21
1912 жылы «Балабақшадағы математика» атты В.А.Кемництің
әдістемелік құралы шықты. Әдістемелік
құралдың мазмұннына ойындар,
балалармен әңгімелер, жаттығулар, пішін, көлем оның өлшемі туралы
мәліметтер, 1-ден 10-ға дейін санау, жинақтар кірді[59].
1939 жылға дейін Л.В. Глаголеваның шығарған әдістемесі Ленинград
балабақшаларында балаларды санауға үйретіп, соған негізделген еді.
Л.В.Глаголеваның әдістемесінде сандарды санау мен оны бейнелеу арқылы
үйретуге сүйену ұсынылады. Сондай-ақ ол әдістердің бірнеше түрлерін
ұсынған: көрнекілік,
тәжірибелік әдіс, ойын әдістері, иллюстрациялық,
зерттеушілік әдістер[53].
ІІІ кезең – ХХ ғасырдың 50-жылдарынан барып бастау алады. Бұл ІІІ
кезеңде
мектепке
дейінгі
қарапайым
математикалық
түсініктерді
қалыптастырудың ғылыми дидактикалық негізделген жүйесі құрастырылды.
Оның құрылымдық мазмұнына балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдіс-
тәсілдері, дидактикалық материалдар жинақталды. Осы кезеңде А.М.
Леушина балаларды оқыту үрдісінде қолдануылуы керек сан және санау
түсініктерін дамытудың теориясы мен әдістемесін ұсынды[56].
IV кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде
сан және санау әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттеліп, балаларды ерте
жастан бастап сан және санауға таныстыруды психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан дұрыстығын зерттей бастады. Ерте жастан бастап балалардың
қабылдау
ерекшеліктерін
ескеріп,
педагог-психологтар
оқыту
материалдарын,
дамытушылық ойындарды, әдістемелік құралдарды
жинақтап жасауға тырысты. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері ретінде А.М.
Леушина[56], И.А. Френкель[62], Н.Н. Лежава [63], Н.А. Менчинская[64],
Н.Г. Бакст [65] секілді ғалымдарды атауға болады. Ал, ХХ ғасырдың 80-
жылдары математика негіздерінің түрлі мәселелері зерттеліп, ол туралы В.
Данилованың, Т.В. Тарунтаеваның, Т.Д. Рихтерманның және Г.А.
Корнилованың еңбектерінде жан-жақты жазылды[61].
V кезеңде яғни, ХХ ғасырдың 80-90 жылдар аралығында білім беру
саласындағы өзгерістерге орай мектепке дейінгі қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыруда жаңа идеялар, пікірлер ұсыныла бастады. ХХ
ғасырдың 80-жылдардан бастап әдістеменің
мазмұнын жаңартумен қоса,
жаңашыл әдістерді қарастыру жолдары талданды.
Енді VI кезең ретінде қазіргі ХХІ ғасырдың зерттеуші-педагогтерінің
еңбектерін атап өтуімізге, жаңадан басталған VI кезең деп айтуымызға
болады. Осы жаңадан басталған VI кезеңде Сәтімбекова М.[13],
Құрманалина Ш.[44], Оспанов Т.Қ.[66], Абдрахамонов Қ., Ермекбаева А.[42],
Баймұратқызы Б., Сансызбайқызы М., Қосанов Б., Акпаева А.Б.[41],
Лебедева Л.А.[41], Балабаева А.И. [14] және т.б. қосып жатқан еңбектері
ерен.
Отандық ғалымдар арасында М.Сәтімбекова[13], П.С.Сағымбекова[67],
А.Балабаева [14] және т.б. мектепалды даярлық топтарындағы оқыту мен
тәрбиелеу мәселелері мен қарапайым математикалық түсініктерін
22
қалыптастыру процесстерін зерттеген. М.Сәтімбекова мектеп жасына дейінгі
балаларға математикалық қарапайым білім –
дағдылар меңгерту, олардың
ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын
қалыптастыруды көздейтіндігін өз еңбегінде атап, талдап көрсетеді.
Балаларды ауызша санай алуға, 20 көлеміндегі сандарды тура және кері
санауға және олардың реттік қатарын дұрыс айтуға және оларды ажыратуға,
ауызша өз бетінше есеп құрастырып, оны шеше білуге, уақыт пен кеңістікті
дұрыс бағдарлай білуге, шартты өлшеуіштің
көмегімен сұйық және
сусымалы заттардың көлемін анықтауға, «қанша?», «неше?», «нешінші?»
деген секілді сұрақтарға жауап бере білуге үйретуді ұсынған
68
.
Ғалым-әдіскер М.Сәтімбекова зерттеу жұмыстарында қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыруды тіл дамыту, әуенді қимыл-
қозғалыс, бейнелеу өнері, имандылық тәрбиесімен біртұтас кешенді жүргізу
қажеттілігін қарастырған. Математикалық алғашқы қарапайым ұғымдарды
қалыптастыруда барлық тәрбие жұмыстарымен біртұтас кешен жүргізу
туралы ғылыми әдебиеттерге талдау жасағанкезде бұл мәселе жөнінде
зерттеулердің аз екені байқалады.
Сонымен қатар, ғалым-әдіскер А.Балабаева
қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыруды әдістемелік – мазмұндық жағынан өзгерту
керектігін атап көрсеткен болатын. Алдыңғы қатарлы талаптар ретінде
баланың белсенді ақыл-ой әрекетіне деген қабілеттерін қалыптастыруды
қарастырды. Математика негіздері шараларының тәрбиелік, танымдық мәні
негізделіп, ғылыми тұрғыда,
өмірмен сабақтасып, баланы жан-жақты
дамытуға бағыттап, баланың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық
үдерістерді қалыптастырудан бастау қажеттігін көрсеткен [14].
Балалардың сенсорлық қабілетін молайту үшін дидактикалық
ойындарды кеңінен қолдануға болады. Ойынның көпшілігінің мазмұны
заттарды зерттеу, басты белгілерін ажыратып,
сөздік нұсқаларын табуға
бағытталады. Кейбір ойындардың мазмұнына, мақсатына сәйкес балалар
ортақ белгілері бойынша заттарды салыстыруға, топтастыруға үйренеді,
дағдыланады.
Бала мектепке дейінгі кезеңде кез-келген заттық білім мазмұнын
ұғымдар түрінде атап айтқанда, әдеби туындыларды түсіндіру барысында
ұғынады екен. А.И.Балабаева
балалардың белсенділігін, танымдық
іздемпаздығын
арттыру
тек
қарапайым
математикалық
ұғымдар
қалыптастыру оқу қызметінде ғана емес, басқа да оқу-тәрбие салаларында
жүзеге асырылу керек деп тұжырымдайды [39].
Достарыңызбен бөлісу: