Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет5/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері (Əдебиет теориясының негіздері). Өңделіп, толық-
ты рылған екінші басылымы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 376 б. 
2. Донесение М.Тевкелева в коллегию иностранных дел. 5 января 1732 г. // 
Крас ный архив. Исторический журнал. – М., 1936. – Т. 5. – С. 195-202.
3. Кекілбаев Ə Үркер. Роман. – Алматы: Жазушы, 1981. – 582 б.
4. Кекілбаев Ə. Елең-алаң. Роман. – Алматы: Жазушы, 1984. – 432 б.
Т.С. Тебегенов,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
ƏБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ОЙШЫЛДЫҚ 
ДҮНИЕТАНЫМ ЖƏНЕ СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІК
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі салтанат құрып келе жатқан 
жаңа тарихымызда халқымыздың рухани жетілуіне шығармашылық жəне 
қоғам дық-əлеуметтік қызметімен айрықша еңбек сіңірген көптеген көрнекті 
тұлғаларымызды даралап бағалаймыз. Қазақ өркениетінің тарихындағы 
жырау лардың, ақындардың осындай қызмет тұтастығымен еңбек еткен 
дəстүрі қазіргі жаңа тарихымызда да жалғасып келеді. Əсіресе, қазіргі қазақ 
əдебиетіндегі көрнекті ақын-жазушылардың сөз арқауындағы дəстүрге 
лайықты шығармашылығы мен қоғамдық-əлеуметтік тұтастықпен қайраткерлік 
ұстаныммен еңбек ету өнегесі жаңа буын ұрпақтарға да үлгі болып отыр. 
Əлем əдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалар өздерінің шығармалары 
арқылы өркениеттегі ойшылдар қатарын құрайды. Фольклор мұралары мен 


15
көркем əдебиет шығармалары сол ойшылдардарға көркемдік негіз болған ата-
бабалар қалыптастырған рухани құндылықтар болып саналады. Сол рухани 
құндылықтардың негізгі арнасы сөз өнерінің фольклор мен көркем əдебиет 
сабақтастығына негізделген көркемдік-эстетикалық табиғаты арқылы ойлау 
кеңістігінің шынайы болмысы айқындалады.
Қазақтың ойшылдық-даналық жолында фольклорымыз бен ежелгі əдеби 
жəдігерлерімізде негізі қаланған, кейінгі əдеби даму үрдісіне жалғасқан 
шығармашылық тұлғалар тағылымы маңызды рөл атқарады. Қорқыт Ата, 
Əбунəсір əл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғы, Шалкиіз, 
Бұқар, Махамбет, Абай, Шəкəрім, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймау-
ытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов қалыптастырған, кейінгі толқын 
тұлғалар жалғастырған көркем əдеби шығармашылық жолы қазақтың ұлттық, 
философиялық дəстүрін де дамытып келеді.
Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 
Бейбітшілік жəне келісім сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының 
еңбек сіңірген мəдениет қайраткері (1995), Қазақстанның Еңбек Ері (2009). 
Əбіш Кекілбаевтың шығармалары ғалымдық жəне түркі-қазақ философиялық 
дүниетанымы аясында жазылғандығымен ерекшеленеді. Алғашқы өлеңдер 
жинағынан («Алтын шуақ»,1962ж) бастап,кейінгі жарияланған əңгімелері, 
повестер, эсселер, романдар, əдеби-философиялық, публицистикалық жинақ-
тары («Бір өкім бұлт», 1966; «Дала балладалары», 1968; «Тырау, тырау тырна-
лар», 1973; «Бір уыс топырақ» 1975; «Баллада забытых лет», 1979; «Уркер», 
1981; «Елең-алаң», 1984; «Мартовский снег», 1985; «Плеяды-созвездие на-
дежды», 1987; «Заманмен сұхбат», 1994; «Азаттықтың ақ таңы», т.б. ) [1] оның 
ойшыл суреткер қаламгер екендігін дəлелдеді.
Жазушының шығармаларында дала келбеті, ондағы көшпелілер ұрпақ-
тарының мыңжылдықтар бойы қалыптасқан адамгершілік, амандық, 
батырлық-жауынгерлік, момындық, көнбістік, кеңпейілділік, т.б. қасиеттері 
анық байқалып тұратын адамдар тұлғалары даралана бейнеленген. Əрбір 
туындысының мазмұны мен пішін ауқымында адам жан əлемінің сан алуан сыр-
лы толқыныстарынан, тебіністерінен құралатын ішкі сезім құбылыстарының 
табиғи бітімін, сипатын романтикалық сарынмен, лирикалық-психологиялық 
сыршыл тереңдіктерімен қамтып жазуы арқылы жеке адам мен қоршаған жа-
ратылыс тұтастығын бейнеледі.
Жазушының шығармаларында əрбір саналы тіршілік иесіне тəн ішкі 
толғаныстардың жақсылығы мен жамандығы жағаласқан екіұдай көңіл-күй 
əуендерінің тоғысуы, қарама-қайшылықты тіршілік қозғалысындағы қасиеттер 
қақтығыстары жəне үйлесімді үндестіктері, т.б. сан алуан ерекшеліктері 
кешенді сипатымен қамтылған. Бұл – суреткер қаламгер Əбіш Кекілбаевтың 
философиялық дүниетаным əлемін аңғартатын басты ерекшелік. 
Қаламгердің шығармаларында көшпелілер мəдениетінің дəстүрлі көрі-
ніс тері, ұлттық-этнографиялық сипаты мол қамтылған. Дала кеңістігіндегі 


16
көшпелілердің еңбек, шаруашылық кəсіп түрлері, қазақ тұрмысындағы жыл 
мезгілдерң, қоныстар (той, ас өткізу, айт), би-шешендердің, ел ағаларының 
халық ортасындағы ақылшы-тəлімгер, ұстаз тұғырындағы қызметтері 
тарихилық поэтикасы заңдылығымен суреттелген.
Суреткердің туындыларында пейзаждық көріністер, қазақ даласындағы жыл 
мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) табиғи болмысымен айқындау, айшықтау, 
құбылту, ауыстыру, т.б. көркемдік қолданыстарында бейнеленген. Табиғат 
құбылыстарының адам мен басқа тіршілік иелерімен (төрт түлік, аңдар, құстар, 
т.б.) тығыз байланысты өмір заңдылығын көркем шындықпен суреттеген. Мы-
салы: «Шаңылтақ көктем. Қыста қар көріп жарымаған жабыраңқы шөл көзіңді 
қажытады. Жүзген мен сексеуіл əлі бүр жармапты, сояу қалпы. Төңірек түгел 
мүлгіп тұр. Дөңкиген шағылдар да, тыртық құм бұталары да ғұмыры қыбыр-
қимыл көрмегендей, жер тістеп жатып алыпты» [2, 15-б.]. 
Жазушының «Аңыздың ақыры» романында эпикалық баяндау сарынындағы 
композициялық өріліммен дара, шексіз билік иесі болуы ұшін өзінің бүкіл 
күш-жігерін, дарын-қабілетін, амал-айласын жүзеге асырған Əмірші бейнесі 
сомдалған. Романның идеялық-композициялық түйіні – бүкіл өмірі шексіз 
билікті иемденуге жұмсалған, өзін бүкіл адамзаттан артық санаған адамдардың 
сол ұстанымы, олардың мейлінше ұсақтауы, ең төмен сапалы тіршілік иесіне 
айтылғандығының көрінісі екендігін дəлелдеу. Бұл – өмір философиясы. 
Романға арқау болған желі – Темірланның тоқалы болған Бибіханым салдырған 
Самарқандағы махаббат мұнарасы арқылы қаталдыққа қарсы өз сезімін қарсы 
қойған, ханшаға ғашық жас шебердің қылығы ханшаның тілінен бал тату ту-
ралы ақыры орындатқан шебер мұнараны салуда өз сезімінің сұлулығына
биіктігіне баламалап білдіреді, сол қылығы үшін дарға асылады. Ойшыл су-
реткер Əбіш Кекілбаев жас шебердің қайсарлығы арқылы қаталдықтың, шексіз 
биліктің ызғарынан ықпайтын адам сезімінің рухани қуаттылығын дəлелдеген. 
Əлем өркениетіндегі ғылыми жəне көркем ойлау тұтастығын, ғарыштық-
ғаламдық кеңістіктегі тіршілік болмысын қамтып түсіндіретін ғылым-
философия. Адамзат ұрпақтарының пайда болуынан бастап, мыңдаған жыл-
дар бойы өзара үндес, ұқсас, сонымен бірге қарама-қайшылықты, үйлесімі 
күрделі құбылыстар, заттар, қасиеттер, оқиғалар, жеке тұлғалар, əлеуметтік 
топтар т.б. алуан түрлі тұтасқан жағдайлар – бəрі де осы ой ғылымы арқылы 
түсіндіріледі. 
Қазіргі заманғы ғылыми бағалауда ғалым М. Сəбиттің анықтамасы бұл 
ғылымды əлемдік жəне ұлттық дүниетаным сабақтастығы заңдылығымен 
түсіндіреді:
«Философия (грек – сүйемін, даналықты бағдарлайды) – қоғамдық сана фор-
масы; болмыс пен танымның қағидалары; адам мен əлем қатынасы, табиғат, 
қоғам, ақыл-ой дамуының жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Философия 
əлем, ондағы адамның орны туралы көзқарастардың жалпыланған жүйесін 
пайымдауды; адамның əлемін танымдық, құндылықтық, саяси-əлеуметтік, 


17
адамгершілік, ақылақтық, эстетикалық қатынасын зерттейді. Дүниетанымның 
теориялық негізі ретінде философия адамның өмірілік мақсат-мүдделерімен, 
тіршілігімен байланысты» [3, 194-б.] 
Жазушының шығармасындағы кейіпкерлердің өздерінің жан ділі əлемін 
серпілдіру үшін түркі дəстүрімен аңшылық сапарға шығуы да халықтық 
релистік өмір шындығы сипатын аңғартады:
«Үйір-үйір аңшы иттер, тазылар, садақшылар, əміршінің қарақұрым жеке 
нөкері, аспаздары мен қызметшілері, аң үркітетін кернейшілері мен дабыл-
шылары ұзын шуақ керуен астанадан шығып, ту-ту көз ұшында еміс-еміс 
көгеріп жатқан зеңгір тауларға беттеді. Бір күншілік жол жүріп керуен тауға 
да жетті. Сарай адамдары, əкімдері, қолбасшылар, əмірші əулеті ақар-шақар 
шыңдардың арасынан арсы-гүрсі құлайтын жойқын өзеннің бойындағы ну 
жынысты қойнауға шатырларын тікті...
Қызылды-жасылды керуен, жүзіктің керуен өткендей сүлік сəйгүліктер, 
бес қаруды беліндегі сəнді саптар баяғы бір шарасына толып шалқап жүрген 
дəурендерін еске түсіргендей...Бəрі де сол ертең басталғалы тұрған аңшылық 
жайы. Ат мақтаған, ит мақтаған, құс мақтаған. Мергендіктерін салыстырып 
қызырақтасқан мақтан əңгіме» [2]. Бұл – ежелгі сақ, ғұн түркі өркениеті 
дəуірлерінен жеткен, кейінгі ғасырларды жоғалмаған дала мəдениетінің 
көріністері.
Жазушының «Күй» повесіндегі сюжеттік композициялық желілерде түркі 
ұлыстары (қазақ, түрікмен) арасындағы шапқыншылық қақтығыстар, жауын-
герлік шайқастар мен ғана өмір сүруді ойлаған түрікмен (рубасы Жөнейіт, 
оның інісі Көкбөрі), қазақ (Дүйімқара батыр), адамдардың тыныштықтары 
аңсаған көңілдерін серпілтіп, сырлы əуенмен төгілткен күйші бəрі де тіршілік 
мəні мен қозғалысын өнер философиясы заңымен ұқтырады.
Суреткердің «Бəсеке», «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау», «Бəйге 
торы», «Бір шық жиде», т.б. повестері де түркі қазақ дүниетанымы кеңістігі 
аясындағы философиялық, психологиялық əуендермен жазылған. Тари-
хи тұлғалардың, деректердің көркем шындықпен өрнектелуіне дəстүрлі 
ұстанымдар жазушының қиялымен бүгінгі заманға үндес жаңғырған сипаты-
мен бəйгеге қосатын ұлттық дəстүр шығарма арқауына алынған. Шығармада 
талай жарыста үздік келіп, нағыз жүйрік боп танылған Бəйгеторы тағдыры 
арқылы жазушы бірнеше философиялық түйіндеулер ұсынады: біріншісі – 
повестегі баптаушысы болғанда ғана шын сейістің атын танытатын шындықты 
еске алу арқылы тұлпардың, жүйріктің бəйге мəресіне үздік келе алатындығын 
дəлелдеу; екіншісі – бəйгеде оза алмаған сəттен бастап-ақ жұрт назарына 
мүлдем тыс қалып қоюын да жалған дүниенің шындығы екендігін ұқтыру. 
Қадірі кеткен бұрынғы жүйріктердің ақыры кез-келген наданнан таяқ жеп, 
мүгедек болатыны да тапал сараның Бəйгеторыны басынан ұрып, бір көзін 
ағызып жібергенімен-ақ мегзелген. 
Қорыта айтқанда, суреткер, ойшыл қаламгер Əбіш Кекілбаевтың 
шығармалары-жалпы адамзатқа ортақ өмір философиясының қарама-


18
қайшылықтарын да, үндес, ұқсас қасиеттерін де, құбылыстарын да кейіпкерлер 
тағдырлары арқылы қамтыған рухани құндылық қазынасы. Қазақстанның 
Еңбек Ері Əбіш Кекілбаев шығармаларын жалпы адамзаттық жəне ұлттық 
философиялық дүниетаным тұтастығын танытатын классикалық мұра 
тұрғысында бағалаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет