Біріктірілген жылдық есеп



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата09.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#8527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

байыту 
УБО-ның уранды байыту саласындағы жобасының баламалы нұсқасы 
РФ-мен бірлескен жобаны іске асыру шеңберінде және ЯОЦ-ның анағұрлым жоғары бөлігіне қатысу 
арқылы Компанияның бизнесін әртараптандыру мақсатында 2013 жылдың шілде айында «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ мен «ТВЭЛ» ААҚ бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны «УБО» ЖАҚ-пен («Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ– акцияларының 50%-ы, «ТВЭЛ» ААҚ – акцияларының 50%-ы) сол арқылы әлемдегі ең ірі 
уранды изотоптық байыту кәсіпорны - «УЭХК» ААҚ-ның акцияларын сатып алу туралы келісімшарттарға 
қол қойды. 2013 жылғы қыркүйекте «УБО» ЖАҚ-тың акцияларының 25% және оған қоса «УЭХК» ААҚ-
ның 1 акциясын сатып алу мәмілесі аяқталды.
2013 жылдағы маңызды оқиғаға жобаның тәжірибе жүзінде іске асырылу сатысына ауысуы және «УБО» 
ЖАҚ-тың 2013 жылдың қараша айында 300 мың ЖББ (жұмыстың бөліну бірлігі) көлемінде алғашқы ком-
мерциялық жеткізілімді іске асыруы айналды. «УБО» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны қызметін іске асыру шең-
берінде 2014 жылдан бастап жылына 5 млн ЖББ көлемінде уранды байыту қызметтеріне қол жеткізді.
«УБО» ЖАҚ-тың өнімдерін байыту, өткізу және маркетингі жұмыстарын ресейлік серіктес жүзеге асы-
рады. Бұл жағдайда егер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға байытылған уран сату үшін емес, отынды 
не отындық элементтерді өз бетінше өндіру үшін қажет болса, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ та-
раптардың келісуі бойынша оны тең жартысына дейін не одан көп көлемде алып қоюға құқылы. Оған 
екінші тарап та құқылы болады. 
Атом саласындағы Қазақстан-Ресей әріптестігінің басты бағыттарының бірі болып табылумен УБО жо-
басы екі елдің өзара іс-қимылының стратегиялық сипатының растауы болып табылады, ол анағұрлым 
жоғары бөліктегі ЯОЦ өнімдерінің өндірістік секторының кооперациялануын тереңдету мен кеңейтудің 
ауқымды перспективаларын ашады.
қайта конверсиялау
Байытылған уранның гексафторидін (UF6) уран диоксидіне (UO2) қайта конверсиялау «Үлбі металлургия 
зауыты» АҚ-ның қолда бар технологиялық қуаттылықтарына негізделумен жүзеге асырылады. Қайта 
конверсиялау кезінде алынған уран диоксидінің ұнтағы отындық таблеткаларды өндіру кезінде қолда-
нылады.
отындық таблеткалар
Қазақстанда отындық таблеткалар «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да («ҮМЗ» АҚ) шығарылады, ол АЭС-
ға арнап ядролық отын компоненттерін өндіретін, жоғары технологиялық ғылыми-өндірістік автомат-
тандырылған кешеніне ие әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі болып табылады. Компанияның даму стра-
тегиясына сәйкес «ҮМЗ» АҚ АЭС нарығы өзін барынша қажет ететін ядролық реакторлардың типтеріне 
арнап отындық таблеткалар мен ядролық отынды өндіретін кәсіпорынға айналуы тиіс.
отындық құрамалар
AREVA компаниясымен (Франция) бірлескен түрде жылу бөлетін құрамаларды (ЖБҚ) шығару кәсіпор-
нын құру жобасы 
«ҮМЗ» АҚ негізінде өндірістік қуаттылығы жылына 400 тонна уранды құрайтын бірлескен кәсіпорынды 
құру жоспарлануда, ол француз дизайнындағы реакторларға арнап «ҮМЗ» АҚ-да шығарылған отындық 
таблеткалардан жылу бөлгіш құрамаларды (ЖБҚ) өндіретін болады. ЖБҚ-лардың негізгі сатылу нарығы 
ретінде Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның атом энергетикасының жылдам дамушы нарығы қарасты-
рылуда.
ЖБҚ зауытын жобалау мен салуды 2012–2016 жж. іске асыру, ал алғашқы өнімнің шығарылымын 2016 
жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Алайда 2013 жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен 
AREVA компаниясы 2013 жылдың соңында бірлескен кәсіпорын құру мен ЖБҚ зауытының құрылысына 
инвестиция жұмсау туралы шешім қабылдауына бағытталған  ЖБҚ зауытының өнімдерін сатудың 

біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
31
кепілдендірілген нарығын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарын жүргізіп отырды. Осы 
уақытқа дейін ЖБҚ маркетингі бойынша бірлескен жұмыстар нәтиже бермеді. Тараптар жобаны одан 
әрі іске асыру бойынша келісімге келе алмады. Француздық тарап жобаға қолдау көрсету мақсатында 
біртіндеп өзге нарықтарға шығумен AREVA арналары арқылы болашақ зауыт өнімдерінің сатылуын 
қамтамасыз етуге қатысты көзқарасын белгілемеді. ЖБҚ-ны сатудың кепілдендірілген нарығының 
болмауы бірқатар елеулі тәуекелдерді тудырады, бұл зауыттың құрылысына инвестиция бөле бастау 
туралы шешім қабылдауға мүмкіндік бермей отыр.
Қытайлық компаниялармен уранды бірлескен түрде өндіру және ядролық отынды өндіру саласын-
дағы әріптестік шеңберіндегі жоба 
2013 жылдың қазанында Бейжіңде және 2013 жылдың желтоқсан айында Астанада қытайлық CNNC, 
CGNPC компаниялары мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерінің арасында атом саласындағы қос 
тараптық әріптестікті тереңдету мен кеңейту мәселелері бойынша кездесулер болып өтті. Бас қосулар-
дың нәтижесі бойынша тараптар ҚР-да уранның бірлескен өндірісі саласында және ядролық отынды 
өндіру және Қытайға жеткізу саласындағы өзара іс-қимылды дамыту ниетін растады. Компаниялар бір-
лескен жобаларды іске асыруға мақұлдау алу мақсатында өз елдерінің үкіметтеріне жүгінуді уағдаласты. 
2014 жылға арнап ҚР мен ҚХР құзырлы мемлекет органдарының арасындағы ядролық өнеркәсіп сала-
сындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарланған.
Қазіргі кезде қол жеткізген уағдаластықтарды орындау мақсатында жоғарыда аталған әріптестікті дамы-
ту мәселелері бойынша жұмыстық топтардың деңгейіндегі өзара кеңес берулер жалғасуда. 2014 жылы 
2014–2016 жж. арнап ҚХР-ға отындық таблеткаларды жеткізу туралы келісімшарт жасасып және физика-
лық жеткізуді бастау жоспарлануда.
атом станциялары
Қазақстан Республикасындағы АЭС құрылысы туралы жоба
2013 жылдың І тоқсанында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ мен «KEGOC» АҚ-мен 
бірлескен түрде «Қазақстан Республикасында атом станциясының конфигурациясы мен орналасу жерін 
таңдау туралы талдамалық баяндама» әзірленді, ол ҚР Үкіметіне ұсынылды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының аумағында атом электрстанциясының конфигурациясы мен ор-
наласу жерін таңдау бойынша жұмыстық топ құрылды, оның құрамына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 
Басқарма Төрағасының орынбасары Сергей Яшин енді, сондай-ақ осы мәселені шешу жөніндегі комис-
сия құрылды, оның құрамына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьник 
енді. 
Қазіргі уақытта жұмыстық топ пен комиссия АЭС құрылысы жөнінде шешім қабылдаған жоқ.

32
Операциялық қызмет
4.2 ядролыҚ емес бағыт
Сирек және сирек-жер металдары мен химия өнімдері 
Сирек және сирек-жер металдарын өндіру және сирек және сирек-жер металдарына (бұдан әрі – СМ 
және СЖМ) негізделген өнімдерді шығару да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің басты бағыты 
болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның СМ және СЖМ саласындағы даму бағыты сирек-
металды минералды-шикізат базасын қалыптастыру мен дамытуға, минералды шикізатты кешенді 
өңдеу саласындағы ілгері технологияларды ендіруге, металлургияда тазалығы жоғары СМ және СЖМ-
дардың жаңа тиімді әдістерін енгізу мен әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында 
ғылыми еңбекті қажет ететін өнімдерді шығару зауыттарының құрылысына жоғары технологиялық 
компанияларды қатыстыру. 2013 жылы Компания осы бағыт бойынша даму стратегиясын іске асыруын, 
сондай-ақ шетелдік серіктестермен белсенді әріптестігін одан әрі жалғастырды.
«ҮМЗ» АҚ бериллий, тантал және ниобий сияқты сирек металдарға негізделген өнімдердің тігі-
нен-ықпалдастырылған өндірушісі болып табылады. «ҮМЗ» АҚ кен өңдеуден бастап бүкіл әлем бой-
ынша тұтынушылар мойындаған дайын өнімді шығаруға дейін кен өңдеу жұмыстарын жүргізе алатын 
бірегей кәсіпорын болып табылады.
Жапониямен бірлескен ұжымдық концентраттар мен  сирек-жер металдарының жеке қосылыстарының 
тәжірибелік- өнеркәсіптік өндірісін құру жобасы
СМ және СЖМ Қазақстан Республикасында СМ және СЖМ өндірісіне арнап шикізаттық база мен 
жоғары технологияларды құру мен дамытудың 2011–2013 жылға арналған бағдарламасы шеңберінде 
«SARECO» БК ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 51% және Sumitomo Corporation – 49%) сирек-жер 
өнімдерінің жоғары технологиялық өндірісін құру зауытын пайдалануға дайындау жұмыстарын одан әрі 
жалғастырды. 
Степногорск қаласындағы SARECO зауыты әртүрлі типтегі шикізатты термикалық және гидрометаллур-
гиялық өңдеудің бірегей кешені болып табылады, ол қазақстандық, жапондық және еуропалық ға-
лымдар мен инженерлердің жұмысының нәтижесіне айналды. Зауыт экологиялық стандарттардың бар-
лық талаптарын ескерумен жобаланған, ал қолданылып отырған технология және бақылау жүйелері 
қоршаған ортаға деген қамқорлықты қамтамасыз етеді. SARECO зауыты жылына 1,5 мың тонна TREO 
(СЖМ оксидтерінің жиыны) өндіруге арнап есептелген, 2016 жылға қарсы өндірістік қуаттылығын 3 мың 
тонна TREO дейін және 2018–2019 жылдарға қарсы 5–6 мың тонна TREO-ға дейін арттыру жоспарлану-
да. Шығарылып отырған өнімдердің елеулі бөлігін қазіргі уақытта барынша тапшы және сұранысқа ие 
болып отырған ауыр тобындағы СЖМ-дар құрайтын болады. 
Осы жоба шеңберінде 2013 жыл ішінде жабдықтар мен технологиялық процесті кешенді сынау жұ-
мыстары аяқталды; СЖМ техникалық концентратының қажет етілетін сапа деңгейі қамтамасыз етілген; 
қызметкерлерді оқыту шаралары жүргізіліп және аналитикалық зертхананың жұмысы ретке келтірілген
іске қосу-теңшеу жұмыстары және өнімдерді сынау жұмыстары аяқталды. 
SARECO зауытының негізгі нысаналы нарығына Жапонияның нарығы жатады. Кәсіпорын бастапқы өнімді 
- СЖМ ұжымдық концентратын шығару жобасымен ғана шектеліп қоймайды. Өндірісті ұзақмерзімді 
шикізат көзімен қамтамасыз ету шартымен 2016 жылға қарсы Қазақстанның аумағында бөлінген өндіріс, 
ал тағы бірнеше жылдан кейін - СЖМ-ға негізделген магниттердің өндірісі құрылатын болады.

0
50
100
150
200
250
2014
(жоспар)
2013
2012
2011
0
20
40
60
80
100
2014 
(жоспар)
2013
2012
2011
216
63
213
43
203
51
169
100
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
33
Тантал және ниобий өнімдері
«ҮМЗ» АҚ-ның тантал өндірісі әлемдік тантал нарығының 12–14%-ын құрауда. Конденсаторлар нарығы-
на шығу үшін «ҮМЗ» АҚ бөлшектерінің пішімі дамыған жоғары сыйымды конденсаторлық ұнтақтарды 
және бөлшектері жарықшақ пішімді агломератталған ұнтақтарды, сондай-ақ конденсаторларды шыға-
ру үшін диаметрі 0,15–0,3 мм тантал сымын өндіру технологиясын әзірлеп және жобаларды іске асырды.
Ағымдағы сәтте «ҮМЗ» АҚ барлық конденсатор өндірушілермен байланыс орнатқан.
2013 жылы «ҮМЗ» АҚ-ның қақтығыссыз айқын өңдеуші ретіндегі мәртебесін растайтын EICC сертифика-
тының мерзімі ұзартылды.
Тантал өнімдерін өндіру көлемі 2013 жылы 203 тонна Та құрады, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 4,7%-
ға төмен. Мұндай азаю тантал өнімдерінің нарығындағы сұраныстың тербелуімен байланысты.
Ниобий өнімдерінің өндіріс көлемі 18,6%-ға артумен 2012 жылғы 43 тоннамен Nb салыстырғанда  
51 тонна Nb құрады.
Бериллий өнімдері
«ҮМЗ» АҚ-ның бериллий өндірісі кендік шикізаттан бастап таза металға дейін толық металлургиялық 
циклға ие және әлемдегі қуаттылығы бойынша екінші болып табылады.
2013 жылы бериллий өнімдерінің өндіріс көлемі 99 тонна Be құрады, бұл 2012 жылдағы осыған сәй-
кес көрсеткіштен 7,5%-ға төмен. Бериллий өнімдері өндірісінің азаюы нарықтағы бериллий өнімдеріне 
сұраныстың төмендеуімен байланысты.
Бериллий өндірісін дамыту стратегиясы ғылыми еңбекті қажет ететін технологияларға негізделумен 
қосылған құны анағұрлым жоғары болып келетін бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған. 
Осы мақсатта бірқатар жоғары технологиялық жобалар, соның ішінде Қытаймен бірлескен кәсіпорын 
шеңберінде бериллий қолаларынан жазық илемді шығару жобасы іске асырылуда. Компания сондай-ақ 
Халықаралық термоядролық зерттеу реакторын құру жобасына қатысуда.
2013 жыл ішінде Компания Жапонияның Атом қуаты жөніндегі агенттігімен әріптестік жасады, ол про-
тондық үдеткіші бар жаңа зерттеу кешенінде құрылымдық бериллийден нейтрондарды шағылыстыр- 
ғыштардың ірі габариттік блоктарын орнатты. Қазақстан өкілдерінің жұмысы Жапония атомшыларының 
жоғары бағасына ие болды. 
Сонымен қатар Өскеменде Қытайдың делегациясымен кездесу өткізілді, мұнда ықтимал өзара іс-қимыл 
мәселелері және бірлескен өзара тиімді жобалардың перспективалары талқыланды.
Ғылыми-қолданбалы мақсаттарға арнап құрылымдық сұрыптық бериллийге сұраныс сандарының ар-
туына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Польша, Корея, Бельгия, Франция, Германия, 
Тантал өнімдерінің өндіріс 
көлемі, тонна Та
Ниобий өнімдерінің өндіріс 
көлемі, тонна Nb

0
20
40
60
80
100
120
2014
(жоспар)
2013
2012
2011
0
500
1 000
1 500
2 000
2 500
3 000
3 500
2014
(жоспар)
2013
2012
2011
0
1 000
2 000
3 000
4 000
5 000
2014
(жоспар)
2013
2012
2011
87
2 988
4 506
107
3 059
4 598
99
2 959
4 613
95
3 145
4 935
Бериллий өнімдерінің өндіріс көлемі, тонна Ве
Жылу қуатының өндіріс көлемі, мың Гкал
Электрқуатының өндіріс көлемі, млн КВт*сағ
34
Операциялық қызмет
Швеция, Жапония, Аргентина сияқты елдермен әріптестік географиясы 
кеңеюде.
Энергоресурстар
Энергоресурстарды өндіру мен сату да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 
қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Электр және 
жылу қуатының негізгі өндірушісі Маңғыстау облысындағы «МАЭК-Қа-
затомөнеркәсіп» ЖШС. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнында Қа-
зақстан мен ТМД елдерінде баламасы жоқ бірыңғай энергия және су 
өндіру кешені жұмыс істейді. Тұщыланған суды пайдалану «МАЭК-Қаза-
томөнеркәсіп»-ның электр және жылу қуатын өндіру технологиясына 
бірегей сипат беруде. Кәсіпорынның кешенінде жылу электростанция-
лары және көп корпустық дистилляциялық тұщыландыру қондырғыла-
ры қамтылған.
Есептік кезең ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Мемлекеттік қа-
былдау комиссиясына ұсыну үшін «Өнімділігі тәулігіне 24 000 м
3
 құрайтын ГТПИ-2,3 тұщыландыру қон-
дырғыларын салу» жобасы бойынша өнімділігі тәулігіне 12 000 м
3
 құрайтын ГТПИ-2 тұщыландыру қон-
дырғыларының нысаны бойынша жұмыстық комиссия жүргізілді. 2014 жылы нысанды пайдалануға енгізу 
жоспарлануда.
2013 жылы электрқуатын өндіру көлемі 4 613млн кВт*сағ. құрады, бұл 2012 жылдың 598 млн кВт*сағ 
деңгейінен 0,2%-ға жоғары. 2013 жылы жылу өндірісінің көлемі 2012 жылдағымен салыстырғанда 3,3%-
ға азаюымен, 959 мың Гкал құрады.

біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
35
Жаңартылатын және баламалы энергия көздері 
Іргелес жоғары технологиялық салаларға әртараптандыру бойынша стратегиялық бағыт шеңберінде 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің технологияларын (күн 
және жел энергетикасы) әзірлеу мен ендіруге белсенді қатысады. 
2013 жылғы қарашада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Қазақстан-Британдық техникалық универси-
теті» (бұдан әрі – ҚБТУ) Ғылыми-техникалық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Компания мен  
ҚБТУ-дың жоспарында жаңартылатын энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық 
жобаларды іске асыру, бірлекен жұмыс және сарапшылар топтарын құру, сондай-ақ жаңартылатын қуат 
көздері бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау белгіленген.
Оған қоса, қол қойылған Меморандум шеңберінде келешекте инновацияларды өзара тиімді шарттар-
мен енгізу, соның ішінде паритеттік негізде бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы енгізу қарастырылу-
да. Елдің ең ірі техникалық жоғары оқу орнымен серіктестік қатынастарды орнату Компанияның инно-
вациялық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады. 
Қазігі уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаңартылатын энергетика бойынша бірқатар жоғары тех-
нологиялық инновациялық жобаларды іске асыруда.
«KAZPV қазақстандық кремнийдің негізінде фотоэлектрлік модульдердің өндірісін құру» жобасы
Бұл жобаны іске асыру шеңберінде үш кәсіпорын жұмыс істеуде:
1.  «МК «KazSilicon» ЖШС (Үштөбе қ., Алматы облысы) Алматы облысының Сарыкөл кенішінде кварц 
өндіреді (кварцтің қоры 1 700 000 тонна) және кварцты металлургиялық кремнийге дейін өңдейді 
(қуаттылығы жылына 5 000 тонна металлургиялық кремний).
 
2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Француздық Консорциумнің өкілдерімен бірлескен түрде 
сапасы жақсартылған металлургиялық кремнийді алу технологиясын жетілдіру жұмыстары жүргізіл-
ген болатын.
2.  «AstanaSolar» ЖШС (Астана қ.) фотоэлектрлік модульдер жасайды (қуаттылығы: 50  МВт, 223 мың 
фотоэлектрлік модуль), олардың өндірісі 2012 жылы іске қосылған болатын.
  Қазіргі кезде AREVA компаниясымен (Франция) 2014 жылдан бастап фотоэлектрлік модульдерді 
шығару туралы 3 жыл мерзімге арнап off-take-келісімшарттарға қол қойылды (келесі 3 жылға мерзімі 
ұзартылған).
 
«AstanaSolar» ЖШС 2013 жылғы шілдеде зауытты Мемлекеттік қабылдау актісін алды. 2013 жыл ішін-
де кәсіпорын фотоэлектрлік модульдердің 8,2 МВт ш.қ. шығарды. 2014 жылы фотоэлектрлік модуль-
дердің 37 МВт ш. м. шығару көзделуде.
3. «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС (Өскемен қ.) қазақстандық кремнийден күн қуатын электр қуатына 
айналдыратын фотоэлектрлік тілімшелер мен ұяшықтарын шығару жоспарланған (қуаттылығы: сұр 
тілімше (wafer) – 77 МВт ш.қ., не болмаса 18 500 мың дана; ұяшық (ФЭТ) – 65 МВт ш.қ., не болмаса 
16 765,6 мың дана).
2013 жылы «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-да құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, және іске қо-
су-теңшеу жұмыстары басталды. Француздық компаниялармен (SEMCO және ECM) келісімшарттарға 
сәйкес 2014 жылдың І тоқсанында барлық жабдықтың алдын-ала қабылдау сынақтары басталды, 
сынақ барысында 2014 жылдың І және ІІ тоқсандарында алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік өнімдердің 
шығарылымы көзделуде. Ақырғы қабылдау сынақтары және зауытты пайдалануға енгізу 2014 жылдың  
III және IV тоқсандарына арнап жоспарланған. 
«Kazakhstan Solar Silicon» зауыты Қазақстанда күн энергетикасын дамыту жөніндегі KAZPV инвестиция- 
лық жобасының ең жоғары технологиялық буыны болып табылады. Француздық IRYSOLAR компания-
сымен дайын өнімді (фотоэлектрлік тілімшелер мен ұяшықтар) сатып алу туралы off-take-келісімшартқа 
қол қойылып қойған.

36
Операциялық қызмет
«Болотов – БЖРТ жел роторлық турбиналарының өндірісін құру» жобасы
Компания Қазақстан Республикасының аумағында Болотовтың жел роторлық турбиналарының (БЖРТ) 
өндірісін және оларға күтім жасау жөніндегі қызмет көрсету орталығын құру жобасын іске асыруда. Осы 
мақсатта дербес БЖРТ-ларға қашықтан мониторинг жасау мен басқару саласындағы, сондай-ақ дер-
бес БЖРТ-ларды қуаттау құрылғыларын және жүктемесін басқару жүйелерін әзірлеу саласында ғылыми 
зерттеулер жүргізілуде.
БЖРТ өндірісі «Экоэнергомаш» ЖШС-да жүзеге асырылыда. 2013 жылы «Экоэнергомаш» ЖШС «KEGOC» 
АҚ-ның әкімшілік ғимаратын жаңартылатын энергия көздерін қолдана отырып электрмен қамту жүйе-
лерімен жабдықтау жобасын іске асырды. Осы жоба шеңберінде бір жел роторлық турбинасы сатылған 
болатын. 
«Жылу сорғыш қондырғыларының өндірісін құру» жобасы
Жобаны іске асырудың мақсаты жылу сорғыш қондырғыларының (бұдан әрі – ЖСҚ) өндірісін және 
оларға күтім жасауға арналған қызмет көрсету орталығын құру. ЖСҚ-ның өндірісі «ҮМЗ» АҚ-ның ен-
шілес кәсіпорны «Машзавод» ЖШС-да оны қайта салу және онда жыл сайын 520 бірлік ЖСҚ шығаратын 
өндіріс желісін орнату арқылы ұйымдастырылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Машзавод» ЖШС 
2013 жылғы қазанда «Су-су» типіндегі жылу сорғыш қондырғыларын технологиялық жаңғырту» тақыры-
бында ҒЗЖ жүргізу туралы келісімшарт жасалды. 
ЖСҚ-ның бірінші тұтынушысы «ТКК» ЖШС, мұнда жобаға сәйкес арнайы кір жуу орны ғимаратының 
тұтынушыларын жылдың барлық мезгілінде ЖСҚ негізінде жылу тасығышының температурасы 55°С 
құрайтын 85 кВт көлеміндегі ыстық сумен қамту көзделуде. Осы жоба шеңберінде тұтынушыны жылу 
қуатымен қамтамасыз ету сұлбасы әзірленген болатын, бұл сұлбада «Мойынқұм» кенішінің қажетсіну-
леріне арнап берілетін техникалық суды төмен потенциалды жаңартылатын жылу көзі ретінде пайдала-
ну көзделуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалды, іске қосу-теңшеу жұмыстары 
жүргізілді. ЖСҚ-ны іске қосу «Мойынқұм» кенішін пайдалануға енгізетін 2014 жылға жоспарланған.
Бұл жобаның іске асырылуын тежеп отырған негізгі фактор мынадай: ЖСҚ-ны сатып алу мен орнатуға 
қатысты бастапқы шығындар қатқыл отындағы жылу көздерінің бағасынан асуда.

0
500
1 000
1 500
2 000
2 500
3 000
3 500
2014
2013
2012
2011
1 191
3 315
2 092
2 899
68,8%
18,7%
5,8%
3,9%
2,8%
ҒзТҚЖ-ға қатысты шығын көлемі, млн. теңге
2013 ж. ұйымдар бойынша ҒзТҚЖ-ға қатысты шығындар
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 68,8
«ЖТИ» ЖШС 18,7
«ТКК» ЖШС 5,8
«ҮМЗ» АҚ 3,9
Басқасы 2,8
біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
37
4.3 ғылыми-техникалыҚ, техникалыҚ және 
инноВациялыҚ әлеУетті дамытУ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық басымдылықтарының бірі операциялық қызметтің 
тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін азайтуға ықпалын тигізетін өзінің 
ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін арттыру. Компания ЯОЦ, сирек-жер және сирек-ме-
талл өнімдері сияқты бағыттар бойынша, сондай-ақ баламалы энергетика саласындағы жобалар бой-
ынша қаржыландыруды үнемі арттырып отыруға тырысады.
ҒЗТҚЖ-ға қатысты шығындар 2013 жылы 2 092 млн теңгені құрады. ҒЗТҚЖ-ға арналған инвестиция-
лардың көлемі 2013 жылы 2012 жылдағымен салыстырғанда 2013 жылғы шығындарды үнемдеудің жал-
пы бағдарламасы шеңберінде уранның қатысты нарықтық бағаларының төмен болуына байланысты 
уақытша түрде азайтылған болатын.
Урандық емес бағыттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына (ҒЗЖ) арнап 357 млн теңге бағытталған болатын. 
Урандық емес бағыттағы бірқатар жобалардың шеңберінде (баламалы энергетика бойынша жобалар-
ды қоса алғанда) 2014 жылы ҒЗЖ қаржыландыруды 467 млн теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.
2014 жылы ҒЗТҚЖ-ға қатысты шығындар бойынша жоспар 2 899 млн теңгені құрайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның инвестициялық қызметі Компанияның Инновациялық-технологи-
ялық саясаты және Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы сияқты ішкі құжаттарына сәйкес 
жүзеге асырылады. Компанияның құрылымында келесі инновациялық ғылыми-техникалық бөлімшелер 
құрылып жұмыс істеуде: «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, ғылыми-қолданбалы маңыздағы 
бөлімшелер: өздерінің негізгі қызмет түріне ғылыми-зерттеу, талдау және құрастыру жұмыстары жа-
татын ОҒЗЗ-лар, зауыттық зертханалар, сондай-ақ ғылыми-білім беру мекемесі – Қазақстан ядролық 
университеті жұмыс істейді. 
Қазіргі уақытта Компанияда келесі инновациялық жобалар іске асырылуда:
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіру кәсіпорындарында пероксидтік уранды ендіру, ол 
ASTM стандартының сапасына сай уранның химиялық концентраттарын алу әдістерін жетілдіруге 
және өзіндік құнның азаюына бағытталған.
•  Ұжымдық концентраттары мен сирек-жер металдарының жеке қосылыстарының тәжірибелік-өнер-
кәсіптік өндірісін құру.
•  KazPV қазақстандық кремнийге негізделген фотоэлектрлік модульдердің өндірісін құру.
•  AREVA дизайнындағы жылу бөлгіш құрамаларын өндіретін зауыттың құрылысын ұйымдастыру.
•  Уранның конверсиялық өндірісінің аффинаждық бөлігін ұйымдастыру.
Компанияда келесі бағдарламалар әзірленіп және іске асырылуда: «Қазақстан Республикасында 2011–
2014 жж. сирек және сирек-жер металдарының шикізаттық базасын және жоғары технологиялық  
өндірістерін құру мен дамыту», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2014–2016 жж. арналған ғылыми-тех-

38
Операциялық қызмет
нологиялық және инновациялық даму бағдарламасы». ҒЗТҚЖ-ні қабылдау және нәтижелерін қабылдау 
мәселелері Ғылыми-техникалық және Мамандандырылған ғылыми-техникалық кеңестердің отырыста-
рында қарастырылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірле-
мелер меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Ғылыми-технологиялық даму мәселелерін еуропалық компаниялардың мысалы бойынша кешенді шешу 
үшін ҒЗТҚЖ-ні жоспарлау мен іске асырудың жаңа түрі қолданылуда, оның шеңберінде ғылыми-зерт-
теу және тәжірибелік-құрастыру жобалары келесі бағыттардағы жаңа технологиялық платформаларды 
құру үшін орындалуда:
•  «Уран өндіру мен өңдеу технологиялары» (уран мен ілеспе металдардың және т.б. геологиясы, гео-
технологиясы, химиялық технологиясы).
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кәсіпорындарына арналған ресурстар мен ресурс үнемдеу (хими-
ялық, су технологиялары және т.б.).
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жоғары технологиялық өнімдері және бизнестерін әртараптан-
дыру (конверсия, ядролық реакторлар, АЭС, ядролық технологиялардың қауіпсіздігі, ядролық мате-
риалдарды есепке алу, жаңартылатын энергия көздері, сирек-металл өнімдері, басқ.).
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның зияткерлік капиталы және ақпараттық технологиялары (ядро-
лық-технологиялық білімді сақтау және тудыру, патенттеу, зияткерлік меншік, IT және т.б.).
Өзінің ғылыми әлеуетін қолданумен, Компания бірлескен зерттеулер жүргізуге француз, неміс, ресейлік, 
жапон, британдық және өзге шетелдік ғалымдарды тартып отырады. Егер бұдан бұрын «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ-да өндіріске арналған бірлескен кәсіпорындар құрылып отырған болса, бүгінде олар 
жаңа технологияларды әзірлеу үшін құрылуда. Жер қойнаулары мен ядролық-отын циклында актив-
терді құрумен Компания зияткерлік салада активтерді құруға кірісті.
зияткЕрлік смарт-кЕнішін Құру жобасы
2013 жылғы инновациялар сала-
сындағы негізгі оқиғалардың біріне 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның зи-
яткерлік тәжірибелік СМАРТ-кенішін 
құрудың техника-экономикалық не-
гіздемесін әзірлей бастауы айналды. 
СМАРТ-кеніші жаңа буындағы 
уран өндірудің өндірістік кешенінің 
түптұлғасына айналуы тиіс, мұнда 
энергоресурстарды үнемдеуге, өн-
дірістің экологиялық тазалығына 
және оны арттыруға бағытталған 
ең ілгері технологияларды тәжіри-
белік-өнеркәсіптік сынау мен ендіру 
жұмыстары жүргізілетін болады. 
Компания кәсіпорындарында жаңа 
технологияларды ендіру уран өндіру-
дің өзіндік құнының азаюын тудыруы 
мүмкін деп күтілуде. 
Жобаның іске асырылуы жуықтап 
алғанда 4,5–5 млрд теңгені құра-
мақ. Жобаны іске асыруға арналған 
қаржының бір бөлігін «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ бөледі, жетіспейтін 
сомасы қарыздық қаражаттың есебі-
нен өтелетін болады. Құрылып оты-
рған зияткерлік меншіктің жуықтап 
алынған құны 2015 жылдан бастап 
болжамдар бойынша жылына кем 
дегенде 1,5 млрд теңгені құрамақ, 
тікелей инвестициялардың қайтарылу 
мерзімі шамамен 4,5–5 жылды құра-
уда. 
зияткерлік Смарт-кеніші 2015 жылы 
жұмыс істей бастайды деп жоспар-
ланған. 

біріктірілген жылдық есеп 
 
2013 
39

40
5
тұр
аҚ
ты 
Даму
«Қ
азатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның даму стратегиясына тұрақты даму ұстанымдары енгізіл-
ген, олар энергиямен қамтылу және әлеуметтік прогресті үдету сияқты аса маңызды 
халықаралық мәселелерді шешуге бағытталған. Компанияның орын алу өңірлерінде-
гі қызметі бизнестің тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық прогреске, экологиялық жағдайды 
жақсартуға, өңірлердің халқының әл-ауқатының артуына ықпалын тигізетіндей етіп бағытталған. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыс орындарымен шамамен 27  000 адамды қамтамасыз етуде. 
Компания қызметкерлері – оның тұрақты өсуінің негізгі құраушысы, және Компания қолайлы және 
қауіпсіз еңбек жағдайларын тудыруға ерекше көңіл бөледі. Компанияның кадр саясаты кадр әле-
уетін нығайтуға, тиімді мотивациялау жүйесін құруға және қызметкерлердің толыққанды дамуы-
на арнап жағдай тудыруға бағытталған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ –да Компанияның тұрақты 
даму саласындағы іс-қимылдарын реттейтін құжаттар, соның ішінде Корпоративтік басқару ко-
дексі, Кадр саясаты, Еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қа-
уіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты, сондай-ақ Компанияның әлеуметтік жауапкершілік 
ұстанымдарын белгілейтін Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты. Энергиялық тиімді 
және экологиялық таза технологияларды енгізу – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қысқа және 
ұзақмерзімді жоспарларының міндетті құраушысы. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы іс-қимылдарында қолайлы еңбек 
жағдайларын жасау, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, 
орын алу өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау және тұрғындардың өмір сүру 
сапасын жақсарту шаралары қамтылған. Компания өзінің мүдделі тараптарының экономикалық, 
экологиялық және әлеуметтік әл-ауқат принциптерін қатаң ұстанады және оны келешекке инве-
стиция ретінде қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет