Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Айнабекова Г. Оралханның «Құм мінезіндегі» Бархан кім? // Жас алаш. –
21 маусым. – 2003. – 7-б.
2. Бөкей О. Шығармалары. Роман, повестер. 2-том. – Алматы: Ел шежіре,
2013. – 384 б.
3. Мұртаза Ш. Бойында баяғы би-шешендерден қалған арқалы болмыс бар
еді // Аңыз адам. – 2013. – №15. – 16-б.
А. Момбек,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
2-курс магистранты
(Қазақстан)
«ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛҒЫЗДЫҚ» РОМАНЫНДАҒЫ
МАГИЯЛЫҚ РЕАЛИЗМ
Г.Г. Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы əлемдегі ең көп оқылатын
шығарма екендігін америкалық «the guardian» басылымы жариялаған бола-
тын. Колумбиялық жазушының стиль ерекшелігі, шығармаларында қозғалған
əлеуметтік-тарихи, саяси мəселелер, əдебиетке алып келген тың жаңалықтары
оқырман назарынан тыс қалған емес.
257
Шығарманы иделық мамұны, сюжеттік композициялық құрылысы, жанрлық
сипаты, кейіпкерлер мен образдардың алуандығы жəне тұтастығы тұрғысында
жүргізілген зерттеулер аз болмады. Мұның себебі шығарманың əлемнің
отыздан аса тіліне аударылып, əлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпауымен
түсіндіруге болады.
Марк Фриш У.Фолкнердің «The Sound and the Fury» романы мен Г.Г.Мар-
кестің «Жүз жылдық жалғыздық» романдарының салғастырмалы ана лизін жа-
сап, Маркес шығармашылығына Фолкнердің əдеби əдісі мен стилінің əсері
жайлы баяндайды. Ғалым екі шығарманы бірнеше позицияда салыстырмалы-
салғастырмалы талдау жасаған болатын. Ол позицияларға: кейіпкерлердің
бейнесі, отбасы мен əулет тағдырының тарихы, кеңістіктің шығармадағы
көрінісі, уақыттың ерекшеліктері мен оның түрі (тізбектік, циклдық),
əңгімелеушінің образы т.б.
Алайда Г.Г. шығармаларында «жалғыздық», «құлазу» жəне оған қарсы
тұру секілді экзистенционалды мотивтерді қозғайды. Оның еңбектерінен өзге
жаушылардың шығармашылығында кездесе бермейтін бірқатар ерекшеліктерді
байқауға болады. Жазушының басты ерекшелігі – шығармашылығында
магиялық реализм əдісін қолдануы болып табылады.
Магиялық реализм терминін əдебиет саласына 1930 жылдары француз сын-
шысы Эдмон Жалу алып келген болатын. Кейіннен магиялық реализм латын
америка əдебиетінде ғана емес еуропа əдебиетінен де көрініс табады.
Магиялық реализм уақыт пен кеңістік ұғымына бағынбайды, фольклор
мен мифология элементтері, символдар жиі қолданылады. Осы шақта өткен
кезеңнің оқиғалары қайталанып, не еске түсіріліп отырады. Шығармадағы
фантастикалық, магиялық элементтердің логикалық анықтамасы болмайды.
Бұны жазушының «Жүз жылдық жалғыздық» романынан байқауға болады.
«Жүз жылдық жалғыздық» романы фольклорлық бастау мен əдеби дəстүрдің
синтезі ретінде əлем əдебиетіне танылған алғашқы латынамерикалық роман.
В.Н.Кутейщикова жəне Л.С.Осповат мақалаларында «Еуропалық рома-
нист үшін мифологиялық түсінік тек архайкалық таным болып табылса,
латынамерикандық романист үшін мифология типтік жағынан қазіргі таным-
нан алшақ болғанымен, эстетикалық тең дəрежеде қарастырылған» [1], – деп
жазған болатын. Бұл екі таным магиялық реализмде нақты көрініс табады.
Маркестің танымы мен түйсігі мен магиялық реализм жазушыға эпикалық
көлемдегі шығарманы жазуына мүмкіндік берді.
Шығарма автобиографиялық материялға негізделген. Автордың балалық
шақтағы естеліктері оған түрткі болған. Г.Г.Маркес бұл жайлы: ««Жүз жылдық
жалғыздық» бар болғаны менің балаық шақтағы естеліктерімнің поэтикалық
көрініс табуы», «Жүз жылдық жалғыздық» - бұл балалық шағымда маған əсер
еткен дүниелердің тұтасқан əдеби дəлелі. Романдағы əр кейіпкерде менің жан-
дүниемнің бір бөлшегі бар» [2], – дейді. Бұл бөлшектерге бала кезден таныс
жалғыздық сезімі, кейбір мінездегі ерекшеліктер, армандар, балалық қиялды
258
жатқызуға болады. Жазушының шығармашылығына өскен ортасы, алған
білімі, тарихи жағдайлар əсер етеді.
Романның стилистикалық құрылымынан ертегі, аңыз, библиялық аңыздар
мен антикалық мифологияның синтезін байқаймыз. Жазушы ертедегі аңыз-
əпсаналар, ертегілер мен қазіргі заманнаң шындығын шебер ұштастырғанда
олардың ара-жігін ажырату қиын.
Романның сюжеттік негізінде фольклорлық таным, киелі дəстүрлер, соны-
мен қатар ежелгі антикалық əдебиеттен бастау алатын трагедия, роман-эпопея
элементтері бар. Мұнда ұйқысыздық дерті, ұмытшақтық дерті, мəңгі жасай-
тын əскербасы, аспанға қалықтап ұшатын əйел сынды магиялық тылсымға ие
дүниелер кездеседі. Алайда қаншалықты магиялық, тылсым болса да тегінде
шынайы өмірден бөлініп, алшақтап кете алмайды. Бұл Маркестің əдебиеттегі
жаңа бағыты магиялық реализм.
Ғалым Д.Мулланға сүйенетін болсақ, магиялық реализм өз бастауын
əріден алады. Ал магиялық реализмнің еуропалық эквивалентіне Ф.Кафканы
жатқызады [4]. Ал латынамерикалық эквиваленті Маркес екені даусыз.
Магиялық реализмнің атрибуттық ерекшелігіне шығарманы баяндау ба-
рысында фольклорлық элементтердің болуы, қиял мен күнделікті өмір
шындығының тығыз байланысын жатқызамыз.
Бұл құбылыс тек Латын Америкасы əдебиетінде ғана орын алмаған, басқа
да елдердің əдебиетінен де кездестіруге болады. Бірақ, латынамерикасы
əдебиетіндегі магиялық реализмнің ерекшелігі ретінде оның күнделікті өмір
шындығымен бірге өрілген магиялық тылсым халық танымында таңданыс
тудырмайдығын атауға болады.
«Жаңа латынамерикандық роман» жанрың үлгісі ретінде танылған Г.Г.Мар-
кестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы мифологиялық танымға сүйенеді.
Романның негізгі формуласы «магиялық реализм» болып табылады. Яғни,
романның өн бойынан фольклорлық, мифологиялық, діни мотивтер бар.
Ұлттық дəстүрге гротеск, ертегілер мен аңыздарғы тəн логикаға бағын-
байтын оқиғалар, мен қасиеттерді де жатқызуға болады: Аурелиано екін ші нің
қисапсыз байлығы (купюралармен бүкіл үйді толтыруы), полковник Аурелиа-
но ұрпағы (17 баласы болған), Хосе Аркадио Буэндияның салмағының ауыр-
лауы (оны төсегіне жатқызу үшін біраз адамның күші керек болған), полков-
ник Аурелияноның соғысқа жаны жақын болуы (бір өзі 32 соғыстың себепшісі
болған), Ремедиостың ғажайып сұлулығы (оның аспанға қалықтап ұшып кетуі).
Эпитеттердің асыра сілтеп қолданылуы негізін эпикалық дəстүрден алады.
«Жүз жылдық жалғыздық» романының құрамына көптеген əңгімелер кіреді.
Автор өзінің кейіпкерлері мен олардың қарым-қатынасы арасындағы лабиринт
пен не боларын болжап болмайтын магиялық территорияда адасып кететіндей
көрінеді. Бастапқыда олардың тағдыры, кейіпкерлері көп əрі шашыраңқы бо-
лып көрінгенімен романды оқу барысында жүйелілік пен тəртіпті, əрі олардың
барлығын бір тізбекке, уақыт пен кеңістікке ретімен тізген автордың шеберлігі
көрінеді.
259
Маркес испандық əдеби дəстүр мен латынамерикалық фольклор ара сын-
дағы тепе-теңдікті ұстай білген. Ұстап қана қоймай сонымен қатар оған
шынайы өмірдің элементтерін енгізген. Романда қолданылған мотивтердің
көпшілігі əдеби тексттерден бастау алады. Олардың біріне діни кітаптарды
жатқызамыз. Оқиғаның орын алатын басты территорясы Макондо жұмақтың
жердегі көрінісі жайлы мифологиялық таныммен байланысты. Сонымен қатар
кейіпкерлердің өлімі жайлы айтылған сəуегейлік болжамдар да одан алыстап
кетпейді. Алайда Макондо тарихтағы талай ірі қалалардай құрылып, дамып,
гүлденіп, шарықтау шегіне жетеді. Жəне бұл уақыт кеңістігіндегі өз ретімен,
реалды уақыт тізбегінде өтеді. Яғни, қала бір күнде құрылып, дамып кетпейді.
Аурелиано біріншінің кезінде негізі қаланған қала əулеттің екінші, ұрпақтары
кезінде дами бастайды. Қалаға əлемнің шет-шетінен саудагерлер ағылып келіп,
қалаға жаңа адамдар қоныстана бастайды. Аурелианоның кейінгі ұрпақтары
кезінде азаматтық соғыстар, көтерілістер, революциялар да болады. Кейінгі
ұрпақтары кезінде қалаға өндірістік, техникалық өзгерістер мен жаңалықтар
болады. Бірақ Аурелияноның соңғы ұрпағы дүниеге келгенде Макондо жер
мен жексен болады.
Г.Г.Маркестің түсінігінде, фольклор қоршаған ортаның шындығын бейне-
лейтін, шындықтың атрибуты ретінде танылады. Жазушының Ф.Кафка шы-
ғар машылығымен танысуы сөз өнеріндегі фольклор мен əдебиеттің теңдігі
мен бірлігін терең түсінуіне мүмкіндік берді. Маркес жазба əдебиетінің күші
бар лық көркемдік талаптарды қанағаттандыра алмайтынын түсініп, кейбір
талап тарды тек фольклордың бойынан табуға болатынын байқады. Жазушы
бұл тарихи-мəдени байланысты түсінуі, өзінің шығармаларында оларды бірін-
бірі толықтыратын құрал ретінде пайдалануға əкелді.
Г.Г.Маркестің əдеби көркемдік əлемі бойына тұтасқан бірлікті, Латын
Амери касының ұжымдық бейсаналы архетипі мен автордың индивидуалды
мифологиясынан тұрады.
М.В.Льюс жазушымен сұхбаттасу барысында автор жұмысында қолда ныла-
тын бірнеше факторларды анықтайды. Оларға: жеке тəжірибе, мəдениеттегі
тəжі рибе, тарихи əлеуметтік факторлар жатады.
Г.Г.Маркестің өзінің жеке шығармашылық əлемін (космосын) құрас ты-
ру дағы талпынысы «Жүз жылдық жалғыздық» романында анық байқалады.
Маркестің авторлық мифологиясы жазушы əлемінің нақты жүйесі мен кор-
динатына негізделеді. Маркестің космостық кеңістігің негізі ретінде Макон-
до қаласын жатқызуға болады. Макондо қаласының атауы автордың басқа
да шығармаларында да бірнеше рет кездеседі. Бірақ, қаланың тұтастай,
жан-жақты сипатталуы жоғарыда аталған романда нақты беріледі. Макондо
авторлық мифологияның символикасы болып табылады.
Романда халықтың танымы мен түсінігін, мəдениеті мен əдебиетін, тарихын
ұштастыру арқылы жазушы қайталанбас туынды жасай білді. Бұл автордың
танымының тереңдігін, шеберлігін көрсетеді.
260
Достарыңызбен бөлісу: |