Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет29/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

жалдамалы жансыздар, тойымсыз тажалдар, ақшаның құлдары, саяси 
өліктер, сатқындар, ашкөз жемқорлар, қанаушы топ, сатқынның құйрығы, 
адамнан шошқа боп туғандар, боққарындар, арамтамақтар, т.б. 
Өзге ұлт өкілдеріне: қысық көздер, шүршіттер, қара сасық тышқандар, 
аққұлақтар, шоқынғандар, кәпірлер, елі жоқ, туы жоқ қаңғығандар, 
келімсектер, басқа шыққан балақтағы биттер, қара жүрек, опасыз халық, 
қытай шатыс иттер, есірген есектер, қытайдың құлдары, маңқа шибөрілер, 
шакалдар, қытайдың жиені, қытайдың шатысынан қалған шала кәпірлер, 
асыңды ішіп, аяғыңа түкіретіндер, қытайдың шпиондары, т.б. 
Жалпы агрессия субъектілеріне: мәңгүрт, өлімтік, санасыз, ардан безген, 
жексұрын, қанішер, қаншық, жауыз, зұлым, ұры, қарақшы, сайқал, албасты, 
қарабет, салдақы, бетпақ, жалмауыз, екіжүзді, ауру, тексіз, сорлы, азғын, 
бишара, бетсіз, арсыз, көргенсіз, ұятсыз, Құдайдан безген, к...н ашып, күлін 
шашқан, рухани жетім, кеміс, екі аяқты хайуан, мисыз, жын қаққан, мал, 
жүнін жұлған тауық, сайтанның сапалағы, т.б. 
Өзге (теріс, жат) ағымдағы дін өкілдеріне: келте шалбарлар, 
бүркенгендер, арабқұлдар, типа мұсылманка, салафшылар, сақалдылар, қысқа 
балақтылар, теке сақалдылар, саналары уланғандар, ваһаббистер, оранғандар, 
салафиттер, халалшылдар, дүмшелер, сөлеңдеген киімділер, әпенділер, діни 
фанатиктер, солақай діншілдер, радикалдар, талибтер, теріс ағымдағылар
құраниттер, бүлікшілер, сақалтайлар, күндіз имам, түнде Ивандар, хизбутчик, 
тақфирист, жалған сопы, содыр, лаңкес, жихадшы, т.б.секілді тілдік 
агрессияның бағытталғанын көреміз.
Тілдік агрессияның, көбінесе, өзге ұлт, өзге дін, өзге мәдениет 
субъектілеріне бағытталуының екі қыры бар: бір жағынан, оның артында 
жасырынған қауіп бар. Аксиологиялық, бағалауыштық тұрғыдан «өзіңдікі» мен 
«өзгенікін» «жақсы» – «жаман» оппозициясы түрінде қарама-қарсы қойсақ, 


63 
«өзге» әлемге тиесілі дүниенің бәрі теріс бағаға ие болады. Ал екінші жағынан 
«өзге» нәрсе қызығушылық тудырады [113]. 
Әлеуметтік желілердегі пікір көшбасшыларының парақшаларында жарық 
көрген бірнеше жазбаларға, сол жазбаларға жазылған пікірлерге мониторинг 
жүргізіп, тілдік агрессия көрініс тапқан солардың бірнешеуіне мазмұндық-
талдау 
жасадық. 
Мазмұндық-талдау 
қорытындысы 
бойынша 
тілдік 
агрессияның «жеңіл» және «ауыр» түрін бөліп көрсетуге болады [105, б. 11]. 
Тілдік агрессияның «жеңіл» түріне: 
1. Нысанға алынған субъектінің немесе топтың жағымсыз образын 
қалыптастыру. 
2. Нысанға алынған субъектіге немесе топқа басқа топ өкілдерін қарсы 
қою, бөліну.
3. Нысанға алынған субъектіні немесе топты кемсіту, қорлау, балағаттау 
жатады. 
Тілдік агрессияның «ауыр» түріне: 
1. Нысанға алынған субъектіге немесе топқа көпшіліктің мүддесіне 
қайшы немесе қауіп төндіретін жағымсыз қасиеттерді таңу. 
2. Нысанға алынған субъектіге немесе топтың аймақта (ауданда, қалада, 
елде) қоныстануына жол бермеуге шақыру. 
3. Ойын бүркемелей отырып күш көрсетуге және кемсітуге шақыру, 
көпшілікті арандату, айдап салу. 
4. Нысанға алынған субъектіні немесе топты қорқыту, қарғау, қоқан-
лоққы көрсету жатады. 
Сондай жарияланымдардың бірнешеуін мысалға келтіруге болады: 
«... Ал біздің еліктегіш дінпаздарымыз жаңалық ашқандай сақалды бір 
керемет жетістікке балап, оған діни реңк беруде, Құранда сақал қойыңдар 
деген бір ауыз сөздің жоқтығына қарамастан! Сонда бұлар өздерін Құраннан 
асқан діншіл деп санай ма екен?» [114]. Бұл жарияланым тілдік агрессияның 
«жеңіл» түріне жатады. Себебі мұнда еліктегіш дінпаздар, Құраннан асқан 
діншілдер деген тіркестер арқылы нысанға алынған субъектілер туралы 
жағымсыз образ ғана қалыптастырылған. Автордың бұл жазбасының 
оқырмандар арасында тілдік агрессия тудырғанын жазылған мынадай 
пікірлерден көруге болады:
«өзің оңып тұрсың ба?»;
«ой бл..., бетке шыққан сақалды сонша қадірледіңдер ғой»;
«діннің негізі балақтан басталып, сақалдан аяқталады. Ол дегеніміз 
баста ми жоқ деген сөз»;
«сақал – ол беттегі жүн. Ал жүнді әңгімелеп, талқыға салудың 
қажеті жоқ»;
«шариғи білімің болмаса, сөйлеме. Діннен шығып кетесің әйтпесе»; 
«оттапты ... »; 
«ахиретте шапағаттан құр қалып жүрме»;
«көсе ... қыртқан»; т.б. 


64 
Келесі мысал: «Паранджа киген сұлулар қалай тамақтанады? Бет-аузын 
тұмшалаған жандарға спагетти немесе гуйру лагман жеу нағыз азап шығар? 
Ет («беш») жеу туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын. Ондай көріністі көзге 
елестетудің өзі ыңғайсыз (дұрысы, аянышты). Сектант «достар», 
ренжімеңіздер, әйел затын бұлай қорлауға болмайды. Бұрын айтқанбыз, тағы 
да айтамыз: «Мұсылман діні мен араб дәстүрі бір ұғым емес.
Көп емеспіз, аз-ақпыз, 
Басқаға кейде мазақпыз. 
«Бүркеніп» араб болмайсың, 
Қазақ боп қалшы, қазақ қыз!» [115]. Бұл жарияланымның да 
оқырмандарда жеккөрушілік, өшпенділік, жақтырмаушылық, наразылық 
сезімдерін тудырғанын көруге болады. Пікір қалдырушылар автордың 
жазбасына қарсы шығушылар мен жақтаушылар болып екіге бөлініп, өзара 
айтысқан: 
«осылар да өзін адамбыз деп жүр ма? Алла Тағала жаратқан жүзін 
адамнан жасырып, жер басып жүргеннің несі адамгершілік?»;
«менде не шаруаң бар? Неге осындай агрессивныйсыңдар бәрің? 
Атылып шыға келесіңдер, қызық. Не деген сабырсыз мұсылмандар...»;
«сектант шығар, сабыр деген болмайды оларда. Адам өлтіріп жүр 
ғой, соғыс іздеп Сирияға да барып жатыр»;
«бұлар жазылмас дерт – «діни фанатизмге» шалдыққандар. Қараудың 
өзі жиіркенішті»;
«бетін ашуға неге ұялады? К...тін ашып тұрған жоқ қой»;
«осы опасыздар қазақты құртатын болды. Бірдеңе десең, бәлеге 
қаласың. Ата-бабасы түгелдей паранджа жамылып жүргендей келіп, сол 
арабтар үшін қатты терлейді»;
«жек көрем оранғанды да, сақалды бәлелерді де» т.б. 
«Совет дәуірінен келе жатқан билік жаңа өзгерістер әкеле алмайды, 
жаңа қоғам құра алмайды. Билік басына сол Совет дәуірін көрмеген, иісін 
иіскемеген адамдар келуі керек. Ондай қызметке мен де жарамаймын. Билікке 
менен кейінгі 30-40 жастағы жас қыз-жігіттер келуі керек. Парламентте 
отырған депутаттар бір отар қой сияқты. Үн жоқ, түн жоқ деген сияқты. Егер 
билік рұқсат берсе, біреуді сынайды. Ал былай... отыра береді. Олар халықтың 
қалаулылары ғой. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуі керек. Бір-
бірімен айқайласып, төбелесіп (болса да) деген сияқты. Ондай жоқ, өкінішке 
орай. Сондықтан парламентте отырған депутаттар жай бір қуыршақ театры 
(немесе Қариялар үйі) деп айтсам қателеспеймін» [116]. Келтірілген мысалдан 
саяси дискурстағы тілдік агрессияны көруге болады. Жалпы саясаткерлер қай 
уақытта да тілдік агрессияның нысанына ұшырамай қоймайды. Автор бұл 
жазбасымен біраз адамда агрессия тудырғаны белгілі:
«оларды қоймен салыстырып, қойларымыз ренжіп қалмасын. Қойдың 
халыққа пайдасы мол, өзі де, тезегі де»; 
«саяси мүгедектер үйі»;


65 
«қариялар дегеннен гөрі бір отар қой деген келіңкірейді. Қойшы қайда 
айдаса, сонда басын бұрады. Қариялардың да қиқарлары болады, ішінде, 
қыңырланып сөйлеп, шатақ шығаратын. Мыналар момақан, қой сияқты, 
... 
«қойшы» не десе де үнсіз бас шұлғи береді»; 
«марианетка қуыршақтар деген келіңкірейтін сияқты»;
«қариялар үйі, ия. Орындары күшті отырып алып, мызғып алып, 
есінеп, қалғып-мүлгіп. Рахат, шіркіндер»;
«қой да мөңірейді ғой» т.б. 
Тілдік агрессия нәтижесінде ашуланған, қорланған коммуниканттың 
жауабы да агрессияға толы болатынын осы мысалдардан көруге болады. Яғни 
бір агрессия екінші агрессияны тудырады. Ол тізбек секілді бір адамнан екінші 
адамға тарала береді.
Т.А. Воронцова бұны адресанттың сөйлеу кеңістігі деформациясының 
адресаттың коммуникативтік кеңістігін деформациялауымен байланыстырады 
[117]. 
Тілдік агрессия лексикалық, грамматикалық (синтаксистік), графикалық 
құралдар арқылы жүзеге асады. Лексикалық құралдарға нормативті және 
бейнормативті лексика жатады (7-кесте).
 
Кесте 7 – Нормативті және бейнормативті лексиканың жіктемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет