266
Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы
қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып
өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын,
бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны аши-
тын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды
бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Жеке адамның,
əлеуметтің рухани жаңғыруы өмірге, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен
бейімделе білуде.
«Сыновья великого волка» романының жаңа көркемдік-эстетикалық биік
өредегі ұлттық жəне адамзаттық өзекті тақырыптарға дендей енуі заңды
құбылыс. Себебі, тəуелсіздік кезеңінін орнауымен тарихи санадағы ақтаңдақ
беттерді жазу тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ерекше қарқынмен да-
мып, еселей түскені хақ. Бұл романға арқау болған сюжеттік-композициялық
желілердегі қақтығыстар, қазіргі прозадағы жаңаша жазылған тарихнамалық-
дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерек ше-
лене ді. «Сыновья великого волка» романы – қазақ халқының болмысы жай-
лы ой толғаныс, қиын əрі жанкешті бейнеті мен кешегі игілігімен ұштасқан
болашаққа деген жарық келешегі, алаңдатарлық жасампаз сенімі. Қазақтар
жаһанданудың кереғарлығын сəйкестендіре отырып, айырмашылықтарды жо-
ятын сұрапыл апатты көндіре ала ма? Ұлттық болмысын сақтай отырып, ата-
бабадан мұра боп қалған ұлттық бейнесін, тілі мен дінін, рухы мен ділін, пейілі
мен дəстүрді қатар алып жүре ма? Кешегісі, бүгіні мен ертеңі, мəңгіліктің
шекарасы мен өзгеруші құбылыстар өзара тығыз байланыста. Оларды бөлек
алып қарастыра алмайсың, жұлып ала алмайсың. Кем-кемдеп ажырау – бұл
трагедия. Мəңгілік айналымдағы үш ипостасалардың бірегейлігі бүтін жəне
толық монолиттіге айналған. Мұнда көшпенді-қазақтың, еңбекшіл-қазақтың,
субъект-қазақтың тарихына барлық рухыңмен сезініп, енуге жол ашылады.
Қазақтың жаны түздей кең жəне еркін,
«Мыслит он космическими категория-
Достарыңызбен бөлісу: