Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Өнегелі өмір (Əбіш Кекілбаевқа арналған) / Ред. басқ. Ғ.М. Мұтанов. –
Алматы: Қазақ университеті, 2016.
2. Дүйсенбаева Ж. Əбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы. –
Алматы: Арыс, 2007.
112
3. Қасымбеков Ж. Абылай хан. Тарих, тұлға, уақыт («Шығыстың ұлылары
топтамасы»). – Алматы: Аруна, 2007.
4. Төлеуғалиев Б. Əбіш əлемі // Ана тілі. – 2019. – 12-18 қыркүйек. – № 37
(1502).
5. Сыпыра, Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Бұқар Қалқаманұлы,
т.б. шығармалары. – Алматы: НұрлыPress.kz, 2014.
Г.Т. Оспанова,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты,
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы
(Қазақстан)
Ə. КЕКІЛБАЕВ ƏҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ
Қандай да бір халықтың өміршеңдігі мен жасампаздығы оның ұлт бо-
лып қалыптасқаннан бері өзімен бірге өмір сүріп келе жатқан ұлттық
құндылықтарына тікелей байланысты екені сөзсіз. Себебі, ұлттық құндылықтар
– ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының
бірі ғана емес, сонымен бірге сол халықтың сан ғасырлық тарихы мен салт-
дəстүрінің бедерлі белгісі.
Ұлттық салт-санамыз бен ата-бабаларымыздың асыл мұраттарынан
біртіндеп алыстап келе жатқан бүгінгі жаһандану заманында осы бір «ұлттық
құндылық» ұғымының санамызда болмашы бір сəулесі ғана қалып бара
жатқандығы жасырын емес. Алайда, өзіміздің қандай ұлт екендігімізді еске
салып, асыл арнадан ажыратпай тұрған бір киелі күш бар. Ол – халықтың
барша болмыс-бітімі мен тамыры терең тарихын қаймағын бұзбай сақтап
келе жатқан көркем əдебиет, яғни қасиетті сөз өнері. Əдебиет – ұлттың айна-
сы. Міне, сондықтан да кез келген халықтың ұлттық рухының қаншалықты
дəрежеде екенін оның əдебиетіне қарап-ақ аңғаруға болады.
Сонау ауыз əдебиетінен басталған ұлттық сөз өнерімізде халқымыздың
ұлттық болмысы, тыныс-тіршілігі мен рухани құндылықтары тайға таңба
басқандай көрініс тапқандығы баршамызға белгілі. Əсіресе өткен ғасырдың
екінші жартысынан бастап ұлттық құндылықтарды шығармаларына басты
арқау еткен ақын-жазушыларымыздың саны арта түсті. Бұл жөнінде жазушы
Т.Əбдіков: «60-жылдардан бастап біздің қазақ əдебиетінде жаңа белес басталды.
Ол белес əркімнің жүрегінде оянған ұлттық идея болды. 60- жылдардағы жаңа
бір толқын бүркемелеп болса да, ішкі наразылық арқылы ұлттық идеяны күн
тəртібіне қоя бастады» [2, 3 б.] – деген пікір білдірген. Бұл пікірдің растығына
сол кезеңдегі қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдері О.Бөкей, Д.Исабеков,
С.Мұратбеков, Қ.Жұмаділов, Ə.Кекілбаев, Т.Əбдіков, Т.Нұрмағамбетов, Сегіз-
баев сынды бір топ қаламгерлердің туындылары арқылы көз жеткіземіз.
113
Аталған жазушылардың барлығы «ұйқыдағы» ұлттық салт-санамызды қайта
жаңғыртуға барынша үлес қосты. Əсіресе, «дала жыршысы» деген атқа əбден
лайық Ə.Кекілбаев сөзсіз, ұлттық салт-санамыздың шырақшысы бола білді.
Оның қай шығармасын оқысаңыз да, дархан дала төсінде күн кешкен қазақ
деген халықтың тыныс-тіршілігін, асқақ рухын, адамдық асыл қасиеттерін
айқын аңғарасыз. «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» атты романдарын
былай қойғанда, «Күй», «Шыңырау», «Бəсеке», «Шеткері үй», «Құс қанаты»
сынды повестері мен көптеген əңгімелерінде дерлік ұлттық идея басты назарға
алынған. Қаламгердің төмендегідей əңгімелеріне терең үңіле отырып, бұл
сөзіміздің растығына көз жеткізе аласыз.
Үйде күңгір-күңгір дауыс бар. Соның арасынша сықырлауық сылдырап,
үйден біреу шықты. Қолында шелегі. Аруананың бауырына бара беріп, жола-
ушыдан барыс сұрады. Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты.
Əйел:
– Онда түсіңіз, қоныңыз, – деді [1, 21 б.].
Халқымыздың қаншалықты қонақжай болғанын білу үшін «Аш бөрі»
əңгімесінен алынған осы бір қысқа ғана үзіндінің өзі де жеткілікті болар.
«Құдайы қонақпын» деп шақырылмастан келе салған бөтен жанды жатсын-
бай, құшақ жайып төрінен орын беру дəстүрін қазақтан өзге ешбір халықтан
кездестіре алмайсыз.
Көңілі даласындай дархан халқының жанашырлық, бауырластық сезімдерін
де сұлу сөзбен сомдай білген:
«Бəйбіше:
– Түнекке барасың ба? Мə, қойшыларға ала бар, – деп, табақтан алып
қалған бірер омыртқа, қабырғаны шүберекке түйіп, баласына ұсынды. [1,28]
Бір қараған адамға бұл қарапайым қазақ отбасының күйбеңі көп күйкі
тірліктерінің бірі болып көрінуі мүмкін. Алайда, бұл сөйлемдердің аста-
рын тереңірек ұғына білген оқырман үшін бұл үзіндіде ұлтымызға тəн асыл
қасиеттердің тамаша үлгісі бар.
Жолаушының есіне жаңағы жол үстінде туған жаймақоңыр əуез түсті.
Ұзын-ұзын салалы саусақтары перне бойын қармалап жүріп, ақыр тапты.
Баппен басталған бала майсаң əуез баппен өрлеп келеді. Ұйықтай қоймаған
тентек немереге кəрі əже айтатын көйгейдей жаныңды жайбарақаттыққа
шақыратын қоңыр əуез. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетіп
барады. Қунақ жортып, жайсаң жаратылысқа, əдемі əуенге, астыңдағы ар-
шынды атыңа қуана қарайсың [1, 25 б.].
Иə, «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Осы бір үзіндіні оқып
отырып, ұлтымыздың аса қасиетті құндылықтарының бірі қоңыр домбырадан
күмбірлеген күйді өз құлағыңызбен естігендей боласыз. Көз алдыңызға талай
тарихқа куə болған кең байтақ қазақ даласы елестейді. Бұл да қаламгердің
ұлттық құндылықтарды шығармада шебер түрде суреттей білгенінің айқын
дəлелі.
114
– Ене, жата беріңіз, мен тұрайын, – деген Торғынды:
– Жата бер,қалқам! Жұмысқа дейін бір ұйықтап оян, – деп қозғалтпайды.
[1, 31 б.]
«Ең бақытты күн» əңгімесінде көрініс тапқан осы бір шағын ғана деталь-
дан халқымыздың өмірінде аса маңызды орынға ие ене мен келін арасындағы
сыйластық, үлкенге деген құрмет, шынайы жанашырлық сезімдерін аңғарамыз.
Дəл осы əңгімедегі:
– Жеңеше, сүйінші, сүйінші!
Мына бала не дейді. Қызылтанау боп жүгіріп келеді ғой өзі. Дəулет
келіп жүрмесін... [1, 38 б.], – деген үзіндіден ұлт өмірінде маңызды орын
алған «сүйінші беру» концептісін кездестіреміз. Байқағанымыздай, баланың
«сүйінші» деген бір ауыз сөзінен-ақ жеңгесі бір қуанышты жайттың болғанын
сезіп қойды. Автор бұл тұста қазақ халқының салт-санасын өте ұтымды
көрсете білген.
Бұл кіргенде үйдің іші ығы-жығы. Төрде, атасының төңірегінде осы
ауылдың шалдары. Екі-үш кемпір ошақ жақтағы кебеженің алдында əлі есін
жия алмай отырған енесін ортаға алыпты. Екі-үш əйел дастарқан жайып,
пішенші ауылдың кебежелерінде қалған ірімшік-құртты табаққа сап əкеліп,
ортаға төгіп жатыр [1, 39 б.].
Ал мына бір баяндау арқылы «автор көрші ақысы – Тəңірі ақысы» деген
қазақ даналығын дəлелдей түскендей. Автор қолданған бұл деталь көршілік
қарым-қатынасқа селқос қарайтын бүгінгі қоғам үшін үлгі боларлық.
«Ажар» əңгімесінде ұлтымызға тəн тағы бір тамаша қасиет былайша
баяндалған:
Мына отырған Ажар бұл үйге ұшырармын деп ойлап па еді. Бір күні кешке
оралса момын əкесі шолжаңдай енген ерке қызынан қысылып, қызарып кетті.
Жатарда əкесі түзге шығып кеткенде, шешесі бүгін біреу сөз салып келгенін
құлақ қағыс қылды [1, 48 б.].
Қызға қонақ ретінде қараған халқымыз бой түзей бастаған қыз баласын
кешіктірмей құтты қонысына қондыруға аса зор мəн берген. Сонымен бірге,
анасы қызымен сыр бөлісіп, ақыл-кеңесін беріп отырған. Міне, автор тағы бір
ұлттық құндылығымызды осылайша танытқан.
Міне, қарымды қаламгер Ə. Кекілбаев əңгіме жанрындағы туындылары-
на ата-бабамыздың асыл аманаты – ұлттық құндылықтарымызды осылайша
арқау ете білген. Автордың жоғарыда аталған əңгімелерінен бөлек, өзге де
туындыларынан ұлттық бояудың жарқын үлгілерін көптеп кездестіре ала-
мыз. «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда
сезiмтал, бəйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Əбiштi. Ал,
аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Əуезов,
сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да
жарық жұлдыз, мəңгi жанатын жұлдыз», – деген екен ақын Т. Молдағалиев.
Иə, ер есімі – ел есінде. Ұлтын сүйген ұлағатты жазушының артында мəңгілік
өлмес «Дала балладалары» қалды.
115
Қорыта айтқанда Ə.Кекілбаев əңгімелері ең алдымен, адамның руха-
ни байлығын, адамгершілікті ту етіп көтереді. Адамдық асыл қасиеттерді
мадақтау, зұлымдық пен тоғышарлықты ашына айыптау жазушы туындыла-
рында жемісті жалғасын тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |