Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет19/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Абылай. Ел арасында жаз кезінен ерен ерлігімен көзге түіп, халық 
қолдауымен хан атанған ірі тұлға. «Əбіш «Абылай хан» пьесасында ұзақ 


110
қазақ елінің XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің 
көріністерін жыр етеді. Абылайдың ақылдылықпен, айлакерлікпен жүргізген 
күресінің арқасында қалмақтар мықтап жеңіледі. Қазақ жері жаудан тазара-
ды. Əбіш Абылайдың ерлік істерін қазақ халқының азаттық жолындағы туы-
на айналдырады» [4, 6 б.]. Драматургтің басты кейіпкердің образын ашудағы 
шеберлігіне сын жоқ. Мысалы, Абылай мен Топыш диалогындағы «Серт 
бергенмін əкеңе, Сол сертімде тұрдым, Сыртына найза сұқпадым, Жауына 
туын жықпадым» деген жолдар арқылы Абылайдың сертке адал адам екенін 
көрсетіп тұр. Жазушы басты кейіпкердің образын беруде дерек пен дəйекке 
жүгінген, ақиқат пен аңыз бірлігіне сүйенген
Кейуана. Ол – Бұқар жыраудың прототипі. Бұқар жырау – XVIII ғасырда 
Абылай заманында өмір сүрген ханның кеңесшісі. Ол – шығармаға қоңыр 
əуез, философиялық сарын қосып тұрған кейіпкер. Абылайдың кішкентай 
кезінен бері бірге жүрген ақылшысы. «Ай, Абылай, Абылай! Сен мен көргенде, 
Тұрымтайдай ұл едің, Мініңді айтып жырлайтын, Тоқсан үште қария, Саған 
енді табылмас» [5, 109 б.], – деп өз жырларына да қосып отырған. Сондықтан 
оның образы хан кеңесшісі болуымен қатар, ел алдында оның даналығы мен 
ерлігін жырлаған ұлы жырау ретінде сомдалған. Драматург Кейуананың об-
разын беруде көптеген əдеби тəсіл түрлерін ұтымды пайдалана отырып, оның 
парасаттылығын көркемдеп жеткізе білген:
«Алламен аттас алты алаш,
Бар ма еді саған тайталас.
Тұрсың қандай кеп естіп,
Бізге келіп тап бұлай
Зіркілдердей бұл жоңғар
Құдаймен қашан кеңесті?».
Автор Кейуананың бейнесін осындай риторикалық сұраулар арқылы 
көрсетеді. Осылайша, данагөй қарттың елдің қамын жеп, қайғысына 
ортақтасып, қиыншылықта ақылын айтып отырған абыз адам екенін сипаттай-
ды. Ел басына қара бұлт үйіріліп тұрған алмағайып заманда жауға қарсы қазақ 
əскерін бір ортаға, бір арнаға біріктіруге үлкен күш салып, тарихи тұлғаға 
айналған. 
Қалдан Серен. Ол – жоңғарлардың ханы. Қазақтарға қарсы көтерілістерде 
қол бастаған қолбасшы. Драмада Қалдан Серен мен Абылай арасындағы 
ұрыс, соғыс жайына тоқталмайды. Алайда, Абылайдың 1741 жылы жоңғар 
тұтқынына түскен сəті баянадалады. Тұтқында отырған кезіндегі қалмақтармен 
арасындағы болған шиеленіс, қалмақ ноянының қызы Топыш арасындағы 
диалогтерде қазақтың сол замандағы басына түскен оқиғалар суреттелген. 
Ол əлі хан атанбай тұрып, жігіттік шағында тұтқынға түссе де, ақылымен
көрегенділігімен босап шығады. Тұтқынға түскен Абылайға: 


111
«Азаттық берсем басына,
Іргеме тыныштық келер ме екен,
Басына күн туғанда,
Ту сыртымнан тұра ұмтылмас,
Қолтығымнан демер ме екен?!
Не де болса, нар тəуекел...», – 
деп Қалдан Серен одан сескеніп, оның бір ауыз сөзіне тоқтайды. Бір 
жағынан, бұл жерде Қалданның да текті əулеттен шыққандығын көрсетіп тұр. 
Болар бала екенін танып, жауласып емес, «қолтығымнан демер» деп шығарып 
салып, абыройы арта түсті. Бұл туралы Ж. Дүйсенбаева былай дейді: «Екінші, 
«Арбасуда» зындан азабын тартып, Қалдан Серенмен арбасады. Қиын-қыстау 
кезеңде дұшпанына басын имеген, елдіктің туын жықпаған қайсар да аду-
ын, табанды ұлдың, тарихи тұлғаның өмірін кейінгі жасқа үлгі етеді. Өзінің 
шешендігінің, ой ұшқырлығының, тапқырлығының арқасында ойдағыдай 
шешеді. Қалдан да тек кісі емес екен. Ол салмақты айтқан сөзіне тоқтайды» 
[2, 220 б.].
Жазушының драмаға қосқан əрбір кейіпкері ерекше көркемдік, əрі шы-
найы болмыспен танылады. Олардың барлығы – тарихта болған адамдар. 
Абылайдың тартысты тағдырында осы тарихи тұлғалардың барлығы болған. 
Олардың əрқайсысының драмадағы өзіндік орны мен образы бар. Əбіш осын-
дай тарихи тұлғалардың барлығын пьесаға кіргізе отырып, қазақ халқының 
егемендік жолындағы тарихының қаншалықты ауыр да қиын болғандығын 
көрсетіп тұр. 
Көп қатпарлы тарихи шындықтың астарын ашуға тырысқан Əбіш Кекіл-
баевтің «Абылай хан» драмалық дастанының өн бойында елге, жерге деген 
құрмет, өткен тарихқа деген тағзым, ерлік пен елдікке тəрбиелейтін рух бар. 
Мұнда сан жылдар бойы тəуелсіздікті ту еткен халықтың ұлы арманы, елдің 
бүтіндігі мен тұтастығын аңсаған бабалар аманатына адалдық танытудың 
ғажайып үлгісі асқан көркемдікпен шынайы көмкерілген. Үш жүздің ба-
сын біріктіріп, ұлт бірлігін ұйыстыруда ерен еңбегімен танылған, азаттықты 
аңсап өткен Абылай ханның аласапыранға толы өмірін баяндауда Кекілбаев 
драмасы оқырманды баурап алары сөзсіз. Ханның өр тұлғасы мен биік па-
расаты, ақылды шешімі мен салиқалы саясаты оны күрделі бейне, шынайы 
қаһарман деңгейіне жеткізіп тұр. Шындыққа суарылған, шеберлікпен өрілген 
қаламгердің драмалық дастанының тағылымы мен ғибраты тереңдігімен 
құнды, қыры мен сыры көркемдігімен нəрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет