Айтолдының Елікке жауабы
Жерді өбіп, Айтолды айтты: «Ер Елік,
Көзін ашса — дəулет қолын береді!
Қызмет үшін келдім тастап үйімді,
Ұзақ жүрдім, көріп тұрсың күйімді,
600 Қызметте қуат берсін жасаған,
Сенің ісің үшін сақтап қатадан!»
Тұрды орнынан көңілі өсіп, шаттанып,
Өңі жайнап, келді алдына қақпаның.
Не дер екен басына құт қонған ер,
Бар тілегі түгел қабыл болған ер:
«Бектер күліп қараса егер кісіге,
Көңілі өсіп, қан жүгірер түсіне.
Бектер ерге жылы жүзбен қараса,
Көзі жайнап, шығар сөзі тамаша.
605 Кімді бектер жақын тұтса жанына,
Байқа, өзгелер үйір соның маңына.
«Бек» — деген «Құт!» Жақын жүрсе кісі оған,
Бар тілегі қабыл болып, ісі оңар!»
* * *
Енді Айтолды қызметін бастады,
Ертелі-кеш ешбір тыным таппады.
Күндіз істі, түнде атқарды күзетті,
Не істесе де, күмəнсіз һəм ізетті.
Елбасына кіріп-шығып жүреді,
Оң қарайды ол, сенеді бек жүрегі.
610 Күннен-күнге қызметін сіңірді,
Қадірі артты, ел көзіне ілінді.
Адал болса, бек те құлдай құлына,
Кішкене ерді ісі теңер ұлыға...
Қызмет қыл. Құл Бек болар еңбекпен,
Еңбек етпей — тілегіне кім жеткен!
Есті енді дана сөзін, білікті,
Ойын нəзік кестелепті, тізіпті.
«Жанса еңбегі, тексіз төрге лайықты,
Жаман іспен орнын табар байыпты.
615 Қызметшілер ісін мінсіз атқарсын,
Тілегіне жетер қадір артқан соң!»
Бұл Айтолды қызмет етті тесіліп,
Елбасы ашты мархабатпен есігін.
Жақындасты күн-түн санап ол енді,
Қайғы қашты, қуанышқа бөленді.
Қызмет етті, Айтолды енді теңелді,
Елік пейіл беріп, құтқа кенелді!
Елік түрлі істе байқап, сынады,
«Тілегенім — сол!» — деп, сенді, құлады.
15. АЙТОЛДЫ ЕЛІККЕ ӨЗІ ДƏУЛЕТ ЕКЕНІН АЙТАДЫ
620 Ойға шомып отырып Елік бір күн,
Айтолдыны шақыртты. Келіп кірді.
Келіп тұрды Айтолды алдына тік,
Келгін, отыр бері, — деп ымдады Елік.
Шығарып, қойды тобығын Айтолды, көр,
Жастады да, үстіне отырды, көр.
Айтты Елік, түрлі ойды, білім шашып,
Жауап берді Айтолды тілін ашып.
Сүйінді Елік, қуаныш жуды жүзін,
Оны көріп Айтолды жұмды көзін.
625 Сөзін кесіп Елік еш тіл қатпады,
Көзін жұмып Айтолды міз бақпады.
110
111
Елік қайта бастады үзген сөзін,
Жауап берді Айтолды түйіп жүзін.
(Елік қайта сөздерін жалғап көрді,
Айтолды жүзі сынық, жауап берді.)
Байқады Елік көп қырын түрлі-түрлі,
Білім, ақыл, зейінін түгел білді.
Қарады Елік сабырмен, өңі жылып,
Айтолды тез əкетті жүзін бұрып.
Достарыңызбен бөлісу: |