Абызымызға арналған аудиторияның ашылғанын көпшілік қауым
күтіп жүргендей ерекше қуанышпен қабылдады. «Қуанышымыз ерекше.
Өйткені аудиторияға кіріп-шыққан сайын, оның қасынан өткен сай ын
біздің студенттеріміз тебіренетін шығар деп ойлаймын. Əбіш тің шығар-
ма ла рының ең кереметі – Əбіштің кез-келген сөйлемі қай та лан бай тын
сөйлем. Мың қаламгер Əбіштің бір сөйлемін қайталай алмайды», – деді
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Зинол-Ғабден
Қабиұлы Бисенғали.
Əдебиетіміздің алып тұлғасы Əбіш Кекілбаев – кемелділік пен парасатқа
толы шығармалары арқылы халық жадында мəңгі сақталмақ.
Д. Қалиакпар,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
PhD докторанты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі – А.А. Мауленов, Жамбыл атындағы
Қазақ фольклоры мен əдебиетін зерттейтін ғылыми орталығының
жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты
Ə. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АҢЫЗДЫҚ
САРЫНДАРДЫҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАНУЫ
Аңыздық желілерді, мифтік мотивтерді, ертегілік сюжеттерді шағын жəне
орта жанрда қолданылудың өзіндік стильдік ерекшелігін танытқан жазушы –
122
Əбіш Кекілбаев. Ежелгі аңыз бен мифтерді бүгінгі өмір сүріп отырған дəуірдің
талап-тілегімен, адамгершілік болмысымен ұтымды ұштастыра суреттейді.
Ə.Кекілбаев прозасындағы шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Күй»
повесі. «Күй» повесінің сюжеттік желісі аңыздық факторларға негізделген.
Повестің өзі бір күйдің шығу тарихын суреттегенмен, көтеріп отырған негізгі
пробламасы адамгершілік, адамшылық, гуманизм тақырыбы. Алғашқы
əңгімелерінен-ақ жазушының күй, күйші өмірлеріне байланысты туған
шығармаларында аңыздық прозаның түрлерін еркін пайдаланғанына куə бо-
ламыз.
Оның «Аш бөрі» əңгімесі Құрманғазының түрмеден шыққан сəтін бейнеле-
се, «Бір шоқ жиде» повесінде Тілеу қарттың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «бе-
беу» күйінің мотивіне жиі назар аудартады. Бір əулеттің ұрпақ жалғастыру, өнер
дəстүрін сабақтастыру мəселесін көтергенімен, астарында адам баласының
бойындағы ең асыл қасиеттерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Белгілі жазушы,
əдебиет сыншысы Г.Бельгер қаламгердің екі томдық шығармалар жинағының
алғы сөзінде: «Əбіш Кекілбаевтың көркемдік палитрасының қуаты мен қасиеті
де осында, ол ежелгі аңыз-əңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-
философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-əңгімелерден күллі адам
баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады» [1, 6 б.], – деген
орынды бағасын береді.
Ə.Кекілбаевтың прозалық шығармаларында əлем əдебиетінде, орыс
əдебиетінде айналымға түскен аңыздық прозаның үлгілерін шығармашылықпен
жаңаша мазмұнда пайдалану əдебиет сыншыларының назарын аудартып, қызу
пікірталастар туғызған. Қырғыз əдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, жазушы
Ш.Айтматов суреткердің фольклорлық, мифологиялық элементті игеру жөнінде
ойын былай бөліседі: «Талантты қазақ прозаигі Əбіш Кекілбаев мифологиялық
системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің
маңызды мəселелерін қозғай білген» [2, 10 б.], – деген пікірі жазушының
шығармасындағы көркем образдың бейнелеу құралдары арқылы аңыздардан
ақиқат болмыстың шындығын арттыра түскен. Мифтік шығармашылық
жазушының романтикалық асқақ энергеиясын, күш-қуатын арттырып, жи-
ырмасыншы ғасырдағы көркемдік ойдың полифониялық құбылыстағы «сана
ағымына» (поток сознания) ден қойғызады. Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі
аңыздық, мифтік факторлардың көркемдік қызметі нені аңғартады? Көркем
шығарманың идеялық-мазмұндық, стильдік айшықтарына қандай жаңалықтар
енгізді.
Аңыздық прозаның көркем прозада шын мəнінде мүмкіндігі қандай?
Аңыздар мен мифтер болмыстың қандай мəселелерін қорытындылап түйін-
дейді?
Қай суреткер болса да фольклорлық элементтерді, аңыздық-мифтік
сюжеттерді өз шығармасында орынды-орынсыз тықпалай бермейді. Бұл
жазушының мақсаты да емес. Əрбір аңыздық сюжетке көркем шығармада
123
белгілі бір дəрежеде рөл беріліп, оған үлкен көркемдік жүк артады. «Күй»
повесіндегі «Қанжар жаныған тас» пен «Қол қырылған төбе», «Қараман ата»
мен «Темірбаба əулие» туралы аңыздық сюжеттер повестің көркемдік қуатын
арттырып, оның əлеуметтік-философиялық концепциясының негізін қалап тұр.
Мазмұнын бір-екі ауыз сөзбен бітіре салатын аңыздардан əңгіме-повесть, ро-
ман тудыру үшін аңыздың өзін білу жеткіліксіз. Сонымен қоса сол жердің тари-
хын, халқының əдет-ғұрпын, салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін жан-жақты зер-
делей зерттеуі қажет. Бұл туралы ғалым С.Қасқабасовтың: «Бір аңызды толық
түсіну үшін кейде онда баяндалатын оқиғаны білу аз, сол аңыз пайда болған
аймақты да жете білуге тура келеді, онда айтылатын басқа да фольклорлық
шығармалармен танысу қажет болады» [3, 122 б.], – деген тұжырымы біздің
ойымызды нақтылай түседі. Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесі – осы фольклорлық
элементтерді толық игеріп барып, өзінің сонылығымен келген көркем туын-
ды. Автордың шеберлігі аңыздық сюжеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап,
бүгінгі күннің адамгершілік мəселелерімен астарлап үндестіре алуында жа-
тыр.
Көркем шығармада аңыздық сюжеттің тағы бір ерекшелігі келіп шығады:
ол ұлттық болмысымен ғана емес, таралу аймағының (локальный) шеңберімен
де шектеулігі шартты түрде ұғынылады. Соның өзінде де аңыздық-мифтік сю-
жеттерде дүние жаратылысының құпия заңдылықтарын түсіндіріп бере ала-
тын формаларын кездестіреміз. «Күй» повесінің негізгі желісі Маңғыстауды
мекен еткен адай мен айладырдың береке бермес тартысына құрылған. Бейбіт
өмірді аңсаған екі жақтың игі-жақсылары «Қараман ата» бейітінің басына
жиналып бітімшілікке пəтуаласады. Мұндағы «Қараман ата» туралы аңыз
повестегі екі жақты да бітімге келтіретін ортақ əулие ретінде символдық
мəнде алынып отыр: «Əулие қараны атсаң, қара атты ат, біз айыпты десең,
бізді ат!» - депті. Сонда ердің басындағы біз анандай жерге ұшып кетіпті, қара
ат табанда қатыпты. Əулиенің өзі де кінəні адайға да, айладырға да артпай тар
заман, қысталаң қалға аударып, кəрін қара атпен бізге түсірді, енді екі елдің
жауласатын жөні жоқ! – деп бітіммен тарасыпты» [4, 319 б.], – дейді аңыз. Бұл
жерде аңыздың көшпелі түркі халқына тəн ерекшелігін де ескерусіз қалдыруға
болмайды. Ата-баба бейітін кие тұту, əруаққа сенімшілік ара-жігі ажырап,
жауласып отырған қазақ пен түрікменге бірдей ортақ. Екі жақта соғысудан
əбден титықтаған, бірақ намыс қай-қайсысының болмысын кішіреюіне,
жеңілгендігін мойындауына жол бермейтін үлкен бөгет. Сол тосқауылды ыды-
ратып, бейбітшіліктің орнауына себеп болған өмірден өткеніне талай жыл
болған Қараман ата əулиенің құдіретті кесімі. Тарихи оқиға басқаша болуы да
мүмкін, бірақ соның өзін кейінгі ұрпаққа жеңіс ретінде танытып отырған – ол
аңыз.
Аңыздық прозаның əпсана-хикаят жанры да «Күй» повесінде шеберлікпен
қолданысқа енеді. Аңыз бен əпсана-хикаяттың жанрлық ерекшеліктерін
ғылыми тұрғыдан талдай келе ғалым С.Қасқабасов былай дейді: «Аңыз
124
бен ертегінің арасындағы жанр. Қарапайым халық прозасының көркем
фольклорға айнала бастаған түрі. Сол себепті ол мифтің де, хикаяның да,
аңыздың да жанрлық қасиеттерін бойына сіңірген» [3, 150 б.], – деп əпсана
хикаяттың жанрлық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан ажыратып береді. Аңыз
жанрының мақсаты тарихи оқиға немесе тарихи адамдар туралы мəлімет бер-
се, ал, əпсана-хикаятта ол көркемдік құралдармен керемет жан иесі болып,
киелілік қасиетімен дараланады.
Бірақ аңызда да, əпсана-хикаятта да өмірде болған тарихи оқиғалардың
не тарихип тұлғалардың істеген істері жатуы мүмкін. Осыған орай əпсана-
хикаяттың тақырыптық мазмұнына жəне сюжеттік желісіне қарай шартты
түрде ғалымдар оны тарихи-мекендік, кітаби-діни жəне утопиялық деп үшке
бөліп қарастырып жүр. «Күй» повесіндегі Темір баба əулие обасы осы тарихи-
мекендік əпсанаға жатады. Жазушының суреттеуіндегі Темір баба əулие
мен Шопан атаның құдірет сайысы өмірде дəл солай болуы мүмкін емес.
Бірақ Шопан ата мен Темір баба əулеиенің кереметтілік (ғажайыптық) істері
көркемдік элементтермен астасып суреттелінеді: «Мынау оба – Темірбаба
əулиенің моласы. Баяғыда Шопан ата Хорезмнен келгенде дəл осы төбенің ба-
сында жолығыпты деседі. Онда көк теңіз қазіргісіндей шалқайып кетпеген:
Темірбаба анау жатқан қотыр тастың басында аяғын суға малып отыр екен.
Ту сыртында жаяу келе жатқан адамның дыбысын жер түбінен естіп отырып-
ты... Шопан ата өз жөнін айтып, Темірбабадан да жөн сұрапты: Темірбабамен
құдірет таластырғысы келетінін де білдіріпті. Ендеше жүзіңді бұр, – депті Шо-
пан ата. – Анау, жайылып жүрген бір үйір қарақұйрықты көрдің ғой! «Көріп
отырмын», – депті Темірбаба. Шопан ата сол арада шөрелеп шақырғна екен,
үйірдің алдында құлағын қайшылап осқырынып тұрған ортеке маңырап жетіп
келіп, етегін жалап жата кетеді. Шопан ата текені пышақсыз бауыздап, терісін
сыпырып, сойып, жіліктеп-мүшелеп жайратыпты да тастапты. Сосын етін
терісіне үйіп орап, үстінен алақанымен бір сипап өткен екен, теке орнынан
атып тұрып, сілкініп-сілкініп алып, бір маңырапты да, анандай жердегі үйіріне
шауып ала жөнеліпті. Енді кезек Темірбабаға тиіпті. Темірбаба балағын тізесіне
дейін түріп, қарын жарып ыңыранып, ақ көбік атып жатқан көк теңізге қойып
кетіпті. Кетіп барады, кетіп барады. Көк теңіз қарс айырылып, аяғының тиген
жері қара жер болып қала беріпті. Сол бетімен барып-барып, Шопан ата не
қылып тұр екен деп артына бұрылса, ол сəлдесін шешіп ап, бұлғалықты салып
жатыр екен. Шопан ата сонда: «Əулиелігіңе сендім, бұдан ары жүре берсең,
көк теңізді жарып, дұшпандар келетін жол саларсың деп қайтардым», – депті.
Анау жатқан кішкене түбек содан қалыпты» [4, 23 б.], – деп келетін эпизодтан
əпсана жанрының толық көркемдік элементтерін ұшыратамыз.
Автор Темірбаба əулиеге байланысты əпсананың құдіреттілік қасиетін
суреттегінмен басты мақсаты, түрікмендердің шекара межесін белгілеу болып
табылады. Көк теңізге сұғына кіріп жатқан түбек те осындай кереметтілікпен
дүниеге келеді. Темірбаба: «Мен өлсем осы төбенің басына жерлеңдер,
125
дұшпанның иті енді менің молама сарымасын десеңдер, бұдан ары бір елі
шегінбеңдер» [4, 232 б.], – деп кетіпті. «Күй» повесіндегі əпсананың осын-
дай кереметтілік ғажайыптық элементтері Темірбаба əулие мен Шопан
атаның құдірет сайысы шын əулиелерге ғана тəн құбылыс. Пайғамбарлар,
машайықтар мен əулиелердің осындай керемет істер жасайтын қасиеті
жөнінде теолог-ғалым Б.Сағындықұлы: «Пайғамбарлардан кейінгі орынды
машайықтар мен əулиелер иеленеді. Бұларда мұғжизаның бір түрі – керемет
көрсете алады. Мұғжиза мүлде қайталанбайтындығы арқылы ерекшеленеді:
тіпті бір пайғамбардың мұғжизасын екінші пайғамбар қайталай алмайды.
Əулие машайықтар бірінің кереметін екіншісі қайталай береді. Кейде біріне
бірі асырып та жібереді» [5, 11 б.], – деп ерекшеліктерін көрсетеді. Повестегі
Темірбаба əулиенің кереметтілігі Шопан атаның құдіреттілігінен асып кетіп
отыр.
Сондықтан да жазушы негізгі өзекті мəселені Темірбаба əулиеге артып
отыр. Міне, содан былай ер қаруы бес қару деп, атқа мінер күн туса, ер-
кек кіндік Темірбабаның басына келіп ант беріп кетпегі керек. Осындағы
Темірбаба əулиенің обасы повесте жазушының мына мақсаттарын ашуға да
себебін тигізіп тұр: біріншіден, ол түрікмендердің шекара межесін белгілеп
беріп тұрса, екіншіден; повестің бас кейіпкері Жөнейттің образын сомдау-
да да көркемдік эстетикалық қызмет атқарып тұр. Повестің бас кейіпкері –
Жөнейт. Ол жауын жеңіп шаттанғанда да, не одан жеңіліп опық жегенде де
қайғы бөлісер əулиесі – Темірбаба. Соңғы тұяғы Дəулетті жаны сүймейтін
жаугершілікке аттануға себепші де, одан айырылып аңырап қалғанда да
Жөнейт Темірбаба əулиенің обасына келіп қайғы-мұңын бөліседі. Бұрынғы
айбынды сəулеті жоқ, жаңбыр мен жел əбден қажап, мүжіліп кеткен əулиенің
обасы да қараусыз қалған. Əрбір детальға ерекше мəн беретін суреткер осы
бір кішкентай штрихтар арқылы Жөнейттің басына түскен ауыр трагедиялық
халді көрсете білген.
Повестегі Жөнейт басындағы трагедия бір ғана адамның емес, сол дəуірде
көшпелілік өмір салтын сүрген, бір-бірімен жауласқан туысқан екі халықтың
аянышты тағдырлары еді. Тұтқынға түскен адай балаларының мəңгүрттік
халі бұл соғыстың екі жаққа да опа таптырмайтынының анық айғағы. Жазу-
шы мəңгүрттердің адам төзбес ауыр жағдайын суреттеу арқылы кешегі өткен
тарихымыздан бүгінгі ұрпағымызды қателікке, қатыгездікке ұрындырмау
үшін толғанта ой тастайды. Адамзат баласының қазіргі ғылыми-техникалық
прогресінің шарықтау шегіне жеткен санасының улануы, өткен тарих іздерінен
көз жазуы болып табылады. Бұл туралы əдебиет зерттеушісі А.Бочаровтың:
«проблема манкуртство: почти все романы сегодня проверяют своих героев,
обращаясь к прошлому, к тому что нельзя ни как забывать, ибо забвение уро-
ков прошлого ошибок в будущем» [6, 217 б.], – деген пікірі əдебиеттің өмір
шындығын өнер туындысы арқылы танытудағы көркемдік қызметін айтса
керек. Əдебиеттің міндеті сол өз дəуірінің трагедиясы мен драмасын уақыт
126
пен кеңістік аясында шынайы түрде ақиқат танымының болмысымен баян-
ды бейнелеуі болып табылады. Бүгінгі қазақ қаламгерлері халық прозасының
үлгілерін ойдан шығарған көркемдік болжамдар арқылы да бір-бірімен
мейлінше етене сіңістіріп қолданысқа енгізіп отыр. Повесте Дүйімқара тура-
лы аңызды да автор шеберлікпен қиюластырып жіберген. Дүйімқараның не-
ден болса да тайынбай шабатын батыр екендігін, оның қайнына ұрын барған
сапары қазақ түгілі түрікмендерге де аңыз болып тараған. Ол повесте былай
беріледі: «Жау тиіп қиқу құлағына шалынысымен батыр күйеу жар төсегінен
жалаңаш қалпы атып шығып атқа қонады. Таң енді сес бергенде елең-алаңда
жауға да жетеді. Бұлыңғыр тауда жайдақ шауып келе жатқан жалаңаш неменің
адам екенін, жын екенін біле алмаған барымташылар жылқыны тастап
қаша жөнеліпті» [4, 21 б.], – дейді. «Күй» повесіндегі осы аңыздық эпизод
жазушының тарихи тақырыпқа жазылған бас романы «Үркердегі» Есет ба-
тыр образын сомдауда да қолданылады. Автор біріншіден: аңыз сюжетін дай-
ын материал ретінде пайдаланса, екіншіден: аңыз арқылы қазақ батырының
киелілік қасиетін дəлелдей түседі. «Үркер» романындағы Əбілқайыр ханның
сенімді серіктерінің бірі – Есет батыр. Жазушы «Үркер» романында Есет ба-
тыр рухының қуаттылығын осы аңыз арқылы қасиетін таныта түседі. Аңыз
жанрының осындай түрлі вариантта айтылуын ғалым С.Қасқабасов былай-
ша тұжырымдайды: «Аңыз жанры да, бүкіл фольклор сияқты анахронизм-
нен құралақан емес. Біріншіден, ауызша тарағандықтан, екіншіден, əңгіме
көп уақыт өтіп кеткендіктен, үшіншіден, əңгімеге көркемдік элементтері əсер
еткендіктен аңызда баяндалатын оқиға көмескі тартады, əңгіменің вариантта-
ры пайда болады, оқиғаның мезгілі шатастырылады» [3, 124 б.]. Сондықтан да
повесть пен романдағы аңыздың сюжеті бір болғанымен, автор оқиға болған
жерді, аңыздың мезгіл уақытын өзгертіп алып отыр. Біріншіден, қайнына
ұрын барған сапары кезінде туындаса, екіншіден, жорықтан шаршап келіп
ұйықтап жатқан батыр бейнесінде айтылады. Аңыздың осындай өзіндік бітім-
тұлғасын, амал-тəсілдерін өзгертіп қолданған «Күй» повесінде жұмбақ сырға
толы болып келетін «Қу бас» туралы мифтік-аңыздық мотив бар.
Қазіргі қазақ көркем прозасында алғаш рет айналымға түсіріп, оны өзінің
идеялық мақсатына сай етіп қолданған қаламгер – Əбіш Кекілбаев. «Күй»
повесіндегі қу бас Жөнейттің жазықсыз жандарға батқан тырнағын, нақақтан-
нақақ түйреген найзасын, ерлік деп жалған намыстың буымен жендетке
айналған озбырлығын бетіне басады. Жөнейтке Күйшінің қу басы бірде күйші
болып елестесе, бірде баласы Дəулет боп көрінеді. Жөнейттің басындағы
трагедиялық ауыр халге байланысты əдебиет сыншысы, ғалым З.Серікқалиевтің
ой-пікірі мынандай: «Ой сергелдеңінде, іштей арпалыс үстінде ашу-ызасын
төккен Жөнейт батырға, қиямет жолында кездейсоқ қолға түскен тұтқын Абыл
Дəулеттің трагедиялық қазасын, Дəулеттің айта алмай, таныта алмай қыршын
қиылған достық, татулық, бауырластық арманын күймен жеткізеді [7, 66 б.], –
деп повестегі күйшінің образдылық бейнесін таныта түскен. «Күй» повесіндегі
127
күйші Маңғыстауда туып өскен Абыл Тарақұлының прототипі тəрізді:
«Күйшінің шыққан тегі Кіші жүз ішіндегі он екі ата Байұлының бір бұтағы
– Адай. Адайдан Құдайке, одан Қосай тарағанда, Қосайдан Шалбар, Жаман
Адай, Түрікмен Адай деп аталатын үш ата өрбіген. Соның түрікмен Адайы-
нан Абыл күйші шыққан» [8, 270 б.], – делінеді күй тарихын зерттеуші ғалым
А.Сейдімбектің «Күй шежіре» атты еңбегінде. Жазушы повестегі күйшінің
атын атап, түсін түстеп жатудан əдейі бас тартқан сияқты. Өйткені тарихи
тұлғаның бейнесін көркем шығармада тарихилық принциптілік фактісін қатаң
сақтай білуі керек. Сондықтан жазушы Ə.Кекілбаев Абыл күйшіге байланы-
сты айтылған аңыздың қажетті детальдарын ғана қолданған. «Күй» повесінде
ХIХ ғасырдағы Үстірт үстіне тоқайласқан туысқан екі халықтың трагедиясы
мен драмасы шынайлылықпен көрініс тапқан.
Қолға түскен Адай күйшісінің тағдырын осындай қырғи-қабақ соғыстың
шəлкез озбырлығы қиып кетеді. Повестегі бас кейіпкер Жөнейттің өз ары
алдындағы істеген жауыздық қылықтарына жауап беру үшін, күйшінің «Қу
бас» сүйегі – жазушының тыңнан тапқан шеберлік қыры. Жөнейттің соңғы
тілегінің тілдесері де, мұңын бөлісері де – тек қу бас қана. Автор адам баласы
санасының екіге қақ жарылу (двойственность) сəтін ойшылдықтың тереңіне
сүңгітіп, ішкі монологтық сана тасқынының сезім иірімдерін шегіне жеткізуге
суреттеген. «Қу бас» мотивінің көркем əдеббиетте діни-мифологиялық сю-
жетке байланысты екендігін ғалым А.Жақсылықов былай көрсетеді: «Сю-
жетная основа произведения корнями восходит к христианским апокрифам
(дастан). Вместе с тем нельзя не отметить, что сюжет беседы мудреца с че-
репом имееятся и в даосских тестах, буддийских джатаках» [9, 259 б.]. Бұл
сюжеттің өте ерте кезден-ақ данышпандар мен қу бастың диалогы түрінде
орын алғандығын өмір мен өлім, фəни мен бақи, жақсылық пен жамандық
туралы терең философиялық тартыстарынан туындағанын көрсетеді.
Мұсылман діни əлемінде қу бастың концепциясы басқаша мазмұнда баян-
далады. Мұнда Алла-Тағаладан істеген күнəлі істеріне кешіріммен қарауына
құлшылық ету, басын иіп күнəһарлықтан тазару философиясы алдыңғы ке-
зекке қойылады. «Күй» повесінде күйшінің қу бас сүйегінің рөлі: «Бұған
күйші керек. «Ə, солай ма еді?», – дегендей қу бас бұған шүңірейе қарайды.
«Ендеше сол күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?» – деп тісін ақситып,
сақ-сақ күледі. Жөнейт мынау сұмдық елес айықсын деп көзін жұмып ала-
ды. Құлағына күңіренген үн келеді; сол бір үн сай-сүйегін сарқыратып, жан-
жағынан қаумалап қоршап келеді. Азынаған айдала. Қу бастың ашылып қалған
тесігіне жел кіріп, əлдеқандай ызың шығады. Күйші мынау ызғыған желге
шыдап тұра алмай, жер астына кіріп кетіп, күңіреніп жатқандай» [4, 26 б.], –
деп суреттеледі. Ə.Кекілбаев көркем прозада қу бастың рөлін жаңа мазмұнда,
өзгеше бір стильдік реңкте, фобиялық қорқынышты күймен əсерлі етіп бей-
нелеген. Жөнейттің түсі арқылы берілсе де, қу бас реальдық болмысымен
көрінеді. Жауыздықтан жазуыздық тудырып отырған Жөнейттің трагедиялық
128
тағдыры өліммен аяқталады. «Күй» повесіндегі аңыздық желілерді, мифтік
сюжеттерді айтар ойына, идеялық мақсатына сай пайдалана білген.
Ə.Кекілбаев – қазақ көркем прозасында өзіндік қолтаңбасын, жазушылық
шеберлігін танытқан қаламгер. Ə.Кекілбаевтың аңыздық сюжеттерді
шығармашылықпен еркін пайдаланып, одан терең адамгершілік-философиялық
ой түйдіріп, сол кезеңнің тарихи шындық бейнесін жасай білетін суреткерлік
шеберлігі «Күй» повесінде жарқырап көрінген.
Достарыңызбен бөлісу: |