Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
akhan ko mektepke deiingi eresek zhas top balalarynyn matema

Мектеп жасына дейінгі балаларды цифрлармен таныстыру. Балаларды 
цифрлармен таныстыру аса қиындық тудырмайды, себебі автобустардан, үй 
нөмерлерінен және т.б. қарап бала 3-4 жасынан сандарды бағдарлай біледі.
Сан туралы балада түсінік қалыптасу кезінде цифрлар және оның мағынасы 
түсіндіріліп, санмен сәйкестендіріледі, сонымен қатар жиынның мөлшерін 
көрсетуші 
болып 
табылады. 
Балаларды 
санауды 
цифрлармен 
сәйкестендіруді үйретуге арналған жаттығулар: айыра алуға, атауға, табуға, 
ретке орналастыруға, цифрлары жазылған карточкаларды қолданады. Бір 
сабақта балаларды бірнеше цифрлармен таныстыруға болады. Бұл 
балалардың цифрді жазу және әртүрлі зерттеу әрекеттерінде қолдануында 
білімдерін бекітеді: саусақпен салу, цифр контурын штрихтау, белгілі 
шығармаларды оқу, т.б. Бірнеше цифрлармен балаларды таныстырып 
болғаннан кейін оларды 0 цифрымен таныстырады. Бұл заттардың санмен 
сәйкестігін, яғни олардың жоқтығын – 0-мен көрсетілетінін үйретеді. 10 саны 
1 және 0 екі санның бірігуінен құралатыны түсіндіріледі. Қазіргі балаларда 
цифрлармен таныстыру мөлшердің сапасын көрсетумен сәйкес келеді, оның 
нақты мазмұнын абстракциялайды, сандарды практика жүзінде қолдануды 
кеңейтеді. 
 


40 
Ересек топта санауға үйрету әдістемесі. Санға дейінгі кезеңде 
балаларда сезімдік негіз қалыптасады, содан кейін барып санауды игереді: 
жиынтықты 
қабылдау, 
элемент 
бойынша 
практикалық 
орнатуды 
сәйкестендіру, жалпы мөлшерлік бағалау, нақты сан бойынша заттардың 
мөлшерін анықтауға ынталандырады. Көптеген балалар санауды жүйелік 
оқытудың алдында аздаған жиынтықты анықтау кезінде 2-4 сандары
аралығында қолданады. «Қанша?» сұрағына жауап беруде көп, аз, бір, екі, 
соншалықты, көбірек, оған қарағанда... сөздерін қолдану кезінде балалар 
қорытынды санды санау кезінде табуды жылдамдата түседі. Балаға санауды 
үйрету жаттығуын орындауда балаларды аталып тұрған санды бір затпен 
сәйкестендіру және сәйкестендіру кезінде затты санмен қалдырмау, сандарды 
қайталап айтпауын қадағалап отыру қажет. Саналған заттардың соңғы 
айтылған саны тұрған заттың мөлшері екендігін балалар түсінуі керек. 
Балалардың сан жайлы түсінігінің қалыптасуы көп жоспарлы болып келеді:
ол сан жиынының күшін көрсетуші ретінде, санаудың қорытындысы ретінде, 
реттік жолы және жалпы реттілік арасындағы санның орта, маңыздылықтың 
мөлшері ретінде[80].
Балаларға элементтер бойынша екі жиынды сәйкестендіру сандар 
арасындағы қатынасты түсінуге көмектеседі. Балалардағы қателіктердің 
алдын алу мақсатында екі кезеңді оқытуды жүзеге асырылады: 
Бірінші кезеңнің мақсаты балаларға санаудың міндетін таныстыру және 
«қанша?», «неше?» сұрағына жауап беру, жауап беруде соңғы санды атай 
білуге үйрету. Алдын-ала салыстырылған заттар саны – 1 және 2, 3 және 2, 3 
және 4.
Балалар санау процесін бақылап, сұраққа жауап береді: «Барлығы қанша 
қуыршақ?», «Қанша қонжық?», «Қуыршақ пен қонжықтар нешеуден?» 
(Теңбе тең, 3-еуден, т.б.); «Қайсысы көбірек (немесе азырақ)?» (сурет -8). 
Сурет-8. Қуыршақ пен қонжық тең 
Мұндай кездегі тәрбиеші балаға санға дейінгі салыстыру мен сан 
көмегімен салыстыруды үйретеді: «Қуыршақтар екеу, ал қонжықтар үшеу. 
Қуыршақтар қонжықтарға қарағанда аз. 2 саны 3 санынан кем». Материалды 
бекіту үшін осындай жаттығуларды 4-5 рет өткізу керек (сурет-9). 
Сурет-9. Қуыршақтар қонжықтан қарағанда аз. 


41 
Екінші кезеңнің мақсаты келесі санмен таныстыруда бір затты жиынға 
қосып салыстыру арқылы балаларда өз бетінше санау икемділігін 
қалыптастыру.
Бұл жас тобында басты міндет есептеуге үйрету. Есептеу – бұл натурал 
сандар қатарының бөлігіжәне жиын элементтер арасындағы бір 
таңбалылардың өзара сәйкестігінің орнауы болып табылады. Оқытудың 
басында көлемі бірдей заттарды жиын арқылы пайдалану керек, яғни олар 
бір қатарда орналасуы қажет. Одан кейін жай-жай әр түрлі элементтерден 
тұратын жиынды пайдалануға, яғни суреттер, геометриялық фигуралар және 
т.б. әр түрлі қылып орналастыруға болады. Есептік әрекет – бұл сандарды 
ретімен орналастыру және атау, жиын элементтерінің әр біреуіне 
сәйкестендіру, қорытынды санын бөліп көрсету арқылы сипатталады. 
Есептеу әрекетінің мақсаты – қорытынды санды табу және «Қанша?» 
сұрағына жауап беру.
Педагог А.М. Леушина санауға үйрету процесін екі деңгейге бөліп 
қарастырған[16]. Бірінші деңгейде балалар санау процесінің қорытындысын 
түсінуі және тәрбиешінің «Қанша?» деген сұрағына түсініп, түйсініп жауап 
беруге ынталануы қажет десе, екінші деңгейде балалар өздері санап, 
санауды біртіндеп игеруі керек дейді. Екі деңгейлі үйрету екі заттар тобын 
сәйкестендіру негізінде жүреді. Екі заттар тобын сәйкестендіру балаларға 
келесі санның пайда болуын түсінуге мол мүмкіндік береді. Натурал сандар 
қатарының түзілу принципін көрсетеді.
Балалар санауға үйренгенде:
- ауызша;
- сипап сезу;
- қимыл-қозғалыс арқылы жүзеге асады.
Балаларға санап үйрету бойынша жұмысты жиындардың сандарын 
салыстырудан және олардың көп-аз екендігін ажырата білуден бастау 
ұсынылады. Бұл жиындардың айырмашылығы олардың сандық құрамының 
бір элементінде болуы қажет.
Санаудың екі жолы бар: біріншісі – кіші және үлкен жиынды ажыратып, 
олардың элементтерінің санын санау негізінде тағайындалатын санмен 
анықтау, ал екіншісі – санау процесінің өзі болып табылады. Егер 
жиындарды ажырату мен оларды санмен атау қажет болса, онда санау-
мақсатқа жету құралы, процесі екендігін есімізден шығармауымыз қажет. 
Балалар бірінші санаудың мақсатын ұғынып алуы керек. Оларға сол
мақсатты айқындап ашып беріп, сонан соң қажетті құралдармен қамтамасыз 
ету қажет. Ал мақсат пен құралдар өзара байланысты болғандықтан, оларды 
бір мезгілде ұғынып алу белгілі бір қиындықтарды туғызады, сондықтан 
санау әрекетінің бұл жақтарын тәрбиеші мен балалардың уақытша бөлісуіне 
тура келеді: санау процесін тәрбиеші жүзеге асырады, ал балалар 
тәрбиешінің санағанын негіз ала отырып, жиындардың санын ажырата 
білетін болғандықтан, тек қорытынды санды ғана атайды: қандай да бір 
жиында неше элемент барын айтады. 


42 
Бұл жас тобындағы балалардың назары бірінші жиындардың санын 
салыстыру мен санау әрекетінің негізгі мақсаты-қорытынды санға 
аударылады. Салыстыру үшін жанындағы сандармен өрнектелген әр түрлі 
жиындар пайдаланылады.
Санау процесі тәрбиешінің санауы бойынша балалар қорытынды санның 
не екенін білуі, түсінуі, элементтерді салыстыру тәсілі арқылы ажырата білуі 
және жиын элементтеріне сан есім сөздерді пайдаланып шығудың қарапайым 
тәсілдеріне негізделеді. Санап үйрену былайша айтқанда, бір заттардың 
жалпы санын анықтай білу деген сөз.
Санаудың негізгі элементтері мыналар:
- Сан есімдерді рет-ретімен атау;
- Әрбір сан есімді жиынның тек бір ғана затына сәйкестендіру;
- Қорытынды санның мәнін ұғып алу, яғни санағанда соңғы аталған 
және соңғы объектіге қатысты аталған сан жалпы санның көрсеткіші болып 
табылатынын түсіндіру.
Санау іс әрекетінің негізгі мақсаты – қорытынды санды табу, ондағы 
мақсатқа жету жолы сан есімдерді ретімен атау және оларды жиынның әрбір 
элементіне сәйкестендіру. Олай болса, балаларды санау нәтижесін санап 
шығу процесінен ажырата білуге үйретуді әрі қарай жалғыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет