124
125
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елбасы айтты: — Атымды есті ер беріпті,
Қылығымды көріп, танып, сеніпті.
825 Дүниенің нұрлы жомарт алыбы,
Күнді қара, сөнбейтіғұн жарығы.
(Жарқыраған күнді көр де, көр мені,
Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені.)
Туралықпен таймас күші нұрының,
Соған ұқсас менің барша қылығым.
Екіншіден, нұрын шашып елге тең,
Күн туады жарқыратып жер бетін!
Мен де күндей — жоғалмаймын, өзгеріп,
Бар халыққа бірдей қылық, сөздерім.
Үшіншіден, Күн туса, Жер бір түлер,
Шешек атар мың-мың түспен гүл түгел.
830 Қай елге де төксе нұрын шындығым,
Гүлдеп тасы, дəулеті өсер мыңғырып.
Шыққан соң Күн, жаман-жақсы демейді,
Жарық төгіп бəрін бірдей жебейді.
Қылық-құлқым осы, мəлім əріден,
Менен үлес тиер тегіс бəріне.
Жəне күннің бұржы* сəбит* келелі,
Сəбит десем, түбі берік дегенім.
Күн бұржысы Арыстан ол құбылмас,
Құбылмаса, мызғымас үй — бұзылмас.
835 Бірқалыпты қылығымды көр менің,
Жүзім жарқын, құбылмаймын өзгеріп.
Айтолдының Елікке сауалы
Айтолды айтты: — Ай, Елбасы құрметті,
Жер-жаһанға мəлім атың күн текті.
Менің өзім ұзақ жолда сетінеп,
Арып-ашып саған əрең жетіп ем.
Өзім аңсап, жəрдем, құлқың үшін де,
Қызметіңе келдім салып күшімді.
Айтып бергін, талабыңды, бабыңды,
Атқарайын, не сүйінтер жаныңды?
840 Қызметіңнен таппаса бек, қанағат,
Не істесең де, ісің жақпас жамағат.
Тараған сөз Ыла атты кісіден,
Ұлағатты, мəртебелі ісімен:
«Қызметші қызмет етсе бегіне —
Бек сүйінер жолды ұстансын тегінде!
Қызмет жаса болғанша ырза қашан бек,
Ырза болса ісіне есік ашар бек.
Төрге шығар ісмер адал ісімен,
Ісі олақ — өзін көрге түсірер.
(Ісін білсе ісші төрге жетеді,
Іс білмесе, босағаға кетеді.)
845 Бек сүйінсе — қызметші құлына,
Ашылады құлға құттың жолы да!»
Достарыңызбен бөлісу: