А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Данияров Т.Ә.,
Қуатова Ә.,
Дүйсекова М.
Cалауатты өмір салтына деген ұмтылыс – педагогикалық...
140
Инновациялық мектептердің әрекетінің тәжірибесін зерттеу мектепте
педагогикалық жаңалықтардың жалпы сипаты олардың жүйесіздігін,
жеткіліксіз әлеуметтік және ғылыми негіздерін, апаттылығын тудырады.
Педагогикалық мәселені кешендік сынды талдаусыз, мәселені шешу
жолдарын іздеуде терең жұмыссыз және инновациялық әрекеттің мәнін терең
зерттеусіз педагогикалық инновациялар ой стереотипіне ауысуы және
ұстаздардың тәжірибелік әрекетіне айналуы мүмкін. Инновациялық
педагогикалық әрекеттің мәнін талдау үшін келесі түсініктерді ашу өте
маңызды: жаңа, жаңалық, жаңарту, инновация, педагогикалық инновация,
инновациялық педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық инновацияда
ақпаратты жүйелендіру және дәлелдеу мақсатында арнайы анықтама баспасы
дайындалды. «Педагогикалық инновация туралы қысқаша сөздік», бұл жерде
жоғарыда көрсетілген түсініктер және терминдер мәні ашылады және
педагогикалық инновация мәселесі бойынша негізгі жұмыстардың
библиографиялы анықтамасы жүргізіледі. «Инновацияның» алғашқы
түсініктері жаңалық, жаңа енгізу, ХІХ соңындағы экономисттердің
жұмыстарында пайда болып талқыланады. Инновацияны зерттеумен
айналысатын мамандықтар бұл түсінікке әртүрлі мазмұнды қояды. Осылайша
кейбір шетел авторлары рухани мәдениет аспектілерін көрсетеді және
инновацияны жаңа ойлар, мінез құлық әдістері немесе заттар ретінде
қарастырады. Инновацияның мәнін ашатын әлеуметтік экономикалық ғылым
жұмыстарының арасында Н.И.Лапиннің, А.И.Пригожиннің, Ю.Вооглайданың
жұмыстарын көрсетуге болады. А.И.Пригожин инновацияны нақты
әлеуметтік бірлікке – ұйымды, қоғамды, топты енгізетін мақсатқа
бағытталған өзгеріс ретінде қарайды. Инновация бұл - адам қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін, қоғамның заңды дамуының арқасында өзгеретін жаңа
практикалық тәжірибені құру, тарату және қолданудың кешенді процесі және
осы жаңалықпен әлеуметтік және заттық ортаға өзгерістің белгіленуі.
Авторлардың пікірінше заттық мазмұнға байланысты техникалық (заттық,
технологиялық) және әлеуметтік (экономикалы, ұйымдастырылу, мәдени,
білім) инновациялар болады.
«Психология» сөздігі «Инновация - әлеуметтік тәжірибеде өзгерістерді
тудыратын жаңалықтардың әртүрлі түрлерін құру және енгізу» анықтамасын
береді. Соңғы жылдары педагогикалық тәжірибенің жаңару мәселесіне
байланысты осы аумақта педагогикадағы білімдер және әрекеттерге
қызығушылық жоғарылады. «Білімнің жаңа құндылықтары» сөздігінде
инновациялар актуалды мәнді және жүйелі ұйымдастырушылық жаңарулар
ретінде сипатталды, олар білім эволюциясы үшін перспективті болатын
ынталар және жаңалықтар негізінде пайда болады және оның дамуына әсер
етеді. Педагогикалық инновацияларды жаңару, білімді қайта құру ретінде,
материал – идея, әрекет, форма, әдіс, құрал, концепция, бағдарлама ретінде,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Данияров Т.Ә.,
Қуатова Ә.,
Дүйсекова М.
Cалауатты өмір салтына деген ұмтылыс – педагогикалық...
141
материалдарды қолдану әдістерінің анықтамасы ретінде қарастыруға болады.
Бірақ педагогикалық инновацияларды оқу тәрбие процесіне жаңаны еңгізу,
жаңалық, жақсарту үшін өзгерту деп те қарастыруға болады. Сондай-ақ жаңару
тым жаңа болуы тиіс емес, бірақ міндетті түрде жақсырақ болу керек, ол
дегеніміз қазіргі заманға сай, алғашқы болу. Инновацияның үш түрін көрсетеді:
ойлар және әрекеттер толық жаңа және ерекше көрінеді; кеңейтілген немесе
қайта дайындалған ойлар және әрекеттер, жаңа жағдайда пайда болатын және
мақсаттардың қайталануына қарамастан, алдында болған әрекеттерді жаңартатын
педагогикалық инновациялар. Өзінің мәні бойынша «инновация» жаңаларды
құру және таратуға ғана жатпайды, сонымен қатар әрекет түрінде өзгерулерге, ой
түріне қатысты. Педагогикалық жаңаруда инновациялық процесс дегеніміз
педагогикалық жаңаруларды құрау бірлігі, оларды игеру және тәжірибеде
қолдану. Білімдегі инновациялық процесстер – қоғамның өзгерістерімен
байланысты болып жатқан өзгерістер жүйесі. Олардың дамуы, біріншіден,
қоғаммен белгіленетін тапсырыс көлеміне; екіншіден, жаңарудың объективті
жағдайларына; үшіншіден, нақты ұжымдардың осы тапсырысты қабылдауға
орындауға қабілетімен; төртіншіден, жаңалықтардың ғылыми және басқару
дайындығы өте маңызды. Шетел зерттеушілері жаңалықтар және өзгерістер
арасында келесі айырмашылықты белгілейді: «Жаңалық түсінігі, мектепте және
оқуда қолданады, жиі өзгеріс түсінігіне синоним болып келеді. Егер бұл өзгеріс
кең ауқымды алып жатса, ол туралы реформа деп айтады. Алайда кез келген
өзгерісті жаңалық деп есептеген дұрыс емес. Ол алдын ала белгіленген
мақсаттарға сай жақсартудан тұру керек».
Бұл өзгерістер қазіргі жағдайда жаңалық болу керек, бірақ әрдайым толық
жаңа идея немесе форма болуы қажет емес. Кейбір мақсатты өзгерістер туралы
егер олар бір жерде пайда болса, біз инновация айтамыз, бірақ қазіргі кезде және
қазіргі ортада олар маңызды орын алады және субъектілердің тұлғасының
дамуын ынталандырады. Бұл түсінік инновациялық процесс субъектілерінің
жиынтық әрекеті ретінде анықталады. Көптеген зерттеушілер инновациялық
әрекетті даму барысындағы қазіргі білім мекемелерінің маңызды аспектілерінің
бірі ретінде қарастырады. Әртүрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды
өзгерістер тән деген қорытындыға әкеледі, ал инновациялық өзгерістің басты
функциясы өзгерту функциясы болып табылады. Инновация тәрбие міндеттерін
дәстүрлі формалар (мазмұн) арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда пайда
болып, жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану
қажеттілігін тудырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ембергенова Ж. Жастарды салауатты өмір салтына халықтық педагогика құндылықтары негізінде
ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу: пед.ғыл.кан. дисс... авторефераты. -Қарағанды, 2000. -
30 б.
2.
Қаплиева А.Қ. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар
негізінде қалыптастыру: пед.ғыл.кан. дисс... авторефераты. -Атырау, 2003. -33 б.
3.
Әлімжанова Г.Д. Становление и развитие опыта охраны здоровья школьников: автореф.
дис.канд.пед.наук. -Алма-Ата, 1987.- 30 с.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Т.Б.ҚАСЕНОВ
142
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ӘСКЕРИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
В этой статье рассматривается вопрос подготовки военных кадров в высших учебных
заведениях Министерства Обороны Республики Казахстан.
The problem of training military specialists in institutions of higher education of the Ministry of
Defense in the Republic of Kazakhstan has been considered in the article.
Жоғары әскери педагогикалық оқу орнында маман даярлаудың басты
мақсаты – болашақ әскери педагогтың бойына тек күрделі практикалық
педагогикалық міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті ғана емес,
сондай-ақ қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты даярланған,
шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласы
қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе – жаңа формацияның жаңа
кадрларын қалыптастыру.
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу
ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы
орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша
маңызды рөл атқарады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде
халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр.
Біздің елде ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім
өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес қаржы
айналымын жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа
әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінгендей,
мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен,
олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады [1].
Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында
халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де
болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің
экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-
экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге
қабілеттілігімен анықталады [2].
Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған экономикасы
жоғары дамыған елдер, әсіресе Жапония, Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур
сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, ақпараттық-коммуникациялық
революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін басқа елдермен
белсенді және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып, жедел
даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық,
рухани және экономикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасенов Т.Б. Әскери кадрларды даярлаудың кейбір мәселелері
143
өркендеудің бірден-бір кепілі ретінде отандық білім саласын реформалауға
аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр.
Қазіргі таңда ХХІ ғасыр табалдырығында жүрген Қазақстан
Республикасы өзінің дамуының және тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап
өтуде. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
тәуелсіз алған жылдардан бергі инновациялық және технологиялық ғасыр
әлемінде Еуропалық аймақтардың саясатымен тең келетін мемлекет құрудағы
құбылыстарға негізделген бағыттарды құрайды. Әсіресе Батыс пен
Шығыстың терезесін тең етіп, әлемдік тұрақтылықты сақтау, елдер
арасындағы ынтымақтастықты сақтау және өзінің даму стратегиясын ұстау.
Дегенмен біздің зерттеу тақырыбымыздың ғылыми тұрғыдан алғанда қазіргі
әскери кадрлар даярлаудағы хал жағдай болып табылады. Оның басты негізі
Қазақстан Республикасында белгіленген қатаң тәртіп, әскери жарғылар мен
доктриналар, қоғамдық пікірді отандық пікірге теңестіру және біріктіру,
дамыту, жүйелендіру саясатының негізінде құрылған әдістемелік нұсқау
беру.
Ғылыми ізденістер мен жаңалықтардың, әскери ойдың биікке
самғауының шығармашылық әлеуеттің көтерілуінің тарихы, сонымен бірге
қабілетті әскери ұйымдастырушыларды, дарынды әскер басшыларын
біліктілікпен даярлаудың көзі.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, басқарудың құрылымы мен
механизмін жақсы білетін, шығармашылықпен ойлауға қабілетті жаңашыл
офицерлерді, біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясында күндізгі және сырттай
бөлімдерде «Құрлық әскерлерін оперативті-тактикалық командалық-штабтық
дайындау» мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.
Әскери білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мен дамыту
процесіне әскери кадрларды даярлауға, әскери ғылыми база құрып,
жетілдіруге Қазақстан Қорғаныс министрі айрықша көңіл бөледі. Академияда
Қазақстанның әскери мектебінің профессор-оқытушылары құрамына
қойылатын негізгі талаптар айқындалды, олар: отансүйгіштік, парасаттылық,
кәсіби біліктілік, тәртіптілік.
ҚР ҚК Әскери академиясы құрылған сәттен бастап, ТМД елдерінде де,
алыс шетелдерде де беделге ие болып, танымал бола бастады. Әскери
академияға Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Германия мен Түркиядан келген
делегациялар профессор-оқытушылар құрамының, тыңдаушылар мен
курсанттардың кәсіби даярлық деңгейін жоғары бағалады.
Шетел қарулы күштері өкілдерінің әскери академияның жеке құрамымен
кездесуі халықаралық қатынастарды дамытуға мүмкіндік беріп, әскери
ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз
етуге зор мүмкіндіктер ашады. Оның куәсі – біздің курсанттарымыздың
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасенов Т.Б. Әскери кадрларды даярлаудың кейбір мәселелері
144
АҚШ-тың Луизиана штатында өткен «Кооператив-Наггет-97», Оңтүстік
Қазақстан облысында өткен «Центразбат-97», АҚШ-та өткен «Оспрей-98»
бейбітшілік
үшін
жоғарыда
игілікті
міндетті
бірлесе
атқаруға
қызығушылықтарын танытты. Жетекші әскери жоғары оқу орны – ҚР ҚК
Әскери академиясынан басқа біздің республикамызда тағы да төрт оқу орын
бар.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе
жоғары әскери авиация училищесі мынадай мамандықтар бойынша
офицерлер дайындайды:
-
Ұшу аппараттарын басқару;
-
Әуе навигациясы;
-
Авиацияны ұрыстық басқару;
-
Ұшақтар мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;
-
Радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану;
-
Авиациялық жабдықтарды техникалық пайдалану;
-
Авиациялық қаруларды техникалық пайдалану [3].
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника мен
байланыс әскери-инженерлік институты мынадай мамандықтар бойынша
офицерлер даярлайды:
-
радиобайланыс және радионавигация (авиацияны радиотехникалық
қамсыздандыру бөлімшелері үшін);
-
радиотехника (әскери қорғаныс күштерінің радиотехникалық әскери
бөлімшелері үшін);
-
радиотехника (әскери қорғаныс күштерінің зенитті-ракеталық
бөлімшелері үшін);
-
байланыс тораптары мен коммутация жүйелері (байланыс
әскерлерінің бөлімшелері үшін) [4].
Әскери-теңіз институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер
даярлайды:
Жоғары әскери-теңіздік кәсіби білім (офицерлер – оқу мерзімі бес жыл).
-
Кеме штурманы;
-
Су үсті кемелерінің радиотехникалық құралдарын жөндеу және
пайдалану;
-
Кеменің
дизель-электрлік
және
дизельді
энергетикалық
қондырғыларын жөндеу және пайдалану.
Орта әскери-теңіз кәсіби білім (3-класты старшиналар)
-
Кеме жүргізу және қараушылар байланысы;
-
Кемелік байланыс құралдары;
-
Кемелік іштен жанатын қозғалтқыш және электрлі жабдықтар .
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери
институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер даярлайды:
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасенов Т.Б. Әскери кадрларды даярлаудың кейбір мәселелері
145
Командалық саласы – Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін
басқару;
Кинологтар - Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін басқару;
Шекаралық бақылау мамандары – қыздар;
Ішкі әскер офицерлер - Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін
басқару.
Қазақстанда әскери кадрларды даярлау мәселесінің бірден-бір алатын
орны, Жоғары әскери оқу орындарында, Академияда меңгерілген білім
түлектердің әскерде өз міндеттерін табысты орындауына мүмкіндік береді.
Оларды ерекшелейтін күшті сапалар: жоғары теориялық дайындық, ұрысқа
дайындықты ұйымдастырудағы нық дағдысы, ұрыс техникасы мен қару-
жарақты жетік білуі, жауынгерлердің борышын терең түсінуі және оны
аяғына дейін орындауға дайын тұруы болып саналады. Осындай кәсіптік
біліктілігі жоғары, қазіргі заманғы әскери өнер саласындағы теориялық білім
мен практикалық дағдыларды жетік меңгерген, әскери маман кадрлар
болашақ отан қорғаушыларды талапқа сай деңгейде дайындайды деп толық
сеніммен айтуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. –Алматы: Юрист. 2001.
2.
Әбдіманапов С. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел //Егемен Қазақстан, 5 қараша, 2005.
3.
Әлім Қ. Тәуелсіздіктің тегеурінді сақшысы // Егемен Қазақстан, 27 желтоқсан, 2000.
4.
Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. –Алматы: Атамұра, 2003.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Г.А.ХУДАЙБЕРГЕНОВА
146
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
В статье рассматриваются проблемы формирования познaвательной заинтересованности
учеников при использовании новых технологий учебного процесса.
The article deals with some problems of formation of cognitive interest of pupils through new
technologies in the teaching process.
Бүгінгі таңда жастарға білім беру мен тәрбие саласында ұстанар ең
басты бағдар - әрбір тұлғаның таным-талғамдық кызығуын жетілдіріп,
ғылым мен техниканың күнделікті өмірмен байланыса білуін дамытып,
болып жатқан қиындықтар мен күрделі кұбылыстарға сын көзбен саналы
қарап, оған өзіндік шешім қабылдап, бұл жөнінде дұрыс та тиімді амал-
тәсілдерін таба білуге үйрету болуы тиіс. Оны шешудің ішкі сыры -
танымдық қызығуды дамытуға байланысты. Тұлға өзін-өзі дамыту мен өркен
жаятын болса, оның қозғаушы күші, түрткі болатын сипаты
қызығушылықтан бастау алады. Осыдан барып қызығушылық танымның
жетілуіне ықпалды әсер ететін құбылысқа айналады.
Педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы:
-
жауапкершілігін арттыру;
-
білімін жетілдіріп, жаңартып отыруға ұмтылу;
-
жаңашылдық шешімдерге тырысу;
-
өз бетінше оқуға дағдылау;
-
бос уақыттарында пайдалы әрекеттермен шұғылдану, т.б.
Осы міндеттерді оқушылардың бойына дарытатын болсақ, олардың
адами қасиеттерінің, танымдық қызығушылықтарының, дербес
ерекшеліктерінің дамуына айтарлықтай үлес қосар едік.
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеті оқушылардың танымдық
әрекеттерін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму
дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу. Негізінен,
қоршаған дүниені білу танымға байланысты.
«Таным» – адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін
қоршаған ортаны игеруге де үйренеді, айналадағы материалдық адам
санасында бейнеленуі. Көру, сезіну, түйсіну арқылы адамның сезім
мүшелеріне материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз.
Қабылдаған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми
біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Оқушылардың оқу
үдерісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру қабілетін дамыту ол
мектептегі оқытудың негізгі мәселесі болып табылады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Худайбергенова Г.А. Оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың...
147
Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу
жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз
күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық
сипаттарға ие бола бастайды.
Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі
айтылады.
1) оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның
берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары,
таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы,
бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы;
2) оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын
және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта жаңа технологияларды
қолдану, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын қолдану, сабақта
қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру,
танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті
ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын
және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру;
3) мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста
сыйластық болуын қамтамасыз ету [1].
Оқу үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру,
танымдық ізденімпаздық және танымдық қызығушылықты дамыту
мәселелері
бойынша
С.С.Смаиловтың,
А.Е.Әбілқасымованың,
Р.С.Омарованың, Т.И.Шамованың, Г.Н.Кулагинаның, Т.С.Сабыровтың, т.б.
ғалымдардың зерттеулері бар, ал М.Ә.Құдайқұлов, Н.Д.Хмель, В.А.Якунин,
С.И.Архангельский, А.А.Вербицкий және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде
оқу-танымдық іс-әрекетті арттыруға әсер ететін оқу үдерісінің кейбір
факторлары мен құралдары, әдістері туралы құнды ой-пікірлер айтылады.
Танымдық іс-әрекет – оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің
қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үдеріс емес. Ол тек
әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес,
жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға
ынталандыратын оқу және тәрбие үдерісі, сондай-ақ өзінің жеке басының
белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның ұстанған
позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үдеріс.
Қызығушылық – адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы - танымдық әрекетке қатынасынан
көрінеді. Оқуға, білуге қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы.
Баланың неғұрлым оқуға қызығушылығын арттырса, соғұрлым ол
тапсырманы басқалардан бұрын шешуге ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |