Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет72/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

тағдыр, соғыс, табиғат, көз, күнə жəне өлім концептілері көрініс табады. Бұл 
ұғымдарды толығымен концепт ретінде тани аламыз, өйткені дəл сол ұғымдар 
арқылы адамзат өзінің білімі мен өмірлік тəжірибесін, сондай-ақ көрген
білген құбылыстарын кодтап отырған. Əрі ол ұғымдардың эстетикалық мəні 
айқын, философиялық, психологиялық, діни танымдық сиптаттары да кең 
жəне тілімізде формалық жағынан біршама тілдік бірліктерді қамтиды. Ал-
дымен ауа концептісіне тоқталатын болсақ, ауа – тіршіліктің негізі. Біз ауа-
мен тыныс аламыз, біз ауа кеңістігінде өмір сүреміз. Ауа – ол аспан, ол Көк. 
Адам рухы ауадан жаратылған делінеді. Сол себепті де, адам қатты қуанғанда, 
шаттанғанда, рухы көтерілгенде, өзін жеңіл сезінеді. Автордың: «Жұтым 
ауа аян болып оқылады өкпеңе» деуі ауаның текке жаратылмағанын, адамға 
ауаның өзі жаратылыстың қандай да бір сырын ұқтыруға негізделетінін айта 
отырып, оған жан бітіреді.
Ал су концептісіне тоқталатын болсақ, су – ол төрт стихияның бірі, адам 
жаратылысындағы төрт негіздің бірі. Діни таным-түсінік бойынша, адамның 
көңілі судан жаратылған делінеді. Мысалы, тілімізде «көңіл көңілден су 
ішеді» деген мақал сақталған. Ең алдымен, су – тіршілік көзі, онсыз өмір 
жоқ. «Жазмышыңа су да себеп» – мұнда автор суды адам тағдырымен бай-
ланыстырады. Мұнда тағдыр концептісі де бар. Өлеңде суға қатысты тікелей 
химиялық құбылыс айтылады. Адам ағзасының басым бөлігін су құрайтын 
болғандықтан, анығында судың адам өмірі үшін, адам тағдыры үшін маңызды 
болатыны анық. Автор су ұғымын сондай қасиет-сипаттары негізінде 
ассоциативтік мəн-мағынасы қалыптасқан дайын сөз күйінде қолданып тұр. 
Концепт – өте кең, өз аясында адам танымы, қабылдауы, есте сақтауы сынды 
психологиялық қабілеттерін танытатын тілдік бірліктерді білдіреді. Мысалы, 
дəл осы су концептісі адамзаттың қаншама жылдық су жайлы ой-пікірлері 
мен ассоциациясының орталығы болып саналатын негізгі ұғымды білдіреді. 
Су жайлы аңыздар мен суға қатысты мифтер де жетерлік. Ал поэзиялық 
шығарманың өмірге келуі барысында автордың ойында соның бəрі де 
жаңғырып тұруы мүмкін, немесе автор концепт болатын сөздерді қарапайым 
ғана ең негізгі мағынасында қолдануы мүмкін. Ал біз қарастырып отырған 
өлеңде концептіні қолдану барысында автор ұғымның барлық мағынасын 
толығымен жаңғыртып отырып қолданған. Ол жерде судың адам тағдырына 
тікелей ықпал ететіні физиологиялық тұрғыда ғана мəнді деп түсіне алмай-
мыз. Бəлкім одан да кең тұрғыдан түсінуге болатын шығар?! Судың адамзат 
тарихында да алатын орны үлкен ғой. Алланың адамды жаратқанда суды 
пайдаланғанынан бастап, жер бетінде күнəлі істер қаптағанда топан су басып, 
тіршіліктің қайта түлеуінде де тарихтан сумен байланысты аңыздар кең тара-
лып жеткен. Ақын суды адам тағдырына бағыттай отырып, тура мағынасында 


249
ауаның өкпе арқылы адам бойына тарауын тек химиялық реакция ретінде 
ғана емес, күллі жаратылыс құбылыстарының бірі ретінде ол құбылысқа да 
терең сыр дарытады. Сондай-ақ соғыс концептісі, табиғат концептісі де күллі 
жаратылыстың бір бөлігі ретінде беріледі. 
Көз концептісі – тұтас бейнелі ой-суреттер ішінде көрініс табады: «Көздің 
жасы – жан дүниенің сыртқа сыйлар бүршігі». Мұнда адамға тəн психикалық 
құбылыс сыртқы ортаға, табиғатқа бағытталып тұр. Сол арқылы автор адам 
мен табиғат арасындағы айналымды шебер түрде береді. Ал «Жұтым ауа аян 
болып оқылады өкпеңе» деуінде керісінше, сырт құблыстың адамға қарай 
бағытталуы беріледі де, одан əрі өлеңнің эстетикалық сипаты «Сорлап қалған 
кезінде де жымияды тіршілік» деген жолдар арқылы көркем түрде шарықтайды. 
«Көздің жасы – жан дүниенің сыртқа сыйлар бүршігі» – мұнда көз концептісі 
гештальт құрылым арқылы жаңаша сипатқа ие болып отыр. Автор ұғымында 
көз бен бүршік біртұтас ортақ сипаттарға ие болып, белгілі деңгейде бірігіп 
отыр. Концептілердің түзілуінде гештальт құрылым өлеңнің бірқатар жолда-
рында көрініс тауып отыр. Күнə концептісі де гештальт құрылым арқылы ав-
тор танымында жаңаша сипатта жаңғырып тұр. Автор күнəні дертті вирусқа 
теңейді. Қандай да сапа-қасиеттер, не ассоциативті түсініктер екі ұғымды 
біріктіріп тұр. 
Автор танымында концептілер жаңаша мəнге ие болып, мағыналық жағы-
нан толығып та отырады. Өлеңнің кейінгі жолдарында тағдыр концептісі жа-
нама түрде, өзге концептілермен байланысты беріледі. Ал өлім концептісі 
ажал скрипті арқылы беріледі. Автор өлім концептісіне мүлде жаңаша мəн 
үстейді: «Ажал – жəй сөз, керек болған жаназада жыларға. Тəн де өлмейді. 
Айналады жасыл текті құнарға». Автор өлімді жаңа бір өмірдің басы бола-
тынын тəннің жасыл текті құнарға айналып кетуін айту арқылы білдіреді. 
Өлім – метафизикалық концепт. Автор өлімді бір күйден екінші бір күйге 
алмасудағы трансформациялық жол екенін айтады. Өлең соңындағы: Сəби 
үні жұлдыздарға жаңғырығып жатады...» – деуі аяқталған біртұтас ойлардан 
кейін берілген жаңа бір өлеңнің басы сынды, дəл сол ойларды өзге арнамен 
толықтыра отырып, аяқсыз қалдырады. Автордың соңғы жолы ерекше мəнге 
ие. Автор дəл осы жол арқылы алдыңғы айтқан бүкіл ойларын космостық 
деңгейге көтереді. Ең алғашқы жол мен соңғы жол бір мəнді білдіріп, арадағы 
ойлар қайталанып отыратын циклды құрайды. Дегенмен өлеңде қайталанып 
тұрған мағына жоқ, тек автордың ой ағыны бір арнамен шеңбер жасай оты-
рып, сана ағымының шексіздігіне бет алады, сол негізде соңғы тармақты ашық 
жүйе ретінде қалдырады. 
Біз мəтінді конгитивті тұрғыдан талдаған кезде, мəтінмен байланысты 
барлық факкторларды ескеріп отырамыз. Оның ішінде тілдік жəне тілдік емес 
факторлар да болуы мүмкін. Когнитивті талдаудың дəстүрлі-құрылымдық 
түрдегі талдаудан айырмашылығы мəтін өрісін тікелей таныммен байланысты-
ра талдаудан көрінеді. Біз дəстүрлі-құрылымдық бағыт бойынша шығарманы 


250
дайын өнім ретінде, өз алдына бөлек бір құрылым ретінде қарастырамыз. Ал 
когнитивті бағыттағы зерттеулер шығарманы автормен ірлікте қарастырады. 
Ондайда шығарма дайын өнім ретінде емес, жарыққа шығу барысындағы 
сыртқы жəне ішкі факторларымен қоса қаралады. Яғни шығарманы өмірге 
əкелуде автор танымында қандай құбылыстар орын алуы мүмкін? Автор 
шығарманы қалай өмірге алып келді? деген сұрақтар төңірегінде ізденеміз. 
Олардың бəрі де мəтіндегі тілдік бірліктерден көрінеді. Мысалы, біз геш-
тальт негізінде концептінің концептосферада қандай мəнге ие болатынын 
анық аламыз. Гештальт құрылым автор танымында қандай да бір ұғымның 
кодталу процесін ой сурет арқылы береді. Өлеңде гештальттық құрылымдар 
жиі кездеседі. Бірнеше концептінің бір ғана өлеңде берілуі автор танымын 
қаншалық бай екенін ғана көрсетіп қоймайды. Концептілерді автор дайын 
күйінде қолданғандықтан, өлеңнің мəні автор танымымен ғана шектелмей
концептінің жиынтық мағынасымен де байланыса отырып кең тұрғыда ашы-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет