«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет36/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Ұқтым енді сөзіңді,
Қуант мені; ықтият боп өзің де.
Мен айтайын, жаманатты білгейсің,
Жақындамай, одан аулақ жүргейсің.
Жақтырмаймын: жалғандықты жалғанда,
Бұдан кейін, қара күшке салғанды...
Ісі — сұйық, өсек-өтірік тергені,
Құлқы ұшқалақ, көзі ұятсыз пендені.
850 Дөрекілік, қызбалық та — ағаттық —
Құлы болса қу құлқын мен шараптың.
Ондай жандар шығыса алмас менімен,
Айттым ашық: тең ғой əркім теңімен.
Маған ұнап, жағам десең, белгілі,
Мұндайлардан тый өзіңді, ей, күлік!*
Күнде жақын жүрсең — көңіл тартады,
Менің де ізет, ықыласым артады.


 126
127
Айтолдының Елікке сауалы
Айтолды айтты: — Ұқтым. Ойдың ауанын,
Бір сөзім бар тағы да. Айт, жауабын.
855 Ізгілік не? Тегі қандай өзінің?!
Мінез-құлық, ісі қандай ізгінің?!
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елбасы айтты: — Ізгіліктің нышаны —
Ел пайдасы үшін құрақ ұшады.
Ізгілікте ізгілігін сатпайды,
Кісілерге өз міндетін артпайды.
Қайырымды қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең — ұрғанмен тең кесекпен».
Айтолдының Елікке сауалы
Тағы Айтолды айтты: — Білдім, мұныңды.
Тағы да бір тілегімді ұғындыр?
860 Айтшы маған Əділдіктің мəн-жайын,
Əділдік қой ашар жұрттың маңдайын...
Əділдіктің жолы қандай болады?
Жөні, тегі, өңі қандай болады?
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Біл, əділ жан — бір шынар,
Тілі, ділі сөзіменен бір шығар.
Тысы — ішіне, іші — тысқа жарасып,
Туған жаннан кетпес шындық адасып.
Алақанға ұстап шығып жүрегін,
Кісі көрсе, қымсынбай ол жүреді...
865 Əділдік — құт, құт құрығы — кішілік.
Əділдіктің заты — тұнған кісілік.
Адам қымбат емес, қымбат адамдық,
Адамдар аз емес, аз ғой адалдық.
(Кісілер көп, кісілікке кендеміз,
Адалы — аз, адам атты пендеміз! )
Мұны меңзеп айтқан шайыр сөздерін,
Саған арнап, ұққын байқап көр де өзің:
«Толып жатыр жүрген жандар жер басып,
Көңілі ашық, əділ ерге — ел ғашық.
Кісі сирек емес, сирек — кісілік,
Кісіліктің қадірін біл, түсініп!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет