Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет71/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. – Т.5. Ай мен Айша. Ро-
ман. – Алматы: Қазығұрт, 2002. – 456 б.
2. Мұртаза Ш. Қара маржан. Роман. // Алты томдық шығармалар жинағы. – 
Т. 3. Романдар, əңгімелер. – Алматы: Қазығұрт, 2002. – Б. 102-298.


246
Г.Б. Халидуллаева,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
PhD докторанты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – А.Ш. Асқарова, 
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты
АҚЫН Т. ƏБДІКƏКІМҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ 
КОГНИТИВТІ СИПАТЫ
Когнитивизм – ХХ ғасырда гуманитарлық ғылым салаларында пайда 
болған адам танымы мен ақылына, ой қабілеттері ерекшеліктеріне негізделген 
менталды жəне интеллектуалды процестерді зерттейтін пəнаралық ғылым. 
Когнитивтілік кез келген ғылымға, кез келген салаға тəн. Когнитивтивизм 
антропоцентристік парадигма аясында дамып, өркендеп келеді. Антрорпо-
центризм – күллі жаратылыстың, барлық салалардың, барлық жүйелердің 
өзегі – адам деп қарастыратын көзқарастар жүйесін құрайтын үлгі. Когнитивті 
зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл білімі саласын-
да кең өріс алып келеді. Когнитивті сипаттағы тілі білімі саласы бұрынғы 
бағыттармен салыстырғанда жаңа арнаға ойысып, өзге салалармен байла-
ныста, поэтикалық мəтінді танымдық, интуитивті түрде кешенді зерттеуге 
бағытталады. Шығарманы когнитивті талдаудың үлгілері когнитивті лингви-
стикада біршама қалыптасқан. Сондай-ақ зерттеудің негізгі обьектісі – көркем 
мəтін болғандықтан, əдебиетке көбірек ойысып отырады. Когнитивтік тал-
дауларды əдебиеттегі герменевтикалық талдау əдістерімен салыстыруға бо-
лады. Дегенмен когнитивті талдауда басшылыққа алынатын ұғымдар бар, 
олар: концепт, концептосфера, эмоция, тілдік модель, дүниенің когнитивті 
бейнесі, гештальттық құрылымдар, т.б. Көркем мəтінді когнитивті талдауда 
қолданылатын, талдаудың мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар орнықты түрде 
қалыптасқанымен, талдаудың бірегей үлгілері нақтыланбаған. Оның да уəжді 
себептері бар. Когнитивті бағытта тіл – құрылым не жүйе ретінде емес, адам 
танымының қыр-сырын ашатын бірегей құбылыс ретінде қаралады. Демек, 
шығарма тілі де – авторға тəн жан құбылыстарын, ой мен таным, интеллект, 
сана, қабылдау ерекшеліктерін танытатын бірегей зерттеу нысаны. Көркем 
мəтінге жасалатын когнитивті талдаудың ерекшеліктері де мəтіннің сипа-
тына байланысты болмақ. Зерттеушілер когнитивті талдау барысында мəтін 
құрылымының психологиялық, саналық, ой-танымдық, логикалық тұрғыдағы 
ерекшеліктері басты назарға алынады.
Біз ақын Тыныштықбек Əбдікəкімұлының шығармаларын когнитивті 
тұр ғыдан талдау арқылы таныммен байланысты ұғымдарға тоқталмақпыз. 


247
Ақынның бір ғана өлеңінде бірнеше концепт беріледі. «...концепт – ұлттық 
болмысқа негізделген немесе жеке тұлғаның өмір тəжірибесі арқылы 
жинақтаған ментальді білім жиынтығы» [1, 23 б.] Концептілер автор танымын 
жүйелеуде ерекше қызмет атқарады. Оны біз қаламгердің келесі өлеңіне көңіл 
бөле отырып анықтамақпыз:
Тектік өскін – сиқырлы жіп.
Анық ақ пен қарасы.
Жарқ-жұрқ етіп жалғап жатыр Көк пен жердің арасын.
Қиялдай біл.
Сауап болар құмарды да шектеме.
Жұтым ауа аян болып оқылады өкпеңе.
Жазмышыңа – су да себеп.
Аң мен құс та жебесер.
Соғыс – өртең.
Одан қаулап əділетті ел өсер.
Хақ табиғат дін іздемес, зат секілді тұтарға.
Қаңғып шыққан сұм ойды да ұлестірер жұпарға.
Сезімдерден ашытылған тірі шарап – көңілің.
Ақылыңмен аялап іш.
Əуен сыйлар не бір үн.
Көздің жасы – жан дүниенің сыртқа сыйлар бүршігі.
Сорлап қалған кезінде де жымияды тіршілік.
Күнəлардың бəрі – өткінші, мəңгіліктің жолында.
Дертті вирус.
Тағдырыңа айтары бар оның да.
Ажал – жəй сөз, керек болған жаназада жыларға.
Тəн де өлмейді.
Айналады жасыл текті құнарға. 
Мөлдір Тəңір маусымына көшсе-дағы келесі,
Əр тал шаштың көзінен де мейірімді көресің.
Бек жасампаз Құдай заңы бұлжымайды.
Өте əділ.
Сəби үні жұлдыздарға жаңғырығып жатады... [2] 
Біз ақын өлеңін біртұтас күйінде ала отырып, оның əрбір жолына ерекше мəн 
береміз. Себебі өлеңнің əрбір жолы, əрбір сөзі автордың жанынан өріліп, ішкі ой 
ағынынын жарыққа шығарады. Ал ой мен сана ағымы əр сөзден де ерекше бір 
ырғақ негізінде көрініс тауып отырады. Жəне сол сөздердің ішінде кей сөздер 
автордың ойы мен санасының кодталған бірлігі ретінде дайын күйінде өлеңде 
беріледі. Ондай сөздер өзге сөздерден мағыналық аясының кеңдігімен жəне 


248
қаламгердің танымдық тəжірибесін жалпыадамзаттық не ұлттық кеңістіктегі 
білімдер тəжірибесімен ұштастырып жатуы арқылы да ерекшеленеді. Ондай 
сөздерді біз концепт деп атаймыз. Автордың біз келтірген өлеңінде ауа, су, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет