«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет32/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   161
Еліктің Айтолдыға сауалы
Елік айтты: — Ұқтым асыл затыңды,
«Айтолды» деп неге қойған атыңды?
Мəнісі не, оны да айтқын, ағайын,
Сені бүтін біліп, ұғып алайын.
Айтолдының Елікке жауабы
730 Айтолды айтты: — Дана кісі атымды,
Қойған екен Айға меңзеп затымды.
Ай туғанда кіп-кішкентай болады,
Күннен-күнге көтеріліп толады...
Ай толғанда көзі ашылар əлемнің,
Жүзі жайнар жаһандағы əр елдің.
Толған ай да, қарасаңыз, шетінен,
Бозаң тартып, ажары азып кетілер.
Нұры сөніп, семіп мүлде жоғалар,
Қайта туып, қайта толар, оңалар.


 118
119
735 Мен де айдай жаңаланып тұрамын,
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым.
Ғарып жанға түссе жүзім, жанарым:
Көркі артып, нұр жуады қабағын.
Байып, тасып, даңқы алысқа жайылар,
Кетуім мұң — су алғандай шайылар.
Жиған-терген мүлкі күлдей шашылар,
Таз қалпына түсер, еңсе басылар.
Шайыр сөзін есті мұны меңзеген,
Білікті сөз — білімсізге көз берер:
740 «Бақ қонса адам, атақ-даңқы артылар,
Жаңа айдай толысар да, жарқырар.
Көңіл қойма, ол опасыз, ессіз ол,
Толған дəулет, толған айдай сарқылар!»
Бұл жөнінде сыр ашайын жəне бір,
Естіп ұғып, шын ниетпен сене біл!
Мекен-жайсыз жүрер сырғып айналып,
Орын сайлап, жантаймас Ай жайланып.
(Айдың үйі — орны тұрған айналып,
Шыр айналып, отыра алмас, жайланып...)
Ай бұрыжы* — Саратан, ол тынбайды,
Үйі айналса, ай да бірге зулайды.
(Саратанмен* жанып, бірге өшеді,
Ол көшпелі, бұл да бірге көшеді.)
745 Қай үйге енсін, тəрк қып шыға береді,
Кіріп-шығып, шығып-кіріп желеді.
Мен де Айдан айнымаймын, білемін,
Бірде — өрде, бірде ылдида жүремін.
Келіп-кетіп шарқ ұрамын, жатпаймын,
Кең жаһанды кезсем де орын таппаймын.
Затыма сай, «Айтолды» деп атаған,
Білімдінің айтқаны аумас батадан.
Міне, мен — құт, аян мінез, тегім де,
Айттым, түгел кеселімнің емін де.
750 Айттым, сенсең — шындығы осы сөзімнің,
Қалдырсаң да, қайтарсаң да өзің біл!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет