Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2003.
2. Майтанов Б. Қаһарманның рухани əлемі. – Алматы, 1987.
3. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. – Алматы, 1997.
Г.Ж. Пірəлі,
ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
«Əуезов үйі» ҒМО-ның бас ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЗМ ПОЭТИКАСЫ
Жалпы, Ə.Кекілбаевтың көркем шығармаларында түс көрмейтін кейіпкер
кемде-кем. Жəне олардың бəрі де шығарманың сюжеттік-композициялық
құрылымын қолынан шығармайтын идеялық-эстетикалық құндылықтың
қазығы бола білетін, бүкіл туындының көркемдік дəрежесін биік деңгейге
жеткізетін бірден-бір көркемдік бейнелеу құралы болып табылады.
Əбіш Кекілбаев өз шығармаларында аңыз-əңгімелердегі бір ғана қарапайым
оқиғаны (детальды) тілге тиек етеді де соны үлкен драмалық-трагедиялық
коллизиялар дəрежесіне көтеріп, рухани əлемдегі, адам санасындағы
психологиялық, əлеуметтік, этикалық, моральдық өзгеріс-қозғалыстар арқылы
шебер береді. Детальға үлкен мəн беретін суреткер сол арқылы өмірдің
83
əлеуметтік, философиялық, эстетикалық мағынасына үңіліп, жан диалектика-
сын, адам психологиясын, ішкі рухани əлемді ашуға тырысады.
Жазушы əсіресе, психологиялық прозаға тəн-ішкі монолог, “ой ағыны”,
сенсорлық (сезімдік) əсер, ишара, емеурін, көркемдік бөлшек, əдеби түс
көру, жору символикасы, аян берудің поэтикалық суреттемелері т.б. секілді
ұлттық этнографиялық танымдағы ұғым-сенім т.б. секілді көркемдік бейне-
леу құралдарына көп жүгінеді. Сондай-ақ, суреткердің мəңгілік құндылық
пəлсафасы – /экзистенциализм/ “Аңыздың ақыры”, “Елең-алаң” романдары
мен “Ханша-дария хикаясы” повесінің түпқазық идеясы.
Ə.Кекілбаевтың “Елең-алаң” атты романындағы түсті, түс мазмұнын
оқығанда кейіпкердің өңіндегі өз ойымен өзі алысқан, санасымен салғыласа
сырласқан, сан сауалдарына жауап іздеген ілкі бір сəттеріне тап болғандай
əсерде боласың. Кейіпкер түсіндегі оқиғаға тікелей қатысып, ондағы сезінген
психологиялық, физиологиялық сезімдерді жаны ауыра қабылдап, бастан
өткереді.
Роман соңындағы Əбілқайырдың ақырғы түсінде тағы да сол баяғы түлкі
кіріп, қырық құбылып кейіпкердің ойынша бірде жендетке, бірде таусылғалы
тұрған талай-тағдырына айналғандай болады. Ел билеген ханға ертеңгі халық
тағдырын сəуегейлікпен тұспалдап берген бұл түсті Сұлтан көріп жатып, жол-
жөнекей жорып та жатады. Бірақ, ол тап сол сəтте /түс көру сəтінде/ оның
бірде-бірінен бейхабар еді.
Сөзіміз дəлелді болсын десек, бір-екі үзіндіге үңіліп көрелік: “Қызыл түлкі
аяғы жерге тимей жұлдыздай ағып келеді.
...Апыр-ау, бұл қырық бұлтақ түлкі емес пе? Жаны қысылғанда айлаға ба-
спайтын ба еді?...Бұл соншама неден қорықты?
...Сорғалап төніп қалған, екі иығына мініп қалған көк тағысы қайқаң етіп
қайта биіктейді. Сақ-сақ күлгендей саңқ-саңқ үн шығарады... Құдай-ау, мынау
не өзі – құс па, адам ба?... [1, 426-б.].
“...Осы қашып келе жатқан өзі кім? Расында түлкі ме?...
“Салақ қойшының ұлтарағындай сақпақтанып, екі шекесін сабалап келе
жатқан салпаң құлағы айбар жиып, едірейіп-едірейіп шыға келген екен дейді.
Жалт бұрылып қарсы атылды. Аспанға атылды. Төбесінен сорғалап төніп келіп
қалған тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап берді. Аузын ашып, тісін ақситты. Іліксе
қиып түсуге бел буды... Сұлқ түсіп жата кетті. Көзі тағы да көкке түсті. Манағы
тарғыл бүркіт əлі шүйлігіп жүр. Мұның ендігі күні не болар екен деп алаңдай
шолып айналсоқтап жүргендей... [1, 427-б.] Бірер бетке (4 бет) созылған əдеби
түс осылай бейсаналы акт кезінде-ақ ондағы оқиғаға талдау жасайды.
“Сонда əлгі көргені не? Əруақтар көзіне күндіз елестетпеген нышанды
түнде түсіне кіргізгені ме? Тарғыл бүркіттің мұны қызыл түлкі қылып қуалап
көргені, қанша дегенмен, əруақтардың шақырғаны ғой. Жеме-жемге келгенде
төбесінен сорғалап түспегені, не десе де, бұның басындағы халді түсінгені
ғой. Сонда да айналсоқтап шыға алмай жүргені, қайтсе де желеп-жебейтін
пейілдерінен таймағаны ғой.
84
Ендеше, баяғы Мəті би айтқандай түлкі дəуреннің біржола орнағаны ғой.
Ал, сонда бұның əлгі тағдырдың жазуындай тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап
бергені не болғаны? Өлермендігі ме, өміршеңдігі ме?...
Не де болса, келешек көрсетер...”. Сұлтан өз түсін осылай өзі жориды.
Кейіпкердің көрген түсі қандай анық əрі ұзақ болса, оны жоруы да солай.
Сұлтан көрген түсінің əрбір деталіне дейін еске алып, өз-өзіне сауал бере оты-
рып, оның жауабын іздейді. Өзінше қорытынды, болжау жасап, жоруға ты-
рысады. Ə.Кекілбаев бұл шығармасында түсініксіз, шым-шытырық түстерді
көп пайдаланбайды, керісінше мұнда көбіне мазмұны айқын, түсте көрінген
көріністердің, тіпті адамның түр-түсіне, ондағы əрбір жəндіктердің қимыл-
қозғалысына дейін қанық бояумен беріледі. Ə.Кекілбаевтың көркемдік əлеміне
тəн бір қасиет – ол əдеби түсті кейіпкерінің сол түс көріп жатқан кезінде-ақ сана
астары арқылы оқиғаға тікелей араластырып, ой жарыстырып қоятындығы.
Əдеби түс көруші кейіпкер сана актісіндегі əрбір əрекетке өзінің көңіл-күйін
білдіріп отырады. Түлкінің əрбір қимылын қалт жібермей қадағалаған Сұлтан
“ол неге олай істемейді, өзінің айлакерлігіне неге салмайды деп паралелді
түрде ой жарыстыра отырып,жаны қинала, оның себеп-салдарын тереңнен
талдауға тырысады. Кейіпкер роліне көшкен автордың психологиялық талда-
уы таңдай қақтырарлықтай. Ə.Кекілбаев мифологиялық сипаттағы əдеби түс
көруді талдаудың көркемдік мүмкіндігін кейіпкердің сол сəттегі көңіл-күйін,
психологиялық жағдайын жан-жақты ашуы үшін асқан шеберлікпен пайдала-
на білген.
Əдеби түс көруді талдау сəтіндегі толғанысты, түстегі оқиға мен түс көруші
арасындағы сезімдік, эмоционалдық, психологиялық байланысты З.Фрейд: “...
Душевные процессы во время сна носят совсем другой характер чем при бодр-
ствовании. В сновидении многое переживаешь и в это веришь хотя на самом
деле ничего не переживаешь кроме, пожалуй, какого-то мешающего раздраже-
ния. Сновидение переживается преимущественно в зрительных образах: при
этом могут возникать и чувства и даже мысли другие органы чувств их могут
тоже что-то испытывать, но преобладают все-таки зрительные образы. Затруд-
нения при передаче сновидения происходят отчасти потому что эти образы
нужно перевезти в слова”, – деп түсіндіреді [С 54].
Шынында да адамның түс көру сəтінде бастан кешетін жан қозғалыстары
күндізгі сергек кезіндегіден мүлдем бөлек. Əдеби түстегі мифологиялық об-
раздар мен психологиялық көріністерді сол күйінде сөзге түсіріп, көңіл-күйді
қайта бастан кешу неғайбыл. Осындай күрделі сезімдік құбылыстарды дəл
жəне оқырман көңіліне күдік ұялатпайтындай сенімді суреттеу үшін əрине
жазушыға көп жауапкершілік, əсіресе сөздік қорының шексіз байлығын талап
етері күмəнсіз. Ə. Кекілбаев екінің бірі батылы жетіп бара бермейтін осын-
дай тереңдікке, кең қарымдылыққа оның ең бастысы тіл байлығы, сөздік
қорының құнарлығы, білімінің тереңдігі т.б себеп болғаны сөзсіз. Адамның
жан құбылыстарын бейнелеуде осы əдеби түсті талдау секілді шебер тəсіл
85
тапқан талантты суреткердің оған тілі де, ойы да, сөзі де жеткен. Əсіресе, қазақ
прозасында сана актілерін суреттеу, өң мен түстің арасындағы шекаралық
шақтарға шамадан тыс астарлы ойлар, поэтикалық суреттемелер, ашық бояу,
терең философиялық құндылықтарды жүктейтін əдеби түс көруді талдауға
Ə.Кекілбаевтан бұрын ешкім тыңғылықты, жүйелі түрде жүгіне де бермепті.
Міне, осынау ұлттық əдебиеттегі психологизм жүйесінде олқы соғып жатқан
осы тұсты тап басып, оны озық дəстүрге, үздік үлгіге айналдыра білген жазу-
шы ой ағымы арқылы кейіпкердің ішкі рухани əлеміне батыл жəне тереңдеп
енудің кілтін табады.
Адамзатқа бейсаналы сəтте пайда болып, неге олай, ол неге менің түсіме
еніп жүр деген сан сауалдардың тууына себеп болу түс көру табиғатына жат
нəрсе емес. Сондықтан да суреткердің сауалдарды көбейтіп, соған жауап іздей
жанталасуы да шындыққа жанасымды. Жəне əдеби түс көру кезінде бейсаналы
түрде бола тұра жүйелі ой ағымына құрылған психологиялық түзілістер мен
талдаулар ертеңіне түсті еске алу сəтінде де қайталанады. Əдеби түс көруді
талдаудағы адамдардың, заттардың, көріністердің образын дəл, анық көзге еле-
стете алмау да көп қиындық тудырары да сөзсіз. Түс көрген кісілердің ертеңіне
“келе жатыр екем деймін”, – деп, көбіне болжаммен, күдікпен тұспалдап жа-
татыны да тегін емес. Түс – адамға бір-ақ рет кіреді. Оны кино лентасындай
қайталап көруге болмайды. Ол тіпті мүмкін емес. Қайталап енгеннің өзінде
тап сол мазмұнда, сол көріністе, болған оқиғаның еш өзгеріссіз көрінуі мүмкін
емес. Ол түс көру табиғатына жат құбылыс. Бір түсті сан рет көрсе де олар-
ды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Мəселен, Жөнейттің, Əбілқайырдың,
Гүрбелжіннің түстерін тек солардың өздері ғана көре алады. Оны басқа
кейіпкер көруге болмайды, ол мүмкін де емес. Керек десеніз Гүрбелжіннің
қайталап енген түстері де мүлдем ұқсамайды, бір-біріне.
Негізі, Ə. Кекілбаев əдеби түс көруді екі мақсатта пайдаланады. Бірінде
– кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіліп, ену үшін аналитикалық
талдауға кең өріс берсе, екіншісінде – түс көргеннен кейінгі көңіл-күйді,
əсерді, əрекет үстіндегі хал-жайды қазбалай, қадағалай зерттеуге зер салына-
ды. Суреткердің көп арқа сүйейтін “тоқырау” түстерінен кейінгі кейіпкердің
жан дүниесіндегі ой мен сезім арпалыстары мен қайшылықтарын қатар
қойып, салыстыра бейнелеу ең ұтымды тəсіл. Кейіпкердің осындай екі əлем,
екі ұшты сезім сəттеріндегі психологиялық процесті бейнелеу арқылы үлкен
əлеуметтік-философиялық ой қорытуға бейім жазушы əдеби түс көрудің по-
этикасын шын мəніндегі көркемдік сапаға көтере білді.
Ə.Кекілбаев “Елең-алаң” романында да түс көру тəсілін кейіпкерінің ішкі
жан дүниесін зерттейтін көркемдік құрал ретінде көп қолданады. Мысалы
балшы қыз Бопайдың түсін алайық: “...Түс көріпті... Түсінде тап осы Бегілінің
отауының табалдырығының ішінде мал сойып отыр... Мал дегені, терісін сы-
пырарда байқады, арлан қасқыр... Жон арқасы көк шуландырып тұр... Өзінен
қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатыр... Селк етіп қолын тартып ала
86
қойды” [1, 130 б]. Түсіндегі қан дегені сүт болып шықты, аппақ сүт ақтарылып
жатқанын жақсылыққа жорыған Бопай тап сол күйі ойламаған жерден алды-
на жаралы болып, ес-түссіз күйде жеткізілген белгісіз бозбаланың тегін адам
еместігін, бұның өміріне керемет өзгеріс ала келетіндігін-осы түсті жору ба-
рысында көз жеткізеді. Қыз алдында сұлап жатқан жігіттің Бопайға ертең
өмірлік серік болып, жолы да ашық, өзі де аққа жарып, алды жарық болатынын
меңзеген бұл түс тегін енген жоқ. Кейін тұрмысқа шыққан соң да тап осындай
мазмұнда, бірақ басқа жағдайда (түс фабуласы өзгеше) енген қан орнындағы
аппақ сүт символы бейне бір Бопай басына қонған бағы мен бақыты дерліктей.
Осы орайда, бір мазмұндағы бірақ, əр түрлі психологиялық жағдайда көрінген
түстің бұл түріне Бопайдың Əбілқайыр сұлтанға ерге шыққаннан кейін көрген
түстерін жатқызуға болады.
Айталық, бүгін түнде түсіне Ералы кіріп жүр. “Бұлар іште сары табаққа
салып ап сары сазандай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз жеп отырғанда,
ол түрулі іргенің тұсына келіп, көзін сатып, қолын жаяды. Бұлар оны аяп
қолдарын қанша созса да, іргеге жетпейді. Үйдегілердің қайырынан күдер
үзген Ералы отыра қалып, топырақтың астына қолын сүңгітіп, бұлқынтып
саршұнақ па, борсық па бірдеңе суырып алып шығады. Жаңағы олжасын
бауыздамай, іремей, тыпырлатып, тырнағын қадап, жайратып жатады. Əлгі
немесінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатады...” Көзбен көріп,
қолмен ұстағандай көріністері де, түстің мазмұны да айқын. Мұнда шатасу, еске
түсіре алмай дал болу жоқ. Бопайдың бірінші, қыз күнінде көрген түсінде сой-
ып жатқаны арлан болса, мұнда не борсық, не саршұнақ екені белгісіз келеді.
Бір қызығы екеуінен ақ сүт ақтарылып төгіліп жатады. Тəңіріден төгілген
ырыс-береке, бақ-бақыты болған ақ сүтті Бопай бұл жолы да жақсылықа жо-
риды: “Селк етіп оянып кетсе мең-зең... Бет-аузы жоса-жоса жас. Ұйықтап жа-
тып жылап жатыпты. Əлденеше рет кəлимасын қайырып, əлгіндей сөлекеттеу
түсті жақсылыққа жорып бақты. Баяғыда Əбілқайыр алғаш бұның төркінінің
табалдырығын аттағанда, бұл өзі де түсінде босағада жайратып арлан бөрі
сойып отырмап па еді... Одан да қан шықпай, сүт ағып жатпап па еді... Арты
жақсылық болып еді ғой соның... Мұның да арты жақсылық шығар... Лəйім
солай болғай...» [1, 141-б.].
Бұл түс бір жағынан “түсіңде жыласаң, өңіңде қуанасың” деген қарапайым
өмірде көп қолданатын жору символикасын, тұрмыстық пəлсапаны еске
түсіреді. Қарапайым түстің де шығармада атқарар өзіндік өрнегі көркемдік
эстетикалық құндылық ретіндегі ролі орасан зор.
Сондай-ақ, Ə.Кекілбаев түс пен өң, яғни өлі мен тірі аралығындағы, екі
көркемдік əлемді онирикалық поэтика тұрғысынан танып, психологиялық
талдаудың арнайы бейнелеу құралы арқылы айшықтап, ажарлап суретте-
уге де шебер. Мəселен, Кирилловтың өң мен түс аралығындағы есалаң күй
кешуін түске теңеп, төрт бет бойы оның психологиялық ауыр жағдайдағы хал-
ахуалын жан-жақты талдап жазады. Əдебиеттегі өрнегі өзгеше бір əлем бо-
87
лып табылатын бұл тəсіл кейіпкердің ішкі өміріне, сана астарына т.б. ену ғана
емес, шығарманың сюжеттік желісін күрделендіріп, оны көзге көрінетіндей
иллюстрациямен, рационалистік эмоциямен бейнелеу де болып табыла-
ды. Ə.Кекілбаевтың əдеби түс көруге, сана актілеріне деген қызығушылығы
романның соңына дейін бір толастамайды. Романның “біссіміллəсында”
басталған түс-түлкі соңына дейін темір қазық секілді қайталанады да отыра-
ды. Өзіне ешқандай көркемдік жауапкершілік жүктемейтін, бейсаналылыққа
көп сүйенетін, өң мен түс арасындағы есалаң күй т.б. секілді эзотериялық
нышандар мен құпия белгілер Ə.Кекілбаевтың көп қолданатын тəсілдері.
Романның басында көрген түсі ме əлде, елес-нышан ба, əйтеуір Мəтінің келіні
Патшайым жортқан қызыл түлкісі қызыққа құмартқан қиялдай қыр соңынан
бір қалмайды. Оны автор былайша береді: “Енді, міне, бұл дүниеде бар-жоғы
белгісіз сол рух бұған тағы да аян беріп, шырт ұйқыдан оятып алды. Бір сəт
байыз тапқан алаңсыз көңілін қайтадан бебеулете бастады” [1, 278-б.].
Жалған дүниенің, мына өмірдің өзі де “сағым-түс” секілді алдамшы де-
ген астарлы ой, философиялық түйін түйдірген бұл түстің тұспалын жазу-
шы мынадай оймен тұжырымдайды: “Байқап қараса – бұның өмірінде болып
жатқан оқиға-құбылыстардың бəрі де сағым іспеттес екен. Қазір ғана бады-
райып көз алдында тұрған көрікті көрініс еді айналып бір қарасаң, жым-жылас
жоғалып шыға келеді. Бəрі өң мен түстей. Бəрі де құбылмалы. Бəрі де алдам-
шы. Өзгермейтіні, құбылмайтыны-түсіндегі шат-шадыман қуаныштың өңінде
өзегіңді өртер өкініш боп шыға келетіні. Кеп-келте рахаттың өмірбақи жаныңды
өртер бейдауа азапқа айналатыны. Сонда кешегі жеңісі мен желпінісінің де бар
болғаны енді айналып келмейтін, көзден біржола бұлбұл ұшқан бұралқы елес,
алдамшы көрініс қана болғаны ма?!. (278-б). Бұл да тоқырау түске жатады.
Алайда, Жөнейт пен Əмірші секілді рухани тоқырауға ұшырамай, Əбілқайыр
келешекке сенеді, өмірдің өтпелі екендігіне көзі жете отырып, келер өмірден,
атар таңнан үміт күтеді.
Ə.Кекілбаев əдеби түс көруді талдауды əдеттегідей, үшінші біреу, яғни ба-
яндаушы арқылы тек мазмұнын ғана қысқаша əңгімелеп қана қоймай, көргенін
сол сəтте-ақ талдап, сол түске ілесе отырып, оқиғаны дамытуға құмар. Оның
түс екенін кейде байқамай да қаласың. Мəселен: “Көзі іліне беріп еді – өзінің
Уфаның шет жағындағы бөренеден қиып жасаған жатаған үйінің ауласы-
нан сопаң етіп шыға келгені. Əйелі Устинья бұның көзі таяр-таймаста ақ
қырмызыдай құлпырып, гүл-гүл жайнап қоя беріпті. Екі беті албырап, екі көзі
жайнақтап өртеніп тұр...
