материалдық ынталандыру шеңберінде сонымен қатар қызметкерлерді
инновациялық идеялары үшін, маңызды тапсырмаларды үлгілі орындаға-
ны үшін, ұзақмерзімді және мінсіз жұмысы үшін және өзге де сіңірген ең-
бектері үшін сыйақылау саясаты іске асырылып отырады. Лауазымдарды
қоса атқару кезінде қосып төлеулер, жеке қосып төлеулер тәлімгерлік
үшін қосып төлеулер жүргізіледі, оларды Компания мен кәсіпорындар-
дың басшылары белгілейді.
Компания қызметкерлерді материалдық емес ынталандыруға көп көңіл
бөледі, себебі бұл қызметкерлердің стратегиялық мақсаттарға қол жет-
кізуге деген қатыстылық сезімінің, Компанияға деген адал ниеттілігінің
қалыптасуына ықпал етеді, сондай-ақ өз жұмысының тиімділігін артты-
руға деген қызығушылығын күшейтеді. Материалдық емес ынталандыру
ұлттық деңгейде тапсырылатын, сондай-ақ Компанияның өз тапсыратын
наградаларды қамтиды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлері
әртүрлі дәрежедегі «Атом саласының еңбегі сіңген қызметкері» атағын,
сондай-ақ «Атом саласындағы халықаралық әріптестік үшін» айрықша
белгілерін көп рет иеленіп отырды.
Өндіріс қызметкерлерінің 2011–2013 жж. орташа еңбекақысы (теңге) және жыл сайынғы өсімі
атауы
Өлш.
бірл.
2011
2012
2012 ж.
2011 ж.
2013
2013 ж.
2012 ж.
Өндіріс қызметкерлерінің орташа айлық
еңбекақысы
теңге
131 418
146 972
111,8%
150 133
102,2%
2011–2013 жж. есептелген еңбекақының жалпы сомасы (млн теңге) және жыл сайынғы өсім (%)
атауы
Өлш.бірл.
2011
2012
2012 ж.
2011 ж.
2013
2013 ж.
2012 ж.
Еңбекақы қоры, барлығы
млн теңге
37 754,0
44 202,0
117,1%
47 439
107,3%
көрсеткіш
2013
2012
Қазақстан Республикасындағы ең төмен еңбекақы, теңге
18 660
17 439
компания бойынша бастапқы деңгейдегі қызметкердің орташа еңбекақы-
сы, теңге
65 430
57 965
49
біріктірілген жылдық есеп
2013
әлеуметтік саясат, төлемдер мен жеңілдіктер
Қызметкерлерды сыйақылау жүйесінің ажырамас бөлігіне Компания қызметкерлеріне арналған әлеу-
меттік төлемдер мен жеңілдіктер жатады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік саясаты қыз-
меткерлердің жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға және әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарға қолдау
көрсетуге бағытталған. Компания қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жинағын ұсы-
нады. Оларды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер Ұжымдық келісімшартта бекітілген, кейінгісінде
қызметкерлерге арналған жеңілдіктер мен кепілдіктер, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, сондай-ақ
ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдау қамтылған.
Қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек олардың сауығуы мен емделуіне, бала туу кезінде,
зейнеткерлікке шығу кезінде берілетін төлемдерді, жасы 18-ге толмаған мүгедектер бар отбасыларына
және көп балалы отбасыларына, сондай-ақ қызметкерлердің мерейтойларына байланысты төлемдер
жүргізуге арналған.
Компанияның кейбір кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген нор-
малардан артық мөлшердегі жеңілдіктерді ұсынады.
Қызметкерлердің барлығы еңбекақыдан төленетін 10% көлеміндегі міндетті жарналардың есебінен
құрылған жеке зейнетақы жинақтауларының есебінен кепілдендірілген зейнетақылық қамтуға, сон-
дай-ақ зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, алайда олардың мөлшері 2013 жыл бойынша айына 149 745
теңгеден аспауы тиіс.
қызметкерлердің қанағаттануы
Компания жыл сайын қызметкерлердің арасында олардың Компаниядағы жұмысқа қатыстырылу мен
оған қанағаттану дәрежесі туралы сауалнама және сауал қою шараларын жүргізіп отырады. 2013 жылы
қызметкерлердің қатыстырылу индекс 64% құрады, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 6% жоғары. Со-
нымен қатар қанағаттану индексі алдыңғы есептік кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға кө-
терілумен 71% құрады. Қызметкерлерге сауалнама жүргізу мен сауал қоюдың нәтижелері ниеттестік
индексін 66% және Компания қызметкерлерінің бастаманы қолдау индексін – 42% деңгейінде көрсетті.
50
ТұрақТы даму
5.3 еңбек ҚорғаУ және өнеркәсіптік
ҚаУіпсіздік
2013 жылы Компанияның атом саласының өндіріс нысандарындағы өнеркәсіптік, экологиялық, ради-
ациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-
ның Еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы саясатында қабылданған бағыттарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетика жөніндегі комитетінің және АҚХА мамандарының
тұрақты бақылауымен жүргізіліп отырды.
2013 жылы мемлекет органдарымен және қоғамдық ұйымдармен еңбек қорғау, қоршаған ортаны
қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру
жұмысын жүргізілген болатын. Есептік кезеңде мемлекет органдарының ТМКҚ және «KAZENERGY»
республикалық қауымдастықтарының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бөлімшелерінің сұратулары бойын-
ша нормативтік-құқықтық актілердің, Компанияның ішкі құжаттарының жобаларына арналған, қолданыс-
тағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар беріл-
ген болатын.
Өзіне сәйкес нормативтік құжаттардың талаптарын ұстану және өндірісте қауіпсіз жағдайларды тудыру
бойынша жұмыс ұйымдастырылған еңбек қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) Компанияның
барлық кәсіпорындарында енгізілген. Жүйе барлық құрылымдық бөлімшелерді қамтиды және ортақ
жетекшілік құжат болып табылады, еңбек қорғау бойынша барлық ұйымдастыру жұмыстары соған сәй-
кес жүргізіледі. 2013 жылы еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қа-
уіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқықтық және нормативтік базаны жетілдіру және осы салалар-
дағы өндірістік бақылауды оңтайландыру жұмысы одан әрі жалғасты. Компанияда қолданыста жүрген
көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарға талдау жүргізілді. Бұл жұмыстың нәтижесіне
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету-
дің үйымдық жүйесі» стандарты айналды.
Компания ілгері халықаралық практикаларға сай болып отыруға және өзінің қызметін Саясатта бекітіл-
ген ережелерге сәйкес жүзеге асырып отыруға тырысады. Компанияның 19 кәсіпорнында өндірісте
OHSAS 18001 халықаралық стандартына сай денсаулық пен қауіпсіздік менеджменті жүйелері енгізілген.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық кәсіпорындарында өндіріс нысандарына уақытында атте-
стация жүргізіліп отырады, Өнеркәсіптік кәсіпорындар қауіпсіздігінің декларациялары әзірленіп және
бекітілген.
Апаттық жағдайға арнап диспетчерлік қызметтер құрылған, олар компания кәсіпорындарының бөлім-
шелерімен, бас кеңсесімен және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс органдарымен жедел
байланысқа ие, сондай-ақ Қазақстанның ТЖМ-да аттестаттаудан өткен мамандандырылған бөлімшелер
құрылған.
«қазатомөнеркәсіп» ұак» ақ-ның еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қы-
зметін реттейтін құжаттар:
• Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаны үшін жеке жауапкершілігі жүйесі туралы
ереже.
• Әртүрлі жұмыстарға тартылған мердігерлік ұйымдарға еңбек қорғау мен қоршаған ортаны қорғау
саласында қойылатын талаптар.
• СТ НАК 12.2-2012 «Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уран өндіретін кәсіпорындарды пайдалану
кезіндегі радиациялық қауіпсіздіктің сапасын қамтамасыз етудің үлгілік бағдарламасы. Құрылымы мен
мазмұнына қатысты талаптар» корпоративтік стандарты.
• Автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесі.
2013 жылы Компания кәсіпорындарында еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қа-
уіпсіздік жүйелерін жетілдіру жұмысы одан әрі жалғасты.
Еңбек қорғау қызметінің мамандары мен кәсіпорындардың басшылары келесі кәсіпорындардағы еңбек
қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын-
0,0
0,3
0,6
0,9
1,2
1,5
2013
2012
2011
201
201
1
1
201
201
2
2
201
201
3
3
ЕҚ және ӨҚ шараларына қатысты шығындар,
млрд. теңге
1,17
1,45
1,23
0
1
2
3
4
5
6
2013
2012
2011
201
201
1
1
201
201
2
2
201
201
3
3
Еңбек қорғауға қатысты жалпы шығындар,
млрд. теңге
4,13
5,02
5,38
51
біріктірілген жылдық есеп
2013
дағы нормативтік және құқықтық актілер талаптарының орындалуын және осы саладағы жағдайға тек-
серу жүргізген болатын: «Қаратау» ЖШС, «РМС» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Жаңақорған-Транзит» ЖШС,
«ТКХК» ЖШС, «ГТС» ЖШС филиалдары, «Волковгеология» АҚ – ГРЭ-5, ГРЭ-7, ГРЭ-23 филиалдары,
«Степное – РУ» ЖШС, «Инкай» БК ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС.
Тексерулердің нәтижелері кәсіпорындардың басшыларының отырыстарында қаралған, түзету шарала-
ры әзірленіп және анықталған кемшіліктерді жоюға арналған тиісті шаралар қабылданды.
Мысалы, 2013 жылы анықталған 1 068 бұзушылықтың 98%-ы жойылды, 1 282 млрд. теңге соманың 565
шарасы іске асырылды, бұл 2012 жылдағыдан 0,267 млрд. теңгеге кем. Компания бойынша тұтастай
алғанда еңбек қорғауға қатысты шығындар 5 377 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың көрсет-
кішінен 6% артық.
Ішкі есептілік жүйесі шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да барлық жазатайым оқиғалардың
есебі жүргізіліп отырады, оның әрқайсысы бойынша мұқият тергеу жүргізіліп және алдағы уақытта жа-
затайым оқиғалардың алдын-алуға мүмкіндік беретін тиісті шаралар әзірленеді.
2013 жылдың 12 айында кәсіпорындарда 19 жазатайым оқиға орын алды, оның 1-уі өлім жағдайы, 2-уі –
ауыр зардаптармен, 1 - топтық. Салыстыру үшін 2012 жылы 18 жазатайым оқиға орын алды, оның 6-уы
ауыр зардаптармен, 1-уі – өлім, 2-уі – топтың және 8-і ЖКО. Бұл жағдай-
да жиілік коэффициенттері (0,75 бастап 0,73 дейін) және ауырлық ко-
эффициенттері (54,16 бастап 25,84 дейін) төмендеді. Компания қыз-
меткерлердің өліміне жол беруге болмайды деп санайды және өмірге
қауіпті жағдайлардың туындауын барынша болдырмауға тырысады.
Көрсетілген жазатайым оқиғалар келесі себептерге байланысты орын
алған:
• зардап шегушінің дербес абайсыздығы
• нұсқау талаптарын бұзу
• жеке қауіпсіздіксіз жұмыс жасау
• жабдықтың ақаулығы
• қажет тексерістің болмауы
Компанияда апат пен жазатайым оқиғалардың туу тәуекелдерін төмен-
дету мен алдын алуға бағытталған келесы шаралар орындауға қабыл-
данған;
• Жұмыс мәжілістерінде ЕТҰ-да орын алған жазатайым оқиғаларды
талқылау мен анализ жасау
• Тергеу жүргізу, басшыны нашар бақылағаны үшін жазалау туралы
бұйрық шығару, жоспардан тыс нұсқаулама жүргізу;
• Өздерінде зардап шегушілер жұмыс істеген бөлімшелердің қызмет-
керлерінің білімін жоспардан тыс тексеру;
• Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың та-
лаптарының орындалуына қатысты бақылауды күшейту;
Кәсіпорындарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбек қорғау, қор-
шаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласын-
дағы саясатына сәйкес ЕҚ, ҚОҚ және РҚ саласындағы құжаттарды бейімдеу жұмыстарын жүргізу.
еңбек қорғау жүйесі көрсеткіштерінің серпіні
еңбек қорғау жүйесінің көрсеткіштері
2011
2012
2013
Жарақат алу жиілігінің коэффициенті (1000 жұмыс істе-
ушілерге қатысты жарақат алу жағдайларының саны)
0,63
0,75
0,73
Жарақаттың ауырлық коэффициенті (бір жарақатқа қаты-
сты еңбекке жарамсыздық күндерінің саны)
48,5
54,2
25,8
0
5 000
10 000
15 000
20 000
25 000
30 000
35 000
2013
2012
2011
201
201
1
1
201
201
2
2
201
201
3
3
2011-2013 жж. тіркелген ЕҚ және ӨҚ
бұзушылықтарының саны
23 149
22 916
30 207
52
ТұрақТы даму
2013 жылы ЕҚ және ӨҚ талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке
тартылған қызметкерлердің саны 1 385 адамды құрады. Жүргізілген
тексерулердің нәтижелері бойынша кәсіпорындардың ЕҚҚО басшы-
лары мен қызметтері жоспарларға түзетулер енгізіп, ескертулер мен
сәйкессіздіктерді жою мен оларға жол бермеу шараларын әзірлеп
отырады. Есептік кезеңде 30 207 бұзушылық анықталды, оның ішін-
де мемлекеттік қадағалаумен – 1 068, ведомстволық қадағалаумен –
2 401, кәсіпорынның қадағалауымен – 27 840 анықталды. Есептік ке-
зеңде 29 570 бұзушылық жойылды.
Компанияда өндірістердің қауіпсіздік деңгейін көтеру бойынша және
кадрлардың өз қауіпсіздігі мен әріптестерінің қауіпсіздігі үшін жауап-
кершілігін дамыту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіліп отырады, мұндай
жұмыстарда жарақат алу мен апаттылық себептерін талдау, алдын-алу
шараларын жүргізу және еңбек қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы барынша ілгері шешімдер мен тәжірибелерді үнемі іздеу
шаралары қамтылған. Оған, қоса, Компанияда мерзімді түрде қызметкерлер мен басшыларды еңбек
қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласы бойынша оқыту жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ядролық қауіпсіздік
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Қазіргі
уақытта ядролық қауіпсіздік мәселелері ядролық-қауіпті материалдармен жұмыс істейтін «ҮМЗ» АҚ мен
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тікелей қатысты болуда. Осы кәсіпорындарда есептік жылы бел-
гіленген талаптарға сәйкес ядролық қауіпсіздіктің жағдайына бақылау жүргізіліп және оны қамтамасыз
ету шаралары толық көлемде орындалып отырды.
2013 жыл бойы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да бөлінетін материалдармен жұмыстар жүргізілмеді,
ал «ҮМЗ» АҚ-да бөлінгіш материалдармен жұмыстар өндірістік бағдарлама шеңберінде жүргізіліп оты-
рды. «О
*
» типіндегі жабдықтардың саны бір бірлікке артты, байытылуы 5,0%-дан аспайтын ядролық ма-
териалдармен жұмыс істеу үшін уран өндірісінің 5-корпусы пайдалануға тапсырылды, сондай-ақ өзін-өзі
қамтитын тізбектік реакцияның туындауы туралы апаттық сигнал берудің жаңа жүйесі енгізілді.
Жұмыстардың барлығы міндетті түрде ядролық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар мен нұсқау-
лықтардың талаптарына сәйкес жүргізілуде. Қызметкерлер ядролық қауіпсіздік жөніндегі аттестаттау-
дан мерзімді түрде өтіп және ядролық-қауіпті телімдердегі жұмыстарға қатысуға рұқсат алып отырады.
2013 жылы «ҮМЗ» АҚ-ның ядролық қауіпті телімдерінде бөлімдер мен қызметкерлерді оқу апаттық жат-
тықтыру шаралары, сондай-ақ комиссиялық тексеру жүргізілді. Ядролық қауіпсіздіктің бұзылу фактілері
анықталмады.
Қабылданған шаралар екі кәсіпорында алдыңғы кезеңдерде қол жеткізілген ядролық қауіпсіздіктің
жоғары деңгейін сақтап отыруға мүмкіндік береді. Компания алдағы уақытта да нысандардағы ядролық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын дамытып және жетілдіріп отырмақ.
радиациялық қауіпсіздік
Радиациялық қауіпсіздік мәселесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін алдыңғы кезектегі маңыздылық
дәрежесіне ие мәселе. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Компанияның тұрақты даму саласын-
дағы қызметінің басымдылық бағыттарының бірі болып қалуда.
2013 жылы радиациялық қауіпсіздіктің сапасын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар СТ НАК 12.2-2012
стандартының негізінде радиациялық қауіпсіздіктің сапасын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеп
бекітті. Негізгі радиациялық-қауіпті факторларды – гамма-сәулеленудің баламалы дозасын және әртүрлі
беттердің альфа- және бета-белсенді заттармен ластану қуаттылығын өлшеудің ведомстволық әдісте-
мелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізілді. Бұл әдістемелерді Мемлекеттік техникалық реттеу жүйе-
сінің тізілімінде тіркеу мерзімі 2018 жылдың 5 желтоқсанына дейін ұзартылған.
* Қауіпті жабдықтар («О» типіндегі жабдықтар) – өзінің конструкциясы мен геометриялық ерекшеліктері кез келген көзделген
жағдайларда өзін-өзі қамтитын тізбектік реакцияның туындау ықтималдығын жоққа шығармайтын жабдықтар.
5 мЗв дейін
5–20 мЗв
«А» тобындағы қызметкерлердің
тиімді сәуле алу дозаларының
үлестірілуі, %
97
3
53
біріктірілген жылдық есеп
2013
Компания радиациялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың барлығын қалтқы-
сыз түрде орындап отырады, оған қоса, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
шеңберінде қызметкерлерді мерзімді түрде оқыту және міндетті нұсқаулама беру
шаралары жүргізіліп отырады. Есептік кезең ішінде кәсіпорындардың басшы қыз-
меткерлерінің арасынан 13 адам ҚР ИЖТМ Атом энергетика жөніндегі комитетінде
аттестатталған. Компанияның барлық радиациялық-қауіпті кәсіпорындарындағы
өндірістік бақылау радиациялық қауіпсіздік қызметтерімен жүзеге асырылады. Са-
нитарлық қорғау және селитебтік аймақ өңірлеріндегі радиациялық факторлар-
дың мәндері 2012 жылдың деңгейінде қалған.
2013 жылы Компанияның кәсіпорындарында радиациялық апаттар тіркелмеген.
Радиациялық бақылауды жүзеге асырудағы маңызды нәрсе бөлімдердің заманға
сай радиациялық факторларды өлшеу құралдарымен қамтылуы болып табылады.
2013 жылы уран өндіру кәсіпорындарындағы радиациялық бақылау аспаптарымен
жабдықталуы жақсарды, жаңадан 25 аспап сатылып алынды. Шолақ қорған,
Шиелі, Жуантөбе, Шәуілдір, Көксарай ауылдарында, Тимур станциясында қоғам-
дық табло-дозиметрлер ақаусыз түрде жұмыс істеуде, олар елдімекендердің радиациялық аясын тіркеп
және көрсетіп отырады.
Компания кәсіпорындарында радиациялық әсер етуді бақылау деңгейлері белгіленген, олар қызметкер-
лерге радиациялық әсер етудің деңгейін қадағалап және кәсіпорындардағы радиациялық қауіпсіздіктің
өзгеруіне жедел ден қойып отыруға мүмкіндік береді. 2013 жылы қызметкерлердің 97%-ы 20 мЗв/жыл
дозасының негізгі шегінің төрттен бір бөлігінен аспайтын дозаларды алды, кәсіпорындар бойынша до-
заның негізгі шегінен асулар тіркелмеген.
Компания кәсіпорындарында радиоактивті заттар мен иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұ-
мыстардың сипаты 2013 жылы 2012 жылдағымен салыстырғанда шамалы мөлшерде ғана өзгерді. Ради-
ациялық жағдайдың күйін жақсарту мақсатында жоспарланған шаралар толығымен орындалған бола-
тын. Басты көңіл ескірген жабдықтарды айырбастау мен жөндеу жұмыстарына аударылды.
Есептік жылы радиациялық қауіпсіздік бойынша жүргізілген шаралар Компания бойынша ең жоғары
жеке жылдық дозаны төрттен бір бөлігіне, ал жекелеген кәсіпорындар бойынша 37,5%-ға азайтуға мүм-
кіндік берді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ оның қызмет етіп келе жатқан уақытынан бері Компания кәсіпорында-
рында қызметкерлердің қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленген жарамды
деңгейлерден асатын сәулелену жағдайларының тіркелмегенін мақтан етеді.
компаниядағы қызметкерлердің категория бойынша бөліп көрсетілген 2013 жылы
алған жылдық және ең жоғары сәуле алу дозалары, ад.
кәсіпорынның атауы
а то-
бындағы
қымет-
керлердің
саны
*
жылдық тиімді доза алған
қызметкерлердің саны
ең жоғары сәуле
алу дозасы, мЗв
5мЗв
дейін
5–20 мЗв
Достарыңызбен бөлісу: |