Қазақ хандығындағы жыраулар мұрасы Жер қойнауының сырын ашқан атаулар


сыр шертеді елбасы жайында түсірілген «менің



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата12.03.2017
өлшемі5,34 Mb.
#8857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

сыр шертеді

елбасы жайында түсірілген «менің 

балалық шағымның аспаны» фильмінде 

мынадай бір эпизод бар. Бала нұрсұлтан 

қолына «ана тілі» кітабын ұстап, ыбырай 

алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» 

деген өлеңін оқып отырады. Осы бір эпи-

зод адамға терең ой салады. елбасының 

бойындағы тұлғалық, азаматтық, 

перзенттік қасиеттері өзінің туған тілін 

ардақтаудан басталғандай. Өйткені тіл 

арқылы бойға даритын ұлттық болмыс елі 

мен жерге деген шексіз сүйіспеншілікті 

қалыптастырып, менмұндалап тұрады. 

аталған фильмде елбасы: «менің ата-ба-

баларым алатаудың баурайында өмір 

сүргенімен, шын мәнінде, олар ойдың 

да, қырдың адамдары еді. ал менің 

маңдайыма төбелері көк тіреген Үшқоңыр 

жайлауында дүние есігін ашуды жазыпты» 

дейді тебірене сөйлеп. Бұл да туған жер 

перзентінің өз еліне, кіндік қаны тамған 

мекенге деген асқан сүйіспеншілігі, зор 

құрметі. 

Үшқоңыр! мемлекет басшысының туған 

өлкесі, аялы мекені! Бұл қасиетті жерді өз 

көзімізбен көріп қайту мақсатында жолға 

шықтық. 

Осылайша, Елбасының туған ауылында болып, Қаскелеңдегі құнды мұралар жинақталған музейін 

тамашалап, керемет әсермен оралдық. Ұлт Көшбасшысының тұлға ретінде қалыптасу жолдарын 

бағдарлап, өзімізге тағылым алғандай күй кештік. «Үшқоңырым, тал бесігім, Жүрегімде мәңгі 

есімің» деп Елбасы жазғандай, туған жерін шексіз сүйген перзенттің жүрегінде бұл өлең жолдары 

жатталып қалары сөзсіз.

Ауылға арнайы келген соң, Елбасымен бір сыныпта оқыған сы-

ныптас-достарын іздедік. Күләш Әмірова – Елбасының осы ауыл-

да тұратын жалғыз сыныптасы екен. Ол өзінің балалық шақтағы 

естеліктерімен бөлісті. 

Астана. Ару қала. Ай қала. 

Қарасаң көз тоймайды. Жылдан жылға сәніне сән, сәулетіне сәулет 

қосып келеді. 

Бұл күнде Астананы дүниежүзі біледі десек артық айтқандық бол-

мас. Осында әлемдік көлемдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда 

адамзаттың түйткілді мәселелері сөз болады.Тоқ етерін айтқанда, 

Астана бейбітшіліктің мызғымас ордасына айналды. 

Астана дегенде Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айтпай 

кете алмаймыз. Қаланы қалыптастыруда Мемлекет басшысының 

рөлі өте зор. Шаһардың тез арада тамсанарлықтай бой көтеруі 

Президенттің жанашырлығының әрі тікелей қамқорлығының 

арқасы. Мұны отандастарымыздың бәрі біліп те, сезіп те отыр.

«Ажарыңа ажар қосып, өсе бер, өркендей бер, Астана!» дейміз.

АтАмекен

ойтолғаМ


Бейбітшілік шаһары

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі 

Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевты Ресей ғылым академия-

сы Экономика институтының Құрмет 

белгісімен марапаттау рәсімі өтті.  

Құрмет белгісін Қазақстан Республи-

ка сының Президентіне табыстауды 

өтінген Экономика институтының 

директоры Руслан Гринберг: «Мен 

үшін Еуразиялық одақтың құрылуына 

негіз салған адам ретінде Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевқа құрмет белгісін 

беру зор мәртебе» деді.

Құрмет белгісін қабыл алған 

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ма-

рат Тәжин өз кезегінде ресейлік ака-

демикке Қазақстан Республикасы 

Пре зидентінің ерекше қызметін атап 

өткеніне ыстық ықылас білдіре келіп, 

Нұрсұлтан Әбішұлының экономи-

ка ғылымына және оның дамуына 

қосқан үлесін жоғары бағалағанына 

алғысын айтты. Қазақстан Елшісі РҒА 

Экономика институты Қазақстанмен 

ұзақ уақыттан бері тығыз әрі жемісті 

байланыс орнатқанын атап өтіп, бұл 

қарым-қатынастың одан әрі жал-

ғасын табатынына сенім білдірді.  

Сал танатты шараға Қазақстан елші-

лігінің қызметкерлері мен бұқаралық ақ-

парат құралдарының өкілдері қатысты.



Жарқын өТеШова

МӘСКЕУ 


Экономика институтының Құрмет 

белгісі тапсырылды 



Үшқоңыр

Сөзін жазған Н.Назарбаев 

Әнін жазған А.Қоразбаев 

Балалық балдәурен

Ү

шқоңыр туралы Елбасының сөзіне 



жазылған белгілі композитор Ал-

тынбек Қоразбаевтың әні бар. «Муз-

АРТ» тобы нақышына келтіре шырқап, барша 

тыңдармандардың жүрегінен орын алған тамаша 

ән! Үшқоңырға бағыт алғанымызда осы әнді 

тыңдаумен болдық! «Құлақтан кіріп, бойды ала-

тын» ән мен сөздің үйлесімділігі бір ғанибет. 

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,

Әкемнің ізі қалған жайлауыңда.

Қасқасу гүр-гүр тасып,

Гүлі еркелеп,

Арқарың жайылатын аймағыңда, – деп 

шырқалғаннан-ақ әйгілі Алатаудың қойнауын-

дағы Үшқоңыр, тамылжыған табиғат, гүр-гүр 

тасыған Қасқасудың шуы, еркелеген нәзік 

гүлдердің әсем көрінісі көз алдыңа елестей бас-

тайды. Әнді тыңдаған сайын Үшқоңыр жаныңа 

жақындай түсіп, өзің де осы аймақтың бір төл 

перзентіне айналып кеткендей күй кешерің 

сөзсіз. Өйткені бұл сөз бен әннің құдіреті. Тұнып 

тұрған сурет! Тамсанасың, таңғаласың! 

Иә, осы өңірден, Үшқоңыр баурайынан туған 

жерін әлемге әйгілеген ұлт көшбасшысы – Елба-

сы түлеп ұшты. 

Елбасы әр қазақ баласы сияқты өзінің сая-

лы мекенін құрметтейді, ардақтайды. Туған 

жерге деген сағыныш, перзенттік махаббат қана 

адамды ұлы істерге бағыттап, ұлы мақсаттарға 

жетелейтіні шындық қой. Демек, адамның бойы-

на күш-қуат та, қажыр-қайрат та сыйлайтын 

нәрсе ол оның – Туған жері, Атамекені! 

Осы орайда Елбасының туған жерге қатысты 

айтқан мына бір сөзін келтірсек дейміз. «Көптеген 

елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай 

өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. 

Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, 

Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған 

үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, 

сағынышымның алтын қазығы сонда екен...». 

Міне, бұл жүректен, ақ көңілден ақтарылған 

тәлімдік мағынасы терең сөз! 

Үшқоңырға да жеттік. Үшқоңыр ауылының 

орталық көшесімен келе жатырмыз. Қарапайым 

ғана қоңырқай тіршілігі бар ауыл. Ойша 

Елбасының бала кезде асыр салып ойнаған 

жерлерін, ат жалын тартып мінген кездегі дәуренін 

елестетіп келеміз. Мына бір көшенің бойымен ол 

мектептен үйіне қайтқан болар. Әне бір көшенің 

бойымен сәйгүлікке мініп жүйткіп өткен болар. 

Иә, ауылдың әр жері небір тарихи сәттерден сыр 

шертіп тұрғандай. Көшеде жолай кездескен адам-

дармен сәлемдесіп, хал-жай сұрасамыз. Мұнда ба-

лалардан бастап, үлкендерге дейін төл перзентін 

мақтан етеді. Осы ауылдан Қазақ халқының 

тұңғыш Президенті шыққанын, Елбасы туралы 

әркім-ақ ауыз толтыра әңгімелеп бергісі келеді. 

Иә, Елбасы жалғыз бұл ауылдың ғана емес, күллі 

Қазақ елінің, Алты Алаштың ардағы ғой. 

Бізді қарсы алған «Үшқоңыр» ауылдық 

әкімдігінің бас маманы Қарлығаш Мамытәли-

қы зы ның анасы Тәкура Алғадайқызы Елбасы-

ның қолына алғаш қалам ұстатқан ұстазы екен. 

Қарлығаш бізге анасынан естіген әңгімелерін 

айтып келеді. Елбасы бала кезінде өте алғыр, 

зерек болған екен. Ұстаздары ол қасиетін бірден 

аңғарып, үлкен үміт күтіпті. Сабағына үнемі 

дайын далып келіп, мұғалімнің қойған сауалдары-

на да бірінші болып жауап береді екен. 

Әңгімелесе отырып, Елбасы оқыған мектепке 

де жеттік. Азамат қылып өсірген, білім нәрімен 

сусындатқан алтын ұя мектебі! Мектептің жа-

нынан «Шапағат» тарихи-өлкетану мұражайы 

ашылыпты. Мұнда Нұрсұлтан Әбішұлының 

а т а - а н а с ы н ы ң ,   ұ с т а з д а р ы н ы ң   ж ә н е   д е 

балалық, жастық шағынан сыр шертетін сурет-

тер қойылыпты. Олар тақырыптар бойын ша 

жүйеленіпті. Мәселен, «Шамалған – кеңес үкіметі 

тұсында», «Үшқоңыр – ғасырлар қойнауында», 

«Шоқтығы биік – Үшқоңыр», «Мектеп – 

шәкіртімен мерейлі», «Елбасының өмір жолы: 

«Балалықтан – болашаққа», «Елбасы өткен асу-

лар», «Берекелі отбасы – үбірлі-шүбірлі ұрпақ», 

«Бала – біздің болашағымыз. Елбасы – балалар 

арасында» және т.б. 

Бұл мұражайдағы заттарды көздің қарашы-

ғын дай сақтап, жұмысын алға бастырып 

отырған білікті маман ғылыми жетекшісі, ҚР 

Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің 

иегері Рымкеш Шәйкенқызы. 2500-ден астам 

құндылықтары бар мұражай эстетикалық 

талғаммен, өте жоғары деңгейде безендіріліпті. 

Жас ұрпақты тәрбиелеуде игілікті іс-шаралар 

да жиі өтіп тұрады екен. Музейге келген әрбір 

қонақ өзінің жүрекжарды тілегін де жазып 

қалдыра алады. Ондағы альбом-кітапшадан 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Дариға Назарба-

ева, Ерлан Ыдырысов, Бақытжан Жұмағұлов, 

Жансейіт Түймебаев, Роза Рымбаева, Досхан 

Жолжақсынов, Елбасының бұрынғы кеңесшісі 

Николай Канишев, 15 әлем мемлекеттерінің 

е л ш і л е р і ,   Е л б а с ы н ы ң   с ы н ы п т а с т а р ы , 

Теміртауда бірге жұмыс жасаған металлург-

тер және көптеген зиялы қауым өкілдерінің 

қолтаңбаларын тамашалауға болады. 



алғыр да зерек 

оқушы болды

– Мен Нұрсұлтанмен Қаскелеңдегі Абай 

атындағы мектепте 10-сыныпта бірге оқыдым. 

Өте білімді болды. Математиканы, тарихты ерек-

ше жақсы көретін. Ұйымдастырушылық қабілеті 

ерекше болатын. Жоқтан бар жасап, тығырықтан 

шығар жол тауып кететін. Қиындықтарға мой-

ымайтын. Қай кезде де елгезек-тін. Сол кездің 

өзінде мектепте абырой-беделі жоғары болды. 

Спортпен де шұғылданды. Би билегенді де 

ұнататын. Ол кездің адамдары бір-біріне бау-

ырмал болды. Әруақытта кішіпейіл, адал болу 

керек. Біздің уақытта бір-бірімізге көмектесуге 

әзір тұратынбыз. Сыныпта оқу үлгірімімізді 

көрсетіп тұратын тақта болатын. Ылғи бес-

ке оқитын мен бір күні «үш» деген баға алып 

қалдым. Дереу жаныма Нұрсұлтан жетіп келіп, 

«Күләш, мынауың не, ұят емес пе?» деді. Сөйтсем, 

тақтадан барлығының бағасын қарап, бақылап 

жүреді екен ғой. Ұялғанымнан, «үш те болса күш» 

деп қоямын. 

Айта берсек естелік те, әңгіме де көп. 

Бойжетіп, қыз болып қалған кезіміз. КазПИ-ден 

3-4 қыз, жас мұғалімдер тәжірибеден өтуге мек-

тепке келді. Солар дың бірі арамыздағы көркем 

жігітіміз Нұрсұлтан ға ғашық болып қалыпты. 

Біздің қыздар оған рен жігендей болып жүрді. 

Абырой болғанда, олардың тәжірибеден өтетін 

уақыты бітіп, барлығы сәтті аяқталды.

 Қазір байқап отырсам, Нұрсұлтанның 

бойындағы қасиеттерінің барлығы бала кезінен 

қалыптасқан. Ол барлық мәселені жан-жақты 

ойлап, бірден қағып алып, үнемі ізденіп жүретін. 

Елбасының осы қасиетін де жастар өздеріне үлгі 

тұтса артық болмас еді. 

Біз, сыныптастар бас қосқанда көңілденіп 

қаламыз. Өткен-кеткенді әңгімелеп, ән айта-

мыз. Нұрсұлтанның анасы Әлжан «Бүлдірген, 

қандай жақсы ойнап-күліп бір жүрген» деген 

әнді үнемі айтып жүреді екен. Сол «Бүлдіргенді», 

«Үшқоңырды», «Ақ бантикті» айтып, жастық 

шағымызды еске түсіреміз. Нұрсұлтан мені 

көрген сайын, «Күләш, ауылдың жағдайы қалай?» 

деп сұрайды. Ауылына қолғабыс жасап тұрады. 

Бүкіл ауыл Нұрсұлтанымен мақтанады. 

күләш ӘМірова, елбасының сыныптасы:

дәуіржан ТөЛеБаев,

Бағдагүл БаЛауБаева,

Фотосуреттерді әзірлеген азамат ҚҰсаЙынов

Алматы облысы, 

Қарасай ауданы, 

Үшқоңыр ауылы

қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігімен 

қатар, халықаралық ынтымақтастықтың 

маңызды бағытының бірі болып сана-

лады. Миландағы бас қо суда басталған 

үнқатысу елдер дің, халықаралық 

ұйымдар мен биз нес тің арасындағы 

өзара ықпалдастыққа серпін береді 

және Астанада жалғасын табады деп 

сенемін» деген Нұрсұлтан Назарбаев 

жиынға қатысушыларды Астанада 

өтетін көрмеге шақырды.

Жиында Италия Ауыл шаруашы-

лығы министрі Маурицио Марти-

на сөз сөйлеп, екі ел арасындағысы 

байланыстар одан әрі нығаятынына 

сенімді екенін жеткізді. Бұдан кейін 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

Италия Премьер-министрі Маттео 

Ренцимен бірге екі елдің ұлттық пави-

льондарын аралап, Құрметті қо нақ тар 

кітабына қолтаңба қалдырды.

ТИіМді үнҚаТысу 

ҚаЖеТ

Астанада басталған Орталық және 

Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-

зомбылық пен экстремизмге қарсы іс-

қимыл жөніндегі өңірлік конференцияға 

әлемнің 24 елінен делегация келді. 

Оған АҚШ, Еуроодақ және Ресейдің 

уәкілетті органдарының жетекшілері, 

БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және тағы басқа 

халықаралық ұйымдар жетекшілері, тер-

роризм мен экстремизмге қарсы күрес 

саласының өкілдері жиналды.

Конференцияны Қазақстан Респуб-

лика сының Бас прокуроры Асхат Дау-

ылбаев ашып, Қазақстанның Премьер-

министрі Кәрім Мәсімов, АҚШ-тың 

Ішкі қауіпсіздік министрлігі кеден-ше-

кара қызметінің жетекшісі Гил Керли-

ковски, ҚР Президентінің көмекшісі 

– Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 

Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Ұлттық 

қауіпсіздік комитетінің төрағасы 

Нұртай Әбіқаев сөз сөйлеп, жиын-

ға қатысушаларға өздерінің тілегін 

білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі 

К ә р і м   М ә с і м о в :   « Б і з г е   з о р л ы қ -

з о м б ы л ы қ   ж ә н е   э к с т р е м и з м м е н 

күресуге дайын сындарлы күштермен 

өзара тиімді үнқатысу орнату қажет. 

Ол үшін ведомстволардың арнайы 

қызметтерінің байланыстарын нығайту 

мен ынтымақ тастығын дамытуды бұдан 

әрі қарай жал ғастыру бойынша шара-

ларды тоқ татпағанымыз жөн. Бүгінде 

зорлық-зомбылық лаңкестікпен 

және экстремизммен күрес бо йынша 

барлығын тегіс қамтитын халықаралық 

конвенция қа был данбаған. Бұл өз 

кезегінде біз үшін маңызды құжат 

болар еді. Қазіргі кезде қолданыстағы 

халық аралық келісім аталған қатер-

л е р д і ң   т е к   ж е к е л е г е н   қ ұ б ы  л ы с -

тарымен күресуге бағыт талған. Осы 

зұлымдықпен кү реске негізделген 

қажетті шараларды қабылдауға әзірміз 

және ынтымақтастық үшін әрдайым 

ашықпыз» дейді.

Айта кетерлігі, конференцияда 

еліміз дің БҰҰ-ның терроризмге қарсы 

күрес жө ніндегі негізгі конвенция-

ларына қо сылғаны, Терроризмге қарсы 

күрес орта лы ғы құрылғаны және ол 

халықаралық және өңір лік құры лым-

дармен тығыз байланыс орнатқаны 

жайында сөз болды.



Бағдагүл МҰраТҚызы

Кітаптың алғысөзінде Ресей 

Федерациясы Федерация Кеңесінің 

мүшесі, Халықаралық істер жөніндегі 

к о м и т е т   т ө р а ғ а с ы н ы ң   б і р і н ш і 

орынбасары Виталий Игнатенко 

былай деп жазады: «Бұл кітап – ұлан-

ғайыр, қуатты ел туралы, ғарышты 

бағындырудың басталуы туралы, 

ұлттық дипломатияның пайда болуы 

туралы және ядролық сынақ тардан, 

яғни ажал сепкіш тажал қарудан бас 

тарту туралы, ғажайып қала Астана 

– болашақтың мегаполисі туралы, 

сондай-ақ Еуразиялық эконо-

микалық кеңістік секілді күрделі 

құры лым туралы… Және бастысы 

– мың жылдықтар тоғысында өсіп-

өркен деген және көпұлтты заманауи 

Қазақ стан секілді осыншалықты 

ғажайып халықаралық құбылысты 

жасау қолынан келген адам туралы». 

Жинаққа енген публицистердің 

арасында шығармашыл одақтардың, 

і р і   б а с п а л а р д ы ң   б а с ш ы л а р ы , 

жоғары наградалар мен беделді 

с ы й л ы қ т а р д ы ң   л а у р е а т т а р ы 

– Всеволод Богданов, Владимир 

Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий 

Симонов, Юрий Батурин, Кирилл 

Привалов, Леонид Млечин, Николай 

Долгополов бар.

Басқосуда сөз сөйлеген «Орыс 

баспасөзі»  бүкіл әлемдік  ассоциа ция-

сының президенті Виталий Игнатен-

ко ның,  Еуразиялық  экономика лық 

комиссия төралқасының мүшесі 

(министрі) Татьяна Валоваяның, 

М е м   л е   к е т т і к   д у м а н ы ң   Т М Д 

істері, еуразиялық интеграция-

лар және отан дастармен байланыс 

жөніндегі комитет төрағасы Леонид 

Слуцкийдің, «ЛУКойл» концернінің 

президенті Вагит Алекперовтің, 

Әзербайжанның Ресейдегі елшісі 

Полад Бюльбюль-оғлының сөздері 

сондай бір шынайы және сезімге 

толы болып шықты. 

Қ а з а қ с т а н   П р е з и д е н т і 

Н.Ә.Назарбаев тың РФ Журналистер 

ода ғы ның жоғары наградасы «Ерек-

ше еңбегі үшін» белгісімен марапат-

талғандығы жарияланды. 

а.осПан

Мәскеуде «ЖАСАМПАз. Нұрсұлтан Назарбаев: 

Ресейден көзқарас» («СО зИ ДАТЕЛЬ. Нурсултан 

Назарбаев: взгляд из России») кітабының тұсауке-

сері бо лып өтті.  Кітапқа Ресейдің аса ірі саяси және 

қоғам қайраткерлерінің Қазақ стан ның Тұңғыш 

Президенті туралы түсініктемелері, жеке бағалары 

берілген. 

Жаңа кітап

Жасампаз

ресейдің «алтын қалам иелері» 

Қазақстан көшбасшысы туралы

арман қала, 

ару қала – астана!


4

5

№26 (1284) 



2 – 9 шілде 

2015 жыл


№26 (1284) 

2 – 9 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

«Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздеп отырмыз»

ЖЕР ҚОйНАуЫНЫң 

СЫРЫН АШҚАН АТАуЛАР

Орал өңірінде көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 

жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтті

Қуат САПАРОВ, 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің профессоры, 

география ғылымының докторы,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет 

в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: 

anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. 

 рубрику ведут: дәуіржан ТөЛеБаев, ақбота ИсЛӘМБек

Казахи издревле понимали, что без детей нет будущего. Поэтому они 

с чувством огромной ответственности относились к продолжению своего 

рода и воспитанию потомков. Это мы можем наглядно увидеть в обычаях 

и традициях, навыках и обрядах по воспитанию детей. Поэтому не удиви-

тельно, что была выработана целая система обращений к детям и близким, 

отличающуюся доброжелательностью. Это один из важных моментов в 

воспитании поколения. Сегодняшняя тема нашей рубрики называется 

«Жылы сөз – жан шуағы», что в переводе с казахского обозначает «Ласко-

вое слово – богатсво души». 

 Взрослые по отношению к детям и близким, употребляют ласкатель-

ную форму, связанную с названиями детенышей некоторых домашних 

животных, птиц которые не имеют эквивалентов в русском языке. К этим 

словам прибавляется суффикс -м,-ім, -ым. Эти слова мы можем разделить 

в такие группы: 

1) выражения связанные с де­

тенышами домашних животных: 

қозым, ботам, құлыным, бота-

қаным, боташым, қошақаным, 

құ  лыншағым, құлынтай, ақ тай-

ла ғым.

2) выражения связанные с птица­

ми: қарғам, қарғатайым, қарғашым, 

қарлығашым, аққуым, балапаным. 



айнам – светик мой, моя милая 

(фор ма обращения к маленьким 

девочкам).

алтыным – золотце мое, мой 

золотой.


көгершінім – голубка моя. 

асылым, қымбаттым – мой до-

рогой.


Жаным – душа моя. 

Шырағым, шырақ – дорогой.

Жарығым, сәулем, жарық дү­

нием, жұлдызым, айым, сәуле тайым 

– свет мой.

айналайын – частоупотребляе-

мая форма вежливого, почтитель-

ного обращения старшего по воз-

расту к младшим. 



садағаң кетейін  чаще употре-

бляется когда благодарят, просят, 

умоляют. Эта форма обращения 

идентична слову «айналайын».

Слово «Пожалуйста» в казахском языке имеет много эквивалентов 

по ситуации. Если вам разрешают что либо сделать, то вы чаще слышите 



«Мейіліңіз» или «Қалауыңыз білсін». Следующие вежливые формы обраще-

ния со словом «пожалуйста» пригодятся в повседневной жизни. 



кешіріңіз, ғафу етіңізші – Извините, пожалуйста.

айналайын, көмектесші – Помогите, пожалуйста.

айтыңызшы – Скажите, пожалуйста.

Қалқам, кітапты әперіңізші – Подайте книгу, пожалуйста.

абыржымаңызшы – Не волнуйтесь, пожалуйста.

Тәңір жарылқасын, толғанбаңыз! – Не волнуйтесь, пожалуйста.

өтінем, ренжімеңіз – Прошу вас, не обижайтесь.

өтінем, төрлетіңіз – Прошу вас, проходите.

айыпқа бұйырмаңыз! /айып етпеңіз! – Прошу прощения!

Түсіндіріңізші – Обьясните, пожалуйста!

Терезені ашыңызшы – Откройте окно, пожалуйста! 

оБразные И МеТкИе выраЖенИя

нацИонаЛьные назИдаТеЛьные речИ

Примеры:

Шырағым, үлкенге құрмет көрсете біл – Дорогой, уважай старших.

алтыным менің, анасының айтқанын екі етпейді – Золотце ты мое, 

никогда не забывает что мама поручила. 



 отыра ғой, айналайын – Садись, дорогой. 

көзіңнен, айналайын – Ах, моя ненаглядная.

анау тұрған көзілдірігімді әпере салшы, айналайын – Подай пожалуй-

ста мои очки, которые стоят вон там. 



кешір, айналайын, сені байқамай қалыппын – Извини, дорогой, что 

не заметил тебя.



айналайын, сағат қанша екенін айтып жіберші – Дорогой, не под-

скажешь сколько время.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет