садағаң кетейін, көмектесіп жіберші – Помоги пожалуйста (род-
ненький).
Традиционные народные обращения к близким всегда строились
на ласковом указании. Форма ласкотельных обращений в боль-
шинстве случаев образовывалась с присоединением к основе слова
со значением родственных отношений суффиксов -жан, -еке, -тай,
-ш. Приведем примеры:
ағажан, бұл айтқандарымды көңіліне алма – Брат мой, непринимай
мои слова близко к сердцу.
Әжетай, уайымдамаңыз, шаруам біткен соң елге ораламын – Бабушка
моя, не переживайте, я вернусь домой как только закончу все дела.
Гауһаржан, үстелде тұрған кітабымды әперші – Гауһаржан, подай
мою книгу со стола.
Әпкешім, мені де саябаққа апарыңызшы – Сестра моя, сводите меня
тоже в парк.
Пример:
Жиренше шешен хан ордасынан үйіне келіп, күркесінен сирағы
шығып жатып: «айқай, өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дейді екен.
– «Говорят, что Жиренше шешен, вернувшись из ханской ставки
в свою лачугу, в которой не умещались даже его ноги, сказал, что
каждому свой дом кажется дворцом».
Үш байлық: бірінші байлық –
денсаулық. Екінші байлық – ақ
жаулық. Үшінші байлық – он саулық.
Три богатства: первое богатство
– здоровье, второе – спутница жиз-
ни, третье – десять дойных.
Үш жұрт: өз жұрты (ағайыны),
нағашы жұрты, қайын жұрты.
Три родственных уз: свои род-
ственники (по линии отца), род-
ственники по линии матери, род-
ственники по линии жены.
Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал.
Три неотвержимых: характер,
старость, смерть.
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
Три неотвратимых: (в нади-
онально-назидательном понятии –
бесчестных): сон, еда, смех.
Үш жамандық: Нақақ қан төгу,
кісі малын алу, ата-бабадан қалған
ескі жұртты бұзу.
Три подлости: безвинное пролива-
ние крови, кража чужих животных,
разбой над останками предков.
аузы дуалы – «человек с при-
вораживающим языком», «человек
обладающий силой слова».
Бармағынан бал тамған – «вир-
туозный игрок на музыкальных
инструментах».
Жаны бар сөз – «дельный совет».
Жаман айтпай – жақсы жоқ –
«нет худа без добра».
ештен кеш жақсы – «лучше
поздно чем никогда».
Жүрекжарды сөз – «радостная
весть».
Исі қазақ – «по духу қазах», «ду-
шой и сердцем казах».
көздің қарашығындай сақтау –
«беречь, как зеницу ока».
көзайым болу – «не нарады-
ваться». Пример: Ағайындарың
келіп көзайым болып жатырсың ба?
– Наверное, не нарадуетесь долго-
жданному приезду родных.
күміс көмей, жез таңдай – «ода-
ренный певец с прекрасным голо-
сом».
Қара шаңырақ – «хранитель
традиции предков», «уважаемый,
почитаемый дом».
өз үйім, өлең төсегім; өз үйім,
кең сарайдай боз үйім – «свой
дом – своя колыбель». Фразеоло-
гизм образно характеризующий
значимость собственного угла и
собственной постели, особо под-
черкивает, большое счастье для
человека иметь свой дом, свой угол,
независимо от того, каков этот дом
– роскошный дворец или хижина.
Жеріңнің Аты – бАбАңның хАты
Жосалы мыс кендері бар үйінділі ескі
к е н о р ы н д а р ы А қ б и д а й ы қ ж ә н е
Қарабидайық қоныстарында орналасқан.
Олардан батысқа қарай Майқайында
атақты Алтынқазған және Балаарқалық
кен орындары орналасса, батысқа және
солтүстік батысқа қарай Екібастұз
ауданында Қызылқайнар, Қызылқұдық,
Елемес, Екітөбе мыс кен орындары белгілі.
Екібастұздан батысқа қарай Шідерті
өзенінің бойында мыс кендері бар ескі
шұңқырлары сақталған Жанғабыл, Шақшан
және Жамбасқұдық ескі кен орындары
шоғырланған. Баянауыл тауларынан
батысқа қарай орналасқан ежелгі кен
орындарынан ең белгілері Мырзашоқы,
Сарытөбе және Шақпақтас. Олардың
біріншісі Баянауылдан оңтүстік батысқа
қарай 10 км, екіншісі 23 км, ал үшіншісі 45
Жібек жолының бойындағы керуеншілерге
еселеп сататын болған. Бұл тауарлар одан
әрі Батыс пен Шығыстың елдеріне тарап
отырған.
Торғай-Ұлытау өңірінде кездесетін Үлкен
Жезді, Бала Жезді, Жезді кенті, Жезқазған
қаласы, Алтыншоқы тауы, Кішіборлы көлі,
Шақ пақ тауы, Көміртас қыраты, Теміркөл
және Тастемір қоныс атауларынан пайдалы
қазба, тау жыныстарының құрамы және
кен орындары жөнінде мол ақпарлар алуға
болады.
Пайдалы қазбаларға бай жерлерді
мекендеген біздің ежелгі ата-бабаларымыз
(көне түрік халықтары) атауын берген
топонимдерді әлеуметтік-тарихи және
экономикалық тұрғыда зерттеу лайықты
деп білеміз.
Металл өндірісіне байланысты қазақ
кен барлау саласында өткізген, академик
Қ.И.Сәтбаевты сол аймақтағы жер-су,
аттары өзінің геологиялық ізденістеріндегі,
м и н е р а л д ы п а й д а л ы қ а з б а л а р д ы ң
аттарымен байланысты болғандығы
ерекше таңғалдырды. Мысал келтіретін
болсақ: Майтөбе, Кенді, Ақтау, Борлықтау,
Жезқазған, Жезді, Қорғасын, Көмірлі, Мыс-
бұлақ, Алтынбел, Сужанар ... Бір ғажабы,
осынау жерлердің бәрінен аттарына сай
кен шыққан.
«Пайдалы қазбалардың орнын барлау
барысында Қаныш Имантайұлы тек кейінгі
кезеңде ғана кең өрістей бастаған жаңа
ғылым – топонимиканың әдіс-тәсілдерін
мол пайдаланды. Туа біткен географтар –
көшпенділер өздері ғұмыр кешкен өлкедегі
жер аттарын таңданарлықтай дәлдікпен
және терең мәнділікпен қоя білген.
Көшпендінің баласы, ойлы ғалым өзінің
Қазақстан жеріндегі аса бай кен орындары
туралы болжауларына дәйектемені
өлкенің топонимикасынан таба алды.
Мысалы, Жезді, Кеңгір, Қорғасынтау,
Теміртау, Кеңқорытқан, т.б. атауларында
бұл жерлерде тау-кен ісінің ертеден өріс
алғанын көрсететін айқын дәлел бар.
Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың
қойын дәптерінде мынандай жазу бар:
«Мыңшұңқыр. Демек бұл жерде байырғы
кен қазба орындары болған. Анықтау
керек. Қаратас. Халық ұғымында былай
деп темірді емеурін етеді. Көктас. Былай
аталған жерде мыс бар деп топшылауға
болады. Алтынтапқан атауы – алтынның
бар екенін аңғартады. Әрине тегін емес,
Жезқазған. Демек, жез өндірілген жер деген
сөз. Жыланды. Түсті металл рудасы бар болу
керек» деген жазу бар.
Қорыта келгенде, қазақтың география-
лық атаулары Қазақстанның кең байтақ
аумағының ерекшеліктерін (жер бедері,
гидрография, жануарлар әлемі, климат,
өсімдіктер мен топырақтар) бейнелеп қана
қоймай, таңғаларлық дәлдікпен олардың
өте ұсақ бөліктерін, ал кейде геологиялық
құрылымдар мен пайдалы қазбалардың
кездесетінін көрсетеді.
Жергілікті топонимдердің маңызды
ерекшеліктері болып олардың пайдалы
қазба кен орындары туралы ақпараттар
беруі және кен орындарын іздеудегі
рөлі болып табылады. Сондықтан да
геологиялық және басқа да карталардағы
топонимдерінің өзгертіліп жазылуына
жол бермеу керек. Себебі, олар ғылымда
үлкен маңызы бар топонимдердің
жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Керісінше, Қазақстан аумағы үшін
топографиялық, геологиялық, геомор-
фо логиялық, гидрогеологиялық және
басқа да карталарды құрастыру үшін
жергілікті географиялық атауларды
толық және дәл анықтау жұмыстарын
жүргізу қажет.
Пайдалы қазбалардың жергiлiктi
топонимдерде бейнелеуiнде, тарихи-
археологиялық геологиялық мән бар.
Бұл кен орындарының геологиялық
қорын анықтап, өзге де кен орындарын
ашуға мүмкiндiк туғызады. Кен қазба,
байлықтарға байланысты топонимдер
гео гра фиялық атауларды маңызды
сипат тармен толықтырып, геологтарға
кен көздерiн ашу кезеңдерiнде қажеттi
дәрежеде мағлұмат бере алады.
«ана тілі» көтерген Мәселе
Әлемдегі әрбір ұлттың өз тарихында
кие тұтатын географиялық орындар бар.
Ол жерлердің киелігі сол халықтардың
шығу ошағы немесе ұлттық мәдениеттің,
елдіктің ошағы болуына байланысты болса
керек.
Қазақ халқының тарихында мұндай
жерлер өте көп. Бұл орайда Сарыарқа өңірі-
нің Ұлытауы мен Көкшетау, Қарқаралы,
Қызыларай мен Шыңғыстау, Баянауыл
мен Ерейментау жерлерін ерекше атауға
болады.
Ежелгі қазбалар барлық Орталық және
Солтүстік-Шығыс Қазақстан бойынша
кең жолақ түрінде таралып, дала зонасы
бойынша Көкшетау тауларынан Бетпақдала
шөлдеріне дейін, Майқайыңнан Солтүстік
Балқашқа дейін созылған. Мұнда көптеген
кен орындары, үйінділер, қазындылар
мен шахталар сақталған. Олардың
ішінде ірі кен орындары – Жезқазған,
Қаражал кешендері, Солтүстік Балқаш
маңы, Қарқаралы, Баянауыл, Қарағанды
далалары, Солтүстік Бетпақдала кен
орындары болып табылады. (А.Сейдімбек.
Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу
құралы. – Алматы: Санат. 1997. -464 б.)
Баянауыл – Орталық Қазақстанның
көне металлургиясы дамыған ошақтарының
бірі. Көне руда өндірушілердің мекендері
М и л ы қ ұ д ы қ , Б е с т ө б е , С о р қ ұ д ы қ ,
Айнакөл, Жолымбет, Ескіжұрт, Жосалы,
Тағыбайбұлақ, Суықбұлақ, Мырзашоқы,
Бұғылы, Шортандыбұлақ, Есіл өзенінің
бойында көзге түседі. Отпен уатумен
қатар үңгіме де пайдаланылды, оның ізі
Жезқазған маңында сақталған.
Ежелгі қазба орындары Баянауылдың
солтүстігі мен солтүстік шығысындағы
Кайдауыл және Жамантұз бекеттерінің
маңымен Майқайың және Екібастұздың
жанында орналасқан. Бұл ауданда мыс
кені бар екі ескі шұңқыр түрінде көрінген
ежелгі Қайрақтас кен орны, кейде мысты
жасыл немесе көк басқан порфирдегі
Алты АлАштың АрдАғы
Жуырда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы мен Жымпиты ауданын-
да Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының
иегері, қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына арналған
мерейтойлық шаралар өтті. Алдымен облыс орталығында Қадыр Мырза Әлі атындағы
мәдениет және өнер орталығы мен ақынның ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға
ақынның жары мен балалары, немерелері, елге танымал ақын-жазушылар қатысты.
Топонимикалық зерттеулер өте күрделі,
көбінесе география, тарих, лингвистика,
ал кейде археологиялық салалардағы
білім көздерін зерделеуді қажет етеді.
Бұл орайда көптеген топонимдер
жергілікті геологиялық құрылым,
тау жыныстардың құрамы, пайдалы
қазбалардың және т.б. өзіндік белгісі
болып табылатынын да айта кеткеніміз
жөн. Өйткені пайдалы қазбалардың
жергiлiктi топонимдерде бейнелеуiнде,
тарихи-археологиялық геологиялық
негiздеме бар. Сонымен қатар кен
қазба, байлықтарға байланысты
топонимдер жүйесі географиялық
атауларды маңызды сипаттармен
толықтырып, геологтарға кен көздерiн
ашу кезеңдерiнде қажеттi дәрежеде
мағлұмат бере алады.
«Ана тілі» газетінің №24 (1282) 18-24 маусым 2015 жылғы санында
жарияланған қоғам қайраткері Дос Көшімнің үкіметтік емес ұйымдар
белсенділеріне білім беруді жетілдіру және дүниежүзінің ең озық
тәжірибелерімен бөлісуді қазақ тілінде жүргізудің маңыздылығы жай-
лы пікірін ескере отырып, біз Қазақстандағы Орталық Азияның Еуразия
Қоры ашқан «Сараптама орталығы» үкіметтік емес ұйымы жүргізетін
бағдарламалар жайлы толығырақ ақпарат беруді жөн көрдік.
Қазақтың белгілі
жазушысы Сәбит
Досанов биыл
75 жасқа толды.
Ол 1940 жылы
қаңтар айында
Қостанай облысына
қарасты Амангелді
ауданының
Байғабыл ауылында
дүниеге келді. Осын-
да киелі шаңырақта
тәрбиеленіп, азамат
болып қалыптасты.
Осынау дарынды қаламгерді жер-
лес тері де ерекше құрмет тұтады,
соның бір жарқын айғағы ретінде
жақында облыс орталығындағы
«Мирас» мәдениет сарайында қа-
лам гердің мерейтойына байла-
нысты шығармашылық кеш ұйым-
дастырылды.
Көршілес Ресейдің астанасы
Мәс кеуден, Өзбекстан, Қырғызстан,
Әзер бай жан елдерінен, Түркиядан
келген және қазақ стандық бірқатар
қа ламгерлер мерейтой иесімен бірге
басқосудың салтанатын арттыра
түсті.
Кешті Қостанай облысының әкімі
Нұралы Сәдуақасов ашып, жылы
лебізін білдіре келе жазушының
иығына шапан жауып, темір тұл-
пардың кілтін тапсырды.
Жиында қазақтың тұңғыш ға-
рыш кері, Кеңес Одағының Батыры,
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров
сөз сөйлеп, ыстық ықыласын білдірді.
Сондай-ақ шет елдерден кел-
ген қонақтар да мінбеге көтеріліп,
Қр Мемлекеттік орталық му
зейінде белгілі ғалым тұлғалары
мыз дың бірі, филология
ғылымының докторы, профес
сор нұргелді Ма қа жанұлы
уәлидің 70 жасқа толуына орай
шығармашылық кеш болып өтті.
Кеште музей директоры Н.Әлім-
бай сөз алып, ғалым жайында өзінің
жылы лебізін білдірді. Соны мен бірге
А.Байтұрсынов атын дағы Тіл білімі
ғылымы институты дирек торының
о р ы н б а с а р ы А . Ф а з ы л ж а н о в а ,
С.Демирел атындағы универси-
теттің тіл, коммуникация және
мәдениет орталығының жетек шісі
З.Ахметжанова ғалымның қазақ
ұлттық этнографиясына қосқан үле-
сіне ерекше тоқталып, тілектерін
айтты.
Н.Уәлидің ғылыми еңбектері
қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл
нормаларын кодификациялаудың
теориялық әрі практикалық проб-
лемаларына және қазақ фра зео-
өлең дерін оқып, сый-сияпаттарын
жасады.
Қаламгер тойында Қазақстанның
халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов,
әнші Сү леймен Ибрагимов және
Е л у б а й Ө м і р з а қ о в а т ы н д а ғ ы
облыстық фи лармо нияның әншілері
өнер көр сетіп, әннен шашу шашты.
Ілияс Омаров атындағы облыстық
қазақ драма театрының артистері
кеш ие сінің драмалық туындылары-
нан үзінділер қойып, жазушының
шығар ма шылық қырларын барын-
ша аша түсті.
Кеш соңында мерейтой иесінің
өзі сөз алып, мұндай ұмытылмас
ша раны өткізуге ұйытқы болған об-
лыс әкіміне, басқа да ұйымдас ты ру-
шы ларға, өзінің шынайы алғысын
жеткізді.
Жазушының мерейтойы өзінің
туып-өскен Торғай өңіріндегі Аман-
гелді ауданында одан әрі жал ғасты.
оразалы ЖаҚсанов
Қостанай облысы
логиясының өзекті мәселе ле ріне
арналған. Олардың негізгілері:
«Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ
орфогра фиясындағы қиындықтар»
(1988); «Қазақ графикасы мен
орфографиясының фонологиялық
негіздері» (1993); «Қазақтың бата-
тілектері» (1993; 2007); «Фразео-
логия және тілдік норма» (1997);
«Емлесі қиын сөздер» (2001, ав-
торлар бірлестігі); «Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігі» (1988, 2001,
2005, 2007, авторлар бірлестігі);
«Қазақ тілі орфоэпиялық сөздігі»
(2005, 2007 жж.) және т.б. Ол му-
з е й д е « М ә д е н и м ұ р а » Ұ л т т ы қ
бағдарламасы аясында жарық көрген
«Қазақтың этнографиялық катего-
риялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия»
(I-II-III томдары. Ғылыми редакто-
ры Н.Әлімбай) атты іргелі еңбектің
негізгі авторларының бірі және ре-
дакция алқасының мүшесі.
н.аМанТаева
Кештің алдында дәл сол фойеде проза
шебері, кинодраматург, мемлекеттік «Да-
рын» жастар сыйлығының лауреаты Дидар
Амантайдың «Махамбет философиясы»
атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Зиялы қауым өкілдері қазақ руханияты
тағы бір пәлсафалық еңбекпен толықты
деп баға берді. Тұсаукесер рәсімінен
соң залға жиналған жұртшылық Қадыр
ақынның рухын ұлықтауға арналған
әдеби-сазды кешті тамашалады. Поэзия
биігін бағындырған ақынның мерейтой-
ына арнайы келген жазушы, кинодра-
матург Смағұл Елубай, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов,
«Өлке» баспасының бас директоры,
жазушы Мереке Құлкенов, ҚР Еңбек
сіңірген қайраткері, жазушы, Қажығали
Мұхамбетқалиев, ҚР Жазушылар одағы
басқармасының төрағасы Нұрлан Ора-
залин, ақын, халықаралық «Алаш»
сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбек,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,
ақын Темірхан Медетбек, композитор,
жазушы, Қазақстан мен Қырғызстанның
мәдениет қайраткері Илья Жақанов және
өзге де зиялы қауым өкілдері ақын тура-
лы естеліктер айтты. Халқына өлеңнен
өлмес мұра қалдырған ақын туралы сөз
қозғаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев алы-
стан арнайы келген қонақтарға Ақ Жайық
жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.
-Қадыр ағамыздың ізденімпаздығы,
еңбекқорлығы жөнінде жанында жүрген
замандастары жыр қылып айтады. Жалпы,
өнер адамдары, соның ішінде, ақындар
өз заманынан оза туады деген ұғым бар.
Көптеген ақын-жазушы, суретшілерді өз
уақытында бағаламай, түсінбей, уақыт
өте келе оның нағыз талант иесі екеніне
көздері жетіп, «Әттеген-ай» деп сан соғып
қалатын кездер болады. Шүкір, ағамыз әр
кез өз ойын жасырмай, кейде мақтамен
келдік. Екеуінде де әншейінде жайма-шуақ
жататын Ақ Жайық өңірінің ауа райы
аяқ астынан нілдей бұзылып, екілене жел
көтерілген-ді. Сонда қасымдағы Қадырға
көзім түскені. Ол әйгілі бабасының хан ор-
дасын көргенде өрттей килігетін дауылпаз
мінезін бірден танып, қос білегін кеудесіне
айқара құшып, буда-буда бұйра шашын одан
сайын дудыратып, дүрліккен дүниеге қасқая
қарап қалған. Сол тұрысынан Қадырдың
қайсар да өжет мінезін танығанмын. Енді,
міне, сол бір ержүрек бейне осы арада
мәңгі-бақи орын теппекші.
Қадыр Мырза Әлі – ұлттың руханияты-
мыз дың қақ төріндегі өз орнын өз көзімен
көріп, біліп кетті. Оның адам таңғаларлық
әдеби феномені – бүгінгі және келешек
поэзиямыздың жолдан жаңылыстырмас
темірқазығы. Әңгіменің шыны керек,
инемен құдық қазғандай машақатты ұзақ
жолға ақырына дейін шыдады. Қашан
келсем де, қаршығадай қадалып, үстелінде
жазу жазып отыратын. Бір парақ қағазды
алып, тікесінен екі бүктейтін. Бір бетіне
кесте тіккендей қылып мөлдіретіп жазатын.
Ұнамаған жерін өшіргішпен өшіріп, қайта
жазатын. Қарсы алдында ұшталған бір
қорап қарындаш самсап тұратын. Кейде те-
лефон соғып, өлеңін тыңдауға шақыратын.
Ара-тұра кітап дүкендерін бірге аралайтын-
быз. Үйі нағыз кітап мұражайы дерсіз. Әлем
майталмандары түгел тізіліп тұратын. Ашып
қарасаң, асты сызылған сөйлемдерден,
тұстарына соғылған әрқилы белгілерден
көз тұнатын. Ақын бұл кітаптарға зерек
әріптестің әрі биік бәсекелестің қырағы
көзімен қарағандай. Кейде өзі ештеңе
жазбағандай, өмірін тек оқуға арнағандай
көрінеді, – деп тебірене сөйледі.
Қазақстан Жазушылар одағы бас-
қармасының төрағасы, Сенат депута-
ты, ақын Нұрлан Оразалин: «Бүгін қа-
зақ халқының рухани өмірінде алтын
әріптермен жазылатын сәттердің куәсі
болдық. Бұл орталықтың ашылуы –
қазақ өркениетінің, тәуелсіздігінің жаңа
дәуіріндегі ең бір үкілі, ең бір айшықты,
елдің есінде қалатын сәт. Олай дейтініміз,
бұл – әдебиет, өнер, музыкаға көрсетілген
құрмет, бүкіл ұлттың рухын асқақтататын
ақын ұлына күллі қазақ халқының құрметі»
деп атап өтті. Соңынан ақынға арнаған
«Жайықпен амандасу» атты өлеңін оқып
берді.
Ақынның жары Салтанат Мырзали-
ева ақынды қастерлеген туған елінің ал-
дында басын иетінін айтты. Осы істердің
басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын
жеткізді.
Ақын ескерткіші ашылған соң жиылған
құрМет
шара
Марапат
туған жердегі қауышу
Ғалымның мерейтойы
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Байланыс
және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты берілетін Қазақстан Республи-
касы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары
мен гранттарын тапсырып, Алғыстарын жариялады.
Алдымен Мемлекеттік хатшы
биылғы сыйлықтар мен гранттар-
ды алу құрметіне ие болған қалам-
герлерді және Мемлекет басшы-
сының Алғысын алған шығарма-
шы лық ұжымдарды, сондай-ақ
Қазақстанның барша журналистер
қауымын кәсіби мерекелері – Бай-
ланыс және ақпарат қызметкерлері
күнімен құттықтады. Шара бары-
сында бірқатар журналистер қауымы
өздерінің еңбектерінің еленгендігі
үшін ризашылықтарын білдірді.
Мемлекет басшысының Өкі мімен
Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің биылғы сыйлықтары «Егемен
Қазақстан» республикалық газетінің
бас редакторы Жанболат Аупбаевқа
– Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
70 жылдығына арналған материалдар
топтамасы және ұлттық бұқаралық
ақпарат құрал дарын дамытуға қосқан
зор шығар ма шылық үлесі үшін берілді.
Сонымен қатар Президент сыйлығы
«Экспресс-К» газеті редакциясы»
ЖШС бас директоры болған марқұм
Алексей Панға – елдің ақпараттық
к е ң і с т і г і д е ң г е й і н ө р і с т е т у г е
б а ғ ы т т а л ғ а н қ ы з м е т і , о т а н д ы қ
журналистиканы дамытуға қосқан
үлесі үшін берілді. Биылғы Мемлекет
басшысының гранттары «Арша»
медиастудиясының продюсері Зарица
Есекееваға (Зарина Мұхамедәліге)
– республиканың әлеуметтік-эконо-
микалық дамуы және моноқала-
ла рын мемлекеттік қолдау туралы
«24 KZ» телеарнасындағы «Большие
города» – «Дархан қала» атты ав-
т о р л ы қ ж о б а с ы ү ш і н ; « Х а б а р »
телеарнасы бағдарламалар өндірісі
дирекциясының бас продюсері Ринат
Кертаевқа қазақстандық телевизияны
дамытуға қосқан шығармашылық
үлесі үшін тапсырылды.
***
Қазақстан журналистері кәсіби
мерекесіне орай республикаға белгілі
қаламгер, журналист Мақсат Рсалин,
«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты
«Үркер» журналы бас редакторының
орынбасары Жарас Сәрсек, «Эко-
номика» газетінің бөлім редакто-
ры Рымтай Сағынбекова, «Мысль»
журналы бас редакторының орын-
басары Сәуле Ахметова, «Уйғур ава-
зи» газетінің бас редакторы Ершат
Асматов, «Уйғур авази» газетінің
бөлім редакторы Бахтишат Сопиев
Қазақстан Республикасы Инвести-
циялар және даму министрлігі Бай-
ланыс, ақпараттандыру және ақпарат
комитетінің «Ақпарат саласының
үздігі» белгісімен, «Қазақ газеттері»
ЖШС-ның бас менеджері Дүйсенғали
Нұрғазиев аталған министрліктің
Құрмет грамотасымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |