Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет26/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

«...Ұлт болудың қазақша жолын бала түзеуден, бала оқытудан 
басталатындығын ертерек ұғынып, сол мақсатқа əрекеттенуде тынбай 
жұмыстар атқарды» деп, ұлы күрескердің əрбір туындысынан төте ойды 
тура тауып, тілге тиек етеді, нақты əрі қарапайым жатық мысалдарды тізбелей, 
бүгінгіге үлге-өнеге ретінде ұсынады. «...Ұлт тізгіні ұлттың өзіне тимей 
тұрып, ұлттық даму жүзеге аспайтынына көзі жетті. Ендігі көзделген 
мақсат біреу, ол ұлттың оянуына жағдай жасау. Нені бастап, нені қолға алса 
да сол өзек күйдірген арманына жетуге асыққан» Ахметті арымен ұлтына 
жұмыс істеген деп дəріптейді. Ұлт көсемінің əрбір ісін көзбен көріп, ойын 
жүрекпен ұққандай, бүгінгінің əрі ертеңгі ұрпақтың санасынан құйғандай 
себелейді суреткер [1, 62-б.].
Жазушы баяндамасының өн-бойында қаламгердің жорғалай тербелген 
қаламымен бірге, Ахмет ағартушының үні құлағыңа келгендей күй кешесің. 
Мəселен, осынау қанатты сөздің дəуір үніне айналғаны даусыз: «...Ұлт 
жұмысы үлкен жұмыс. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һəм күшті 
болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға 
бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» дейді. Ғасырдан 
ғасырға озатын, ұлт намысын жанитын айшық екеніне ешкім де дау келтіре 
алмасы анық.
Иə, «осы келелі істер жолының қай-қай бастамасында да Ахмет 
Байтұрсынұлы үлкен беделге ие болды» дейді жазушы. Əдебиетіміз бен 
мəдениетімізді қайта жандандыруда, қайта қалыптастыруда зор жанкештілікке 
де барды. «Бұның бəрі не үшін істелді? Өз басын қатерге тіккендегі мақсат-


134
мүддесі не еді?» деген сауалдарға бөле-жара, шегелей жауапты мігірлеп, ұрпақ 
жадына жатталғандай етіп жазыпты қарымы зор қаламгер. «...Сөйтсе, мұның 
өз себебі де бар болып шықты: Адамдық диқаншысы болып, қараңғы халқына 
жарық нұрын шашуға ұмтылыпты, ертеңгі өркеннің жайқалып өсіп, айна-
ласына пайдалысын берерін көздепті. Ал сол уақытта өзімен үзеңгілес, қазақ 
атын жамылған «көк есектер» ұлтын сатып, арынан айырылып, мансап пен 
майшелпекке ұмтылысты көздеді. Ал, Ахмет ата ше?» дейді өз қаламының 
сиясына тұншығардай алқынып, ары қарай тағы жауабын нығырлай бүгінгінің 
оқушысы ғана емес, ертеңгі де іздеп, қазып оқитынына қашағандай түйдек 
толғағын түйрей түседі [1, 63-б.]. 
«...Осындай халқы үшін қара басын қатерге тіккен азаматтың келелі 
істерін жалғыз өзі шыр айқайлап жүріп, тынбай тіршілік қылғанына 
таңдасбасқа лажың бар ма?» деп бір қайырады таңданысын [1, 63-б.]. Онан 
кейін келелі ойын кескекті тұлғаға: «...Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы күллі 
адамзаттың даму үрдісі түбегейлі өзгеріп жатқан тұста қазақ халқына 
басқалардан өзгеше заман болмайтынын ескертіпті» деп, ағартушыға деген 
көңіл ыразышылығын қаламымен ескерткіш тұрғызғандай қалапты қаламгер 
[1, 64-б.].
Мұнысына місе тұтпағандай: «...Ахмет Байтұрсынұлы өз арманы жолын-
да арыстанның аузына түсуден де тайсалмады, тек қана ұлттық мүддеге 
қызмет етуге ғана тырысты. Патша кезінде де жан аямай қолға алған 
ағартушылық реформаны жаңа жағдайда жалғастыра беруге тырысты. 
Ұлттық оқу-білім, мəдениет, өркениетті дамыту ісіне бел жазбай кірісті» 
деп, тастүлек ұлдың өлермен жұмысының өрнексіз қалмағанын, бүгінгінің 
білдей бір институты атқара алмай жүрген жұмысты, жалғыз өзі тындырғанын 
тасқа таңба басқандай баяндайды [1, 66-б.].
Мақаланы ғылыми жетекші Райхан Сахыбекқызының ұлт ұстазының 
ғұмыр жолына арналған «Ғасыр саңлағы...» атты монографиясының бірінші 
тарауының қорытындысы ретінде берілетін аңдату сөзімен түйіндегенде жөн 
көрдім: «Ұлы тағдырларды ұлан-ғайыр тарих кеңестігінің ұшан қиырларына 
үңіліп барып, ұғына аласың... «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымыз-
да ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға» дейді де онысын былай-
ша таратады: «Бəлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған 
дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан қайғы, Ыбырай, Шоқан, 
Абайлар да өтті десер. Ол рас. Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды 
да, ұқсамайды. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты, ұлттық 
дамуымыздың үрдісі мен қарқыны қалған дүниедегі даму үрдісі мен қарқынына 
сəйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халқына адастыр-
мас жол іздеді. Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынұлы ондай жол Қорқыт пен 
Асан қайғыдай үйренші үрдісті аман сақтап қалатындай жаңа қоныс іздеумен 
табылады деп түсінбеді; Фараби мен Иасауидей өз тұсындағы кең жайылған 
антикалық немесе исламдық дүниетанымға уақытылы көшу арқылы барлық 


135
мəселені шешуге болады деп ұқпады; Абай, Шоқан, Ыбырайлардай теңдікке 
жетудің жолында тек ағартушылықпен шектелгісі келмеді» дейді. 
Жазушы Əбіш Кекілбайұлы қайраткердің ешқандай атланттардың 
иығына шықпай-ақ, бұрынғылардың көздеріне іліге қоймаған соны 
көкжиектерге көз жеткізе білген, көрген. ...Басының тəуекелімен бүкіл бір 
ұлттың тəуекелінің түгел оянуына түрткі болған «теңдессіз тарихи тұлға» 
деп бағалайды, ұлт ұстазының ұлағатына тамсана отырып, оны ұрпақтар 
үлгі алатын «тағылым мектебі» деп пір тұтады. Мұнан шығар қорытынды 
тарихи тұлғаның есімі ортамызға оралған бері қаншама сүбелі еңбектің 
жазылғаны. Зерттеулердің қайсысы болмасын, ғалымның қайраткерлігі мен 
шығармашылық мұрасын жекелеген тақырып аясында талдау, не жалпыла-
ма түрде шолу жасаумен шектеліп қана қоймай, бүгінгі тəуелсіз кезеңдегі 
əдебиетпен, не мəдениетпен байланыстыра қарастырады. Бұл дегеніміз 
ғалым ғибратының ұрпақтан ұрпаққа жалғасты алтын көпір екендігінің 
дəлелі. Яғни, Əбішше толғансақ, «...кескекті кезеңде келелі істер тындырған 
кемел ер, кемеңгердің» мəңгі келбетін көреміз» [2, 143-б.].
Əбіш Кекілбайұлының баянынан кейінгі Алаш Арыстары туралы пайымы-
мызды сана таразысына салып, көп дүниені басқа қырынан ұғынғанымыз анық. 
Өз тарапымыздан қосарымыз, өзім сықылды жастардың танымында: «Ахмет 
Байтұрсынұлы – қазақ əдебиеті мен мəдениетінің тарихында үлкен бір дəуірді 
алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген 
сүйіспеншілікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман 
қайраткер. Қайталанбас əрі теңдессіз тұлға! Ол – қазақ ұлтының қалыптасу 
тарихындағы түрлі кезеңдегі қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай 
жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ақиық ағартушы». 
Тəуелсіздігіміздің ақ таңы арайлап атқан шақта ұлыларымыздың есімін 
ұлықтап, олар салған сара жолдан адаспай, ел мұраты үшін, ұлт болашағы 
үшін қызмет қылуға ұмтыларымыз хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет