«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Імтиһан — емтихан. 4380. Тəзъиф



Pdf көрінісі
бет158/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Імтиһан — емтихан.
4380. Тəзъиф — сандардың өсу қатары.
Тансиф — алу.
4381. Мəсахат (Місəхат) — жер өлшеу, жер бөлу.
4382. Мұқабəл — алгебра.
Ұқлидис — Евклид.
4415. 2104-сілтемені қараңыз.
4423. 3706-сілтемені қараңыз.
4435. 1388-сілтемені қараңыз.
4439. Жылқы (иылқы) — мал деген мағынада. Қазіргі қазақ тілінде тек «жылқы» 
мағынасында болса, онда күллі төрт түлік малды білдірген тəрізді. 
4448. Қылынш — құлық. «Қылық, іс-əрекет» деген мағынасы бар.
4643. Айтқан тілді ал, ақыл-кеңесімді ұқ деген мағынада.
4710. Халық аңыздарында кездесетін қаһарман Шаддатты мегзеп отыр. Жəннат бағына 
кірерде Шаддаттың жанын Əзірейіл алады.
4711. Мифологиялық патша Намрұдты айтады. Аңқұмар патша бүркітті ерттеп мініп, 
көкке ұшқанда аралар шағып өлтіреді.
4712. Перғауын — Өзін құдаймын деп санаған зұлым. (Құран, 28-Қасас сүресі, 38.); 
Тəңірі оны теңізге тастап жіберген (Құран, 28-Қасас сүресі, 40; 40-Ғафыр сүресі, 
36, 45, 46.)
4713. Аты əйгілі Қарұн. (Құран, 29-Ғанкəбүт сүресі, 39).
4714. Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский б. э. д. 356—323.). (Құран, 18-
Кеһф сүресі, 83, 84, 86.).
4715. Мұса пайғамбар, жылан бейнелі сиқырлы асатаяғы болған. (Құран, 7-Ағраф 
сүресі, 104, 107, 117; 26-Шұғара сүресі, 31, 32, 63.).
4716. Сүлеймен пайғамбар. Аңыздарда айтылғандай, Сүлейменнің жүзігінде жазылған
ауызға алып айтылмаған Алланың құдіретті, өзгеше есімі тек соған ғана мəлім 
болыпты-мыс. ( Құран, 2-Бақара сүресі, 102.).
4717. Иса (Ғайса) пайғамбар. (Құран, 5-Мəида сүресі, 78,110.)
4718. Мұхаммет пайғамбар. (Құран, 2-Бақара сүресі, 129,142.)
4752. Ыла еркіні — Ыла руының батыры, басшысы.
4806. Қадаш — қандас, туыс-туған.
Адаш — дос, жолдас.
4819. Шығай — кедей, пақыр. «Шық бермес Шығайбайдың» атымен үндестігі де «Құтты 
біліктің» қазақ əдебиетіне туыстығын білдіреді.
4885. Руми қызы — Рүм қызы; Күнді мегзеп айтылған.
4886. Зəңгі жүзі — Зəңгі өңді; Қара түнді бейнелеп отыр.
4888. Бақыр соқын — Миррах — Марс. (Қызыл жұлдыз).
4889. Чадан — Шаян, ақрап.
4892. Һəбир — хош иіс; жұпар.
4944. Иарлықасын — жарлықасын; жарлық етсін.
4960. Минə — эмаль. 
5000. Хинди — үнді, үнділік.
5130. 852 — сілтемені қараңыз.
5154. Шəкəр, қант — бұған дейін барлық зерттеушілер, осылай оқып, осылай аударған.
«Шаһар, кент» деп түсінген дұрысырақ көрінгенімен, қалыптасқан үлгісінен 
шықпадық.
5369. Кəвəл тазы — алғыр тазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет