141
де, еркіндікті көксеген бас көтерер азаматтар Қытайдан құтылу
шараларын ойлай жүреді.
Жер-жерде қарсылықтар, бас көтерулер
болыпты дегенге құлақ түріп, жұдырықтай жұмылуды көксейді.
Шалғайдағы жат елдің былай да қатерлі өміріне қуғын, аңду,
жала жабу, жазалау сияқты əрекеттер одан сайын үрей шақырып,
сақтануға, қандай жағдайға да дайын болуға үйретеді. Қытай
өкіметі елді жазалау мен жасқандырудың талай айла-шарғысын
көрсетеді. Осыған байланысты автор мынадай дерек келтіреді:
“1945 жылдың көкек айының бас шенінде Қорқыс өзенінің батыс
жағында Нұрпай батырға жасалған жауыздық нақтылы айғақ.
Өзінен басқаның бəрін жау санаған қытайлар Нұрпай батырды
шəйіт еткеннен кейін, екіқабат əйелі Биғаншаның қарнын жа-
рып, төрт жасар ұлы Əбдірахманның жүрегін суырып алып,
сүйегін 50 километр қашықтықтағы Бортынке қалашығына
дейін сүйреп апарған. Өліні қорлау, жансыз денені көрсетіп,
жұрт шылықты жасқандыру Қытай əкімшілігінің баяғыдан келе
жатқан саясаты. Мəселен, сонау 1880 жылдың соңында Алтайда
“Асылбектің басын алу”, 1920 жылы “Қылаңның басын алу”,
олардың денесін сол кездегі Сарсүмбе, қазіргі Дөңбазардың шығыс
жақ дарбазасына ілу секілділер жауыздықтың бір мысалы”.
Əдеби шығармаларда əрекет белгілі бір уақыт пен кеңістікте
өтеді. Оның қысқалығы немесе созыңқылығы шығарма сюже-
тіне, көлеміне байланысты. Сюжет баяндау құрылымы ретінде
эпи
зодтарға, оқиғаларға жіктеледі. Шығармадағы оқиғалар тіз-
бегі кейде кең салалы, кейде эпизодтық (үзік көрініс) түрде
алмаса
баяндалады. Соның ішінде тарихи-ресми деректерге осы эпизодтық
сипат тəн. Деректер автордың ойын нақтылап, дəйектеуде үлкен рөл
атқарып тұр. Жат жердің аласапыран күресі мен тартыс-таласын
көру пешенесіне жазылған Қалибек, елді ұйытып, бір жерге топтай
білді.
Айтса ақылға, істесе əре
кетке берік жанның ой-арманы
аз ғана халқын аман сақтау еді. Автор көтеріліс қимылдарын,
оған ұйымдасуды баяндау үстінде қатысушылардың көңіл-күйін
ғана емес, көпшіліктің жағдайын қоса береді. Əрине, көп болған
жерде пікір қайшылығы мен алауыздықтың туындайтыны анық.
Оны автор мынадай үзін ділерде беріп, оқиғаның даму үстіндегі
қайшылықтарын қоса қамтиды:
“– Қалибек мылтықты бұзақылардың қолына берді, олар
142
ер
тең құйыршық болып кетсе қайтеміз? – Мылтық бізге неге
берілмейді, оның өз ойы дұрыс емес. – Тиісті орынға мəлімдеу
керек мұны, - деген сөздерді екінің бірі айта бастағанын сездім.
Осы көтеріліс қимылдарының барысын түйіндеуде Х. Оралтай
басылым беттеріндегі ресми деректерді алға тартады. Ол “Қытай
деректері”, “Американ деректері” тақырыпшаларымен берілген.
Сөйтіп,
Достарыңызбен бөлісу: