ми, Он презрением относится к мелочам жизни, к мышиной возне, к муравьи-
ной суете, он щедр, дорожит днем сегодняшним, почитает предков, уважа-
ет традиции» [3, 182 б.].
Бұл тамаша романның он төрт тарауында ұлы дала саңлақтар ұлдарының
нақты биографиялық бейнелері сомдалған. Біршама уақыт өткен соң, тіпті
маңызды емес болып есептелетін бөлшектердің өзінде барлық сұрапыл,
арындаған түпсіз терең тұңғиық, дəл сол сəттегі жасампаз күш, терең сенім
мен өзіндік күш байқалады. Бұны тек экономикалық бүлінушілік, физикалық
жайпау мен адамның рухани қуаттылығына, өзіндік күші мен махаббатқа,
елдімекеніне деген сүйіспеншілігіне деген сенімімен салыстыруға болады.
“Казах вообще верен и привержен родной земле. месту предков. месту, где
капнула первая капля крови от пуповины... Казах презирает тех, кто ищет
лишь сытое, доходное место, оставляет родную землю” [3, 233 б.].
Бұл талассыз, бірақ қарапайым ақиқатты байырғылыққа толы қазақи мінез
сипатының айқын көріністі күллі əлем алдында «ұлы бөрілер ұрпақтары»
267
көрсетті. Зейннола Қабдоловтың мейірімділігі, Асқар Сүлейменовтің адуын-
ды данышпандылығы, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың көз
шағылыстыратындай жарқыраған келбеті, Мекемтаса Мырзахметовтың
сəулелі тұмары – осының барлығы жазушының бізге ұсынған руханияттың
нышандары.
Адамды өмірге, қоғамдық ортаға, уақыттқа ақыл парасатымен, білімімен
бейімдейтін ұлттық қасиетер мен құндылықтар. Атап айтсақ ұлттық сана,
тарихи (тарих туралы) білім, ұлттық тəрбие, имандылық, тектілік жəне т.б.
Бұлар жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді.
Бұлардан қол үзген адам рухан жаңғырудың биігіне жете алмайды. Бақытжан
Момышұлы жоғары аталған ұлттық болмысты сақтау ерекшеліктерін саралай
келе романда ірі тұлғалардан түйген өнегелі, тəлім-тəрибеге мол қанатты
сөздерін мысалға келтіріп отырды. Мəселен:
Время... Его так мало для тела и предостаточно для души.Его часто
сравнивают с песком, протекающим скзвозь пальцы. А на Западе моей родины
много песков. И если начать пересчитывать песчинки, то окажется, что моим
братьям с Запада Казахстана принадлежит вечность. И этой Вечностью
они делятся с народом. И не об этом ли пытается сказать нам рокчущий, как
океанский прибой, голос домбры великого Курмангазы? Не об этом ли говорит
огненый голос батыра Махамбета, с которым отец одной природы, одной
породы и одних корнец? Не одной ли крылатой крови? [3, 69 б.].
Бұл жолдан баса назар аудара кететін Құрманғазы домбырасының үні,
Махамбет батырымыздың жалынды үні, қаншылдық пен ұлттық болмыстың
уақыт шеңберіндегі көрінісі.
Романның ұлттық идея сипаты мəселесі төңірегінде Бауыржанның парыз
туралы айтқан ойлары терең тамырлы дəлелдерімен назар аудартады.
Батырдың тұлғасын əр қырынан түсінуге мүмкіндік береді деп білемін. Бұл
кісінің бойында қазақтың əйгілі үш биінің даналығы бас қосқандай сезіліп
тұратын. Өмір тəжірибесінен алған дəрістерінің молдығы ма екен, бұрыңғының
сұңғыла би-шешендеріндей терең философиялық ойлар толғап кеткенде,
соншама энциклопедиялық ұлаңғайыр білімі кім-кімді де баурап əкететін.
Оның қандай адамгершілік өмірлік принциптерді идеал тұтқанын: «Намысты
нанға сатпа»,«Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық», «Именіп
жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық», «Өмір
үшін өлгенше күрес», «Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба-жігітіңе
сын»,«Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген
артық»... [3, 111 б.] деген төлтума даналық пікір-пайымдарынан парықтауға
болады. Батыр əсіресе сезім туралы көбірек көкейтесті сыр шерткен. Өйткені
ол парыз сезімін жеке бастың,ұлттың, Отанның мақтанышы деп ұғатын-ды.
«Мен – дейтін Бауыржан, өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз
соған ғана бағынып келдім. Халық менен парызымды өтеуді талап етпесе де,
мен тек қана өз халқыма берешек екенмін. Мойнымда өтелмеген парызым
268
баршылық болып шықты. Бұл парызсыз мен өзімді адаммын деп айта алмас
едім... Парыздан күшті күш жоқ. Парыздан берік қалқан жоқ. Парыздан нəзік
сезім жоқ. Парыздан қасиетті əулие жоқ. Парыздан қорқынышты жаза жоқ.
Парыздан жарқын жарық жоқ. Парыздан өткір тіл жоқ.«Парызсыз даңқ тұл.
Ондай бишара даңқ атаққұмар даңғойлар үшін тəтті. Ал ар-намыс адамы
үшін ол əрқашан ауыр да азапқа толы». Ол өз өмірінің əр сағаты нəтижесін
күнде қорытындылып отыруға құштартұғын. Оның осы тұрғыдағы көзқарасы
даңышпан Абайдың: «Егер де есті кісілердің қатарында болғын келсе, күнінде
бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзіңнен есеп ал. Сол өзіңнен есеп алғаннан
бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге..не дүниеге жарымды күніңді өзің
өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де
білмей қалыппсың?»-деген даналығымен үндесіп үйлесіп жататын. Сол елдегі
азаттық үшін күрес жылдарында батырдың шығармасы испан тіліне жедел
аударылып, солдаттарға таратылған. Жазушы кітабының қасиеті əскери өңірін
де, жеңіс ғылымының сыр-сипатын ашып беруінде ғана емес, сондай-ақ ерлік,
азаматтық табандылық, отаншылдық рухты тəрбиелеуінде де еді.
Бір таңданар жай - Бауыржанның өз шығармалары мен ол жайлы жазылған
кітап атаулының бəрі де тез таралып кететін ерекшелігі бар. Бақытжан
Момышұлы романдағы «Пламя памяти» тарауындағы естелігінде:
Достарыңызбен бөлісу: |