– Сидор Ефимович, қалай тез оралғансыз?! – деп сыңғырлай шыққан дау-
сынан тани кетті.
Бал-бұл жанып, жайраңдап тұрған əйелін құшақтай алғысы кеп, əзер шы-
дап тұрса да, көңіліне бір қитұрқы ой қашып, қолындағы қамшысын умаждай
түсті.
– Жаныңның барында мойныңа ал... деп төне түскелі жатыр еді, кенет…”
[1, 190-б.]. Біреу иығынан тартқылап, оған мүмкіндік бермеді.
88
Міне, осындағы əдеби түс көру тəсілі романның сюжеттік жəне компо-
зициялық құрылымымен жымдасып, ара-жігі білінбейді. Жалпы қазақ
əдебиетінде түс көру тəсілін жан-жақты дамытып, оның түрлік, көркемдік,
символдық, мифологиялық, психоаналитикалық, т.б. варианттарын жасаған,
оның əрқайсысының көркемдік кеңістігі мен поэтикасын көркейткен жазушы
да Ə.Кекілбаев.
“Ханша-дария хикаясы” атты повесіндегі оқиғаның өмірге келуіне түрткі
болған жəйт – Шыңғыс ханның түсі. Ол түсінде керемет сұлу əйелді көреді.
“Бар мақсаты таусылып, əйелден басқа ойлайтыны қалмаған кісіше...”, – деп
ол түсін ұмытқысы келгенмен кездейсоқ кез болған мына сурет оны қайта
еске салады: “Қасар мерген екеуі желе жортып қасына жетіп барды. Түнде
жауған қар бетіне тамғанда қан қандай əдемі. Есіне түндегі түсі оралды. – Осы
дүниеде, сірə, денесі тап осы қан сонардың қарындай аппақ əйел баласы бар
ма екен? – деді.
Қасар мерген:
– Таңғұрттардың Шидүрге деген бір бекзадасының Гүрбелжін деген əйелі
қараңғы үйге кіріп барғанда, самалай жарқырап кетеді дейді. Болса, тек соның
жүзі ғана осындай шығар, - деді шала-жансар қоянды тамағынан орып жатып.
– Таңғұттардың дейсің бе...
Шыңғыс хан ойланып қалды” [1, 331-б.].
Міне, осыдан “Ханша-дария хикаясы” басталады. Гүрбелжінді алғысы кел-
ген Шыңғыс хан қаншама халықты қырып, ақыры оған да қолын жеткізеді.
Алайда, жауына жар болғысы келмеген ханым оны өлтіреді де өзі дарияға
құлап өледі. Ханша-дария хикаясының өмірге келіп, дамуына дəнекер болған
əлгі түс Шыңғыс ханның өліміне əкеліп тірейді.
Осы туынды да тағы бір тоқталар жай автордың əдеби түс көруді талдаудың
ерекше түрін, яғни кейіпкердің бір мазмұнда бірнеше рет қайталанып енетін
сана актісін таңдап алуы. Бір мазмұнда қайталанып енетін əдеби түс қазақ
прозасында əзірге тек Ə.Кекілбаевтың шығармаларында ғана кездеседі: “Ақ
некенің төсегінде де баяғы қыз күнгі түстерін көріп жүрді. Ол ылғи түсінде
ертегілердегідей бір перизада жігітке ғашық болып, елден-жерден безіп,
айдалаға барып, құздан ұшып өлгелі жатқанда оянып кетеді. Сонда дəйім
қасындағы серігі өзі əлі бұл дүниеден көре қоймаған бейтаныс біреу болушы
еді. Ондай түс көрген күннің ертесіне өзінен-өзі қуыстанып, күйеуінің бетіне
қарай алмайтын.
Осы жуықта да түс көрді. Тағы да баяғы құздың басы. Соңдарында-қуғыншы.
Алдарында-зымыран. Бұл қасындағы серігіне қарайды. Сөйтсе-Шидүрге.
Ажал алдында оған деген көл-көсір сүйіспеншілігін білдіргісі келіп, күйеуінің
салалы саусақтарын құшырлана қысады. Гүрбелжін күйеуіне деген айрықша
ықыласын сол түсінен кейін анық аңғарғандай болды” (347-б). Осы түстері
арқылы кешегі қыз күнінде арман болған ғашығының өз қосағы екендігін кеш
те болса түсінген Ханым соның жолында өз арын да махаббатын да аяқ асты
89
етпей өзі мерт болды. Түсіне үнемі кіретін көрініс ақыры шындыққа айналып,
құздан құлап, қайтыс болады. Ол өзімен бірге жер-жаһанды жаулаған атақты
Шыңғыс ханды мерт етерлік дертке шалдықтырып, өз елінің кегін де ала кетті.
Бұл үнемі бір мазмұнда енетін əдеби түстің қазақ прозасында алғаш рет
көрініс табуы жəне өзіндік өрнегімен бейнеленуі еді. Жəне бұл əдеби түстің
бір ерекшелігі Гүрбелжінге ғана тəн түс, оны өзге кейіпкердің көруі мүмкін
емес. Қайталанып отырса да ол түсті тек Гүрбелжін ханым ғана көретін түс
болуы тиіс. Осы жерде З.Фрейдше пайымдасақ: “түс жеке санаға тəн құбылыс.
Жəне бір рет енген түс қайтып қайталанбақ емес”.
Қалай десек те Ə.Кекілбаевтың шығармашылығында əдеби түс көруді тал-
дау мен оның поэтикасы түбірінен түрленіп, күрделеніп қана қойған жоқ,
сонымен бірге мəн-маңызы да, қолдану аясы да, көркемдік қызметі де өсті.
Философиялық, əлеуметтік мəселелерді көтеруде үлкен роль атқаратын əдеби
түс көруді талдау прозада адам тағдыры мен мінез-құлқын бейнелейтін,
адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін, психологиялық талдаудың таптырмас
құралы болып қалыптасты.
Ə.Кекілбаевтың бүкіл шығармашылығындағы əдеби түстер əлемі де бір
тұтас көркемдік шеңберде қарастырылады.
Əдетте əр суреткер шығармашылығының ішкі заңдылығы оның өмір сүрген
кезеңіндегі əдеби қозғалыстың көркем контексінде қарастырылса ғана түсінікті
болмақ. Қоғамнан, ортадан адам ешқашан алшақтамайды. Ал, қоғамның руха-
ни қозғаушы күші-жазушылардың орны бұл жерде тым бөлек екені де дау-
сыз. Сол себепті де белгілі бір кезеңдегі жеке жазушының шығармашылық
тəжірибесін зерттеу сол уақыттағы əдеби процестің жалпы заңдылығын терең
танып, түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Жеке жазушының əрбір шығармасы
сол кезең əдебиетінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосары да хақ.
Мəңгілік құндылықтар мен қағидаларды зерттеп, зерделеуге зейін қойған
Əбіш Кекілбаев кейіпкерлерінің күрделі тағдырын тек психологиялық ро-
ман жанры арқылы ашуға сенім артады. Экзистенциалдық түсініктің
тиянақсыздығы, өмірдің абсурдтығы (сорақылығын), хаосты өмірдегі
шашыраңқы пенделік пиғыл, рухани құндылықтың, биік мақсаттың жоқтығы
жоғарыда аталған шығармалардың мазмұнын, болмысын құрайды. Əбіш
шығармаларындағы əдеби түс көру тəсілі баяндаудың сюжеттен тыс принципін,
дəстүрлі композициялық əлеміне жаңа көркемдік құбылыстар ендірді. Əдеби
түс көру тəсілдері шығармаларда жекелеген кейіпкердің жан азабы, күйініш,
сүйініші дағдарысқа ұшыраған рухани өмірімен шектелмей, бүге-шүгесіне
дейін қазымырлана тереңдей зерттеліп, зерделенуге мол мүмкіндік тудырды.
Ə.Кекілбаев шығармаларында осы əдеби əдіс арқылы психологизм поэтикасы
шеберліктің шыңына жеткенін мойындауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |