Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет70/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

А. Сейтенова,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
PhD докторанты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – Р.М. Əбдіқұлова, 
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты
КӨРКЕМ ПЕЙЗАЖДАҒЫ ТАУ СЕМАНТИКАСЫ
(Ш. Мұртаза прозасы негізінде)
Мақалада Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы пейзаж табиғаты 
нақты мысалдар негізінде талданды. Тау бейнесі Ш.Мұртаза прозасында 
кейіпкердің рухани əлемін суреттеуде жиі қолданылады. Шын мəнінде, тау 
бейнесі, таулы өлкеде туған суреткер үшін – қашанда туған үйдің бейнесі. 
«Ай мен Айшада» Тасбет пен Жуанқұлдың озбырлығына төзе алмай ақыры 
Əулиеатаға көшіп бара жатқан жолда туған жер табиғаты ерекше əсерлі 
суреттеледі: «Теміржолға дейін жолсызбен жүрдік. Қураған шырыштың со-
яуын, сиырқұйрықтың сабағын арба басып өткенде, қайсыбірі қайтадан бой 
түзеп, бізбен қоштасқандай тербеліп тұрады. 
«...Біз алыстаған сайын артыма бұрылып қарасам, ақбас шыңдар биіктей 
түсіп, жүрегімді шымырлатады. 
Осы шыңдарсыз өткен өмір маған өмір емес сияқты көрінеді. Таусыз 
елдің адамдарының көңіліне келмесін, мен көзімді жыртитып ашқаннан 
бері, көргенім осы таулар болса қайтейін. Көзіме оттай ыстық көрінеді. Осы 
асқақ шыңдар болмаса, үстіме аспан құлап кететін сияқтанады да тұрады» 
[1, 264-б.]. Соғыстың аяқталуынан əр пенденің өзінше бір үміт күткені бар. 
Көпшілік əрине майданға кеткен жақынымен қауышуды тілейді. Ал Барс-
хан депортацияланған кавказдық Білəл мен өзінің тағдырларын салыстыра-
ды. Білəл қайырымсыз биліктің құрбанына айналып, туған елінен ажыраса, 
Барсхан бригадирдің озбырлығынан өздігімен жер аударды. Енді соғыстың 
аяқталуынан Барсханның ең алдымен ойға түйгені туған отаны – жуалыға ора-
лу: «Білəл қойшы Кавказ тауға қайтуды армандайды. Мен Тəңіртауға қайтуды 
аңсаймын. Екеуміз де таулықпыз. Сəрі, таусыз өмір сүре алмайтын болармыз. 
Бізді таулар тартып тұратын қандай құдірет – білмеймін» [1, 300-б.].
Соғыстың тауқыметін бір кісідей көріп, «мылтықсыз майдан» кешкен қырық 
үйлі ауылдан мейірім көрмей, нағашы жұртына ойысқан Мұртаза ұрпағының 
ішкі жан тебіренісі, қимастық сезім, ағайын, туған елге деген өкпе мен нала 
аралас сезім-күй бас көтереді. Ақбас шыңдармен қоштаспай жатып сағынған 
бала көліңінің «Осы асқақ шыңдар болмаса, үстіме аспан құлап кететін 
сияқтанады да тұрады» деуі де алдағы күндерінің иыққа салар ауыртпалығын 


244
сездіргендей болады. «Кейде ескі сүрлеумен, кейде жолсызбен тартып келеміз. 
Балағымызға кəріқыз тікен жармасады. «Кетпе, қайта барасың?» деп бір адам 
айтқан жоқ. Алабота мен қарасора, қызыл жантақ пен торы тобылғы айт-
ты. Тілсіз тіл. Аяққа сары шырмауық оралады» [1, 263-б.]. Жолаушылардың 
балағына жармасқан тікен, аяғына шырмалған шырмауық бейнелі түрде туған 
жердің өз перзенттерімен қоштасуын білдіреді. Табиғатпен тілдесіп үйренген 
көкірегі сəулелі Барсхан алабота мен қарасораның тілсіз тілін түсіне ала-
ды. Автор-баяндаушы тіпті жаңбырдың жауғанын туған өлкенің қимастық 
сезіміне балайды: «Бізді аяп адамдар, ағайындар төкпеген жасты аспан төкті. 
Аспан бəрін сезеді. Аспан бəрін көреді. Аспанның мейірімі түскен адам қор 
болмайды» [1, 265-б.]. Осы орайда табиғат құбылысы тек баяндаушының 
субъективті дүниеқабылдау ерекшелігі ғана болып бағаланбауы тиіс. Себебі 
автордың философиялық-эстетикалық тұжырымында мұндай психологиялық 
пейзаж түптің түбінде əділдік жеңеді деген оптимистік сенімді арқау еткен; 
бала Барсхан абсолюттік құдірет кейпіндегі «Аспанның» адал жандарға пана 
боларына сенеді. Осынау бір тауқыметтің ақыр-соңы өзін шыңдап, өмірдің 
өріне жеткізерін де бала санасы дұрыс пайымдайды («Аспанның мейірімі 
түскен адам қор болмайды»).
Келесі мəтін үзігінде автор жылдар өтсе де, сол бір қайғысы шақты еске алу 
қаншалықты жанға ауыр тиетінін əсерлі жеткізеді. «Енді, міне, мына заман-
да кейде «Волгамен» кейде «Вольвомен» жүйткіп, Күйік асуынан тасыраңдап 
ары да өтемін, бері де өтемін. Кешіре гөр, қасиетті Қаратау! Бірақ дəл сол ара-
да, дəл Күйіктен еңіске түсе берісте,Тəңіртау көрінбей тасада қалған кезде, 
артыма ылғи да бұрыламын. Бұрыламын да: есекке мініп ербиіп, жан-жағына 
жатырқай қарап, жалғызсырап, бұтағынан жел жұлған жапырақтай жаутаң 
қаққан жетімек баланы көріп, мына зымыран машинаны тоқтата алмай, 
тоқтата алсам, сол сор маңдайды мінгізе кетсем деп өзімнен өзім айнимын. 
Есі-басым сау, бірақ əлгі елес елеңдейді де, көлбеңдейді де тұрады» [1, 208-б.]. 
Баяндау барысындағы эмоционалдық-экспрессивтік леп автор-баяндаушының 
ішкі толқынысын айқын аңғартады. Автор жадында өмір жолындағы сол бір 
кезең ұмытылмастай болып мөр қалдырған. Туған елі мен жерін тастап, жат 
жерге кетуге мəжбүр болған Айша мен оның балаларының шарасыз хал-күйі 
Барсханның басындағы психологиялық жағдай арқылы беріледі. Жазушы ба-
ланы бұтағынан жел жұлған жапыраққа теңей отырып, осындай поэтикалық 
өрнекпен панасыз жандардың ахуалын суреттейді. Жəне де, осы сəттегі асқақ 
та тəкаппар тау шыңдары онсыз да жалғызсыраған баланың мына əлемдегі 
соншалық қорғансыздығын айқындай түседі. Автор өткен күндер елесінен 
өзін іздейді. Қанаты қатайған, еңсесін көтерген Барсхан-Шерхан арадағы көп 
жылдардың мұнарт тұманынан сол баяғы «жаутаң қаққан жетімекті» тауып 
алып, қол ұшын созғысы келеді. Сол арқылы автор Барсханның өзінен басқа 
жан ашыры жоқ жалғыздығын ұлғайта түскендей əсер қалдырады.
Ал «Қара маржан» романындағы мына бір сипаттамада кейіпкер психо-
логиясы мен табиғат құбылысының өзара ұқсастығын байқаймыз: «Саша 


245
бұрылып, шетте отырған Нариманға қарап еді: бас инженердің қабағы түсіп 
кеткен екен. Күн бір жауса, терек екі жауады дегендей, мына құдайдың күні 
түнеріп тұрғанда, Нариманның түрі одан да бетер əлем-тапырық, күлбеттеніп 
кеткендей көрінді» [2, 198-б.]. Реалды жағдайда суреттелген эпизодтағы си-
туацияны психологиялық параллелизм деп атау қиынға соғады. Дегенмен 
Автор мінездемедегі егіздеу арқылы көркем образ жасау интенциясы назар 
аударарлық.
Нариман көзімен зерделенетін келесі пейзаждық суреттеме шығарманың 
басты тақырыбымен ұштасып, өзінше поэтикалық нақыш тапқан: «Бүгін күн 
ерекше шайдай ашық. Аспанның көгілдірлігін көз алмай қарай бергің келеді. 
Шап-шақ қана терезенің шыныларына көптен бері сіресіп тұрған қырау 
жіпсіп, бусана бастады. Үйдің боғатындағы еріген сүңгі мұздың тамшысы 
тырс-тырс естіліп тұр. Аспанның əсері ме, қар да аққудың көгілдіріндей əсем. 
Таудың өркештері қарайып, қар жұқпай қалған, шатқалдары ақ. Ақ жіпке қара 
моншақ тізгендей, ұзыннан ұзақ созылып жатқан əдемі тізбек» [2, 266-б.]. 
Əдепкі тұрмыстық сипаттамадан бастау алып, тау шыңдарымен бірге биіктей 
түсетін табиғат картинасы айрықша түр-түс палитрасымен оқшау кейіп таны-
тады. Қардың ақтығын аққудың көгілдіріне теңеу мінсіз əсемдікті шарықтата 
жырлауға деген шын мəнінде поэзияға тəн шығармашылық ұмтылыстан 
туындағаны анық. Себебі қардың өзі саф таза ақтықтың эталоны. Бұған 
халық поэзиясындағы эпостық жыр үлгілері дəлел бола алады (Ақжүністің 
автопортретін еске түсіріңіз). Автор тау сілемдерінің өзіндік сұлулығын ақ 
пен қараның контрасты арқылы бедерлеп, оны жіпке тізген моншаққа теңейді. 
Сол арқылы роман атауындағы қара маржандар туралы ассоциативтік бейне 
оқырман көз алдына келері сөзсіз. Негізінен қара маржан тіркесінің өндіріс 
тақырыбындағы туындыда берер мағыналық нұсқалары əрқилы. Түпкі мəнінде, 
əрине, республиканың жер қойнауынан өндіріліп жатқан қазыналы кеніші сөз 
болғаны анық қой. Дегенмен табиғатқа, оның сұлулығы мен шексіз байлығына 
деген перзенттік ынтызарлық сезімі де орын алған. Табиғат сұлулығы жай-
лы жеке қаламгерлік ұстаным бойынша Ш.Мұртаза туындыларында биік 
таулардың бейнесі тек көркем фон ролін ғана атқармайды. Психологиялық 
салғастыру барысында олар кейіпкердің ішкі рухани өмірінің, көңіл-күй 
мен ой-сезім үдерісінің асулары мен белестерін бейне бір кардиологиялық 
сызба іспетті айшықтап отыратын қабілетке ие. Табиғат аясындағы барша 
тірі жанның өмір-тіршілігіне бейжай қарай алмайтын автор терең де ойлы 
психологиялық пейзаждар арқылы табиғатпен ажырамас бірлікті, жан диалек-
тикасын тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет